Ғабиден Мұстафин өмірі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғабиден Мұстафин

Өмірі. Қазақ эдебиетінде қарапайым еңбек адамы-ның көркем бейнелерін сомдаған Ғ. Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң 1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сы-ныбына оқуға түсіп, бір жылдан кейін бітіреді. 1918-1925 жылдары жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.

Қазақстандағы жаңа құрылыс өзгерістері, заманның қилы кезеңдеріндегі адамдар тағдырын көркем кестеге түсіру жазушы өмірінде Қызылорда қаласында жоғарғы сотта қызмет еткен кезеңінен басталады. Ғ. Мұстафин өзі куә болған, сотқа түскен қағаз беттеріндегі адамдар жайында хабарлама, очерк, фельетондарын «Еңбекші қазақ» газетіне жариялай бастайды. Алғашқы еңбегі «Ер Шойын» 1929 жылы жарияланды. Жинаққа «Сәрсен мен Боқаш», «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» т. б. әңгімелері енген. Шығармалары еңбек, тап күресі тақырыптарын қамтыды.

1930-1933 жылдары Қарағанды қаласында кен орнында жұмыс істейді. 1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары (хатшысы) қызметіне тағайындалады. Новосібір қаласындағы қазақ тілінде шығатын «Қызыл ту» газетінде істеді. 1938 жылы газет жабылып, Алматы қаласына көшіп келеді.

Еңбегі 1939 жылы «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады. 1939-1948 жылдары «Әдебиет майданында» (қазіргі «Жүлдыз») қызмет етеді. 1942 жылы «Айқап» пьесасын, «Тұтқын», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазады.

1945 жылы «Шығанақ», 1948 жылы «Миллионер» шығармалары жарияланды. 1952 жылы жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» романдары - оқырман қауымның ықыласына бөленген шығармалар. Жазушының «Шығанақ» романы 1945 жылы жарық көрді. Шығарма адам мен табиғат арасындағы үйлесімді жаңа қырынан көрсетті. Адамзаттың қажетін тек табиғаттан алуға үйренген қам - қарекетінің екінші жағын ашуды мақсат еткен. Бұл Шығанақ бейнесімен ашылған. Бас кейіпкер табиғат пен адам арасындағы үйлесімді еңбекпен көрсетеді. Шығанақ бойына жазушы халықтың еңбекке деген ынта-ықыласын, еңбекті өнер дәрежесіне жеткізген қажыр-қайраттың ғасырлық тәжіри-бесін жинақтаған. Күріш өсіруші диханшының тарыдан мол өнім алуына себеп болған жердің қадір-қасиетін танып, жер-анаға қажетті нәрді дәл, орнымен бере білген еңбегі мен ақылының жемісі.

Шығарма кеңестік дәуірдің жақсылықтарын да көрсетуге тырысқан. Шығанақ Берсиевтің тарыдан дүниежүзілік рекорд жасауына кеңестік қоғам жағдайына ұжымдық еңбек бірлігі негізінде, жерді өңдеу мен баптауға керекті техника жетістіктерін пайдалану арқылы жүзеге асты деген ой да тудырады. Әрине, дүниежүзілік рекорд жасаудағы негізгі еңбек пен ақыл халықтың қаншама жылғы тәжірибесін есінде сақтап, оны дұрыс, орнымен өз ортасына икемдей білген Шығанақ еңбегі екенін шығармада жазушы қатаң социалистік реализм талаптары деңгейіндегі жазуда да аша білген.

Шығанақ - жаңа қоғамның жақсылығын да көре білген, өз тұрмыс, білім-білігіне ыңғайлай білген жан. Шығармада Олжабек, Жанбота, Амантай сияқты кейіпкерлер бар. Жазушы олардың таным-түсінігін, қоғамдағы орнын дәл көрсеткен.

«Миллионер» романы (1948) «Шығанақ» романында суыртпақтап басталған ұжымдық еңбек жемісін кең көлемде ашты. Жазушы соғыстан кейінгі күйзелген елдің болашағын жарқын да, шат тұрмыс, бай-бақуатты қалыпта көрсетеді.

Кеңес өкіметі орнаған жылдардан бастап қазақ елі малы мен жақынынан айырылып, 50 жылдардың ортасына дейін қатты күйзеліске ұшырады. Колхоздастыру, тәркілеу, жаппай жазалау, соғыс бірінен-бірі кейін келген жұт қазақ елін тұралатып тастады. Жазушы халықтың бейбіт, бақытты өмірі алдыда деген сенімді «Миллионермен» көрсетті. Бірлік, ынтымақ, еңбек, ізденіс бар жерде молшылық пен жақсылық болатынын айтты.

Шығармадағы тартыс колхоз председателі (төрағасы) Жақыппен жаңашыл жастар арасында өрбиді. Тартыстың өзі халықтың бақытты тұрмысы үшін болады. Романдағы Жақып - көпті көрген, еңбекпен ғана жақсылыққа жетуге болады дегенді түйген адам. Жомарт, Жанат бейнелері - барға қанағат етуден де, құлашты мүмкіндікке қарай кеңге созуды дұрыс деп танитын жаңашыл жастар.

Колхоз адамдарының еңбек сүйгіш бейнесін Ахмет ұстамен береді. Жазушының жеке адамдардың бай-бақуатты тұрмыс кешуін көп қалай бермейтін социализм кезеңінде табысы мол, тұрмысы жақсы Ахметті суреттеуі - шеберлік пен батылдық. Жеке меншікке жанымен қас социализмде қора толы малы, құсы бар Ахмет ұстаның: «Малды колхоздың малына, құсты құсына, шошқаны шошқасына қосып қойып, өзің жұмыстан кейін алаңсыз дем алып, көңілді күйлеп жүрсең не жетеді бұған», - деген ұсынысы шаруашылық тәжірибелерінде де, ережелерінде де жоқ. Халықтың әлеуметтік дамуының бір кезеңінде болатын іс екеніне сендіреді.

«Қарағанды» романы (1952) - Қазақстандағы өңдірістің дамуын, жұмысшы табының туып, қалыптасқанын көрсететін шығарма. Жұмысшы тақырыбы әрі Қарағанды өңіріндегі өндіріс жазушы өміріне таныс. Ғ. Мұстафиннің балалық, жастық шағы Қарағанды жұмысшылары арасында өткен. Алғашқы еңбек баспалдағын жер қазу, темір татын қыру, токарь, машинист болып бастаған жазушы кейіннен 1930 жылдары туған жеріне оралып, өндірісте, баспасөзде жұмыс істейді. Шығармаға қажетті көркем әлеммен жазушы кеңінен таныс. Романда өндірістегі адамдар арасында туған жаңаша қарым-қатынас, қоғамдық ой, жаңа зиялы қауымның өсіп шығуы нанымды суреттелген. Партия басшысы Мейрам, жұмысшылар Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Щербаков, Ардақ, Әлібек бейнелері өз бояу өрнектерімен ашылған.

Мейрам - қазақ әдебиетіндегі сәтті жасалған партия қызметкерінің бейнесі. Жаңа ашылған өндіріске партия жетекшісі болып келген Мейрамның өсу жолы Қарағанды өндірісінің өркендеуімен тығыз байланысты. Мейрам еңбек пен ел ортасында есейеді. Халық ортасында өзі де үйренеді, елді де үйретеді. Жас жұмысшыларды өндіріске тарту, еңбек үрдісін үйымдастыру, жұмысшылардың түрмысын, элеуметтік мэселелерін шешу, тап жаулары-ның дүшпандық әрекетіне қырағылықпен қарау сияқты істерде бас кейіпкер ұстамды, ақылды, іскер ретінде танылады. Дұрыс шешім қабылдау, елге сенім арту, халықпен санаса білу тек Мейрамның, сонымен бірге Қарағанды өндірісінің өсуіне игі ықпал етеді. Үй құрылысы материалдарын тасуға жеке меншіктегі көліктерді үйымдастыру, Жа-мантікті жұмысқа орналастыру, ашық шахта ашу оқиғаларында Мейрамның мінез сипат-тары жақсы жағынан ашыла түседі. Осындай қайнаған өмір ортасындағы Мейрамның іс-керлігі мен ақылын, оның партия басшысы-нан қалалық комитет хатшысына (секретары-на) дейінгі аралықтағы өсу жолын көрсетеді. Шығармада эдеттегі ескі мен жаңаның тарты-сы да сырт қалмаған. Жаңа Қарағандыны ашу кезіндегі байлардың зиянкес істері өндіріс да-муына, өсуіне көп кедергі келтіреді. Ескі мен жаңа тартысы эке мен бала ортасын да қоса ала кеткен. Кеңестік мектепте тэрбие алған Ардақ әкесі Әлібектің мінездерімен, іс-эрекеттерімен келіспей, соңында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Мұстафиннің рухани келбеті
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
Ғабиден Мұстафин шығармаларындағы тарихи шындық
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
ЖАЗУШЫНЫҢ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
Ғабиден Мұстафин - қазақ әдебиетінің классигі
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz