Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары



I Кіріспе
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
II Негізгі бөлім:
1. Педагогиканы оқытудағы мемлекеттік стандарт талаптарының деңгейі.
2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру арқылы оқушыларды адами құндылықтарға тәрбиелеу жолдары.

3 Білім беру процесіне енетін педагогикалық инновациялардың көрсеткіштеріне сипаттама.
4. Педагогикалық инновацияның критерийлері.

Қорытынды
Қазіргі таңда әлемдік және отандық ғылым мен тәжірибеде негізгі проблемаларды және оларды шешудің тәсілдерін білуіміз қажет. Оқыту, білім беру және тәрбиелеудегі мәліметтердің жиынтығы ғана емес, проблемалардың түрлі елдерде, дәуірлерде және өркениеттерде түсіндірілуі жөнінде мағлұмат алуымыз керек.
Басты мәселе, педагогика кез келген дамып отырған басқа ғылымдар сияқты, өз категорияларын жаңа тұрғыдан қайта қарап, түсінік өрісін кеңейтеді. Ал тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесін педагогикалық шығармашылықтың сан қырлылығына және шексіздігіне байланысты үздіксіз байытып отырады.
Педагогиканың қамтитын мазмұны кәсіпқой педагогтарға, жоғары оқу орнының студенттеріне, ата-аналарға арналған энциклопедиялық болады. Мұндай педагогикада ғылым мен тәжірибенің түрлі бағыттары, балаларда, үлкендерде кездесетін әлеуметтік педагогикалық проблемалар болуы қажет. Қазіргі адамдар үшін педагогикалық бағыт-бағдарлар болуы керек. Өйткені, олар жанұяда, өндірісте, мектеп пен жоғары оқу орындарында, қатар құрбылары арасында қарым-қатынаста болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын
ендіру
II Негізгі бөлім:
1. Педагогиканы оқытудағы мемлекеттік стандарт талаптарының деңгейі.
2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа
технологияларын ендіру арқылы оқушыларды адами құндылықтарға тәрбиелеу
жолдары.

3 Білім беру процесіне енетін педагогикалық инновациялардың
көрсеткіштеріне сипаттама.
4. Педагогикалық инновацияның критерийлері.

Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі таңда әлемдік және отандық ғылым мен тәжірибеде негізгі
проблемаларды және оларды шешудің тәсілдерін білуіміз қажет. Оқыту, білім
беру және тәрбиелеудегі мәліметтердің жиынтығы ғана емес, проблемалардың
түрлі елдерде, дәуірлерде және өркениеттерде түсіндірілуі жөнінде мағлұмат
алуымыз керек.
Басты мәселе, педагогика кез келген дамып отырған басқа ғылымдар
сияқты, өз категорияларын жаңа тұрғыдан қайта қарап, түсінік өрісін
кеңейтеді. Ал тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесін педагогикалық шығармашылықтың
сан қырлылығына және шексіздігіне байланысты үздіксіз байытып отырады.
Педагогиканың қамтитын мазмұны кәсіпқой педагогтарға, жоғары оқу
орнының студенттеріне, ата-аналарға арналған энциклопедиялық болады. Мұндай
педагогикада ғылым мен тәжірибенің түрлі бағыттары, балаларда, үлкендерде
кездесетін әлеуметтік педагогикалық проблемалар болуы қажет. Қазіргі
адамдар үшін педагогикалық бағыт-бағдарлар болуы керек. Өйткені, олар
жанұяда, өндірісте, мектеп пен жоғары оқу орындарында, қатар құрбылары
арасында қарым-қатынаста болады.
Тәрбиелеу, білім беру өрісі адам тұлғасын, қоғамды, мемлекетті дамыту
негізгі бағыт бола отырып, әр адамның қызығушылығын тудырып отырады. Ал
жалпы алғанда, кез келген адам алған біліміне тәуелсіз, өзін педагогикада
маманмын деп есептейді. Дегенмен, білім мазмұны көп жағдайда студенттерге
бағытталған болуы керек. Себебі, жоғары білім берудің басты мақсаты -
ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы іргелі және қолданбалы, өміршең
маңызды мәселелерді шешуде өз бетінше ойлануға, ізденіске және пікірлесуге
дайын тұлға, маман, азамат ретінде студент қалыптасады.
Бүкіл әлемде білім беру және тәрбиелеу шеңберінде түрлі бағыттарды
анықтау мен стратегиялық бағдарларды дамытумен экономистер, саясаткерлер,
құқықтанушылар, әлеуметтанушылар және көптеген мамандар айналысуда. Осы көп
пікірдің ішінен біреуін ерекше бөліп алып қарауға болмайды. Себебі
педагогикалық шығармашылық пен жаңашыл іс-әрекет қалыптасқан идеялар мен
модельдерді үздіксіз қоректендіріп, тіпті кейде олардың ескіргенін бұзып
отырады. Әлем қаншалықты көп қырлы болса, педагогикалық дәстүр де әр түрлі
болады. Бірақ осы жағдайдың өзінде де біртұтас әлемдік білім беру
кеңістігінде түрлі адамзаттық қоғамдардың рухани ықпалдасу барысында ортақ
идеялар мен білім беру, тәрбие стратегиясын мақсатты іздену тоқталмайды.
Ал, ол өз кезегінде педагогика ғылымының дамуында бейнеленеді. Оны оқыту
мен тәрбиелеудегі негізгі ұғымдардың, принциптердің, заңдылықтардың
педагогикалық әдістер және технологиялардың мағынасы мен мазмұндарының
нақтылануы мен баюынан байқаймыз.
Адамтану жүйесіндегі педагогиканың нақты берілгендерін талқылау және
түрлі түсіндіру - ақиқатқа жақындай түсу жолы. Педагогика ғылымындағы және
тәжірибесіндегі түрлі тұрғылар, ағымдар, стильдер мен модельдерді айқындай
түсу, педагогикалық идеяларды баса көрсету жеке бір бағытты түбегейлі
мойындау деп түсінбеу керек. Педагогика курсын жүргізуші педагогқа өз
көзқарасына, талғамына сай деректерді пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл
жеке жағдайды шешудің "рецепті" емес, ол педагогикада оқушыны проблемалық-
педагогикалық ойлаудың деңгейіне көтеру, оны маңызды өз бетінше ойлауға,
арнайы әдебиет іздеуге жетелеу болып табылады.
Білім мазмұнын анықтау әрбір білімді, мәдениетті азаматқа
бағытталған мазмұн мен хабарлама арқылы қамтылғаны жөн. Бұл
әлемдік білім беру кеңістігіне сенімді түрде еніп отырған егеменді елдің
бағыты. Осы жерде мәдени-тәрбиелік және білім беру дәстүрлерінің сақталуы
қажет.
Оқушының ең жоғарғы мақсаты - жалпы, әлеуметтік және салыстырмалы
педагогиканы, дидактиканы психологияны, білім беру мен тәрбие тарихын
ықпалдастыру.
Түрлі тараулардың мазмұнын әртүрлі материалдармен ауырлатпай
маңызды түсініктер, педагогикалық құбылыстардың баяндалуын
мейлінше қол жетерліктей және логикалық тізбектестікпен беру керек.
Мазмұнның құрылымын көбінесе жалпыдан жекеге қарай құрғанның зияны жоқ. Бұл
жалпылама нұсқамадан материалды қолданбалы және тәжірибелік жағынан алып
келуге мүмкіндік береді. Сондықтан да әрбір тақырып әрі теориялық, әрі
тәжірибелік материалдарды қамтиды. Кітап оқушы дайын нұсқаулардан гөрі, ең
бастысы, өзіндік жұмысқа тартылып, оқу процесін талдау деңгейіне
көтеріледі.
Осы тұрғыдан қарау педагогика пәнін мағыналық өрісіне ендіріп, тарихын
осы заманғы адам тәрбиелеу мен білім беру мазмұнына, көкейтесті
педагогикалық міндеттер мен сәттік жағдайларға алып келеді.

1. Педагогиканы оқытудағы мемлекеттік стандарт талаптарының деңгейі.
Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттің, педагогикалық қарым-қатынастың
педагогикалық барыстағы оқушы тұлғасын, жанұяда тұлғаның дамуы мен
әлеументтенуін және психологиялық-педагогикалық диагностиканың
мазмұнын аша түсіну.
Мазмұн мына құрылымда ашылғаны жөн:
Педагогика дегеніміз не? Бұл түсініктің түрлі мәні мен мағынасы. Басқа
ғылымдармен ықпалдастырыла отырып адамтану жүйесіндегі алатын орны,
педагогиканың даму диалектикасын ашу. Негізгі педагогикалық категориялар:
тәрбие және білім беруді ашу. Осы категориялардың мәнін беру және олардың
адам тұлғасын дамыту және қалыптастырудағы рөлі. Адам тәрбиелеу проблемасын
кең мәдени-тарихи мазмұнында беру проблемасы. Адамның тәрбиесін және өзін-
өзі тәрбиелеудегі құндылықтар және мақсатты маңызды бағыттарға назар аудару
керек. Бұл жерде адамға тәрбиелік әсер ету тәсілдері, әлемдік және отандық
тәжірибедегі тәрбие стильдері мен түрлері көрсетілуі жен. Әсіресе әлемдік
тәжірибеде жинақталған түрлі тәрбиелік дәстүрлер мен стратегиялар, тәрбие
әдістері мен адамдардың өзара әрекет тәсілдері маңызды орын алады.
Педагогиканы оқытуда әлеуметтік құбылыс ретінде оқыту және тәрбиелеу
процесінде, білім беру жүйесі ретінде білім беру ұғымы жан-жақты ашып
түсіндірілуі керек. Білім беру мен мәдениеттің өзара байланысының сипаты,
білім беру мен өз бетімен білім алу, ғылым және мәдениет әлеміне адамның
ықтималды ену тәсілдері, білім берудің ерекшеліктері айқындала түседі.
Оқырман қазіргі әлемдегі білім алудың түрлерімен және тәсілдерімен
танысады.
Тиянақты оқудың нәтижесінде оқырман тәрбие және білім беру
модельдерінің ішкі сырына терең жетіп бағалауды, модельдердің жетістіктері
мен кемшіліктерін айқындай алатын дәрежеге жетеді. Осының нәтижесінде
біздің оқырманымыз болашақта өз балаларының мектеп пен жоғары оқу орындарын
таңдап алуына көмектесе алады.
Теориялық және тәжірибелік білімдер ала отырып, мектеп пен жоғары оқу
орындарының тарихи-мәдени дамуының бастауларына көңіл аударады, түрлі
елдердегі жаңалықтардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін біледі, сонымен
қатар біртұтас әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденцияларын сипаттай
алады. Қазіргі әлемдегі білім беру құндылықтары мен даму тенденцияларына
қатынастырылады. Педагогиканы оқытудағы басты мәселелердің бірі – кәсіпқой
педагогикалық іс-әрекет мәнін, құрылымын және заңдылықтарын терең
қарастыру. Ерекше назар аударатын мәселе: педагогикалық қарым-қатынас және
педагогикалық басшылықтағы түрлі стильдердің психологиялық ерекшеліктері.
Оқытушының оқушы тұлғасын қабылдау және түсіну мәселелері. Бұл үлкен
теориялық және деректі материалдармен, эксперимент нәтижелерімен
түсіндіріледі. Оқушы оқуын сылтауландыруға (мотивациялануына) аса зор көңіл
аударылуы керек.
Сонымен, болашақ мамандар педагогикалық мәдениетке қатынастырылады.
Мұның жоғары оқу орнының мемлекеттік стандартының шеңберіндегі жалпы
мәдениеттің бір құрамасы екенін естен шығармауымыз орынды.
Біз осылай білім беруді адамды гумандық және дәйекті өміршең маңызды
міндеттерді шешуге дайындауда педагогиканың ұстамын бекіту деп түсінеміз.
Кәсіпқой мамандар даярлау, оның ішінде жоғары білімді білікті
мұғалімдер даярлау, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.
Себебі Отан, қоғам болашағы осы мамандардың жеткіншек ұрпақты өмірге
дайындауына тікелей байланысты.
Оның үстіне дүниежүзілік даму, білім беру жүйесінен жетіле түсуімізді,
кешеуілдеп қалмауымызды үнемі ойластырып, іс-әрекеттің арқауына
айналдыруымызды қажет етеді.
Өскелең өмір білім берудің әлемдік дамуының тәжірибесін бағдарға алып,
әр халықтың тәрбие тәжірибесінің тегінен айырылып қалмауды көздейді.
Осыған орай егеменді елдің білім беру жүйесінің негізгі Қазақстан
Республикасының Ата заңында, одан туындаған білім беру жайлы заңда, басқа
да ресми құжаттарда белгіленген. Мұны жүзеге асыру жолдарын, айла-шарғы,
амалдарын еліміздегі білім беру жүйесінің басшы мекемелері, оқу орындары
ұжымдары ынтасын салып зерттеуде. Осының айғағы - "Оқытудың кредиттік
жүйесі".
Мұнда: білім беру, оқыту, тәрбиелеу, тұлғаны дамытудың құралы;
- оқытуды ұйымдастырудың күрделі формасы;
- жеке тұлғаның оқу іс-әрекетін белсендіру;
- білім мазмұнын оқушы игеруін ұйымдастырудың жаңа әдістемесін жасау;
- оқытушы және оқушы іс-әрекеті әдістемесінің айқындалу шекарасын
сезіне білу;
- қалыптасқан оқу барысының графигін жаңаша құру:
- оқушы білімін, біліктілігін, дағдыларын бақылау және бағалау
формаларын түрлендіру;
- оны тікелей оқу процесіне үздіксіз ендіру;
- білімді бағалаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- оқытудың технологиялық негізін сөзден іске көшіру;
- оқытушылардың және студенттердің жауапкершілігін арттыру қаралған.
Осы тізбенің өзінен оқытудың кредиттік жүйесінің атқаратын сан түрлі
қызметін байқауға болады.
Ең бастысы - оқыту процесінің графигін дұрыс құра білу. Әр мамандықтың
ерекшелігін ескере отырып:
- тікелей аудиториялық оқытуды ұйымдастыру формаларының мерзімдік
күйі;
- семестрдің ұзақтығы;
- практика мерзімін оқу процесінің графигіне болашақ мамандыққа сай
оқу орнының жұмыс ырғағына үйлестіре жасағаны;
- барлық типтік және жұмыс жоспарларында оқытушы және оқушы іс-
әрекетінің әдістемелік негізі айқындалған бағдарламалары;
- әрбір оқытушының жүргізіп жүрген пәні бойынша студент үшін оқу
материалының мазмұны, т.с.с. құралғаны жөн.
Оқытудың материалдық базасын қамтамасыз етудің технологиялық
құралдарымен оқу орындары қамтамасыз етілген жағдайда ғана бұл жүйенің
мақсатына жетуге болады.
Осы жүйемен жұмыс істеудің ерекшелігі:
- жеделден;
- қосымша оқытуды
- типтік жоспарлаудың аралық пәндерін оқып бақылаудан өту үшін 12
аптаға дейінгі мерзімде жазғы сессияны ұйымдастыруға мүмкіндік беруі болып
табылады.
- оқытуды, оқуды ғылыми-теориялық негізіне жақындата түсу көзделген.
Оған бір мысал: ғылым бакалавры деңгейінде жоғары білім диплом жұмысын
қорғау мен пәнаралық мемлекеттік емтиханды тапсырумен аяқтау көзделген.
Диплом жазу, қорғау деген сөз мамандыққа сай бүкіл педагогикалық
барысқа қатысы бар іс-әрекет пен қарым-қатынастар табиғатың бүге-шегесіне
дейін меңгерту деген сөз. Бакалавр деңгейінде ғылым бакалавры деген
дәреженің берілуінің сыры осында. Бұл жүйе студенттің өзіндік жұмысына
негізделгенінің бір айғағы, оның уақыт мөлшері, яғни өзіндік жұмыс, оқытуды
ұйымдастырудың басқа түрлеріне бөлінген уақыттан кем болмауы керек.
Білім беруді ұйымдастыру формаларының мәні мен мағынасының өзгеруі де
көзделген. Мысалы, лекция оқу процесінде студенттердің іс әрекетін
ұйымдастыру және бағыттау қызметін атқарады: проблема, оның алатын
ғылымдағы орны, бұл жөнінде ғылыми-тәжірибелік деректерді табу, пайдалану
көздері, тәжірибедегі орынды пайдалану жолдары, т.с.с. Сондықтан да оқытушы
және студент іс-әрекетінің ғылыми-теориялық және тәжірибелік негізіне терең
үңілу қажет. Әр түрлі жоспарлардың талап етілуінің сыры да осында.
Күнделікті, межелік, аралық бақылаудан
аттестацияланбаған студенттің бақылаудан қайта өтуіне жол бермеуі,
аттестациядан тәуір өткен студенттердің түрлі деңгейде академиялық
жеңілдіктерге ие болуы да білім сапасын жақсартуға әсер етуінде күмән жоқ.
Студенттерге көрсетілетін түрлі жеңілдіктер мен талаптар Ережеде нақты
көрсетілген.

2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын
ендіру арқылы оқушыларды адами құндылықтарға тәрбиелеу жолдары.
Арнайы іріктеліп және үйлестірілген формалардың, әдістердің,
тәсілдердің, айлалардың, тәрбиелік құралдардың (схема, чертеж, диаграмма,
карталар) белгіленген психологиялық және педагогикалық шарттарының жиынтығы
педагогикалық технология болып табылады. Технологиялық құралдармен
оқушылардың білім, білік, дағдыларды игерудегі, бір немесе бірнеше іргелес
ауқымдағы оқу-тәрбие жұмыстарында оқушылардың тұлғалық белгілері мен мінез-
құлықтық сапаларын дамытудағы тиімді нәтижелерге жету мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Педагогикалық барыста технология оның жалпы
әдіснамасынан, мақсаттары мен мазмұнынан алшақ өмір сүре алмайды.
Педагогикалық технология педагогикалық барыстың ұйымдастыру-әдістемелік
құрал-жабдықтары болып табылады.
Педагогикалық технология нақты технологиялық барыста жүзеге асады.
Технологиялық барыс нақты педагогикалық нәтижелерге бағытталған
нақты технологиялық бірліктердің жүйесі ретінде көрінеді: тәрбие
теориясында технологиялық барыстардың қатарына, мысалы, ұжымды ұйымдастыру
әдістемесі, бірыңғай талапты ендіруді, өзін-өзі басқаруды, жарысты,
сыныптағы немесе мектептегі тәрбие жүйесін ұйымдастыру жатады.
Оқыту теориясында технологиялық барыс, мысалы, оқу пәнінің нақты
тақырыбын оқудың жүйесі мен құралдары, сауатты жазу немесе есептер шығару
біліктері мен дағдыларын қалыптастырудағы тәжірибелік жұмыстарды
ұйымдастыру жүйесі жатады.
Тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға технологиялық тұрғыдан қарау:
ақыл-ой дарынын өлшеу тестілері; ұғындыру және дағдыларға жаттықтырудың
түрлі схема-карталары; оқытудың тірек схемалары; өзін-өзі басқаруды,
жарысты, өзіне-өзі қызмет етуді қалыптастырудың ұжымдық құрылымдары,
ғалым-дидакт, жаңашыл мұғалімдер еңбектерінде мыналар бар: сабақта
оқу барысын тиімді ұйымдастырудың нақты технологиясы (Ю.К.Бабанский);
ақыл-ой әрекетін бірізді кезеңді қалыптастырудың технологиялық барысы
(Н.Ф.Талызина); математикалық оқу материалын игерудің дидактикалық
бірліктерін бекітудің негізгі технологиялық тәсілдері (П.М.Эрдниев); тірек
беттері (В.Ф.Шаталов); оқу барысын баяндаумен басқару (липецк тәжірибесі,
С.Н.Лысенкова); шығармашылыққа баулу барысының технологиялық тірек сәттері;
шығармашылық ірге тасы ретіндегі білім; оқу материалын қатаң іріктеу, түрлі
ұйымдастырылған материалдарды бірнеше еселеп қайталау, оқушының жан-жақты
дамуы, тұрақты қызығуға қалыптастыру, үлкендердің басшылығымен жұмысты
сауатты орындауға үйрету, оқушының жұмысын мұғалімнің тұрақты бақылауы,
жеке тұрғыда қарау (И.П.Волков). Компьютерлеу мен техникалық құралдарды
пайдаланып, тәрбие мен оқытудың нақты құрылымдық, жүйелік бағдарламалау,
алгоритмдеу, стандарттау тәсілдері мен айлалары негізінде ұйымдастырылған
мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетінің кез-келген ауқымында нақты
тәжірибеде өзара әрекеті педагогикалық технологияның пәні
болып табылады. Соңында балалардың білім, білік, дағдыларды
игерудегі, жүріс-тұрысындағы әлеуметтік құнды түрлер мен әдеттердің
қалыптасуындағы кезеңдік тұрақты нәтижеге қол жетеді. Педагогикалық
технология мен техникалық барыстардың міндеттері:
- түрлі іс-әрекет ауқымында білімнің тереңдігі мен беріктігін
пайдалану, білік пен дағдыларды бекіту;
- жүріс-тұрыстың әлеуметтік құнды түрлері мен дағдыларын жүргізу және
бекіту;
- технологиялық құрал-жабдықтар мен ғылыми әрекеттер жасауды үйрету;
- технологиялық ойлауды өзінің оқу және өз бетімен білім алу іс-
әрекетін өзінше жоспарлау, алгоритмдеу және стандарттау біліктерін дамыту;
- оқу жұмыстарын және қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудағы
технологиялық тәртіптің талаптары мен жүрудің нақты әдеттерін тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиямен технологиялық барыстардың ерекшеліктері
төмендегідей:
Жеке технологиялық тізбектердің нақты тәрбиелік қуаты болады. Кейбір
технологиялық барыстың өзінің құрылымдық және олардың жүзеге асуының
тәсілдеріне қарай тек қана зейінді, орындаушылықты, бағдарламаның негізгі
элементтерінің қатаң берілген бірізділігіне қарапайым жағдайда әрекет ету
қабілетін тәрбиелейді. Мұндай технология олардың абсолюттену жағдайында
тұлғаның шығармашылық бастауларын тұншықтырады, оларды қинайды бағынышты
тетіктерді тәрбиелеуге алып келеді.
Белсенді саналы ойлау жұмысына негіз болу қызметін орындайды және
хабарламаларды формальдауға ырық беретін кодтар жасау жолымен тұлғаның өз
жұмысын жеңілдету қабілетін дамытады.
Педагогикалық психологияның маңызды ерекшеліктері болып оқыту-
тәрбиелеу мазмұнының "технологиялылығының" өзінің оқу-тәрбиелік
мүмкіндіктерін сақтай отырып, кодтауға берілгіштік қабілет болып табылады.

Оқытудың оқу-тәрбиелік өзіне тән қырларын жоғалтпай технологиялық
өңдеуге берілмейтін басқа да танымдық материалдар болады.
Кейбір материалдар өте жеңіл кодталады және ашқан кезде шала-шарпы
ауытқулар болмайды, оны оқушылар толық және тұтас ұғынады. Бұл, мысалы,
математикалық күйінде формулаларды, типтік есептерді шешу тәсілдерін;
- физикалық, химиялық формулалар мен заңдарды;
- есте сақтау керек тарихи деректер, уақиғалар, күндерді кодтағанда
болады, оқу барысында кодталған технологиялық тізбектерді ендіруде оның
тиімділігі мен сапасы артады.
Ал бұдан да, басқа оқу-тәрбиелік мүмкіндіктері бар тұлғаның зейінді
дамуын қамтамасыз ететін алдын ала кодталған хабарламалар болуы мүмкін. Бұл
жағдайда олар өз күшін жояды.
Философиялық, көркем әдеби, тарихи хабарламаларды қарағанда
технологиялық өңдеуге тек сыртқы белгілерін көрсететін әрекеттерді жасауға
болады. Оның сыртында ең негізгі мәні: олардың қозғалысының дамуының
идеялары теориялық және тұжырымдамалық тұрғыдан қаралуы, түрлі бағалары
плюралистік пікірлер, қарама-қайшылықтары қалып қояды.
Таза психологиялық тұрғыдан әдебиетті, өнерді, тарихты, үйелмен
өмірінің этикасы мен психологиясын оқыту барысын кодтауды абсолюттендіру
мен шектеу, ойсыз жаттауға, білімді формализмге, тәрбиелеудегі идеясыздыққа
алып келеді.
Педагогтық технологияның ерекшеліктеріне жататын тағы да бір нәрсе ол
әрбір технологиялық буын, тізбек, тәсілге тұтас педагогикалық барыста
қолайлы өз орнын табу керек. Ешқандай технология тірі сезімді
адамгершілікті қарым-қатынасты ауыстыра алмайды.
Келесі маңызды ерекшелігі педагогикалық технологияның психологиямен
байланысы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері
Пәндер