Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ..3.4
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.13
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын дамыту жолдары ... ... ... ... 13.35
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың әдіснамалық негіздері ... ... ... .36.40
2.1. 4.сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінде шығармашылық тұлғасын қалыптастыру технологиясы.
2.2. Қазақ тілі пәнінде 4.сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы іс. тәжірибе нәтижесі...

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми-техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Мемлекеттік саясаттың басты принципі ретінде тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында және Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген. Білім саласының әлемдік кеңістікке ену жағдайында елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға жеке тұлғаның білім алу арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр. Себебі, қазіргі кездегі нарықтық жағдайда әр саладағы бәсекеге қабілетті, кәсіби дайындығы жоғары, интеллектуалды жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, кез келген ғылым саласын шығармашылықпен игеру арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса алады. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал ету педагогика ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. -Астана, 2004.

2. Назарбаев Н Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарса-
ңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 19 наурыз, - 2004

3. Қ. Р. Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. / Егемен
Қазақстан. №36 (25008) 7 ақпан. 2008ж.

4. Әдістемелік нұсқау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту,-стана,2002ж.
5. Байжанов.М. Педагогикалық инновация және педагогикалық технологиялар:-Алматы,2001 ж.
6. Жұмабаева.Ә.Е, Әбдірахманова Қ.Ж. Қазақ тілінде дидактикалық материалдар:-Алматы,1999ж.
7. Жалпы білім беретін мектептің оку бағдарламасы. -Алматы, 2000ж, 27-29 беттер.
8. Жахина.Б.Б. Тіл дамытуға арналған жаттығулар. -Алматы, 2002ж.
9. Жарықбаев.Қ. Ұстаздық еткен жалықпас. -Алматы, 1987ж, 87-бет.
10. Искакова.Р. Бастауыш класс оқушыларының шығармашылық жұмыстар жүргізуге арналған жаттығулар. -Қызылорда, 2004ж.
11. Қоянбаев.Ж.Б, Қоянбаев.Р.М. Педагогика. -Алматы,2002ж, 54,202-209 беттер.
12.Қарабаева.Қ.Ә. Әдістемелік нұсқау. -Ақтөбе, 2003ж, 17-18 беттер.
13. Қазыбаев.С. Қазақ тілі методикасы.- Алматы, 1990ж, 16-бет.
14. Қойшыбаева.А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесі.-Алматы, 1996ж, 3-6 беттер.
15. Н.Қоянбаев.Ж.Б. Педагогикалық сөздік.-Алматы, 2000ж, 45-бет. Ахметжанова А. «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» Білім. 2004 ж.
16. Әбжанов С. «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту» Бастауыш мектеп №2.2003ж.
17. Әбілқасымова А.Е «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы. Білім.1994 ж.
18. Әлмұханова Г. «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау» Бастауыш мектеп.№10 20002ж.
19. Бабаева С. «жаопы психология» Алматы 2003.
20. Волков И.П. «Творчествоға үйрету» Бастауыш мектеп. №7 1988.
21. Ділдәбекова Г. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №7 2001.
22. Есмағанбетова Ш. «Оқушыларды танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» Алматы. Ғылым 2002.
23. Жақсылықова Т. «Ана тілі сабағы» Бастауыш мектеп №1 2003.
24. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы 1992.
25. Жұманбаева Қ. «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» Бастауыш мектеп №7 2001.
26. Жүнісова Д. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №10.2002.
27. Задинова С. «Қызығушылықты арттыру» Бастауыш мектеп №1 1985.
28. Кәкімова Ш.Л., Қашығынова Ә.Қ. «Оқушы шығармашылығын дамыту» Бастауыш мектеп №1,2 1999.
29. Қайранова Ғ. «Білім негізі бастауышта» Бастауыш мектеп №2 2002.
30. Қазиева С. «Оқушылардың ой-өрісін дамыту» Бастауыш мектеп №1 2003.
31. Қошанова М. «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1 2004
32. Қоянбаев Ж. «семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы. Рауан 1990.
33. Өмірәлиев Қ. «Абайдың нақыл сөздерін оқу – тәрбие ісінде пайдалану» Алматы. Мектеп 1986.
34. Рүстемова Ж. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1 2003.
35. Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы 1992
36. Сәкенова Р, Найманбаев П «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №1 2003
37. Табылдиев Ә «Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» Алматы 1992.
38. Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №7 1997.
39. Жүнісова Д. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №10 2002.
40. Жұманбаева Қ. «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» Бастауыш мектеп № 2001.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
С. Қожагелдиева

Диплом жұмысы
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру
жолдары.

050102- Мамандығы- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Алтаева А

Ғылыми жетекші
Магистр оқытушы: Момбекова Р

Түркістан 2010

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың
теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың
педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5-
13
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-35
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін арттырудың әдіснамалық негіздері ... ... ... .36-
40
2.1. 4-сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінде шығармашылық тұлғасын
қалыптастыру технологиясы.
2.2. Қазақ тілі пәнінде 4-сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын
қалыптастырудағы іс- тәжірибе
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41-55

Қорытынды...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...56-57
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 58-59

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі уақытта орын алып отырған
еліміздегі ғылыми-техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы
өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең
білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты
дамыған тұлға болуды талап етеді. Мемлекеттік саясаттың басты принципі
ретінде тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының
Қазақстан – 2030 бағдарламасында және Қазақстан Республикасы 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген. Білім саласының
әлемдік кеңістікке ену жағдайында елімізде білім берудің өзіндік ұлттық
үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға жеке тұлғаның
білім алу арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз
дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр. Себебі, қазіргі кездегі нарықтық
жағдайда әр саладағы бәсекеге қабілетті, кәсіби дайындығы жоғары,
интеллектуалды жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, кез келген ғылым
саласын шығармашылықпен игеру арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына елеулі үлес қоса алады. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту,
оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, мақсатты бағыт-бағдар беру,
педагогикалық ықпал ету педагогика ғылымның негізгі мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған Орта білім алу
міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру
талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен
әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға
қалыптастыруын қойып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас
ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп
отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға
дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты
ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың,
өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жеке ықпал етуге
қабілетті адамдармен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта
жеке тұлғаның жан-жақты дамыған шығармашылық қабілеті қалыптасқан
тұлға болып өсуі көкейтесті мәселе болып отыр.
Сонымен бірге бүгінгі таңда мектеп практикасында қолданыс тауып, ізгі
нәтижелер беріп жүрген Ш.А.Амонашвилидің Білім беруді ізгілендіру
технологиясы, В.Ф.Шаталовтың Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,
С.Н.Лысенькованың Түсіндіре басқарып - оза оқыту технологиясы, сол сияқты
Проблемалық оқыту технологиясы, Ж.А.Қараевтің Деңгейлік саралап оқыту
технологиясы мен Б.А.Тұрғынбаеваның дамыта оқыту идеясы басшылыққа
алынуда.
Қазіргі кездегі қоғам талабы ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой
қызметін, шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез
икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу
қабілеттілігін және танымдық қызығушылықтары арқылы білім алуға және оны
меңгеруге талпындыруды қажет етеді. Халық ағарту ісінің белгілі
қайраткерлері К.Д,Ушинский Ана тілін оқытуға басшылық еңбегінде,
В.А.Сухомлинский Балаларға жүрек жылуы еңбегінде, В.Ф.Шаталов,
Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев т.б. өздерінің еңбектерінде,
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы.Алтынсарин Таңдамалы
педагогикалық мұралары, М.Жұмабаев Педагогика, Қ.Бержанов ,
Т.Сабыров Оқыту теориясының негіздері, Ж.Әбиев Еңбек тәрбиесінің
педагогикалық негіздері т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында
өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп
тоқталады.Еліміздегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, қоғам
талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасының
қалыптасуының маңыздылығын ескере отырып біз диплом жұмысымыздың тақырыбын
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолдары
деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі
сабақтарында шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын дамыту мәселелеріне
талдау жасау.

ә) Оқушылардың шығармашыл тұлғасын қалыптастыру үшін қазақ тілі
сабақтарында қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдерге талдау жасау.
б) 4-сыныпта оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда қазақ тілі
пәнінің маңызын анықтау.
в) 4-сынып қазақ тілі пәнінде оқушылардың шығармашылық тұлғасының
қалыптасу мүмкіндігін көрсету.

Зерттеу жұмысының әдістері: талдау, жинақтау, іздену, бақылау,
оқушы жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.
Зерттеу жұмысының нысанасы: 4 сынып қазақ тілі сабақтарындағы
оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: 4 сынып қазақ тілі пәні.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Білім
министірлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, танымдық қызығушылық,
шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы философ, педагог, психолог
еңбектері, бастауыш сынып мұғалімдерінің озат тәжірибелері, оқытудың
қазіргі технологиялары.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрайды.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың
теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың
педагогикалық мәселелері.
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы
бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары
формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында
ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық, көркем, техникалық, т.с.с), әрі
сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту
керектігін еліміздің психологтары XX ғасырдың бас кезінде зерттеулер
барысында негіздеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық денгейіндегі
ойшылдардың назарында болғандығы белгілі. И.Кант теориясын жалғастырушы
Ф.В.Шеллинг шығармашылықты жоғары адамзат өмір әрекетінің формасы деп
атаған. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький: Не істесең де оны жақсы көру
керек, сонда ғана еңбек шығармашылыққа дейін өседі,-деген. Сонымен бірге
атақты авиаконструктор А.С.Яковлев айтқандай: Егер өз ісін жақсы көрсе,
онда ол үнемі шығармашылық бастамаға жол ашады, өзіндік қабілетін
көрсетуге, шебер болуға ұмтылады. Ол осыған талпынса, онда оған сәттілік
қамтамасыз етілген. Кез келген ортада тұлға әрекет ете бастағанда, оның
қабілеттері көрінеді,-деп өз ойын білдіреді. Осыдан барып шығармашылықтың
негізгі заңдылығы - туыла біткен еңбек екені көрінеді
Адамның ойлау процесі қандай да бір сұраққа жауап беру,
белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу
және тағы басқа да қажеттіліетер туғанда активті қызмет жасауға
көшеді. Мұның барлығы танымға объктілер мен шынайылық құбылыстарын
бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің
өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында
ұсынылып отырғанжүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге
асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белгіленген.
Тұжырымдама – ғылыми–теориялық, әдіснамалық құжат. Онда Қазақстан
Республикасының білім берудегі мақсаттары, міндеттері, құрылымы,
мазмұны, дамуының негізгі стратегиялық бағыттары анықталған. Соған
сәйкес құрылған бағдарламаның негізінде біз мектептегі сабақ
процесін ұйымдастыруымыз керек. Өркениетті елдер қатарына қосылу үшін
әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасау
қажет. Ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы Басқадан кем болмас
үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға
оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек деп
дара жол сілтеді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің
тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың
қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін
жетілдіру жемісті бола бермейді.
Шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық
ережелерін басшылыққа алып қарастырғанда мұғалімнің дидактикалық
дайындығына мына компоненттер кіруі керек:
педогогикалық қызметті толық берілуі, оны дұрыс атқаруы;
ақыл – ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясын білу;
бала психологиясының жасқа байланысты ерекшеліктерін білу;
шығармашылық процестің негізін меңгере білу;
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жас кезеңінде
шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет,
бейімділік бар екен.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде
И.П.Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық
қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін,
дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір
нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен
қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің
тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық
қабілеттеріне байланысты.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері
нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық
ізденімпаздығы қалыптасады. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы,
оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны
жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің
қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің
маңызы зор.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілетінің құрамдас
компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап
айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің,
Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері.
А.Н.Л.ук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына
басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш
негізгі топқа бөліп қарастырады:
1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)
2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)
ақыл-ой қабілеттері.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену
қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті,
дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың
шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның
жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның
қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп
есептейді.В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық
жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: Оқушы өз
әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі
нұсқаларын салыстыра алады және есептің шешуін
бақылай алады.

Психологтар Л.Божович, Н.Морозова, Л.Славина себептің екі
негізгі құрамын көрсетеді:

Оқушылардың оқу іс-әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы;

Мазмұнды және үрдістік сипаттан тұратын, оқу іс-әрекетінің өзі
түрткі болатын таным қызығуы.

Қызығудың физиологиялық негізін талдау оның мақсатының рефлекске
көбірек жақын екенін тұжырымдайды, себебі жеке адамның белгілі мақсатқа
ұмтылуы, бағыты байқалады. Қызығу іс-әрекетке деген бір жақтылықтан пайда
болып, обьектіге әсер ету нәтижесінен тартымды қарым-қатынас туғызады. Жеке
адамның жан-жақтылығын, маңыздылығын, анықтамаларын
салыстырмалы талдау арқылы қызығудың ғылыми түсіндірмесін
табуға болады. Бихевиорстикалық Перри қызығу тұжырымдамасы, Мак - Ивераның
динамикалық бағалау теориясы, Паргонның әрекет пен бағыттық әлеуметтік
теориясы, Маркузе теориясы қызығудың маңызы әрі тиянақты анықтамаларынан
саналады. Американдық философ Р.Перри қызығу өз көзқарасымен, еліктеумен
сипатталады деп көрсетеді.
Ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұни, Әл-Фараби. Абайды да шығармашылық,
қабілет деген ұғым- түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан
бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты- озық, қоғамға лайықты, жаңашыл
әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын,
қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу болып отыр. Мысалы,
көрнекті ағартушы Ы.Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың
жолдары қарастырылса, ал М.Жұмабаев оқушы шығармаларына бағыт-бағдар беруді
ең алғаш білім мазмұнына негіздеген ғалым-педагог болды. Ал ғалым
Қ.Ә.Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз
өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын
айқындаған. Я.А.Паномарев шығармашылық қабілетті, даму ұғыну мен қатар
деп түсіндіреді. М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығар машылық
қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. Шығармашылық әрекет өмірде
оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса,
онда даму сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. Даму
сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару, жаңаның өмірге келіп, ескінің
жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады.
Даму процесінде үш түрлі фактор бар.
1. Биологиялық фактор
2. Әлеуметтік фактор
3. Баланың белсенділігі
Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсінік беретін болсақ: биологиялық
фактор – бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен
ерекшілігін білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі
болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді.
- Әлеуметтік фактор – бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың
ортасы.
- Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы,
ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген
көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары
яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.
- Баланың белсенділігі – бұл даму процесідегі әрекет ететін үшінші,
негізгі күш болып табылады. Шығармашылық қабілет негізінен кіші мектеп
жасындағы балаларда қалыптасатыны анық.
Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек
өмір тәжірибесінің, дара-дүниетанымы, дара эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. Бұлақ көрсең көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды
өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері
болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз,
сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Психологтардың
зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік
ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның шығармашылық дамуын
басқарудың педагогикалық – психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен
оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімнің болуын қажет етеді.

Мектепте қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты - ең басты қатынас құралы
болып табылатын тіл заңдылықтарын игерумен бірге, оқушылардың танымдық
процестерінің (түйсік, ес, қиял, ой т.б.) сөйлеу мәдениеті мен жазуды
дағдыландыру, қалыптастыру көрген-білгені және естігені бойынша жүйелі де
әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру.
Белгілі ғалымдардың іс тәжірибесіне сүйенер болсақ, қазақ тілін
оқытуда алға қойған орасан зор міндеттерді мұғалім сыныптағы сабақтың
жалаң өзімен ғана жүзеге асыру қиын екені белгілі. Осылай болса бір ғана
сабақ формасына сүйену жеткіліксіз. Қазақ тілі материалдарын оқушыларға
сапалы меңгертуге мектепте әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Ал бұл
жұмыстардың құрамдас бөлігінің бірі ана тілінде жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыстар. Мектептегі озат ұстаздардың тәжірибесі көрсеткендей, ол
оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын мақсатты пайдалануға, оқу тәрбие
жұмысының сапасын арттырып, баланың білімі мен қабат ой-өрісін дамытуға
меңгерген тілдік материалдарды іс- тәжірибеде пайдалана білуге, өз
беттерінше кітаптар мен басқа білім көздерінен ақпарат алуға
дағдыландырады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық ізденіске
қызығушылығын арттырады, танымдық қызығушылығын тәрбиелейді.
Уақыт талабы оқу-тәрбие процесін батыл инстенсивтендіру-оқушылардың білім
жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік
шеберлікті, ыждақаттылықты талап етеді. Осы талптарға сай мұғалім
қызметіндегі шығармашылық негіздері нығайту – оқушыларға білімді игеруге
бар мүмкіншілікті тиімді пайдаланып, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп
отырғанда ғана, сапалы білім, саналы тәрбие беру жүзеге асады.
Өмірдің осы талаптарына сай, қазақ тілі сабақтарын жақсарту жайлы,
қазақ елінің тұңғыш президенті: Н.Назарбаевтың теледидардан сөйлеген
сөзінде: Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына қаржылық,
ұжымдық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуінде болып тұр.
Сондықтан да, бізге қазақ тілінің мұғалім кадрлары, тілді балаға жастан
үйрететін тиімді әдістеме керек - деген болатын. Осыған байланысты
мектепте қазақ тілін оқытуды, атап айтқанда бастауыш сыныптарды білімді
тереңдете беру үшін бастауыш сыныптың оқушыларына қазақ тілінен
грамматикалық ойындар жүргізу деген.
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеп
болмаған мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз
мөлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп,
ойлау қабілетін төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады. Алтыжасар бала –
бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде
алатын болсақ, біріншіден ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол,
көп нәрсені істей алатынын және оның психикасы жеке басы мүмкіндіктерінің
қандай екенін білу өте маңызды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық үдеріс және оны
зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап
табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқын фондау әдістемесі,
организімде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі,
шығармашылықты қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені
осының дәлелі.
Шығармашылық үдеріске даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру
мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болады. Халыққа білім беру жүйесінің
негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды
дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектеп оқушыларын қалыптастыру
қарастырылады. ХХ ғасырдың 70-жылдарында мектеп оқушыларын проблемалы
оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады.
Н.Г.Алексеев пен Э.Г.Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы оқушылардың
шығармашылығын қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол жөнінде
ізденушілер: Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу әдісін
қолдану талап етіледі. Оқушылар негізгі ғылымға байланысты дайын білімнің
жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Ауырлық орталығы былайша ауысады,
оқушылар оқытушының басшылығымен бұл білімді немесе оның қажетті
құрастырушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы қажет.
Бұл өз кезегінде оқытуды ұйымдастыру үдерісінде мынаны жоспарлайды.
оқушылар алдына жаңа мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық
үдерісіне айналдырады. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісінің құрылымын
ситуациялық мәселелер құрайтын болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай
айтылады,-деп жазады.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері бойынша адамның шығармашылығы ерте
айқындалады және оларды орта мектептің өзінде дамытуға мүмкіндік бар, бірақ
олардың сипаты мен бағыты 18 жасқа таман анықталады. Орта мектепте
шығармашылық іс-әрекетке қатыстырылған оқушылардың басымын жоғары оқу
орындарында адамның жеке қабілеттеріне сәйкес толық тәрбиелеу мен дамыту
қажет.
Шығармашылықтың тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық қабілеттерді
тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. П.Л.Капица Адамның іскерлік
қабілеті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда жатыр. Менің
көзқарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми қортынды жасай білу –
индукция (жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару тәсілі); іс жүзіндегі
үдерістердің өтіуін айта білу үшін теориялық шешімді қолдана білу –
дедукция (ойлаудың бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруы); ең соңында
табиғатта болып жатқан үдерістер мен теориялық толықтырулардың қарама-
қайшылықтарын анықтай білу – диалектика (табиғаттың, адам қоғамының және
ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары)-деп, өзіндік ойлаудың
мәнін, бағытын сипаттады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-
өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және
сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігеріне күші мен
әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер
қуаттаймыз. Оның себебі ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп
білеміз.
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыкқа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде
прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға. Шығармашылыққа
талпыныс адамның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық
үдерістің "оталдырғыш" механизмі ретінде саналады.
Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер
адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті
немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру тікелей
қабілетке байланысты. Бұл ұғымға да көптеген анықтамалар берілген.
Мәселен, С.И.Ожеговтың сөздігінде "Қабілет — табиғи дарыңдылық, талантылық"
және "қандай да бір әрекетті істеу мүмкіндігі" ретінде сипатталған. "Талант
— көрнекті тума сапа, ерекше табиғи қабілет" және "дарындылық" ретінде
берілген.
Педагогикалық сөздікте: "Талант — белгілі іс-әрекетке жеке тұлғаның
жоғары дәрежедегі қабілеттілігі, оның дарындылығы, берілген немесе басқа
тапсырмаларды едәуір сәтті, шығармашылық денгейде орындау мүмкіңдігін
қамтамасыз ете отырып, олар мінездің ерекшелігі деңгейіне жетеді", -деп
анықтаған. "Дарындылық - қабілетті қалыптастыру шартының бірі ретінде
табиғи бейімді сапалардың жиынтығы", - деп берілген .
Ал, Н.Ф.Талызинаның қабілеттерді іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай,
нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті ретінде анықтауы біздің
зерттеуімізде негізге алынады .
Қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол
тікелей пәңдік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы студенттердің жаңа білім
алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты
.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде ұғымдарға анықтамалар әртүрлі
тұрғыдан берілген. Сондықтан шығармашылықты қалыптастыру да біздер
белсенділі, дарындылық, қабілеттілік деген ұғымдардың ішінде
төмендегілерін басшылыкқа аламыз.
Шығармашылық тұлғаға мотивациялық-шығармашылық белсенділікке тән тұлға
ретінде қарау соңғы кездері орын алуда. Шығармашьілықтың негізі балада ерте
жастан пайда болып, мектеп қабырғасында дамуы жүзеге асырылатыны белгі. Оны
жүзеге асырудың бірден бір жолы - оқыту.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылыққа талпынысы, оның танымдық
мотивациясын қалыптастырушы ретіңде шығармашылық процестің "оталдырғыш"
механизмі болып саналады. Балалар шығармашылықты танып білуге құштарлығы
ынта-ықыласымен іс-әрекет барысында ғылыми-жаңалықты, белгісіз нәрсені ашу
барысында көрінеді. Ол іс-әрекеттің шығармашылық стилін айқындайды.
М.Мухамедин "Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және
ондағы пайда болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну шығармашылықпен айналысатын
адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан өзінің ішкі дүниесіндегі
жаңалыққа қызығушылығы — ішкі дүниесіңдегі бейнелер, ойлармен ерекшеленеді"-
деп, шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру негіздерінің,
ерекшеліктерінің бар болатынын сипаттайды.
В.Крутецкий: Шығармашылықпен ойлау өз бетінше және белсенді ойлау
болады, бірақ кез келген белсенді ойлау өз бетінше ойлау емес, және кез
келген өз бетінше ойлау емес дейді. Оның пікірінше өз бетінше ойлау және
шығармашылықпен ойлау деген ұғымдар әр түрлі ұғымдар болып табылады.
Шығармашылық – тек қана белгілі ұғымды қайталап, жаңартумен ғана емес,
сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындау, жаңа жолдарды ашу.
Шығармашылық сөзінің төркіні, технологиясы шығару, ойлап
табу дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек.
Философиялық сөздікте ... шығармашылық- қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық
мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет,- деп түсіндіреді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын
әрекетті атаған. Ал, осы мәселені крең зерттеген психологтардың бірі
Я.А.Пономарев шығармашылықты даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені
әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол адамның
психикасын жаңа сапалық денгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі күннің біртұтас педагогикалық талаптарына сәйкес келеді.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық үдеріс ретінде қарастырған В.А.Кан-
Калик, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру
жолдары қарастырылады.
Шығармашылық қызмет көп қырлы объективті үдеріс. Шығармашылық қызмет
пен шеберліктің биік денгейінің аралығында өзара байланыстылық бар.
Шығармашылық қызмет объективті жағдайда жаңалықты ашу болса, субъективті
жағдайда жаңа білімді менгеру болып табылады.
Белгілі психолог Б.М. Теплов шығармашылық қызмет деп, сөздің өзіне
тән мағынасында алғанда қоғамдық құнды жаңа, бірегей өнімдер беретін қызмет
аталады.
Сонымен, Педагогикалық шығармашылық дегеніміз - педагогикалық қарама-
қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап
ететін, нәтижеде әлеуметтік адам үшін мәні бар жаңалыққа әкелетін тұлғаның
іс-әрекеті.
Педагогикалық шығармашылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат;
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу;
3. Жасырын идеялар, идеалдық идеядан реалдық идеяны іздеу;
4. Интуицияның оянуы;
5. Идеалдық идеяны реалдық идеяға айналдыру және оны педагогикалық
үрдіспен байланыстыру;
6. Нақты педагогикалық үрдіспен сәйкестендірілген реалдық идеяны жүзеге
асыруды ұйымдастыру;
Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Өздігінен даму өзіндік қызмет, педагогикалық үдеріс біртұтас болуы
тиіс, ал олардың соңғысы айқындауыш роль атқарады. Есеюге көмектесу
бастауыш сынып оқушыларының дамуын, іс-қимылын, шығармашылығының
қалыптасуын коғамның адамға қоятын талаптарына сәйкес бағыттауды білдіреді.

2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын дамыту жолдары.
Қазіргі таңда мектептердің алдына қойған бірден-бір мақсаты – дамыта
отырып, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімдердің
біліктілігін арттырып, шәкіртке саналы білім, саналы тәрбие беру. Бүгінгі
педагогикалық – дидактикалық ұсыныстарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті-
мұғалімнің білім беру және оқушының білім алуындағы шығармашылық
деңгейінің дұрыс қалыптасуында. Бастауыш мектеп оқушыларына білім берудің
ең басты өзгерісі өзінің мағынасында жаңа мақсат – міндеттерді қоюды
және мектептің іс-әрекетіне жаңа технологияны ендіруді талап етеді.
Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылқ
әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін
қабілеттерін дамытады.
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеп болмаған
мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз мөлшерде,
жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін
төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады. Алтыжасар бала – бұл әлі
кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде алатын
болсақ, біріншіден ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көп
нәрсені істей алатынын және оның психикасы жеке басы мүмкіндіктерінің
қандай екенін білу өте маңызды.
Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойында, еңбекте,
оқуда тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеңіске жетеді, дегенмен
ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.
А.С.Макаренко: Ойын – балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе,
үлкендердің қайраткерлері, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Осындайда бала қандай болса, өскен кезде жұмыста
да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені
ойын арқылы алады - деп балалардың ойынын жоғары бағалады.
Ойын балалар үшін оқуда, еңбекте. Ойын – айналадағы дүниені танудың
ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын – балаларға өмірде кездесетін
қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
А.С.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды - деп санайды.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін
толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта
алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын
элементтерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде
берік меңгертуге кездеседі: өйткені төмендегі оқушылардың аңсары сабақтан
көрі ойынға ауысып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп,
тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік
талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты нақты немесе көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері
дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында олардың жүргізу тәртібі оларға әбден
түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын түгел
қадағалаумен қатар олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне
жетелеуі керек.
Зейін дегеніміз – сананың бір обьектіге шоғырландырып, ол обьектінің
біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Зейін адамның психикалық іс-әрекетінің бағытын көрсетеді. Егер адамда
зейін қою қабілеті болмаса, онда оқу, ұғыну жөнінде айтуда қажеті жоқ болар
еді. Тәрбие оқу жұмысының нәтижелі болуының бір шарты, бүкіл оқу процесінің
барысында оқушының жоғарғы дәрежеде шоғырланған үздік толастамайтын зейінін
тудырып отыру.
Зейіннің танымдық рөлі жөнінде К.Д.Ушинский: Зейін сырқы танымдық
дүниенің санаға енетін адам жан дүниесінің бірден бір есігі, олай болса,
ешбір білімдік ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды - деген еді.
И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімі физиологиялық
механизмін түсінуге көмектеседі. Ми қыртысының бір бөлігінде қозу орталығы
пайда болғанда, басқа қоршаған ортада тежелу пайда болады да, қозу бір
орталыққа шоғырланады. Сондықтан да оқу жұмысында тиісті обьектіге,
материалға оқушының зейінін аударуға мән беріледі. Әсіресе бастауыш сынып
оқушылары үшін маңызды, өйткені бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз,
құбылмалы болуында. Бұл жаста бала әлі де өз зейінін басқаруды игермеген,
сондықтан оқу процесінің әр сәтінде өмірдің сезім мүшесі тиісті обьектіге
бағытталып, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға көңіл бөлгені жөн.
Я.А.Каменский зейінді заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуіне
көп мән беретін ақылдылық сәулесі - деп атады. Ол Өз оқушысының
қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды.
Оқушыға ұстаз ғылым арнасына ағатын бұлақ, осы қайнардың ағытылу сәтінде,
дер кезінде сезініп, зейінін түтіктерін тоса қоюға дағдылану керек және бұл
үшін өмірдің әр нәрсеге деген қызығушылық зейінін оята білу қажет - деді.
Бастауыш сынып оқушыларында ырықты зейіннен ырықсыз зейін басым.
Сондықтан, сабақ процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрікті
заттарға, ойынға көп көңіл бөлу керек. Осы арқылы бала бойында шығармашылық
қабілет қалыптастыру қажет.
Түйсік – сезімнің танымдық негізі. Түйсік дегеніміз- құбылыстардың
біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуі арқылы бейнеленуінің алғашқы
формасы. Зейін – түсінудің алғы шарты. Түсіну нәтижесінде бала зат пен
құбылыстың жеке қасиеті, сапасы туралы мәлімет алады. Ал, қабылдау арқылы
зат пен құбылыс санамызда толық бейнеленетін болады. Сондықтан да, түйсікті
қабылдаудың барлық қасиеттерінің біздің санамызда толық бейнеленуі.
Қабылдау процесінде элементтер бірігіп, бейнеленетін заттарға біртұтас
құрылымдық сипат беріп, адамның басқа да психикалық процесс пен ой, сезім,
сөз, ерік байланысты жүзеге асады. Мектеп жұмысының шарты алғашқы
күндерден бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді
және мәліметтерді назардан тыс қалмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай
сырттай тартымды заттарға емес қажеттілікке зейінін бағыттауды үйренеді.
Міне, осы таным процестері оқушыда дұрыс қалыптасса ғана оқушының
шығармашылық қабілеті артады.
Мұғалiмнiң қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебi, мұғалiмнiң
еңбегi өте жауапты, әрi күрделi. Өйткенi ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры
үшiн өзiн жауапты сезiнедi, оның тәртiбi, бiлiмi, қоғамнан алатын орны,
адамгершiлiгi, белсендiлiгi, iскерлiгi үшiн күресетiн, оның жүрегiне жол
тауып, оның жан дүниесiнiң таза, қоғам үшiн жан тәнiмен еңбек етуге
құштарлығын оятатын, бiлiмге деген iшкi қажеттiгiн талаптандыратын мұғалiм.
Оны осы қасиетi үшiн адам жанының инженерi деп атайды. Қоғам мұғалiмге
балаларды сенiп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеудi дүниеге көзқарасын
дамытып, қалыптастыруды сенiп тапсырады. Мұндай зор сенiмге мұғалiмдерге
қоғам алдында ұлы жауапкершiлiк жүктейдi.
Мұғалiм мамандығы - өте жауапты және игiлiктi мамандықтың бiрi.. Әрине,
ол материалдық игiлiктердi өндiретiн өндiрiс орындарында iстемейдi,
технологиялық процестi жетiлдiру iсiне де тiкелей қатынаспайды. Бiрақ
мұғалiм өндiргiш күштердiң дамуына және халықтың материалдық игiлiгiнiң
дамылсыз өсуiне әсер етедi. Ол қоғамның ең бесты өндiргiш күштерiн – жеке
адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.
Сонымен бiрге мұғалiмге кәсiптiк педагогикалық талаптар да қойылады. Ең
алдымен мұғалiм – терең бiлiмдi, өз Отанын шексiз сүйетiн, оның дүние жүзi
алдындағы беделiн жете түсiнетiн, соған үлес қосатын бiлiмдар адам.
Мұғалiм қызметiнiң табысты болуы оның өз қызметiнiң мәнiн жете
түсiнуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты бiлiм бередi, олардың
көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмiрге, еңбекке, қоғамға
деген қатынасын тәрбиелейдi.
Мұғалiмнiң кәсiби мамандығына қойылатын негiзгi талаптар:
• Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
• Жан-жақты бiлiмдарлық, өмiрдiң әртүрлi саласынан хабардар болуы;
• Педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП, анатомия, мектеп
гигиенасын, мектептану пәнiн жақсы бiлу керек;
• Оқытатын пәнiн, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетiстiктерiн,
ағымын жақсы бiлу керек;
• Оқыту, тәрбиелеу методикасын бiлу;
• Жұмысына шығармашылық көзқарас;
• Баланы жете бiлу,олардың жан-дүниесiн түсiну педагогикалық сенiм;
Педагогикалық мамандықтың ерекшелiктерi деп әсiресе педагогтың
iзденiмпаздығын,талмай оқитындығын, бiлуге деген құмарлығын, артық бiлуге
ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерiнен мұғалiмнiң айырмашылығы ең
алдымен оның өз жұмысында бiлiмiн ұлғайтып, тереңдетудегi айрықша
педагогикалық бағыттаушылық қабiлетi болып табылады. Ғылыми материалмен
жұмыс iстей отырып, мұғалiм әрдайым оны педагогикалық ой елегiнен өткiзуге
тырысады, бұл арада ол оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын дәл қалай
туғызып, тереңдету жағынан ойлайды.
Нағыз мұғалiм деп тәрбиеленушiлердiң ойы мен жүрегiне жол тапқан
ұстазды айтады.
Мұғалiм қызметiнiң табысты болуы, оның оқу мен тәрбие жұмыстарының
мақсаттары мен мiндеттерiн жете түсiнуiне байланысты. Мұғалiм оқушылардың
жылдан-жылға өсiп отырыатын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшiн емес,
өмiрде болып жатқан түрлi құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерiстерге құлақ
асып, өмiрмен бiрге аяғын алып жүретiн адам болуға тиiс.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы
қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да
бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни
сөйлеу, оқу, талдау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс
жеткізуді қамтиды. Ғылым мен техниканың кең өріс алып, жедел
қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын- бастауыш мектепке
де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты
жетілдірілді. Оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығы да
білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып
негізгі пән, қосымша пән деп бөлінбей оқытылады. Барлық пәндер
біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып,
сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының
шығармашылық әлеуметін практикалық іс-әрекет арқылы ашуды
қалыптастырады. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес
білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу әрекетін қалыптастыруда
білімнің танымдық, шығармашылық рөлін мақсат етіп қойды.
Демек, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқу, жазу, математика,
дүниетану, ән, еңбек, бейнелеу т.б. пәндерді оқытуда баланың
шығармашылық дағдыларын, еңбек біліктерін қалыптастыру – негізгі жұмыс
формасы. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен
сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал
міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және
еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға
жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде
ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін
дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Шығармашылық әрекет – білім беру мазмұнының негізгі
элементтерінің бірі. Мұның өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа
проблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға
дайындайды. Балалардың шығармашылық күші тек білім көлеміне
байланысты емес және адамдардың табиғи қабілетінің болуы да
жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі
бойынша меңгерілген іскерлік те баланың шығармашылық мүмкіндіктерін
қамтамасыз ете алмайды. Бала өз бетінше ойланып әрекет етіп
үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете,
шығара алмайтын жағдайға жетеді.
Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам
талабы.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете
дамытуда мектепте пәндерді жүйелі оқыту мақсатты түрде ықпал ете
алады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс- әрекеттері арқылы
шығармашылығын дамыту, еңбек білік дағдыларын қалыптастыру қажетті
жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау
сабақты дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту деп, ең алдымен оған
қатысты адам сапаларын қалыптастырамыз. Оған ойлау белсенділігі,
тездете үйрену, ептілік пен тапқырлық, нақтылы практикалық жұмысты
орындауға қажетті білімді игеруге талпыну, еңбексүйгіштік, әр түрлі
құбылыстардағы өзгешелікті көре білу қабілеті және т.б. жатады.
Дербес жасалатын шығармашылық өнім: үлгі, макет, өлең, ойыншық, т.б.
шығармашылық, іскерлік қызметке қажетті салалардың осыншалық ауқымды
әрі тиімді дамуының нәтижесі болуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқу үрдісі барысында оқушылардың жеке
психологиялық ерекшеліктері мен қабілеті арасындағы айырмашылықтарды
естен шығармау керек. Кіші мектеп жасындағы
балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері болса,
онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың
шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың шығармашылық
қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып
оқушыларында шығармашылық қызметі басталуға дейін жұмысты орындауға
қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей
шығармашылық қана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек
балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді
жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді
оқыту барысында жан-жақты іске асады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей
меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-
ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді
игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды
іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере
алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның
дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз
байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың
еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу
және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу
және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым
секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады.
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритммен, үлгіден, формализмнен аумақшылықты
көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні,
негізгі идеялары тез тусініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылысты, фактілерді адамның
түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық пен
қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істе
іздеуге, түсіндіруге талаптандырады. Ақыл-ой әрекеті толық циклының
проблемалық пайда болуынан проблеманың шешілуіне дейін мынадай кезеңдері
болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы, сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіндіру;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;

- проблеманың шешімінің дұрыстығын тексеру.

Проблеманы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды,
түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады.
Осының нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы
шешуге Проблема проблемалык ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі
проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3-сынып оқушысына
өзеннің бір жасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол
сұрақтың мәнін шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация
пайда болды, бірақ ол проблема бола алмады. Себебі, оны шешу үшін оқушының
білімі, тәжірбиесі жеткіліксіз болды. Сонымен, оқушылардың әртүрлі
шығармашылық оқыту іс - әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады,
жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс- әрекетіне, олардың оқыту
проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасын шешуіне басшылық етеді. Міне,
проблемалы оқытудың мәні осында оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы
және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту
субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалім мен балалар
ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніп болады.
Оқыту процесін өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсатты,
мазмұны, формалары мен әтістері сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер
бірбірі мен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық
процесс сонда ғана танымды нәтиже береді.
Бар мүмкіндіктері мен әлі бекімеген күш-қуатын орынды пайдалана
отырып, өз жасына сай білім, ептілік, ойлау мен іс-әрекеттер тәсілдерін
мүмкіндігі болған дәрежеге жеткізе игерту үшін кіші мектеп жасындағы
балаларды қалай оқыту қажет? Бұл дидактикалық сұрақ - мәңгі, ал оның жауабы
бізді әдістер категориясымен қауыштырады. Оқу әдісі - бұл көзделген оқу
мақсатына бағытталып, қажетті ретке келтірілген педагог және оқушы
әрекеттері. Оқу әдістер (дидактикалық әдістер) сауаттандыру, білім игеру
мәселелерінің шешілу жолдары мен тәсілдер бірлігін анықтатады. Оқу әрдайым
бірлікті іс. Осыдан, педагогке байланысты оқыту әдістері ажыратылады, ал
оқушыға байланысты оқып-үйрену әдістері жөнінде сөз қозғаған дұрыс. Егер
әңгіме мұғалім мен шәкірт арасындағы бір актті жұмыс ретінде болса, ол
жағдайда оқу әдістері дараланады.
Әдістер құрамында тәсілдер өз алдына қарастырылады. Тәсіл - әдіс
элементі, оның құрамды бөлшегі, әдісті іске асырудағы бір әрекет - қадам.
Әдістердің іске асуы - әрбірі дара әрекеттік мағынаға ие болған осы
тәсілдер жиынтығынан. Әрқандай әдіс екі қырымен көрінеді: объектив -
әдістің мұғалімге тәуелсіз тарапы, субъектив - тікелей мұғалімге байланысты
тарапы. Мысалы, оқу әдісі ретінде мұғалім әңгімесі жалпы әңгімелеп беру мен
барша мұғалімдерге тән ортақ қасиеттерге ие. Мұндай жалпылық, ортақтың -
әдістің объектив сипатынан. Алайда әңгімелеу әдісі нақты педагог
орындауында әрқашанда қайталанбас ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұл осы
әдіске мұғалім тұлғасы арқылы өткен субъектив сипат, өң. Әдістің тұрақты,
баршаға ортақ шынайы сипатының болуынан дидактер көп жағдайларда тиімді
болар әдістер теориясы мен оқудың тәжірибелік жолдарын көрсетіп отырады,
сонымен бірге әдістерді қисынды таңдау мен оңтайластыру мәселелерін табысты
шешуге көмектеседі. Әдістер аумағында, әсіресе педагогтың жеке
шығармашылығы, дара шеберлігі байқалады, сондықтан да оқу әдістері қашанда
да жоғары педагогикалық өнер саласы ретінде қабылданған, қабылдана бермек.
Оқу әдістерінің орындайтын қызметтері мол. Олар арасында бастылары:
оқыту, сеп-түрткілік (мотивационная), дамыту, тәрбиелік, ұйымдастырушылық,
яғни әдістер жәрдемінде мұғалім оқытумен ғана шектелмей, балаларды оқуға
ынталандырады, оларға тәрбиелік ықпал жасайды, оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыруға әсер етеді.
Сонымен, оқу әдісі - көзделген мақсатқа жету жолы. Оқу әдістері жеке
әрекет - тәсілдерден құралады. Әдістер шынайы және субъектив қырларымен
байқалады. Әдіске қандай да өзгерістер енген тұста педагог шығармашылығы
көрініс береді.

Оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны менгеру ісі қабылдау, ойлап
түсіну, жинақтау, есінде сақтау, қайта жанғырту, тәжірибеде қолдану сияқты
оқу үдерісінің буындарынан тұрады, бұлар бір-бірімен байланысты, белгілі
дәрежеде таным жолдарын байқатады.
Сабақтың құрлысы алдына қойылған мақсатына, мазмұнына, оқытудың
типіне, әдіс-тәсілдеріне, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Сабақтың
құрылысына мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты да әсер етеді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері педагогика негізгі бөлігінің бірі
дидактиканың басты тақырыбы сынып-сабақ құрлысын менгеруі тиіс.
Сабақ құрлысының негізгі элементтері:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
12 жылдық білім беру жүйесі
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Пәндер