Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І-тарау. ДИДАКТИКА - ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Дидактика жөнінде жалпы түсінік . . . 5
1. 2 Қазіргі кезеңдегі дидактика жүйесі . . . 8
ІІ-тарау. ДИДАКТИКА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Дидактиканың жүйелеу сипаты . . . 11
2. 2 Дамытудың негізгі категориялары . . . 23
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27
Қосымша
Кіріспе
Дидактика пәні және категориялары.
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы . Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635 ) . Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика ” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойынша, дидактика “нені оқыту ” және “қалай оқыту керек ”деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары : кімді, қашан, қайда, неге оқыту[1, 3] .
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы . Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зертеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтанғылыми - теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды . Дидактиканың ғылыми - теориялық қызметі : білім беру
мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі : білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру ) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категоияларға анықтама берейік.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын- ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Педагогикалық процестің құрылымы: Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер. Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру - қабылдауға арналған іс - әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Зерттеу мақсаты: Білім беру және оқыту теориясына сипаттама бере отырып, оқыту процессінің мәніне, оның ерекшеліктері мен қызметіне тоқталып кету. Оқыту прцессі білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана - сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамитының айта кету.
Зерттеу пәні: - Оқыту мен оқудың себептері, барысы мен нәтижелері.
Зертеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады.
Зерттеу тәсілдері: Зерттеу тәсілдеріне дидактиканың принциптері жатады. Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
І-тарау. ДИДАКТИКА - ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- Дидактика жөнінде жалпы түсінік
Білім адам, қоғам және мемлекет мүддесіне орай жүргізілетін мақсат - бағдарлы процесс ретінде танылып, қазіргі заман жеке адам қалыптасуына қызмет етеді. Оның құрылым бірліктерін оқыту мен тәрбиені құрайтыны белгілі. Ал осы оқыту мен тәрбиені біртұтас, ерекше, өсіп келе жатқан қоғам өміріне дайындаушы жүйе ретінде қарастыру - педагогика ғылымының міндеті.
Ал енді осы жүйені нақты қарастырып, олардың ортақтық байланысын жете тану үшін оқыту теориясы мен тәрбие теориясы өз алдына зерттелуі тиіс.
Оқыту - оқу процесін жоғары, яғни теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық сала - дидактика деп аталады. Бұдан дидактика - оқытудың мазмұны, әдістерін және ұйымдастыру формаларына ғылыми негіздеме беретін педагогикалық теория деген анықтама келіп шығады. Дидактика ең басты “Нені оқыту керек, қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап беруі тиіс[2, 31] .
Бірақ бұл сұрақтарға шешім іздейміз деп жүріп, және бір топ көптеген сұрақтарға кезігеміз: “Оқыту қалай өтеді, оның заңдылықтары қандай?”, “Кімді оқытамыз?”, “Қайда оқытамыз?”.
Сонымен, дидактика оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық ғылым саласы.
“Дидактика” термині грек сөзі “dіdaktіos” - үйретуші және “dіdasko” - үйренуші - бірігуінен шыққан. Алғаш рет бұл терминді педагогикаға енгізген неміс ғалымы В. Ратке (1571-1635) . Ал дидактиканы оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін ғылым деп таныған, алғашқы рет дидактиканы ғылыми тұрғыда таныған Я. А. Коменский. Ол 1632 жылы бітіріп, 1657 жылы жариялаған “Ұлы дидактика” кітабында дидактиканы “барша нәрсеге баршаны үйрету өнері” деп түсінген. Бұл аса құнды еңбек тарихқа еніп, өз маңызын осы күнге дейін жойған емес.
Дидактиканы жете білу - әрбір педагог үшін міндетті, себебі біздің заманымызда бірде-бір ірі әлеуметтік-қоғамдық мәселенің теориялық пайымдаусыз шешу мүмкін емес. Бұл күнде оқытудың формалары, әдістері мен құрал-жабдықтарының тиімділігін қарапайым көз өлшемімен тану қиынға соғады. Сонымен бірге дидактика мектеп тәжірибесіне жаңа әдістерді, жаңа оқулықтарды енгізуде алдын ала топшылаумен соңғы нәтижесін болжастыруға көмек береді. Ал мұғалімдер болса, өз жұмыстарының ғылыми негіздемесін дидактика барша уақытта, барша жағдайда тиімді нәтиже береді деген емес. Таным процесі шексіз. Қай ғылым болмасын қарама-қарсылықтарды, кедергілерді жеңіп өтумен дамиды. Осыдан дидактика мұғалімге өз әрекетіне орай ой-толғаныс үшін материал береді, болмысты жоспарлағанымен салыстыруға ойыстырып, өз жұмысын жақсылыауға көмек көрсетеді.
Дидактиканың міндеттері мен қызметі.
Оның түсінік категориялары.
Дидактиканың міндеттері:
- оқу процесін және оның іске асырылу жолдарын сипаттау және түсіндіру;
- оқу процесін жетілдіре түсу, оқыту-үйренудің жаңа жүйелерін, жаңа технологиясын түзу.
Бұл міндеттер дидактика пәнін айқындауда өте маңызды: оқу дидактика үшін, бір жағынан, зерттеу объекті, екіншіден - құрастыру объекті.
Зерттеу объектілігіне байланысты ол ғылыми-теориялық қызмет атқарады. Зерттеуші өз жұмыстарының нәтижесінде оқу процесінің барысы оның заңдылықтары мен мәні жөнінде ақпараттар топтайды, сол бойынша оқу ісінің бүгінгісіне баға беріп, келешектегі жағдайына болжам айтады.
Бірақ, оқуды педагогикалық болмыстың бір бөлігі ретінде теориялық суреттеп қоя салудан келер пайда аз. Теория практикалық іс-әрекетке арқау болып, оны бағдарлап, жаңалап әрі жетілдіріп отыруға міндетті. Ғалым оқу барысын бейнелеуден, оны өзгерту мен қайта құруда дидактиканың құрастыру технологиялық қызметін жүзеге асырады. Аталған дидактиканың екі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу процесіне тың өзгерістер енгізу үшін, оның нақты уақыттағы жағдайын анықтап алу қажет, яғни ғылыми-теориялық қызмет нәтижелері пайдаланылады. Ал екінші жағдайда, өзгертілген, жаңаланған оқу өзінің одан әрі зерттеулерімен жалғасады.
Дидактиканың және бір ауқымды қызметтерінің бірі - ол оқу процесінде басқа ғылымдар жетістіктерін пайдалану жолдарын көрсету. Мысалы, психология элменттерін қолданумен дидактика оқу барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескереді, оқудың ізгі мақсатын анықтап, оқу нәтижесінде қалыптасатын ептіліктер мен дағдылар сипаттамасын береді. Осылайша оқу жүйесіне керек болған деректерді дидактика - гигиена, медицина, жас кезеңдері физиологиясы мен және философия ғылымдарынан алып отырады.
Дидактика өз зерттеулерінде күнделіәкті практика жалпы ғылымдық түсінік, категорияларды қолданады[3, 61] .
Болмыстың жалпы байланыстары мен қажеттерін бейнелейтін философиялық категориялар дидактиканың өзіндік заңдылықтарын және даму жолын түсінуге және нақтылауға жәрдемдеседі. Осыдан оқу процесінің әдіснамасына орай “мән”, “құбылыс” сөздері жиі қолданылып жүр.
Педагогиканың ғылыми саласы ретінде мынандай түсініктер пайланады:
Дидактика
Педагогика тәрбие педагогикалық іс-әрекет
Сонымен бірге арнайы дидактикалық түсініктер тобы да кездеседі. Олар мыналар:
оқыту мен оқу
оқу пәні
оқу мате4риалы
оқу әдісі
оқу тәсілдері
мұғалім
Арнайы дидактикалық оқушы
түсініктер толбы сабақ
қабылдау
игеру есте қалдыру
1. 2 Қазіргі кезеңдегі дидактика жүйесі
Мектеп - қоғам, жеке адам және мемлекеттің білімдік тапсырыстарын қанағаттандырушы әлеуметтік мекеме, қоғамдық-мемлекеттік жүйе.
Мектеп - халық бесігі. Халыққа білім беруде қойылатын әлеуметтік талап жалғыз-ақ: барша қоғамдық және мемлекеттік істерде белсенді қатысушы, дербестікке ие, шығармашыл да жаңашыл жеке адамды тәрбиелеу[4, 33] .
Бұл міндетті орындау бүгінгі мектептің қолынан келе ме? Әлбетте! Бірақ ол бір өте мәнді шартқа байланысты: мектеп өмірі, кеңірек айтсақ - жалпы педагогикалық әлемдегі адам - азамат жасауға оқу-тәрбие жүйесінде деңдеген әкімшілік-әміршілдік (авторитаризм) келеңсіздігінен түбегейлі құтылуы тиіс. Осы әкімшілік үстемдігін бүгінгі күнде мектептегі білім, мәдениет нормаларын беруші тек мұғалім, ал оның педагогикалық тәрбиесі науқандық сипатта. Сонымен бірге “бала өзімен өзі” деген педагогикалық түсініктердің де берер пайдасы шамалы. Педагогтың бағдарлаушы қызметінен жұта болған бала не әміршіл педагогика міндеттеген жаттанды ережелерді қайталаумен шектеліп, не бұған қолынан келген қарсылықтарын білдіруге ұрынады, болмаған күнде түңіледі, жалпы оқуға деген енжарлықтың жетегінде кетеді. Қазіргі қалыптасқан мектеп жағдайы осындай. Білім беру жүйесіне көзсіз “түртіп көріп шамалу” әдісінен түбегейлі құтылып, ғылыми негізде жасалған, демократияға үйрететін жаңа бағыт-бағдар, жаңа дидктикалық тұжырым қажет.
Кеңестік дәуірден бізге мұра болып қалған мектеп, өз жетістіктерімен бірге, көптеген кемшіліктерге ие. Олар оқу жүйесінің демократиялық талаптардан алшақтауынан келіп шықты. Бір бастыққа жүгінуден, ой еркіндігінің жоқтығынан, мектеп бюрократиялық мекемеге айналды. Мұғалім оқушыны, оқушы мектепті, мектеп қоғамды жатсыну деңгейіне жетті. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы біреу-ақ: мектепті қайта құрып, жаңалау - демократияландыру қажет болды. Қоғам демократиясы негізінде мектеп демократиялануға тиіс. Демократия - бұл педагогикалық процестегі формализмді, бюрократизмді жеңіп, гуманистік идеяларды ту етіп көтеру деген сөз[5, 22] .
Демократиялық жүйенің адамгершілік сипатынан оқу-тәрбие процесі оқушылардың танымдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз етуді мақсат етіп, белгілейді, шәкірттің оқу жұмысының сипаты мен мазмұны инабаттылыққа негізделіп, баршы оқушылардың мұғалімдерімен бірге мектептің барлық істерін басқаруына кең өріс ашылады. Осының арқасында мектептің бар қызметі, оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің мазмұны шәкірт игілігіне бағышталады. Осының нәтижесінде оқушы әртүрлі іштей өзара біріккен іс-әрекет түрлерінің: оқу, ойын, қоғамдық пайдалы еңбек - субъектіне айналады. Бұл әрбір оқушыда оқу ниеті мен оқу ептілігінің дамуына, білім игеру жауапкершілігі мен қабілеттерінің қалыптасуына, мектепте және одан тыс қоғамдық мәнді істерді орындауға деген ұмтылысына ықпалды әсер етеді. Мектеп ұжымында мұғалімдер мен оқушылар арасында сенім қатынастары орнығады. Әркімді өз міндеттеріне жауапкершілік, ал кемшіліктерге шыдамсыздық сезім пайда болады: мұғалім - өз еңбегінің нәтижесінен қуаныш тауып, оны мақтанышпен одан әрі жетілдіруге, өнімді еңбек етуге ат салысады. Ал оқушы - оқу процесінде көрініс берген проблемаларды шеше алу мүмкіндігіне сенім арттырып, дербестік сезімін нығайтады. Осының бәрі оқу-тәрбие бағытының бағдарлама тақырыбын, пәнді өтуге немесе ереже, деректер, түсініктер мен формулаларды жаттауға емес, ол балаға, оның ақыл-парасатты, рухани бай және салауатты дамуынан қарастырылғаннан байқалады[6, 45] .
Мектептің мықты тірегі - ұстаз бен шәкірттің бірліктегі өзара байланысты іс-әрекеті, осы іс-әрекет оларды белгіленген мақсатқа жетелейді. Ал мектеп өмірін жаңалаудың басты тұлғасы - гуманистік сипаты шығармашыл мұғалім. Оның міндеті ақпарат беріп, оқушыларға кездейсоқ қызығуларына қарай кеңес бере салу емес, оқу процесін ұйымдастыру. Жасырын емес, кейбір сабақтар балалардың сабаққа шын ықыласымен қатысып, мұғалім жұмысына белсенді араласып, көмекші болуымен ерекшеленсе, кейбірі оқушыларды мұғалімнің келеңсіз қылықтарынан үріккен кейіпімен көрініс береді. Мұндай сабақта білім игеру атымен жоқ. Мұғалім іс-әрекетінің стилі оның оқушылармен тілдесу сипаты шәкірттердің оқу жұмысына қатты әсер етіп, оның оң не теріс өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Демократиялық принциптер негізінде құралған мұғалім мен оқушының бірліктегі өзара байланысты іс-әрекетінің мәні - оқушыларға оқу мақсатын саналы қабылдату, оқу процесін қажетсіну арқылы одан балаға қанағаттанушылық сезімін тудыру, танымдық қызығулардан нәр беріп, адамгершілік-идеялық қасиеттерді қалыптастыру. Оқу материалын анықта нақты құрастырып, таяныш сигналдардың арқасында материалды іріленген (топ) блоктармен ұсына отырып, жоғары ақыл-ой дамытушы оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру - оқудың зорлықсыз өз нәтижесіне жетуінің кепілі.
Қазіргі кезең дидактикасының ерекше бір сипаты - оның ұжымдығында.
Әрқандай таным процесінде тілдесу арқылы бірлікте игерілетін білім оқушының сөйлеу қабілетін ғана дамытып қоймастан, оған өмірдегі өз орнын табуға, өзіне өзі баға беруге жәрдем етеді. Сондықтан баланы тілдесуге үйрету қажет. Мұғалім сабақта өз пәніне үйретумен шектелмей, балаларды ақпарат іздеу, табу, оларды талдау жолында бірлікте жұмыс жоспарын түзуге үйрету тиіс. Мұның бәрі сыйластықты, дәлелді пікір-таластар, сөзжарыспен ұштастырылыуы жөн. Әлбетте бұл жағдайларда текетірестер де болмай қалмайды, әңгіме балаларды олардан мәдениетті, үйлесімді жол тауып шығуға баулу[7, 58] .
Ұжым болып ойласудың тиімді бір әдісі бар. Ол “брейсторминг” (мозговая атака) - “ақыл-ой шабуылы” деп аталады. Бұл оқу - ойын барысында мұғалім топтасын, ой-пікір жүргізудің дирежері сипатында көпшілік ортасына шешілуі қажет проблема тастап, ойынның ережелерімен таныстырады: қандай ұсыныс, пікір болмасын қабылдануы тиіс, оларды сынауға ешкімнің құқы жоқ. Адамның өз пікірін айтуға көп жағдайда кедергі болатын нәрсе - бірдеңені ойланбай айтып, күлкі болармын деген сезім. Сондықтан ой, пікір, ұсыныстардың тау селіндей құлап, қандай да іркіліс бола қалса, мұғалім ойына келген, көрінген идеяны ортаға сала, сөзжарыс жалғасына май құйып отырады. Мүмкін болса айтылғандардың бәрі магнит таспасына жазылса, кейін саналуан, кейде тіпті күлкілі, мағанасыз пікірлердің ішінен ой маржандарын теріп, қорытуға болады.
Егер осындай оқушылардың белсенді және еркін ой шабуылы ойыны әлсін-әлсін қайталанып тұрса, сабақта, мектеп ісінде шешілмес проблема қалмайды.
Сонымен бірге мұндай сөзжарыстар оқушыларды адам тануға, олардың кейіпі мен мінезіне назар аударып, олармен тілдесудің жолын іздеуге, басқалармен мүмкіндіктерін салыстыра, өз қадір құнын мөлшерлеуге үйретеді. Мұғалімнің өте қиын да тиімді жұмысы: бұкіл сыныпты, әр баланы жекелей сабақ барысында шынайы шығармашыл танымдық оқу ісіне қоса білу, оқушылардың ой желісін “есіттім - жаттап алдым - қайта айтып бердім” схемасынан “білдім - ұқтым - айтып бердім - есте қалдырдым” схемасына келтіру.
Қорыта айтқанда бүгінгі дидактиканың сипаты: оқу процесінде мұғалімнің жетекшілік рөліне мән бере отырып, оқушының кемелденуінде өз белсенділігінің маңыздылығын баса таныту. Осындай қазіргі заман дидактикасы көрсетпе-қайталау оқу құрылымынан іс-әрекеттік - жаңадан құру оқу жүйесіне түбегейлі өтуі қажет. Сонда ғана мектеп адам, қоғам мемлекет мүдделеген жаңашыл, өміршең ел азаматын тәрбиелеу қызметін атқара алады[8, 39] .
ІІ-тарау. Дидактика оқыту үдерісінің әдістері
2. 1 Дидактиканың жүйелеу сипаты
Оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері. Жаңа бағдарламаға сәйкес казіргі дидактиканың талабы - сабақты түрлендіріп жүргізу аркылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, оларды ой-ландыру, ізгілендіру аркылы өз беттерінше тиянақты білім алуға дағдыландыру болып табылады. Ал бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған маңызды істің бірі - оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін күшейтіп, ақыл-ой әрекетіндегі белсенділіктерін арттыру болып отыр.
Оқыту екі жақты үрдіс болғандыктан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалуымен қанағаттанбай, оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуы тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының зандылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе[9, 53] .
Ұлы педагогтар мен ғалымдар: Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Д. Локк, т. б. окыту арқылы оқуышлардың ойлау қабілетін дамытуға баса назар аударған. Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялык негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Мұканов, т. б.
Республикамызда оқушылардың оқу әрекетін белсендіру, оны ұйымдастыру, әдіс-тәселдерін жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған еңбектермен танысу барысында бастауыш сынып оқушыларының ойлау белсенділігін қалай арттыруға болады. Оны арттыруда қандай дидактикалық мүмкіндіктер ұйымдастыру қажет. Міне, осы сұрақтарға жауап іздеу біздің мақаламыздың мақсаты болып отыр.
Оқыту үрдісінде оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың маңызы зор. Әсіресе, бастауыш сатыдағы кезең-оқушының оқу әрекетін қалыптастырудың өте ыңғайлы кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұйымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушының психикалық қасиеттері қалыптасады. В. А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, балдырған кездегі ой еңбегін ұйымдастырудағы шеберлік баланың мұғалімді ыждағаттылықпен тыңдай білуінде, ұмытпауында және ойлана білуінде. Бұл пікірден баланың ойлау қабілетін дамытуда бастауыш оқытудың ерекше екенін түсінуге болады.
Көптеген педагог, психологтардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бастауыш сынып кезеңіндегі оқушының ой әрекетінің төмен болуы, оның жоғарғы сыныптарға барғанда үлгермеушілігіне, сабақтың төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдеген. Бұл мәселені шешу-бастауыш окытуда балалардың ойлау кабілетін дамытуға, болуына, ойлау әрекетіндегі түрлі тапсырмаларды шығармашылыкпен орындауда өзіндік амал-тәсіл қолдана білуіне мүмкіндіктер туғызу[10, 43] .
"Ойлау" ұғымына байланысты гылыми, психологиялык, педагогикалык, әлеуметтік әдебиеттерге сүйенер болсак, әр түрлі көзқарастың бар екені белгілі болды. Мысалы, философтар: Д. Кішікбеков, А. Қасабёк, Ү. Сыдыков, Ғ. Есімов; педагогтар: Г. Селевко, Н. Данилов, М. Скаткин, Н. Хмель, т. б. ойлау мәселесін зерттей келе, оз анықтамалары мен түсініктемелерін ұсынады.
Ойлау - адам миы кызметінің нәтижесі. Ойлау дегеніміз - сыртқы сезім арқылы деректердің кабылда-нып алынуы және оның адам миында өнделуі. Ойлау барлык адамдарға тән. Кез келген дені дүрыс, ақыл-есі бүтін адам ойлауға кабілетті. Сондыктан мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсініп, оларды тұтас педагогикалық үрдісте дұрыс қолданып, оқушылардың ойлау кабілетін дамытуға әсер ететін әдіс-тәсілдерді қолдана білу.
Баланың ойлау кабілетін дамытуда окытудың маңызы орасан зор. Мұғалім балаларға білім беру, оқушының ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Бастауыш сыныптан бастап-ақ балаларды оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздеріне жауап табуға үйрету қажет. Бұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайтын болады. Мұғалім алғашкы күннен бастап шәкіртін ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz