Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА » КАФЕДРАСЫ

Педагогика және психология мамандығы

Диссертациялық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

  1. Орындаған: Мұсабекова Б. МПК-211 тобыҒылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
КІРІСПЕ . . .: 1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Бастауыш сыныптарда оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні . . .
:
КІРІСПЕ . . .:

1. 2 Бастауыш сыныптарда дидактикалақ ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкіндіктері мен құрылымы . . .

1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың шарттары . . .

:
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: 2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудың жолдары . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіс тәсілдері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижелері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды . . .
:
КІРІСПЕ . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
:
КІРІСПЕ . . .: Қосымшалар . . .
:

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының жаңакезеңге өту жағдайында қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Птезиденті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 2050 стратегиясы кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе. 1

Бастауыш мектеп оқушыларының ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық бастауыш мектепте оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.

Бүгінгі таңда жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз. 2

Осыған орай бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының танымдық белсенділігінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады. 3 4

Оқу-танымдық және ойын іс-әрекеттінің психологиялық негізін Л. С. Выготский, 5П. Я. Гальперин, 6В. В. Давыдов, 7 С. Л. Рубинштейн, 8Н. Ф. Тализина, 9 М. Мұқанов, 10 Қ. Жарықбаев, 11Ә. Алдамұратов, 12 Г. М. Қасымова 13және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған. 3

М. А. Данилов, 14 Б. П. Есипов, 15 П. И. Пидкасистый, 16 М. Н. Скаткин, 17В. А. Сластенин, 18 И. Ф. Исаев, 19Е. Н. Шиянов, Т. И. Шамова, 20Г. И. Щукина, 21А. К. Маркова 22 және т. б. еңбектерінде оқушылардың танымдық белсенділігіне қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен технологиясы анықталған.

Елімізде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселелері ( Г. Е. Алмұхамбетова, 23 Қ. А. Аймағамбетова, 24 А. С. Әмірова, 25 С. Н. Жиенбаева, 26 Л. Х. . Мәжитова, Ә. Мұханбетжанова, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Р. С. Омарова, 2827Т. С. Сабыров, 29 С. Смаилов, Н. Д. Хмель30 т. б, ) ; оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім беру (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұхамбетова т. б. ) ; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Ә. Ә. Жолдасбеков, ) ; оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру (Ш. Т. Таубаева, С. К. Кенжебаева, Е. Ж. Рысбаев, Л. Байсерке, Ж. Оңалбек, Б. А. Тұрғынбаева және т. б. ) . Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда маңызды болып табылады. 31 32

Ғалымдар бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Танымдық белсенділікті қалыптастырудың негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Елімізде бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекеті туралы оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова,, Т. Иманбеков зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларының дамытушы ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. 6Дей тұрғанмен, қазіргі бастауыш мектеп жағдайында оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі бастауыш мектептің нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру ” атты диссертация тақырыбын таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау және оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негізінің айқындалуы;

- оқу үдерісінде дидактикалық ойынды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру шарттарының анықталуы;

- дидактикалық ойынды қолдану негізінде танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.

.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер

Бастауыш сыныпта рда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың моделі

Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың жолдары

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері баяндалып, оларды қолдануға ғылыми әдістемелік нұсқаулар жасалды

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:

1. 1 Бастауыш сынып оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекеттер сияқты

өзінің тиімді даму жолына барлық сала бойынша іздестіруде. Қазіргі кезде халықназарын аударып отырған басты мәселе бастауыш сыныптарда білім беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі. Білім берудің алғашқы деңгейлері бастауыш сыныптардан басталады.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесі көп қырлы. Себебі білім беру және оқушы тұлғасын дамытуда танымдық белсенділік ғылыми пәндердің кең аясын қамтитын ұғым болып табылатындығын көрсетеді. Бұл ұғымды философиялық, физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан қарастыру қажеттігін анықтайды. Танымдық белсенділікті әдіснамалық талдау диалектика заңдарына, оның таным теориясына, сонымен қатар зерттеудің диалектикалық әдісіне шығармашылық тұрғыдан сүйенуді ұсынады. Ғылыми еңбектерде диалектикалық әдістің негізгі талаптары: пәннің барлық жақтарын меңгеру; пәнді өзіндік логикалық дамуы бойынша қарастыру; барлық адамдық практиканы пәннің толық анықтамасына енгізу; абстракциялық ақиқат жоқтығын, ақиқат әрқашан нақты екенін ескеру . Сондықтан аталған мәселені осы тұрғыдан талдау келесі талаптарды орындауды білдіреді:

1. Зерттеліп отырған мәселенің тірек ұғымдарын талдау олардың таным теориясы негізінде орындалуы тиіс.

2. Ғылыми және оқу танымының байланысына негіздеп, танымның маңызды белгілерін және оны орындау кезеңдерін ерекшелеу қажет.

3. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық белсенділікті объективті нақтылық және әрқашан даму үстінде болатындығын сезіну, сонымен қатар әрбір оқушының тұлға ретінде дамуын қаматамасыз ету қажет.

4. Таным мен тұлға дамуының қозғаушы күші қарама-қайшы екендігін сезіну қажет. Біз өз зерттеуімізде осы төрт талаптарды орындауға тырыстық.

Бірінші талапқа тоқталатын болсақ, зерттеудің нысаны мен пәні тірек ұғымдар ретінде келесі ұғымдарды: «таным», «белсенділік», деген ұғымдарын қарастыруды қажет етеді.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.

Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным - заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады . Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным - әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

Философиялық еңбектерде танымның әдіснамалық негіздері нақтыланған. В. А. Жуковтың пайымдауынша, таным:

- адам өзінше жаратылған, қайталанбайтын, өзіндік құндылық ретінде «өмірлік мағына» кеңістігінде қабылданатын тұлға, бұдан бұл мәселе адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына алмасады;

- адам мәдениет кеңістігінде рухани құндылықтарды құрайтын серік ретінде қарастырылады, бұдан тұтасымен алғандағы жеке тұлға мен қоғамның интеллектуалдық құндылықтар жүйесіндегі әрекеті пайда болады;

- әлеуметтік кеңістікте адам әлеуметтік рөлді тасымалдаушы ретінде қарастырылады, бұдан қоғамдық қызметке деген әрекеті пайда болады;

- жағдаят тұрғысынан алғанда, адам жеке мақсаттарға жету құралы ретінде қарастырылады, бұдан нақты жағдайлардағы олардың өзара қарым-қатынас ретіндегі іс-әрекетте туындайды [33] . Автордың көзқарасы бойынша, танымдың іс-әретпен байланысы болған жағдайда ғана ақиқатты таниды.

Ә. Нысанбаев[34], Д. Кішібеков[35], Ұ. Сыдықов[36], Г. Нұрышева[37] танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді . Бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:

  1. өлі табиғатта бейнеленуі;
  2. тірі табиғатта бейнеленуі;
  3. әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;

а) жеке санамен сезінуі;

ә) қоғамдық санамен сезінуі.

Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады. «Танымды адамның ерекше бейнеленуі, объектінің маңызды сипаттамаларын көрсетуі ретінде жүзеге асыру, тек қана белсенді іс-әрекетті ғана емес, сонымен қатар адамның ерекше жүйені «жасанды» заттарды жасауын ұсынады . П. В. Копнин танымды «нақтылықты ойлау формасында, алдыңғы қатарлы идеяларды, практикалық іс-әрекетті тануды адам қажеттіліктеріне сәйкес заттар әлемін жасау» ретінде анықтайды . Ғалымдарыдың пікірінен таным ақиқатқа жетуге бағытталып, білімді үйрету деп тұжырымдаймыз. Білім ақиқат болуы тиіс деген пікір күмән туғызбайды. . Сонымен, жаңаны тану - адамның санасын дамыту мен қалыптастыруды білдіреді. Мұнда авторының логикасына сүйенетін болсақ, адамның санасы туралы келесідей тұжырым жасауға болады:

1) объектілердің, таным заттарының барылығын саналы түрде түсіну;

2) адамның өзін таным субъектісі ретінде сезінуі;

адамның өзінің мүмкіндіктерін сезінуі бұрыннан бар білім негізінде орындалады.

Бұл тұжырым оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру үшін маңызы бар. Соның ішінде іс-әрекетте сананың негізгі қызметін жүзеге асыруда:

  • бейнелік-ақпараттық;
  • бағдарланушылық;
  • коммуникативтік .

Дамудың келесі кезеңі - нервтік және нервтік-психикалық бейнелеу. Бұл кезеңде белсенділіктен мінез-құлыққа ауысу пайда болады. Осылайша, тұлғаның дамуын бір бейнеден екінші деңгей ауысу арқылы, яғни белсенділіктен мінез-құлыққа, бейнеленуден ойлауға, сезімдік-сензитивтік бейнеленуден абстрактылы-ойлауға көшу ретінде түсіндіруге болады. Бұл кезеңдер тұлғаның дамуы мен іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Бізге қызықты кезең бейнеленудің даму кезеңі - ойлаудың қалыптасу кезеңі. Ойлау - объективтік әлемнің ұғымдағы, пікірдегі, теориядағы және т. б. бейнеленуіндегі белсенді үдеріс, ол кез келген тапсырманың шешімімен, жалылауымен және әлемді тану тәсілдерімен байланысты . біз баладан бейнеленудің дамуының ең жоғарғы деңгейін - ойлауды күтіп отыруға құқығымыз жоқ, егер балада бейнеленудің алдыңғы деңгейлері қалыптаспаса, оның дамуының бірінші кезеңі жүзеге асырылмаған. Өкінішке орай, біздің мектептеріміз ойлауы толықтай қалыптаспаған, ұғым, пікір, ой қорыту тәрізді ойлау формаларының толықтау немесе бөлшектей дамымаған оқушыларға бай екендігі туралы бақылауымыз қажет. Егер анықтамаға сүйенсек: «Ойлаудың жалпы мағынасын заттардың сезімдік және түсіндірмелік бейнесімен операция жасау үдерісі ретінде анықтауға болады», онда мектептің оқушылары «заттардың сезімдік және түсіндірмелік бейнелерімен» операция жасай алмайды деген сөз.

Тұлға және танымның дамуы, сонымен қатар өзін-өзі саналы түсіну - адамның өзінің «Менін» сезінуін білдіреді. «Таным актысының пайда болуы субъектінің танылған объектіден айырмашылығын ұсынады, онда дербес алғанда, анқыт заттардың және сананың субъективті жағдайын ажырату да қамтылады» . Тұлғаның даму және таным дамуының үдерісі, көп жағынан сәйкес келеді, атап айтқанда: «Ойлаудың объектімен сәйкес келуі үдеріс болып табылады: ойлау (адам) өлі тыныштық, қарапайым сурет (бейне), ашық-түсті, ұмтылыссыз, қозғалыссыз . . . түріндегі ақиқат ретінде көрінбеуі керек. Таным ол мәңгілік, ойлаудың объектіге шексіз жақындауы. Табиғатың адам санасындағы бейнесін «өлі емес», «абстрактылы емес», «қозғалыссыз», «қарама-қайшылықсыз» ретінде түсінбеу керек, оның қозғалысының мәңгілік үдерісінде, олардың қарама-қайшылығы мен шешімінің туындауында» екендігін түсіну қажет . Сана, таным үдерісі, тұлғаның таным субъектісі ретінде дамуымен бірге, іс-әрекет дамиды. Мұнда бірінші не дамитындығын, қандай даму себебі, қайсысы салдары болатындығын тұжырымдау қиын. Жоғарыдағы таным туралы талдауларды ескерсек мынандай қорытынды жасауға болады: таным- объективті әлем заңдылықтарын түсінуге, білімді меңгеруге бағытталған іс-әрекет.

Қазіргі философияда «белсенділік» ұғымының анықтамасын тұжырымдауда бірдей көзқарас жоқ. Философиялық сөздікте іс-әрекетке келесідей жалпылама анықтама беріледі: белсенділік бұл үдеріс, оның барысында адам табиғатты шығармашылық түрде түрлендіріп, өзгертеді. Мұнда адам субъект, ал табиғат іс-әрекет объектісі болып табылады» . Бұл ұғымның басқаша тұжырымдамасын Э. Г. Юдин «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» келесідей келтірген: «белсенділік адамның қоршаған әлемге белсенді қарым-қатынасының ерекше формасы, оның мазмұны осы әлемді мәдениеттің жеке формаларын дамыту мен меңгеру негізінде мақсатқа сай өзгерту мен түрлендіруден құралады» [38] .

.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «-танымдық белсенділік» терминiнiң негiзiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

- биологиялық (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, Н. А. Бернштейiн, А. Илиади, И. М. Сеченок т. б. ) ;

  • психологиялық (Б. Г. Ананьев, М. Я. Басов, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов т. б. ) ;
  • педагогикалық (Ш. А. Амоношвили, Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Г. И. Щукина т. б. ) . 39

.

Таным үдерісінде субъект-объект қарым-қатынасы маңызды. Сонымен қатар, қарым-қатынас негізінде затық-практикалық сипаттағы өзара әрекет жатыр. «Таным субъект мен объектінің өзара әрекеті ретінде олардың заттық-практикалық өзара әрекеті негізінен туындайды» . Танымдық -заттық-практикалық іс-әрекет деп есептеуге болады ма? деген сұраққа, философия былай жауап береді: «жоқ, таным күрделі, көлемді». Адамның санамен сезіну үдерісін меңгеруін заттық-практикалық әрекетті меңгерумен сәйкестендіруге болмайды.

Танымдық белсенділік - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздықтың негізінде қалыптасады. Сондықтан танымдық белсенділікті оқу ұғымымен байланыстыра қарастырды жөн көрдік.

Оқыту теориясына арналған педагогикалық әдебиеттерде және авторлар өздерінің ғылыми ізденістерінде осы ұғымды қалыптастыруға көп көңіл бөлген. Ұғымның анықтамасы ғылыми танымда және практикалық әрекетте маңызды роль атқарады. Ұлы философ Сократ атап өткеніндей, ұғымның дәл логикалық анықтамасы - шынайы білімнің басты шарты . Кез келген ғылым оның мазмұнын құрайтын барлық негізгі ұғымдардың нақты анықтамасын беруге тырысады. Оқыту әдістерінің маңызын айқын жеткізу әрекеті, оның негізгі қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру педагогиканың бүкіл тарихында талданып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz