БҰҰ-ның халықаралық істердегі орны мен рөлін анықтау



Кіріспе ... ... ... ...3.4
Негізгі бөлім
І.тарау. БҰҰ.ның құрылуы және оның басты органдары ... ... ... ... .5.7
1.1. БҰҰ.ның Бас Ассамблеясы ... ..8.9
1.2. БҰҰ.ның Қауіпсіздік кеңесі ... ... ..10
1.3. Қазақстанның БҰҰ.на мүше болуы ... 11.15
ІІ.тарау. БҰҰ.ның арнаулы мекемелері мен ұйымдары ... ... ... ... .16.18
2.1. БҰҰ.ның Білім бері, ғылым және мәдениет мәселесі жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) ... ... 19
2.2. Дүниежүзілік Сауда ұйымы (ДЕҰ) ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Тақырыптың өзектілігі: Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ) дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Өзінің аумағы мен террорлық метордтарына қарай екінші дүниежүзілік соғыс қаумыдастықтың инициативасымен бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау ұйымын құруға итермеледі. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ халықаралық қауіпсіздікті сақтау ұйымдарын құру үкіметаралық деңгейде талқыланды. Ғылыми әдебиетте одақтастардың қайсысы қандай құжатта Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы ұсынды деген мәселе бойынша біркелкілік жоқ.
Батыстық ғалымдар Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы Рузвельт пен Черчильдің 1941 ж. 14 тамызда қабылданған Анлант Хартиясын айтады.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары- жер бетіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
Негізгі бөлім
І-тарау. БҰҰ-ның құрылуы және оның басты органдары ... ... ... ... .5-7
1.1. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8- 9
.2. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...10
.3. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..11-15
ІІ-тарау. БҰҰ-ның арнаулы мекемелері мен ұйымдары ... ... ... ... .16-18
2.1. БҰҰ-ның Білім бері, ғылым және мәдениет мәселесі жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
.2. Дүниежүзілік Сауда ұйымы (ДЕҰ) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... 22

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ) дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Өзінің аумағы мен террорлық метордтарына қарай екінші дүниежүзілік соғыс қаумыдастықтың инициативасымен бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау ұйымын құруға итермеледі. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ халықаралық қауіпсіздікті сақтау ұйымдарын құру үкіметаралық деңгейде талқыланды. Ғылыми әдебиетте одақтастардың қайсысы қандай құжатта Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы ұсынды деген мәселе бойынша біркелкілік жоқ.
Батыстық ғалымдар Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы Рузвельт пен Черчильдің 1941 ж. 14 тамызда қабылданған Анлант Хартиясын айтады.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары- жер бетіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: БҰҰ-ның халықаралық істердегі орны мен рөлін анықтау. Бұл ұйымның экономикалық- әлеуметтік және гуманитарлық сипаттаға проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру осы ұйымға мүше мемлекеттер үшін қаншалықты маңыздылығын анықтау.

Жұмыстың міндеті: Тақырыпты жан-жақты терең мағынасын ашу. Жоспарда көрсетілген тақырышаларды баяндай отырып БҰҰ-ның халықаралық істердегі орны мен рөлін аша білу.
Тарихнама: Курстық жұмысты жазу барысында БҰҰ-ның құрылуы туралы мағлұматты Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 2 том оқулығынан алдым. [1] БҰҰ-ның арнаулы мекемелері мен ұйымдары туралы мәліметтер Қазақ тарихы журналы 2003 ж, Қазақ Ұлттық Энциклопедиясында 3 том жазылған [2]. Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ мен қарым-қатынасы туралы Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақ дипломатиясы оқулығында жақсы жазылған.
Құрылымы: Курстық жұмыс екі тарауға бөлінген. Әр тарау екі-үш тараушадан тұрады. Одан өзге кіріспе, қорытынды, сілтемелер мен қолданылған әдебиеттер тізімі де жазылған.

І-тарау. БҰҰ-ның құрылуы және оның басты органдары
Біріккен Ұлттар Ұйымын құруда маңызды кезен болған 1943 жылы одақтастардың Москвада өткен ференциясы болып табылады. 1943 жылы 30 қазанда АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдері аз уақыттың ішінде халықаралық ұйым құру керек деп тұжырымдайды. Бұл халықаралық ұйым халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға тиіс. Ол ұйым бейбіт сүйгіш мемлекеттердің егеменді тендігі принципіне негізделген болады. ОЛ ұйымның мүшелері бейбітшілікті сүйетін кіші және үлкен мемлекеттер. Бұл ұйымның ерекшеліктерінің бірі оның саяси сипатта болуы. Бұрынғы үкімет аралық ұйымдарға мұндай сипаттар болған емес. Жаңа халықаралық үкімет аралық құрылымды дайындау барысын көптеген тарихшылар мен құқықтанушылар өз зерттеулерінде кеңінен сипаттаған. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымын құруда 1944 жылы болған Думбартон-Окседе өткен конференнияны айтады. Конферсцияны айтады. Болашақ ұйымның негізгі принциптері мен қызметінің механизм параметрлері айқымдалған. Одақтастардың басшылары қатысқан 1945 жылы ақпанда өткен Ялта конферснииясында Думбартон-Оксе конференциясы ұсынған құжаттардың топтамасын талқылады. Кейбір пунктерді толықтырып, Ялта конференциясы Біріккен Ұлттар Ұймын құру конференциясын 1945 жылы сәуірде АҚІІІ-та шақыруға шешім қабылдады
Кеңес өкіметі БҰҰ-ның ең алдымен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап отыратын ұйым деп есептеді. Сонымен бірге Кеңес өкіметі бұл ұйымға адамзат баласын жаңа дүниежүзілік соғыстан сақтап қала алатын ұйым дем қарады. Одақтас мемлекеттер мұндай бағыттағы ұйымды еш қайшылықсыз құрды. Одақтастар Қауіпсіздік кенесін құру туралы келісті. Бұл орган бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін қарастыратын кең өкілетті орган болатын. Сонымен бірге Думбартом-Оксе конферснциясында БҰҰ Уставы жөніндегі кеңестік жобаны қарастырды. Ол жобада бұл ұйым қауіпсіздік пен оның компетенцияларын қарастыратын ұйым болуға тиіс. Оның қарастыруына әлеуметтік, экономикалық және жалпы гуманитарлық мәселелерді беруге болмайды. Оларды қарастыратын арнайы ерекше ұйымдар құрылады. Батыс мемлекеттердің өкілдері алғашкы құралған кезден-ақ бұл БҰҰ-ның кен көлемде компетенциясы бар, ретінде қарады. Олардың ойынша мемлекеттердің экономика, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет және басқа салалардағы мәселелерді қарастыратын ұйым деп есептеген. Былайша айтқанда, батыстық одақтас мемлекеттердің ұсынысына сай БҰҰ мүше-мемлекеттердің интеграциясына бақылау орнатуды да жүзеге асыруға тиіс. Олардың ойынша БҰҰ мүше- мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экомикалық мәселелерін де реттеп отыруға тиіс.
БҰҰ-ның басты органдары —Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналаскан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҮ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады. Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады, Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді. Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі —Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтік кеңеске экономика, әлеумет, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҮ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттігі берілген. Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері —қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экономика және әлеуметтік прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелеіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады. Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты халықаралық ұйым болып саналады. Xатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.

1.1. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құраиды. Мүшелерінің әрқайсысы дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқвлауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті. Қандаи да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ Жарғысы, II-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикалық, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты әрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамаңдандырылған мекемелер арасындағы каржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар: Бірінші комитет саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты мәселелермен; екінші комитет экономика және қаржы мәселелерімен; Үшінші комитет әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші комитет әкімшілік және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі Кеңесші және Жарналар жөніндегіде бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

1.2. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі
БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының бірі. Ұйым Жарғысына Сәйкес, кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік қолдау жауапкершілігі жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесінің басты ерекшелігі —ол бейбітшілікке төнген қатердің кез келген түрін анықтап, белгілі бір іс-әрекетті басқыншылық актісі ретінде бағалай алады; сонымен қатар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасауға уәкілетті. Сондай-ақ, кеңес бейбітшілік мүддесі үшін қарулы күш қолдану не қолданбау мәселесін жағдайға байланысты шешуге, егер қолдана қалған ретте, тыныштық орнату үшін қаншалықты күш қажеттігін айқындауға қақылы. БҰҰ-на жаңа мушелер қабылдау кезінде басқа құжаттармен, іс-әрекеттермен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы болуы шарт. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен (мемлекеттердің 5-еуі тұрақты, 10-ы тұрақты емес) құралатын Қауіпсіздік Кеңесі үздіксіз жұмыс істейді. Ұйым Жарғысына сәйкес (23-бап) АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады. Тұрақты емес мүшелерді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 жылға сайлайды. Әрбір мүше мемлекет кеңесте 1 дауыс иеленеді. Бірауыздылық принципіне сәйкес мүше мемлекеттердің 10-ы, соның ішінде 5 тұрақты мүшесі бірауыздан жақтап дауыс берсе ғана Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қабылданған болып саналады. Егер тұрақты мүшелерінің бірі қарсы шықса (вето қойса), шешім қабылданбай қалады. Кеңесте тұрақты жұмыс істейтін Сарапшылар к-ті және Жаңа мүшелерді қабылдау жөніндегі к-т бар. Сондай-ақ, оның қарауында мүше мемлекеттердің өкілдерінен құралған Әскери-штабтық к-т бар. Кеңес өзінің қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті көмекші органдар құра алады. БҰҰ қызметінің пәрменділігі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның күш-жігерін үйлестіре білуге тікелей байланысты. Олардың үйлесімді қызмет атқаруының жай-жапсары БҰҰ Жарғысында тиянақты белгіленген.

1.3. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болуы.
1965 жылы құрылған БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ПРООН) Қазақстанмен ынтымақтастығында бізге ұлттық қарарды даярлауда және экономиканың түрлі секторындағы нарықтық реформалардың сондай-ақ қайта құрулардың мәселелері бойынша консультативтік көмек беруде жәрдем көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҮ ұйымына 1992 жылғы мамырда қабылданды және оның төмендегідей конвенцияларының қатысушысы болып табылады:
• Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісім ("Флоренциялық келісім"), А-Е қосымшалары және Хаттама (1950 ж.).
•Авторлық құқық туралы дүниежүзілік конвенция, ХӨІІ бапқа жататын декларация және XI бапқа жататын қарар (1952 ж.).
Қарулы жанжал жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция ("Гааға конвенциясы"), Атқару регламенті жәнеХаттама (1954 ж.).
Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенция (1972 ж.).
Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісімге хаттама, А-Н қосымшалары (1976 ж.).
Еуропа аймағының мемлекеттерінде оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы конвенция (1979 ж.).
Азия мен Тынық мұхит мемлекеттерінде оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы аймақтық конвенция (1983 ж.).
Еуропа аймағында жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы конвенция (1997 ж.).
БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы болып табылады, ол балалардың аман қалуын, олардың қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу мен айналысады. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен денсаулық сақтау саласында (сақтандыру, жұқпалы іш аурулары және тұмау аурулары) шұғыл көмек көрсетуді насихаттайды. 1994 жылы Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің Өкілдігі ашылғаннан кейін Қордың тұрақты бағдарламалары бойынша жұмыс басталды.
Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың бес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Халықаралық қатынастар
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Қазақстан Республикасындағы ювеналдық соттар
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Дипломатиялық және консулдық құқық ұғымы
Пәндер