Ортағасырлық Батыс Европалық филосоифясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Батыс Европа философиясы
  2. Реализм мен номинализм арасындағы күрес

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Батыс Европа философиясы

Батыс Европа елдеріндегі - феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ. ) капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ. ғ. ) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде - мұсылман, Европада - екі түрлі христиан ( рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.

Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика ( мектептік ілім) деп атады. Схоластардың талас пікірі - жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар яғни универсалдар( лат. Uneversalia - жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолы айтылады. Біреуі - жалпы ұғым - әмбебептар адам санасынан, нақты заттар атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді және бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Реалистер іс жүзінде ұғым мен объективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды. Бұған қарама-қарсы екінші бағыт номиналистер (лат. Nomen - есім, атау) бойынша, тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау - ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенден-циялармен байланыста болды. Схоластика негізгі үш кезеңнен өтті.

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ. ) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен байланысып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А. Кентерберийский, П. Абеляр, А. Аврелий т. б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ. ) . Бұл - философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф. Аквинский, Д. Скотт т. б.

3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ. ) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У. Оккам, Ж. Буридан т. б.

Ортағасыр философиясының негізгі міндеті - дінеге қызмет ету және бұл кезеңнің филсофиясының көтерген негізгі мәселелері:

  1. Құдай мен дүниенің қарым-қатынасы;
  2. Құдай мен адам арасындағы байланыс;
  3. Құдайды танып білу жолдары.

Ортағасырлық Батысевропалық филосоифяның негізгі ерекшеліктері:

  • Платон мен аристотельдің ілімдерін пайдалана отырып, антика философиясына көңіл бөлу;
  • Антика дәуірінде қалыптасқан білім мен сенім ара-қатынасы өзгеріп, білімнен гөрі сенімге берілуі
  • Философтардың бар ақыл күшін християн догмаларын дәлелдеуге негіздеп, діни ілімдердің әсеріне түсуі;
  • Әулиелік жазбаларға күдік туғызбай, тек сенім арқылы құдайды тану.

Реализм мен номинализм арасындағы күрес

Реализм дегеніміз схоластикалық ортағасырлық философиядағы жалпы ұғымдарды, яғни универсалилерді жеке заттарға қарағанда реалды өмір сүреді деп есептейтін философиялық ағым. Реализмнің көрнекті өкіліне А. Кентерберийский, Ф. Аквинский болды.

Номинализ ортағасырлық негізгі ағымдарының бірі. Олардың пікірі бойынша тек қана жеке заттардың атауы ғана болып табылады. Номинализмнің пікірі бойынше реалды түрде тек қана жеке заттар өмір сүреді.

Саяси және әлеуметтік бірлікке дін мен философияның бірлігі де әсер етуі тиіс болатын. Бұл бірігуге ортақ латын тілінде болып, ғылым мен философияның интернациялануы жеңілдік әкелді. Батыс Европа елдерінің бірігуіне католицизмнің де ықпалы тиді. Бірақ бұл бірлік ойлану деңгейінде ғана қалып қойған жоқ. Шіркеу феодалдық иерархиялық принциптерге негізделіп басқарылатын үлкен ұйымдастырушы болды. Ол сонымен қатар, ірі жер иесі, жоғары феодалдық өмірді биледі, ал шіркеу догматтары барлық рухани өмірдің бас қасында тұрды. Шіркеу монополизациясы тәрбие білім жүйесін ұйымдастыруды анық байқалды. Шіркеу мектептері мен монастырлары мәдени орталықтары болды. Шіркеу мектептерінің бірінші деңгейінде оқушылар зайырлы білім алса, екінші, жоғары деңгейде теологияны оқыды. Зайырлы білім беру діни-теологиялық және құдай тану мақсаттарына негізделген мазмұндағы кейінгі антикадан алынған жеті «еркін өнерден» тұрды. Ф. Энгельс « Германияға жасалған крестік жорық деген еңбегінде осы тарихи дәуірге былай деп баға берді. «Ортағасыр тікелей дамыды. Ол бәрін басынан бастау үшін жер бетінен ежелгі өркениетті, ежелгі философияны, саясатты және хұқықтануды жойды. Жойылған ежелгі әлемнен тек христиандық пен пен бірнеше бұрынғы өркениетін жоғалтқан қалаларды алып қалды. Нәтижесінде дамудың барлық сатысында, білімге, монополияға поптар ие болды да, білімнің өзі құдайтануға тән мінез болды. Поптардың қолында сасат пен құқықтану да басқа ғылымдар сияқты діншілдердің бағытынан айнымады. Шіркеу догматтары бір мезгілде саяси аксиомаға айналып, библия мәтіндері кез келген сотта күшке би болды. Шіркеудің жоғарғы билік тізгінін алуы сол кездегі феодалдық жағдайға дұрыс та еді.

Философия сол кезеңде болашақ священниктер мен шіркеу қызметкерлерін даярланатын монастыр мектептерінде ғана оқытылатын. Философияның міндеті сенімнен шығатын рационалды жолдардың ақиқатты дәлелін беру болатын. Схоластика атауы да осыдан шыққан. Философия еркін болмады, ол шіркеуге бағынып «теология күңіне» айналды. Сондықтан схоластиктерін зерттеулерін философиялық деп айтуға ежелгі грек философтары дәстүрінен шығарып шартты айтуға болады. Философия мыңжылға жуық уақыт бойы хритсиандық идеялармен тұншықтырылды. Теологияны оқытатын жалғыз пән -«құдай жаратуы» дегеннің өзі де философиялық зерттеу болды. Тек бір ақиқатқа сүйенді; ғылым мен теология, философия мен теология арасында айырмашылық жіберілмеді.

Бұның бәрі схоластикаға емес, патристикаға да ортақ болғандықтан ортағасырлық христиан діні патристиканы көбіне схоластика деп есептеді. Дегенмен схоластика мен патристика арасында айырмашылық бар. Патристика мұғалімдері Қасиетті жазудағыдан жүйелі догматика жасауы тиіс болатын. Схоластиктер бұл кезде догматикалық құрылымды христиандықты қабылдаған білімсіз адамдар үшін дайындап реттеп жатты.

Схоластикалық мұғалімдеріне философияға арналған еңбектердің аз болуы қиындық туғызды.

Философия сол кезеңде болашақ священниктер мен шіркеу қызметкерлерін даярланатын монастыр мектептерінде ғана оқытылатын. Философияның міндеті сенімнен шығатын рационалды жолдардың ақиқатты дәлелін беру болатын. Схоластика атауы да осыдан шыққан. Философия еркін болмады, ол шіркеуге бағынып «теология күңіне» айналды. Сондықтан схоластиктерін зерттеулерін философиялық деп айтуға ежелгі грек философтары дәстүрінен шығарып шартты айтуға болады. Философия мыңжылға жуық уақыт бойы хритсиандық идеялармен тұншықтырылды. Теологияны оқытатын жалғыз пән -«құдай жаратуы» дегеннің өзі де философиялық зерттеу болды. Тек бір ақиқатқа сүйенді; ғылым мен теология, философия мен теология арасында айырмашылық жіберілмеді.

Схоластикалық мұғалімдеріне философияға арналған еңбектердің аз болуы қиындық туғызды.

Порфирия жұмыстары Аристотель логика туралы еңбегіне жасаған Боэция коментарийі, Кассиодор еңбегі, Платон диалогының еңбегі, неоплатонниктер еңбегі, Аристотельдің «Органоны» ғана белгілі еді. Ерте схоластиктерге Аристотель жұмыстары аз таратылған. Бұл еңбектер араб тілінен, кейінірек грек тілінен тура аударма жасалғанда ғана кейінгі схоластиктер таныса алды.

Схоластиканың басы ІХ жүзжылдықтан басталып, оның дамуы ХУ ғасыр соңына келіп тіреледі. Схоластиктер түсінігінше әлем құдай арқылы өмір сүріп отыр деген діни мінезде болды.

Схоластикада философияның әдісі бұрыннан-ақ белгілі болатын. Әңгіме ақиқатты тану туралы емес, осы ақиқатты ақыл, философия өнімі деп қарастырып, дәлелдеуде болып тұр. Осыдан үш мақсат ортаға шығады: біріншісі - ақыл көмегімен ақиқат сеніміне кіріп, адам ойлаушы жанының мазмұнына жақындау; екіншісі - діни және теологиялық ақиқатқа философиялық әдістер арқылы жүйелі үлгі беру; үшіншіден - философиялық дәлелдерді пайдаланып қасиетті ақиқаттарды сынауға тоқтау салу. Бұның бәрі формализм үстемдігі бар кең мағынадағы схоластикалық әдіс қана.

Тар ұғымдағы схоластикалық әдіс формаль-логикалық шешімдер операциясынан шығады, ол христиандықтың спекулятивті мазмұнын дәлелдеу үшін осы схоластикалық «диалектиканы» пайдалануы болды. Схоластикалық «диалектиканың» негізі оның түсініктері мен категорияларды олардың реалды мазмұнына қарамастан қарастыруда жатыр. Бәрі де христиандық сенімге үйретудің авторитетіне бағындырылған. Негізінде бұл «диалектика» нақтылығы жоқ силлогистикалық түсінік болатын. Схоластика философия-сының басты мақсаты теологиямен тығыз байланыста болу.

ХІ -ХІІ ғасырларда Батыс Европада феодализм интинсивті дамыды. Ауылшаруашылық өнімдері өсті, қала өмірі дамыды, қолөнер өркендеп, сауда қарым-қатынастары кеңіді. Әлеуметтік құрылым қиындап, негізгі феодалдар мен крепостық шаруалар қатарында мещандық және қолөнер бұйым өндірушілері қосылды. Феодалдық қоғамның динамикалық дамуы бір кезеңде тереңдеу мен әлеуметтік және кластық қарама-қарсылықтың өршу процесі болды.

Феодалдық қатардың негізгі бөлігі болған шіркеудің экономикалық, идеологиялық саласында рөлі өсті. Папаның ықпалы күшейді. Бірақ бұл процесс сәтті жүрмеді: шіркеу еретикалық қозғалыспен күрес жүргізуге мәжбүр болды. Бұл уақытта крест жорықтары жүріп жатты.

Осы динамикалық экономикалық әлеуметтік-саяси және идеологиялық жағдайда мәдени өмірде жаңару басталды. Білім беру жүйесінде, ғылыми танымда қатты өзгерістер болып, өнер дамиды. Шіркеу шешуші құрал ретінде мәдени және рухани саланы тікелей және жанама бақылаушы болды.

Шіркеу мектептермен қатар қалалық үкімет басқаратын мектептер ашылды, олар шіркеумен еркін қарым-қатынас орнатты. Бұл орталықтарда жаңа экономикалық сұрақтарды шешуге негізделген құқықтық білімдерге қызуғышылық өсті. Рим құқығы итальяндық Равенна және Болонья қалаларында да интенсивті қарастырыла бастады. Медицина ғылымдарының орталығы болып оңтүстік итальяндық Салерно қаласы мен Монте Кассино монастыры бой көтерді. Құқық пен медицинадан басқа логика философиясы сауалдарына қызуғышылық танытылды. Осы кезең бойына жаңа интелектуальдылық көтеріліс болып, ғылым және мәдениет саласында тіркеу пайда болды, әйтсе де, философияның қайта өрлеуі турасында айту әлі де ертерек, ойлану эклектикалық және компилятивті мінез ұстанғанымен, таза философиялық еңбектер туған жоқ. Түрлі мектеп пен орталықтарда антикалық, арабша және еврейше философиялық мәтіндері аударылып жатты. ХІІ ғасырда француз мәдениеті алдыңғы қатарда болды, дегенмен де әйгілі аудармашы және компилятор Доминик гундисальви испан қаласы Толедода жұмыс жасады, итальян қаласы Салерно да мәдени орталықтардың бірі болды.

Схоластикалық философия ойлары негізінде екі мәселе төңірегінде топтасты: бір жағынан номинализм мен реализм туралы, екіншіден құдайдың барлығын дәлелдеу туралы болды.

Ерте схоластика кезеңінде универсалия реальды бар ма, жоқ па деген сауал төңірегінде тағы да дау туды. Ерте схоластикалық философиясының басты тақырыбы болған бұл проблема схоластиканың дамыған кезеңінде де жоғалмайды, ал кейінгі схоластикадан жаңа кезең философиясынан өтеді. Универсалий мәселесі тамырымен Платон мен Аристотель философиясына кетеді. Аристотель Платонның ерекше әлем турасындағы барлық заттармен олардың қасиеттері, қарым-қатынастары және бір мезгілде олардың мақсаттарының басты себептері болатын өзгермейтіні мен қимылсыздығы туралы идеялары реалды болады деп есептеген идеясын сынады. Аристотель бойынша идеялар сезінудің жемісі емес, заттардың себебі емес, әйтсе де оларға бағынышты. Идеялардың заттардың мәні бола тұра, олардан бөлек болуы мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары Абай, Ыбырай, Шоқан
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Ертедегі грек тарихшылары
Византия қалаларының құлдырау себептері
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
Орта ғасырлардың мәдениет туралы түсінік
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Ортағасырлық Венгрия мемлекетіндегі феодализмнің қалыптасуы мен дамуын, оған Еврропалық мәдениеттің ықпалын зерттеу
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz