Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

КАЛИАКПЕРОВА Н. З.

КАБДРАХМАНОВА А. К.

Гистология

Юнита 1

гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы эпителий және дәнекер ұлпалары

Өскемен, 2007

АННОТАЦИЯ

Бұл оқу құралы анатомия және физиология кафедрасының аға оқытушысы Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзін тексеру сұрақтары, тесттер, глоссарилар, әдебиеттер көрсетілген.

Гистология пәнінің кіріспе дәрісінде пән туралы ақпарат, мақсаты, міндеті, даму тарихы, қазіргі кездегі жалпы ғылыми жетістіктері, зерттеу әдістері, ұлпа түрлері жазылған.

«Эпителий ұлпасы және бездер» - туралы дәрісте эпителийлердің түрлері және оларға сипаттама, олардың құрылысына және қызметіне, регенерациясына толық сипаттама беріледі. Бездердің қызметімен үйлесімділігінің ерекшеліктерін қарастырады.

«Қан және лимфа, қан жасалуы»- дәрісінде қанның құрамына жалпы сипаттама, қан жасалудың эмбриональді және постэмбриональді гемопоэзді толық қарастырады.

«Дәнекер ұлпалар» бөлімінде дәнекер ұлпаларға жалпы сипаттама, олардың құрылысы және қызметі.

«Қаңқа ұлпалары» - (шеміршек және сүйек) бөлімінде қаңқа ұлпасына жалпы сипаттама, олардың түрлеріне, құрылысына, гистогенезіне, жас ерекшеліктерінің өзгерісіне, және қаңқа ұлпаларының регенерациясына түсініктеме беріледі.

Емтихан сұрақтарының тізімі, өзіндік бақылау тесттері.

Глоссарий жазылған, онда пәннің жаңа түсініктеріне сипаттама берілген.

Әдебиеттер көрсетілген, оларды міндетті түрде қолдануы қажет.

Оқу құралын жазуда авторлар жоғарғы оқу орындарында пәнді оқытуда алған білімдерін және қазіргі кездегі гистологияда ұлпалардың құрылысын және қызметін ғылыми жағынан қарастырып жазылған.

Оқу құралын медико-биологиялық іс, биология, экология және т. б. профильдегі мамандардағы студенттердің қолдануына болады.

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ

ДИДИКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР

ӘДЕБИЕТТЕР

ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ

/ТАРАУГИСТОЛОГИЯ МЕН ЦИТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ

IIтарауКЛЕТКАЛАР МЕН ҮЛПАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

III ТАРАУҮЛПАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ ҰЛПАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

IV ТАРАУЭПИТЕЛИАЛДЫҚ ҰЛПА НЕМЕСЕ ЭПИТЕЛИЙ

4. 1 ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

4. 2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

4. 3 ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

4. 4 ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

4. 5 ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ

4. 5. 1 БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ

4. 5. 2 БІР ҚАБАТТЫ ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ЭПИТЕЛИЙ

4. 5. 3 КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙ

4. 5. 5 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕҢБЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ

4. 5. 6 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕЛУШІ ЭПИТЕЛИЙ

4. 6 БЕЗДІК ЭПИТЕЛИЙ

V ТАРАУІШКІ ОРТАНЫҢ ҰЛПАЛАРЫ

5. 1 ҚАННЫҢ ЖАСАЛУЫ (ГЕМОПОЭЗ)

5. 1. 1 ЭМБРИОНДЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАННЫҢ ЖАСАЛУЫ

5. 1. 2 ЕРЕСЕК ОРГАНИЗМДЕГІ ҚАННЫҢ ТҮЗІЛУІ

5. 2 ЭНДОТЕЛИЙ

5. 3 РЕТИКУЛАЛЫҚ ҰЛПА

5. 4 ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫНЫҢ ӨЗІ

5. 5 БОРПЫЛДАҚ ДӘНЕКЕР ҰЛПА

5. 6 ТЫҒЫЗ ДӘНЕКЕР ҰЛПА

5. 7 ШЕМІРШЕК ҰЛПАСЫ

5. 8 СҮЙЕК ҰЛПАСЫ

5. 8. 1 СҮЙЕКТІҢ ДАМУЫ НЕМЕСЕ ОСТЕОГЕНЕЗ

5. 8. 2 СҮЙЕКТІҢ МЕЗЕНХИМАДАН ДАМУЫ

5. 8. 3 СҮЙЕКТІҢ ШЕМІРШЕК ОРНЫНА ДАМУЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША :

Рефераттар тақырыптары

Рефератты дайындау және мазмұны:

Өзін бақылауға арналған тестік тапсырма:

ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ

ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР

ГИСТОЛОГИЯ МЕН ЦИТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ- Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз.

КЛЕТКАЛАР МЕН ҮЛПАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. Клетканың жалпы морфологиясын окып-үйрену зерттеу әдістерінің дамуына тығыз байланысты. Гистологиядағы негізгі зерттеу әдісі - клеткаларды, үлпалар мен органдарды микроскопиялау

ҮЛПАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ ҰЛПАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клет-кааралык заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификацмясын ұсынған болатын.

ЭПИТЕЛИАЛДЫҚ ҰЛПА НЕМЕСЕ ЭПИТЕЛИЙ Эпителиалдық үлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген термин гректің екі сөзінен құралған "Эпи"- үсті және "телий"- еміздікше яғни еміздікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді.

ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, кұрылысына және атқаратын қызметіне негізделғен олардың түрлі классификациясы бар.

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийдің күрылыс ерекшелігіне неғізделғен. Бүл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп кабатты деп бөледі. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпак, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады (суретте көрсетілген) .

Онто және филогенетикалық классификация. Бір қабатты куб тәрізді эпителий. Көп қабатты эпителий. Көп қабатты мүйізденбеген және мүйізденген эпителий. Безді эпителий.

ІШКІ ОРТАНЫҢ ҰЛПАЛАРЫ- Ішкі ортаның ұлпаларының бәрі онтогенезде мезенхимадан дамиды. Мезенхима негізінде мезодермадан пайда болады. Ұлпалардың бұл тобының эпителийден айырмасы қабат құрамайды және клеткалар мен аралық заттан тұрады. Қанның жасалуы. Эндотелий. Борпылдақ және тығыз ұлпа. Шеміршек және сүйек ұлпасы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қ. Нұғматжанов. С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. Қайнар-1969. ( стр. 115-199) .

2. Афанасьев Ю. И. Гистология / Ю. И. Афанасьев, Н. А. Юрина. - М. : Медицина, 2002. - 744 с. : ил.

3. Афанасьев Ю. И. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии. /Ю. И Афанасьев и др. - М. : Медицина, 1999. - 328 с. : с ил.

4. Елесеев В. Г. Гистология / В. Г. Елесеев, Ю. И. Афанасьев, Е. Ф. Катовский. - М. : Медицина, 1989.

5. Рябов К. П. Гистология с основами эмбриологии. /К. П. Рябов. - Минск: «Высш. Школа», 1990. - с. 119-254.

6. Мануилова Н. А. Гистология с основами эмбриологии. /Н. А. Мануилова. - М. : «Просвещение», 1973. - сс. 3-50, 162-271.

7. Заврзин А. А. Основы сравнительной гистологии. / А. А. Завар-зин. - Л. : ЛГУ, 1983.

8. Шубникова Е. А. Функциональная морфология тканей. / Е. А. Шубникова. - М. : Изд. МГУ, 1981. - 328 с.

9. Шубникова Е. А. Эпителиальные ткани. /Е. А. Шубникова. - М. : Изд. МГУ, 1996. - 256 с.

10. Хэм А. Гистология: в 5-ти т. / А. Хэм, Д. Кормак. . - М. : Мир, 1982- 1983.

11. Алмазов И. В., Сутулов Л. С. Атлас по гистологии и эмбриологии. / И. В. Алмазов, Л. С. Сутулов. - М. : Медицина, 1978.

  1. Аргингазина Р. А. Гистология, цитология и эмбриология. /Р. А. Аргингазина, А. Б. Сарсекенова. - Усть-Каменогорск. Изд. ВКГУ, 2003. 11 с.
  2. Короткова В. М. Медицинская биология и генетика. Биология клетки. Методические указания. /В. М. Короткова. - Усть-Каменогорск, Изд. ВКГУ, 2003. 60 с.
  3. Быков В. Л. Частная гистология человека. 2-е изд. / В. Л. Быков. - СПб. : Сотис, 1997.
  4. Винников Я. А. Эволюция рецепторов. /Я. А. Винников. - Л. : Наука, 1979. - 144 с.
  5. Глебов Е. Н. Функциональная морфология синапсов. /Е. Н. Глебов, Г. Н. Крыжановский. - М. : Медицина, 1978. - 382 с.
  6. Хрущёв Н. Г. Гистогенез соединительной ткани. /Н. Г. Хрущёв. - М. : Наука, 1976. - 115 с.
  7. Серов В. В. Соединительная ткань, функциональная морфология и общая патология. / В. В. Серов, А. Б. Шехтер. - М. : 1981.
  8. Волкова О. В., Елецкий Ю. К. Основы гистологии с гистологической техникой. / О. В. Волкова, Ю. К. Елецкий- М. : Медицина, 1982. - 197 с.
  9. Юрина Н. А. Гистология. / О. В. Волкова, Ю. К Елецкий. - М. : Медицина, 1995. -256 с.

/ ТАРАУ

ГИСТОЛОГИЯ МЕН ЦИТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ

Гистология (грекше histes - ұлпа, logos - ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.

Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.

Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.

Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос"- қуыс деген сөзінен шыққан) . Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.

Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.

XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді - штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.

XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде өсімдіктер клеткасын зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы. Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің не екендігі, өсімдіктердің клеткалық қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер организмінің қүрылымдық элементі екендігі белгілі болды.

XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жану-арлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье микро-скопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.

Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттері: Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың, гистологияның негізін қалаушылардын бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның, Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т. Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсал-дық құрылымдық компоненті деп қарастырды.

Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клеткалар қүрылымы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртүтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуьша үлкен прогрессивтік әсері болды.

Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергиянын түрақтылық заны, клеткалық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.

Қазіргі кездегі клеткалық теорияның негізгі қағидалары мьгаалар:

1. Клетка - тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі (единицасы) ;

2. Түрлі организмнін клеткалары қүрылысы жағынан ұқсас;

3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;

4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының жиынтығы.

XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары щықты.

Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы кезде жақсартылған иммерсиялык объективтер тәжірибеге енгізіліп, микроскоптың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар - формалин (Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы (Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен ұлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардын ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.

Клеткалық теорияның қалыптасуьша клетканың бөлінуі жайындағы жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей емес бөлінуі жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның бүл жаңалығы кезінде тиісті бағасын ала алмады. Сонымен бірге автордын өзі де жаңалығшшң универсалдық зор маңызын жете ұғына қоймаған болатын. Бүдан кейінгі жылдары клетка бөлінуінің жаңа әдістері туралы көптеген ғылыми еңбектер жарияланды.

1874 жылы Н. Д. Чистяков митоздық бөлінудің бірнеше фазаларьш жазды. Ол жанадан пайда болған клеткалардың ядросы аналық клеткалар ядросының бөлінуінің нәтижесінде пайда болатынын түсінді. Бірақ та Н. Д. Чистяков бөліну фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетка бөлінуінің жаңа ашылған әдісіне арналған бірнеше енбектер басылып шықты. Э. Страсбургер бірнеше өсімдіктер митозын баяндауға арналған "Клетканың бөлінуі және клетканың пайда болуы" деген моногра-фиясьш жарыққа шығарды. Страсбургер өсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий жүмыртқасының бөлінулерін де қарастырды. Түрлі организмдердің тікелей емес бөлінуі ортақ заңдылықпен жүретінін Страсбургер дүрыс түсінді. Бірақ та митоздың жеке детальдарына баға берген кезде ол еңбегінде көптеген кателер жіберді.

1978-1879 жылдар кариокинез ашылуының шарықтау кезеңі болып саналады. 1878 жылы Страсбургердін "Клетканың бөлінуі және үрықтану жөнінде" деген екінші монографиясы шықты. 1879 жылы В. Шлейхердің, П. И. Перемежконын және В. Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері жарық көрді. Флемминг өзінің "Клетканың субстанциясы, ядросы және клетканын бөлінуі" деген 1882 жылы шыққан монографиясында кариокинез жөнінде шықкан жүмыстарды қорытты. Осы кездегі қолданылып жүрген кариокинезге байланысты көптеген терминдер Флеммингтің осы монографиясында қолданылады. Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну, митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин, экваторлық пластинка, аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез" деген терминді казіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг.

"Профаза", "Метафаза" және "анафаза" деген терминдерді Э. Страсбургер 1884 жылы, "телофаза" деген тер-минді 1894 жылы Гейденгайн үсынған.

Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бүл сала Ресейде де дами бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харь-ков (1867), Қазан (1871), Томскі (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Аршптейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік қүрылымын анықтаған, балықтардың электрлік органдарынын гистофизиологиясын, кез бүршағын және иіс-сезім органьш зерттеуге арналган енбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофи-зиологиялық бағытын одан әрі жалғастырған көптеген шәкірттерін (И. Ф. Огенев, А. А. Колосов, Н. А. Арсеньев) кдлдырды.

Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919) . Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смирнов, Д. А. Тимофеев,

Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті мамандар.

Санкт-Петербург университетіиде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастал академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардын нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.

А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гистологтар мектебін ашкан ғалым. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі - академик А. А. Заварзин (1886-1945) болды.

Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский (1847-1963) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының ре-генерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микро-физиология саласында да танымал.

Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың бірІ - орталық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817-1879) . Киев университетінің гистология, эмбриология және салыстырмалы анатомия кафедрасын ұйымдастырған П. И. Пере-межко (1823-1863) . Оның негізгі енбектері клетканын белінуіне арналған. Кенес өкіметінің гистология мектебі цитологияның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д. А. Тимофеев, А. Н. Миславский, А. А. Заварзин, Б. И. Лаврентьев, Н. Г. Хлопин, А. В. Румянцев және т. б. ) .

Б. И. Лаврентьев пен А. А. Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В. Румянцев ішкі секреция мүшелерішң қүрылысын, Н. Г. Хлопин үлпалардың қүрылысы мен дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Қазақстан галымдары да: академик Ф. Мүхамедғалиев, Қазакстан ҰҒА-ның кор-респондент мүшелері Т. Масенов, А. М. Мырзамадиев, А. Ракышев, профессор Г. Мұсағалиева, биология ғылымдарынын докторы, профессор М. Нүрышев т. б. гистология мен цитологиянын дамуына белгілі дәрежеде өздерінін үлестерін қосты.

Гистология кептеген биологиялық пәндермен, жалпы және салыстырмалы анатомиямен, эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен, зоологиямен тағы пәндермен тығыз байланысты.

II тарау

КЛЕТКАЛАР МЕН ҮЛПАЛАРДЫ

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитология және гистология түсінігі
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистология пәнінің даму тарихы
Клетканың органикалық заттары
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Гистологияның даму тарихы
Ұлпалар туралы
Гистологияның міндеттері
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz