Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... . 3

І ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

1.1 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби.педагогикалық біліктілігінің педагогикалық.психологиялық әдебиеттерде зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби.педагогикалық біліктілігінің теориялық моделі ... ... ... ... 35
ІІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 «Магистрант педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты арнайы курс ... ... .57
2.2 Болашақ педагог мамандардың кәсіби.педагогикалық біліктілігінің қалыптасуын эксперименттік тұрғыдан тексеру ... ... ... ...64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ..101
Қосымша
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесі басқа материалдық-рухани тараулар сияқты өз дамуын қайта құруды бастан кешіруде. Ғылыми-техникалық прогрестің және өндіріс саласының қарқынмен дамуы ересектерден интеллектуалдық еңбекті, ал өскелең жас ұрпақтан жоғары дәрежелі кәсіби қабілеттілікті талап етті. Бүгінгі таңда еңбек рыногында бәсекелестікке төзімді мамандар даярлау талабы мемлекеттік ғылым және білім министрлігінің “Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың бағдарламасында”, педагогикалық білім беру мәселесіне қатысты бірнеше құжаттарда да көрсетіліп отыр.
Бұл жүйе алдындағы мемлекеттік және әлеуметтік жайт, болашақ ұрпақты өркениетті азамат етіп тәрбиелейтін мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналған болса, осы заманның өз деңгейіне сай келерлік мамандар даярлау мәселесі отандық және шетелдік педагог ғалымдарды толғандырып жүргені анық.
1. Сластенин В.А., Исаева И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.,2004, 40с.
2. Сергеев И.С. Основы педагогической деятельности. Минск, 2004, С 125.
3. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компетентность личностно-ориентировочной парадигмы образования. //Народное образование. №2, 2003, 58 с.
4. Введенский В.Н.Моделирование профессиональной компетентности педагога. //Педагогика, 2003, №10, С 51.
5. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя. // Педагогика, 2001, №10, С 56-61.
6. Андреев А. Знания или компетенции? //Высшее образования в России, 2000, №2, С 26.
7. Әлмұхамбетов Б., Тәуірбекова С., Жүнісханова Қ. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі компетенттілік ықпал. // Қазақстан мұғалімі, 10 қазан, 2004 ж., 27б.
8. Савелова Е. Формирования культурной компетентности. // Высшее образование в России, 2004, №11, С12.
9. Мұқашева Ф. Кәсіби білік биік болсын. // Қазақстан мектебі, 2004, №3.
10. Розенова М. Профессиональная компетентность и гуманитарные дисциплины. // Высшее образование в России, 2004, №11, С23.
11. Жайтапова А.Ә. Халықаралық педагогикадағы жаңа үрдіс: нәтижеге бағытталған білім беру. // Менеджмент в Образовании, 2004, №4, С14.
12. Шәкілікова С.Е., Қазақбаева Д.М., Кәрібаева Ш.Ш., Жұмағұлова Қ.Ә. Білім беру бағыттарын дамыту және компетенция. // Білім-Образование, 2004, №3(17), 17б.
13. Айдарова З.Ш. «Өнер» білім саласындағы компетенцияны қалыптастыру мәселелері. // Білім-Образование, №2(16), 2004 ж.
14. Байденко В. Компетенции в профессиональном образовании. // Высшее образование в России, 2004, №11, С21.
15. Петров А. Профессиональная компетентность: понятийно-терминологические проблемы. //Alma mater. Вестник высшей школы, 2004, №4, С13.
16. Болатов В.А. Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе. // Педагогика, 2003, №10, С10.
17. Ключевые социальные компетенции студента. –Москва – Уфа, 2004. С 204.
18. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Алматы, 2003, 160с.
19. Баширова Ж.Р. Роль учебной деятельности студентов в подготовке преподаватель высшей школы. // Ұлт тағылымы, 2004, №1, С 78.
20. Баширова Ж.Р. Программа курса «Педагогическое общение» (для студентов магистратуры университета. Алматы, 1997, С20.
21. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. Москва, 1993, 294с.
22. БЭС. Изд. «Советская энциклопедия», 1991, С 27.
23. Педагогикалық-психологиялық сөздік. Алматы, 2004.-214 с.
24. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для специальностей высших учебных заведений, 2-е издание перераб. и дополн. Москва: Просвешение, 1990. 139с.
25. Ахметова Г.К. Образовательный идеал в теории и практике подготовки педагогических кадров, 2000, 124с.
26. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для специальностей высших учебных заведений, Москва: Просвешение, 1990. 141с.
27. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998, 320с.
28. Мажитова Л.Х. Студенттің кәсіби ынтасын қалыптастыру: Оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1994, 121бет.
29. Успанов К.С. Научно-практическая основы воспитания профессионально значимых качеств у будущих учителей. Алматы: Ғылым, 2001, 140с.
30. Джадрина М.Ж. Научные основы построение содержание вариативного образования в школе. Алматы, 2000, 217с.
31. Исаева З.А. Теоретические основы формирования профессионально-исследовательской культуры педагога в системе университетского образования. Алматы, 1996, 230с.
32. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Монография. Алматы, 2001, 230с.
33. Баширова Ж.Р. Методологические основы преемственности в системе непрерывного образования. //Вестник Каз ГУ. Серия «Педагогические науки», 2000, №4, С 33-39.
34. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика. Алматы: Алем, 2000, 381с.
35. Абылкасымова А.Е. Вопросы профессионально-педагогической направленности обучения в вузе. Алматы, 1999, 130с.
36. Кенжебекова Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негіздері. //Бастауыш мектеп, 2004, №7, 3-7бет.
37. Бектұрғанова Р. Педагогтарды оқыту сапасын жоғарылату. //Бастауыш мектеп, 2004, №8, 60-61бет.
38. Әлмұхамбетов Б. Ақпараттық-әдістемелік орталықтардың атқаратын рөлі: [Біліктілікті арттыру жүйесі]. // Ұлағат, №2, 9-14бет.
39. Толипова Ж. Кәсіби даярлықты арттыру мәселесі. //Қазақстан мектебі, 2003, №9, 39бет.
40. Елубаев С., Елубаева С. Тәуелсіз елге – білікті маман. Алматы, 2002, 17бет. Бастауыш мектеп, 2002, №8, 5-7бет.
41. Құрманов М., Абдықалықова Қ., Рысмағанбетова С. Болашақ мұғалімнің кәсіптік даярлығын физикалық есептік даярлығын физикалық есептерді шығару процесінде қалыптастыру. //Информатика. Физика. Математика, 2001, №4, 5-7бет.
42. Әлмұхамбетов Б. Кәсіби біліктілікті арттырудың өзекті мәселелері. // Қазақстан мектеп. 2000, №9,28-30бет.
43. Баширова Ж.Р. Педагогическая компетентность преподавателя высшей школы. // Вестник КазГУ. Серия «Педагогические науки», №2(11), 21с.
44. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатындағы бағдарлы жұмыс түрлері. // Білім берудегі менеджмент, 1999, №3, 93-98бет.
45. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие для студентов. /под ред. А.С.Роботовой. –М.: Изд. центр «Академия», 2002. С214.
46. Тарутина З. Гражданская компетентность. // Народное образование, №2(03), 68с.
47. Успанов К.С. Теория и практика формирования профессионально значимых качеств у будущих учителей. Афтореферат. Алматы, 1999, 30с.
48. Баширова Ж.Р. Научные основы развития университетского образования в аспекте направленностина подготовку преподавателей высшей школы: Дисс. на соиск. уч. степ. д-ра пед. наук Алматы, 2004, 200с.
49. Багаева И.Д. Профессионализм педагогической деятельности и основы его формирования у будущего учителя: Дисс. ....13.00.01. 1991, 340с.
50. Игнатенко Л.А. Формирование профессионально-педагогической направленности студентов университета (на материале обучения иностран. яз.): Дисс. канд. пед. наук : 13.00.02. Одесса, 1990, 170с.
51. Молдажанова А.А. Особенности формирования педагогической культуры будущего учителя. Дисс. на соиск. уч. степ. д-ра пед. наук.- Алматы, 1996, 250с.
52. Большой толковый психологический словарь./под ред. Артур Ребера. –Москва, 2003, 300с.
53. Семенова М.В. Педагогические условия формирования профессионалной компетентности будущих педагогов в вузе: Дис... д-ра пед.н. – Караганда, 2004, 180с.
54. Ынтықбаева А.Б. Формирование основ профессионально-коммуникативных умений и навыков у будущего учителя: Дисс...к.п.н. – Алматы, 1992. –155с.
55. Қыдыршаев А. Шешен-лектордың кәсіби қалпына қойылар талаптар. // Қазақстан жоғары мектебі, 2004, № 3. 121-б.
56. Нусубалиева Е. Формирование межкультурно-коммуникативной компетентности. // Қазақстан мектебі, 2005, № 5-6. – 36с.
57. Закирянов Қ.Қ. Методология и педагогические основы процесса профессионального становления студентов университета в условиях многоступенчатой системы образования. Дисс. д-ра пед. наук. - Алматы, 1995. 437с.
58. Жарменова Г.С. Формирования культуры профессионально-педагогического общения будущего учителя.: Дисс...к.п.н. – Алматы, 2003. 140с.
59. Рахимбек Х. Перспективы компетентностного подхода в национальных моделях высшегого образования. // Вестник АПНК. -2005, № 4.
60. Адриади И.П. Основы педагогического мастерства. – М:1999. Академ А., 324с.
61. Гершунский Б.С. Образование как результат: грамотность – образовательность – профессиональная компетентность – культура –менталитет// Гершунский. Филос. Образования для ХХ1 века.
–М., 2002. С 74.
62. Бондаревская Е.В., Кульневич С.В. Парадигмальный подход к разработке содержания ключевых педагогических компетенций. // Педагогика. 2004. № 10. 23 бет.
63. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орындары жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.: п.ғ.д. автореф. Қарағанды, 2004, 26б.
64. Қасентаева Қ. Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік іскерліктің рөлі. // Бастауыш мектеп. -2003, № 10. 6-8 бет.
65. Жеребкина В.Ф. Формирование педагогической компетентности будущих учителей в процессе обучения в вузе.: Дис...к.п.н./ Г.П.У. –Челябинск, 2001. -189с.
66. Балтабаев Х.М. Педагогическая культурология: Уч.пос. Алматы, 2000. -368с.
67. Фрумин И. За что в ответе? Компетентностный подход как естественный этап обновления содержания образования. // «Педагогика», 2003, № 3, 250с.
68. Жадрина М.Ж. Некоторые вопросы развития школьного образования как открытой системы. // «Открытая школа», 2004, № 2, С.3.
69. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Монография – Алматы, 1994, - 190 б.
70. Земцов В.Е. Формирование профессиональной самостоятельности учащихся в процессе производственного обучения. Автореферат дис. Канд. Пед. Наук – Казань, 1987, -24 б.
71. Дьяченко М.Н. Кандыбович Л.А. Психология высшей школы (особенности, деятельности студентов и преподавателей ВУЗа). Минск, 1978, -72 б.
72. Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей. В сб.: Формирование социальной активности личности учителя. Москва, 1985. 583 б.
73. Ростунов А. Т. Формирование профессиональной пригодности. Минск, 1984, 176 б.
74. Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей. В сб.: Формирование социальной активности личности учителя. Москва, 1985. 583 б.
75. Овдей С.В. Проблемы социально-психологической и профессиональной адаптации молодых учителей. Автореф. днсс. канд. психол. наук. Ленинград, 1978, 188 б.
76. Абдукаримов Х.А., Фефелова В.Л. Профессионaльная адаптация студентов младших курсов педагогических вузов. В сб.: Профессиональная подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. Москва, 1982. 408б.
77. Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей. В сб.: Формирование социальной активности личности учителя. Москва, 1985. 203 б.
78. Педаяс М.И. Проблемы эффективности учителя в зарубежной и советской педагогике и психологи. и // Сов. педагогика и школы. Тарту, ТГУ, 1973. Х27. 29-41 б.
79. Шамова Т.И. Активизация учения студентов. Москва, 1982, -208 б.
80. Щукина Г.И. Активизация познавательный деятельности учащихся. Москва, 1979, 68 б.
81. Васильева З.А. Педпрактика в системе подготовки учителя-воспитателя // на материале факультетов иностранных

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін
Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

Орындаған ___________________________________ _______ Д.Т.Дарибаева

Ғылыми жетекші
П.ғ.д., профессор__________________________ ____________ Ж.Р.Баширова

Рецензент
П.ғ.д., профессор ___________________________________ ___ А.Н.Көшербаева

Норма бақылаушы: ___________________________________ __ С.Ә.Рамазанова
аға оқытушы

Қорғауға жіберілді:
____ ________ 2006ж

жалпы және этникалық
педагогика кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.д., проф. ___________________________________ _ З.А.Исаева

Алматы 2006

ТҮЙІН

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының
кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру
жүйесінде қалыптастыру”

Зерттеудің объектісі: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларын кәсіби даярлау
үрдісі.
Зерттеудің пәні: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-
педагогикалық біліктілігін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Егер Университет магистранттарының кәсіби-
педагогикалық біліктілігінің моделін тұлғалық, әрекеттік біліктілік
негізінде құрса, онда болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-
педагогикалық біліктіліктілігі жеткілікті деңгейде қалыптасқан болар еді,
өйткені кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру әдістері мен мазмұны
Университет магистранттарының жеке тұлғалық құрылымына сәйкес жасалынған.

Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық процесте магистранттардың кәсіби-
педагогикалық біліктілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу,
практикалық тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:
1. Білім, білік, біліктілік, кәсіби біліктілік, кәсіби-педагогикалық
біліктілік түсініктерінің мәнін ашу.
2. Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының моделін құру.
3. Кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру моделінің апробациясы
бойынша педагогикалық тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
4. Педагогикалық ұсыныстарды даярлау.

Магистрлік диссертацияның құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, негізгі мақсаты, нысаны,
болжамы анықталып, оларға сәйкес зерттеу барысында шешілуге тиісті
мәселелер белгіленеді, зерттеудің жаңалығы, теориялық құндылығы, тәжірбиеге
енгізілуі туралы мәліметтер көрсетілді.
Жұмыстың көлемі:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 81
Сурет саны: 5
Кесте саны: 12
Алынған болжамның қорытынды растауы: Қорыта келгенде, зерттеудің
мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында таңдалған әдістер арқылы
жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталып, магистерлік диссертация өз
мақсатына жетті деп айтуға болады.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

1.1 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
1.2 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің
теориялық
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .35
ІІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ
КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Магистрант педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың теориялық
негіздері атты арнайы
курс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
2.2 Болашақ педагог мамандардың кәсіби-педагогикалық біліктілігінің
қалыптасуын эксперименттік тұрғыдан
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 101
Қосымша

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының
кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру
жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік
білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты
талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе
университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру
мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты
қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп
келеді.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы,
дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-
техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық
және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір
азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім беру
жүйесі басқа материалдық-рухани тараулар сияқты өз дамуын қайта құруды
бастан кешіруде. Ғылыми-техникалық прогрестің және өндіріс саласының
қарқынмен дамуы ересектерден интеллектуалдық еңбекті, ал өскелең жас
ұрпақтан жоғары дәрежелі кәсіби қабілеттілікті талап етті. Бүгінгі таңда
еңбек рыногында бәсекелестікке төзімді мамандар даярлау талабы мемлекеттік
ғылым және білім министрлігінің “Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін
білім беруді дамытудың бағдарламасында”, педагогикалық білім беру
мәселесіне қатысты бірнеше құжаттарда да көрсетіліп отыр.
Бұл жүйе алдындағы мемлекеттік және әлеуметтік жайт, болашақ ұрпақты
өркениетті азамат етіп тәрбиелейтін мұғалімдерге үлкен жауапкершілік
жүктейді.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналған
болса, осы заманның өз деңгейіне сай келерлік мамандар даярлау мәселесі
отандық және шетелдік педагог ғалымдарды толғандырып жүргені анық.
Соңғы жылдары білім беруді жаңартуға қатысты Европа кеңесінің
ұсыныстарына сәйкес компетенция ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе
түсті. Осыған орай компетенция ұғымының мән-мағынасын айқындауға
бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын
анықтайтын құжаттарда және педагогика саласындағы зерттеулерде жалпы
педагогикалық, дидактикалық, метадологиялық деңгейде көрініс беруде. Бұл
осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелік-практикалық қызметімен және
кіріктірілген метапәндік рөлімен де байланысты. Дәстүрлі оқыту
әдістемесінде компетенция - жаңа ұғым емес. Мысалы, лингвистикалық
компетенцияны орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып
келеді. Ал тіл мен информацияда коммуникативтік компетенция туралы жиі
айтылады.
Латын тілінен аударғанда компетенция дегеніміз өз ісін жетік білу,
танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Өз саласына сәйкес
біліммен, біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді
әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы компетенттілік меңгерген деп
есептеуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі ғылым саласындағы даму
бағыттарына сүйенгенімен еліміздің білім беру жүйесінің отандық дәстүр мен
үрдістеріміздің ерекшелігіне сай өзіндік жолы бар. Еліміздегі білім беру
бағытының дамуы үшін компетенциялық тәсілдің қажеттігі Қазақстан
Респуликасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының
негізгі қағидаларында белгіленген. Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ
Білім академиясында келешекте оң нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі
бағыттарын айқындау мақсатында жан-жақты зерттеулер жүргізілуде. Мәселен,
Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин
атындағы Білім академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жалпы
орта білім беру стандарттары: қазіргі жағдайы, ізденістері мен даму
болашағы атты Республикалық семинар-кеңес өткізіліп, онда Қазақстан
Респуликасы негізі және жалпы білімнің ұлттық стандартына көшудің
стратегиялық бағыттары, негізгі іс-шаралары және кезеңдерін айқындау
мәселесі қарастырылды.
Базалық компетенцияларға көшпес бұрын компетенция және
компетенттілік ұғымдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратып алған
дұрыс.
Компетенция - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі,
біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан
сапаларының жиынтығы. Ал компетенттілік - адамның өзінің іс-әрекет
саласына сай компетенцияларды меңгеруі. Бұл екі ұғымды қажет болған
жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, компетенция деп оқушылар дайындығына
алдын-ала қойылатын талаптарды, ал компетенттілік деп олардың қалыптасқан
тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған
тәжірибесін түсінеді.
Маманнның кәсіби біліктілігі оның алған білімі мен сол білім
негізінде қалыптасқан дағдысына тікелей байланысты. Білік білімді іске
асыру жолы болатын болса, дағды сол білім мен біліктің арқасында алған
ақпаратты іске асыру әдісі. Білім – адамның белгілі бір жүйедегі
ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы. Білім адамзат
мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Сана, таным, ойлау,
ақиқат, ғылым сияқты ұғымдар тығыз байланыста қарастырылады. Знание –
результат процесса познания действительности получивши потверждения в
практике деген анықтама береді О.С.Гребенюк, М.И.Рожков Общее основы
педагогики деген еңбегінде.
Біліктілік компетенцияны қолдану тәжірибесін көздейді. Оны оқушылардың
дайындығына қойылатын талаптарды анықтау, төл оқулықтар жазу және оқу
үрдісін жаңаша жобалау кезінде ескеру қажет.
Міне осы талаптарға сай қоғам дамуына айрықша үлес қосатын азаматтарды
даярлау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі кезде педагогиканың
салмақты мәселесі магистранттарда кәсіби-педагогикалық білікті
қалыптастырудың педагогикалық әдістерінің тиімді жолдарын қарастыру.
Бұл салада азды-көпті еңбек еткен ғалымдар болғанымен, нақтылы
зерттеулер жоқ, сондықтан бүгінгі күні кәсіби-педагогикалық біліктің
теориялық негізін практикамен сабақтастыру негізгі мәселе болып отыр.
Кәсіби-педагогикалық біліктілікті, оны қалыптастыру саласында
М.С.Пашков, Ч.С.Тулеев, А.Андреев, В.Байденко, А.К.Макарова, Л.И.Мищенко,
С.П.Романов, Э.Ф.Зеер, В.А.Веденников, А.В.Хутарской сияқты т.б. ресейлік
ғалымдар, соңғы жылдарда А.Ә.Жайтапова, Ж.Р.Баширова, А.Е.Абылқасымова
сияқты отандық ғалымдар да еңбек еткен. Дегенмен, бұл мәселені шешуде
теорияның жеткіліксіздігі мен тәжірибелік қажеттілік біздің зерттеудің
тақырыбын құрайды: “Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-
педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру
жүйесінде қалыптастыру”.

Зерттеудің объектісі: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларын кәсіби
даярлау үрдісі.
Зерттеудің пәні: Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-
педагогикалық біліктілігін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің болжамы: Егер Университет магистранттарының кәсіби-
педагогикалық біліктілігінің моделін тұлғалық, әрекеттік біліктілік
негізінде құрса, онда болашақ жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-
педагогикалық біліктіліктілігі жеткілікті деңгейде қалыптасқан болар еді,
өйткені кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру әдістері мен мазмұны
Университет магистранттарының жеке тұлғалық құрылымына сәйкес жасалынған.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық процесте магистранттардың кәсіби-
педагогикалық біліктілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу,
практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
5. Білім, білік, біліктілік, кәсіби біліктілік, кәсіби-педагогикалық
біліктілік түсініктерінің мәнін ашу.
6. Болашақ жоғары мектеп оқытушыларының моделін құру.
7. Кәсіби-педагогикалық біліктілікті қалыптастыру моделінің апробациясы
бойынша педагогикалық тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
8. Педагогикалық ұсыныстарды даярлау.

Теориялық мәнділігі: Магистранттардың кәсіби-педагогикалық
біліктілігінің мәні мен мазмұнын анықтау.
Практикалық маңыздылығы: Магистранттардың кәсіби-педагогикалық
біліктілігін қалыптастыруда теория мен практиканы сабақтастыруға мүмкіндік
береді.
Зерттеудің теориялық тұжырымдамасының жетекші идеясы: жоғары оқу
орындары жүйесінің потенциалы мен ресурстарының түпкі нәтижеге бағдарлануы.
Ол нәтиженің мәні сол, кәсіпті меңгеруде кәсіби міндеттерді теориялық және
практикалық тұрғыдан шешуге дайын, осы үшін кәсіби іс-әрекеттерді
ұйымдастырып, қолдана білетін, кәсіпті меңгеру барысы мен нәтижесін талдап,
түзете алатын мамандардың кәсіби тұрғыдан жетілуі, өзін-өзі жетілдіруі.
Күтілетін нәтиже:
1.Кәсіби-педагогикалық біліктіліктің дамуына әсер ететін факторларды
анықтау.
2.Университет магистранттарының кәсіби-педагогикалық біліктілігін
қалыптастыруда теориялық материалдарды жүйелеу.
Зерттеудің теориялық тұжырымдамасының жетекші идеясы: жоғары оқу
жүйесінің потенциалы мен ресурстарының түпкі нәтижеге бағдарлануы. Ол
нәтиженің мәні сол, кәсіпті меңгеруде кәсіби міндеттерді теориялық және
практикалық тұрғыдан шешуге дайын, осы үшін кәсіби іс-әрекеттерді
ұйымдастырып, қолдана білетін, кәсіпті меңгеру барысы мен нәтижесін талдап,
түзете алатын мамандардың кәсіби тұрғыдан жетілуі, өзін-өзі жетілдіруі.
Ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- кәсіби біліктілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
түзіледі, оның маңыздылығы, мазмұны мен құрылымдық компоненттері
анықталады;
- оқытушының жеке тұлға ретінде моделі жасалды.
- кәсіби біліктілікті тиімді түрде меңгеру мен қолдануды қамтамасыз ететін
психологиялық-педагогикалық шарттар мен механикасының жиынтығы анықталады.
Зерттеудің методикалық негізі: таным мен әрекет бірлігінің теориясы,
психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-
әрекеттердің рөлі жайындағы ілімдері, жалпы адамзаттық құндылықтар
негізіндегі кәсіби-педагогикалық білім беру моделінің әрекеттік-бағдарлық
тұжырымдамасы болып табылады.
Магистрлік диссертацияның құрылымы мен қысқаша мазмұны. Бұл зерттеу
жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, негізгі мақсаты, нысаны,
болжамы анықталып, оларға сәйкес зерттеу барысында шешілуге тиісті
мәселелер белгіленеді, зерттеудің жаңалығы, теориялық құндылығы, тәжірбиеге
енгізілуі туралы мәліметтер көрсетілді.
Зерттеудің “Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық
біліктілігі” тарауында психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі кәсібі-
педагогикалық білік пен біліктілікті қалыптастыру мәселесі туралы
зерттеулерге, көзқарастарға жан-жақты талдау жасалынады. Осы тарауда,
біліктілікті қалыптастыру мәселесін зерттеудің жинақталған, бұрыннан
белгілі және автордың жүргізген теориялық және жеке тұлғаға тән қасиет
ретінде анықтама беріледі, оның компоненттік құрылымы анықталады, қалыптасу
деңгейлеріне, белгілеріне сипаттама беріледі.
“Жоғары оқу орынының білім беру жүйесінде болашақ педагог мамандардың
кәсіби-педагогикалық біліктілігін қалыптастырудың жолдары” атты тарауда
Магистрант педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың теориялық
негіздері атты арнайы курс бағдарламасы және әдістемесі жасалынып,
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Қортынды бөлімінде жалпы зерттеу барысында алынған нәтижелер мен
ұйғарымдардың маңыздылары іріктіліп, жүйеленіп қысқаша тұжырымдамалар
түрінде келтіріледі.

І. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

1. Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігінің
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелу жайы

Соңғы жылдары білім беру жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасының
жаңа экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайға көшуіне байланысты
толығымен өзгерді. Республика президенті Н.Назарбаевтың елімізді дамыған 50
мемлекеттің қатарына қосуға деген қоғам алдына биік мақсат қоюына
байланысты сол талаптарға сай шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын
білікті мамандарды даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда. Осыған орай
еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар, өзіне сенімді, Отанымыздың әлеуметтік-
экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, білімді
тұлғаны дайындап, тәрбиелеу – аса жауапты қоғамдық міндет. Білім беру
жүйесін дамытуда, білікті маман даярлауда жетекші рөлді оқытушы атқаратыны
мәлім. Қалыптасқан нарықтық қатынастарға сай республикадағы жоғарғы оқу
орынын бітіруші мамандардың сапасына жаңа талаптар жүктелуде.
Қазақстан республикасының білім беру жүйесін реформалау білім берудің
сапасын, оны бағалаудың мәселелерін жинақтайтын кешенді жүйе болып
табылады. Мұның өзі:
- кәсіптік білімнің тиімділігін арттыруды;
- еліміздегі білім берудегі ағымдағы және болашақта қалыптасатын
еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктерді байымдауды;
- жоғары оқу орынын бітірушілердің отандық және әлемдік еңбек
нарығында бәсекелесттікке төтеп беруіне басты назар аударуды талап
етіп отыр.
Кез келген еңбек саласында, әсіресе педагог мамандарға жүктелетін
жоғары кәсіби біліктілік мәселесі қазіргі таңда кәсіби және қоғамдық
өмірімізге мейлінше кеңірек енуде. Жоғары оқу орындары көп сатылы білім
беру жүйесіне көшу жағдайында бірінші сатысы – бакалавриатта студенттер
өздері таңдаған ғылым саласынан тиянақты білім алып, өздері таңдаған
мамандықтың қыр-сырын меңгереді. ЖОО екінші сатысы – магистратураны
бітірушілер, мамандану бағытына байланысты белгілі бір ғылым саласы бойынша
“магистр” академиялық дәрежесіне ие болады, сонымен қатар жоғары мектеп
оқытушысы мамандығын қоса меңгереді, яғни магистратура бітірген
университет түлегі жоғары оқу орнында педагогикалық қызмет атқаруға әзір
болуы көзделеді. Сондықтан, белгілі бір ғылым саласы бойынша “Магистр”
академиялық дәрежесіне ие болған жас маман педагогикалық кәсіби
біліктілікті меңгеруі қажет екен. Мамандар біліктілігін көтеру және қайта
даярлау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде білім үрдісін
мазмұны жағынан жаңарту, атап айтқанда, маманның беделі, жауапкершілігі мен
кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың
түрлі тәсілдерін күнделікті өмірге енгізу басты назарда тұр.
Білім беру жүйесін дамытуда, білікті мамандар даярлауда жетекші рөлді
оқытушы атқаратындығы мәлім. Жоғары мектеп оқытушысы өз пәнін жете
меңгеріп, оқыту технологияларын сауатты қолдану арқылы студенттермен білім
алмасып отырады. Студенттерді болашақ маман ретінде қалыптастыруда оқытушы
рухани әрі кәсіби бар адамдығымен қызмет етеді.
Жоғары оқу орындарының жаңа әлемдік классикалық деңгейге жетуі үшін
студенттің сапалы білім алуымен қатар кәсіби біліктілігінің дамуы кез
келген жоғары оқу орынына қойылатын басты талап болып табылады. Бүгінгі
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерден байқайтынымыз біліктілік
мәселесінің бір жүйеге түсе алмай келе жатқандығы. Білік, біліктілік,
кәсіби біліктілік мәнін ашатын анықтаманың бір ізділікке түспегендігін
педагог ғалымдардың әр түрлі көзқарастарынан байқаймыз.

Сол себепті бұл терминдерді бір-бірінен ажыратып, мәнін түсіну қиынға
соғары анық. Білік, біліктілік, кәсіби біліктілік терминдерінің
анықтамалығын құруда ғалымдардың түрлі пікірлері мен көзқарасына ұшырастық.
Әдебиеттерде бірнеше негізгі тәсілдер анықталды. Олардың ішіндегі кілттік
түрі біліктілікті педагогқа қажетті қабілеттер сферасы арқылы анықтаған
Н.В.Кузьминаның тұжырымдамасы десек болады. Көптеген авторлар
(Н.В.Кухарев, В.И.Гинецинский, А.К.Макарова) педагогтың біліктілігі
қатарына жауапкершілігі, еңбек сүйгіштігі, мақсат қоя білушілік, өзіне
сенімділігі сияқты жеке қасиеттерді жатқызады.
1992 жылы ЕС Европадағы орта білім проектісінде алғаш рет кілттік
біліктілік термині қолданылды. Мұнда қазіргі заманның білім берудің басты
талабы білім алушылардың қазіргі жағдайға тез қалыптасуы ғана емес, жылдам
өзгермелі қоғамдық құбылыстарды белсенді қабылдау.
Халықаралық еңбек қоғамы да бір кезде мамандарды қайта даярлау
бағытындағы білім беру саласына қатысты кілттік біліктілік терминін
қолданды.
Ресейде 2002 жылы кілттік біліктідіктердің жалпы білім саласындағы орны
мен мәні ашылып, мемлекеттік білім стандарты да қалыптасу бағытында
құрылған болатын. Сол себептен де көптеген авторлар біліктілік, білік,
кәсіби біліктілік мәселесіне кеңірек тоқталып жүр. Мәселен Э.Зеер,
А.Маркова, Н.Салянкин, П.Шендерей, т.б. біліктілік түрлерінің даму
методикасы мен спецификасы (қоғамдық, педагогикалық, психологиялық,
ақпараттық) ғылыми мақала мен диссертациялық зерттеу жұмыстарында да
(Н.Аминов, Л.Антропов, А.Бусыгина, Н.Витковская, А.Кузьминская,
А.Рогожкина, т.б.) қарастырып жүр.
Болашақ ақытушының әрекетінің мәні мен құрылымы Н.В.Кузьмина,
Н.Д.Хмельдің, оның тұлғалық қалыптасуы Р.Ж.Аубакирова, В.А.Сластенин,
К.С.Успанов, А.И.Щербаков–тардың, педагогикадағы тәрбиелеу мен дамыту,
педагогикалық қызметке тарту мен қызықтыру мәселесі Л.Ахмедзиянова,
А.П.Сейтешевтің еңбектерінде қарастырылып келеді.
Бірқатар ғалымдар жоғары педагогикалық білім беруде педагогика ғылымын
методологиялық тұрғыдан дамыту мәселесін (М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовский
т.б.), түсініктемелік аппарат құрастыу мәселесін (В.В.Краевский,
П.И.Пидкасистый, Е.В.Бондаревская) педагогикалық пәндер мен курстардың
өзара байланысын (А.В.Даринский т.б.), жоғары оқу орындарындағы
концептуалдық тұрғыдан талдауды (Г.К.Ахметова, Т.С.Садыков, М.И.Сарыбеков,
Н.Д.Хмель, К.К.Жампеисова) өзекті мәселе деп санайды.
Педагогикалық білім берудің гуманитарлық негіздері (В.Ю.Сенько т.б.),
оқытушыны дәстүрлі емес түрде дайындау (П.Е.Решетников т.б.), оқытушыны
кәсіби даярлауда жаңа оқу технологияларын енгізу (З.А.Исаева, Г.К.Селевка,
В.П.Беспалько т.б.), жоғары кәсіби білім беру стандартын бір жүйеге келтіру
(А.П.Валицкая, И.А.Колесникова, Г.Симухин т.б.) мәселелері соңғы жылдары
ғалымдарды ерекше толғандырған мәселелер болды.
Кәсіби біліктіліктің жалпы мәселелерін, құрылымы мен мазмұны және
компоненттері жайлы зерттеп, оқытудың кәсіби біліктілігінің түрлі
аспектілерін талдаған Б.Т.Кенжебеков, В.А.Сластенин, Л.И.Мищенко;
коммуникативтік біліктілік (Л.М.Митина), мамандардың басқарушылық
біліктілігін (М.В.Прохорова), кәсіби біліктіліктің маманның жаңашыл-
акмеологиялық мәтіндерінде алатын орынын (Н.В.Кузьмина, К.А.Аульханова-
Славская), пән оқытушыларының арнайы біліктілігі (А.И.Щербаков,
Н.Ф.Талызина, А.И.Жук, Н.Н.Кошель, С.Г.Мольчанов), психологиялық-
педагогикалық біліктілік (М.И.Лукьянова), әлеуметтік біліктілік
(Г.Ж.Менлибекова) т.б. зерттелді.
Н.Н.Коршунова оқытушының біліктілігін белгілі бір құндылықтар иесі
болып саналатын тұлғаның қалыптасқан педагогикалық әрекетін анықтайтын
кәсіби білім, білік, дағдысы деп санайды.
Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге даярлау үрдісін зерттей
келе Е.В.Набиев педагогикалық зерттеу әрекетін ерекше атап өтіп, оны
күрделі педагогикалық құбылыс ретінде үш функционалды біліктіліктің
(педагогикалық мониторинг, педагогикалық рефлексия, педагогикалық
фасилитация (ағл.facilitete – себепші болу)) тұтас бірлігі ретінде
қарастырады және ол біліктіліктер зерттеу дағдысын қалыптастыратын нақтылы
білім мен біліктен көрінеді деп тұжырымдайды.[53,31]
М.Х.Балтабаев Педагогическая культурология деген әдістемелік
еңбегінде кәсіби біліктілік мәселесін қозғайды. Ғалымның ойынша, кәсіби
біліктілік – қызметкердің өз ісіне даярлығы мен қабілеттіліктерінің
бірлігі. Басқа да қабілеттіліктерімен қатар кәсіби білімді игеруі мен осы
білімді қолданудағы біліктілігі мен дағдысын да бірге қарастырады.
Біліктілік – адамның қоршаған ішкі орта жаңашылдығына психологиялық және
интеллектуалдық бейімділігі, ойлау мәдениеті, өзін-өзі ұстауы, қоғамдық
ортадағы қарым-қатынасы және үнемі білімін жетілдіріп отыруға икемділігін
көрсететін универсалды әрі прагматикалық түсінік болып саналады.[66,9]
Е.Ю.Рубинштейн: Кәіби-педагогикалық біліктілік – оқытушының жеке
тұлғалық қасиеттері мен кәсіби білімі, білігі, дағдысының бірлігі десе,
М.В.Семенова тұлғаның бағдарлылығына ерекше мән береді. Тұлғаның
бағдарлылығы практикалық тәжірибесіне тікелей байланысты дейді.
Қазіргі ғылымда түрлі терминдердің қолданысқа енуі нәтижесінде олардың
мағыналық ара қатынасын түсінуде қиыншылықтар ұшырасып тұрады.
В.Полонский олардың негізгі жүйелілік принципі болу қажет екендігін
айтады. Жүйелік принципін ұстануға басты құрал-түсініктемелік аппарат түзу.
Түсініктемелік терминологиялық аппараттың жетістігі – сол ғылымға сай
теориялардың даму деңгейін, оның әр қырынан тануға мүмкіндік береді.
Түсініктерді саралау үнемі өзгеріс үстінде болатын оқу-тәрбие процесін
тану, теориялық моделді тану мен құрастыруда басты талап болып саналады.
Сонымен қатар, 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында білім
саласында көптеген педагогикалық түсініктер мен терминдер, жас мамандарды
былай қойғанда тәжірибелі мамандардың түсінуіне өте ауыр тұрақсыз, көп
мағыналы, қарама-қайшы түсініктер мен анықтамалар қатары көбейіп кетті. Бұл
мәселенің күрделене түсуі педагогикада көптеген ұғымдардың бір бірімен
қарама-қайшы келетіндігімен, яғни олардың кейбір белгілері барлығына ортақ
болып, оларды ажыратып, кезеңдік ретімен орналастыруда туатын
қиыншылықтармен түсіндіріледі.
Демек білік, біліктілік және кәсіби біліктілік өзара қалай
сәйкестендіріледі?, әрқайсысының мәні неде? деген сауал жиі туатындығы
сөзсіз. Әрине, олардың байланысы тектік-түрлерінде. Олардың мәніне
байланысты әртүрлі деректер бойынша авторлардың пікіріне анализ жүргізілді.
Мәселен: сөздіктер (орысша-қазақша, орыс тілінің түсіндірме сөздігі,
педагогикалық- психологиялық) және энциклопедиялар (БЭС, т.б.монографиялар,
диссертациялар), оқу немесе оқу-әдістемелік құралдарға сүйене отырып жұмыс
жүргізілді.
Анализ жасау барысында ұғымдардың негізгі белгілері ғана анықталып
қойған жоқ, зерттеу тапсырмасында көзделген көзқарастарын бірін-бірі
толықтырып, терминдерге өзімізше анықтама беруімізге жол ашылды.
Қарастырылып отырған терминдер өзара бірін бірі алмастырушы ұғымдар
ретінде көрінгенмен, олардың негізгі мағыналарының әртүрлі екендігін
ескеріп өтейік.
Сөздіктерде білік (компетенция) латын тіліндегі мағынасынмен
қолданылып келеді. Латын тілінен аударғанда компетенция дегеніміз өз ісін
жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Өз саласына
сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын және
тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы компетенттілікті
меңгерген адам деп есептеуге болады. Competent (фр.) – білікті, заңдық күші
бар. Competence (ағыл.) – қабілеттілік деген ұғымды білдіреді.
Мұндай жағдайда бұл терминнің екі түрлі анықтамасы болады дейді
А.В.Хутарской: біріншісі – бір тұлғаның немесе ұғымның құзіреттілік ортасы,
екінші – тұлғаның білімі мен тәжірибесін қамтитын сұрақтар шеңбері. Қазіргі
замандағы көптеген педагогикалық әдебиеттерде білік термині екінші
мағынада қолданылып жүр. Жоғарыда көрсетілген анықтамалардың барлығы осы
уақытқа дейін біз қарастырып отырған термин мағынасын түсіндіруде әртүрлі
тәсілдердің қолданылғандығын көрсетеді.
Шын мәнісінде білік белгілі бір кәсіптік аймақтың міндеттері мен өзінің
құқығына жетекшілік ете отырып, адамның өз бетінше және жауапкершілікпен
әрекет ету қабілеті.
А.К.Маркова білік мәселесін қарастырып жүрген ғалымдардың ішіндегі
осы терминге көрнекті анықтама ұсынып жүргендердің бірі. Ол нағыз маман –
ол өзінің кәсіби әрекетінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтын, қоғамда
өз мамандығының рөлін арттырушы, тиісті орынын адаспай тапқан маман деп
жазады [3,41]. Автор біліктің мынадай түрлерін анықтайды:
- арнаулы (нақтылы мамандықтар шеңберінде);
- қоғамдық (қарым-қатынас және өзара байланыс деңгейінде);
- жеке тұлғалық (өз еңбегінің нәтижесін жетілдіру тәсілдерін
іздестіру деңгейінде, тұлғалық-психологиялық және өзіндік жеке
тұлғалық ерекшеліктерді пайдалану арқылы еңбектің тиімділігін
арттыру);
- полипрофессионалды (тәжірибе жүзінде барлық еңбек түрлерінің
негізін қалаушы, кең дүние танымды, мәдени танымы мол)
- экстремалды;
- аутобіліктілік (ішкі дүниенің біліктілігі, яғни өзің туралы, өз
қасиеттерің, қабілетің, ерекшелігің, қажеттілігің, мақсат,
міндеттерің, құнды бағдарларың туралы адекватты түсінік.
Осы анықтамаға сәйкес келетін пікірді Дж. Равен ұсынады. Оның
пікірінше, білікті болу әртүрлі деңгейдегі спецификалық біліктіліктер
жиынтығын игеру. Басқаша айтқанда, біліктілікті адамның уақытында сапалы
орындалған жұмысынан танылатын жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасыуы деп
түсінеді.
Өз кезегінде Н.Волгин біліктілік маманнан көп білім мен тәжірибені ғана
талап етпейді, сол жинақталған білім мен тәжірибені өз қызметін жариялауда
ұтымды іске асыруды талап етеді дегенге келіп тіреледі.
Н.Волгиннің пікірі бойынша біліктіліктің мынадай түрлерін атап өтуге
болады:
- функционалды (арнайы), кәсіби білім мен білікті қажетінше жариялау, ары
қарайғы кәсіби дамуды жобалай алу қабілетімен сипатталады;
- интеллектуалды, яғни өз міндеттеріне тұтас қарау және дамыту тәсілдерін
білу;
- мәселелік, мәселеге сай әрекет ету мүмкіншілігі;
-қоғамдық, кәсіби еңбектің нәтижесі үшін қоғамдық жауапкершілікпен кәсіби
бірлестікте қарым-қатынасты демеу қабілеті;
- тұлғалық, яғни кәсіптік шеңберде жеке тұлғалық даму мен өзін өзі жариялау
тәсілдерін игеру, кәсіби шарықтауға даярлық.
Демек білік, біліктілік, ұғымдарының қолданылу тәжірибесін олардың
білік (умения), білім, дағды ұғымдарынан әлдеқайда кең екендігін
көрсетеді, себебі олар бағыттылық (негіздеме, құнды бағыттылық т.б.);
стеоретиптерді игеру қабілеті, мәселені сезіну; ой икемділігі, үстемдігі;
мінез (даралық, мақсаттылық, еріктілік қасиет) қастиеттерін де қамтиды.
Терминдерге анықтама беріп, олардың ара-жігін ажыратуда ғалымдардың
көпшілігі латын тіліндегі мағынасына сүйенеді.
В.М.Шмель біліктілік анықтамасына білім, білік, тәжірибені пайдалануға
теориялық қолданбалы даярлықты енгізеді. Ал А.Н.Журавлева,
Н.Ф.Талызиналардың пікірлерінше, педагогика–лық әрекеттің жүзеге асу
тәсілдері мен білім, білік, дағды педагогикалық біліктілік құрамына енді.
Л.М.Митина оқытушының педагогикалық біліктілігінің құрамына 2 салаға
бөлінетін әрекеттік (білім, білік, дағды және педагогикалық әрекеттің іске
асу жолдары) және коммуникативтік (білім, білік, дағды және педагогикалық
қатынастың жүзеге асу тәсілі) компоненттерді қосады.
Мұндағы білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен
пайымдарының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі
болып табылады. Сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым т.б. ұғымдарымен тығыз
байланысты.
Дағды – алғышқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру
нәтижесінде автоматты қалыптасуы. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс
болмайды. Ол – мидың қызметі. Дағды әрекет өнімін арттырады,– деп жазады
психологиялық-педагогикалық сөздікте анықтама берген болса, О.С.Гребенюк,
М.И.Рожков Общее основы педагогики атты еңбегінде: Знание – результат
процесса познания действительности, получивший подтверждение в практике
объективной реальности в сознании человека, а умения это – овладение
способами применения обучающих практике,- деп анықтама берген болатын.
Көптеген авторлардың педагогикалық біліктілік негізінен білім, білік,
дағды ұғымдарын іздейтіндігін байқаймыз. Сол себепті осы ұғымдарды түсіну
үшін әрқайсысына жеке-жеке анықтама бере кетуді жөн көріп отырмыз. Оны
төмендегі 1-кестеден көре аласыздар.
Соңғы жылдары білім беруді жаңартуға қатысты Европа кеңесінің
ұсыныстарына сәйкес компетенция ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе
түсті. Осыған орай компетенция ұғымының мән-мағынасын айқындауға
бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын
анықтайтын құжаттарда және педагогика саласындағы зерттеулерде жалпы
педагогикалық, дидактикалық, метадологиялық деңгейде көрініс беруде. Бұл
осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелік-практикалық қызметімен және
кіріктірілген метапәндік рөлімен де байланысты. Дәстүрлі оқыту
әдістемесінде компетенция - жаңа ұғым емес. Мысалы, лингвистикалық
компетенцияны орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып
келеді.

1-кесте Білік терминінің деректердегі анықтамасы

№ Авторы Дереккөз білік терминінің анықтамасы
1 Ожегов С.И., Толковый словарь Білік – жеке тұлғаның беделі,
Шведова Н.Ю. русс.яз.–М.,1993.-с танымы мен тәжірибесіне қатысты
294 маңызды сұрақтар мен құбылыстардың
жиынтығы.
2 Маркова А.К. Психология Білік – мамандық талабына сай
профессионализма. дәреженің жеке сипаты.
–М., 1999.-с.24
3 Милованова Модернизация Білік – мәселе мен тапсырмаларды
Н.Г., Прудаева российского оперативті (тиімді) шешуге, ойлау
В.Н. образования в түріне сай түсіну мен жүйелі
вопросах и ответах. ойлауды талап ететін тәжірибелік
– Тьюмень, әрекетті жүзеге асыра алу қабілеті.
2002.-с.25
4 Шишова С., Компетентностный Білік – жеке тұлғаның білім алу
Агапов А. подход к образованиюбарысында жинақтаған білімі мен
Лучшие страницы тәжірибесіне негізделген,
педагогической оқу-танымдық үрдісте өзіндік
прессы.-2002. белсенділікке және оны еңбек
-№3.-с.5 әрекетінде ұтымды пайдалануға
бағытталған қабілеттілігі мен
даярлығы.
5 Хутарской А.В. Определение Білік – тұлғаның өзара байланысы
общепредметного (білім, білік, дағды, әрекет
содержания ключевых тәсілдері), белгілі пәндер мен
компетентностей как үрдіс шеңберіне тән, соған қоса
характеристика сапалы әрекетке қажетті қасиеттер
нового подхода к жиынтығы.
конструированию
образовательных
стандартов. №2
03. 58 с.
6 Волгина Социальная политика.Білік – белгілі ұйымдардың
Н.А. –М., 2003. –с 58 қызметкерлеріне тән білім мен
қабілеттің рационалды сәйкестігі.
7 Семченко А.А. Білік – адамды ең басты құндылық
деп танитын көптеген
мемлекет–тердің білім беру
терминалогия–сында пайда болған.
8 Жайтапова Научная монография. Білік – оқушының меңгерген білімін,
А.Ә. –А., оқудағы іскерлігі мен дағдыларын
қолдану даярлығы, сондай-ақ
теориялық және прак–тикалық
міндеттерді шешу үшін қажетті
өмірлік қызметтердің тәсілі.
оқушының білімдік даяр–лығына алдын
ала қойылатын талап.
белгілі тақырыптар мен үрдістер
шеңберіне қатысты сапалы әрі өнімді
әрекет етуге қажетті тұлғаның өзара
байла–нысты қасиеттердің жиынтығы.
9 Рыжаков М.В. Ключевые компетенцииБілік – адамның білімі мен
в стандарте: тәжірибесіндегі іс-әрекеттер
возможности арасында болатын қатынас ортасы
реализации стандартыболып қалады. Білік білімге де,
и мониторинг в біліктілікке де тірелмейді. Кең
образовании. –М., ауқымды білімге ие, бірақ оны қажет
1999г. болғанда іске асыра алмаған адам
жиі кездеседі.
10 Сыздықова Р.Ғ.,Қазақша-орысша Білік – (тәжірибе жүзінде
Хұсайын К.Ш. сөздік. Алматы, тексерілген танымдық әрекет) білім;
2004. компетенция
11 БЭС. Изд. СоветскаяБілік – (от лат. Competo – қол
энциклопедия, жеткіземін, сәйкес келемін),
1991г. 1)белгілі бір аймақтағы білім мен
тәжірибе
12 Введенский Б.А.Энциклопедический Тұлғаның таным мен тәжірибе игерген
словарь. (уәкіл) құзіреттілік пен
сұрақтардың шеңбері.

Латын тілінен аударғанда компетенция дегеніміз өз ісін жетік білу,
танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Өз саласына сәйкес
біліммен, біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді
әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы компетенттілік меңгерген деп
есептеуге болады.
Демек, білік деп біз білім алу барысында жинақталған білім мен жалпы
қабілетке негізделген әрекетке тұлғаның жалпы икемділігі мен даярлығын
айтамыз. Ол тұлғаның өзіндік оқу-танымдық үрдіске қатысуына және еңбек
әрекетіне сәтті жұмсалуына бағытталған, - деп Гудкова Т.А. өзінше
тұжырымдайды. Ол өз еңбегінде білім мазмұнының метапәндік (барлық пәндерге
қатысты), пәнаралық (білімдендіру аймағының немесе пәндер цикліне орай)
және жеке пәндік (әрбір оқу пәніне) салаға бөлінуімен біліктің үш түрі
анықталады,- деп жазады. Оларға:
1) кілттік біліктер – жалпы білім мазмұнына (метапәндік) енеді.
2) жалпы пәндік – білімдендіру аймағы мен белгілі оқу пәндері енеді.
3) жеке пәндік біліктер.
Мұндағы кілттік біліктіліктер ақпараттық білік сипатында. Себебі
техникалық құралдар (телевизор, магнитафон, телефон, факс, компьютер,
принтер, модем) мен ақпараттық технологияның (аудио-видео жазба, электронды
почта, БАҚ, интернет) көмегімен қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіріп,
жүйелеп, қажеттісін таңдап, ұйымдастыру, сақтау қалыптастыру және оны
жеткізе алу іскерлігі қалыптасады. Бұл біліктіліктер оқытушының оқу
пәндері, білім беру аймағы мен қоршаған әлемге қатысты ақпараттық жүйесін
түзуді қамтамасыз етеді. Алынатын нәтижелерді жоспарлап, қалыптасуы тиіс
болашақ педагог модельін құрастыра отырып соған сәйкес білім мазмұны, білім
берудің ортақ стандарттық үлгілер құрастырылады. Осы қалыптасқан дәстүрге
қатысты әрекет ету маманның тәжірибелік сапасының көрсеткіші болып
саналады. Бұл біліктіліктер оқытушының кәсіби әрекеттің компетенттілік
спектрінің кең ауқымды екенін танытады.
Білік ұғымы әдістемелік әдебиеттерде де кеңінене қолданылып келеді.
Мысалы, тілдерді үйрету әдістемесінің мамандары лингвистикалық
біліктіліктерді бұрыннан бері қарастырып, оны өз зерттеу еңбектерінде
пайдаланып жүргені анық. Тілдер мен информацияда коммуникативтік біліктер
туралы сөз болады. Бұл ұғымның жалпы дидактикалық, жалпы педагогикалық және
әдіснамалық деңгейге шығуын зерттеушілер жалпы білім берудегі практикалық
функциялармен және кіріктірушілік рөлімен байланыстырып жүр.
Орыс тілді әдебиеттерде білік және біліктілік ұғымдарының ажырату
төңірегінде пікірталастар өрбіп келеді. Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді зерттей келе бұл ұғымдардың мәндік айырмашылықтарының қатарын
түздік. Оны төмендегі сызбадан көре аласыздар. Бұл сызбада білік,
біліктілік терминдерінің жалпы қамтитын түсінігі қысқаша әрі біршама
түсінікті топтастырылған десек те болады. Сызбаға қарап отырып білік пен
біліктіліктің айырмашылық деңгейін саралап, мәнісіне жете аласыздар.

Сурет 1. Біліктер түрлері

Сурет 2. Біліктілік түрлері

Европадағы орта білім беру жобасы аумағында осы мәселенің Европа
кеңесі семинарияларда талқылануы нәтижесіндегі біліктер тізімі:
Зерделеу:
• тәжірибеден өзіне пайдалысын ала білу.
• өз біліктілігінің өзара байланысын ұйымдастырып, оларды тәртіпке
келтіру;
• жеке оқыту тәсілдерін ұйымдастыру;
• мәселені шеше білу;
• өз бетімен оқу.
Іздену:
• әртүрлі мәліметтер қорын қарау;
• айналасындағылардан сұрау;
• сарапшыдан кеңес алу;
• ақпарат алу;
• құжаттармен жұмыс істей білу және оларды жіктеп, топтастыру.
Ойлау:
• өткен және қазіргі оқиғалардың байланысын ұйымдастыру;
• пікірталастарда өз ұстанымында тұрып, өзінің пікірлерін қалыптастыру;
• оқу мен жұмыс өтіп жатқан кездегі қоршаған саяси және экономикалық
ортаның маңызын көре білу;
• денсаулық, тұрмысқа, сондай-ақ қоршаған ортаға байланысты әлеуметтік
әдістерді бағалау;
• өнер және әдеби туындыларды бағалау.
Ынтымақтасу:
• топта ынтымақтаса жұмыс жасай білу;
• шешім қабылдау қабілеті;
• шиеленісті шеше білу;
• келісімге келе білу;
• келісімшарт жасап, орындай білу.
Іске кірісу:
• жобаға қатысу;
• жауапкершілік алу;
• ұжыммен бірлесіп еңбек ету, өз үлесін қосу;
• ауызбіршілдік таныту;
• өз жұмысын таныта білу;
• үлгілеу аспаптарын қолдана білу.
Бейімделу:
• жаңа ақпараттық және коммуникациялық техникаларды қолдана білу;
• тез жүріп жатқан өзгеріс жағдайында өз икемділігін дәлелдей білу;
• қиыншылықтар алдында өз ұстамдылығын таныту;
• жаңа шешім таба білу.
Түйінді біліктіліктердің бұл тізімі толық та, аяқталған да емес, әрі әлі
де тереңірек қарастырып, толықтыра түсуді қажет етеді. Соңғы жылдары
қолданылған білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты
біліктіліктің мынадай үш түрін бөліп көрсетсек болады:
а) түйінді,
ә) жалпы пәндік,
б) пәндік.
Жалпы пәндік өз кезегінде жалпы білім беру және жалпы оқу біліктері
болып бөлінеді.
Бүгінде біліктердің барлық түрлері бойынша пікірталастар жүруде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы елімізде біліктіліктің төмендегідей деңгейі бойынша
пікірталастар жобалауда:
а) ұлттық – кең базалық біліктер деңгейі: үштілділік, еуроазиялық,
көпмәдениеттілік, коммуникативтік, технократтық және т.б.
б) барлық білім салалары деңгейі – түйінді біліктер деңгейі;
в) білім беру пәндері деңгейі.
Әртүрлі деректер бойынша ізденістер жүргізу барысында түрлі
анықтамаларға ұшырастық. Төмендегі 2-кестеде осындай анықтамалар қатары
түзілген.

2-кесте. Біліктілік терминінің деректердегі анықтамалары

№ Автор Дереккөз біліктілік терминінің анықтамасы
1 Ожегов С.И. Толковый словарь - (лат.competens – қатысты,
русского языка. қабілетті) – терең, тиянақты
–М., 1993.-с 294. білім, алуға қойған мақсатқа
жетудің әдіс-тәсілдері, білік пен
дағдының сәйкестігі.
2 Равен Дж. Компетентность в - тар ауқымды біліммен қоса,
современном нақтылы пәндік аумақта тиесілді
обществе: әрекетті эффективті орындауға
выявление, развитияқажет специфи–калық қабілет,
и реализация пер.пәндік дағды, ойлау әрекеті,
с анг.яз.–М., 2002.сондай-ақ өз әрекетінің
– с 48. жауапкершілігін түсіну.
3 Черемисина Формирования - шешілетін мәселе мен орындалатын
А.А. прававой тапсырманың мәнін терең түсінуден
компетентности қалыптасқан тиімді әрекетке
старших школьников:бастайтын адамның тұрақты қасиеті,
Дис. Канд. Пед. осы салада жақсы жетістіктерге
Наук. –Оренбург, жеткізетін тәжірибені жақсы білу,
2000.-с 10 уақыт пен орынға сай әдіс,
әрекеттерді таңдай білу, қол
жеткізген табыстарға жауапкершілік
сезімі.
4 Безруков В.С. Педагогика: - кәсіби сауатты пікір тудыруға,
Учебник. өз ойын ұтымды жеткізуге, баға
Екатеринбург, 1996.бере білуге бастайтын білім мен
–с 46. ше–берлікті игеру.
5 Гришина И.В. Профессиональная - басқарушының кәсіби интегралды
компетентность (тәжірибе, білік, дағды) болуымен
руковадителя школы қатар басқарушылыққа даярлығы–ның,
как объект түйінді жетекші шешім қабылдауға
иссле–дования: қабілеттілігі.
Монография.
–С.Пб.2002.с95.
6 Новиков А.М Интеграция базовогопрофессионализм термині–мен
профессионального жанама, қосымша. Бірін–шісі
образования технологиялық даярлық–пен
Педагогика. байланысты, екіншісі кә–сіби
1996.-№3. –с.5 мінездеме мазмұнын ашады, оның
құрамына базистік квалификация
да ене–ді.
7 Педагогикалық-психо(квалификация лат. Quails – сапасы
логиялық сөздік. қандай және facio –
Алматы, 2004. 210 жасаймын)–қызметкердің
бет іс-әрекетінің нақты бір түрінде
күрделілігі белгілі бір
дәре–жедегі еңбек функцияларын
орындауға мүмкіндік бере–тіндей
қабілеттің даму дең–гейі.
Біліктілік қызметкердің теориялық
білімдері мен практикалық
машықтардың көлемін анықтайды және
оның ең маңызды
әлеуметтік-экономикалық
сипаттамасы болып табылады.
8 Шепель В.М. Біліктілікке білім, білік,
тә–жірибе, теориялық қосымша
даярлық, білімді пайдалану жатады.
9 Журавлева Педагогикалық қызметті іске асыру
А.Н., Талызина дағдысы мен білім, білік
Н.Ф. тұтастығы.
10 Митина Л.М. Мұғалімнің педагогикалық
біліктілігінің құрамы 2 бө–лімді
көрсетеді: әрекеттік (білім,
білік, дағды және педагогикалық
әрекетті іске асыру әдісі) және
коммуникативті (білім, білік және
педагогикалық қарым-қаты–насты
іске асыру)
11 Гудкова Т.А. Информацион-ная Білім алу барысында жинақ–талған
компетентность білім мен жалпы қабі–леттілікке
будущего учи–теля негізделген әр тұл–ғаның жалпы
как педа–гогическаяқабілеті мен даярлығы, ол тұлғаның
проблема. өзіндік оқу-танымдық үрдіске
қатысуына, сонымен қатар еңбек
әрекетіне сәтті жұм–салуына
бағытталған.
12 Лукьянова М.И.Психолого-педагогичЖеке тұлғаның педагоги–калық
еская іс-әрекетіне және оқу процесінде
компетентность оқушылармен қа–рым-қатынасқа
учителя №10, жоғары деңгейлі кәсіби даярлығы.
Педагогика. 2001г.
С 56-61
13 Баширова Ж.Р. Развития Жоғары мектеп оқытушы–сының кәсіби
университетского әрекетін таны–туда жеткілікті
образования в танымдық позициясын, тәжірибе,
аспекте подготовки білім, біліктілік дәрежесін
преподавателя сипаттайтын
школы. Алматы, психологиялық-педа–гогикалық,
2003, 160 с. қоғамдық-дүниетаным,
кәсіби-құндылық қа–сиетінің
интегралды сипаты.
14 Под ред. А.С Введение Біліктілік – маманның өзіндік
Роботовой педагогическую мүмкіншіліктері, өзінде
деятельность: Уч. қа–лыптасқан білім мен дағ–дының
пособ.для студ. көмегімен өз бетінше шешім
М.,2002, С 66. қабылдауға мүмкіншілік беретін
квалификациясы
15 Кенжебеков Жоғары оқу Біліктілік – маманның жеке тұлға
Б.Т. орын–дары жүйесіндеретіндегі қасиеттерінің және ішкі
болашақ психологиялық жағдайының күрделі
маман–дардың кәсібижүйесі.
құ–зіреттілігін
қалып–тастыру.:п.ғ.
д. автореф.
Қарағанды, 2004.

Білік және біліктілік терминдері өзінше – жүйелі, әрі
көпмәдениетті, адам әрекетінің жоғары сапасын анықтаудың түрлі тәсілдерінде
қолданылады. Педагогикада мамандар даярлау сапасы және олардың әрекетін
сипаттауда қолданылады. Сонымен қатар бұл ұғымды қалыптасу және білім,
білік, дағды, қарым-қатынас, кәсіби жеке қасиеттер жиынтығы ретінде
қарастыруға болады.
Кәсіби біліктілік анықтамасына кезек берер болсақ, әртүрлі деректерден
жинастырылған мәліметтерге сүйенейік. Кәсіби біліктілік ұғымынан педагог
маманның мынадай қасиеттерін тануға болады: белгілі бір аймақтағы кәсіби
әрекетті біршама жоғары деңгейде игеру, кәсіби серпіліс, келешектегі өзінің
кәсіби қозғалысын жобалау шеберлігі, кәсіби қарым-қатынас орнату
мүмкіншілігі, өз еңбегінің нәтижесіне кәсіби жауапкершілік арту қабілеті.
Кәсіби біліктілік ұғымы жұмысшының өз саласындағы терең білімі деген
тар мағынада қарастырылып келеді. Бірақ кәсіби еңбек жағдайы пәндік білім
әрекетімен шектелмейтіндігі анық. Кәсіби біліктілік ұғымы – интегралды
ұғым, әрі бірнеше компоненттен және біліктіліктің бірнеше түрлерінен
құралады. Мәселен, қоғамдық-коммуникативтік біліктілік – қоғамдық, кәсіби
қатынастар арқылы жүзеге асатын біліммен, білікпен (умения) байланысты
ұғым. М.Розенова өзінің ғылыми мақаласында: Один из немаловажных
компонентов профессиональной компетентности – личностно-индивидуальностная
компетентность которая представлена совокупностью знаний и представлений
человека о самом себе в контексте профессиональной роли. Это знание
человека о своих сильных и слабых сторонах, как профессионала, так и
личности,- деп жазады. Маман ретінде адамның кәсіби әрекетінде өзінің
мықты және әлсіз тұстарын бағалай алуы басты қасиет болып табылады. Өз
еңбегін дұрыс бағалаған уақытта ғана кәсіби әрекеттің алға жылжыту мүмкін
болады. Мұндағы кәсіби білім беру шеңберінде қоғамдық-коммуникативтік
біліктіліктің қалыптасуында философия, психология, мәдениеттану, логика,
эстетика сияқты қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар шешуші рөл атқарады.
Ендеше қоғамдық ғылымдардың рөлін, нәтижесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі туралы
Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі туралы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Жаңа тұрпатты болашақ маман дайындаудың әлемдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау
Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Пәндер