Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Дін туралы түсінік
- Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм.
- Ислам діні
- Будда діні
- Христиан діні.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дін туралы түсінік
Дін дегеніміз тұңғыш инсан Адам Атамыздан бері қарай мәужүт нәрсе. Бәшериет тарихында дін әрқашан да болған, бола да бермек. Атақты философ һенри Бергсон : "Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұгын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды деген. Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс: "Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ" деген. Эрнест Ренан: "Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың жоғалуы мүмкін емес " дейді. Бартемели Сейнт Хилаирдың діндарлықтың пайда болуы хақында айтқаны: "Ілім деген не ? Инсан деген не ? Бұлар қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы қалай болмақ?Хайат деген не? Әлім деген не? Әлімнен кейін не болмақ? Әр милләт, қоғам және жамағат осы сұрақтарга өзінше жақсы-жаман, қабылданар-қабылданбас жауаптар берген. Міне, діндарлық дегеніміз осы"деген. Сондықтан, дін секілді адамның адамдығьшың басты көрсеткіші боп табылатын қасиетті ұғымды құртамын деп соғыс ашқандардың өздері құрдымға кеткен. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен күшті болғанын дәлелдеген. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Құран Кәрімдегі мына аяттар осыған саяды:
"51/21: Өз бойларыңда Аллаһ Тағаланың барлыгының неше дәлелдері (нышандары) бар! Көрмейсіңдер ме?".
"88/17-20: Адамдар туйенің қалай жаратылғанына, аспанның қалай биіктетілгеніне, таулардың қалай үйілгеніне, жердің қалай жайылып төселгеніне қарамай ма?".
Ешбір қоғамның дінге жеңіл қарамағаны белгілі. Хақ болсын, ғайри-хақ болсын адамдардың өз діндеріне берілгені, хатта сол дін үшін жанын аямағаны байқалады. Пайғамбарымыз кезіндегі бұтқақұл арабтар Мәулеміздің уағызына, түсіндірген дініне немқұрайдылықпен қараған жоқ, кім не істесе соны істесін деген жоқ. Олар Исламды тоқтату үшін қарулы қақтығыстар, қуғындау, құдалау сықылды қаймықтырушы қатал шаралардың бөрін де қолданып бақты. Сондықтан, діндарлық сезімнің қаншалықты күшті екенін осысынан-ақ байқауға болады. Түркі халықтары да өздері қабылдаған діндерді сақтап қалу үшін аталмыш шаралардың бәрін қолданған.
Діни жолдар 1) Құдайы бұлақтан 2) адами бұлақтан хасіл болған. Адами бұлақ дегеніміз адамдардың ағаштарға, аспан денелеріне, жыртқыш андарға, теңізге, тауға т. т. табынуы болса, Құдайы (Иләһи) бұлақ дегеніміз Адам Атамыздан бастап, нәбилер арқалы күллі адамзатқа мәлім етілген хақ жол.
Нақтылы Бір Аллаһ ұғымына жету, әрине әркім үшін оңай болмасы анық; үйткені, адамдар көбінесе көзге көрінетін, заттық тәңірлерге сенуге мейілді (бейімді) болып келеді. Заттық денелерден арылған, шексіз, барлық құдірет иесі Аллаһ ұғымына жету үшін адамның көп ұмтылып, зер салып, ойланып, толғануы керек. Сондықтан, тарих қойнауында пайда болған наным-сенімдерге осы тұжырымды ескере қарағанымыз жөн.
Жә, енді, түркілер қабылдаған діндер, наным-сенімдер жөнінде сөл түсінік берейік;
ЕЖЕЛГІДІНИ НАНЫМДАР: ФЕТИШИЗМ,
ТОТЕМИЗМ, АНИМИЗМ, МАГИЯ.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар " прамонотеизм" және адамзат тарихындағы "дінге дейінгі кезең" теориялары. "Прамонотеизм" концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпкұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. "Дінге дейінгі кезең" теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің "Түрлердің шығуы" теориясы, 1859) ; әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін - адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы) ; анимистік теория (теорияның негізін салушы Э. Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Соңғысының авторы - К. Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келеді.
О. Конт "Қоғамдағы тәртіптің негізі не және сол тәртіпті орнатудағы діннің рөлі қандай?" деген сұрақ қойып, "тарихтың үш кезеңі" туралы ілім жасады. Ол тарихты үш дәуірге бөлді: дін кезеңі немесе "теологиялық қалып" (бұл кезеңде адам санасында діни түсініктер мен діни идеялар үстемдік етеді) ; философиялық кезең немесе "метафизика қалпы" (адамдардың санасында абстракция басымдық етеді) ; позитивтік кезең (ғылым құбылыстарды объективті бағалауға жол ашады) .
Адамзат тарихының бірінші, діни кезеңі құдайға деген сеніммен сипатталады, осы сенім түрлі топтардың мүдделерінің үйлесімін, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етеді. Дін бұл кездері қоғамда интегративті (біріктіруші) қызмет атқарады. Бұдан соң адамзат екінші және үшінші кезеңдерді бастан өткереді. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғамдағы әлеуметтік-тарихи өзгерістер адамзатты ерте ме, кеш пе, қоғамдағы қатынастардың рухани негізі ретінде "екінші теологиялық синтезге" алып келеді, сол кезде "позитивті діннің" үлкен маңызы болады.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар - фетишизм, тотемизм және анимизм.
Фетишизм ("ерекше қасиеті бар зат" португал. сөзінен) - жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т. с. с-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, төтемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдіреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.
Тотемизм (ототеман - Солтүстік Америка үңдістерінің тілінен, "оның тегі" деген мағына береді) құбылысын неғұрльш терең зерттеген ғалым - дін социологиясының негізін салушы болып танылатын Э. Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы больш табылады деген тұжырымға келді.
Э. Дюркгейм бойынша, діни сенімдердің бастауы -қоғамның өзі және көнедегі діннің ең қарапайым формасы осы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз (символ) әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (белгілі бір құс, аң немесе өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулын, тайпалық тұтастығын сақтаушы.
Тотемді құрметтеу - оны қасиет иесі санап құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылықтьщ рәмізі. Тотемизм бастапқыда рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын сипаттайтын белгі болып тұрақтайды. Осыған қарай бұл тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары қалыптасады. Олар мифологияға ауысады.
Көне замаңдарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т. б. өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарды.
Анимизм (латын тіленде аnimus - жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады.
Анимизм - алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бү дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қәсиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан.
Ислам діні
Ислам араб тiлiнде «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандыќтардан аулаќ болу» т. б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ. с. ) Аллаћ тарапынан уахи арќылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Мұсылмандыќ негiзi Аллаћтың барлығына, бірлігіне, одан басќа тәңiрдiң жоќтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) оның ќұлы, әрі елшісі екендігіне сенуден тұрады.
Ќұран Кәрімде: "Аллаћтың ќасында шынайы дін ислам" (Әли Ғимран-29), "сендерге ислам дінін ќоштап ұнаттым " (Мәидә-3) - дегені сияқты бұл діннің атын Ұлы Жаратушымыздың өзi берген.
Мұсылмандық сенім бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатќа жеткізген діні - ислам діні. Біраќ бұл есім осылай бүкіл илаћи діндердің жалпылыќ аты болғанымен, Хазіреті Мұхаммедтің 23 жылдыќ пайғамбарлығынан кейін оның үмбеттері ұстанатын діннің атына айналды.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Ќұран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ. с. ) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшырамаған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі ќоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатќан, жаздыртќан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсќасы саќталып, күнімізге дейін жеттi.
Ислам - монотеистiк дін. Бұл дінде Құдайды екілеу, үштеу, оған ортаќ ќосу деген нәрселер - атымен жоќ. Ұлы Аллаћќа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде Аллаћтан басќа ешбір табиғатќа, табиғат ќұбылыстарына, ќолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т. б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Аталмыш дін бойынша монахтыќ, ќұдай мен адамдар арасына дәнекер ќою, миссионерлік деген нәрселер жоќ. Ұлы Аллаћ пен ќұл арасында фетиш, пұт, елші, монах, періште сияќтылар арашашы бола алмайды. Керісінше ќұдайдың пендесi тікелей Аллаћќа жалбарынып, ќалаған нәрсесін сұрай алады, дұға жасай алады.
Исламдағы сенімдер мен негіздер - адам ақыл-есiне түсінікті, аныќ, ќабылдауға оңай, аќыл мен ќисынға ќонымды. Бұл дінде хулүл (аватара), танасух (реинкорнация), тумысынан күнәћар болу сияќты адамның өмір сүруіне ќиындық туғызатын сенімдер кездеспейді, керісінше адамның жаратылысына сай. Ардақты пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (ғ. с) : «оңайлатыңыз, ќиындатпаңыз, сүйіншілеңіз, жек көрсетпеңіз» - деп, жоғарыдағы сөзімізді ќуаттайды (өмір бойы үйленбеу, ажыраспау т. б. сияқты ќиыншылыќтар исламда жоќ) .
Мұсылмандықта адамның барлығы тең хұќылы. Бұл дін - адамның іші-тысын таза ұстауға көңіл бөлетін дін.
Баяндалып отырған дінінің басты негізі, әрі мұсылмандыќтың кілті - Аллаћтың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік ќоспау және Хазіреті Мұхаммед (ғ. с. ) оның елшісі екенін естен шығармау. Сондыќтан ислам діні бір дәстүр ретінде: «Лә илаћә иллаллаћ Мұхаммадур-расулу-л-лаћ» , яғни мағынасы «Аллаћтан басќа тәңiрi жоќ, Мұхаммед оның елшісі», - деген сөйлемде жинаќталған. Осы ќасиетті сөйлемді айтып, көңiлiмен мойындаған адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны біз «кәлимә тәухид» деп атаймыз. Қорыта айтсақ ислам діні - Хазіреті Адамнан Хазіреті Мұхаммедке дейінгі барлыќ пайғамбарлардың әкелген діні.
Ислам дінінің ерекшеліктері:
- Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ. с. ) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.
- Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
- Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп керемет қамтылған. Осы себепті өзге дінге қажеттілік жоқ.
- Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.
- Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін жаңалайды. Өйткені, ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қауымға жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайды.
Будда діні
Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе ІІ - ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
Бұдан қағандардың будда діні негізінде әлеуметтік-этникалық құрылымы әртүрлі қағанаттың басын біріктіретін ортақ идеология жасауға ұмтылысы байқалады. Бірақ, 551 жылы басталған саяси дағдарыс және осыдан кейін қағанаттың ыдырауы бұл процесті тоқтатып тастады. Дегенмен будда діні қағандықтың шығыс бөлігінде, Енисей қырғыздары мен қимақтар арасында біраз уақытқа дейін сақталып келді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бірқатар қалаларда буддизм ескерткіштерінің сілемдері сақталған. Мәселен, қазба жұмыстары барысында Шу аңғарынан, Сайрам маңынан буддизм мәдениетіне тән әшекей бұйымдары, иконография, т. б. табылды. Түрік халықтарының ішінде ұйғырлар ғана будда дінін толық мойындап, мемлекеттік дін ретінде орнықтырды. Олар Үндістанда, Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда мәтіндерін өз тілдеріне аударып, мол мұра жинады. VШ ғасырдан түркілер біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады. Бүгінде Қазақстаңца будда діні миссионерлік жолымен таралуда. 1994 жылы Алматы маңында, Көктебеде будда монастырын салуға ұмтылыс жасалды. Бұл монастырь кейінірек басқа жерде тұрғызылды. 1999 жылы буддашылар өз қауымын екінші рет тіркеді.
Христиан діні.
Қазақстадның территориясында христиандықтың пайда болуы туралы деректер V-VІ ғасырларға жатады. Бұл кездері Қазақстанда несториандықгың кеңірек тарағаны аталады.
ІХ-Х ғасырларда Жібек жолымен өтетін христиан миссионерлерінің белсенділігі байқалды. Көне жәдігерліктер бізге Тараз және Мерке қалаларында христиан шіркеулерінің болғандығынан мәліметтер береді. Обаларды қазғанда христиан тәртібімен қойылған мүрделердің көптеп табылуы да христиандықтың айтарлықтай тарағанын дәлелдейді. Бірақ бұл процесс X-XI ғасырдан соңғы кезде бірталай уақытқа толас алды: ислам батыл еніп, шіркеулер мешітке айнала бастады.
Христиандықтың Қазақстан территориясына таралуы ХVШ-ХІХ ғасырлар шамасына келеді. Бұл патша үкіметінің тұрғын халықты өздерінің ата қонысынан ығыстырып, орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру, яғни Қазақстанды отарландыру саясатымен байланысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz