Ауызша жаттығулардың теориялық тұрғыдан негізделген жүйесін жасау



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.тарау. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында ауызша жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
1.1. Дамыта оқыту . ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің әдістемелік негізі ретінде.
1.2. Ауызша жаттығулар оқыту әдістерінің жүйесінде.
1.3. Бастауыш мектепте дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру мәсеелері.
Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы жылдардғы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуы және танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың осы шағына психологтардың қызығушылық танытуды түсінікті. Бұл кезде баланың ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау, жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-тарау. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында ауызша
жаттығуларды қолдану әдістемесінің теориялық негіздері.
1.1. Дамыта оқыту – ауызша жаттығулар мәселелерін зерттеудің
әдістемелік негізі ретінде.
1.2. Ауызша жаттығулар оқыту әдістерінің жүйесінде.
1.3. Бастауыш мектепте дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру мәсеелері.
2-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің
теориялық негіздері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсенді етудің
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
2.2. Дамыта оқыту міндеттерін шешуде ауызша жаттығулардың педагогикалық
мүмкіндігі.
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
Қазіргі кезде білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Соңғы
жылдардғы зерттеулер мен тәжірбие көрсетіп отырғанындай білім беру
білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталып отырған жоқ. Мұнда бірінші
орынға білімді қабылдауға деген оқушылардың көзқарасы қойылып отыр. Жеке
тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуы және танымдық белсенділігін
арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Сондықтан баланың
осы шағына психологтардың қызығушылық танытуды түсінікті. Бұл кезде баланың
ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптаса бастайды. Осы процесті ауызекі
тілден бөлек қарастыруға болмайды. Баланың алғашқы салыстыру, жалпылау,
жүйелеу сияқты біліктері оның сөйлемді дұрыс, логикалық тұрғыдан айқын
құрастыра білуіне байланысты. Керісінше, егер бала ауызекі тілді дұрыс
меңгермесе, онда оның жоғарыда айтылған қабілеттері баяу дамиды. Күнделікті
өмір тәжірбиесінен көріп жүргеніміздей балаға басқа тілді меңгерту үшін
алдымен ол тілдің грамматикасын үйретуден емес, сол тілдегі қолданылатын
сөздерді үйретуден бастаған дұрыс. Әдеттегі оқытуда біз баланы балаға
қиындық келтіретін іс - әрекеттерден бастаймыз. Мысалы: жазбаша жаттығулар
орындатамыз, сөздерді жазғызамыз.т.б мұндай тапсырмаларбаланы жалықтырады
және оның ешқандай қызығушылықтарын тудырмайды. Баланы осындай көп қырлы іс
- әрекеттен босату үшін математика сабақтарында ауызша жаттығуларды көбірек
қолданған дұрыс. Егер бала есептеудің ауызша тәсілдерін жақсы меңгерсе,
онда ол есептеудің жазбаша тәсілдерін ешқандай қиындықсыз меңгере алады.
Бұған мысал ретінде басқа тілді меңгеру процесін алуға болады. Егер бала
аулада басқа тілді балалармен ойнап, олармен қарым – қатынасқа түсетін
болса, онда ол сол ұлттың тілін тез меңгеріп сол тілде еркін сөйлейтін
болады. Ендеше баланы есептеулерге үйрету мәселесі де осыған ұқсас.
Ауызша есептеуге берілген жаттығулар баланың тез ойлай білу, жылдам
шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Сондай – ақ ауызша жаттығулар сабақты түрлендіріп өткізуге де септігін
тигізеді. Ендеше ауызша жаттығулар оқушының ойлау қабілетін
танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие болады.
Ауызша жаттығулар мұндай қызметі оны дамыта оқыту идеясымен тығыз
байланыстырады. Сондықтан сабақта ауызша жаттығуларды қолдану мәселесін
дамыта оқыту теориясымен бірге қарастырған дұрыс. Дамыта оқыту теориясының
негізгі ретінде Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Л.В. Занковтың,
М.И.Махмутовтың, Ю.К.Бабанскийдің еңбектерін айтуға болады. Сондай – ақ
дамыта оқыту теориясын жасауда Х.Ж.Ганеев, Н.Б.Истомина, Л.Г.Петерсон, Б.А.
Тұрғынбаевалар арнайы зерттулер жүргізді.
В.В.Афанасьев, Г.Д.Глейзер, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ю.М.Колягин,
В.Ж.Крупич, В.Ж.Монахов, Н.В. Метельский, А.М.Пышкало, Г.Н.Саранцев,
Н.С.Стефанова, А.А.Столяр, П.М.Эрдниев және т.б. зерттеулерінде
математиканы оқыту процесінде жеке тұлғаны дамытудың көптеген міндеттері
қойылып, шешіледі.
Бұдан басқа ойлаудың ерекше тәсілдерін қалыптастыру мәселесін
қарастыратын, яғни оқушылардың интеллектуалдық дамуына арналған көптеген
зерттулер бар. ( К.А.Апанасенко, М.А.Артомонова, М.К.Дробкин, В.В.Никитин
т.б.)
Соңғы жылдары Ресейде жарық көрген бағдарламалық - әдістемелік
материалдар, оқулықтар, оқу құралдары дамыта оқыту қызметін нығайтуға
бағытталып отырғандығын байқаймыз. Сондай – ақ еліміз егемендік алғанннан
кейінгі жылдары жазылған бастауыш сыныптарға арналған математика пәні
бойынша өзіміздің төл оқулығымыз (авторлар тобының жетекшісі, профессор
Т.Қ. Оспанов) дәл осы дамыта оқыту қағидаларына негізделген. Көріп
отырғанымыздай, білім беру жүйесінде дамыта оқытудың рөлі теріске
шығарылмайды, керісінше, қазіргі кезде дамыта оқыту жөнінде білім сапасын
анықтайтын факторлардың бірі ретінде айтуға болатын жаңа жағдайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Қарапайым математиканы қолдануда баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны
Бастауыш мектепте оқушының есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Пәндер