Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Нәтижелі білім берудің мәні студенттің іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді[1]. Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі субстанциясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі, құзыреттерінің пайда болуына жәрдемдеседі.
Негізгі құзырлылығын қалыптастыру студенттердің білім, білік және іс-әрекет тәсілдерін шынайы өмірде практикалық міндеттерді шешуге қолдана алуға дайындығын көрсетеді. Құзырлылығын В.А.Болотов, А.В.Бурцев, В.В.Евдокимов, И.А.Зимнея, М.В.Кирилина, С.Г.Молчанова, Г.К.Селевко, В.В.Сериков, Ю.Г.Татур, А.В.Хуторский және т.б., көптеген зерттеушілер «құзырлылығын» белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның құзырлылығының жиынтығы негізінде меңгерген кіріктірілген сапасы деп көрсетеді. «Құзырлылық» алған білім, білік және іс-әрекет тәжірибесі негізінде әрекет жасауға дайындығы және қабілеті. Көптеген зерттеушілер қазіргі таңдағы ең басты міндет адамның оқу үдерісінде меңгеретін негізгі құзырлылығын және оны қалыптастырудың амалдарын анықтау болып табылады.
Ю.Мель әлеуметтік құзырлылығын мәселесін қарастыра келе, өзінің мүмкіндігіне сенімділігі ғана байланысты емес, шешуге қажетті нақты проблемалық жағдайда нағыз шешім қабылдауы деген. Зерттеуші Р.Селман әлеуметтік құзырлылығын қарастырып, автордың ұсынған үлгісі әлеуметтік көзқараспен негізделген. Бұл үдеріс балалық шақта алғашқы нөлдік, кейін жасөспірім кезеңде жоғары әлеуметтік-символикалық бағдары деңгейіне, одан да жоғары деңгей жастарда кешенді көпжоспарлы жүйесі, бағасы, ынтымақтастыққа бағдарланады.

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.- Астана, 2004.- 132 б.
2 Сейтешов А.П. Пути формирования профессионального мастерства.- Алматы: Мектеп, 1989. – 262 с.
3 Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы: Ғылым, 1998. – 320 с.
4 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы: «Білім», 1995. - 19- 232 бб.
5 Керімов Л.К. Жалпы педагогика.- Алматы: Ғылым, 2007. – 255 б.
6 Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.- Алматы: Абай атындағы Қаз.МПУ, 1991. – 32 б.
7 Әбдікәрімов Б.А. Теория и практика профессионально-технического образования: дисс...докт.пед.наук.13.00.01. - Алматы, 1996, - 397 с.
8 Құдайқұлов М.А. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.- Алматы: Абай атындағы Қаз.МПУ, 1991. – 32 б.
9 Әбілқасымова А.Е. Форморивание познавательной самостоятельности студентов-математиков в системе методической подготовки в университете: Дисс...докт.пед.наук:- Алматы, 1995.- 309 с.
10 Ділімбетова Ғ.К. Экологизация обучения в ВУЗ-е. (Дидактический аспект).- Алматы, 2001.- 270 с.
11 Егоров В.В. Информационные технологии в подготовке инженера- педагога. - Алматы: Ғылым, 1994.- 250 с.
12 Жадрина М.Ж. Научные основы построения содержания вариативного образования в школе. Монография.- Алматы.: «Тауар». 2000. – 217 с.
13 Калюжный А.А. Особенности содержания профессиональной готовности и компетентности учителя. - Актюбинск, 1994. - 26 с.
14 Молдабекова М.С. Фундаментализация университетского образования в подготовке будущего учителя. Дисс...докт.пед.наук.- Алматы, 2000. - 288 с.
15 Исаева З.А. Формирование исследовательской культуры выпусника университета как педагогическая проблема //Формирование личности учителя Межвузовский сборник научных трудов. - М.:Прометей, 1994, - С. 85-91.
16 Моминбаев Б.К., Бактыбаев К.Б. Основные положения стандарта среднего профессинального образования //Высшая школа. - 2001.- №1.- С.123-133.
17 Меңлібекова Г.Ж. К вопросу о формиовании социальной компетентности будущих учителей //Вестник АГУ им.Абая. – 2001, С.68-72.
18 Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория, практика, формирование. - Алматы.: Казахстан. 1992. – 343 с.
19 Жолдасбекова С.А. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері. - Алматы, 2001.
20 Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущих учителей: Автореф.дисс.докт.педагог.наук - Тараз, 1998. – 42 с.

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Нәтижелі білім берудің мәні студенттің іс-
әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның
оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді[1].
Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі субстанциясының өзгеруіне
және оның өзіндік тәжірибесі, құзыреттерінің пайда болуына жәрдемдеседі.
Негізгі құзырлылығын қалыптастыру студенттердің білім, білік және іс-
әрекет тәсілдерін шынайы өмірде практикалық міндеттерді шешуге қолдана
алуға дайындығын көрсетеді. Құзырлылығын В.А.Болотов, А.В.Бурцев,
В.В.Евдокимов, И.А.Зимнея, М.В.Кирилина, С.Г.Молчанова, Г.К.Селевко,
В.В.Сериков, Ю.Г.Татур, А.В.Хуторский және т.б., көптеген зерттеушілер
құзырлылығын белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның
құзырлылығының жиынтығы негізінде меңгерген кіріктірілген сапасы деп
көрсетеді. Құзырлылық алған білім, білік және іс-әрекет тәжірибесі
негізінде әрекет жасауға дайындығы және қабілеті. Көптеген зерттеушілер
қазіргі таңдағы ең басты міндет адамның оқу үдерісінде меңгеретін негізгі
құзырлылығын және оны қалыптастырудың амалдарын анықтау болып табылады.
Ю.Мель әлеуметтік құзырлылығын мәселесін қарастыра келе, өзінің
мүмкіндігіне сенімділігі ғана байланысты емес, шешуге қажетті нақты
проблемалық жағдайда нағыз шешім қабылдауы деген. Зерттеуші Р.Селман
әлеуметтік құзырлылығын қарастырып, автордың ұсынған үлгісі әлеуметтік
көзқараспен негізделген. Бұл үдеріс балалық шақта алғашқы нөлдік, кейін
жасөспірім кезеңде жоғары әлеуметтік-символикалық бағдары деңгейіне, одан
да жоғары деңгей жастарда кешенді көпжоспарлы жүйесі, бағасы,
ынтымақтастыққа бағдарланады. Бұл пікір бізге жақын келеді, яғни әлеуметтік
құзырлылығын индивидтің жасына қарай анықталады.
У.Пфипгстеп, Р.Хиптчтің еңбектеріндегі әлеуметтік құзырлылығын
анықтау тұғыры қызығушылық туғызды. Олар адамның әлеуметтік біліміне, өзара
әрекеттің мақсаты мен нәтижелігіне ерекше көңіл бөліп қоймайды, мінез-құлық
амалдарына мән береді. Аталған зерттеушілер әлеуметтік құзырлылығын –
белгілі әлеуметтік жағдайларды ұзақ уақытқа жағымды және жағымсыз салдардың
қолайлы ара қатынасына жетелеп, мінез-құлықтың когнитивті, эмоциональды
және моторлы тәсілдерін меңгеруі деген. Зерттеуші В.Н.Куницынаның
зерттеуінше, әлеуметтік құзырлылығының құрылымдық компоненттерін саралаған:
- әлеуметтік ақиқат пен өзі туралы білімнің жиынтығы;
- өзара әрекеттің әлеуметтік біліктілік пен дағдылардың күрделі
жүйесі;
- кез-келген ортаға тез бейімделуге, білімінің негізінде шешім
қабылдауы, пайда болған конъюктура негізінде байқалатын типтік әлеуметтік
жағдайлардағы мінез-құлық нобайы;
- мында, қазір және неғұрлым бейнелі қағидасы бойынша әрекет жасап,
болған жағдайдан барынша толық шығарып алуы.
Болашақ педагог-психолог маманның негізгі құзырлылығының алғашқы
белгілері тікелей іс-әрекетте пайда болуы және онда дамуы үдерісі деп
түсінеміз. Негізгі құзырлылықтар студент тұлғасының дамуы және жас
ерекшеліктерімен, жеке әлеуметтік тәжірибемен табиғи байланысты болып
келеді.
ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ
оқытушынің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды
зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ оқытушынің кәсіби мәнді
сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің
дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін
арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар- А.П. Сейтешов [2], Н.Д.
Хмель[3], С.А. Ұзақбаева [4], Л.К. Керімов [5], Б.Р. Айтмамбетова [6], Б.
Әдікәрімұлы [7], М.А. Құдайқұлов [8], А.Е. Әбілқасымова [9], Ғ.К.
Ділімбетова [10], В.В. Егоров [11], М.Ж. Жадрина [12], А.А. Калюжный [13],
М.С. Молдабекова [14], З.А. Исаева [15], Б.К. Момынбаев
[16], Г.Ж. Меңлібекова [17], Г.К. Нұрғалиева [18], С.А. Жолдасбекова
[19], М.Н. Сарыбеков [20], Қ.А. Сарбасова [21], Ә. Абуов [22],
Б.С. Имандосова [23] және т.б. еңбектерінде қарастырған.
Болашақ түрлі сала маманның кәсіби бағыттағы даярлығын әр қырынан
қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар:
С.Ж. Пірәлиев [24], Л.А. Шкутина [25], С.Ә. Әбдіманапов [26],
К.М. Беркімбаев[27], Ж.К. Оңалбек[28] т.б. болашақ
оқытушыларді кәсіби даярлау; Б.Т. Кенжебеков[29], Б.А. Оспанова [30]
болашақ оқытушылардің кәсіби құзыреттілігі мен креативтілігі туралы
еңбектері бар.
Көптеген ғалымдар жаңа педагогикалық технологияларды оқыту
үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А. Қараев
оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында білім
алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, С.М. Кеңесбаев болашақ
оқытушылардің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, С.А.
Көшимбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары, Қ.А. Сарбасова инновациялық
педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқытушыларінің
даярлығын жетілдіру, Ә.Е. Абуов мектептің оқу үдерісінде инновациялық
білім беру технологияларын қолданудың педагогикалық шарттарын қарастырған.
Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда
педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің ғылыми-
теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық.
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі
өркениетті қоғамның сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда
жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық
білім беруді жетілдіруде әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-
қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру
біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты Болашақ педагог-
пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: болашақ педагог-психолог маманның жоғары оқу орнында
кәсіби даярлық үдерісі.
Зерттеудің пәні: жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
педагог-психологтардың құзырлылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ
педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ педагог-психолог маманның
құзырлылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен
мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық
жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін
білікті және бәсекеге қабілетті педагог-психолог мамандары даярланады,
өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудың
негіздерін анықтау;
- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудағы жаңа
педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан
негіздеу;
- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру моделін
жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте
тексеру және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ педагог-психолог маманның
құзырлылығын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
қазіргі заман талабына сай білікті маманның даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тұтас педагогикалық
үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке
тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық, психологиялық қағидалар, жеке
тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру
теориясы құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы
Заңы, Қазақстанның-2030 даму стратегиялық бағдарламасы; Қазақстан
Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы;
Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған
мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми
құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар,
бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу
орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау,
әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент
жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Магистрлік жұмыстың құрылымы. Магистрлік жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан
тұрады.
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудың мәні
және сипаты
Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны
білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Осы бағытта
білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзырлылық жоғары
мамандар – мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз
бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баурап, өмірлік белсенді ұстанымы
бар шығармашыл әрі жауапкершілік, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу
міндеті қойылып отыр. Яғни студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде
субъективті шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру,
тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін
қалыртастыру, іздену аясын кеңейту кәсіптік орта білім беретін оқу
орындарында өзекті мәселе болып табылады.
Құзырлылығын сөзі француз тілінен заңға сай, ал латын тілінен сай
болу, қабілетті, талап қою, ал ағылшын тілінен қабілетті, жетік
деген мағынаны білдіреді[31]. Сонымен қатар құзырлылығын ұғым білім,
біліктілік, әдет сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзырлылығын оқу
нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық
бағдарларының жүйесін көрсетеді.
Кәсіби құзырлылығын ұғымы Б.С.Гершунский[32] еңбектерінде
сауаттылықтан басталып, менталитеттен аяқталатын даму сатысының қандай да
бір деңгейін белгілейтіндігі туралы айтылса, В.А.Сластинин[33] кәсіби
құзырлылықты жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және
практикалық әзірлігі мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Осы
айтылғандарды түйіндей келе, кәсіби құзырлылығын сонымен қатар адамның
өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен
ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу,
білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық, жауапкершілік қатынасымен
анықталатындығын және құзырлылығын кәсіби білімімен, негізгі мамандығымен
сәйкестендірмей, керісінше құзырлылығын студенттің мамандықпен ғана
шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби
мобильділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын
қамтамасыз ететінін де көрсетеді.
Құзырлылығын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды
қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамсыздандырады[34].
Көптеген елдерде құзырлылыққа жаңаша мән берілгендіктен, білімді жоғары
дәрежеге көтергені жақсы мәлім. Құзырлылығын еңбек базарында тұрақты өсіп
отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, жаһандастырумен,
соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильділіктің өсуімен негізделген.
Жалпы түрде кәсіптік құзырлылық жалпыланған білімнің, дағдының және
қабілеттіліктің біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға
болады[35]. Өйткені ол студенттің алған білімі мен дағдыларын іс жүзінде,
кез-келген ортада кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай
да бір теориялық және практикалық үрдістерді шешу үшін қолдана алу
қабілеттілігі мен дайындығы, яғни өзгермелі еңбек нарығы жағдайында қисынды
болу қабілеттілігі мен дайындығы болып табылады.
Неғұрлым кең қолданылатын әмбебап құзырлылықтарды түйінді
құзырлылықтар деп атайды. Олар қазіргі заманғы ғылыми білім негіздерін,
көптеген нәрселер мен нақты құбылыстардың қағидалары мен заңдылықтарын
қамтиды.
Кәсіптік құзырлылығын теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін
іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады, сондықтан олардың
құрамына іс-әрекеттік білім, білік дағдылармен қатар, мотивациялық және
сезімдік – еріктік салалар да енеді. Кәсіптік құзырлылығының маңызды
құраушысы тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселені шешудегі меңгерген жеке
әрекеттері мен әдіс-тәсілдерінің тұтас бірлікке жаңалануы болып табылады.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық
экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе
жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның
құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын,
кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін
пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Сонымен қазіргі кезде кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім
беруді жетілдірудің негізіне құзырлылығын тәсілді қолдану ұсынылып жатыр.
Оқытудағы құзырлылығын тәсіл Қазақстан, Ресей педагогтері мен
психологтарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылып жүр, онда жалпылама
білімдер, біліктіліктер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге баса назар
аударылады.
Жалпы алғанда, дәстүрлі оқыту әдістемесінде құзырлылығын жаңа ұғым
емес. Мысалы, лингвистикалық құзырлылығын орыс, қазақ тілдерін оқыту
әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келеді. Ал тіл мен информатикада
коммуникативтік құзырлылығын жиі қолданылады.
Студенттердің кәсіптік құзыреттілігі, ең әуелі, орта кәсіптік білім
беретін оқу орындарында оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің
негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған мақсатқа жетуді
көздейді[36].
Оқудағы құзырлылығын тәсілді жүзеге асырудағы мақсат- білім беру
сапасын қамтамасыз етеді және студенттердің теориялық білімдерді игеріп
қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана
алатындай болуын талап етеді. Педагог пен студент арасындағы авторитарлық
қарым-қатынастар құзырлылығын тәсіл кезінде оқу іс-әрекетіндегі субъектілер
арасындағы бірлестік пен жұптастық қарым-қатынастарға айналады.
Бүгінгі қоғамда маманның әлеуметтік кәсіби қызметі елеулі өзгеріске
ұшырады. Қазір өз бетімен білім алу, өз жұмысын ұйымдастыра білу, өзін-өзі
реттей білу, жауапкершілік, практикалық интеллект, сенімділік, жоспарлауға
қабілеттілік, өзін-өзі бақылау сияқты сапалар мен қасиеттер сұранысқа ие
болып отыр.
Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз
ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай екендігін де атап көрсеткен болатын.
Білім беру жүйесінің міндеті белгілі бір көлемдегі білім беруді көздеу
емес, алынған кәсіптік білімді адамның өзінің қызметінде қолдана білуге
үйрету болуы тиіс[37]. Осыған байланысты бүгінгі күні жеке тұлғаның, яғни
студенттің, өз бетінше дербес білім алуында болып жатқан оқу үрдісі –
күрделі, жеке психофизиологиялық үрдіс деп қарастырылады.
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудағы жаңа
педагогикалық технологиялардың алатын орны және атқаратын қызметі
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын
арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық
білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен
экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және жаңа
технологияларды жетілдіру болып табылады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі
міндет жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру болып табылатын, оны
айырықша сала ретіндегі түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе,
икемділік пен бейімділік беру қажет. Осы міндетті жүзеге асыруда жаңа
педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше.
Жаңа технологияның білім кеңістігіне енуі - оның төменде келтірілетін
тәуелсіз аксиомалардың барлық қағидаларын қанағаттандыра білуіне тығыз
байланысты болып келеді. Аксиома жүйесі аксиомалардың үш тобынан тұрады.
Оларға: педагогикалық технологияның еліміздің біртұтас білім беру кеңістік
аясына қосылу аксиомалары; оқу үдерісінің үлгілерін жасау аксиомалары; оқу
үдерісін жетілдіру аксиомалары. Әрбір аксиоматикалық топқа үш аксиомадан
келеді. Қосылған аксиомалардың бірінші тобына[64]:
- педагогикалық технологияның еліміздің білім беру кеңістігіндегі
қажеттілік аксиомасы;
- педагогикалық технологияның ұстаз жүйесіне сәйкестік аксиомасы;
- пәндік әдістемелік жүйелерге қатысты педагогикалық технологияның
универсиалдылық аксиомасы.
Оқу үдерісінің үлгісін жасау аксиомаларының екінші тобына:
- оқу үдерісін параметрлеу аксиомасы. Мұндай кезде таңдап алынған
параметрлер оқу үлгісін құрайды және ол өз кезегінде педагогикалық
технологияның негізіне айналады.
Бірініш параметр - оқу-тәрбие үдерісінің мақсаттары мен бағыт-
бағдарлары жайындағы хабарларды кішігірім мақсаттар жүйесі бойынша береді
Мақсаттық бағдар.
Екінші параметр - кішігірім мақсаттарға жетудің немесе жете алмау
фактілері жайындағы басқару хабарларын береді Диагностика.
Үшінші параметр – диагностикадан ойдағыдай өтіп кетуді қамтамасыз
ететін білім алушылардың өзіндік жұмыстарының сипаты, көлемі, ерекшеліктері
жайындағы мазмұны және сандық хабарларды қалыптастырады Дозалау.
Төртінші параметр – ол оқытушының әдістемелік ойларын оқу
үдерісінің тұтастық және логикалық көрнекілік үлгілеріне аудару жайындағы
хабарлар Логикалық құрылым. Бұл параметрдің оқу үдерісі жағдайына
байланысты сан-салалы хабарларды бере алатын қабілеті бар. Сондықтан да
олар бұл параметрмен жұмыс істей білу ұстаздың технологиялық және
педагогикалық шеберлік деңгейін танытады. Бұл параметр оқу үдерісінің
логикалық құрылымының жай ғана көшірмесі емес, өйткені ол барлығы да
технологиялық түрде көрініс табатын және белгілі бір технологиялық шаралар
негізінде барынша жақсарып, үйлесімділік табатын жұмыс аймағы болып
саналады. Бұл жердегі ұстаздың кәсіптік қызметін іс-жүзіндегі жүзеге
асырылған технология деп бағалауға негіз бар сияқты.
Бесінші параметр – диагностикадан өтпеген педагогикалық кемшіліктер
және түзетудің әдістемелік жолының мазмұны жайында хабарлар жеткізеді
Түзету.
- оқу үдерісі үлгісінің тұтастығы мен циклдігі. Оқу үдерісін
технологияландырудың ең басты обьектісі кез келген пәннің тақырыбы
болуы керек. Оқу тақырыбына бөлінетін уақыт міндетті түрде заңдастырылуы
қажет. Тек қана оқу тақырыптарының жобасында бес параметрлердің көмегімен
болашақ оқу үрдісінің негізі қаланады және дәл осындай оқу тақырыбы ғана
технологияландырудың циклділігін қамтамасыз ете алады. Сөйтіп, біз
кез-келген пән бойынша оқу үдерісін жобалауға толық мүмкіндік ала аламыз;
- оқу үдерісінің ақпараттық үлгісін технологияландыру аксиомасы. Оқу
үдерісінің ақпараттық үлгісін технологияландыру бір оқу тақырыбының
шеңберінде оқу үдерісі жобасының технологиялық картасын жасаумен тығыз
байланысты болып келеді және мұнда оқу үдерісінің жоғарыда аталып өткен
барлық бес параметрлері толық қамтылады. Мұндай технология оқытушыны
технологиялық картаға сәйкес келетін барлық бес компоненттерді жобалаудың
технологиялық шаралар жүйесімен қаруландыра алады. Ал технологиялық
картаның өз басы тақырып бойынша жасалған оқу үдерісінің төлқұжаты рөлін
атқарады. Дәл осы сипаттағы оқу үдерісінің жобасын одан әрі айқындау
сабақтың арнайы жүйесі арқылы жүзеге асырылады .
Педагогикалық технологияның нәтижесінде болатын оқу үдерісінің
жобасын қалыпқа келтіру аксиомаларының үшінші тобына:
- ұстаздың кәсіби қызметін технологияландыру аксиомасы. Бұл
аксиоманың, ең бірінші кезекте оқытушының кәсіби қызметінің төменде атап
өтілетін компоненттеріне тікелей қатысы бар:
Бірінші компонент - оқытушының өзінің әдістемелік тәжірибесінің
арқасында толық оқу жылына арнап жасаған оқу үдерісінің педагогикалық
нұсқасын және мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын кішігірім
мақсаттар ретінде бере білуі. Ал осы айтылғандардың дер кезінде орындалуы
кез-келген мамандықтың мемлекеттік білім беру стандартын ойдағыдай жүзеге
асыруына себепкер болады. Кішігірім мақсаттардың бұл жүйесі саты түрінде
көрініс таба алады, ал стандартқа әкеліп соғатын кішігірім мақсаттар бұл
арада баспалдақтар рөлін атқарады. Басқаша айтқанда, бұл – білім берудің
мелекеттік стандартын кішігірім мақсаттар тіліне көшіру деген сөз, ал дәл
осы жердегі кішігірім мақсат – білім алушылардың танып-білу және даму
баспалдағы.
Екінші компонет – оқытушыдан, жобаның авторынан педагогикалық
шеберлік пен шығармашылықты талап етеді, өйткені бұл талап өте күрделі
әдістемелік әрекет – дәстүрлі қолданыстағы тақырыптарды қайта қарау
қажеттілігінен туындап отыр. Шындығында да, бүкіл оқу жылына арналған
кішігірім мақсаттар оқу тақырыптарының арасындағы шекараны жойып жіберетін
секілді. Осы жағдайдан кейін оқытушы жинақтаған тәжірибесі мен
технологиялық жағдайларға арқа сүйей отырып, өзінің авторлық еңбек
құрылымын насихаттай алады.
1- сурет - Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық
сипаттамасы
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру моделі
Қазіргі замандағы зерттеулерінде мәселені көрсететін әр түрлі
аспектілер қарастырылады сонымен қатар, білім берудің құзыретті тәсілі,
оның түрлерінің сипаты, құзырлылығынтің мазмұны мен дамуы, кәсіби білім
беру мен оқу-зерттегіштік іс-әрекетті ұйымдастыру туралы көптеген ғылыми
жұмыстардың санына қарамастан, жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында
педагог-психолог маманның кәсіби құзыреттілігінің даму мәселесі олардың
бірде-біреуінде қарастырылмаған. Кәсіби құзырлылығын толық зерттелмеген
мәселе болып отыр, көптеген тәсілдер бола тұра, оның мәні мен даму
үдерісінің бірегей түсінігі жоқтың қасы. Маманның кәсіби құзіреттілігі
біліктілікті игерудегі жетістігіне қарамастан, оқу-зерттегіштікті
ұйымдастыру практикасында қысқаша берілген, топтағы маманның зерттеу
жүргізу мен нәтижелерін безендіруде қиындыққа тап келеді; оқу-зерттегіштік
іс-әрекет тек зерттегіштік біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға
бағытталған.
Оқу-зерттеу іс-әрекетінің мақсаты қандай дегенге келсек, ол маманның
өмір шындығын жан-жақты танып-білуге негізделген зерттеу дағдысына ие болу,
ақыл-ой арқылы зерттеу қабілетін дамыту, жеке дара жаңа білімді игеру
негізінде студенттердің оқу үдерісіндегі өзіндік көзқарасын өрістету болып
табылады. Сонымен зерттеу арқылы оқып-үйрену, маманның оқып-білу,
зерттеу іс-әрекеті ұғымдарын пайдалану тиімді екені айдан анық. Қазіргі
заманға ілім-білім мазмұнын жаңартып, жақсарту үшін, оған терең білім
қажет. Ол, өз кезегінде, ілім-білімді өмірде пайдалануға жетелеуі тиіс. Оқу
процессі алған білімді күнделікті өмірде кәдеге асырып, жемісін көруге
негізделген. Адам қысылтаяң жағдай туа қалса, өз бетінше қандай әрекет
жасайды, өз білім-біліктілігін қалай кәдеге асырады, оның алған білімінің
қаншалықты екендігі осы тұста байқалады. Бүгінгі таңда педагогикада
қолданылып жүрген Компетентность (құзырлылығын) деген термин ғылыми сөз
сайыстарын туғызып отыр. Бұл ұғым жөнінде әркім әрқалай пікір білдіреді.
Сол пікірлерді талдап, жинақтай келгенде, төмендегідей ой түюге болады.
Компетентность (құзырлылығын) дегеніміз маманның өмірде алған көрген-білген
тәжірибесіне негізделген (өмірлік ұстанған бағыт-бағдар, білім-біліктілігі,
әдет-дағдысы, қабілет-қарымы) жеке басы қасиетінің жиынтығы. Біз маманның
кәсіби құзырлылығының оның қай іске қаншалықты терең бойлап кірісе
алатындығына орай бағалау керек деген тоқтамға келіп отырмыз.
Болашақ маманның ізденгіштік, зерттегіштік құзыреттілігін дамытып,
өрістердің жаңа көкжиектерін ашады. Кәсіптік білім беруге көшу маманның өз
бетінше білім алу дағдысын дамытып, ғылыми эксперимент жасауға және
талдауға, қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін шығармашылықпен қабылдауға
жағдай жасайды. Сонымен кәсіптік білім беру жағдайында маманның кәсіби
құзырлылығын дамыту мәселесіне талдау жасағанда төмендегідей басты-басты
тұжырымдамалар жасауға тура келеді: Жалпы білім беру ісінің мән мен
мазмұнын өзгерту керек. Мұның ішінде кәсіптік білім беру – бәрінен бұрын
маманның жеке дара өзіндік қабілетін дамытуға күш салуы тиіс.
Мотивациялық компонент – жаңа педагогикалық технологияларға
қызығушылықтың, дұрыс қарым-қатынастың болуымен, олардың кәсіби даярлықты
жетілдірудегі дербестік қажеттілігін түсінумен сипатталады.
Кез-келген қызметтегі маңызды мотив дәлелді себептер болып табылады.
Ол себебін адамның қызметке қарым-қатынасы ретінде айқындауға болады, оның
негізі саналы түрде қойылып, белгілі бір түрде дәйектелген мақсат болады.
Өлшемдері: Жаңа педагогикалық технологияларға қызығушылықтың, дұрыс
қатынастың болуы, олардың кәсіби даярлықты жетілдірудегі қажеттілігін
түсінуі.
Көрсеткіштері:
- кәсіби даярлықты жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну;
- оқытушылардің жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде
пайдалануды көздеуі;
- жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың
маңыздылығына сенімділігі;
- жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде қолдануға
қызығушылығы;
- жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу саласында өз бетімен
білімін көтеруге деген қажеттілігі;
- кәсіби қызметінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланған
кезде жас ұрпақтың білімділігін нығайтуда табысқа жету мүмкіндігіне
сенімділігі.
- кәсіби даярлығын жетілдіруге ынтасының болуы;
- кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды
игеруге қызығушылықтың болуы;
- жаңа педагогикалық технологиялардың кәсіби даярлықты жетілдірудегі
маңыздылығын түсіну;
- жаңа педагогикалық технологияларының тұлғалық мәнін түсіну.
Мазмұндық компонент – болашақ педагог-психолог мамндардың кәсіби іс-
әрекетінің мәні, ерекшеліктері мен жаңа педагогикалық технологиялар
негізінде кәсіби құзырлылық пен шеберлікті жетілдіру жолдары туралы білімін
арттыруды қамтиды. Теориялық даярлық, бүтіндей маманның жаңа педагогикалық
технологиялар өрісіндегі даярлығын қалыптастырудың және атап айтқанда, жаңа
педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану даярлығын
зерттеудің шешуші шарты. Мазмұндық компонент шеңберінде, білім алушылардың
білімге деген қызығушылығын нығайтудың аса маңызды шарты есебінде, жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану туралы оқытушының ұғымы, жаңа
педагогикалық технологиялар құралдарының мазмұнын, адамның өмірінде бұларды
қолдану тәсілдерін ашатын біліммен байытылуы қамтамасыз етіледі.
Болашақ педагог-психолог маманның жаңа педагогикалық технологияларды
оқу-тәрбие үдерісінде қолдану даярлығының мазмұндық компонентінің
негіздеріне мыналар: психологиялық-педагогикалық, технологиялық білімдердің
жиынтығы ретінде айқындалатын кәсіби білімдер қосылады.
Осылайша, оның мазмұнын екі негізгі бөліктен тұратынын көрсетуге
болады:
1. Психологиялық-педагогикалық білімдер болашақ оқытушының кәсіби-
ұстаздық даярлығының деңгейін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланғандағы білім алушылармен жұмысты ұйымдастырудың
нәтижелілігі соған тәуелді.
2. Технологиялық білімдер, жалпы білім беретін мектептердің жұмыс
істеуінің нақтылы жағдайын ескере отырып, білім алушылармен жаңа
педагогикалық технология құралдарын, әдістемелерін оқытушының сауатты
қолдануына мүмкіндік береді.
Жаңа педагогикалық технологияларды кәсіби қызметте пайдалану
саласындағы білім жиынтығы кәсіби біліктілкті, ой-сананы айқындайды,
педагогикалық шеберлік пен дағдыны қалыптастырудың айқындаушы шарты болып
табылады, түрлі ұйымдастырушылық-әдістемелік технологияда белсенді түрде
қолданылады.
Мазмұндық бөлігін іс жүзіндегі бейімділік пен дағдылармен бірлікте
пайдалану, болашақ оқытушының жаңа педагогикалық технологияны сабақта және
сабақтан тыс уақытта қолдануға дайындығының мазмұнын құрайды. Алайда,
адамның белгілі бір білім стандарттарына жетуіне бағытталған дәстүрлі
педагогика, көбінесе адамның жәй түсіндіруге келмейтін жаңа құбылыстарды
түсіне алмай қалуына соқтыруы мүмкін. Сондықтан педагогтің мұндай әзірлікті
меңгеруі танымдық белсенділігін ынталандыру, ізденіс әдістерін меңгеру және
қажетті ақпарды қолдану, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды
саналы түрде пайдалану негізінде әрекетті сараптау әдістерін игеру үшін,
жағдай туғызылуымен үндесуі қажет.
Өлшемдер: Болашақ педагог-психолог маманның кәсіби іс-әрекетінің мәні,
ерекшеліктері және жаңа педагогикалық технологиялар негізінде шеберлікті
жетілдіру жолдары туралы білімі.
Көрсеткіштері:
- маман іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын тұтас педагогикалық
процес туралы білімі;
- жалпы білім берудің мақсат, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері,
ұйымдастыру формалары туралы білімі;
- білім алушылардың іс-әрекетін басқарудағы оқытушының білімділігі мен
шеберлігі туралы білімі;
- жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық және практикалық
мәні, түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы білімі;
- жаңа педагогикалық технологияларды жасау жолдары мен мүмкіндіктері
туралы білімі.
Іс-әрекеттік компонент – педагог-психологте жаңа педагогикалық
технологиялар негізінде кәсіби іс-әрекетті және кәсіби құзырлылықты жүзеге
асыру білігі мен дағдысының болуымен сипатталады.
Өлшемдері: Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде кәсіби іс-
әрекетті жүзеге асыру бірлігі мен дағдысы.
Көрсеткіштері:
- жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыра білуі;
- педагогикалық үдерісті басқара білуі;
- жалпы білім беруді жобалауы;
- ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен шұғылдану білігі.
Жоғарыда біз ұсынған модельдің үш құрамдас бөлігі бір-біріне өзара
ықпал етеді, бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі.
Осы модельдің өлшемдері мен көрсеткіштерінің ара қатынасының әр түрлі
дәрежеде көрініс беруіне байланысты, жоғары оқу орындарында оқитын
студенттердің педагогика пәндерінің материалдарын меңгерудегі білім мен
практикалық біліктері және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің қалыптасуының
мүмкін болатын төрт шартты деңгейі анықталды:
Жоғары деңгей, болашақ педагог-психологтың кәсіби іс-әрекеті және
жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімді жетік меңгерген, оларды
кез-келген білім беру мекеме практикасында еркін іске асыра алады,
жаңашылдық тұрғысынан шығармашылыққа және өзін-өзі жетілдіруге деген
тұрақты ынтасымен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Болашақ педагог-
психологтар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша
қосымша әдебиеттерді оқып-үйреніп, білім беру саласының жұмыс жасауының
шынайы жағдайына сүйене келе, білім алушылардың жас және дербес
ерекшеліктеріне бейімдей отырып, қызметтерінде ғылыми-практикалық ақпаратты
іріктеп пайдаланады.
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын жаңа педагогикалық
технологиялар негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz