Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ТӘРБИЕЛЕУ ПОТЕНЦИАЛЫН

ДАМЫТУ

13. 00. 08-Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Керимов Л. К.

Мазмұны

Кіріспе

1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысына даярлығын қалыптастырудың әлеуметтік және ғылыми-педагогикалық негіздері

1. 1. Болашақ мұғалімдерді мектептегі тәрбие жұмысын жүргізуге дайындау проблемасының бүгінгі жағдайы.

1. 2 Егеменді Мемлекет Қазақстан Республикасының тәрбие стратегиясының жасалуы.

1. 3. Жеке тұлғалық потенциал - тәрбиелеу потенциалының негізі, оның мәні, мазмұны.

2. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың тиімділігін эксперименттік зерттелуі .

2. 1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелеу потенциалының деңгейі мен диагностикасы.

2. 2. Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттары.

2. 3. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың тиімділігін тәжірибелік- эксперименттік тексерілуі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі.

Қосымшалар.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . Екі ғасыр тоғысындағы қазіргі цивилизация білім беру саласындағы тоқырауды мойындап отыр. Басқа мемлекеттер сияқты, Қазақстан Республикасы білім берудің жаңа парадигмаларын қабылдаудың қиыншылықтарын басынан өткеріп отыр. Ол меншік формаларының өзгеруіне, әлеуметтік экономикалық қиындықтарға, адамгершілік құндылықтарының жойылуына байланысты болып отыр.

Бүгін мемлекетіміз қиын тұғырықтан шығып, экономикалық тәуелсіздік, демократия, тұрақтылық, қоғам өміріндегі сапалы өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатыр деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев бұл жағдайда уақыт озуына қызмет ететін жастарға сүйенуіміз керек деп атап көрсетті [1] . Дайындық кезеңінен өткен Қазақстан саяси, экономикалық білім берудің әлемдік қоғамдастығына кіруге дайын [2] .

Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамды гуманизациялау міндеттеріне байланысты анықталған мақсаттары бар. Әр адамның даму тенденциясы тәрбие үрдісіне жаңа тұрғыдан келу қажеттілігін айтады. Шығармашылық ойлау қабілеті бар, ұлттық сана-сезімі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға, жалпы адами құндылықтарды меңгеру дағдылары қалыптасқан, айналадағы өмірдің өзгерген жағдайына тез бейімделетін көп мәдениетті тұлға тәрбиелеу тәрбиенің стратегиялық бағыты болып табылады [3] .

Бұл ойлар «Мектеп және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында»/1995 ж. / [4], « Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында»/1996 ж. / [5] « Қазақстан Республикасында этно-мәдени білім беру концепциясында»/1996 ж. / [6], «Білім туралы» Заңда /2007 ж. / [7], « Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді бағдарламасында»/2000ж. / [3], «2005-2010 ж. ж. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»/ 2004 ж. / [8], мектептен тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің құжаттарында орын алды.

Жеке тұлға тәрбиесі уақыт талабына сәйкес өзгерістерге ұшырай отырып жүзеге асырылады. Әр адамның тәрбиесінің деңгейі сол заманның мәдениетінің деңгейін анықтайды.

Тоталитарлық бюрократизмге тән демократияның мүлдем орын алмауы. әлеуметтік белсенділіктің барлық формаларын, инициативаны басып тастауы, тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде жоққа шығарды. Бұл факт жас мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесінде ұзақ орын алған жоқ, өйткені ол әр азаматтың санасының жетілуіне тәуелді болды, тәрбиеге жаңа қатынас әр жас адамға жаңа психологиялық жағдайды және тұрақты моральды ахуалды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ғылымның негізгі мақсаты болып жан-жақты тәрбие беру және жасөспірімдерді дамытудың жаңа жетілген әдістерін іздестіру болып табылады.

Н. Ә. Назарбаев жан-жақты дамытудың анықтамасына аса зор көңіл бөліп, оны баланың қабілеттерінің, денесінің, жан-дүниесінің, қызығушылығы мен қасиеттерінің дамуы деп түсіну керек дейді [1] Қазіргі қоғам жалпыадами және ұлттық құндылықтардың қабылдануына қайта өрлеуіне мұқтаж болып отыр. Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің өзара байланысты проблемаларын түсініп, аша білу керек, өйткені оқытудың қорытынды мақсаты-адамның өзін-өзі жетілдіруі. Тәжірибе көптеген жастардың азаматтық парыз, жауапкершілік, қоғамдық қызмет сияқты құбылыстарға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Олар білімді өмірлік құндылық деп қарастырмайды. Азаматтардың мәдени құндылықтарға деген қызығушылығы төмендеді (1989-41%, 1999-12%, 1997-10, 5%, ) . Сонымен қатар халықтың білімді бөлігінің өзінде мәдениеттіліктің және тәрбиеліліктің жетіспеушілігі орын алды[9] .

Қоғамдағы мәдениеттіліктің төмендеуі қоғамның тәрбиелеу институты мектептің мәдени деңгейінің төмендеуіне ықпалын тигізбей қоймады. Мектеп өмірінде жауапкершіліксіздік, қарым-қатынаста және іс-әрекеттерге салақтық, мінез-құлық сапаларының төмендігі, сөйлеу мәдәниетінің төмендігі фактілері орын алды. Білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарында формализм, жеке тұлғаның тәрбиесін жетілдіруде белгісіздік, тәрбие жұмысын агитацияға айналдыру, тәрбиеленушілермен жүргізілетін жұмыстардың сандық есебі (жиналыс, үйірме, сынып сағаттары, көрме, жарыстар), тәрбие жұмыстарының сырт формаларына қызығушылық, тәрбие әдістерін қолдануда жеке, дара ерекшеліктеріне көңіл бөлмеуі қарым-қатынаста әкімшілік-бұйрық стилі орын алды. Осының бәрі тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның бойында негативтік сапалардың қалыптасуына әкелді. Тәрбие жұмысы екінші деңгейдегі сипатқа ие болды, оның басты себебі тәрбие мен оқытуға екі әр түрлі үрдіс ретінде қарау.

Нарықтық қатынастарға өту жоғары мектепке де әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы білімгерлерді тәрбие жұмысына даярлау біздің мемлекетіміздің әлеуметтік, саяси, мәдени сфераларындағы кризис жағдайында жүзеге асырылуында; білімгерлердің мәдени орталықтар, театр, кітапханалардан алыстауы; білім беруді коммерцияландыру; білімгерлердің өзін-өзі басқаруының төмендігі; тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі, жоғары оқу оындарындағы мақсатты, бағытты тәрбие жұмысының барлық жүйесінің бұзылуына әкеліп соқты. Бұның бәрі өз кезегінде болашақ педагогтардың дайындығының интелектуалдық және кәсіптік деңгейіне ықпалын тигізді. Болашақ педагогтарды тәрбие жұмысына даярлығының жүйесін жетілдіру әлемдік және отандық тәжірибелердің жаңа жетістіктеріне біріктіру керек. Жоғары оқу орындарында ұлттық, рухани, бағыттылықты, адамгершілік және мәдени құндылықты жетілдіруге бағытталған, оларды болашақ педагогтың кәсіптік дайындығында қолданатын, ұлттық-мәдени қажеттіліктерді дамытуға және қанағаттандыруға бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс [9] .

Көптеген авторлар тәрбиені жәке тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетке ендіру үрдісі және оның айналадағы қоршаған ортамен жоғары құндылықтардың негізінде үйлесімді бірлікте өмір сүріп, оны түрлендіріп, қайта құру қабылетін дамыту ретінде қарастырады [10, 11] .

Тәрбие проблемасы педагогика тарихында әрқашан маңызды орын алып отырған, көптеген ғалымдар мен педагогтар оны адамзат және жекелеген халықтардың дамуы мен өркендеуінің негізгі жағдайының бірі деп зерттеген (К. Д. Ушинский [12], Ы. Алтынсарин [13], А. Құнанбаев [14], Ж. Аймауытов [15] , А. Байтұрсынов [16], М. Жұмабаев [17], Н. К. Крупская [18], А. С. Макаренко [19], В. В. Сухомлинский [20], В. З. Смирнов [21] , Л. И. Рувинский [22], Г. Г. Ақмамбетов [23], М. Г. Тайчинова [24], Н. Ф. Талызина [25], Р. Б. Байназаров [26], А. В. Мудрик [27], Х. Қ. Арғынов [28], Н. Н. Полетаева [29], Ш. А. Амонашвилли [30] , Г. А. Победоносцев [31] және басқалар) .

Қазіргі ғылымның жетістіктері, сонымен қатар отандық педагогтар мен психологтардың еңбектері болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығы қазіргі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі екендігін дәлелдейді. Болашақ мамандардың өз қызметінің мазмұны мен мақсатын өз бетінше саналы түрде қабылдауы аталған үрдістің нәтижелілігінің негізгі жағдайы болып табылады.

Жеке тұлғаның ішкі резервті мүмкіндіктері ғылымда кәсіптік қызметтің нәтижелілігін арттыру үшін қалыптастырылатын, жүзеге асырылатын потенциал ретінде қарастырылады.

Болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығы, жеке тұлғаның тәрбиелеу потенциалының тәрбие үрдісі барысында қалыптасу мәселелерінің зерттелуінің деңгейінің жағдайын талдауы, ғалымдар әртүрлі аспектілерді зерттегенін көрсетті:

- Г. Г Акмагамбетов [23], И. И. Байзаков [17], О. С. Богданова [32], А. В. Мудрик [33, 34], Ж. Ж. Наурызбай [35], В. П. Сазонов [36], Г. Н. Филонов [37], М. И. Шилова [38], Н. Е. Щуркова [39], т. б. оқушыларды әр түрлі бағытта тәрбиелеу проблемаларымен айналысты;

- Г. К. Ахметова [40], В. П. Беспалько [41], С. Т. Каргин [42], К. Ж. Кожахметова [43], С. А. Ұзақбаева [43], А. А. Молдажанов [44], К. С. Мусин [45], А. Н. Нысанбаев [46], В. А. Сластенин [47], А. Ш. Ыстыбаева [48], Н. Д. Хмель [49, 50], М. Н. Сарыбеков[], Қ. Бөлеев[], Н. М. Көшеров[], т. б. еңбектері жоғарғы оқу орнында болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығы проблемасына арналған;

- Б. Г. Ананьев [51], А. А. Бодалев[52], В. Г. Нестеров [53], Л. И. Иванько [53], т. б. еңбектерінде жеке тұлға потенциалы адами және психо-физиологиялық мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырылған;

- потенциалдың әр түрі М. В Прохорованың [54], Я. Ф. Аскинның [55], П. Тереховтың [56] (кәсіптік), Л. В. Соханьнің [57] (интеллектуалдық), Л. М. Митинаның [59], В. П. Созоновтың [36] (адамгершілік), М. Н. Глазковтың [59], Т. В. Филоновтың [37], Е. Н. Шияновтың [60] (шығармашылық), Т. И. Мальковскаяның [61], М. Х. Балтабаевтың [62], Н. И. Шевандринның [63] (коммуникативтік) тағы басқалардың зерттеулерінде орын алды;

- Н. Э. Пфейфер [64], Ю. Г. Фоткинның [65] еңбектерінде тәрбиелеу потенциалының өзгеру ерекшелігі мен құрылымдық мазмұны қарастырылған.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, бүгінгі күні жеке түлғалық және кәсіптік потенциал проблемасына қатысты психологиялық-педагогикалық материалдың жеткілікті жинақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл проблеманың кейбір жақтары, анықтап айтсақ, әдебиеттерде болашақ педагогтарда тәрбиелеу потенцилының дамыту проблемасы ғылыми негізделмеген.

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісін ұйымдастырылуын зерттеуі, педагогтар өздерінің тәрбиелеу мүмкіндіктерін жеткілікті жүзеге асыра алмайтынын көрсетті, ол жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың тәрбиелеу потенцилын қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбегенін дәлелдейді. Осыған байланысты бірқатар қарама-қайшылықтар пайда болды: өскелең ұрпақты тәрбиелеу алдына қойған қоғам талаптарымен жоғарғы оқу орындарының болашақ педагогтарды тәрбие жұмысына даярлау деңгейінің арасында; болашақ педагогтардың тәрбиелеу потенциалын дамыту қажеттілігі мен аталған проблеманың педагогикалық теория мен тәжірибеде жеткілікті зерттелмеуінің арасынды.

Тәрбилеу потенциалының мазмұны мен мәнін ашып, оны жоғары оқу орнында болашақ педагогтардың бойында қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын анықтау, біздің зерттеуіміздің проблемасын белгіледі. Бұл проблеманы педагогикалық теория мен практикада жеткілікті деңгейде зерттелмегендігі біздің жұмысымыздың тақырыбын «Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың ғылыми-педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу объектісі : Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үрдісі.

Зерттеу пәні: Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту.

Зерттеу болжамы : Егер болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың теориялық негізін, педагогикалық шарттарын анықтап, іс-жүзіне асырудың ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасап, тәжірибелік-эксперименттен өткізсе, болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығының нәтижесі арта түседі.

Қойылған мақсат пен болжамның негізінде зерттеудің келесі міндеттері белгіленді:

  1. Болашақ педагогтардың тәрбие жұмысына дайындығының қазіргі жағдайына талдау жасау;
  2. Болашақ мұғалімнің тәрбиелеу потенциалын дамытудың мәнін, мағынасын, мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;
  3. Анықталған көрсеткіштер мен критериялар негізінде, олардың тәрбиелеу потенциалын диагностикалаудың әдістемесін жасау;
  4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың нәтижелілігінің педагогикалық шарттарын анықтау және тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы : тәрбиелеу потенциалының құрылымын, мазмұны, мәнін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны дамытудың, қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің мектептегі тәрбие жұмысына кәсіптік даярлығының нәтижелілігінін арттыруға ықпалын тигізеді.

Зерттеудің әдіснамалық базасы болып жеке-тұлғалық потенциал теориясы, танымның диалектикалық теориясы, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы, жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекеттің психологиялық тұжырымдамасы, тұлғалық іс-әрекет танымы негізінде педагогтың кәсіптік дайындығы табылады.

Зерттеу әдістері . Зерттеудің алдына қойған мақсат пен болжамды шешу және тексеру үшін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бір-бірімен байланысты әдістері қолданылды: психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерді, оқу әдістемелік құжаттарды зерттеу және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, анкета, тест, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдісі.

Зерттеу көздері: Ресми материалдар, нормативтік құжаттар (заңдар, тұжырымдамалар, Қазақстан Республикасының жоғары, кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары), 050102 «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының оқу-жұмыс жоспарлары, педагогтардың кәсіптік даярлығы және потенциалы проблемасы бойынша қазіргі философ, педагог, психологтардың еңбектері, автордың практикалық жұмысының тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық құндылығы:

  • Тәрбиелеу потенциалының құрылымы, мазмұны, мәні теориялық тұрғыдан анықталды;
  • Тәрбиелеу потенциалын диагностикалаудың әдістемесі жасалды;
  • Тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттары анықталды және олардың нәтижелілігі тексерілді.

Зерттеудің практикалық құндылығы мәдени қалыптастыру ортаны, «Тәрбие теориясы», «Тәрбие жұмысының әдістемесінің теориясы мен практикасы», «Педагогика», «Болашақ педагогтардың тәрбиелеу потенциалы» арнайы курсының мазмұндарын біріктіріп, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрып, жүзеге асыруда.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2002-2003 ж. ж) зерттеу прблемасының педагогикалық теория мен практикадағы жағдайы анықталды, жоғары білім берудің теориясы мен практикасы жөнінде отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жасалды, зерттеу тақырыбы анықталды, зерттеудің ғылыми аппараты жасалды.

Екінші кезеңде (2003-2006ж. ж. ) болашақ педагогтардың мектептегі тәрбие жұмысына кәсіптік даярлығының жағдайы зерттеліп, болашақ педагогтардың, 5 жылға дейін еңбек өтелі бар және 5 жыл еңбек өтелі бар мұғалімдердің тәрбиелеу потенциалының деңгейі тексерілді, тәрбиелеу потенциалының концепциясы, тәрбиелеу потенциалын дамытудың педаг огикалық шарттары анықталды, «Педагогтың тәрбиелеу потенциалы» арнайы курстының бағдарламасы жасалды, қалыптастыру эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2006-2007 ж. ж. ) қалыптастыру және анықтаушы эксперименттердің көрсеткіштері қорытыланды, тәрбиелеу потенциалын дамытудың анықталған педагогикалық шарттарының эксперименттік түрде тексерілуі жүргізілді, алынған көрсеткіштердің математикалық өңдеуі жасалды, оларды бастапқы көрсеткіштер және болжаммен салыстырдық, ұсыныстар, қорытындылар жасалды.

Зерттеу базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз институты, Тараз қаласының №28 жалпы білім беретін орта мектебі.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

1. Тәрбиелеу потенцалының құрылымы, мазмұны, мәні анықтамасы, педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын қазіргі кездегі талаптарды талдауының негізінде бірінші рет ұлттық және диалогтық компоненттер айқындалды.

2. Алынған критерийлер мен көрсеткіштердің негізінде тәрбиелеу потенциалын диагностикалау әдістемесі.

3. Тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттары:

- болашақ педагогтың тәрбиелеу потенциалын дамытуға ынталандыратын мәдениқалыптастырушы орта;

- «Тәрбие теориясы», «Тәрбие жұмысының өдістемесі», «Педагогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы» педагогикалық пәндердің мазмұны;

- «Педагогтың тәрбиелеу потенциалы» арнайы курсы;

- тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттарының нәтижелілігін экперименттік тексерілуінің нәтижесі.

Зерттеудің негізгі қағидаларының мақулдануы, тәжірибеге енгізілуі эксперименттік жұмыс барысында жұзеге асырылды, материалдары ғылыми-практикалық конференцияларда, ғылыми-педагогикалық журналдарда баяндалды.

Диссертация құрылымы :диссертация кіріспе. екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен, қосымшамалардан, 24 таблица, 24 суреттен тұрады.

«Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысына даярлығын қалыптастырудың әлеуметтік және ғылыми-педагогикалық негіздері» деп аталған 1 тарауда мектептегі тәрбие жұмысының қазіргі жағдайына, кәсіптік қызметке болашақ педагогтарды даярлау үрдісіне, Қ. Р. тәрбие саласындағы құжаттарына талдау жасалып, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қоғамның және мемлекеттің тапсырысы анықталады, тәрбиелеу потенциалының құрылымы, мәні, мазмұны анықталды, тәрбиелеу потенциалын дамытудың негізі тұжырымдалады.

«Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамытудың тиімділігін эксперименттік зерттелуі» атты 2-ші тарауда тәжірибелік-педагогикалық жұмыс баяндалады, білімгерлер мен педагогтардың тәррбиелеу потециалының дамуының деңгейі диагностикаланады, тәрбиелеу потенциалын дамытудың педагогикалық шарттары анықталады, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың нәтижелері және ұйымдастырылуы көрсетілген.

Қорытындыда диссертациядық зерттеудің негізгі нәтижелері баяндалып, оларды қолдануға ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалды.

1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысына даярлығын қалыптастырудың әлеуметтік және ғылыми-педагогикалық негіздері .

1. 1. Болашақ мұғалімдерді мектептегі тәрбие жұмысын жүргізуге дайындау проблемасының бүгінгі жағдайы.

Бүгінгі күні Қазақстан, әлемдік қоғамдастыққа нарықтық экономикасы әлемдік цивилизацияға жаңа прогрессивтік технологияларымен еңген мемлекет ретінде таңылып отыр [8] .

Қоғамдағы өзгерістер білімге деген талаптарды өзгертіп, экономиканың даму қажеттілігіне сай болуын талап етеді . Қазіргі қоғамда жақсы өмір сұру, даму және ілгері өрлеу үшін әртүрлі әлеуметтік институттар жүйесі құрылған. Соның бірі -қоғамның болашағын, дамуын, прогресін қамтамасыз ететін-мектеп. Оның өмірі, қызметі ертеңгі күні нақты күшке енетін зандармен нормалар негізінде қурылуы тиіс. Сол мақсатпен өскелең ұрпақты терең білімді, мәдениетті, адамгершілігі зор, шығармашылық тұрғыдан белсенді, әлеуметтік тұрғыдан пісіп жетілген тұлға етіп мақсатты түрде тәрбиелеу қажет [10] .

1995жылы «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу концепциясы» толық дүниетанымы бар, мәдениетте, социумда, әлемдегі күрделі шиеленіскен қатынастар сипаттарына төзіп беретін жаңа адам тәрбиелеуді тәрбиенің мақсаты деп жариялаған. Адамгершіліктің, мәдениеттің, қарым-қатынас мәдениетінің үлгілерін іздеп, өзіндік құндылықтарды, өмір нормаларын құру, оқушылардың тәрбие үрдісінде өмірлік позициясын қамтамасыз ету мұғалім-тәрбиешінің жұмысының мазмұны [4] . Өкінішке орай «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарда білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуы әлемдік білім кеңестігінде лайықты орын алуға кедергі жасайтын ескірген методологияның базасының, құрылымның, мазмұнының негізінде жүзеге асырылып жатыр [8] .

Мектеп жұмысы екіге бөлінеді, бір-бірімен тығыз байланысты тәрбие мен оқытуға. Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектеп оқушылардың білім, дағды, іскерлік жиынтығын меңгеруін мақсат етіп, жеке тұлғаның негізгі көрсеткіші оның үлгерімі деп қарастыруда. Оқушыны бағалауда жеке басының қасиеттері, тәрбиелік деңгейі, адамгершілік деңгейі, шығармашылық белсенділігі ескерілмейді. Әр мұғалім ең алдымен тәрбиеші болуы тиіс, өйткені тек тәрбие процесінде оқушының жеке тұлғасын оның дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу арқылы оқытудың мақсат, міндеттері жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқытудың нәтижесі оқушының қызығушылығына негізделген, қызметтің шығармашылық сипатымен анықталады. Оқу үрдісінде осындай қызметті ұйымдастыру -тәрбие болып табылады [66] .

С. Л. Рубинштейн «бала жетіліп, сонан соң оқытылып тәрбиеленбейді, ол оқытылып, тәрбиеленіп барып жетіледі» бір сөзбен айтқанда үлкендердің басшылығымен жалпы адамзаттық құндылықтардың мазмұнын игереді деп атап көрсеткен [67, 63] .

Балада өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін тұдыратын тәрбие ең нәтижелі. Ол дегеніміз тәрбиелеуде өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтаны оятатын баланың сезімдеріне, қажетті -мотивациялық сферасына ықпал ету өте маңызды. Оны мектеп мұғалімі ескеру керек.

Атақты педагог П. Ф. Каптерев мектептің білім беруімен тәрбиелеуінің мәні өзін-өзі тәрбиелеумен өз бетінше білім алуында деп көрсеткен [68] .

Қазіргі кезеңде мектептің жұмысын қайта қарау, қоғамның дамуының жаңа жағдайларына сәйкес оның мақсат, міндеттерін түбегейлі өзгерту қажеттілігі тyындап отыр. Оқыта отырып тәрбиелеу принципін, тәрбиелей отырып оқыту принципімен алмастыру қажет. Мектептегі мұғалімнің орны мен ролі қайта қаралып, Л. В. Выготскийдің « мұғалім әлеуметтік- тәрбиелік ортаны үйымдастырушы, әр оқушымен қарым-қатынасты ретке келтіруші және бақылаушы» деген анықтамасын басты назарға алуымыз керек [69] .

Жалпы білім ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы - балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан-жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Білім берудің құрылымы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz