Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Рысбекова Меруерт

Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050102 - мамандығы - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Түркістан, 2011

Қазастан республикасы БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі

кафедрасының меңгерушісі,

п. ғ. к., доцент Ортаев Б.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы ׃

Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері

050102 -- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

Орындаған: СПМ-817о тобының студенті

Рысбекова Меруерт

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. к., доцент С. Қожагелдиева

Түркістан 2011

Мазмүны

Кіріспе

1. Бастауыш мектеп оқушыларының білім, біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жүмыстарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

1. 1 . Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарының педагогикалық мәні.

1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларына жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарының түрлері.

2. Бастауыш мектеп оқушыларына дүниетану пәнін оқытудың әдістемесі мен сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу.

2. 1 Дүниетану пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жүмыстардың мазмүиы мен әдістері.

2. 2 Сыныптан тыс жүмыстарда оқушылардың білім, біліктерін қалыптастырудың дәстүрлі әдістерін жетілдірудің жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке түлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі-оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмүнын жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда сыныптан тыс жүмысының маңызы зор. Сыныптан тыс жүмысының барлығы да оқушылардың жаңа білімдерін байыта, олардың ақын-ойын дамыта отырып, білім, біліктерін қалыптастыруға үлкен әсерін тигізетіндігін тілге тиек ете отырып:

«Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетану сабағында сыныптан тыс жүмыстарды үйымдастыруда білім, біліктерін қалыптастыру» тақырыбын таңдадық.

Қазіргі . кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интеллектуалды және жан-жақты дамыған, білімпаз, шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетілдіруге ынталы және дағдысы қаланған, кез-келген өмірлік мәселелерді шеше білуге қабілетті тұлға ретінде қалыптасу аса жоғары талапка қойып отыр. Бұл күрделі тәлім-тәрбиелік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз республикада бір қатар іргелі жұмыстар қарастырылуда. Білім қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің а, са маңызды алғы шарттары болып келеді.

Сондықтан да тәуелсіз қазақ елі ғасырлар тоғысында оны ұйымдастыру мен мазмұнын түбегейлі жаңартуда қадам жасап Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдаманың 4. 3 пунктінде мектептен тыс мекемелер балаларға қосымша білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ете отырып, орта білім беру жүйесіне енеді.

Орта білім. берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімінің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дүрыс, адамгершілік түрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке түлғаны қалыптастыру.

Жеке түлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетів әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен үштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және сабактан тыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай, туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсаты мен өзара байланысты болып келетін жүмыстың дербес түрі.

Ол әртүрлі әрекеттер жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жүмыс сыныпта алған білімдерін толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғүрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың қүралы ретінде қызмет атқарады, сонымен қатар оқушылардың бос уақытын үйымдастырудың формасы болып табылады және де олардың адамгершілік мінез-қүлық тәжірибесін қалыптпстырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығын, мазмұнын түрленлдіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға үлкен мүмкіндіктер ашады.

Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа үлттық дәстүрге күштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалывсын, бос уақытын дүрыс үйымдастыру мақсатында осы жүмыстардың барлығын сыныптан тыс білім мен тәрбие беру мекемелерінде үйымдастырылады. Мүндай мекемелерге: балалар кпубтары мен саябақтары, балалар кітапханалары, балалар театрлары мен балалар стадиондары, спорт, музыка мектептері және мекемелері мектептермен біріге отырып, оқушыларды әржакты жұмысқа тартады.

Сыныптан тыс жұмыстардың қайсыбір түрі болмасын оқушылардың шығармашыл тұлғасын тиімді тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады. Демек, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың мектептен аллған білім тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып, бір мақсатты жүзеге асырады: оқушылардың дене бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдік тұрғыда дамуына ықпал етеді.

Сыныптан тыс сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын үйымдастыруға, олардың қабілелтін анықтауға және дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға көп нәрсе білу қүштарлығын оятуға көмекетесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелепрде өткізіледі, оқушыларддың сабақ үлгерімін қаддағалап отылрады.

Өз зерттеуімізді әдіснамалық теориялық түрғыда негіздеуде ғалым педогогтардың тәрбие мен сыныптан тыс білім жөніндегі К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. В. Савин, М. И. Болдыров сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. (И. А. Степанов, В. П. Горощенко) «Табиғаттанудан сабақ беру методикасы», (П. П. Болдыров) «Мектептегі тәрбие жүмысының методикасы», (В. А:Кыркалов, П. Э. Шпитальник. ) «Оқушыларды сабактан тыс уақытта тәрбиелеу» саласындағы зерттеулерді пайдаландық. Солардың ішінде қазіргі жағдайда оқушылардың білімі мен тәрбиесі тиімділігін жетілдірудің маңызды қайнар көзі ретінде, сыныптан тыс жұмысмтарының ғылыми негіздерін жасауға бізге Қазакстан ғалымдары Р. Ж. Қоянбаев «Педогогика», Е. О. Омар «Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмысының негізі», С. Нұрмағанбетов «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» С. Ш. Әбенбаев (сынып жетекшісі), З. Абилова (оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру), К. Б. Бозжанова (оқушылармен жүргізілетін және мектептен тыс жұмыстар) сынды зерттеу жұмыстарының көмегі зор болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мазмүнын ашу.

2. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстардын түрлерін анықтау.

3. Дүниетану пәнін жүргізуде сынаптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктерін салыстыру.

4. Бастауыш мектептегі сынаптан тыс жұмыстарды үйымдастыру жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау.

Зерттеудің пәні: 4-сынып дүниетану пәні.

Зерттеудің нысанасы: Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

Зерттеудің әдістері: Шығармашылық және дидактикалық малтериалдар, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, педогогикалық- тәжірибеллерді жинақтау, бақылау, анализдеу, синтездеу, талдау, анкета.

1. Бастауыш мектеп оқушыларының білім, біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

1. 1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні.

Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы-бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Біздің егемен еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері -баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту болып табылады.

Білім тек сабақта ғана емес сыныптан тыс уақытта да беріледі. Түрлі сыныптан тыс жүмыстар оқушылардың білімдерін тереңдетеді. Яғни, сыныптан тыс жұмыстар деп - оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды айтады. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады.

Оның негізгі мақсаты - балаларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті - мектеп оқушыларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру. Егер де сыныптан тыс жұмыс оқу бағдарламасымен дұрыс ұштастырылса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс үйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар оқушылардың білімдерін тереңдетуге, ой-өрістерін кеңейтуге, олардың ынталы болуына және әр нәрсені біліп алу қүмарлық сезімдерін оятуға септігін тигізеді.

Біріншіден, сыныптан тыс жұмыс баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі жұмыстардың түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырады, оның азамат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс жүмыс оқушыларды әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егер де балада еңбекке деген түрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамассыз ете алады. Бүгін де бала өзінің бос уакытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бүл өте күрделі мәселеге айиалды.

Төртіншіден, сыныптан тыс әр түрлі жұмыстарының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйренеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруға өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті сыныптан тыс жұмыстың қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек коғамдык пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысына үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс жұмыстардың өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды.

Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмыстың нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістікпен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.

Бастауыш сатыда оқу-тәрбие процесі жан-жақты қарастырылып, оқушылар ұйымы арқылы ықпал ету қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.

Философиялық ұғымда "Дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, біртұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастадың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Осы философиялық қағида дүниетану көзқарасының тұп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді. [ 4 ]

Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны занды. Даму өз-өзінен тумайды. Ол-тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарды жеңе отрып, шындыққа жақындау және жету жолы.

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М. Б. Блонскийдің, Л. С. Выготскийдің, С. А. Рубинштейннің, Л. В. Занкотың еңбектерінің негізгі арқауы болып табылады. Л. В. Занков «Оқушылардың сыныптан тыс уақытындағы оқу әрекетіне белсене араласуына маңыз береді. Оқытудың өмірмен байланысына қажетті талаптар қоя отырып, оқушылардың өздері жинақтаған өмір тәжірибесі, әсерлері, байқаулары болу керек деп қарайды. Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларды шығармашылық ізденістерге салуға және олардың ішкі сезімдерінің дамуына, білімдерін тереңдетуге ықпалын тигізеді» - деп санайды.

Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай сыныптағы әрбір жұмыс әрқашан да тәрбие жұмысы болып табылады, бірак тәрбиені тек білім беру арқылы шешу мүмкін емес. Сондықтан тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда сабақ процесінде ғана емес, сыныптан тыс өткізілетін қоғамдық шараларды жиі өткізудің маңызы зор деп санайды. Сыныпптан тыс жұмыстар-оқушылардың адамгаршілік қасиеттерін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға елжандық сезімдерін шыңдауға, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады. Демек, сыныптан тыс жүмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып білім, біліктёрін қалыптастырады.

Білім - адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы -талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыкка айналдыра алады.

Ал, білік - бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден тек қана, таңдай білуден ғана емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерді таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін кажетті шарттарды білуді қажет етеді.

Озат педагогтар - С. Нүрсейітова, А. Жарылқапова сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттерндің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр түрлі сырларын ұғынады деп түсіндіреді.

С. Ш. Әбенбаев өзінің «Сынып жекшісі» атты еңбегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды мынадай бес ерекшелігін атап көрсетеді. -

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар:

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамассыз ету. Бұл баланың одан әрі дамуының негізі болады. Сыныптан тыс оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөніндегі жағымды көзқарастың қалыптасуына өзінің күш-қайратына сенімділігінің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысы қалыптасады. Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастармен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескерту, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Баланың дүниетанымдық компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігері қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстарда бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.

4. Баланың таным қызығушылығы дамиды, яғни мұндай міндетте сыныптан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамассыз етеді. Өйткені сыныптан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұендай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

5. Балада әр түрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілігі қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастырады. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Сыныптан тыс жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді-білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Білімділік мақсаты оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс жұмысында тәрбие және дамытушылык кызметі нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс жұмысының білімділік мақсаты ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігімен дағдысын қалыптаструды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру ұжымдық өмірді қарым-қатынас мәдениетін үйретеді. Сыныптан тыс жұмысының дамытушылық мақсатаының маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психологиялық процестерін, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасының қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды іске асырады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім, білік шығармашылық әрекетін қызығушылығын арттырады, ой-өрістерін кеңейтеді. Көптеген әрекеттер нәтижесінде оқушылардың адамгершілік, кішіпейілділік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады. Осындай іс-әрекеттердіқ жүзеге асырыуы оқушылардың сабақ үлгерімін, дүние танымын арттыруына сыныптан тыс жүмыстың үлкен себебі тиеді. М. И. Болдырыв сыныптан тыс жүмыстарға тән негізгі ерекшеліктерді (І-кесте) атап көрсетеді.

Сыныптан тыс жұмыстарға тән негізгі ерекшеліктер: Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жүмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқарылатын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көмегімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен талап-тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстың үшінші ерекшелігі жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркемөнерпаз үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. әртүрлі сыныптардағы оқушыларды біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналсудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине педагогтар бағыттап отырады, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмысты өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келседазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.

Сыныптан тыс жұмыстың алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өңерпаздар клубтарының және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі болып түсті. Кейде сыныптан тыс жұмыска оқушылардың барлығы емес, белсенді оқушылар ғана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан . тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуге, сыныптан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын калдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz