Су - биосфераның аса маңызды элементi


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
1. Су - биосфераның аса маңызды элементi2
1. 1. Жердiң климаты3
1. 2. Криосфера4
1. 3. Өздiгiнен тазару5
2. Гидросфераның ластануы6
2. 1. Суды тазарту және ластанудан қорғау9
3. Қалдықсыз өндiрiстер12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі14
1. Су - биосфераның аса маңызды элементi
Гидросфера - бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерiнен қозғалысқа түсетiн және бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады. Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық жүйе: мұхит - атмосфера - құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi бөлiктерiнiң әртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды және Жер планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндiрiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмiдктердiң ткандерi мен клеткаларының құрамына кiредi. Жануарлар мен өсiм-iктер организмдерiндегi өте күрделi реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшерiне байланысты қалыптасады.
Мұхиттардағы судың беткi бес жүз метрлiк қабаты ондағы планктонның сүзгiш аппараты арқылы 40 күн iшiнде сүзiлiп өтсе, бiр жыл iшiнде мұхиттағы бүкiл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңiз суындағы ерiген тұздардың концентрациясы 3, 5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99, 9% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т. б. иондардың үлесiне тиедi.
Биосферадағы үш сфераның - ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негiзгi заты көмiрқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдiк арқылы жақсы түсiнуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмiрқышқыл газы 60 есе көп. Көмiрқышқыл газы суық суда жақсы еритiн болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрiздi тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстiк пен солтүстiк ендiктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО 2 мөлшерi артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшерi де артады, нәтижесiнде кальций карбонатының ерiгiштiгi жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейедi. СО 2 мөлшерi азайғанда сутек иондарының концентрациясы төмендейдi де, кальций карбонатының көбiрек тұнбаға түсуi байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көмiртек иондары тұрақтанып, атмосфераның анторопогендiк ластануынан жиналған СО 2 артық мөлшерi сiңiрiледi. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негiзгi роль атқарушы болып табылады, себебi тiрi организмдердегi барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен тканьдерiнiң көп бөлiгi судан тұрады.
Су - әлемнiң ең үлкен байлығы. Бiрақ бiздiң планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана.
Таза судың жетiспеушiлiгi жер шарының көптеген аудандарындағы өткiр мәселелердiң бiрi болып отыр.
Жердегi су ресурстары жалпы алғанда, жер бетiлiк немесе континетальды сулар, Бүкiл Әлемдiк мұхит сулары және жер астылық сулар болып үш топқа бөлiнедi. Жер бетiлiк, не континентальды суларға - өзен, көл, жабық теңiздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкiл Әлемдiк мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңiздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бiр-бiрiне байланыссыз екi фактордың - тарихи-табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендiк фактордың әсерiнен қалыптасады.
Судың химиялық құрамының түрлiше болуы себептi оларды минералдану дәрежесiне байланысты төмендегiше классификациялауға болады (1 г/л) :
тұщы су 1 ге дейiн
тұздылау 1-25
тұзды 26-50
ащы >50
Жер бетiндегi тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия, полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесiне тиедi. Егер осы мұздықтарды Жердiң бетiне бiрдей етiп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар едi. Бiрақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлi күнге мүмкiн болмай отыр.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетiспеушiлiгi түсiнiктi жағдай деуге болады.
Табиғатта су айналымы үздiксiз жүрiп отырады. Күн сәулесiнiң әсерiнен Мұхит суларының, құрлықтың беттерiнен және өсiмдiктердегi транспирация арқылы су үздiксiз буланады. Нәтижесiнде атмосфера су буларымен қанығады. Буланған су конденсацияланып, бұлттар түзiп, атмосфералық жауын-шашын болып жер бетiне жауады. Жерде оның бiраз бөлiгi топырақ пен өсiмдiктер беттерiнен буланып, бiразы топыраққа сiңiп, өсiмдiктерге сiңiрiледi, не топырақтың терең қабаттарына өтiп, онда грунт суларымен бiрге қайтадан жер бетiне шығып, мұхиттарға қосылады. Жауын-шашынның бiраз бөлiгi топырақ беттерiнде қалып, өзендерге қосылады.
1. 1. Жердiң климаты
“Адам - климат” проблемасы әрқашан да болған. Өте ертедегi кезеңдерде-ақ, бұдан 2500 жыл бұрынғы Грецияның қалаларында бұрынғы өткен кезеңдердегi климаттық жағдайларды сипаттайтын парапегмалар болған.
Климат пен ауа райына деген қызығушылық Ертедегi Грецияда осы құбылыстар туралы iлiмнiң келiп шығуына әкелдi деуге болады. Ауа райы мен климат туралы ең алғашқы еңбек ұлы ойшыл Аристотельдiң (б. э. д. 384-322 ж) “Метеорологика” атты еңбегi болды. Аристотельдiң шәкiртi Теофраст (б. э. д. 372-287 ж) ауа райының белгiлерi туралы трактат жазып, онда атмосфеарның күйiн бiрнеше тәулiк, апта немесе тiптi айлар бұрын анықтайтын белгiлерiн сипаттап жазды.
Осы трактаттың көпке белгiлi “Егер кешке қарай жел болса, теңiзшiге қорқыныш жоқ. Ал таңертеңгi басталған жел теңiзшiге жайсыздық әкелер” деген фразасы тiптi қазiргi кезде де өз маңызын жойған жоқ.
Климат деген түсiнiктi Ертедегi Греция оқымыстылары енгiздi. Грек тiлiнен аударғанда климат деген “наклон” деген сөз.
Шын мәнiнде, климатқа әсер ететiн негiзгi фактор жер бетiнiң жарықталыну жағдайы. Бұл жағдайлар жердiң барлық нүктелерiндегi белгiлi уақыт, не жыл бойынша факторлардың, оның iшiнде, температура, ылғалдылық, қысым, желдiң бағыты мен мұхит ағыстарының бағыттары орташаланған көрсеткiштерiнiң жиынтықтары.
Климаттың барлық параметрлерiнiң iшiнде тiрi организмдердiң дамуы үшiн ең маңызды роль атқаратын температура, себебi, биологиялық процестер бар болғаны 0 ден 50 0 С қа дейiнгi аз диапазонда ғана қалыпты өтедi. Климаттың температуралық режимiндегi болатын бiршама өзгерiстердiң өзi флора мен фаунада елеулi өзгерiстерге әкеледi.
1. 2. Криосфера
Криосфера (қар, мұз, мәңгiлiк мұз аймақтары) - климаттық жүйенiң компонентi болып, шағылдыру қабiлетi (альбедо) жоғары, жылу өткiзгiштiгi төмен. Жаңа жауған қар түскен күн сәулесiнiң 90% шағылдырады. Қар мен мұздар планета бетiне “жапсырылған” айна сынықтары тәрiздi. Мұздардың 90% Антарктидада, бiрақ планетадағы мұздардың негiзгi массасы теңiздердiң мұзы мен қар түрiнде болады. Солтүстiк жарты шарда Солтүстiк мұзды мұхит акваториясындағы мұз жазда 8 млн км 2 , ал қыста 18 млн км 2 созылып, көлемi Австралияның көлемiнен 2 есе көп көлем алады. Оңтүстiк жарты шарда Антарктида маңында қыстыгүнi мұз 20 млн км 2 алады.
Тұщы судың жетiспеушiлiгi .
Қазiргi таңда әлемнiң көптеген елдерiнде тұщы судың дефицитi байқалып отыр. Бұл жағдай су қорының құрлықта бiркелкi таралмағандығынан, халық санының өсуiнен және өндiрiс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша, жер шарында суды әртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км 3 , ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км 3 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры әлдеқайда көп және жеткiлiктi болу керек. Бiрақ табиғи сулардың химиялық құрамына қатты әсер ететiн фактор - адамның шаруашылық әрекетiнiң нәтижесiнде қалалар санының көптеп өсуi суды пайдаланудың ғана емес, сонымен бiрге ағызынды сулардың да өсуiне әкеп соғуда. Ауылшаруашылық және өндiрiс орындары ағызынды сулармен бiрге өзендерге суды ластаушы заттарды да ағызады. Нәтижесiнде табиғи суларда ерiген оттегiнiң мөлшерi азайып, органикалық заттардың ыдырау жағдайлары нашарлап, олардың концентрациясы көбейедi.
Жер бетiлiк суларға жыл сайын 450 км 3 ағызынды сулар ағызылады. Олардың тек қана жартысына жуығы алдын ала тазартылады. Ал табиғи сулар өздерiнiң өздiгiнен тазару қабiлетiн сақтауы үшiн ағызынды сулардың көлемi ондаған есе аз болуы керек.
Адамзат қоғамында адамдардың жартысына жуығы судың жетiспеушiлiк проблемасын бастан кешiруде. Құрлықтың 60% шөл және жартылай шөл жерлер. Жер шарының осы құрғақшылық аудандарында адамдар ауыз судың өзiнiң тапшылығының қасiретiн тартуда.
Осындай сусыз аймақтарға Мексика, Пәкiстан, Иран, Алжир, АҚШ ондаған штаттары және т. б. Бұлармен қатар ТМД елдерiнiң кейбiр Орта Азиялық мемлекеттерi.
Тұщы судың жетiспеушiлiгi гумидтi деп аталатын ылғал климатты аймақтарда да байқалуда. АҚШ бiрқатар штаттарында, Канадада, Оңтүстiк Американың, Азияның, Африканың тропиктiк аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан “судың жетiспеушiлiгi” байқалуда.
АҚШ халқының 1/7 бөлiгi су тапшылығын бастан кешiруде. Сол сияқты Батыс Европаның бiрқатар мемлекеттерi де осындай жағдайда. Сондықтан бүкiл адамзат қоғамына қауiп төндiрген су жетiспеушiлiгi, барлық елдердiң ғалымдары мен инженерлерiн халықты сумен қамтамасыз етудiң түрлi жолдарын iздестiруге жұмылдыруда. Осы ретте жер астылық суларды зерттеу, пайдалану жолдары қарастырылуда, себебi олардың қоры барлық дерлiк материктерде мол. Айсбергтер суын пайдалану жолдары iздестiрiлуде. Соңғы жылдары ғалымдар ащы суларды тұщыту мәселелерiмен де айналысуда. Бұл үшiн көптеген елдерде суды жұмсартатын станциялар салынуда.
Қазiр әлемде 800 ден аса осындай станциялар жұмыс iстейдi, олар күн сайын 1, 7 млн м 3 тұщы су алады, оның 90% ауыз су ретiнде пайдаланылады. Бiздiң елiмiзде Атырау қаласы осындай суды пайдаланады.
1. 3. Өздiгiнен тазару
Су ресурстарының ”мұхит - атмосфера - жер - мұхит„ системасындағы айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi - өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс iстейдi.
Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тiршiлiк ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк iс-әрекеттерi нәтижесiнде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi табиғи сулардың осы қасиетiн сақтап қалуға барынша мүмкiндiк жасау.
Әрбiр су көзi - түрлi тiрi организмдер, сол ортаға тән арнайы организмдер, өсiмдiктер, микроорганизмдер тiршiлк ететiн, олар үнемi көбейiп, өлiп отыратын тiрi, күрделi экожүйе. Егер су көзiне бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетiн болса, онда өздiгiнен тазару процесi тез жүрiп, су өзiнiң бастапқы таза күйiне қайта келедi. Өздiгiнен тазару процесiне әсер ететiн факторлар түрлiше. Оларды шартты түрде үшке бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық.
Судың өздiгiнен тазару процесiне әсер ететiн физикалық факторлардың iшiнде ластаушы заттардың сұйылуы, еруi және араласуы негiзгi роль атқарады.
Өзен суының интенсивтi ағысы судағы ластаушы заттардың жақсы араласып, концентрацияларының төмендеуiне себеп болады. Судағы ерiмейтiн тұнбалардың су түбiне шөгуi ластанған судың өздiгiнен тазаруына жағдай жасайды. Микроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе судағы органикалық және органикалық емес заттарға қосылып, олармен бiрге су түбiне шөгедi.
Судың өздiгiнен тазаруына әсер ететiн аса маңызды физикалық фактор Күннiң ультракүлгiн сәулесi. Бұл сәулелердiң әсерiнен су зарарсызданады. Ультракүлгiн сәулелер белокты коллоидтарды және микроб клеткалары протоплазмаларының ферменттерiн жойып жiбередi.
2. Гидросфераның ластануы
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшерi - 1386 млн. км 3 . Бұл судың 96, 5 % Әлемдiк мұхитқа тиесiлi. (13-кесте) .
Мұхиттардың орташа тереңдiгi 3704 м ал ең тереңi - 11034 м Жер қойнауының жоғарғы бөлiгiнде түрлi тереңдiкте жер асты суының қоры бар. Тұщы сулар әдетте, 150-200 м тереңдiкте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана бередi.
Жер астындағы тұщы сулардың көлемi жер бетiлiк тұщы су көлемiнен 100 есе көп. Су табиғатта үш түрлi агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседi.
Қазiргi кезде адамзат қоғамында бiр жылда тұщы судың 3000 км 3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлiгi қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсiру үшiн барлық вегетациялық кезеңiнде 1500 тонна, 1 тонна күрiшке - 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.
3-кесте
Жердегi су қорлары
Көлемi
мың км 4
тұщы су
мөлшерi
Өнеркәсiпте 1т. өнiм алу үшiн болат, шойын - 15-20 м 3 , кальцийленген сода - 10, күкiрт қышқылы - 25-80, азот қышқылы - 80-180, синтетикалық жiбек - 300-400 м 3 , синтетикалық талшық - 500, мыс - 500, пластмасса - 500-1000, синтетикалық каучук - 2000-3000 м 3 т. с. с. су жұмсалады. Қуаты 3 квт/сағ. Жылу электр станциясына жылына 300 км 3 су қажет.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңiз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негiзгi көздер төмендегiлер:
- өндiрiс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар;
2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың iшiнде патогендi де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;
3) суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман-химия, мұнай өңдеу өнеркәсiптерiнiң ағызынды сулары.
Өндiрiстiң дамуына және суды пайдаланудың артуына байланысты ағызынды сулардың мөлшерi де артып отыр. 60 жылдардың өзiнде-ақ жыл сайын әлемде 700 млрд м 3 ағызынды сулар жиналатын едi. Өзендердiң ластануы соңғы жылдары қатты байқалып отыр.
Мысалы, тек қана Рейн өзенi жыл сайын 941 т. сынап, 1040 т. мышьяк, 1700 т. қорғасын, 1400 т. мыс, 13 000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн т . түрлi тұздармен ластанады.
Жер бетiндегi ең лас - Жерорта теңiзi болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды әсерiнен ондағы балықтардың 80 процентi қырылып қалған. Кемелердiң апатқа ұшырауынан, танкер резервуарларын жуған судан және мұнай өндiру жұмыстары кезiнде жыл сайын Әлемдiк мұхит сулары 12-15 млн т. мұнаймен ластанады. Судың бетiндегi мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу процесiн бұзып, оттектiң жетiспеушiлiгiнен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады.
Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседi. Мал шаруашылығында түзiлген өлi органикалық заттар (көң, шiрiндi, мочевина) топырақтан суға түсiп, олардың көп массасы улы әсерi болмаса да, су экожүйелерiне едәуiр әсер етедi. Органикалық заттары бар ағызынды суда биогендi элементтер әсiресе, азот пен фосфор көп болады, олардың әсерiнен суда фитопланктон жаппай көбейiп дами бастайды, әсiресе көк жасыл, қоңыр балдырлар тез көбейiп, жоғарғы сатыдағы су өсiмдiктерiнiң қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл организмдер өсiп, дамып, өлiп, нәтижесiнде судағы органикалық заттардың массасы артады. Аэробты организмдердiң оттекпен тыныс алуы нәтижесiнде тез арада оттектiң жетiспеушiлiгi туындайды. Сондықтан су тiршiлiкке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. Бұл процесс эвтрофикация деп аталады. эвтрофикация дегенiмiз - суда табиғи, не антропогендiк факторлар әсерiнен биогендi элементтердiң жинақталуы нәтижесiнде су объектiлерiнiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң артуы. Анаэробты процестер судың екiншi реттiк ластануы болып табылады. Эвтрофикация - суға оңай тотығатын минералды тыңайтқыштардың түсуi, не егiстiктерден азот пен фосфор тыңайтқыштарының шайылуы нәтижесiнде де болуы мүмкiн.
Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы көбiрек қауiп туғызатын себептерiн төмендегiше деуге болады:
- сулы ортада өздiгiнен тазару, ауаға қарағанда әлдеқайда жәй жүредi;
2) судың ластану көздерi өте көп;
3) сулы ортада жүретiн табиғи процестер ластаушылар әсерiне сезiмтал және олар атмосферада жүретiн процестерге қарағанда жер бетiндегi тiршiлiк үшiн аса маңызды болып табылады.
3 кесте
Ауыз суындағы химиялық қосылыстар
мен элементтердiң зиянсыз концентрациялары
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Қорғасын
Мышьяк
Фтор
Бериллий
Молибден
Нитраттар
Полиакриламид (ПАА)
Стронций
0, 1
0, 05
0, 7-1, 5
0, 0002
0, 5
10, 0
2, 0
2, 0
2. 1. Суды тазарту және ластанудан қорғау
Табиғи суларда олардың өздiгiнен тазару құбылысы жүредi. Бiрақ бұл процесс өте жай жүредi. Өндiрiстiк-тұрмыстық қалдықтар мөлшерi салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздiгiнен тазару құбылысы жеткiлiктi дәрежеде жүрген болар едi. Бiрақ, өкiнiшке орай, қазiргi таңда ғылыми - техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейiнiң қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттiлiгi туындап отыр.
Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделi процесс. Олар - механикалық, физико-химиялық және биологиялық болып бөлiнедi. Бұл әдiстердiң әрқайсысын таң-дап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты.
Суды тазартудың механикалық әдiсi бойынша суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемi түрлi бөлшектер мөлшерiне қарай әртүрлi конструкциялы торлармен, су бетiлiк қоспалар - май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзiледi.
Физико-химиялық әдiсте ағызынды сулардан ерiген органикалық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiнде ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлiнiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту әсiресе, қорғасын, мыс өнеркәсiптерi мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi.
4-кесте
Әлемдік су қоры
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
7а.
7б.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
Әлемдік мұхит
Жер асты сулары
Оның ішінде:
Тұщы жер асты сулар
Топырақ ылғалы
Мұздықтар мен ерімейтін қ қар сулары
Жер асты мұздықтары
Көл сулары
Тұщы
Ащы
Батпақтар суы
Өзендер суы
Атмосферадағы су
Организмдердегі су
Жалпы қоры
Тұщы судың жалпы қоры
361, 4
134, 8
-
82, 0
16,
631. 956
31, 82
21, 0
-
1, 24
0, 82
2, 68
148, 2
510, 0
-
1338000
23400
10530
16, 5
24064
300
91, 0
85, 4
11, 5
2, 1
12, 9
1, 1
1385984, 6
35029, 2
96, 5
1, 7
0, 76
0, 001
1, 74
0, 022
0, 007
0, 006
0, 0008
0, 0002
0, 001
0, 0001
100, 0
2, 53
-
-
30, 1
0, 05
68, 7
0, 86
0, 26
-
0, 03
0, 006
0, 04
0, 003
-
100, 0
Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық әдiсте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор және оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты қосылыстары қолданылады.
5 кесте
Әлемдегi ең iрi өзендердiң сипаттамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz