Биосфераның ластануы туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі болім
1. Биосфераның ластануы
2. Ластану түрлерінің жіктелуі
2. 1. Химиялық ластану
2. 2. Радиациялық ластану
3. Ластағыштардың баска түрлері
4. Жекелеген ластағыштар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Адамзат баласының тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен - жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) көне дәуірден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады. Тіршіліктің негізгі көзі ретінде саналады.
Биосфера - тіршілік тірегі. Ол адамзат баласымен және ондағы қоғаммен тығыз байланыста болады (биосфера-адам-қоғам) .
Биосфера дегеніміз - біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат баласы жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған.
Күн системасының (жүйесінің) ерекше планетасы Жердің су (гидросферасы), жер (литосфера) және ауа (атмосфера) сияқты бөлімдері бір - бірімен өзара қарым - қатынаста болатын жұқа қабатында тірі ағзалар мекендейді. Бұл қабат биосфера (грекше биос - тіршілік, сфера - шар) деп аталады.
Биосфера (В. И. Вернадский бойынша) - тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың әсеер етуіне ұшырайтын немесе ұшыраған планета аймағы.
В. И. Вернадский планеталық тірі заттардың планетаның бет әлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты геологиялық фактор екенін дәлелдеді. В. И. Вернадский бойынша тірі заттар күн энергиясын қабылдай алады және ыдырауы кезінде химиялық және физикалық жұмысқа жұмсалатын энергиябөліп шығаратын химиялық қосылыстарды жасайды.
Әдетте биосферада шартты түрде төрт ірі кешенді қарастырады - атмосфера, литосфера (жер қабығының үстіңгі бөлігі), гидросфера және тірі ағзалар.
Академик В. И. Вернадский өзінің 1944 жылы жазған ғылыми еңбегінде: «Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адамзат баласының ақыл ойы мен парасытына байланысты өсіп дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзат баласының саналы ақыл - ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі» - деп көрсеткен еді. Шынына келетін болсақ қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адамзат баласының қолында екенін әрбір саналы және сауатты адамзат баласы жақсы білуі тиіс. Ешбір сөздерді қажет етпейтін ұлы қағида.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Биосфераның ластануы.
«Биосфераның ластануы» ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
- биосфераға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
- биосфераны ластайтын заттар (мысалы:химиялық заттар) .
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылатындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи орта бір заттардың тым көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде экологиялық факторлар болып табылады. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандайда организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың өнімділігі де кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез-келген зат ластаушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер (ингридиенттер) деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылауы, өсімдік тозаңы, жер көтерген шаң т. б. ), антропогенді де (қоғамның іс- әрекеттілігінің нәтижесінде) текті бола алады.
Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмаған жерлерге тап балады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулалармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.
2. Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы) .
Шыққан тегі бойынша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;
- адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.
Ластанушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:
1. биологиялық ластану- экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сонда-ақ бактерологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т. б. ) ;
- химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы) .
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға - биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластануға - қоршаған ортадағы физикалық - химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамдарға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады.
Кеңістіктік тұрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.
Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, литосфераның және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20%- ауамен, ал 10%- сумен бірге түседі.
2. 1. Химиялық ластану.
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи-антропогенді және антропогенді процестер немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық-химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Айта кету керек, дамуы жоғары елдерде соңғы екі-үш онжылдықта қолданған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізде биосфераның ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4-5млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратынорганизмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грекше ксенос - жат, биос - өмір) деп атайды.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айырады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келксі түрлерге бөледі:
- ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер) ;
- тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
- жербетілік және жерасты суларының;
- топырақтың;
- тамақтың және т. б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
- биосфераға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндіріс қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар
- ластаушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап сақтайтын шаруашылықтар;
- ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылжу) аймақтар;
- планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын - шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық қалдықты сулар.
Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфералық ауаның ластануы адам организміне тікелей әсер етеді, ал атмосфераның ластануы (бүкіләлемдік деңгейде) - жанама түрде климаттың өзгеруі арқылы, биосферадағы озон қабатының бұзылуыменен, қышқылдық жауынменен әсер етеді. Ауаны ластаушы заттардың негізгі түрлеріне: атмосфералық газдар (азоттың, күкірттің, көміртектің газдары), көмірсутектер, фенолдар, альдегидтер, ауыр металдардың аэрозолдары мен басқа да органикалвқ және минералды заттарды жатқызамыз. Бұлардың көбісі улылығы мен канцерогендік қасиеттері арқасында онкологиялық ауруларға әкеледі.
Осы келтірілген ауада болатын химиялық заттар тек қана адамдардың денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына да әсер етеді. Табиғи экожүйедегі бұл әсерлер әр түрлі және толығынан зерттелмеген.
Су қоймаларының ластануы. Халық санының өсуіне байланысты көп елдерде ауыз суға деген сұраныстың көбеюіне қарамастан, қазіргі заманның негізгі мәселелерінің бірі өзендердің, көлдердің және жерасты суларының ластануы болып отыр. Су қоймаларының негізгі ластаушылары:
- Құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын-шашындар;
- қаланың қалдықты сулары (тұрмыстық, канализациондық сулар) ;
- өнеркәсіптің қалдықты сулары;
- ауыл шаруашылығының қалдықты сулары.
Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын өнеркәсіптік қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, органикалық және минералды заттармен, пестицидтермен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су қоймаларына құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына әкеледі. Адам өміріне де және табиғи экожүйеге де тұрмыстық қалдықты сулардың құрамында болатын синтетикалық кіржуғыш заттар үлкен зиян әкеледі. Олар су бетін көбікпен жауып тастап, суға оттегінің түсуіне кедергі жасайды. Су қоймаларының экожүйесіне ауыл шаруашылық қалдықты сулармен келетін құрамында азот, фосфор және тағы да басқа биогенді элементтер бар органиканың зиянды әрекеті де өте үлкен. Осы заттардың әсерінен су қоймаларында эвтрофикация процесі дами бастайды. Бұл биогенді элементтердің көмегімен судағы организмдердің биологиялық өсуінің жылдамдауына әкеледі, осының нәтижесінде суда жалпылама фитопланктондардың, көк жасыл шылаулардың, жоғарғы су өсімдіктерінің көбеюі басталады да, су күнделікті тіршілікке жарамсыз болып қалады.
Топырақтың ластануы. Топырақтың табиғи және антропогенді ластануын айырамыз. Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде- топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбыр мен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығына ең үлкен зиянды топырақтың антропогенді ластануы әкеледі. Негізгі ластаушылар қатарына пецтицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, канцерогендерді әсерлі құрамында хлор, фтор, фосфор сияқты элементтері бар тағы басқа өндірістік заттар жатады. Көптеген пецтицидтер топырақты ұзақ уақыт бойы сақталады және трофикалық тізбек бойынша жинақталып, адам өміріне зиянды мөлшерге дейін көбейеді.
Қоршаған ортаға аса зияндызаттарға диоксиндер тобын жатқызады. Диоксиндер - бұл олардың аса жоғары улылығы мен биологиялық белсенділігіне байланысты суперэкотоксиканттар деп атайтын заттар тобы. Диоксиндер көптеген технологиялық процестер кезінде түзіледі, мысалы, целлюлоза - қағаз, металлургиялық және басқа да өндірістерден бастап ағынды суларды биологиялық тазалау мен ішетін суларды хлорлау, қалдықтарды жағу, двигательдерде отынның жануы процестерінде түзіледі.
2. 2. Радиациялық ластану.
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа (гелий ядросы), бета (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі) ;
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану турі) .
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т. б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиоактивті заттарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз байланысты
- атом өнеркәсібі;
- ядролық жарылыстар;
- ядролық энергетика;
- медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радиациялық сәулеленумен ластайды. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені - оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
3. Ластағыштардың басқа түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz