Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

1 БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Ф. Обухова т. б. көптеген психологтар еңбектерінде жан-жақты талданған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы - соңғы кезде балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы нормативтердің өзгеруі.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің карқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ұлпалар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Қаңқаның сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Бала өмірінің бесінші-алтыншы жылдарында үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Осы өзгерістер баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде коғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескек іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготский- қайтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның оншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар коғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінің алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгіленген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің, көбінесе материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тиіс. Мысалы, олар текшелерден үй құрастырғанда, олардың іс-әрекеттері алдарында қандай (түрі -түсі) текшелер жатқанына тәуелді болады да, алдын ала ойланған жоспарға байланыстылығы сирек кездеседі. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл барлық балалада бірдей бола бермейді.

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Онық жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойыының пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыңыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері атқаруға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекетгерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының баска мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын қалыптастырып құрдастарына, туа бастаған коллектив пікір қарап бағдар алу әлеуметтік сезімдерін: топқа іліесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.

Сонымен егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекет және өзара қарым-катынасымен таныстыруға мүмкіндік немесе шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында пайдалатын түрлі жағдайларда өзін ұстап білуге үйретеді. Мұның негізінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалар - осы тобының талаптарына және өзнің жеке-дара қабілет-түріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты тандау балаларды жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын сондай-ақ тасада қалып койғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.

Мектепке дейінгі шақта балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық ролге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына куану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шүғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-кұлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсыбір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолданады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі теплвоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

Сонымен ойын бұл кезеңде өзінің манісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы - оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойынына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік - үйге айнала салады. Барлық осы және осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе фуикциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінің жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген кажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психилалық нашар даму оқиғасы суреттелген.

Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары аркылы кайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т. с. с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту - мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны, міне осы. Бұл кезеңде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы ұйымдастыруымен біріккеннін өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінің ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.

Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: «Сен кімсің?» - деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты қыз болса, өзін «мамамын» деп таныстырады. Бұл жерде бала енді сол әрекеттің өзі үшін жасамайды. Олар рольге кіріседі Енді сіз кең жайылған кайталама іс-әрекеттерді көре алмайсыз. Балалар жасайтын әрекеттер азды-көпті ықшамдала бастайды. Ойын дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым-қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттер қарым-қатынастарды өрістетудің құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып-ақ балалар кімнің кім болып ойнайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып өтілгендей, әлеуметтік рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Мұндай жағдайларда олар адамдар карым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.

Балалар психологиясы балдырғанды зерттейді. Алайда баланы зерттейтін басқа ғылымдар да бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан зерттейді.

Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектеңетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ләззат ала білетін ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі.

Жас балдырған үлкен адамға ұқсаңқырамайды. Мәселе оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан да емес. Қарапайым күнделікті бақылауларынаы баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.

Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне, әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің, сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау әлдеқайда маңызды.

Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Ілкіде басын жерден шаққа көтеретін ол, екі айдан кейін отырып, шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы да бірнеше айдан соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам-әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан жаңа кең байтақ дүние - бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының (манеждің) ішінде отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігіп ашты. Міне, ол түрліше дыбыстар да шығарады. Енді бір-екі айдан соң бөбекке ғана тән былдырды еститін боламыз. Тағы да бір сыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп «Ma-Ma-Ma», «ба-ба-ба» дегенді айтады. Содан соң сәби «мама» деп те, «папа» деп те, «бер» деп те, «ал» деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны.

Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп улгермегендігінде жатыр. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы, қараиайымдылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінщ пайда болуы, міне,, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактылар. Бұлар бала психологиясының қорытынды шығару үшін пайдаланылатын материалы болып табылады. Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардын. өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердіңбәріне, ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.

Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уакыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері және ескі психикалық белгілердің кұрып бітуімен жойылуымен және жаңа белгілердің пайда болуынен байланысты, кейде баланы неғұрлым тез, секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі түрдегі өтуді даму дағдарысы деп атайды. Олар шамамен бірдей жағдайда тұрған жас жағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады да балалық шақты жас шағына қарай бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік береді.

Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде (баланың дүниеге келуіне байланысты оның өмір сүру жағдайын кенет өзгертетін дағдарысты айтпағанда) бала үш дағдарыс сәттерін: бір жаста, үш жаста және, ақырында, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл кезеңде үш жас шағы кезеңдері бөлініп шығады: нәрестелік шақ (туған күннен бір жасқа дейін), сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін) және мектепке дейінгі балалық шақ (үш жастан жеті жасқа дейін) .

Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық белгілер - олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пен қызығулардан туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Жетекші іс-әрекетті арнайы атап көрсеткен жөн, одан дәл осы кезендегі психикалық дамудың маңызды ерекшеліктері соған байланысты болады. Нәресте үшін жетекші іс-әрекет үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас болса, сәбилік шақтағы бала үшін заттық іс-әрекет, мектепке дейінгі бала үшін ойын болып табылады.

Психикалық дамудың жас шағы кезеңдері биологиялық дамуға ұқсамайды. Олардың пайда болуының тарихы бар. Әрине, балалық шақ адамның денесінің дамуы, өсуге кажетті уақыт мағынасында түсінгенде кәдімгі табиғи құбылыс болып көрінеді. Бірақ балалық шақ кезеңнің-бала коғамдық еңбекке қатыспай, тек соған даярланатын уақыттың ұзақтығы және осы даярлық формалары қоғамдық-тарихи жағдайларға байланысты болады. Қоғамдық дамудың түрлі сатысында тұрған халыкта балалык шақ калай өтетіні жайындағы мәліметтер, даму сатысы неғұрлым төмен болса, жасөспірім ұрпақ үлкендерге тән еңбекке соғұрлым ерте араласатынын көрсетеді. Қарапайым мәдениет жағдайында балалар жүре бастаған сәттен-ақ үлкендермен бірге еңбекке араласады. Біздің білетін балалық шақ ересектердің енбегі сәбилердің қолынан келмейтін кезде еңбек алдын ала үлкен әзірлікті керек еткенде пайда болды. Адамзатта бұл өмірге, ересектік іс-әрекетке даярлану кезеңі деп бөлінді. Осы кезеңде бала қажетті білімді, іскерлікті, психикалық сапаларды, адамның жеке басының қасиеттерін игеруі тиіс. Және әрбір жас шағы кезеңі осы даярлық үстінде өзінің ерекше ролін атқаруы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
ЕРЕСЕК ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУ ОЙЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау
Баланың ақыл ойының дамуы
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz