Ғұндар мемлекетінің гүлденуі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғұндар мемлекетінің гүлденуі

Б. з. д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді:“ Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" - шығыс, "ху" - тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". ”

Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады.

Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті . . . Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді".

Осылайша төңкеріс жолымен б. з. д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203-201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары - Қытай ментюэчжилер еді.

Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы - Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б. з. д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.

Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б. з. д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді.

Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді.

Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.

Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы

Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б. з. д. 174-165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык керші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған.

Мөде б. з. д. 174 жылы қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталкан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір белігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір белігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30-40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.

еж. дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Б. з. б. 1 мыңжылд. қалыптасқан. Бастапқы кезде Солт. Қытайда, Моңғолияда, Байкал өң. қоныстанған. Еж. Қытай жылнамаларында Ғ. «гуй фаң», «гун руң», «хун ю» секілді атаулармен берілген. Б. з. б. 3 ғ. соңына қарай Ғ. бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемл. құрды. Ғ. 24 руға бөлінген, оларды бектер биледі. Әр рудың өз жері болды. Жоғ. билеуші «Тәңірқұт» титулын иемденген. Қытай дер-де Ғ. жоғ. билеушісі «шаньюй» деп ат. Ғ. өмірінде көшпелі мал ш. басты рөл атқарды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген Ғ. -дың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғ. дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Кен қазып металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат сайыс ойындарының нег. салған. Көк тәңірге табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Ғ. өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Ол адамның қайтадан қылмысқа баруға батылы бармаған. Себебі, келесі жазалағанда өлім жазасына кесілетін. Ғ. соғыс тұтқындарын құл қылып және т. б. жұмыстарға пайдаланған. Ерлердің бәрі қатардағы жауынгер саналған. Ғ. әскерінің нег. атты әскерден тұрған. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы - садақ, семсер, қанжар, найза. Ғ. жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғ. күшті мемл. болып отыруы қытайлықтарға ұнамады. Олар Ғ-ды әлсіретудің жолын іздеді. Б. з. б. 209 жылдан Ғ-ды Мөде басқарды. Мөде кезінде Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасады. Мөде бастаған ғұндар Хань әулетін де титықтатты. Шығыста Мөде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Б. з. б. 201 ж. жорықта Ғ. Алтай тайпаларын бағындырды. Б. з. б. 177 ж. қарай Тынық м. -тан Каспииге дейінгі жерді қаратты. Осылайша Ғ. құрамына дун-ху, юечжи, гянгунь, үйсін, қаңлы т. б. тайпалары кірді. Б. з. б. 1ғ. орт. шенінде империяға айналған Ғ-дар мемл. толассыз соғыстан, тақ таласынан т. б. әсерінен әлсірей түсті. Б. з. б 55 ж-ғұн одағы екіге бөлінді. Оңт. бөлігі Хань имп. -на бағынышты болды (Хуанхэ шаньюй) . Солт. ғұндар Моңғолияға ордаларын орнатты (Чжи-Чжи шаньюй), бірақ толассыз соғыс салдарынан Солт. Моңғ-я, Шығ. Түркістанға қарай қоныс аударды. Ғ-дың күшеюі Қытай имп. алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары: Ғ. әскері талқандалып, қала қиратылады. Б. з. 93 ж. -Ғ-дың Қаз-ға 2-ші рет қоныс аударуы. Ғ-дар Сырдарияға, Аралға, Орт. -Бат. Қаз-ға жетті. Б. з. ІҮ ғ. -оңт. Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанады. Ғ-дар тарихы, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аттила басшылығымен Ғ. еуропалық елд-дің бірқатарын тізе бүктірген. Еділ патша тұсында Ғ. империясы өз дамуының жоғ. сатысына жетті: Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті, Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті, Ғ-да әскери-демократиялық құрылыс нығайды. 453 ж. Аттила қайтыс болғаннан кейін Ғ. имп-сы ыдырай бастады. Ғ. -дың Қаз-н жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Ғ-дар Қаз-нға Орт. Азиядан б. з. б. І ғ-дың соңы мен б. з. І ғ. аралығында келді. Бұл-«халықтардың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа-тұс келді. Ғ-дар таптық қоғамға және мемлекеттік басқаруға өте бастаған. Белгілері: жеке меншіктің п. б; алғ. әкімшіліктік аппарат құрылды; салық енгізілді; құқық артықшылығының ережесі қалыптасты.

“ЖЕР - МЕМЛЕКЕТТIҢ ТIРЕУI ӘРI БАСТЫ ӨЗЕГI. БIР ТҰТАМ ЖЕРДI ДЕ ҚЫТАЙҒА БЕРМЕЙМIЗ!”

Ғұн патшасының бұл өсиетiн ұмытуға бiздiң хақымыз жоқ

III ғасырда билiк басына келген ғұн қолбасшысы Мөденiң ақыл- парасаты, көреген саясаты арқасында қазақ жерiн мекен еткен түрiк тайпалары күш-қуаты мол құдiреттi елге айналды. Ұлан-ғайыр даланы мекен еткен үш жүз мыңға жетер-жетпес ғұн тайпалары үшiн ең басты қауiп - 50 миллион халқы бар Қытай империясы болатын. Бiр күнi қытайлық дун-ху тайпасы ғұндардан олардың асыл тұқымды тұлпарларын талап етедi. Жүйрiктiгiмен, сұлулығымен аты шартарапқа жайылған тұлпарларды ғұн тайпалары тегiн бергiсi келмейдi. “Ат үшiн соғыспаймыз!” - деп шорт кескен Мөде ғұндарға дун-ху талабын орындауға бұйрық бередi. Бұған көнбегендердiң басын алады. Бұдан кейiн қытай тайпасы ғұндардан сұлу қыздарды, оның iшiнде Мөденiң өз әйелiн де сұрайды. “Қойнымыздағы әйелдердi қалай беремiз?! Бұл қандай басынушылық!” - деп тулайды ғұндар. Ғұн патшасы Мөде қытайдың бұл талабын орындауға да шақырады. “Бiздiң өмiрiмiз, келешек ұрпақтың тағдыры мен мемлекеттiң ертеңi әйелден әлдеқайда қымбат” деген Мөде ғұн қыздарын қытайға беруге бұйырды. Оның сөзiне құлақ аспағандары басынан айырылды. Бiраз уақыттан соң дун-ху тайпасы ғұндардан екi ел арасындағы шекараны бөлiп жатқан жердi сұрады. “Тiршiлiк етуге қолайсыз шөлдi әрi шөлейттi, бос жатқан жердi қытайға беруге болады” - дейдi ғұн ақылмандары. Бiрақ, Мөде осыны айтқан уәзiрлердiң басын алып, бұған қарсы шығады. “Жер - мемлекеттiң тiреуi әрi басты өзегi. Бiр тұтам жердi де қытайға бермеймiз!” деп мәлiмдеген патша ғұндарды қытайға қарсы атқа қондырады. Темiрдей тәртiп пен жауынгерлiк ержүректiктiң арқасында ғұндар қытайлардың тас-талқанын шығарып күйреттi. Осыдан кейiн қытайлар ғұндарды мазаламайтын болды.

Ғұндар Атиланың (Еділ) басшылығымен Еуропаға дейін жаулап алған болатын. Соңында Венгрия жеріне барып тұрақтады. Ғұндардың жойқын шабуылы батысында - Рим империясын құлатуға, ал шығысында - Қытай қорғанын салды - руға бірден-бір себепкер болды. Ғұндар өз заманында жолындағы халықтарды талқандап, ұлы қоныс аударуды тудырды.

Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б. з. б. Іғ. соңы мен б. з. Іғ. келді. Ғұндар туралы Қытай деректерінде жазылған.

Б. з. б. ІІІғ. Ғұндардың басшысы болып Мөде Шанью келді. Ол батыста Үйсіндерді, шығысында Қытайды талқандап, алым- салықты төлетіп отырды. Ғұн мемлекеті қуатты дәрежеге көтеріліп, Тибетке және Хуанхе өзенінің орта ағысына дейін бағындырып қол астында ұстаған Ғұндардың басшыларын Шанью деп атаған. Шанью Қытайды бағындырып Сұлу ханшасын әйелдікке алып, кейін мемлекет әлсіреді.

Б. з. б. 55ж. Ғұн мемлекеті ыдырап, оңт. және солт. болып 2 бөлініп кетті.

1. Оңт. Ғұндар Хань империясына бағынған.

2. Чжи-Чжи бастаған солт. Ғұндар өз тәуелсіздігін сақтаған. Ол Таластың бойына қала салдырған. (Қазақстанға І-ші қоныс аударуы) .

Ғұн тайпалары - ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Ғұндардың екінші қоныс аударуын Чжи-Чжи басқарған. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы 93 жылдан басталды. Олар жолындағы тайпаларды бағындырып, оңт. Орыс даласына, одан әрі Дунайға дейін жеткен.

Ғұн тайпалары 24 руға бөлінген. Оларда жылына 3 рет жиналыс жасалып, құрбандық шалынды. Мал шаруашылығы ғұндар өмірінде ерекше орын алған. Негізгісі - жылқы мен қой. Әскердің негізін - атты жауынгерлер құрады.

Батыс Ғұн Империясы

Ежелгі әдеби нұсқалардың ішінде ғалымдарды өзіне қызықтырған тақырыптың бірі - Аттила туралы деректер. Ә. Марғұланның айтуы бойынша, Париж қаласынан жарық көрген А. Тьерридің «Аттила тарихы…» атты (1856) 2 томдық кітабы алғаш рет Ш. Уәлихановтың қолына тигені белгілі. Еліміз тәуелсіздік алған соң, түркі халықтары туралы тың мәліметтер және бірнеше ғасырға тереңдетіле түсті.

Тарихтың бір ғажайып көрінісі ретінде Аттила есімі кімді де болса, таңғалдырмай қоймайды. Алып күш, қайнаған жігер, жүрекжұтқан батыр, батыл, мойыны ұзақ, ат сабылтқан сансыз жорық, қиян-кескі соғыс. Мұның бәрі бір жыл, екі жыл емес, ондаған жылдар бойы.

Аттила ата-тегінен ақсүйектер тұқымы. Баққа, таққа таласу - патшалар әулетінің қашаннан әдеті. Үлкен жорық, шапқыншылықты бастаған арғы атасы Баламір екен. Ол өзі германдық Амалунг әулетінен тарайтын жұрттың қызына үйленген. Еуропалық ғұн патшалығын құрған. 375 жылы дүниеден кеткен. Оның немересі ғұн королі, түрік әміршісі Мұншық германдық гот ханзадасына үйленеді де, онан Аттила дүниеге келеді. Сөйтіп Аттила бойында герман қаны бар. Мұншық (Мунчук, Мыңзық деп те айтылады) өзі көп жорықтардың бірінде Алаңдармен, яки Сарматтармен соғыста опат болады. Сармат әйелінің қолынан қаза тапқан. Феликс Дан деген неміс жазушысының «Аттила» романында бұл жайында былай жазылыпты: «Әйел! Қолында жалаң қанжар! Кәрі мыстан! Қанжарынан Мұнжық қаны тамады, онысын басынан асыра олай-бұлай сермелеп, айқай салады: менің жалғыз немеремді бұл жауыз крестке керіп өлтірді. Міне енді әжесі алды өшін» (аталған кітап, 281-бет, Мәскеу, 1993) .

Аттиланың ақылгөйі, жыршы Хелхаль мұны жас кезінде өзі көрген, сөйтіп мыстан кемпір менің мырзамның түбіне жетті, дейді ол. Бұл сұмдықты білгендердің бәрінің көзі жойылған. Бірақ олардың басын алған жендеттер аман-ды. Сонан барып ұлы ханның, масқара болғанда, ажалы әйел қолынан келгені жұртқа мәлім болып кеткен. Бұл ғұн сенімі бойынша қарғыс таңба басылғанмен бірдей екен. Хан әйел қолынан қаза тапса, бүкіл елге қырсық келгені. Мұны жақсы білетін Аттила ылғи секемшіл. Кейін бұл жай өз басына да келеді. Бірақ әзір қайткенде билікті өз қолына алу жолында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Ежелгі ғұндар
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар олардың саяси-құқықтық қатынастары
Қаңлылар жайында
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйелері
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz