Биологияны оқыту әдістемесінде жаңа технологияларды пайдалану


биологияны оқыту әдістемесінде жаңа технологияларды пайдалану
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететеін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу мақсатында елімізде бірқатар іргелі жұмыстар қарастырылып, оларды жүзеге асырудың нақты шаралары қолға алынуда. Білім саласына маман әзірлейтін оқу орындарының алдында үлкен жауапкершілік тұр.
Көрнекті психолог Л. С. Выготскийдың теориясына сүйенсек, баланың дамуы оның «актуалды даму аймағынан» (I деңгей тапсырмалары) келесі «жақын арада даму аймақтарына» (II, ІІI, ІV деңгейлер тапсырмалары) біртіндеп көшіп отыру арқылы жүзеге асады. Бірінші өнімсіз (репродуктивті) деңгей жаттап алуға және үлгі бойынша орындауға лайықты тапсырмалардан құралса, келесі деңгейдің тапсырмалары оқушылар өз бетімен, бірақ үлкендердің (мұғалімнің, ата-аналарының) көмегімен орындауға арналады. I, II, III деңгейлер мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін, ал ІV деңгей оның мүмкіндік деңгейін қамтиды.
2-ші алгоритмдік деңгейдің тапсырмаларын орындау барысында «түсіну және өзгертілген жағдайда қолдану» шарттары қойылса, 3 эвристикалық деңгейді орындаған оқушы «талдау», «жинақтау», тақырыпқа «баға беру» немесе «түйсіну» сияқты ой қорыту әркеттерінің тәсілдерін игеріп, тақырыпты өз бетімен (мұғалімнің көмегі III деңгейде азаяды) толық меңгеру дәрежесіне жетеді де, 4-ші шығармашылық деңгейдің олимпиадалық тапсырмаларына шамасы келсе, оларды жоғарыда аталған Б. Блумның «тақырыпты толық меңгеруге» қажетті алты мақсаттар тізбегін (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру) өз бетімен (ешкімнің көмегінсіз) орындай алатын болады. Бұл деңгейге жету үшін білімгерлердің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сондықтан білімгердің есте сақтау, ойлау, талдау, қайта жинақтау қабілетін дамытып, алған білімін пайдалана отырып, қарапайымнан күрделіге жетуіне мүмкіндік туғызу үшін Биологияны оқыту әдістемесі бойынша өз сабақтарымда профессор Ж. А. Караевтың «Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын» және Ұжымдық оқыту технологиясын қолданамын.
Осы технологиямен жұмыс істеген әрбір білімгер кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білуді, материалды топтай отырып, қорытындылауды, түйіндей алуды, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата білуді үйренеді.
Оқу үрдісіне профессор Ж. Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған деңгейлеп саралап оқыту әдісін және ұжымдық оқыту әдісін енгізе отырып білімгерлердің белсенділігін арттыруға байланысты өтілген сабақтың үлгілеріне тоқталайын:
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы
Бұршақ тұқымдасы тақырыбына арналған зертханалық сабақтың
Жоспары:
1-кезең. Ой-маржан. (үй тапсырмасын сүрау)
1. 1. Глоссарий
1. 2. Білімдерін қорғау (раушан гүлдер тұқымдасы)
1. 3. Биологиялық диктант.
2-кезең. Жаңа білімді меңгерту.
1. 1. Тірек-схемасымен жұмыс (бұршақ тұқымдасы)
1. 2. Буклетті қорғау.
1. 3. Зертханалық жұмысты орындау. (гербарий
Материалдарын пайдалану) .
3-кезең. Бекіту. (Деңгейлік тапсырмалар) .
3. 1. Тест. (І, ІІ, ІІІ- деңгей) .
3. 2. Сөзжұмбақ.
3. 3. Сөж-ді қорғау. (шығармашылық деңгей)
4- кезең. Білімдерін бағалау. Қорытынды.
Сабақтың барысы.
1. Н. Н. Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырымдамасына сүйеніп бүгінгі сабақта жеке тұлғаны танып -білу бұл уақыт талабы сондықтан әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын, оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
1-кезең. Ой-маржан.
1. 1. Глоссарий.
1. Репродуктивтік орган.
2. гепантий
3. андроцей.
4. гинецей.
5. зигоморфты
6. актиноморфты.
7. апокарпты.
8. синкарпты.
9. ценокарпты.
10. Гүл диаграммасы.
1. 2. Білімдерін қорғау (раушан гүлдер тұқымдасы) .
Табақша, тостақанша немесе бокал тәрәзді болып ұлғайған гүл табанын жинақта.
2) репродуктивтік орган: вегетативтік және генеративтік органдар.
1. 3. Биологиялық диктант
1) Раушангүлділер тұқымдасының өмірлік формалары . . . өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады.
2) Гүлдерінің . . . конус тәрізді және . . . көк апокарпты немесе . . .
ойыс және гинецейі . . . болып келеді.
3 Табақша, тостақанша немесе бокал тәрәзді болып ұлғайған гүл табаны . . . деп атайды.
4) Қосарланған 5 мүшелері, аталықтары, көп мүшелі, 5 қатар шеңбер түзіп орналасқан гүлдер . . . деп аталады. -
5) Жапырақтары . . . жапырақ серігі бар жүйкеленген болып келеді.
2-кезең. Жаңа білімді меңгерту.
1. 1. Тірек-схемасымен жұмыс (бұршақ тұқымдасы) .
1. 2. Буклетті қорғау. (бұршақ тұқымдасы)
1. 3. Зертханалық жұмысты орындау. (гербарий
Материалдарын пайдалану) .
Төмендегі кестені толтырыңыздар.
№
р/с
Жалғасы. Кестені толтыру.
№
р/с
1. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлінің құрлысын қарау, диаграммасын жасау арқылы анықтау.
(оқулықпен салыстыру) .
3-кезең. Бекіту. (Деңгейлік тапсырмалар) .
3. 1. Тест. (І, ІІ, ІІ- деңгей) .
Тесті
І-деңгей
1. Бұршақ тұқымдасының жапырақтары.
а ) жай жапырақ; в ) бете жапырақ
б ) күрделі жапырақ; г ) жанама жапырақ
2. Гүл шоғыры;
а ) сыпыртқы; в ) боб;
б ) дәнек; г ) шашақ; масақ;
3. Гинецей бір мүшелі апокарпты, гүл түйіні жоғарғы.
а )
Со (5) Со3 +(2) А(9) С11; в)
СО(5) СО5 А
С
;
б)
Са5 Со5 А
С15; г)
Са5 Со5 А
С11;
4. Жемісі бұршақ тұқымдастарында:
а ) боб; в ) беде туысы;
б ) қауашақ; г ) тұқымша;
5. Күлте жапырақшалары түп жағында біріккен;
а ) егістік асбұршақ; в ) беде туысы;
б ) сиыржонышқа түкті; г ) сарыбас жонышқа;
6. Жапырақтары үшқұлақ, сирақ 5-9 жапырақшасы бар.
а ) Асбұршақ туысы; в) Сарыбас жонышқа;
б ) беде туысы; г ) жоңышқа;
7. Жемісі шырынды, сиректеу құрғақ сүйекті.
а) бұршақ тұқымдасы;
б) Қараөріктер тұқымдас тармағы;
в) алмалар тұқымдас тармағы;
г) тобылғылар тұқымдас тармағы;
ІІ- деңгей
1. Тамаққа пайдаланылатын ақуызының сапасы бойынша 1-ші орында тұрған.
а) соя; в) қызылбас беде;
б) люпин; г) фасоль мен жасымық;
2. Бұршақ тұқымдасының басқа тұқымдастардан ажырататын белгілері:
а) тамыры; в) жапырағы;
б) сабағы; г) гүлінің құрылысы;
3. Бұршақ тұқымдасының егін шаруашылығындағы маңызы:
а) түйнек бактериялармен симбиоз түзілуі;
б) СО 2 -ні бөлу; в) О 2 -нің бөлінуі;
г) бор түзуі;
ІІІ-деңгей
Өстері ұзын әрі қысқа болып келетін гүл-шоғырын көрсет:
а) күрделі симподиальды; гүлшоғыры.
б) күрделі моноподиальды; гүлшоғыры.
в) симподиальды гүлшоғыры.
г) жай моноподиальды гүлшоғыры.
3. 2. Сөзжұмбақ. (бұршақ тұқымдасы)
3. 3. Сөз-ді қорғау. (шығармашылық деңгей) .
4-кезең. Білімдерін бағалау. Қорытынды.
Білімді бағалау парағы
БИО-04 - 9 тобы
(10)
б
(15)
б
(10)
б
(10)
б
(10)
б
(15)
б
(20)
б
(12)
б
(10)
б
- дарынды білімгерлер өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
- әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне сенімсіздіктен арылады;
- күшті топтарда оқуға деген ынта артады;
- білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді;
- оқытушы білімгерлердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулиды;
- білімгерлердің даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзі салыстыру арқылы анықталады;
- оқытуды ізгілендіру жағдайында өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Сабақ басталмас бұрын білімгерлер топтарға бөлінеді. Топпен жұмыс жасаған кезде ең алдымен тапсырма топтың ішінде талданып, ұжымға шығарылады. Топпен жұмыс істеген кезде білімгерлер сыпайы сөйлеуге, өзгенің пікірін тыңдауға, өз тұжырымын дәлелдеуге, пікір алмасу барысында өз білімін толықтыруға үйренеді.
Қазіргі көп салалы білім беруде жаңа ақпараттық технологиялар білімгерлерге пәнді меңгеру деңгейін жоғарылатуға және әрбір білімгердің сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Бүгінде көп балды рейтингті жүйені енгізген жоғары оқу орындарында тестілеу әдісін пайдаланады.
Тест - емтихан сынды даму дәрежесін көрсететін шешімі сандық есепке тәуелді жалпы ортақ жағдайдағы сынақ түрі. Білімгерлердің тестілеуді өтуі оқушылармен бірдей ойлау қабілетін дамытады және тапсырмаларды материалды меңгерудегі ұтымдылық олардың сапалы орындау, және сандық негізгі параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест білімгерлердің білім деңгейін анықтауға арналған сенімді құрал және белгілі бір білім шкаласын көрсететін психологиялық әдістемесі ретінде танымал.
Педагогикалық технологияларға сәйкес дидактикалық белгілерді оқыту әдістемелері: диалогтік, шығармашылық, дамытылған, түсіндірме-иллюстрациялы. Оқу үрдісінің формалары ішінде оқу материалдарын меңгеру және қабылдаудың ең жақсартылған түрі: ұжымдық және жұптасқан форма болып табылады.
Оқытудың ұжымдық әдісімен қатар оқу үрдісін ұйымдастыруда топтық, жұптық, жеке-дара, сонымен қатар білімгердің жұптық ауыспалы құрамдағы жұмысы, яғни ұжымдық формасы пайдаланылады, демек оқыту-тәрбие жұмысының дамуына қолайлы жағдай туындайды.
Я. Каменский әрбір оқушыны ұлы білімпаздыққа апаратын бірден-бір тура жол - сұрау (талдау), жаңа білімді есте сақтау (меңгеру) және өз білетінін өзгелермен бөлісу деп есептейді.
Оқып жүрген білімгер қаншалықты басқаларды оқыта отырып өз білімін толықтырар болса, онда оның жаңа материалды меңгеру сапасы жоғарылайды. Бұл орайда, білімгер өз курстастарының мінез-құлқы мен санасына пән мазмұнының бағалы да маңызды ақпараттарын пайдалана отырып әсер ете алады және сол арқылы өзіндік дамуына қол жеткізеді.
Ұжымдық тәсілде әрбір білімгер көбірек сұрау, сұрағанын меңгеру, меңгергенін басқаларға үйрету, өз білімін жаңа ақпараттармен толықтыру, өз көзқарасымен өзгелердің санасына және әрекетіне әсер ету мүмкіндігіне ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz