Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3.10
І Бөлім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1.1. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық мәселелері ... ... ... 11.17
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары ... ... ... ... ... 18.25
II Бөлім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі
2.1. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің мәні ... .
2.2. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері..
2.3. Сабақ жоспарының үлгілері ... ... ... ..55.58
ІІІ. Қорытынды ... ... ... 59.60
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы , даму бағыттары , келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның , мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым күні «Білім туралы заңын қабылданды.
Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030».
2. «Білім туралы» Қ.Р заңы. 1999 ж, 7 маусым.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұрлары. Алматы «Рауан» 1991 ж
4. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.
5. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
6. Жарықбаев Қ. «Психология»
7. Табылды Ә. Әдеп әліппесі. А.,2007.
8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000.
9. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
10. Талызина Н.Ф. Формирование позновательной деятельностей младших школников. Просвешение, 1998
11. Әбілқасымова А.В. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. – Білім, Алматы 1994
12. «Білім туралы» Қ.Р заңы. 1999 ж, 7 маусым.
13. Большая советская энциклопедия, т.25
14. Давыдов В.В. Проблемы развиваюшего обучения. Просвешения 1986
15. Жарықбаев Қ.Б. «Жантану негіздері» Алматы Қазақ университеті 1998
16. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана 2000 ж
17. Тәжібаев Т.Т. «Жалпы психология» Қазақ университеті 1998 ж
18. Мұқанов М.М. «Жас және педагогикалық психология» «Мектеп» 1982
19. Леонттьв А.Н. Проблемы развития психики. МГУ 1981
20. Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы 2005
21. Жарықбаев Қ.Б. «Жантану негіздері» Алматы Қазақ университеті 1998
22. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
23. Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы 1998 ж
24. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана 2000 ж
25. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника М. 1974
26. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы 2005
27. Аймаутов Ж. Тәрбиеге жетекші. Қызылорда 1924 ж
28. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі оқулығы.
29. С.Рахметова Қазақ тілі оқулығы. А., 2006.
31. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2005
32. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім – тәрбиесі»
33.Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. «Педагогика»А., 2004.
34.Мұқанов М.М. «Жас және педагогикалық психология»

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3-10
І Бөлім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып
оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері.
1.1. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының
тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-17
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын
адамгершілікке тәрбиелеудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-25
II Бөлім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып
оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі
2.1. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының
тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің мәні ... ... ... ... .26-40
2.2. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..41-55
2.3. Сабақ жоспарының
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55-58
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .59-60
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61-62
Кіріспе
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің
тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан,
Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде
оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы , даму бағыттары ,
келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның , мемлекеттің назарында болып 1999
жылы 7 маусым күні Білім туралы заңын қабылданды.
Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім
беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын
қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай
жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін
мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы
812 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне
енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен
шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай
жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш
мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол
тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның ьеретін жетістіктерін де атап
өткен. Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылық
қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық- бұл бала бойындағы
дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті
мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық
қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті.
Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі
көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға
жағымды сезімдер туғызу керек.Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге
бөлінеді. Қызығу туралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған.
Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк,
И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін
жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып
оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық
бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі.
Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық
мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қалыптастырады, әрі дамытады. Адам түсінігі биологиялық және
әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал жеке адам түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік
сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға
қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы әр
түрлі әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу үшін,
оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге
тікелей байланысты. Сонымен жеке адам дегеніміз адамның қоғамдық
сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік
сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар
біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу көрінеді. Олай
болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның
өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі
мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте мінез бен темпераменттің
айрықша бітістері, шығармашылық іс - әрекет және қабілеттің
ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Аталғандар сияқты
мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімаралығында,
педагогикалық ой - өрістерінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі
жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды
екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық
және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін
индивид түсінігін де білген жөн.
Бұл латын сөзі қазақша жекелік дегенді білдіреді. Түсінік
ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа
қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл – есі дұрыс
адам индивид бола алады. Жеке адам түсінігінің және онымен
байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және
қалыптасуынан педагогика үшін даму және қалыптасу
категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық
өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен
әр түрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая
түседі, көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен
еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам
болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына
мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның
танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық
қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген
көзқарас пен наным –сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық
бірте – бірте белсенді жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық
әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл
өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық, физиологиялық
кемелденуіндегі, жүйке – жүйесі мен психикасының және танымдық пен
шығармашылық іс - әрекетінің жетілуіндегі дүниетанымдық, имандылық,
сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуның
нәтижесі ретінде оны кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді
иемденуін білдіреді.
Педагогика ғылымы тәрбиені жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және қорғай алатын азамат
етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Тұдғаны барлық жағынан тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуына әзірлеу міндеттері мектепте білім және тәрбие алу
барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамида, адамгершілік қасиеттері
қалыптасады, ой еңбегіне төсемді, рухани ой – еңбегін меңгереді,
эстетикалық сезім, танымы артады.
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге
асыру тәрбиенің салалары: ақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие,
адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б.
көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.
Кешенді көзқарас тәрбие процесінде және оны басқаруда жүйеліктің
болуын да қарастырады. Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету
барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де
идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудің де
қызметі ерекше. Яғни, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие беруге
функционалдық тұрғыдан қарау кең етек алды.
Бүгін де бұл мәселеге мақсатты көзқарас 70 жылдардың бастапқы
кезеңінен бастау алып, педагогика ғылымдарында айрықша мәнге ие
болды, соның нәтижесінде күні бүгінге дейін жеке тұлғаны
қалыптастырып, дамытуға жан – жақты ықпал ету қызметінің бірлігі мен
өзара байланысына баса назар аударылуда. Нәтижесінде тәрбиеленуші
жас ұрпақтың сана – сезіміне, мінез – құлқына, іс - әрекетіне бір
мезгілде жүйелі түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде
индивид жан – жақты үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде дамиды.
Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымда оқу мен
жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дүниенің және
ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі грек
мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл
ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық
еңбектердің жан – жақты дамыту идеясы туралы көзқарастар қайта
өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене
және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек
адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге
асады деп дәлелдейді.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі.
Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой
тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу
дәуірінде гуманистер Витторино да Фиотре, Ф.Рабле, М.Мантень, жан –
жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуына назар
аударды. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында
пікірлер – социал утопистер Томас – Мор, Т.Компенелла, Р.Оуэн, Сен –
Симон еңбектерінде толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық
мүшелері еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму қарастырды.
Жан – жақты дамудың идеясын орыстың ревалюцияшыл – демократиялық
педагогиканың негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен
Н.А.Добролюбовтар да қалады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы
қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді
тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын азаматтық істерге араласа
алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін
күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.
Маркстік Философияның негізін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс
тұлғаның жан – жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл – ой тәрбиесі мен
дене тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін
техникалық оқумен ұштастырады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен
бірлекте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштердің даму заңдылықтарына
терең талдау жасап, қоғамды еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам
баласының бір жақты дамуына әсер еткенін ғылымитұрғыдан дәлелдеп
береді.
Қорыта айтқанда тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын
М.Жұмабаевтың айтқан Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала
қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару деген пікіріне
қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін
қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту
қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқтаймыз.
Жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- Отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы
үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлыққа тәрбиелеу;
- Ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және
өндірістік ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін
тәрбиелеу;
- Адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- Еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық
өндіріс саласында еңбек етуге дая болуы, еңбек ету қажеттілігін
түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне біуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі
жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылымы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында міне осындай оқушы тұлғасын
тәрбиелеп шығару міндеттері тұр.
в) Қалыптасу – ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның
кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін
білдіреді.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін ең
басты мәселе – жеке адамның қалыптасуы, дамуы мен ықпал күштері.
Идеялистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі
тұжырымдар пайымдауда.
Идеализм өкілдері, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның алдын
– ала болжастырылған бағдарламаға тиеліп, ол бағдарламадағы сапа
мен қасиеттер өз бетінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие
олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске
асуына көмектесуші құрал.
Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері
жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур, адамның қоғамдағы иеленген орнының
әртүрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен
таптық тұрғысынан.
- Француз философы Геьвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және
тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады.
Соның ішінде аса маңыздысы – тәрбие.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата – анамен биологиялық ұқсастығын
елестету.
Соңғы жылдары әдебиет беттеріндегі генелогиялық және статистикалық
деректерге қарағанда ата – аналарды және олардың балаларын ұрпақ
бойынша зерттеудің кейбір тұқым қуалау себептеріне байланысты
ұқсастығының болатындығын көрсетеді.
Орта - адамның дамуына табиғи және әлеуметтік орта әсер етеді.
Табиғи орта – бүкіл табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне
ықпал жасауы. Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез – құлқының дамуына
ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас.
Әрине әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал
жасайды. Егер адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса,
онда орта адамның талабын қанағаттандырады.
Тәрбие жеке адамды дамытудағы басты фактордың бірі – тәрбие.
Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мендаму
дәрежесіне лайық іске асады.
Диплом жұмысының нысаны: Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісі.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш
сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының
тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын қарастыру.
- Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын
адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігі.

тұлғасын адамгершілікке тәрбиелік мәні
- Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін пайдалану.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері

тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық мәселелері
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – таным
теориясы деп аталады. Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р.
Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С.
Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті
ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С.
Сабыровтардың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және
практикасының алтын қоры деп білеміз.
Оқыта отырып, баланың қабілеттерін мәселесі көрнекті педагогтар
Ш. А. Аманашвили, И. Т. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С.
Тілешова жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер
мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру
жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы-
сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын
айқындайды.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы
ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ- келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық
азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.
Баланың тұлға ретінде қалыптасу заңдылықтарын психологиялық
тұрғыда зерттеген белгілі психолог ғалымдар В. В. Давыдов, С. Л.
Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. Р. Выготский, Л. И. Божович, Э. Эриксон, Д.
Эльконин, А. В. Запарожец, В.С. Мухина, т.б. бала психикасын дамыту еңбекке
баулу жұмыстарында алғашқы адамгершілік, эстетикалық сезім күйлерін
қалыптастыруда ойын элементтерін олардың жас және дара даму ерекшеліктерін
ескере пайдалану идеясын ұсынады. Ф. А. Флерина, С. Р. Буре, В. И.
Логинова, А. Усова, В. Нечаева, Т. Маркова, Т. Тихеева, Н.Тюрина, З.
Асланова т.б. педагогтар мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие
мен білім беру мазмұнын жаңартудың әдіс- тәсілдерін қарастырып, баланы
еңбекке баулу мәселелеріне тоқталады.
Республикамыздағы тәлім тәрбиені халық педагогикасы негізінде
қарастырып, ғылыми әдістемелік еңбектер жазған ғалымдар Х. Арғынбаев, С.
Касиманов, Ы. Оршыбеков, Н.Сәрсенбаев, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С.
Ұзақбаева, Ә. Табылдиев т.б. зерттеулерінің маңызы зор.
Қазақстанда балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы зерттеу
жүргізген белгілі психолог ғалымдар С.Баулаубаев, Т.Тажибаев, Ә.
Темірбеков, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ғ. Рахимбеков, т.б.
еңбектері жарық көрген. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып
оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру әдістемесі туралы айтқанда
арнайы зерттеу жүргізген педагог ғалымдар О. Сатқанов, Б. Қалназаров және
әдіскер мұғалімдер Ш. Абдуалиева, А. Бакірова, Е. Раимжанов т.б.
авторлардың ғылыми әдістемелік еңбектерімен оқу құралдарын атауға болады.
Зерттеу тақырыбына қатысты қазақ тілі пәнін оқыту барысында
бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу бүгінгі
күннің талабы болып отыр. Осы заманғы дәуір талабына орай қазақтың ұлттық
салт – дәстүрлерінің озық идеяларын, баланың жас шамасына қарай
психологиялық, педагогикалық аспектіде зерттеу балаларды еңбекқорлыққа
өнерпаздыққа тәрбиелеу, еңбекпен жасалған дүниенің көокем көрінісін
байқату, өмірдегі, тұрмыстағы сан алуан бұйымдардың адам еңбегінің нәтижесі
екенін, оның қалай, неден жасалатынын сезіндіре түсіндіру, таным, сезім
әрекеттерін қалыптастыру бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын
адамгершілікке тәрбиелеу жайын ғылыми тұрғыдан жете зерттелмегені
анықталады.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелей отырып , оларға меңгерілетін
әр тарапты қарапайым іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда, өз халқының
тұрмыс- салт ерекшелігіне орай дамыту қазіргі дәуір қажеттігінен туындап
отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде бала бойында
ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы
арта түсуде.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық
қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.
Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар
қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде
болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім бері ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершіллке тәрбиелеудің
жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте
ертеден зерттеліп келеді. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп
айтуға болмайды. Оқушылынң тұлғасын адамгершіллке тәрбиелеудің негізгі
мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықта жаңа
сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен соны шешімдер
іздестіру болып табылады.
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар,
көоқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж.
Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде
адамның жеке басын , қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың
шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары үнемі көтьеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С.
Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса,
оқушы шығармалығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген
М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).
Кеңестік педагогтар мен ғалымдар Л.С Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г.
Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б.
М. Теплов. өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М.
Мұқанов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке
тұлғаны дамыту мәселесінің теориясф және практикасының алтын қоры деп
білеміз.
Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып
отырған жоқ. Мысалы : 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы –
социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер
психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын.
Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұд мәселе қайта көтеріле бастады.
Бүдан кейін нақты қабілеттар жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар:
музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.
И. Кириенко), әдеби қабілеттер (В. П. Ягункова), математикалық қабілеттер
(В. А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) сияқты
зерттеулер.
Оқыта отырып оқушы тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін
көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман
еңбектерінде қарастырылады.
Ы. Алтынсарин шығармаларының қайсысы болмасын жастарды еңбек етуге
шақырып, адам бойындағы жағымды қасиеттер шыдамдылық, төзімділік,
байқағыштық, аңғарымпаздық пен мейірімділік, адамгершілікті тәрбиелеуді
марапаттап, жалқаулық, еріншектікті айыптап отырады. Бір сөзінде, ол адам
адал, мағыналы өмір сүру үшін, белгілі бір мақсатты әрекетпен айналысуы
керек, ол әрекет- еңбек деп ойын түйіндейді.
Ш. Уалиханов қазақ, қырғыз елдерінің ұдттық дәстүрлерінің ортақ
екендігін айта келе, халыктың ауыз екі шығармалығына, қолөнеріне, салт-
дәстүріне, әдет-ғұрыпына әділ бағасын береді.
Қазақ халқының зиялы арыстары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев,
І, Жансүгіров, А. Байтұрсынов, Т. Шонанов т.б. ұлттық мектептердің басқа
мектептерден ұтымды айырмашалығы , олар балаларды ана тілінде оқытумен
қатар қазақ халқының құнды салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, мінез құлқы мен
психологиясын үйренуге ықпал ететіндігіне назарларын аударады.
Бұрын соңды айтылған осындай ғылыми пікірлердің теориялық және
әдістемелік тұрғыдан тұжырымдап, ғылыми негізде қарастырған этнопедагогика
саласының мамандары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова т.б.
еңбектерінде кеңінен зерделенеді. Бұл зеттеулерде қазақ халқының тұрмыс-
салты, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні, олардың фольклор үлгілерімен
сабақтаса отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
мәселелері әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырылған.
Қазіргі заманда жеке адамның шығармашылығы мен шығарма
проблемасына философтар, социологтар, педагогтар жіне психологтар көп мән
беріп отыр. Психологтар шығармашылық бейімділік дарыны кез-келген адамға
тән екендігін дәлелдейді. Педегогика баланың шығармашылық мүмкіндіктерін
дамыту жолдары анықталған. Оларға ортақ мәселе – баланы шығармашылық
қызметке араластыру. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау
ең алдымен қабілетң ұғымының мәнін терең түсініп алуы қажет етеді.
Қабілеттерң - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.
Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда
көрінетін адамның жеке қасиетің.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген Е. Л. Рубенштейн болса, А.
Н. Леонтьев барлық қажеттер алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеруге
қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға тартады. Бастауыш сынып
оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін
дамытудың мәні зор.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді
талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа
адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген
қорытындыға келеміз.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш қолымен
ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан
белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
іздестіру қажет. Қазіргі сабақ түрлері: сайыс, жарыс, аукцион, концерт,
кіріктіру сабақтары нәтижесін беріп жүр. әсіресе, соның ішінде қазақ тілі
пәні бойынша балалардың қызығуларын қалай арттыруға болады? Оқушының пәнге
қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалық жағдай туғызып,
оқушының ой-өрісін арттыру, шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен үлес
қосады.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің
білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді
- деген. Ал ойлауға үйрететінсабақтыерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе, мектеп
табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндер үшін мұғалімнің ролі ерекше.
Бұл оқушылар - әлі ойын балалары. Сондықтан да сабақты тартымды еткізу үшін
сабақ тақырыбына сай көрнекті құралдар, дедактикалықматериалдар ролдік-
сюжеттік ойындарды, әрбір 10-15 минут сайын сергіту жаттығулары мен
музыкалық үзілістерді қолдану қажет. Қазақ тілі сабағының гтамматикасын
түсіну үшін балалар көп ой-еңбегін жұмсайды. Бұл сабақты бір сарынды өтсе,
онда баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. 1-2
сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты
сабаққа ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты түрлендіріп, оқушылардың
сабаққа деген ықтасын, қызығушылығын арттырып отыру керек. Ойын –
балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты.
Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Адамгершілікке
тәрбиелеуде балалардың көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында
ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән
ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ
үстінде ойын арқылы шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты,
жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын
арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай әдейілеп
ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-
құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын
арттырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қалай
болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады. Сондықтан, ойын баланың
дүниетанымының, өміртанымының алғашқа қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны
танып білуі еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері байқалады. Ойын
үстінде өмірдегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан, мұғалім баланы сабақта
талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу
керек. Пәнді оқыту барысында оқушылардың белсенділігін адамгершілілкке
саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке
баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Олар мадақтау,
бағалау, көрнекілік құралдар түрлерін, ойын элементтерін қолдану. Бастауыш
сыгып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу қазақ тілі пәнінің
тәрбиелік мәні зор.
1.2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке
тәрбиелеудің жолдары
Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға
белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан
алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі дәдіс-тәсілдерін
іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен
оқушыларды қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың тұлғасын
адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын қарастыру керек.
Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың
назарын бір нәрсеге аудару керек. Мысалы оқушылардың назарын адамгершілік
қасиеттерге баулу керек.
- шығармашылыкпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың,
мектептің бүкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта,
ұжымда өзара адамгершілілк қарым-қатынас, сыйластық ахуал орнату;
- мұғалім - оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет
құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді.
Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің
кішіпейілділігі және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен
пікір алмасуы оқушының өмірге көзқарасын адамгершілік тұлғасын
қалыптастыру;
- мұғалім қазақ тілі пәнін оқыту барсында бастауыш сынып оқушыларының
тұлғасын адамгершілілке тәрбиелеуде көркем шығармаларды оқып, талдап
үйретуде өз шеберлігін байқатады. Көркем шығарманың, әдеби процестің
механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп
баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік
дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде
мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс тәсілін танымдық
белсенділігін дамытады;
- Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық
процестерді арнайы жасалған оку және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
- Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін калыптастыру; т.б.
Ұлы неміс педагогы А. Дистерверг әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім
беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетепейді, ойлауға
үйретеді деген.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр
саладағы қызғушылықгы алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып
білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог
мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген.
1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2) Адамның қызығуларын соқыр
сезімдерге теңейді. 3) Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы
соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады.
4) Сыртқы дүниемен байланыспайды. т.б.
Қызығу мектепте оку-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни
мәселелер болып табылады.
Қызығудың мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай
дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.
Мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары
соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін
мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әсерлі, қызығушылығын
артыру арқылы ұйымдастыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегеміз
жемісті болар еді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың
дүниетанымын, өмірлік бағдарын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп
шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті —
білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі
мектептің негізгі міндеті — біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық
қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жакты дамыған жеке басты тұлға
тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан
қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің
өзіндік үлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған Қазақстан
2030 жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты
миссиясын оқушылардың қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан
дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп
есептейміз. XXI ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету
үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік
талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық
қасиеттерін, танымдық белсенділігін қалыптастыруымыз керек. .[10]
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі
туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру
жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру
бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы
боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім
қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан
құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ деген еді. Бұл
ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін
мектепке қоятын талаптарының өзгеріп керек, өйткені ескі білімге
оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның
бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп
отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шындалады. Келешекте осы
елдің тізгінін ұстайтын азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан,
Қазақсанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын
мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның,
мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда Білім туралы заңы
қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
ұстанымдарының бірі — педагог қызметкерлер, оқушылардың мемлекеттік білім
беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын

жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін

812 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне
енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- белсенділіктерін дамытуды
ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін
айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының
арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетті
арттыра отырып, оқушының шығармашылығын, белсенділігін,
қабілетін оятуға, дамытуға жол ашады. [11]
Оқушының танымдық белсенділігін, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу —
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін
арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу -
бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы
үшін – оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге
қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы
адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар,
педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар:
Э.Парондайк, У.Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның
жемістерін де атап өтті. Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының белсенділігін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.
Шығармашылық - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпаққа ғылыми негізде білім беру шығармашылық белсенділігін дамыту
міндеттері туындайды. Білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Бол маманның кәсіби ынтақыласып белсенділігі мен шығармашылық
қабілеті қазақ мектебінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт
талабына сай оқушының шығармашылық белсенділігін дамыту үшін оқытудың жаңа
ақпараттық техникасын пайдаланған жөн.
Психологтар Д.Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-
әрекетінің негізгі құрылымы-оқу мақсаты мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқыту
арқылы баланың белсенділігін дамытудағы көзделетін басты мақсаттарды саналы
түрде меңгеруге баулу. Шығармашылық жұмыстың басты мақсаты-оқыту мен
тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ
халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман тәрбиелейтін бағыт-бағдар
беру. Ал, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, шығармашылық қабілетін
дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Сондықтан ұшқыр ойлы, жаны сұлу, шығармашыл, белсенді ойлай білетін дара
тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру, белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Мұғалім оқушының шығарашылығын, белсенділігін, қабілетін дамытуға
баулуда еңбек етеді. Көптеген психолог, педагог мамандар В.В. Давыдов, Л.В.
Занков. И.Л. Лернер, және қазақтың ағартушы ғалымдары А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтар да өз еңбектерінде осы мәселені,
пікірінде айтып өткен. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша әрбір
жаста шығармашылыққа баулуда ерекше қабілет, бейімділік болады екен.
Мұғалім оқушының бойында шығармашылық белсенділік қалыптастыру үшін
мынандай бағыт-бағдар беру керек:
- оқушы шығармашылықпен айналысу үшін жағдай туғызу;
- сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Психологиялық қауіпсіздік, еркіндікпен қамтамасыз ету,
Оқушының шығармашылықпен айналысуына үйде, сабақта қолайлы жағдай
туғызу;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде
қалыптастырып отыру;
Осының нәтижесінде оқушы бойында танымдық дербестікпен өзіндік жолын
анықтауға ынтасы оянып, олардың осыған дағдылануы қалыптасады. Бұл
технологияның негізінде оқушылардың оқу мәдениетін, іс-әрекеті барысында
ынталылығын жүйелі ойлаудың дағдыларын қалыптастыруды көздеген мұғалімнің
шеберлігі, шығармашылығы, қабілеті, тәжірибесі қалыптасады. Оқу процесінің
тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық, ізденісіне
қатысты десек, бұларды қамтамасыз ететін іс-әрекет барысында оқушының
белсенділік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім беруді басқарудағы
әр түрлі жүйелеуді жобалау мен жүзеге асыруда оқушының білімге деген
танымдық іс-әрекеті шығармашылық белсенділігі, ынталылығы қалыптасуы керек.
Осы орайда көптеген ғалымдар оқушының шығармашылық белсенділігі барысында
ынталылықты қалыптастыру жолында өз пікірлерін, ойларын ортаға салды. Олар
мыналар: В.Г.Афанасьев, А,И.Котова, Ю.А.Копаржевский, Б.Ф.Ломов,
Р.Х.Трешьяков.
Бастауыш мектепте оқытылатын оқу сабағының оқушының сөйлеу тілін
жетілдіруде және оның әрбір адам, қоғам, табиғат туралы түсінігін кеңейту
қалыптастыруда танымдылық іс-әрекеттің белсенділігінің тиімділігі зор.
Оқушының тілін, ойын, қиялын, іздену, салыстыру және зерттеу іс-әрекеті,
тікелей ықпал етеді. Бұл мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгерімін
арттыруға жетілдіруге тікелей әсер етеді. Ана тілі методикасының негізін
салған К.Д.Ушинский Ана тілін толық меңгермеген оқушыда шығармашылық
белсенділік өз деңгейінде болмайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы
бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені
түсінікті емес пе? деген болатын. Оқулықтағы әрбір мәтін оқушы санасын да
із қалдыру, олардың шығармашылық танымдық іс-әрекет ынталылығын, ақыл-ой,
эмоциясын дамытады. Ана тілін оқу барысында оқу материалдарын жүйелі түрде
меңгеру, іздену, салыстыру, зерттеу және әртүрлі шығармашыл жұмыстарды
оқушылар оқу-танымдық іс-әрекеті барысында белсенділігін қалыптастыру
арқылы, белсенді, қабілетті, зейінді, ұқыпты, ынтымақты жұмыс істеуге
үйретеді.
Бірінші сыныптан оқушыға айналасын, қоршаған дүниені байқатып,
бақылату, оқығанын саналы түрде түсінуін талап ету керек. Әсірісе оқушының
ойлану қабілетін, шығармашылығын арттыру үшін мәтіндегі негізгі ой-түйінін
табуға, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жұмысы жүргізіледі. Оқушылар ана
тілін оқу жылының екінші жартысында оқиды. Бұл кезде кіші мектеп жасындағы
балалардың сауаты ашылып, сөздерді тұтас оқуға, сөз бен сөздің арасындағы
тыныс белгілерінде орынды сақтап, сөйлемді де дұрыс, толық оқуға
белсенділігі артады. Оқушылардың бұл кезде қате жібермей оқуы, мұғалімнен
бақылауды, басшылықты талап етеді. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-
танымдық іс-әрекеті барысында белсенділігін қалыптастыруда көптеген
ғалымдардың пікірлері айтылып дәлелденген. Ал философияда оқу-танымдық іс-
әрекетті ұғымының бір-бірімен қарым-қатынастағы байланыстары түсіндіріледі.
Мектепті педагогикалық жүйе ретінде белсенділік, танымдық іс-әрекет арқылы
қоршаған ортаның дамуына бағытталған шығармашылығын қалыптастыруға
Т.И.Шамованың пікірін аса құнды деп бағалауға болады.
Педагогика ғылымында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын
қалыптастыруға Э.Г.Юдин, Ф.Ф.Коволев, Н.Д Хмель, Г.Д. Кориллова,
Ю.Б.Бабанский т.б. үлес қосты. Оқушылардың сабақтық - танымдық қызметін
шұғыл басқару және олардың өзін-өзі басқару белсенділігін дамытуда
байқалады. Бұлардың барлығын ортақ мақсат біріктіреді, ендеше олар жаңа
көзқарастар негізінде жоспарлау мен басқарудың жөне сабақ үстінде
оқушылардың өзін-өзі басқаруының, шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуының
негізі болады.
Оқушылар өзін-өзі бақылап бағалайды, шығармашылық жұмыстарымен
шұғылданады.
Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі дидактикалық ойындармен танысады.
Оқушылардың білімге деген ынтасы ашылып құштарлығы артады. Егеменді ел
болған халқымызды бүгінгі таңда дүр сілкіндіріп жаңаша серпіліс танытып
отырған-білім беру жүйесіне көптеген талаптар, жүйелі мақсаттар қойылып
отыр. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының, қасиеттерінің,
ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін белсенділігін дамытып
талантын ашу, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру көзделуде. Мектеп жасындағы
оқушыларды шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға
практикалық әрекеттерге дайын болуға, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға
баули білу мұғалімнің шеберлігінде.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен оның қажеттілігіне А.В.Усова, Г.Я.
Гальперин, Р.Г.Лемберг И.Я.Лернер, В.П. Паламарчук, Ж.Аймауытов М.Жұмабаев.
А.Байтұрсынов, Т. Сабыров, Ж. Қоянбаев т.б. ерекше мән береді. Оқушылардың
ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесін
қалайды.
Ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы
Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға одан тәжірибеге көшу — болып
табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. (Анализ,
синтез, дедукция, индукция, абстракция) Танымның негізгі және білімінің
ақиқаттылығының шарты-тәжірибелік іс-әрекет. Оқушылардың шығармашылық
белсенділігі танымдық іс-әрекет ретінде жүзеге асады. Себебі оның оқу іс-
әрекетінің нәтижесі оны таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін
жаңа білім, білік дағдылардың көзі ашылады. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу-
мектептегі оқытудың негізгі мәселелері — оқу барысында оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын арттыру, олардың өз бетінше белсенділік, ынта-
ықыласын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Баланың
өзіндік сезімдік (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік, әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Қазақ тілі барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілілкке
тәрбиелеуде мұғалім өзінің шеберлігін, тәжрибесін қолданған да ғана жақсы
көрсеткішке қол жеткізеді.

Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп
саналады. Солардың қатарына жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін
дамытып, шығармаішылығын танымдық белсенділігін талантын ұштаудағы оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды
жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың
дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп
өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім мен
іскерлікті беру қажеттігі туындайды.
Белсенділік – мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша
жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы
болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың
қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық,
көркем, техникалық, т.с.с), әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде
болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары XX ғасырдың
бас кезінде зерттеулер барысында негіздеген болатын.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда шығарманшлық іс-әрекеттерді өз
бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру — оқытудың аса маңызды мақсаттарының
бірі. Мұны жүзеге асыру окушыларды жинақтылыққа өзін-өзі дұрыс басқаруға
үйретеді, білімді сапалы түрде игеріп, оны танымдық - шығармашылық және
қарапайым жаттығуларды дұрыс қолдана орындауда білуге жетелейді, білімін өз
бетінше жетілдіру қабілетін дамытады.
Өз бетінше үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, ерік-жігер мен ақыл ой
қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілген
жұмыстарда айқын білінеді.
Сондықтан оқушылар өзінің қызығуын толық түрде
қанағаттандыратындай оқытушыны қалайды.
Танымдық қызығушылық жеке адаммың орнықты қажеттілігіне,
мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен
қатар дербес танымдық іс-әрекетіне оң көзқарас қалыптасыру керек.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz