Тірек қимыл жүйесі



1) Сйектің құрылысы мен құрамы.
2) Адам қаңқасының жүйесі құрылымы.
3) Омыртқа жотасы
Тірек – қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі тамақ ішкенде сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы еңбек мөлшері,киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға ( партада отыру ережесін қараңыз ), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Стөлде дұрыс отыруға дағдыланса арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дүрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бпла үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кипоз бен лордоздың потологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады. Баланың дамуына қимыл – қозғалыстардың әсер етуі. Адамның қимыл – ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді.
1) Дүйсен мен Оляппарова
Жасқа сай жасерекшелік физиялогиясы.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тірек – қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы.
Баланың жататын төсегі тамақ ішкенде сурет салғанда отыратын үстелі мен
орындығы еңбек мөлшері,киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы
керек. Баланы дұрыс отыруға ( партада отыру ережесін қараңыз ), төсекте
дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Стөлде дұрыс отыруға дағдыланса арқа
еттері күшейіп, омыртқа жотасының дүрыс өсуіне мүмкіндік туады.
Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бпла үстелде тік дұрыс
отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері
шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс
отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып бұлшық еттері шынықпай
бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кипоз
бен лордоздың потологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы
денсаулығы нашар болады. Баланың дамуына қимыл – қозғалыстардың әсер етуі.
Адамның қимыл – ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің
қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және
кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп айтады. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт сабақ кезінде, белгілі
еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал
ұйымдастырылмағанг қозғалысқа түрілі ойындар кезіәндегі өзін - өзі күтуге
байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денсі үшін
ұйымдастырылған қозөғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі
мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру
арқылы балалардың қимыл – дағдыларын қалыптастыруға саналы қозғалыстарын
көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы
жылдары балаларды гиподинамияның ( қараңыз: лат. Гипо+динамика – тере
қозғалыс ) белгілері пайда болады. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс
белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көпнесе бала аз қимылдағанда пайда
болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр
жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады.
Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі нерв –
ет, жүрек, қан тамырлары, тыныс т.б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс
қозғалыс барысында қалыпына келіп үлгемейді де, олардың зорығу белгілері
байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа
сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері
әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондардың еңбек қабілеті төмен
боғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа
сабақта 4 – 5 минуттен кейін – ақ жиырылатын бұлшық еттері босайдыда –
мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды – сондықтан омыртқалары қисайып кетуі
мүмкін. әсіресе ұзақ түрегеліп тұра қалмайды. Осыған байланысты балаларды 2
– 3 минуттан артық тік тұрғызуға болмайды.
Сүйектің құрлысы мен құрамы.
Адам қанқасының негізі – сүйек. Сүйек қан тамырларымен нервтер өтен
сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталаиын жұқа
пластинкеалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана
буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына
қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы
әр сүйекте әр түрлі.Тірек қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің
тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортанғы бөлімі – диафзінде
(грек. Диафисиз – жілік сүйектін ортасы ). Кемік сүйекте остеондар айқыш –
ұиқыш орналасады да арасында саңлылары көрінеді . Олар қысқа , жазық
сүйектеде , ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады Жілік сүйектерінің майы
және қуыстары болады . Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде
қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритро циттер,
лейкоциттер және тромбоциттер өніп дамиды. Ересек адамның жілік
қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі
қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектедің өсуін қамтамассыз ететін
клеткалар остеоблостар болады.

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 13 бөлігі
органикалыұ\қ және 23 бөлігі бейорганиклық заттардан тұрады.
Сүйектің күйдіргенде оссеин жанады да, бейорганикалық заттары
қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп – оңай сындыруға немесе үгуге болады.
Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек
органикалық заттары қадады. Ондай сүйекті жылтырлығы, серпілімділігі оның
органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас аяқ
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда
минерал заттар көбірек болады.
Қаңқаның құрлысы. Адам қаңқасы бас, тұлға аяқ – қол сүйектерінен
тұрады.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғылар ен кеуде
сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір – бірімен буын арқылы
жалғасқан 33 – 34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын,
12 көкірек немесе кеуде 5 бел, 5 сегіз көз 4 – 5 құйымшақ омыртқалары.
Мұның ішінде құйымшақ және сегіз көз омыртқалары бір – бірімен бірігіп
кеткен, қалғандары жеке – жеке болады.
Әр бір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның
тығыз жері – денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа
жотасының каналын ( өзегін құрады ). Омыртқаның жеті өсінділері бар:
омыртқаның ортаңғысынан басталып артқа қарай өскен бір арқа өсіндісі,
доғаның шетінен бастап жоғары және төмен бағытына орналасқан жұп 2 буын
өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады.
Омыртқалардың жалпы құрлысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де
болады.
Бірінші мойын омиыртқасы – атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас
сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір – бірімен
бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен
сақина тәрәзді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен,
астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен шектеседі. Мойын омыртқа
тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады.
Екінші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі
болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен,
астыңғы жағындағы буын беті арқылы ІІІ-ші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы төртінші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек
омыртқаларының ерекшелігі – алдыңғы бүйір бетінде және көлденң
өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек
омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына
айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. Бірінші көкірек омыртқасының
үстінде толық буын ойысы астында – жартылай буын ойысы бар. Ал Х – шы
омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ – ХІІ ші
омыртқаларды бір бірден ғана буын ойыстары бар.
Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы
жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы бесінші омыртқа көкірек
омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эвалюциялық даму кезінде қабырғалар
көлденең өсінділермен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегіз көз омыртқаларының арасы бірігіп сегіз көз
сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен
пайда болған сегіз көз қыры оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен
пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір
қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегіз көз каналы
омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы
бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады.
Сегіз көздің бүйір жақтарында құлақша тәрізді жамбас сүйегімен
жалғасатын буын беті болады. Оның арты жағының бұдырлы жеріне тарамыстар
бекейді. Ер адамның сегіз көз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау
болады. Адамның IV – V – ші құйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп
құйымшақ сүйегіне айналған.

Мұны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудиментті ( қалдығы ) деп
есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек бірінші
құйымшақ омыртқасында ған өте қысқа көлденең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық диагностикасы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру
Миозит
Адам қаңқасының негізі сүйек
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беру. 
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездеме
Пәндер