Дәрігер - науқас тұлға аралық қатынасы


ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ДӘРІГЕР - НАУҚАС ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- «ДӘРІГЕР-НАУҚАС» ТИІМДІ АРАҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
- ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ДӘРІГЕР - НАУҚАС ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.
Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.
Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық казбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьш, тарту.
Келесі, үшінші кезеңде науқастың ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.
Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.
Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары. Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.
«ДӘРІГЕР-НАУҚАС» ТИІМДІ АРАҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Дәрігер науқаспен тілектестік қатынас кұрса, олардың алғашқы кездесуінде сұхбаттасуға қолайлы жағдай туады. Бұндай арақатынас, эмпатия жағдайына жақын болады, яғни науқастың ішкі бейнесін дәл, барлык эмоционалдық және мағыналы жақтарымен, толық қабылдауымен пара-пар. Дәрігер эмпатия жагдайына ауысады, Эмпатиялық әдіс бойынша, дәрігер ауру адамның ішкі алеміне кіріп, онда өзін «үйіндегідей» сезінуін ойластырады. Мұнда дәрігер басқаның уайымдарына сезімтал болып, онымен бірге қорқақ, ызалы, жасқаншақ болуы керек. Осыған қарағанда, дәрігерге эмпатия жағдайын сақтау үлкен шеберлікті және эмоциялық тұрақтылықты талап етеді, себебі дәрігердің бір жағынан жауапты, белсенді және күшті болуын, ал екіншіснен - нәзік және сезімтал болуын қажеі етеді.
Дәрігердің пациентпен әрекеттесуі негізінде науқастың ауруға байланысты проблемалары шешіледі. Бұл мәселелер нәтижелі болуы үшін, қатынасудың бастапқы сатыларында дәрігер келесі ережелерді сақтауы тиіс:
• көп тындап, аз сөйлеу;
• тыңдап отырып, айтылған жәйларды өзінің түсінгенін сездіру;
• тұлғаның эмоционалдық және интеллекгуалдық ерекшеліктерін байқап, таба білу;
• диагноз туралы ойларының қорытындыларын мәліметтемеу. Сұхбаттасу ксзінде, науқастың жағдайының төмендегідей ерекшеліктеріне дәрігердің назар аударуы керек:
• науқастың сұхбаттасуға қызығуымен қатар, мақсатты жәм белсенді әрекеттесуге қабілеттілігі, қоршаған ортаны, уақытты дұрыс бағдарлауы, қоршаған заттардыц атын, қажеттілігін білуі;
• науқастың көңіл-күйінің төмен болуы - қорқуы, тежелуі, назарн болмауы, үрейленуі, кызбалануы;
• дисфориялық реакцияларға ықлалдануы-ызалануы, агрессивтілігі, қатаң мінездігі;
• тиісті емес сөздерін, ойларын айтуы, әсіресе біреуді қуғый дауы;
• тұлғааралық қатынасуда қозғыштығы, жабырқаулығы;
• «театралды» мәнерлігі; өзіне көп назар аударуды кажет етуі қыңырлығы;
• алаңғасарлығы, трафаретті сөздерді колдануы;
• ойларының үстірттілігі және жеңілдігі, жігерінің және есін сақтау қабілетінің төмендеуі.
Медицина қызметкерлеріне науқастың алдында, кәсіби және өз қызметіне байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін талқылауларына тыйым салынады.
Науқасқа ешқашан да жағдайға және жасына қарамай, «сен» деп айтуға болмайды. Осылай сенімді дистанция сактаудъщ өзі науқасқа шипагерлік әсерін тигізеді, дәрігердің беделін өсіруге ықпал жасайды. Бұл ереже, 16 жастан үлкен науқастардың барлығына тарайды.
Осыган байланысты, өз сипаттамаңыздын бір ерекшеліктерін айгу немесе әріптестеріңіздің тұлғалық ерекшеліктерін жариялау, медициналық тәжірибеңізден бір оқиганы айту - медициналық этиканы бұзу дәл сипатталады.
Дөрекі түрде науқасқа назар аудармаумен катар, қатты оған илану да науқас психикасына зиянын тигізетіні мәлім.
Сұхбаттасу кезінде дәрігердің позициясы белсенді болуы керек. Дәрігердің мәлімет жинастыруы тек бір схема бойынша, бірізділік ұстанымда ғана жүpгiзy қажет. Қойылған сауалдарға нақтылы жауап апуға трысқан жен. Науқасқа басымдылық жасатпау, алдап-арбауға жол бермеу де дәрігерге байланысты.
Сұхбаттасу үшінде науқас жылаған жағдайда, оған қарсылық білдірмей, тек келесі түрде ғана қолдау жасалады: «Сізге әрине жеңу емес, түсінемін». Бұл -жылы қатынас құруға мүмкіншілік береді.
Сұхбаттасу үстінде, науқас ауырсыну сезімдері туралы сұрақ қойып олардың негізі түсіндіруді өтінеді. Мұндай кезде, дәрігер ешқашан ауру белгілерінің пайда болу механизмдерін айтпауы керек, себебі дәрігер әлі өзі де оны толық түсінген жоқ және оның айтқанын науқас түсінбейді.
Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері және модельдері
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер - емделуші,
медициналық қызметкер - емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер - медициналық қызметкер.
Дәрігер - науқас арақатынасының е кі түрі белгілі: императивті және диалог.
Императивті қатынас - бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекетжасау. Қарым-қатынастың бұл түрініңмақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгіерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсатыжасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтеншежәне жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды жәнеталанты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен, оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.
Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
- Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
- Науқасыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
- Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
- Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне жәнебеделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері менталаптарын көрсету.
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.
Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскендәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекеттіұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы - бұл дәрігердің науқасты түсінуі, білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.
Сөзсіз қатынасу. Қатынас жасаған кезде басқа адамның физикалык бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тындаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап, я кабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.
Қосақтастыру техникасы - бұл пациентпенбір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіру кажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау кұқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.
Тыңдау тәсілінің техникасы . Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:
- бағалай отырып тыңдау;
- бағалаусыз тыңдау.
Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі колданылады.
Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт - үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны - аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, таласнемесебасқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанынжасыруға тырысады.
ДӘРІГЕР - НАУҚАС ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.
Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.
Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық қазбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьп, тарту.
Келесі, үшінші кезеңде науқастьщ ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.
Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz