Бағаларға бақылау және мемлекеттік реттеу


Бағаларды жоғарлату үшін алдын - ала әкімшіліктік рұқсат талап етілетін тауарлар мен қызметтер санын қысқартты. Кейбір жағдайларда мұндай рұқсат билік органымен ұлттық деңгейде берілсе, басқаларда - аймақтық деңгейде беріледі. Ұлттық деңгейдегі рұқсаттар электрқуаттылығы, газ, дәрі-дәрмектер, ауылшаруашылық сақтандырудың әр түрлерін, пошталық және телеграфтық қызмет көрсетулер, телефон және байланыс қызметтерін, қоғамдық көлік және Ұлттық теміржол компаниясының жол билеттерінің төлемін бағалауға тиісті. Аймақтық деңгейдегі рұқсаттар сумен қамтамасыз ету, қалалық жолаушылық көлік пен аймақтық теміржол компанияларының қызметтері, сонымен қатар Канар аралдарындағы гидроирригационды қызметтер төлемдеріне тиісті.
Ішкі сауда туралы акт Үкіметке билік органдарының берген лицензиялары бойынша немесе монополиялар өндіретін стратегиялық тауарлардың, тағамдық өнімдердің негізгілеріне қарай бағалардың өзгерулеріне алдын - ала рұқсаттар жүйесін қолдануға рұқсат береді.
Бағақалыптастырудың үшінші тәсілі тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты және ұсынылатын бағалардың ішіндегі тиісті таңдаудың қамтамасыз етіілуіне негізделген. Испандық заңдарда негізгі бір ереже бар, ол бойынша тұтынушының баға туралы жалпы немес смета туралы сұрау салса, ол жайлы мағлұматтары, және пайдалану немесе сатып алу актінің заңдық, экономикалық шарттары туралы, сонымен қатар бағалық шегерім немесе үстеменің кез келген мүмкін мөлшері және қосымша қызметтерді, қаржылық схемаларды ұсынудан, мерзімін ұзартып өткізу мүмкіншілігі немесе сол сияқты шаралардан шығатын кез келген қосымша шығындары туралы мағлұматтары болуы керек.
Бағаларға бақылау және мемлекеттік реттеуді 1977 ж. Королевтік декретпен бекітілген экономика және қаржы Министрлігі тұсындағы бағалар бойынша Жоғарғы кеңес жүзеге асырады.
Тұтынушылық бағалардың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын тікелей мемлекетпен орнатылатын және реттелінетін бағалардың үлес салмағы құрайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу механизмі олардың келесі түрлерін қамтиды: рұқсат бағалар, хабарлау және жергілікті бағалар.
Рұқсат бағалар
. Нақты тауар немесе қызмет бағаларын жоғарлатуды жоспарлайтын мемлекеттік немесе жекеменшік компания, бағалар бойынша Жоғарға кеңеске қолдаухат жібереді және үкіметтік комиссиядан рұқсат алған соң бағаларды көтереді. Олар соя майы, электроэнергия, табиғи және сұйылтылған газ, бензин, керосин, дизельдік отын, тыңайтқыш өндірісі үшін мұнай, фармацевтік тауарлар, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру, телефон байланысының, телеграф пен пошта қызметтері, теміржолдық, автомобильдік, жолаушылық және жүктік тасымалдарға, ел ішіндегі теңіздік жолаушылық тасымалдарға, әуе тасымалдарына орнатылады.
Хабарлау бағалары
- бағаларды жоғарлатуды ж‰зеге асырғанға дейін бір ай б±рын бағалар бойынша жоғарғы кеңеске хабарлағанан кейінгі бағалар (мысалы, айықтырылған (стерилизованное) с‰т, с±йық май, жемшµп дєні, минералды тыңайтқыштар) .
Жергілікті бағалар
. Оларға келесі тауарлар мен қызметтер бағасы жатады: т±рғындарды сумен қамтамасыз ету, қалалық жолаушылық жєне теміржол тасымалдары, клиника, санаторийлер, аурухана қызметтері. Олардың жоғарлауы бағалар бойынша провинциалды комиссия компетенциясына кіреді. Елдің жалпы нарыққа енуіне байланысты кµптеген тауарлар, оның ішінде ауыл шаруашылық µнімдеріне бағаларды реттеу ЕО деңгейінде ж‰реді.
Греция
. Бағақалыптастыру облысындағы мемлекеттік реттеу бағаларды тікелей анықтау жєне олардың орындалуын бақылау жолымен жєне жалпыэкономикалық саясат шекарасында немесе экономиканың жеке салаларындағы елдің белгілі бір даму кезеңдерінде табыстар мен бағалар саясатын ж‰ргізумен ж‰зеге асырылады.
Қазіргі уақытта т±тынушылық тауарлар мен қызметтердің шамамен 20% атауының бағалары мемлекеттік органдармен реттелінеді. Грецияда бағаларды реттеудің қ±қықтық негізі 1989ж. бекітілген жєне нарықтық реттеудің Кодексі ретіндегі Президент қаулысы болып табылады. Кодекске сєйкес бағалық реттеуге жататын барлық тауарлар мен қызметтер екі топқа бµлінген.
Бірінші топқа енетін тауарлар мен қызметтер бағасын табыстар мен бағалар бойынша Министраралық комитет реттейді, оны ±лттық экономика Министрі басқарады. Б±л орган бидай, темекі, мейіз, электроэнергия тарифтері, қоғамдық көлік, пошталық және байланыс желілері, єуежолаушылық тасымалдар, каботаж (кеме қатынасы) сапары бағаларын реттейді. Министраралық комитет қ±рамына қаржы, µнеркєсіп, ауыл шаруашылық, сауда министрлері жєне кейбір басқа министрлер (еңбек, денсаулық сақтау) кіреді.
Екінші топқа қалған тауарлар мен қызмет жатады. Оларға бағаларды сауда Министрлігі реттейді. Министрлік µзінің орындаушылық қызметтерін (толық немесе бµліктеп) жергілікті билік органдарына беру м‰мкіндігі қаралған. Сонда да олар қосымша рольді ойнайды. ¤йткені сауда министрінің бекітуінсіз олардың шешімдерінің заңдық к‰ші жоқ.
Екінші топ тауарлары мен қызметтері ‰ш категорияға бµлінеді:
- Маңызды түрде жеткіліксіз. Б±л тауарларға бағаның жоғарғы шегі немесе пайыз т‰ріндегі, не абсолюттік т‰рде максималды пайда орнатылады, єрі бµлшек жєне кµтерме саудаларға жекелей қойылады. Б±л тауарлар категориясына жататындар: алкогольсіз ішімдіктер, негізгі дємтағам тауарлар, мейрамханалар, барлар, жеңіл асханалық (закусочные) қызмет кµрсетулер, ауыл шаруашылық қ±ралдары, автомобильдердің кейбір т‰рлері, оларға саймандар, бензин, мазут, дизельдік отын;
- Жеткілікті маңызды(жуу қ±ралдары, жартылайфабрикаттар, гипс, асбест, автот±рақтардың, жоғарғы категориялы ресторандардың қызмет кµрсетулері - барлық тауарлар мен қызметтердің 86 т‰рі) . Б±л категория тауарларының бағасы аз дәрежеде қатал реттілікке бейімделген жєне саудалық артық пайда алуды жою мақсатымен ғана бақыланады. 1987 жылдан т±рғын ‰йге жалдық тµлем мµлшерін мемлекет анықтайды, бірақ шамамен барлық т±рғын ‰й қоры жекеменшік билігіне тиесілі. Бағалар екіжылдық мерзімге тіркеледі.
Құқықтық реттеу - мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т. б. қамтылады. [1]
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
Әлемдік шарушылықтың түпнегізі - бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері. Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен кедендік базасы халықаралық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш ұйымға қайткен күнде де кіру керек.
Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және маркетинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мемлекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келгенде, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жасауына орасан зор мүмкіндіктер береді. 2002 жылдың 31 қаңтарына дейін аталмыш ұйыммен 162 аймақтық әріптестік шарт жасалған екен. Оның саны жылдан жылға артпаса, кемімейтіні де белгілі болып отыр. Өз кезегінде ТМД-ның бірқатар елдері сияқты Қазақстан да осы ұйымға мүше болуды мақсат етіп отырғанын айта кету керек.
Отандық өнім өндірушілердің тауарлары әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар «баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады» дейді. Бұл нені білдіреді? Яғни, бір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауыл шаруашылық және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.
Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай сыртқы сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлттық экономиканы дамыту үшін мыналарды орындау керек дейді:
* сауда балансын сақтау: шеттен тауар әкелгенше, керісінше, сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем ретінде көбейту. Бұл өз кезегінде ішкі өндірісті кеңейтіп, жұмыссыздықты жояды. Шикізаттық бағыттан өндірістік өнеркәсіпке көшу арқылы ұлттық нарықтан шетел өнімдерін ығыстырады.
* экспортты арттыру және импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы тұрақты реттеу. Бұл сауда саясатының тарифтік құралы арқылы жағымды сауда сальдосын қамтамасыз етеді.
* шикізат шығыруға тыйым салу немесе қатаң шектеу қою, сондай-ақ елдің ішкі нарығына шикізат импортын салықсыз ендіру. Бұл алтын қорын молайтып, дайын өнімге деген арзан бағаны қалыптастырады.
Жаһандану жағдайында үлкен тауар айналымы кедендік тарифсіз жүзеге аспайды. Кедендік тариф дегеніміз кедендік салықтардың жүйеленген мөлшермелік тізімі.
Осы арқылы мемлекеттің кедендік шекараларынан тауар алып өтудің импорттық және экспорттық бағытынан салық ұсталынады. Кедендік тариф саясаты ДСҰ-ға ену үшін кез келген мемлекет орындайтын бірінші талап. Қазақстан ДСҰ-ға кіре отырып, мынадай міндеттемелерді орындайды:
- кедендік тарифті айтарлықтай мөлшерде төментеду және тарифтік емес өлшемдерді тарифтендіру;
- ауыл шаруашылық өнімдерінен дотация мен субсидияны алып тастау;
- кедендік шараларды ДСҰ талаптарына сәйкестендіру;
- тауар нарығы мен қызметі, капитал айналымын барынша кеңейту;
- өзінің тауар, қызмет көрсету және капитал нарығын максималды ашу;
- ДСҰ-ның барлық ережелері мен қағидаларын орындау.
Бүкіләлемдік банктің 1995 жылғы жасаған әлем елдерінің экономикалық көрсеткіші бойынша Қазақстан орташа төмен табысты 65 елдің қатарына жатады екен. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2005 жылғы Жолдауда ДСҰ-ға кіру туралы: «Алдағы уақытта Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіміз отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шарушылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын» деген-ді.
Елбасы бұл сөзді өткен ұлықтау рәсімі кезінде де қайталап, Қазақстанның алдағы 10-15 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы керектігін шегелей айтып, ол үшін Үкіметке 6 нақты басымдыққа негізделген тапсырма да берді. Бізге бұл жетістікке қол жеткізу жолында, әрине, халықаралық экономикалық ұйымдардың көмегі ауадай қажет. Әсіресе, елімізде «жол картасын» енгізуге септігін тигізгендері, келешекте де бұл жүйенің біздің елімізге кеңінен таралуына қол ұшын берген даярлықтары үшін БҰҰ мен ЮНКТАД ұйымдарына деген алғысын баса айтқан болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық капитал қозғалысына барынша тәуелді. Осы арқылы еліміз халықаралық қатынас аясында экономикалық альянстарға мүшелікке кедергісіз қабылдануда. Капитал шығару - ақшалай немесе заттай шетелге капитал ауыстыру. Бұл экономикалық мүдде тұрғысынан жасалатын операция. 19 ғасырдың аяғында көптеген артта қалып келген мемлекеттер шетелге капитал шығару арқылы әлемдік шаруашылыққа араласып, экономикасын аяққа тұрғызды. Сол елдердің көбісінде темір жол желілері іске қосылып, инфрақұрылымдық дамуға қадам басқан болатын. Сол кезде шаруалар жерден айырылып, қолөнершілер қайыршылық халге түсіп, жұмыс іздеуге көшсе, ал өзгелері ақша жинақтарын жасап, тауар өндірудің өнеркәсіптік механизмдеріне бел шеше кірісті.
Статистика дәлел бола алатындай екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары сыртқы сауданың көлемі үнемі өсіп отырады. Әрине, бұл көбіне капитал ауыстыруға тікелей байланысты, яғни, капитал экспорттау тауар шығарудың басты кілтіне айналды. Ал қазіргі уақытта ДСҰ-ға кіру үшін Қазақстан халықаралық капитал қозғалысының мынадай тетіктеріне мән беруі керек:
- тауар сатып алу үшін өзге елдерге несие беру;
- шетке капиталды тауар түрінде шығару: бұл дегеніміз - машина жөнелтілімдері, құрал-жабдықтар мен кәсіпорынға қажетті заттар өндіру;
- Трансұлттық корпорациялар шеңберінде фирма ішілік тауар жөнелтілімдеріне қатысу.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа және озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Сондықтан да, еліміз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазіргі уақытта Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиісті де, өткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық - географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz