Банктік қызметтер теориясының аспектілері



Жоспар

Кіріспе 3

I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні 5
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі 9
II. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы

2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 15
2.2.Альянс Банктің кызмет қазіргі жағдайын талдау 23

III. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
З.І.Банктік қызметтердің даму перспективалары 28
3.2.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы 34

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Вестник Альянс Банка на 2008 год ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
КІРІСПЕ
Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал
нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бүл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бүдан басқа, банктер қаржы ресурстарыньщ өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге үмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
2. «Қазақстан Республикасының Үлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:
ИздатМаркет, 2004ж.
4. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го
изд.-М:Дело,1999)
5. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
6. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
7. Орысша-қазақша қазіргі экономикалык терминдердің түсіндірме
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж
8. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.
9. Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.
10. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:
Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
11. Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и
ценообразования //Банки Казахстана. №7. 2006г.
12. Банки Казахстана. № 10, 3. -2007
13. Банки Казахстана. № 2, 10. -2007
14. Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. № 12, 2007 жыл.
15. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
2007г.
16. "Банковские технологии" 2006г.
17. Альянс Банктің 2007 жылгы есеп беруі
18. Банки Казахстана №1 «О текущей ситуации на финансовом рынке»
2007ж. стр.2
19. Банки Казахстан № 13, 2007ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі т

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1. Банк кызметінің мәні 5
2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі 9

II. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 15
2.2.Альянс Банктің кызмет қазіргі жағдайын талдау 23

III. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
З.І.Банктік қызметтердің даму перспективалары 28
3.2.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы 34

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Вестник Альянс Банка на 2008 год ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41

КІРІСПЕ
Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын
қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты
түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа
кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік
институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар
ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел
банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде
жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде
ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал
нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының
дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі
біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ
табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен
байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б.
Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бүл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып,
көздеген жалғыз мақсаты емес. Бүдан басқа, банктер қаржы ресурстарыньщ
өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен
қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге үмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы
атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату
процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік
шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша
операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
I.
Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк қызметінің мәні
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық
үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы
қызметін атқарады.
Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді банктің
қызметтері деген түсінікке анықтама беріп кетейік.
Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан
талқылау жасалынады.
Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы заңында
мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк
қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың Ақша, Несие, Банктер
кітабында Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өніміні негізінде
қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі
жатады. делінген.
"Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк
клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет
көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен
біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті
(ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің
үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция)
іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген
банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара
байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.
Аталған қызметтерді тек езіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық
мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек.
Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының
қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының
есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.
Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін банк түсінігінің
мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын.
Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім
болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.
Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді
өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері
түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған
материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы
өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің
немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни,
бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл
клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның
қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды.
Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын
жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте
орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса
да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес.
Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни
несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент
тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен
операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде
келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады:
клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін
сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар
клиент банк - клиент схемасына жауап береді және банктік қызмет
түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты
тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті
қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген
қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды
орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк , әдетте,
сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк
қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің
тапсырмасы бойынша және клиенттің

пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға
болады.

1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы
мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырьш қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануга тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және
оларға кассалық кызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және
жеке түлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда керсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттермелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа
да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратъш үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқғыын, сатып алу және қызмет
көрсету,
- осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді
көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет
ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарын сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); банктік
қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды
жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты кызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
инвестициялық қызметті;
клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау. Уақытша бос ақшалай
қаражаттарды жинақтау коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық
қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған
қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының
маңызды жіне ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарьшьщ тек 10%-ын
кұрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында
меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен
түсіндіріледі біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде
басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар
сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады,
сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде
қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік
сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін
төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозитер басқа
кәсіпорындардың материалдық объетілерінде орналастырылған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимаратты ыңғайлы. өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен, меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудын келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін кажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатта меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы каражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер қүрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан
баска мерзімді жәые мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік гіайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
депозиттік операциялар әрекет ету керек;
банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігінің жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесіне ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелде, оны қайта қүру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ
мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция бұл қаражаттарды тікелей
өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік
сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестиция бағалы
қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік
банк несиелерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке,
мемлекеттік, шетелдік

инвестициялар инвестициялық зандармен реттеледі, ол заңдарға жеке
шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі
ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялык банктер өздерінің клиенттеріне
банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы,
инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге
байланысты кеңес беру кызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, содай-ақ клиенттерге банк ісінің
қырларын білу үшін жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру
арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар,
компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде
коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен
қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі
мәләметтер алады. Акпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі
ақпараттьтқ агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды,
клиенттер оған қолын жеткізу үшін белгілі бір акы төлеуге тиіс.
II.
Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
Альянс Банк АҚ өз саласында соңғы уақытта бірқатар жетістіктерге
кол жеткізуге. Жақында Вашингтонда өткен Халықаралық Валюта қорының
жылдық жиыны шеңберінде Еиготопеу халықаралық іскерлік басылымының
марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл салтанатта Альянс Банк АҚ екі
номинацияда - халыққа қызмет көрсету бойынша үздік банк - Best Retail Bank
in Kazakhistan және корпоративтік басқару жөнінде жетскші банк- Leading
Bank in corporate Governance ретінде аталып өтті.
Best Retail Bank in Kazakhistan Euromoney сарапшылары Альянс
Банктің бөлшек-сауда бизнесінде сіңірген еңбегін - филиалдық жүйенің
серпінді дамып келе жатқанын, клиенттерге қызмет көрсету сапасының жоғары
екендігін және банк ұсынатын бірегей бәсекелестікке қабілетті өнімдермен,
республика тұрғындарының кеңінен қамтылғанын да атап айтты.
Көпшілікке белгілі қандай жұмыста болсын табысқа жету үшін сол істің
тетігін таба білу керек.
Банк елде шағын және орта бизнесті, тұрғын үй құрылысын дамытуға
халыққа сапалы кызмет көрсетуді басты мақсатқа айналдыруда. АҚ-ның
активтері 228,306 млрд. теңгені (1,706 милллиард АҚШ долларын), меншікті
капитал 27,096 миллиард теңгені (202,465 миллион АҚШ долларын) құрады. Ал
жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі биылғы жылғы өткен 8 айында 10,6
миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі жеке
тұлғалардың депозиттерінің өсімінен екі есе көп.
2005 жылдың қазан айында Тһе Ваnkeг Альянс Банк АҚ-ны 200
жетекші азиялық банктер қатарына қосты.
Альянс Банктің және Қазпошта АҚ-ның арқасында банк өнімдері
Республиканың ауыл тұрғындары үшін қол жетерлік мүмкіндікке айналды.
Қазпоштаның барлық бөлімшелерінде Альянс Банк несиелер рәсімдеуге
болады. Өткен 2004 жылдыд желтоқсан айынан бері берілген
несиелердің көлемі - 2,2 миллиард теңгеге жетіп, банк қызметін осы уақытқа
дейін пайдалана алмаған Қазақстанның 14 мыңға жуық ауыл тұрғыны несие алды.
Leading Bank in Governance - осы номинацияны тапсырған кезде
сарапшылар Альянс Банкті басқарудағы транспаренттілікті, оның
менеджментінің тиімділігін атап өтті.
Бұл марапаттың әсіресе республиканың банктік бизнесіне қаржы салғысы
келетін шетелдік инвесторлар үшін құндылығы жоғары. Мүның өзі Альянс
банктің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Сөз реті келгенде атап айтарлығы, Еиготопеу журналы халықаралык
іскер басылымдар нарығында көпшілік мойындаған көшбасшы болып есептелінеді.
Бұл басылым 140-тан астам елдегі қаржы әлемінің ықпалды өкілдерінің
аудиториясын қамтиды. Бір құптарлығы журналды ай сайын 14500-ға жуық адам
оқиды. Олар басылымды Қаржы әлемінің таураты деп те атайды. Өткен 2004
жылғы халықаралық қаржылық жүйенің қызметі жөніндегі шолуда, Еуропаньщ
қаржылық элитасының беделді тәуелсіз шолуларының бірінде Евромани ең
таңдаулы қаржы журналы деп аталды.
Альянс Банк АҚ Қазақстандағы ірі банктер алтылығына енеді және
түрғындарға қызмет көрсетудегі ең үздік банк болып есептелінеді. Бүгінгі
таңда Қазақстанның банк нарығында бөлшек-сауда бағыты - кірісі мол және
диверсифициалдық бизнес болып табылады. Бөлшек-сауда бизнесі жеке несие,
жеке тұлғалар салымы, есеп-кассалық қызмет көрсету түрінде ұсынылады.
Банк құрылған уақыттан бастап оның стратегиялық банкттарының бірі -
осы бөлшек-сауда бизнесін дамыту болып қала бермек.
Сөз реті келгенде атап айтарлығы мұндағы бөлшек-сауда бизнесінің басты
бағыттарының бірі - бөлшек-сауда несиесін дамыту болып табылады. Бұл
бағыт аясында өнім шарты және оны ұсыну технологиясы жөніндегі республика
баламасы жоқ өнімдер іске қосылды. Бөлшек-сауда несиесі
өнімдерін стандарттау және автоматтандыру нәтижесінде кіріс
көбейіп өнімді өткізу көлемі ұлғайды.
Банк жетекшілерінің айтуынша сату көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында
жеке филиал жүйесін дамытудан бөлек, сату арналарын ұлғайту жөніндегі жұмыс
та ұйымдастырылады. Республиканың барлык аймағында 3,5 мың бөлімшесі бар.
Қазпошта АҚ банктің бұл бағыттағы стратегиялық әріптесі болып
есептелінеді. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде клиенттер қатары
айтарлықтай көбейді, өйткені несие алу мүмкіндігіне республиканың
қалаларындағылар ғана емес, ауылдық жерлерде тұратын тұрғындары да ие
болды.
Сонымен қатар сату арналарын ұлғайту мақсатында несие беру сауда
кәсіпорындары жуйесі арқылы да жүзеге асырылуда. Қорыта айтқанда Альянс
Банк АҚ-да алдағы уақытта да ізденіс пен іскерлік қаркыны арта түспек.
Жалпы банктік сектордың ағымдық жағдайына тоқталып кетсек.
2005 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада екінші деңгейдегі
35 банк қызмет етеді, олардың 1-уі консервация режимінде тұр. Бұдан басқа
қызметін жалғастырып жатқан 15 банк шетел қатысуымен (Қазақстан
Республикасының 9-еншілес бейрезидент-банктерді коса алғанда) және екінші
деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасының Даму БанкіАҚ.
Екінші деңгейдегі 26 банктің филиалдық желісі бар, банктер филиалдарының
жалпы көлемі - 394 (есеп беру айында 4 филиал ашуға рұқсат берілген), соның
ішінде Қазақстан Республикасының Халық Банкі АҚ-ң филиалдар саны - 148,
Банк Каспийский АҚ - 35, Казкоммерцбанк АҚ - 23, Қазақстан
Республикасының Наурыз Банкі АҚ және ТұранӘлемБанкі АҚ - 22-ден. 24
банкің есеп-айырысу - кассалық бөлімі банктің орналасқан жерінен тыс
жерлерде орналасқан. Банктердің есеп-айырысу кассалық бөлімдерінің жалпы
көлемі 1125 (есеп беру айында 20 ЕАКБ-н ашуға рұқсат берілген, 7 ЕАКБ-н
ашуға келісім қайтарып

алынға
н), соның ішінде Қазакстанның Халық Банкі АҚ-ң ЕАКБ-ң көлемі - 3 82,
ТұранӘлемБанкі АҚ 195. Республикада шетел банктердің 17 өкілдіктері
қызмет етеді. Есеп беру кезеңінде банктер аудитін жүргізуге 26 аудиторлық
ұйымдардың және 53 аудитордың құқығы бар.
2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік
меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3
млрд теңгені кұрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін
жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 0,093;
К2 - 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 -0,097; К2-
0,162).
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1
айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005
жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің
құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті - 38,8%, сенімсіз -
3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты
несиелердің үлесі 56,2%, күдікті - 40,9%, сенімсіз - 2,9% құраған болатын.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер
мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд.
теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып,
1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7
млрд. теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1
наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып,
60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен
салыстырганда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің
бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен
жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.
Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.
Жалпы банк жүйесіндегі депозиттер өсімінід тенденциясын 1-2
қосымшалардан байқауға болады.
Ал енді Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне
сипаттама берейік.
Соңғы жылдары банк қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2003 жылы 58
млрд. теңгеден 2004 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті
көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстаннъщ банктік қызметтер нарығында 4-ші
позициямен камтамасыз етіп отыр.
Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2003ж. -- 59,7%,
2004к. - 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы
түрде қалып отыр және орналастыру кұралдырының арасында жоғары үлес
салмаққа ие болып отыр.
Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде
банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында -
92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2003 жылдың маусымында
және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).
2003 жылдың басында банк 2007 жылда өтеу мерзімімен субординирленген
облигацияларды, 2004 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі
теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің
құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді
қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2004 жылда банк табыстарының
негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен
түскен табыстардың сомасы 2003 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды.
Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н
құрады. 2004 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті қүрай отырып,
комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу
динамикасын көрсетіп тұр.

Банк
шығындарының жалпы көлеміндегі үлкен үлесті (37%) процентік
шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және
клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен
себепші болып отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9
млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап
отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор.
Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2003 жылмен
салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының
құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем,
төлемдерді аудару, комиссиондык жинақтар және қаржы операциялардан
табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды
және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді. Банктің
клиенттермен жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар:
әр бір клиенттің банктік кызметтерге деген қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыру, индивидуалды кадам, әр түрлі кәсіпорындардың-банк
клиенттерінің қызметтерінің ерекшеліктерін есепке алу және ұзақ мерзімді
ынтымақтастыққа әрекеттену. Бәсекеге қабілетті қызметтерді көрсетуге
тырыса отырып, банк мамандары банктік өнімдерді
клиенттердің қажеттіліктеріне бейімдейді, консалтингтік шараларды жүзеге
асырады, жеке тарыфтік жоспарлар бойынша жұмыс нысанын пайдаланады.
Клиенттік саясатты жүргізудегі дәйектілік, клиенттермен тұрақты
конструктивтік диалог, олардың мәселелеріне көңіл аудару, шешімдерді шұғыл
қабылдау және ақпараттьщ ашықтығы есеп беру кезеңінде клиенттер санының
айтарлықтай өсіміне алып келді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
бойынша банк Қазақстанның банкаралық нарығында клиенттердің сенімділігі
ең жоғары рейтингін иеленеді.
Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте дамуы барлық клиент
сегментін мұқият зерттеуін талап етеді. Осы мақсатта банк мамандары қаржы
нарығының тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі
зерттеуін жүргізу шараларын қолданбақ. Осы
зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін
құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінін бірі банк-клиентке қатысты
серіктестік жағдайдарын және өзара тиімділікті құру болып табылады. Бұндай
қатынастарды құрудың инструменттеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банкттерінің қызметтері
Банктің қаржылық қызметтері
Банктегі қоғаммен байланыс бөлімі
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Баға оның экономикадағы рөлі, оны қалыптастыру және реттеу әдістері
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі
Банк имиджінің қалыптасуы
Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
Пәндер