Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудағы шетел тәжiрибелерi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе

1 тарау. Инвестицияның теориялық негiзi.

  1. Инвестиция туралы жалпы түсiнiк.

1. 2. Инвестиция типтерi мен түрлерi.

1. 3. Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудағы шетел тәжiрибелерi

2 тарау. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша иневестиция тартуды талдау

2. 1. Оңтүстiк Қазақстан облысының инвестициялық саясаты.

2. 2. Оңтүстiк Қазақстан Облысының инвестициялық жағдайын талдау.

2. 3. ОҚО -дағы инвестицияны дамыту жоспарлары мен бағдарламалары

3 тарау. Оңтүстiк Қазақстан Облысының инвестициялық мәселелерi және оны шешу жолдары

3. 1. Оңтүстiк Қазақстан Облысындағы инвестициялық мәселелер және ондағы мәселелердi шешу жолдары.

3. 1. Оңтүстiк Қазақстан Облысындағы инвестиция тартудағы мәселелердi шешу жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кiрiспе

Экономика дамуы үшiн қажеттi шарт жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оған жүзеге асырылатын инвестициялық ресурстар көлемiн өсiру мен олардың материалды өндiрiс және әлеуметтiк салалардың приоритеттi салаларында тиiмдi пайдалану арқылы жетуге болады. Инвестициялар өндiрiстiк потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негiзiнде құрып, әлемдiк нарықта елдердiң бәсекелестiк позицияларын анықтайды. Сондағы көптеген мемлекет үшiн, әсiресе экономикалық және әлеуметтiк дағдарыстан шығуға ұмтылып жатқан елдер үшiн, тiкелей күрделi қаржы, портфельдi инвестициямен басқа активтер түрiндегi шетел капиталын тарту үлкен роль атқарады.

Шетел инвестицияларының ролiн тек жаңа өндiрiстiк құрылуымен ғана шектеуге болмайды. Негiзiнен, шетел инвестицияларын бұрын тиiмсiз пайдаланылған табиғи, өндiрiстiк, еңбек потенциалдарын шаруашылық процеске енгiзуге әсер ететiн фактор ретiнде қарастыру керек. Шетел инвестициясы ұлттық ресурстардың жағдайларымен қосылып, прогрессивтi еңбек құралдарын қолдану, жұмыскерлердiң квалификациясын жоғарылату және қолда бар өндiрiстiк ресурстарды пайдалануын жақсарту негiзiнде жоғары интегралды нәтиже бередi.

Әрбiр ел экономикасының дамуы үшiн қажеттi шарт жоғары инвестициялық белсендiлiк болып келедi. Бұған инвестициялық ресурстар көлемiн өсiру мен бұл ресурстарды экономиканың приоритеттi салаларында тиiмдi пайдалану арқылы жетуге болады.

Экономикада инвестициялар ролiнiң жоғары екенiн дамыған елдермен жаңа индустриалды елдер тәжiрибесi дәлелдеп отыр. Бiздiң елiмiздiң экономикасы өте үлкен қаржыларды қажет етедi. Сондықтан да iшкi қаржыландыру көзiнiң шектеулi болуы нәтижесiнде шетел капиталына деген сұранысты арттырып отыр. Шетел инвестициялары, негiзiнен, жеделдетiлген экономикалық және әлеуметтiк дамудың катализаторы болып келедi. Алайда, шетел капиталының ролiн тек жаңа өндiрiстiң құрылуымен ғана шектеуге болмайды. Ол негiзiнен бұрын тиiмсiз пайдаланылған табиғи, өндiрiстiк, еңбек потенциалдарын шаруашылық процеске енгiзуге әсер ететiн фактор болып келедi.

Шетел капиталы экономикалық дамудың приоритеттi салаларына бағытталуы керек. Мұндай салаларда шетел инвестициясы ұлттық инвестициялармен қосылып, өзара тиiмдi экономикалық қатынастарды қамтамасыз етедi.

1 тарау. Инвестицияның теориялық негiзi.

1. 1. Инвестиция туралы жалпы түсінiк.

Инвестициялар - мүліктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық түрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында үзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкін. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Инвестицияның деңгейi қоғамның ұлттық табысының көлемiне маңызды әсер етедi. Ұлттық экономикада көптеген макро пропорциялар оның динамикасына байланысты болады. Инвестициялар елдiң масштабында кеңейтiлген қайта өндiрiстiк процесiн анықтайды. Жаңа мекемелердiң құрылысы, тұрғын үйлердiң салынуы инвесторлау процесiне байланысты болып келедi. Инвестицияны заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Инвестициялар: венчурлiк, тiкелей, портфельдiк, аннуитет болып бөлiнедi. Венчурлiк инвестиция - шаруашылықты қаржыландыруда шешушi рол атқаратын жаңа акциялар шығару формасындағы инвестициялар. Венчурлiк инвестиция орташа және ұзақ кәсiпорындардың өмiр сүруiнiң маңызды шарттарының бiрi болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты. /2/

Тiкелей инвестициялар - шаруашылық субьектiнi басқаруға қатысуға құқық алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектiнiң жарғылық қорына құйылым жасау.

Портфельдiк инвестиция - пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға және басқа ұзақ мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.

Аннуитет - кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшiн оған төленетiн (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгiлi бiр мөлшерден жыл сайынғы ақша сомасы (рента) .

Қазақстан экономикасының өзектi проблемаларының бiрi ең алдымен материалды өндiрiс сферасында инвестициялық iс-әрекеттi ынталандыру болып табылады. Қазақстан экономикасының құрылымды қайта құруының негiзгi проблемасы қаржыландыру көздерi болып табылады. Қазақстанда инвестициялық iс-әрекеттiң қаржыландыру көздерi болып:

  1. Кәсiпорынның өз акцияларын сатудан түскен қаражаттары: акционерлiк компаниялародың өнеркәсiптiк қаржы топтарының қайтарымсыз негiзгi бөлiнетiн қаражаттары;
  2. Федералды, аймақтық, жергiлiктi бюджеттi ассигнациялау қайтарымсыз негiзiнде iскерлiктi қолдау;
  3. Шетел инвестициялары;
  4. Қайтарымды негiзде мемлекет ұсынған несие түріндегi қарыз құралдары. Шетел несиелерi, облигациялық займдар, коммерциялық банктер несиелерi, векселдер және компанияның инвестициялық қорларының, сақтандыру компанияларының, зейнеткерлер және өзара қорлардың қаражаттары.

Мемлекеттiң инвестиция процестердi реттеушi ретiндегi инвестициялық саясаттың приоритеттерiн таңдауда әртүрлі типтi инвесторлар үшiн бiрдей жағдай жасауда салық жеңiлдiктерi арқылы инвестициялық iс-әрекеттер стимулдауда пайдалы инвестициялық несиенi қамтамасыз етуде жалпы қолайлы инвестициялық ауа-райын қалыптастыруда болып табылады. Инвестицияларға байланысты қызмет: бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындарды сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс iстеуi, ұсталуы және таратылуы. Шартты жасасу мен орындау. Интелектуалдық меншiк құқығын қоса алғанда, алуан түрлі мүліктi сатып алу, пайдалану және билiк ету. Акцияларды, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу, шығару және сату. Инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында тиiм салынбаған. Жердi және өзгеде табиғи ресурстарды сатып алу, кепiлге салу, оларды иесiздендiру және пайдалану құқықтарын қолданудың басқа да нысандары. /6/

Инвестицияның қайнар көзi болып жинақ (сбережения) табылады. Бiрақ жинақ тек бiр шаруашылықпен айналысатын субьектiлердi iске асыра алады. Инвестиция келесiдей факторларға байланысты болады:

- пайда нормасының күтімiне немесе капиталды қаржы бөлудiң рентабельдiгiне байланысты. Егер бұл рентабельдiк, инвесторлардың пiкiрi бойынша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу iске аспайды.

- Капиталды қаржы бөлудiң альтернатвтi мүмкіндiгiне байланысты. Инвестор өзiнiң ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала алады, яғни ол сонымен қатар ресурстарын банкке де жайғастыра алады. Егер пайыз нормасы пайда нормасының күтімiнен жоғары болса онда инвестициялар iске асырылмайды, және керiсiнше, егер пайыз нормасы пайда нормасының күтімiнен төмен болса, онда кәсiпкерлер капиталды қаржы бөлудiң жобасын iске асырады. Графикте, инвестиция мен жинақты пайыз нормасының арасындағы өзара байланыс келесiдей сипаттан көрiнедi.

S 1 =J Сурет -1

Графикте, инвестиция мен жинақтың арасындағы тепе-теңдiк көрсетiлген:

JJ - қисығы инвестиция;

SS - жинақ;

Ордината өсiнде - пайыз нормасының мағынасы (r) ; Абцисса өсiнде - жинақ және инвестиция;

Инвестиция пайыз нормасын J=J (r) бұл келушi функция: пайыз ставкасының деңгейi жоғары болғанда инвестиция деңгейi төмен болады. Жинақта пайыз нормасының функциясы: S=S(r) . Бiрақ ол артушы функция r-ге пайыз деңгейi экономиканың барлық масштабында жинақ пен инвестицияның теңдiгiн қамтамасыз етедi,

r 1 және r 2 деңгейi осы кұйден ауытқуы. Яғни инвестиция пайыз ставкасының функциясы болып, ал жинақ табыстың функциясы болып табылады.

Салық салу деңгейiне және жалпы берiлген елдер мен аймақтың салық климатына байланысты. Салық салудың тым жоғары деңгейi инвестицияға жағдай жасамайды. /7/

Инвестициялық процесс ақшаның инфляциялық құнсыздануының қарқынына септiгiн тигiзедi.

Инвестицияның, табыстың жинақтың өзара әсерiн шағылыстыратын маңызды макроэкономикалық пропорциясын келесiдей сипатта көрсетуге болады:

Y = C+S, яғни ұлттық табыс өзiнiң пайдалануында тұтыну шығыны (C) мен инвестиция (J) сомасына тең. тұтыну - табыс функциясы болып табылады, яғни C =C(Y) .

Басқа жағынан, туындалған ұлттық табыс Y= C+S -ке тең. S - (жинақ) ол да табыс функциясы, S=S(Y) . Ендеше егер C+J=C+S онда J=S бұл жердле инвестиция - r:J=J(r) функциясы, ал жинақ - Y:S=S(Y) болып табылады. Ендi жинақ пен инвестицияның тең болуындағы ұлттық табыстың деңгейiн анықтаймыз. Ол үшiн график қолданамыз. Абцисса өсiнде - ұлттық табыс деңгейi (ҰТ) . Ордината өсiнде - жинақ және инвестиция (SJ) . JJ сызығы - инвестицияның µТ-ның кез-келген деңгейiндегi айнымас көлемi. Графикте ұлттық табыс өскен сайын жинақ арттатыны көрiнiп тұр.

Е- нүктесiнде JJ және SS қисығы қиылысады. N нүктесi J және S нүктесi арасындағы кеңдiктiң бұзылуы кезiнде елдiң экономикасының барлық уақытта ұлттық табыс теңдiгiне ұмтылғандағы жағдайын бiлдiредi.

S N F

Сурет - 2.

Егер SS қисығы JJ қисығынан үлкен болса, онда жинақ масштабы қоғамда инвесторлау масштабын арттырады. Ал егер SS қисығы JJ қисығынан төмен болса, керiсiнше болады.

Сонымен “Инвстициялар” түсінiгi көп қырлы құбылыс, оның бiрнеше мағыналы анықтамасы бар:

  • ең алдымен, инвестициялар жөнiнде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнiнде айтылады. Оларды енгiзу арқылы өндiрiстiк процесс жүзеге асырылады;
  • соңғы кездерi бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнiнде сөз болады;
  • мұндай анықтама бiрнеше шектеушi сипатта болады, өйткенi кең мағынада алғанда, ол әр алуан тектi операциялардың тiзбектеп орындалуы бар белгiлi бiр процесс болып табылады;
  • осы процестiң әлеуметтiк-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететiн белгiлi бiр механизм ретiнде бағалауға болады.

Экономистер үшiн инвестиция - әрқашан күрделi қаржының нақтылы заттай түрі, ал халық тұрғындар инвестицияның өздерiнiң есептерiндегi өзгерiстер, акцияны сатып алу сақтық кассаларындағы есеп ашу деп түсінедi. Егер адамдар қоғамдық, өндiрiстiк мүмкіндiктерiнiң бiр бөлiгiн тұтынуға қатысты күрделi қаржы ретiнде пайдаланса, экономикалық есеп оны өндiрiс көлемi деп бағалап, жалпы ұлттық өнiмге қосады. Сондықтан анықтамаларымызды толықтыруымыз керек. Жалпы ұлттық өнiм - түпкi, соңғы өнiмнiң сомасы, бұған тұтыну тауарларымен қызметтерiн қоса жалпы инвестицияда кiредi. Таза және жалпы инвестиция жыл бойы жасалған машиналарды, фабрикалар мен үйлердi, құрылыстарды қамтиды, олар ескi капиталды ауыстыру үшiн сатып алынса да таза инвестиция капиталдың өмiрге келуiмен тең (жалпы инвестиция шығып қалған капиталға - аммортизациялық төлемдерге тең) . Жалпы инвестицияны аммортизациялық төлемдердi есепке алмай-ақ дәл анықтауға болады. АҚШ-тың ашық экономикасы бар. Олар тауарды, қызметтi және капиталды шеттен алып келедi және шетке шығарады. Бұл ұлттық есепке таза шеттен шығаруды экспорт инвестицияның бiр бөлiгi ретiнде шартты турде енгiземiз. Егер ұлттық шетке шығару саудасы оңды болса, шеттен сатып алуға қарағанда көп сатады, сөйтiп ол шет елге инвестиция шығарады. Шығындардың басты компонентi - инвестиция. Бұл макроэкономикада екi түрлі атқарады. Бiрiншiден, шығындардың компонентi болғандықтан инвестициядағы кұрт өзгерiстер жиынтық сұранысқа, сөйтiп өндiрiстiң көлемiне, жұмыспен қамтуға шешушi әсер етедi. Екiншiден, инвестиция капиталдық қорлануына алып келедi. өндiрiстiк қуаттардың көп болмауы өндiрiстiң көлемiн ұлғайтуды және экономикалық ұзақ мерзiмдiк дамуын қамтамасыз етедi. Соңғы жылдары жалпы инвестицияның 70 пайызы өнеркәсiп кәсiпорындары мен құрал жабдықтарға жұмсалады. Инвестицияның мәнiн ашуға мына үш элемент қажет: табыс, шығындар, нәтиже кұту.

Табыстар. Инвестицияның өндiрiс көлемiнiң жалпы дәрежесiне не болмаса жалпы ұлттық өнiмге, яғни табыстың деңгейiне байланысты. Олар жалпы экономикалық белсендiлiктiң қайнар көзi.

Шығындар. Кәсiпкерлер мен ұй сатып алушылар, әдетте инвестиция үшiн заемдық қорлар түрінде төлейдi. Оның бағасы заемдық қаржылардың пайыздық ставкасына қатысты. Экономикада пайыз ставкасы ерекше орын алады, инвестиция шығынына әсер етедi, сондықтан ол жиынтық ұсынысты анықтайды. Инвестицияның құрылымына белсендi ықпал етушi тағы бiр нәрсе - салықтар. Федералды үкімет инвестицияға салық арқылы бақылау жасайды. Үкімет, мысалы, Президент Кеннеди тұсында енгiзiлген салық, неше арқылы инвестициялық компанияларды қуаттап отырды, олар жаңа құралдар алу үшiн 10 пайыздық салық қарызын бередi. Инвестициялық мақсат - мұраттың қорытындысынан жасайық. Кәсiпкерлер инвестицияны табыс алу мақсатынмен жасайды, сондықтан инвестиция шешiмi мыналарға байланысты:

а) жаңа инвестиция арқылы өндiрiлген өнiмдерге сұраныс болу керек;

б) инвестицияға әсер ететiн пайыз ставкасымен салық және экономистер бағалануына негiзделген өнер кәсiпшiлдердiң үмітi. Нақты және номиналды пайыз ставкасы. Нақты пайыз ставкасы - тауарлар мен қызметтерге төленген заем иелерiнiң ақша сомы. Болашақ пайда бастапқы кездегiнiң жоғары, сосын инфляцияның күшейуiнен инвестицияның долларлық курсы өседi. Сондықтан инвестиция бағалағанда нақты инвестицияң деген термин шығады. Яғни ол инвестицияны тұрақты бағамен алу дегендi бiлдiредi. Жинақ пен инвестиция ниетiндегi алашақтар. Тұтыну мен инвестиция туралы қазiргi теорияларға қарап, бiр мынаны атап көрсетуiмiз керек: қазiргi комплекстi экономикадан жинақ пен инвестицияның бiз қалайтын дәрежесiн автоматты түрде теңестiруге болмайды, өйткенi оларды жүзеге асырушылар - әртүрлі адамдар, себептерi де әртүрлі, сондықтан нарық жинақ пен инвестицияны тез сәйкестiре алмайды.

Еркiн бәсеке экономикасында инвестицияның қажеттi саны болуына кепiлдiк берiлмейдi, толық жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Жылдар бойы, ондаған жылдар бойы инвестицияның төмендеуi, шығындарда болады, олар дефляцияға, банкротқа әкелiп соғады, не болмаса басқаша болады. Банктер мен басқа да қаржылық ресурстар мен берiлетiн несиелердi келесiдей үлгіде топтастыруға болады:

  1. Ағымдағы қызметтiң iске асырылуы;

2. Инвестиция қызметтiк iске асырылуы;

Ағымдағы қызмет:

  • айнымалы қаржылардың толықтырылуы. Шикiзат, материал және тауар сатып алу;
  • қызмет және сату ұйымдарына шығындар;
  • операциялық қызметке сбасқа да шығындардың түрлерi.

Инвестициялық қызмет:

  • құрал - жабдықтарды, технологияны сатып алуға ұзақ мерзiмдi қаржы бөлу;
  • материалды емес активтерге және тағы басқаларына шығындар.

Қаржылық инвестиция дегенiмiз - жарғылық капиталдағы инвестициялар, кәсiпорын және ұйымдардың құнды қағаздары, мемлекеттiк және жергiлiктi заемдарды пайыздық облигациялары. Қаржылық қаржы бөлу. Ұзақ мерзiмдi инвестиция дегенiмiз, ол яғни тiкелей инвестиция. Жоспарлау және есептеу практикасында ұзақ мерзiмдi инвестиция келесiдей белгiлерi бойынша топтастырылады: жұмысты орындау әдiсi бойынша (өндiрiстiк, өндiрiстiк емес тағайындалу) ; негiзгi құралдарды қайта өңдеу бейнесi бойынша (жаңа құрылыс, өрiстету, реконструкция, қайта қарулану) ; техникалық құрылым бойынша (құрылыс жұмыстарына шығын, монтаж жұмыстарына шығын, басқа да шығындар) .

Инвестициялық саясат экономиканың тауарларында және салаларында капиталды қаржы бөлiду пайдаланудың негiзгi бағыттарын суреттейтiн халық шаруашылығының әдiстемелер мен шешiмдерiнiң жиынтығын бiлдiредi. Инвестициялық саясаттың рыноктық қатынасқа өту кезеңiнiң негiзгi мақсаты тұтынушы, қайта өңдеу салалары арасындағы байланыс оптимизациясында қорытындылануы. Экономикалық құрылымдарын реформадлау Қазақстанның қазiргi және болашақтағы есептерiнiң этаптары бойынша мемлекеттiк инвестициялық саясат негiзiнде iске асырылады. Бiрiншi этаптың мiндетi макроэкономикалық тұрақтылықтың жетiстiгi және өндiрiстiң қолдануының қайнар көзiн кеңейту үшiн шарт құру болып табылады (1996-1998 жж) . Екiншi этаптың мiндетi өндiрiстiң жандануы және экономикалық өсудiң бастамасы үшiн шарт құру болып табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясат бәрiнен бұрын құрылымды саясаттың басты бағыттары мен басымдылықтарын өткiзуге көзделген. 1996-2000 жыл мерзiмiнде инвестициялық саясаттың ерекшелiктерi мен сипаты өндiрiстiң құлдырауының бiрте-бiрте тенденциясын жеңуi шартымен iске асырумен анықталады және бiр мезгiлде келесiдей мәселелердi шеше алады:

  • экономиканың құлдырауын ұстап тұратын шаруашылықтандырудың өмiрге қабiлеттi жүйелерiнiң дамуы және оны сүйемелдеу;
  • iшкi және сыртқы нарық үшiн перспективтi өндiрiстiң дамуы;
  • жеке инвесторларды ынталандыру, шетел инвесторларын қоса.

Жақын арада, экспорт мамандырудың капиталдық салаларының дамуының қамтамасыз ету және сақтау мақсатында инвестицияны бюджеттiк қаржыландырудың толығымен бас тарту мүмкін емес. Осы бағыттар бойынша республиканың бюджетiнде сәйкес шығындар қаралуы тиiс. Бiздiң бағалауымыз бойынша ол бюджет шығындарының 8-9 пайызын құрау мүмкін. Қаржыландырудың ерекше мақаласы ретiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындардың, Ұйымдардың қаржылары қаралады. Олар өндiрiстiк белгiлердiң капиталды қаржы бөлуiнiң жалпы көлемiнiң 80-81 пайызын құрайды. Оның iшiнде 40-45 пайызы кәсiпорынның жеке қаржысын құрайды, ал қалғандары несиелiк ресурстарын құрайды. Есеп айырысу, жақын жылдардағы қаржылық жағдайда, акция сатып алуға, дивидендтерге төлеуге, өндiрiстiк емес салаларға шығындардың өсуiне байланысты кәсiпорындар жеке қаржыларының тапшылығының қадағалауын көсетедi. Осыған байланысты несиелiк ресурстардың салалардағы қажеттiлiгi, қайтымсыз қаржыландырудың кепiлдемесiнiң болмауы өндiрiстiк күштiлiктi кеңейту бойынша бұрынырақ қабылдаған жобаларды қайта қарауға, кәсiпорынға, мәжбүр етедi. Кәсiпорындар жұмыс iстеп тұрған өндiрiстерге капиталды қаржы бөлудi, өздерi жоспарлайды. Яғни олар өздерiнiң жеке қаржыларының қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, әр салада iшкi басымдылықтың блiнуi ескерiлген. Электр энергетикада Экібастұз ГРЭС - 2, Оңтүстік Қазақстан ГРЭС құрылысының жалғасуы, Экібастұз - Агадырь, Алматы ТЭЦ -2 және басқаларының электр беру жолдарының жалғасуы бойынша Қазақстанның бiр ыңғай энергия жүйесiнiң құрылуы. Мұнай және газ iздестiру жұмыстарының жалғасы ескерiлiп отыр. Металургиялық комплексте бұл:

  • түсті метеллургияның кең базасының ары қарай дамуы;
  • Қызылорда облысының Шалқияң кеңi, Жезқазған облысынан - вольфрам рудасының табылуы;
  • Қарметкомбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, өскемен қорғасын - мырыш комбинатының әрекеттегi өндiрiстi жаңарту және кеңейту;
  • Васильков, Ақбасай алтындарын, кәсiпорын және шетел инвестицияларын қаржыларын есептеу және меңгеру бойынша жұмыстарын тездету;
  • Жезқазған және Торғай облыстарында мал өсiру комплексi, Семейде холодильниктiң, Повладар және Ақмола ет комбинаты құрылысының жалғасы және аяқталуы қаралып отырады.

1997 жылға қаржыландырудың қайнар көзi бойынша капиталды қаржы бөлудiң құрылымы келесiдей мәлiметтер бойынша суреттеледi. Капиталды қаржы бөлудiң жалпы көлемiнен кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржыларының есебiнен - 2193, 6 млн. теңге игерiлген. Ол жалпы көлемiнiң - 78, 4 пайызын құрайды. Бюджет қаржылар есебiнен 596, 7 милллион теңге игерiлген. Олардың өндiрiстiң барлық элементтерiнiң әр уақыты жаңаруы және өрiстеу болып табылады. Барлық осы жағдайлар нарықтың корньюктураларын өркейту, болашақта қандай құрылым керек екенiдiгi сияқты, әртүрлі проблемалар қатысып тұрады. Шет ел практикасында кез-келген өзгерiс жобаларымен байланысты болып келедi. /9/

Инвестор - салым иесi, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам ұйым немесе мемлекет.

Сурет - 3. Инвесторлар және инвестициялық капиталдың қайнар көзi.

Сурет - 3-те инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды жүзеге асырушы қандай Ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен байланысты екенi туралы көрсетiлген.

Сонымен қорыта айтқанда, инвестиция дегенiмiз - ақша қорын сатып қалу және оны өсiру үшiн қажет шығын:

-шетелдiк инвнстиция дегенiмiз-қабылдаушы елдегi компанияның қызметiн бақылап, басқару үшiн капиталдың мақсатты түрде ауысуы;

- тiкелей инвестиция деп- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндiрiстi ұйымдастыруын айтамыз;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция экономикалық даму құралы
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
Инвестиция және оның қазақстан республикасындағы қызмет етуi
Тікелей шетел инвестициялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz