Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939.1959 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

1.1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық құрамындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы ... ... ...22

1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

ІІ.ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .46

2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы ... ... ... ..58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай "тар жол - тайғақ кешулерге" душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі "Кіші Қазан төңкерісінің" салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі "алыптарын" тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, "комсомолдық бауырластық жолдамалар" нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар - 1,7 есе, украиндар - 1,6 есе, өзбектер - 1,9 есе, қырғыздар - 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері - 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар - 1,5 есе, немістер - 1,6 есе, татарлар - 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан - жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. "Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін" деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде [1] көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды ("хрущевтык үйлер"), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы "демографиялық жарылысқа" мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды "донор" ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына оралуының заңдылығынан және т.б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым.
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.


1. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан, 2003 ж. 5-сәуір.; Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуі. Егеменді Қазақстан, 2003 ж. 5 мамыр.
2. Бөкейхан А. Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи. Избранные. Алматы, 1995, С. 45-77.; Чокаев М. Туркестан под властью Советов (к характеристике диктатуры пролетариата). Алма-Ата, 1993; Тынышпаев М. История казахского народа. Алма-Ата, 1993.
3. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии (последняя треть XVIII - 60-е годы XIX в.). Москва, Наука, 1980, 252 с; Бекмаханова Н.Е. Многонациональное на-селение Казахстана и Киргизии в зпоху каіштализма (60-е годы XIX в. - 1917 г.). Москва, Наука, 1986, 242 с; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана: численность, размещение, состав (1870— 1914). Алма-Ата, Наука, 1991, 186 с.
4. Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М. Казахстанская трагедия // Вопросы истории. 1989. N 7.
5. Проблемы труда и народонаселения в Казахстане. Сб. статей. Вьш. I. Алма-Ата, 1970, 175 с; Экономические аспекты воспроизводства населения Киев, 1979, 170 с.
6. Гендельман МА, Спектор М.Д., Томилин В.Ф. Социально-экономические и демографические особенности целинных сел // Труды ЦСХИ. Т. 12. Выл I. 1975, С 3-21.; Спектор МД. Проблема сельскохозяйственного расселения // Труды ЦСХИ. С. 31-35.; Демографические процессы на Урале, в Сибири, Среднея Азии и Казахстане ХІХ-ХХ вв. Тез. докл. и сообщений. Целиноград, 9-11 июля 1991, 116 с.
7. Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940 гг.). Алма-Ата, Наука, 1966, 241 с.;' Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1945-1965 гг.). Алма-Ата, Наука, 1976, 272 с; Абишева Б.Н. Подъем культурно-технического уровня рабочего класса Казахстана (1959-1975 гг.). Алма-Ата, 1975, 317 с; Турсынбаев А.Б. Колхозное крестьянство Казахстана. Алма-Ата, Ғылым, 1960, 121 с; Тулепбаев Б.А Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстана. Москва, Наука, 1984, 256 с; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.Н. История крестьянства Советского Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1985, 160 с; Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Огечественной войны (1941-1945 гг.). Алма-Ата, Ғылым, 1971, 312с; Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осушествление в Казахстане. Алма-Ата, Ғылым, 1972, 415 с; Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция: проблемы становления и развития. Алма-Ата, Наука, 1975, 256 с; Абжанов X Сельская интеллигенция Казахстана в условиігх совершенствования социализма. Алма-Ата, Наука, 1988, 192 с. и др.
8. Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстаие (1917-1940 п). Алма-Ата, Наука, 1966, 241 с
9. Баишев С.Б., Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические итоги освоения целинных земель в Казахской ССР//Вопросы истории. 1975, № 2.
10. Турсынбаев А.Б. Колхозное крестьянство Казахстана. Алма-Ата, Ғылым, 1960, 121 с.
11. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.Н. Социалистический путь кулътурного прогресса отсталых народов. Алма-Ата, Наука, 1967, 232 с.
12. Гладышева Е.Н. 0 взаимовлиянии мигранта национального состава населения (на материалах Казахстана) В кн: Статистика миграции населения. Москва, Статистика, 1973, 256 с.
13. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие струкгуры населения Казахской ССР (национальный аспект). Алма-Ата, Казахстан, 1987, 152 с.
14. Абылхожин Ж.Б., Козыбаев М.К., Татимов М.Б. Казахстанская трагедия.//Вопросы истории. 1989, № 7. с. 53-71; История Казахстана: белые пятна. Алма-Ата, 1991; Қозыбаев М.К История и современность. Алма-Ага, Наука, 1991, 254 с; Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. Алма-Ата, 1992, 36 с. и др.
15. Боздақтар. Жинақтама том. Алматы, Қазақстан, 1995, 480 б.
16. Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг. В 2-х томах. Т. 1. Алма-Ата, 1964, 596 с; Т. 2. Алма-Ата, 1967, 527 с.
17. Жакупбеков С.К История легкой индустрии Казахстана (1917-1980 гг). Алма-Ата, Наука, 1984, 319 с.
18. История рабочего класса Советского Казахстана. Т. 1. Алма-Ата, Наука, 1987, 431 с; Т. 2. Алма-Ата, Наука, 1988, 451 с.
19. Абжанов X. Сельская интеллигенция Казахстана в условиях совершенствования социализма. Алма-Ата, Наука, 1988, 192 с
20. Асылбеков М.Х., Галиев АБ. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980гг.). Алма-Ата, 1991, 252 с.
21. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане 1917-1991 гг.// Автореф. дисс. на соиск. уч. ст. д.и.н. Алматы, 1994, 48 с.
22. Татимов М.Б. Развитие народонаселения и демографическая политика (социально-философские аспекты системного изучения и комплексной разработки). Алма-Ата, Наука, 1978, 143 с; Татимов М.Б. Демография -наука о народонаселении. Алма-Ата, Наука, 1984, 173 с; Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. Алматы, 1993; Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз - демографияда. Алматы, Жеті Жарғы, 1999, 264 б.
23. М.Қ.Қойгелдиев, Т.О.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, Ана тілі, 1993, 128 с; Омарбеков Т.О. 20—30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, Санат, 1997, 319 б., Омарбеков Т.О. Отырықшыландыру неге сәтсіздікке ұшырады. // Ақиқат. 1994. № 1. 37-44 б. және т.б.
24. Асылбеков М.Х., Козина Р.Р. Казахи. Демографические тенденции 80-90-х годов. Алматы, Өркениет, 2000. 102 с
25. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана. История формирования и развития (1897-1989 гг). Алматы, Ғылым, 1995, 220 с
26. Козина В.В. Население Центрального Казахстана (Методология. Историография. Источники). Алматы, Өркениет, 2001, 88 с; Козина В.В. Население Центрального Казахстана (конец XIX в. - 30-е годы XX в.). Алматы, Өркениет, 2000, 183 с; Козина В.В. Население Центрального Казахстана (40-е годы - конец XX века). Алматы, Өркениет, 2001, 184 с
27. Толекова М. Жетісу халқы (1897-1999 жж.). Алматы, 2002, 282 б. , 28. Бозтаев К. Семей полигоны. "Қайнар қасіреті". Алматы, Қазақстан, 1997, 295 б.
28. Алексеенко А. Н Сельское население Казахстана (1920-1990 гг.). Авто-реф. дис. докт. ист. наук. Алматы, 1994, 46 с; Алексеенко А.Н. Народы Восточного Казахстана. Усть-Каменогорск, 1994, 121 с.
29. Такижбаева Н.З. Изменения социальной и национальной структуры сельского населения Казахстана (1946-1992 гг.). Автореф. дисс. на соиск. доктора ист. наук. Алматы, 1999, 47 с.
30. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы, Ғылым, 1997, 261 с; Коновалов А.В. Казахи южного Алтая. Алматы, 1996, 168 с; Мендикулова Г.М. Казахская ирредента в России (история и современность). // Евразийское сообщество. 1995, N 8, С. 70—80.; Ескекбаев Д. Оңтүстік Орал қазақтары (Орынбор облысы бойынша). Автореф. 07.00.07. Алматы, 1995, 23 б.
31. Қозыбаев М.К. Демографические исследования в Казахстане: итоги и перспективы. // Вестник АН РК. 1990, N 3, С. 7-13.; Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: Размышления и поиски. Книга вторая. Алматы, Ғылым, 2000, 388 с.
32. Депортированные в Казахстан народы. Алматы, «Арыс» - «Қазақстан»1998, 428 с.
33. С. Айымбетов. 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер. Т.ғ.к дисс. автореф, Алматы, 1998, 27 б.; Кожакеева Л.Т. Изменения в социально-демографической структуре населения Казахстана накануне и в годы Великой Отечественной войны (1939-1945). Автореф... к.и.н. Алматы, 1997, 26 с; Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік жөне ұлттық құрамындағы өзгерістер (1939-1959 жылдар). т.ғ.к.... диссертация. Алматы, 2000, 187 б.; Жаркенова А.М. Население Казахстана по Первой Всеобщей переписи 1897 г. (демографический анализ). Автореф... к.и.н. Алматы, 2001, 29 с; Шахаман З.Б. Социально-демографическое развитие населения Северного Казахстана в 1959-1989 гт. Автореф... к.и.н. Алматы, 2002, 25с; Какенова АА. Социально-демографические процессы в Северном Казахстане в 1926-1959 гт. Дисс... к.и.н. Алматы, 2002, 137 с.
34. Асылбеков М.Х., Алтаев А.Ш. О концептуальном переосмыслении проблем истории иңдустриального развития и рабочего класса Казахстана. // Вестник АН РК. 1993. N 4. С. 60-64.; Асылбеков М.Х. Миграционные процессы и их влияние на современную демографическую ситуацию в Казахстане. // Вестник НАН РК. 1995, № 6, С.39-40.; Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих Казахстана (1970-1990 гг.). Алматы, Ғылым, 1996, 109 с; Абжанов X. Сельская интеллигенция Казахстана: вчера, се-годня, завтра. Алма-Ата, Ғылым, 1990, 66 с; Асылбеков М.Х., Алтаев А.Ш. Историко-демографические исследования в Казахстане: традишш, современное состояние и перспективы. // Отан тарихы. 1998, № 1 С 28-35.
35. Об основных показателях всесоюзных переписей населения 1939, 1959 1970, 1979 и 1989 гг. Алма-Ата, Казинформцентр, 1991, 75 с
36. Всесоюзное совещание статистиков. Москва, Госстатиздат, 1958, 298 с. (95-168).
37. Волков А.Г. Об изучении миграции при переписях населения. // Про-блемы миграции населения и трудовые ресурсы. Москва, 1970, С. 147-148.
38. Қазақстан 50 жылда. 82-83 6.; М.Қозыбаев. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы: Қазақ университеті, 1992, 272 б. (73).
39. Турсынбаев А Колхозное крестьянство Казахстана. Алма-Ата, 1960, С. 121.
40. Михайлов Ф.К., Шамшатов И.Ш. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Алма-Ата, 1964, С. 21-22.
41. Казахская ССР. Административно-территориальное деление на 1 июня 1978 г. Алма-Ата, Казахстан, 1978, 180 с. (С. 22).
42. Народное хозяйство Казахской ССР. Статистический сборник. Алма-Ата, Казахское государственное издательство, 1957, 381 с. (С. 7)
43. Искаков У.М. Города в системе расселения Казахстана. Алма-Ата, Ғылым, 1992. 216 с. (8).
44. Боздақтар. Жинактама том. 35, 480 бб.; Козыбаев М.К. Демографические исследования в Казахстане: итоги и перспективы. // Вестник АН КазССР. 1991, М №11, С. 12-16.
45. Романов Ю.И. Социальный и национальный состав политических репрессированных в Казахстане. По материалам реабилитационных списков. // Проблемы формирования нового общественного сознания и построение гражданского общества в Казахстане. Алматы, 1996, 40 с. (29, 30).
46. Итоги переписи населения 1999 г. в Республике Казахстан. т.1. Алматы, Агентство РК по статистике, 2000, 48 с.
47. Козина В.В. Народонаселение Центрального Казахстана (конец Х1Х-нач. XX вв). Автореф.... д.и.н.Алматы, 2002, 53 с. (27).
48. Никифоров И.В. Городское население Казахстана (1917-1939 гг.). Дисс. на соиск. уч. ст. кин. - Алма-Ата: 1988. 24 с.
49. Всесоюзная перепись населения 1926г. т. 8. Москва, ЦСУ СССР, 1928, С. 15-19; Всесоюзная перепись населеняя 1939г. Москва, 1992.; Итоги Всесоюзной переписи населения 1959г. КазССР. Москва, Госстатиздат, 1962. 202 с. (162-181).
50. Численность, естественное движение и миграция населения КазССР в 1989 г. Алма-Ата, РИИЦ, 1990, 70 с.
51. Очерки экономической истории КазССР. Алматы, 1974. 281 с.
52. Назарбаев Н-А. На пороге XXI века. Алматы, Өнер, 1996, 77 с.
53. Аженов М. Изменение социалыю-классовой структуры Казахстана в процессе коммунистического строительства. Алма-Ата, 1973, 217 с.
54. Всесоюзная перепись каселения 1926г.Т.8. Москва, ЦСУ СССР,245 с.(15-19).; Итоги Всесоюзной переписи населения 1939 г. Т.П. 245 с.
(5-8); Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 г. Т.П. Москва, Статистика, 1973. 262 с. (32-33).
55. Итоги Всесоюзной переписи населения 1939 г. Т.П. 245 с; Итоги ВПН 1959 г. Казахская ССР. 202 с Итоги ВПН 1959 г. Казахская ССР. 202 с.
56. Игоги Всесоюзноя переписи населения 1970 г. Т.П. Москва, Статистика, 1973. 262 с. (34-35).
57. Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Новосибирск, Наука, 1991, 446 с; Арутюнян Ю.В. Социальная структура селъского населения. Москва, Мысль, 1971, 233 с.
58. Аженов М.С, Бейсенбаев Д.Е. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы, Білім, 1997, 112 с, Досмамбетов Б.С Социальная мобильность и формулирование среднего класса Казахстана. // Казахстан на пути к устойчивому развитию. Алматы, Ғылым, 1996, С. 158-164. Садырова М.С. Интеллигенция в социальных процессах современного Казахстана. Алматы, Қазақ университеті, 1999, 117с; Садырова М.С. Социально-профессиональная мобильность интеллитенции Казахстана. Алматы, Қазақ университеті, 1999, 149 с.
59. Жақыпбеков Т. Елді индустриаландырудағы "актандақтар". // Қазақстан коммунисті. 1991, № 3, 39 б.
60. Қойгелдиев М. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, Ана тілі, 1993, 128 б. (28).
61. Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941—1945 гг. Алма-Ата, 1971, С. 152.
62. Народнос хозяйство Казахстана в 1968 г. Стат. сб. 58с.
63. Шамшатов И.Ш. Большевик Казахстана. 75 с (52).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор

___ _____ 2010 ж.

Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы
(1939-1959 жылдар) тақырыбындағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы:

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Астана,

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-ТАРАУ: Қазақстан тұрғындарының 1939-1959 жылдар аралығындағы жалпы саны
мен
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .14

1. Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік территориялық
құрамындағы
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...14

1.2. Тұрғындардың жалпы саны және оның аймақтық орналасуы ... ... ...22

1.3. Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..40

ІІ–ТАРАУ: Қазақстандықтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

2.1. Жұмысшылар қатарының ішкі бөліктік
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

2.2. Ұжымшаршылар мен басқа да әлеуметтік топтардың дамуы ... ... ... ..58

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық
дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр
соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай "тар жол - тайғақ кешулерге" душар болды. Бұл Қазан
төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға
тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-
казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі "Кіші Қазан
төңкерісінің" салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі
"алыптарын" тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар
мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, "комсомолдық
бауырластық жолдамалар" нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық
ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген
қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі
көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі
кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де
бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы
құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен
күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және
қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында,
оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б.
көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді.
Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3
есе, соның ішінде, қазақтар - 1,7 есе, украиндар - 1,6 есе, өзбектер - 1,9
есе, қырғыздар - 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері - 1,6 есе кемісе, елге сырттан
қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар - 1,5 есе,
немістер - 1,6 есе, татарлар - 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының
жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ
Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық
дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті.
1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол
шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге
дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 23-сі жойылып, ал, 1931-1933
жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан - жартысынан айырылса, 1939-
1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон
саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін
төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды
бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында
халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар
аударды. "Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз
мүмкін" деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық
біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой
болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың
барлық әйелдеріне үндеуінде [1] көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп
бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені
түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық
принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы,
некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік
жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933
жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде
төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар
әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері
өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды ("хрущевтык
үйлер"), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін
жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік
тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы
"демографиялық жарылысқа" мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-
25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең
етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар
арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері
және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне
әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан
есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста
теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды "донор" ел есебінде
қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың
шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр
бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда,
Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі
кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл
процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз
сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы
экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи
отанына оралуының заңдылығынан және т.б. обьективті жағдайлардан
іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай
қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары
жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан
кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай,
халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру,
әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай
шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру
бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды
анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің
гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық
ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959
жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және
әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен
демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы
өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына
дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың
(1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
(1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз
алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең
өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар
негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс
арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым
басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық
өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста
ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының
өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым
басым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-
1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік
процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері
анықталады. 20 жыл ішіндегі елімізді мекендеушілердің әлеуметтік, ұлттық
құрылымындағы басты өзгерістер мен даму ерекшеліктері ішкі үш кезеңге
бөліне зерттеледі:
1939 жыл - 1941 жылғы маусым - Ұлы Отан соғысы қарсаңы;
1941 жылғы маусым - 1945 жыл - Ұлы Отан соғысы жылдары;
1945 жыл - 1959 жыл - соғыстан кейінгі жылдар.
Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек
игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық
танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген
құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында
ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге
тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың
қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе
жатқандығы XX ғасырдың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов М.Тынышпаев,
М.Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға
алынды [2].
1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық
реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп,
халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат
құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша
пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне
серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан
төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды[3].
Тарихи демографиядағы "ақтаңдақтардың" бетін ашуда да бірқатар
жетістіктер болды [4]. Демография мәселелері экономистер, географтар және
философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын
пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның
кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды [5]. Республикамызда арнайы
тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып
келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған
Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер
жүргізуде [6]. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің
бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы
зерттелуге тиісті мәселелер көп.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының
сан-салалы өзгерістерін талдамастан бұрын, осы кезең мәселелері
қарастырылған зерттеулерге шолу жасалық. 1939-1959 жылдар аралығындағы
республика халқының санын, ұлттық, жыныстық, жастық және әлеуметтік
құрамын, білім деңгейін, мамандығын, көші-қон т.б. мәселелерін
талдауға арналған зерттеулер үстіртін, тар көлемде кездеседі. 1960-
1970 жылдарға дейін жарияланған тарихи әдебиеттерде республиканы мекендеген
халықтардың демографиялық дамуының кейбір аспектілері Қазақстанның
әлеуметтік даму мәселелерінің жиынтығында ғана қарастырылды. Жұмысшы
табының, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесін
зерттеуде демографиялық статистиканы қолданған зерттеушілер, республиканың
әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік
көші-қонның ерекшелігіне тоқтамай кете алған жоқ. Жұмысшы табы мәселесін
зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсам А.Н.Нүсіпбеков, М.Х.Асылбеков,
С.Б.Нұрмұхамедов, Б.Н.Әбішева, Н.Е.Едігенов, Н.Г.Пан, Ю.И.Романов,
Қазақстан шаруалары тарихын қарастырған А.Б.Тұрсынбаев, Б.А.Толепбаев,
Г.Ф.Дахшлейгер, Т.Б.Балақаев, К.Н.Нүрпейіс, интеллигенция тобының
қалыптасуы мен дамуына арналған Р.Б.Сүлейменов, Ш.Ю.Тастанов, Х.М. Әбжанов
және т.б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді
анықтайтын кейбір статистиқалық және мұрағаттық көлемді материалдар ғылыми
ортаға енгізілді [7].
А.Н.Нүсіпбеков монографиясында [8] республикадағы маман жұмысшыларды
даярлау жолдарына тоқтала отырып, ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда
кателіктер жіберілгендігін, ұлттық мамаңдарды даярлауда да көп кемшіліктер
болғандығын атап өтеді. Г.Ф. Дахшлейгер зерттеулерінен 1930-жылдардағы
жұмысшылардың қалай даярланғаңдығы, жұмысшылар мен халықтың ауылда тұратын
бөлімнің әлеуметтік құрамы, сондай-ақ, сол жылдары Қазақстанның қанша
округтерге, аудандарға бөлінгендігі және олардағы халықтың ұлттық құрамы
туралы мағлұмат алуға болады. С.Б.Баишев пен Г.ФДахшлейгер мақаласыңда
тыңды игерудің республика халқының этнодемографиялық құрылымына тигізген
әсері айтылады [9]. А.Б.Тұрсынбаевтың 1957 жылы шыққан еңбегіңде
ұжымшарлардағы әйелдер саны берілген. 1960-жылдары А.Б. Тұрсынбаевтың
жетекшілігімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ұжымдастыру жайына
арналған жинақ жарық көрді. Мұнда 1939-1941 жылдарға байланысты мәліметтер
бар [10]. Академик Р.Б. Сүлейменов, Х.Н. Бисенов енбектеріңде Қазақстандағы
мәдени төңкеріс тақырыбын ашты. Республикадағы 1930-1940 жылдардағы оқу-
ағарту салаларындағы мамандар даярлау жүйесі, республикада ашылған жоғары
оқу орыңдары, ғылыми-техникалық интеллигенция тобын даярлау туралы
мәліметтер бар[11].
Әркім өз заманының перзенті. Тоқырау заманындағы зерттеулер сол кезде
орныққан ережелерге, саяси ұстанымдарға, теориялық қағидаларға қарсы келе
алмады. Заман талабы оны көтермеді. Дегенмен, ғылымның ізденістерге толы
табиғатында қасаң социалистік идеяларға сәйкес келмейтін ойлар әр жерден
байқалып қала берді. Сондықтан, бұл тарихи еңбектер теориялық және
методологиялық негіздік бағасын ешбір жоймақ емес.
1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге
арналған еңбектер жариялана бастады. Зерттеулерде Қазан төңкерісіне
дейінгі статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық
факторларды өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері
негізделді. Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық
құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең
талдауларға түсе бастады. Қазақстандағы көші-қонның тарихи мәні мен оның
халыктың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашуда, көші-қон
процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс
екендігін алғаш көрсеткендердің бірі Е.Н.Гладышева болды. [12]. Көші-қон
процестерінің республика халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуына әсер
еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың [13]
монографиясы шықты Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым
салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары:
репрессияланған халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық
жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б.
ашылған жоқ.
1980-жылдары басталған жариялылық пен демократияландыру кезінде
Қазақстан халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі өзгерді.
1980-жылдардан бері республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да
тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық
демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык
ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи
демографияның қызметіне көбірек жүгіне бастағанының дәлелі.
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси
факторлардың әсерлері талдана бастады. М.Қ. Қозыбаевтың, М.Б.Тәтімовтың,
Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде [14] таза фактілерге
негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген
экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-
демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік
соғыста майданға адамын да аттандырып, азығын да, отын да беріп
жанқиярлық ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты
деректік басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның,
әсіресе, қазақ халқының бұл жойқын соғыстағы ерлігі мен адам шығыны
жөнінде әлем ғалымдары ғана пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде
ғалымдар жұмған аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап
өтілуге тиіс болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған
анықтамалық басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл
олқылықтың орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері
соғыста опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға
тиісті мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы
өзгерістері жайлы мәліметтер жинақталған деректің бірі "Боздақтарда" [15]
Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық саныңдағы демографиялық кейбір
көрсеткіштер, ең бастысы, шығыны туралы мағлұмат беріледі.
Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар
мен ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік
құрамы мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза
болғандар жөнінде тың деректер келтіреді. Бұл мәліметтер соғыс жылдарында
өлген жауынгерлер туралы белгісіз болып келген тарих беттерін ашады,
сонымен бірге соғыс мүгедектері жөнінде бұрын жарияланбаған деректерді
пайдаланып, сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді де қорытады[16].
С.Қ. Жакыпбеков еңбегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы маманмен
жұмысшылардың құрамын, жынысын, жасын, ұлтын зерттеуге ден қойылған. Бірақ,
1926 жыл, 1939 жыл және 1959 жыл санақтарының мәліметтері кеңінен
талданбаған, солай бола тұрса да мұрағат деректерінің құнды мәліметтерін
пайдалана отырып, автор республикадағы жеңіл өнеркәсіп саласынын тарихын
жан-жақты зерттеген[17]. 1988 жылы Қазақстан жұмысшыларының саны,
ұлттық, жыныстық құрамы, білім дәрежесі, мамандық түрлері мәселелерін
қарастырған екі бөлімнен тұратын жинақ жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік
шеңбері 1917-1937 жылдар мен 1938-1960 жылдарды қамтыған [18].
Осы жылдары шыққан Х.Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі
интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы
сөз болады. Еңбекте біз қарастырып отырған кезең де қарастырылады [19].
Бірақ, 1939-1959 жылдар кезеңіндегі интеллигенцияның даму ерекшеліктерін
ашу мақсат етіліп қойылмаған.
Республика тұрғыңдарының әлеуметтік-демографиялық дамуына арналған
М.ХАсылбеков пен Ә.Б.Ғалидың 1991 жылы жарық көрген монографиясы [20]
қоғамдық ғылымдардың кеңес заманында қатаң идеологиялық тегеурінде болған
саласы — тарихи демографияға бет-бұрыс әкеліп, жаңа методикалық деңгейде
тарихи демография мәселелерін нақтылап, оны шешудің жолдарын да көрсетті.
Бұл еңбекте Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы алғаш рет ұзақ
тарихи кезеңге созылған елдегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық және
саяси өзгерістерге негізделген біртұтас және сан-салалы процесс ретінде жан-
жақты қарастырылған. Зерттеуде тарихи демографияның тарихнамасына, халық
санақтарының қорытындыларына әлеуметтік, этнодемографиялық бағытта талдау
жасалды. Сондай-ақ, ғалым Ә.Б.Ғали өз еңбектерінде 1897-1991 жылдар
аралығындағы Қазақстаңды мекендеген халықтардың әлеуметтік-демографиялық
дамуын жалпылай қарастырды (21]. Автор зерттеуінде 1897-1926 жылдар
арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты
талдап, 1926 жылғы санақ материалдарын кең қолданады, 1933-1934, 1937-1939
жылдар оқиғаларына ерекше тоқталып, сонан соң, 1960-жылдарға өтіп кетеді
де, 1960-1980 жылдардағы этнодемографиялық даму ерекшеліктерін анықтайды.
Ал, 1939-1959 жылдар арасындагы үрдістер Қазақстанның әлеуметтік,
демографиялық дамуының ғасырлық тәжірибесінің жиынтығына енгізіліп, жеке
мәселе ретінде қарастырылмайды, үстіртін зерттеледі.
Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф
М.Б.Тәтімов [22] еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде
тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы
эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті.
Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні
бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ,
онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан
жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары
көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.
1990-жылдары М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың және т.б. ғалымдардың
еңбектеріңде асыра сілтеу жылдарыңдағы қазақ халқының демографиялық
келбетін айқындайтын, халықтың санының азаюы мен апатқа ұшырауы салдарларын
ашқан тұжырымдары жарияланды [23]. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен
қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілген.
XX ғасырдың 80-90 жылдары демографиялык үрдістерге арналған
М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның монографиялары [24] жарық көрді. Мұнда
Қазақстан халқының өсіп-өнуі мәселесі экология мен денсаулық сақтаудың
өзекті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылып, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының демографиялық процестерге тигізген әсері
талдаңды.
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тарихының аймақтық
аспектілері де зерттеушілер назарынан тыс қалмады. Жеке аймақта шоғырланған
халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің
қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады [25]. Оңда Батыс
Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі
аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны
мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде
талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру
науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет
жасаған. Сонымен бірге, ғалым мұрағат деректерін пайдалана отырып, 1937-
1959 жылдардағы Батыс Қазақстан халқының санын аныктауға зор үлес қосқан.
Сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Жетісу тұрғындарының
этнодемографиялық дамуын жан-жақты талдауда XIX ғасыр соңынан -XX ғасыр
аяғына дейінгі аралықты қамтыған В.В.Козина [26] мен М.К.Төлекованың
монографиялары [27], табиғи қозғалыстағы өлім-жітім көрсеткішінің мәңді
өзгерістеріне себеп болған экология мен денсаулық сақтау мәселелеріне
арналған тоталитарлы жүйенің сынақ ретінде алынған Семей полигонының
зардаптары туралы жазылған еңбектер жарияланды [28]. Шығыс Қазақстан халқы
туралы статистикалық мағлұматтарға толы, 1993 жылы жарық көрген Н.В.
Алексеенконың еңбегіңде [29] 1920-1990 жылдар аралығыңдағы халыктың өсу
қарқыны мен ұлттық құрамына, аймақтарға шоғырлануы мен экономикалық
аудандарға топтастырылуына жете көңіл бөлінген. Алайда, ол зерттеуіңде тек
санақ материалдарын ғана салыстырғандықтан, 1939-1959 жылдар арасындағы 20
жыл ішіңдегі туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының жылдарға
байланысты ішкі ерекшеліктерін талдамайды.
Біздің тақырыбымызға қатысты Қазақстанның ауыл халкы жөніндегі
Н.З.Тәкіжбаеваның монографиясында 1959-1979 жылдардағы халық санақтары
негізінде тың деректер келтіріліп, әлеуметтік және ұлттық құрылым
қарастырылады [30]. Кеңестік кезенде "бұрынғы азаматтар" деген ұғымдарды
зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, 4,5 млн адамдай қазақ
диаспорасының пайда болуы мен дамуын зерттеу мәселесі репрессияға ұшырау
қаупімен бірге еске түсетін. Сол себепті, негізінен шетелдік зерттеулерде
қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада Г.М
Меңдіқұлова, А.В.Коновалова, З.Қинаятұлы, З.Е. Қабылдинов, Д.И. Ескекбаев
[31] т.б. еңбектерінде талдана бастады.
Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінде [32] нарыктық қайта-құрулар
қарсаңыңдағы тәуелсіз Қазақстаңдағы тарихи-демографиялық ой-пікірлердің
жағдайы ашылады, жан-жақты, объективті зерттеу мен концептуальды қайта
түсініктеуді қажет ететін халықтану мәселесінің өзекті салалары сараланды.
Кеңес өкіметінің 1930-1940 жылдары Казақстанға халықтарды күштеп қоныс
аударуларының астарларын талдаған "Депортированные в Казахстан народы" атты
жинақ 1998 жылы жарық көрді [33].
С.Айымбетовтың, Л.Т.Қожакееваның, А.И.Құдайбергенованың,
А.М.Мамырханованың, А.М.Жаркенованың, З.Б.Шахаманның, А.А.Какенованың
және т.б, кандидаттық диссертациялары [34] Қазақстан халқының
құрамындағы 1897-1979 жылдар аралығыңдағы өзгерістерін өздерінің зерттеу
кезеңдеріне сәйкес талдайды. С. Айымбетов диссертациясында 1926-1939 жылдар
аралығындағы Қазақстанда жүрген этнодемографиялык процестер алғаш рет
қарастырылса, Л.Т. Қожакееваның жұмысында Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстан халқының құрамын, жұмысшы табы мен ұжымшар
шаруаларының, интеллигенция қауымының саны мен сапасындағы
өзгерістерді зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, Қазақстан
халқының әлеуметтік, этнодемографиялық дамуы мен ұлттық құра-мындағы
өзгерістер мәселесіне арналған мақалалар мен монографиялар, баспасөз
материалдары жарық көруде, алайда, нақты 1939-1959 жылдар арасындағы
кезеңге қатысты арнайы еңбек жоқ.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген
кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы
тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады [35]. Бұл еңбектерде
зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын
зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады.
Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі
әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т.б.
өзгерістеріне назар аударады.
XX ғасырдың соңғы 20 жылында қазақстаңдық тарихи демографиялық
ғылымның халықтану мәселесі бойынша жарияланған еңбектердің авторлары
көбінесе тарихи оқиғаларды ашып көрсетуді мақсат тұтқан. Сондықтан
көпшілігінде демографиялық мағлұматта қосымша рөл атқарады. Сонымен бірге,
тарихи-демографиялық зеттеулер осы саланың кең ауқымды практикалық
міндеттерін ашылуы жеткіліксіз болып табылады.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында
кітапханаларындағы сирек қорда сақтаулы кітаптар мен қолжазба бөліміндегі
сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер қарастырылған.
Сонымен бірге Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года, распределения
занятого населения Казахской ССР областей и г. Алма-Аты по отраслям
народного хозяйства. Алма-Ата: Государственный комитет Казахской ССР по
Статистике и анализу. Перепись 1939 года, документальный источник
Центрального Государственного Архива Народного хозяйства. Материалы к
серии Народы Советского Союза. (Москва: 1990) сияқты статистикалық
материалдарды қолданылды.
Сонымен қатар диплом жұмысының деректемелік негізін 1939, 1959 жылдар
Бүкілодақтық халық санақтары, статистикалық жинақтар, мұрағаттық және
арнайы құжаттар, баспасөз мәліметтері және т.б. фактілік материалдар
құрады. Санақ қорытындыларында берілген мәліметтер елде жүргізілген саяси,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістердін, саясаттың көрсеткіші
іспеттес.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1939-1959 жылдар
аралығыңдағы 20 жыл ішінде дүние жүзінің көптеген елдер халқының құрамына
зардабы тиген екінші дүние жүзілік соғыс болып өтті. Оның нәтижелерін дер
кезінде санауға еліміздің экономикалық, мәдени және идеологиялық даму
бағыты жібермеді. Бұл ең біріншіден, елдегі демографиялық хал-ахуалдың
қолайсыздығының мемлекеттік саясатқа сай келмейтіндігіне ел басшысының
сенімді болуына байланысты болды. Нәтижесінде, КСРО және Қазақстан бойынша
халықтың этнодемографиялық дамуына толық сипаттама беретін санак тек 14
жылдан соң, 1959 жылы ғана жүргізілді. 1960 жылы мандайшасындағы "Ашық
баспасөзде жариялауға болмайды", - деген ескертпемен "Қазақ КСР-нің
тұрғындары, 1959 жылы жүргізілген санақ қорытындылары" кітабы жарық көрді.
Алайда, санақтың барлық материалдары бұл кітапта жарияланған жоқ. Сол
себепті мұрағат қорларыңда кездесетін республикалық, облыстық және
жергілікгі статистикалық оргаңдардың, мекемелердің, мемлекеттік органдардың
1940-1959 жылдар аралығындағы халықтың механикалық және табиғи қозғалысы,
эвакуацияланғандар, өлім-жітім деңгейлсрі туралы жүргізіп отырған ағымдық
есептерінің соғыстан кейінгі жылдардағы елдің этнодемографиялық даму
ерекшеліктерін зерттеуге байланысты деректік маңызы зор. 1991 жылы
Қазақстан мемлекеттік статистика комитеті 1939-1989 жылдар аралығындағы
Бүкілодақтық халық санақтарының негізгі көрсеткіштері туралы жинақ шығарды.
Бұл жинақта 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының жалпы саны, қала
мен ауыл тұрғындарының саны, жыныстық құрамы, республика халқының ұлттық
құрамы, оның пайыздық көрсеткіштері берілді [36]. 1970 жыл, 1979 жыл, 1989
жыл және 1999 жыл санақтарының жекелеген мәліметтерін халық құрамындағы
өзгерістердің кейбір көрсеткіштерінің динамикасын көрсету мақсатында
пайдаландық.
Халықтың көші-қоны туралы мағлұматтар көп уакытқа дейін КСРО бойышпа
жарияланған емес. 1926 жылғы санақта ғана азды-көпті мәліметгер кездеседі.
Ал, 1939, 1959 жылдар санақтары материалдарында көші-қон туралы мәліметтер
жоқ. Санақ қағаздарына көші-қон туралы сұрақтар енгізілмеген. Онда тек КСРО
бойынша көшіп-қону ұйымдастырылған түрде жүргізілді және ағымдық есеп
мағлұматтары көші-қон туралы жеткілікті мәліметтер береді деп атап
көрсетілді. Ал көші-кон процестерін зерттеу мемлекеттің жоспарлы
ұйымдарымен органдарына ерекше бағалы болып табылмайды деп шешілгендіктен
бұл мәселе 1959 жылғы санаққа енгізілмеген [37]. Статистикалық
басқармаларда 1953 жылдан бері ғана келген-кеткендер туралы мәліметтер
жинала бастады. 1960-жылдары бір топ ғалымдар бұл мәселеге ерекше көңіл
аудару қажеттігін негіздегеннен соң [38] ғана 1970 жылғы санаққа көші-қон
туралы бөлім енгізілді.
Жер аударылғандар, депортацияланғандар туралы арнайы тарихи
әдебиеттер мен IIХК-ның құжаттары жариялана бастады. Алайда, объективті
деректер жұтаң, себебі, депортацияланған халықтар туралы мағлұматтар алу,
жинау өте құпия түрде жүргізілді. IIХК-ның (кейінгі ІІМ) рұқсатынсыз
олардың есебін алғандар жазаланып отырылды. Мысалы, 1953 жылы сол кездегі
Алматы облыстық Атқару комитетінің төрағасы А.Арыстанбеков Алматы, Іле,
Жамбыл, Шелек, Енбекшіқазақ және Қаскелең аудандарындағы дұңғандар мен
арнайы қоныстандырылғаңдардың бір бөлігін жұмыс қолына зәру Нарынқол,
Кеген, Ұйғыр аудаңдарына көшіру мақсатында олардың ұлттық белгісіне сәйкес
саны туралы мағлұмат жинауды Алматы облыстық статистикалық басқарманың
төрағасы АН.Ивановқа жүктегені үшін жазаланды. Екеуін "рұқсатсыз мағлұмат
жинады", - деген желеумен орындарынан алып, жауапқа тартты. Ал, олардың
жинаған мәліметтері жойылып жіберілді.
Табиғи қозғалыстағы өлім-жітім, туу көрсеткіштері туралы ағымдық
мағлұматтар статистикалық органдарда жинакталып отырды. Бірақ, 1939 -1959
жылдар аралығыңдағы деректер үстіртін мағлұматтар береді. Себебі,
жергілікті жерлерде табиғи қозғалыс деректерін есепке алу ісіне салақтықпен
қараған. Ауылдарда бірнеше айлар бойы туылғандар мен өлгендер тіркелмей
қалатын, ал, азаматтық хал актілерін тіркейтін мекемелер есіктерінен қара
құлып түспейтін кездер болған. Мысалы, 1955 жылғы мәлімет бойынша, Ақмола
облысында қазан-қараша айларыңда туылған 1391 адамның 55-і тіркелген. Ал,
аудаңдардың АХАТ бөлімдері мен паспорт столдары қызметкер болмағандықтан, 4-
5 айлап жабық тұратын. Бұндай оқиғалар республика бойынша кездесетін.
1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар
мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу
сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре
бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары,
анасының жасы, өлген әйел - ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім
себептері айтылады.
Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық
құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде
саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының
әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұымсы 2 тараудан, оның ішінде 1-ші
тарау 3 тармақшадан, ал 2-ші тарау 2 тармақшадан тұрады.

I тарау. ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 1939-1959 жылдар АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ
САНЬІ МЕН ҚҰРАМЫ.

1.1 Қазақстанның экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық
құрамындағы өзгерістер.

1939—1959 жылдар арасындағы Қазақстанның экономикалық дамуының
ерекшеліктеріне екінші дүние жүзілік соғыс, соғыстан кейінгі халық
шаруашылығын қалпына келтіру, Қазақстанның индустриалды-аграрлы ел ретінде
дамуы, республиканың Кеңес Одағының шикізат қорына және астықты алқабына
айналуы секілді жағдайлар әсер етті.
Ұлы Отан соғысы басталысымен, соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес,
республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Қарағанды
шахталарының, Жезді, Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар
байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі жене Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаттарының және тағы басқа жаңа кәсіпорындардың
құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына,
оның ішінде үш жүзден астам өндіріс орындарын Қазақстанға көшіріп
орналастыру қайта құрудың құрамдас бөлігіне айналды. Бірқатар
кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін
пайдаланылды. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы
Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль
жөңдеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр "машина жасау зауытының
цехтары үшін база болды, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің
жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген
кәсіпорындар негізіңде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру салалары
және басқалары пайда болды.
Эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар, негізінен, Алматы, Орал,
Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе аймақтарына орналастырылды
және соғыс уақытының талабына сай қалпына келтіру жұмыстарының мейлінше
асығыс болуы, майдан үшін өте қажетті өнімді мүмкіндігінше тезірек беру
жағы ескерілді.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базаларының біріне
айналды. Ол 1942 жылы Одақта балқытылған қорғасынның 85%, өндірілген
көмірдің 18 бөлігін, молибденнін 60%, бір миллион тоннаға жуық жоғары
октанды мұнай берді.
Ауыл шаруашылығын қайта құру міндеті де оңай болған жоқ, Қазақ КСР
ауыл шаруашылығында жұмыс істей алатындар 1939 жылмен салыстырғанда 1942
жылы 600 мың адамға кеміп кетті. Ұжымшар өндірісінде әйелдер еңбегінің
үлес салмағы артып, 1940 жылғы 48% орнына 1942 жылы 75%-ға жетті.
Соғыстың алғашқы жылы ішіңде МТС үшін даярланган 76 мың ауыл
механизаторларының 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Әйелдерден құрылған
трактор бригадаларының Бүкілодақтық социалистік жарысына 10 мыңнан астам
тракторшы қыз-келіншектер қатысты.
Соғыстан кейінгі жылдары-ақ ауыл шаруашылығында болашақ дағдарыстың
алғы шарттарын қалыптастыра бастаған жағымсыз құбылыстар байқалды, 1946-
1950 жылдары Қазақстандағы егіннің жылдық орташа өнімділігі 1913 жыл
деңгейімен бірдей болды (5,6 цга). Астықтың жалпы түсімі 1928 жылға
қарағанда аз, ал, мемлекеттің көтерме саудасы (жылдық орташа көрсеткіш)
1941 жыл көлемінен төмен болды. 1949-1953 жылдары жылына орташа есеппен 4,9
миллиард пұт (гектарынан 7,7 ц) астық жиналды: бұл 1910-1914 жылдардағы
көрсеткіштен (4,4 млрд пұт; 7,0 цга) көп артық емес еді. 1952 жылы
астықтың жалпы түсімі 5,6 млрд пұт деп есептелінді. Республикадағы мал
шаруашылығында қиын жағдайда дамыды. 1951 жылы 4,5 млн ғана ірі қара мал
басы есептелінді (1928 жылы 6505 мың, 1941 жылдың басында 3335 мың
болатын); 1951 жылы 1,5 млн бас жылқы жайылымға шықты (1928 жылы жылқының
жалпы саны 3516 мың бас болса, 1941 жылы 885 мыңға зорға жетті; 1928 жылы
1042 мың болған түйе саны 1935 жылы 63 мыңға түсіп, 1951 жылы 127 мыңға
әзер көтерілген. Сөз жоқ, осы сәйкессіздікте Қазақстандағы ұжымдастыру
кезеңінде жіберілген асыра сілтеушіліктердің мал шаруашылығына келтірген
зардабы өте зор болды. 1965 жылы ғана (37 жылдан соң) ірі қара мал басының
саны 1928 жылғы мөлшеріне жетті. Ал, қой басы биологиялық өсімділігің
арқасыңда 1951 жылы (18036 мың бас) 1928 жылғы деңгейге жетті (18566 мың
бас), 1932 жылы 1386 мың бас қана аман қалған болатын. Қой санын қалпына
келтіруге 30 жыл уақыт кетті [39].
Соғыстан кейінгі бесжылдықта (1946-1950 жылдары) халық шаруашылығын
қалпына келтіруде біршама алға жылжулар болды. Алайда, сырттай сәтті болып
көрінетін көрсеткіштерге шын мәнінде ауыл еңбеккерлерінің ауыр, қара күш
еңбегі, балалар мен әйелдер еңбегін пайдалану, адамдардың өмір сүру
мерзімінің қысқалығы, халықтың еңбек ету қабілетін аз уақыт ішінде сарқа
жұмсау әсерінен жетті. Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары мен ауыл
шаруашылығын дамытудың нәтижесіне баға бере отырып, бұл процестер халық
табиғатында жинақталған еңбек ету мүмкіндігін, көпшіліктің энергиясын толық
пайдаланған жүйе басшылығымен жүрді деуіміз керек.
1953 жылғы КОКП ОК-ң қыркүйек Пленумында алғаш рет шаруаларға
экономикалық және саяси қысымды шегеру мәселесі қарастырылды. Экономикадағы
міндеттеу әдісінің зияндығын ескеріп, жоспарлы түрде ауыл экономикасын
дамытудың жаңа жолдары іздестіріле бастады. Алайда, әкімшіл-әміршіл жүйе
көп қиыншылықтарды көріп келген қазақ халқына соғыстан кейінгі дамуда да өз
билігін кеңінен жүргізді.
1950-1960 жылдар қазақ ауылы тарихында елеулі кезең болып табылады.
Нақ осы кезеңде ауыл шаруашылығын жоғарыдан реформалар арқылы өзгерту
шаралары жүрді (1953 жылы, 1958 жылы және 1965 жылы). Бұл жылдары
жүргізілген реформа-эксперименттер ауыл шаруашылығында бұрыннан, біртіңдеп
дамып келе жатқан ақаулар мен қайшылықтарды жоюға бағытталды. Оларға
ұжымшарларды ірілендіру (1950-1951 жылдары), тың жене тыңайған жерлерді
игеру (1954-1956 жылдары) және ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру
(1957—1958 жылдары) шараларын жатқызуға болады. Нәтижесінде: ауыл халқының
өсу қарқыны қала халқынынан басым түсті (1951-1956 жылдары қалалықтар саны
740 мыңға, ал, ауыл тұрғындарының саны 937 мың адамға есті); ұжымшарлар
саны күрт азайды (1950 жылы 3699, 1970 жылы 423); республика халкының жалпы
саны есті, бірақ, қазақтардың үлесі кеміді: 1939 жылғы санақта 2327,6 мың
қазақ (37,8%) есептелінсе, 1959 жылы саны (2787,3 мың адам) өскенімен,
үлесі 29,8%-ға кеміді. 700-ден аса қазақ мектебі орыс тіліне кешірілді,
халықтың жас мөлшеріне байланысты құрамыңда белсенді енбек жасындағы
жастардың, яғни 20-30 жастағылардың үлесі өсті. Бірақ, жергілікті ұлт
өкілдерін қажетті мамандықтарға тарту шаралары іске асырылмады.
1951 жылы "болашағы жоқ" ауылдарды біріне-бірін қосу басталды.
Алғашқыда республикада 5066 ұжымшарды ірілендіру көзделді. Жергілікті
жерлердегі талқылаулардан соң 5636 ұжымшар ірілеңдірілетін болып шешілді.
Қазақстанда 1951-1952 жылдары 5558 ұжымшар 2047 ірілендірілген артельдерге
бірікті. Жалпы ірілеңдіруден соң республикада 3220 ұжымшар қалды (1950 жыл
1 қаңтарда 6737 болатын) [40]. 1954-1957 жылдары 692 ұжымшар 188 кеңшарға
айналдырылып, біріктірілді, 144 ұжымшар басқа кеңшарларға қосылды. Ауыл
шаруашылық артельдерінің саны 836-ға кеміді. Бұндай ірілендіру адамдардың
белгілі бір аймаққа шоғырлануымен бірге қараусыз жерлердің көбеюіне әкелді.
Сондай-ақ, қазақ шаңырақтарында әке мен баланың шаруашылықпен бөлек-бөлек
айналысу процесі басталды.
Ұжымшарларды ірілеңдіру мен кеңшарларға айналдыру шараларының пайдасы
- басқару аппараты қысқарды. Алайда, негізгі әкімшілік орталықтарынан алыс
орналасқаңдықтан осы күнге дейін әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі төмен, ұмыт
қалған ауылдар саны көбейді Салыстырар болсақ 1950-жылдары ұжымшарларды
ірілендіру процесін жүргізбеген, халықтың жеке шаруашылығының көлемдерін
кемітпеген, ұжымшарларды кеңшарларға, егістік жерлерін жүгері егетін
аймаққа айналдырмаған Литваның ауыл шаруашылығы дамуының жоғары
көрсеткіштері сол эксперименттердің керексіз болғанын дәлелдейді.
Халық санының өсуі (әсіресе, қалалар мен өнеркәсіп орталықтары
тұрғындарының) астық өнімдеріне деген сұраныстың мөлшерін арттырды. Ал,
1953 жылы едце 32 миллион тонна астықты жұмсап, орнына 31 миллион тоннадан
сәл жоғары астық өндіретін. Жетіспейтін мөлшерді мемлекеттік қордан
толықтырып отырудың қажеттілігі сезілді. Мұның бәрі ұжымшарлар мен
кеңшарлардың негізгі қызметі - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
міндетін орындай алмай жатқандығын дәлелдеп тұрды. Дағдарыстан шығу үшін
радикалды шешім: өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту арқылы нарықтық
қатынасқа өту, сол сияқты жеке шаруашылық мүддесіне де қарайлау керек еді.
Ал, ол кезеңде мұндай жағдайлар еш айтылмайтын. Өзін сақтап қалудың бірден-
бір жолы ретінде жүйелі мәселені шешудің экстенсивті, қарапайым жолын қалап
алды. Азық-түлік дағдарысын жұмсарту, сонан соң оны жою үшін астықты алқап
көлемін өсіру көзделді. Тың жерлерді игеру күні бітуге тиісті, әлі де
халыққа кеңшілік беруге кедергісін келтіріп отырған жүйенің тынысын ашып,
кеңес өкіметінің өмірін бірнеше жылдарға созған процесс еді.
1954 жылы КОКП ОК-ң ақпан - наурыз Пленумы тың жерлерді аз уақытта
игеру міндетін қойды. Негізінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан,
Павлодар облыстарының жерлері игерілді. (1970 жылы Ақмола мен Қостанай
облыстарының бірқатар аудандарынан Торғай облысы құрылды). Республиканың
егістік жерінің көлемі 1953 жылы 9,7 млн гектардан 1973 жылы 34,2 млн
гектарға өсті, соның ішінде дәнді дақылдар, жылдарға сәйкес, 7,02 млн
гектардан 24,7 млн гектарға өсті. Тың жерлерді игеру, немесе тым қысқа
мерзімде шамадан тыс өте көп жерді (25,5 миллион гектар Қазақстанда, 16,6
миллион гектар РКФСР-да) жыртып тастау - партия мен халықтың "ұлы ерлігі"
ретінде бағаланды. Төтеңше қимылдар қажет болатын жерде әміршіл-әкімшіл
басқару әдісі өзін-өзі уақытша болса да ақтады. Егер тынды игеруден көп
бұрын, Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда астық дақылдарынын әр
гектарынан 4,3 центнерден ғана енім алынған болса, ал, тыңды қарқындап
игерген алғашқы кезеңінде, 1954-1958 жылдары бұл көрсеткіш 7,3 центнерге
көтерілді де, 1961-1965 жылдары 6,1 центнерге төмендеп кетті. Одан
кейінгі жылдары миллиард пұттық (6 рет) көрсеткіштерге жете отырса да, әр
жылға орта есеппен шаққанда 14 центнер тұрмақ 12 центнерден асқан емес.
1986 жылы Қазақстан ең жоғарғы көрсеткішке, 11,5 центнерге қол жеткізген
кезде Қазақстаннан озып келе жатқан РКФСР әр гектардан 17,5 центнер,
Тәжікстан 16,0 центнерден астықты дақылдар жинап Қырғызстан 30,5 центнер,
ал, тың игермеген Белоруссия 25,2 центнер өнім алған. Сол жылғы жалпы Одақ
бойынша бұл көрсеткіш 18,0 центнер екенін ойласақ, республикадағы астықты
алқаптың мүшкіл халін мойындауға тура келеді.
Тың жерлерді игеру жылдары мындаған гектар жайылымдар егіндікке
жыртыдды. Малшылардың онсыз да әрі-сәрі жағдайын төмендеткен кез келді.
Қазақ ауылдары да өткеннің аралдары іспетті әр жерде бір қылаң етіп шашырап
қалды. Сол кезде-ақ батыс зерттеушілері [41] тың жерді игеру акциясы қазақ
ұлтының өмір сүруіне қатер төндіретін шара, патшалық отарлау саясатының
жалғасы, - деп баға берген болатын. Өз елімізде де тың жерлерді игерудің
тиімсіздігінен сақтандырған қайраткерлер болды. 1939-1946 жылдары Қазақстан
БК(б)П ОК-нің ІІ-ші, 1946 жылдың шілдесінен бастап І-секретары қызметін
атқарған Ж.Ш.Шаяхметов Қазақстанның тың жерлерін игеру мәселесі көтерілген
кезде, топырақтың құрамын дағы құнарлы қабаттың - гумустың 2,5 сантиметрден
аспайтындығына, жердің жел эрозиясына ұшырау қаупіне байланысты: "Біз өз
жерлерімізден айрыламыз", - деп, Н.С.Хрущевтың тың жерлерді игеру идеясына
қарсы болғандығы, сол үшін 1954 жылы қызметінен алынып, есімі ресми
тарихтан сызылып тасталғаны белгілі. Жергілікті жерлерде бұл шараға қарсы
тұрған басшылар да болды. Мысалы, тың өлкесі орман шаруашылығының
қызметкері Ертай Нақыпов СОКП басшылығы мен кеңес өкіметінің тың жерлерді
игеру саясаты - патшальгқ тәртіптің отарлык саясатынан еш айырмасы жоқ деп
ашық айыптаған. Алайда, жоспар!.. Асыра сілтеуші жоспар! Қазақстанда
жоспардың мәнісін бәрі түсінетін. Оның нәтижесінде ұжымдастырудың жүздеген
мың адам өмірін жалмағаны да есте. Сол себепті, бері жоғарыдан жоспарланды
жергілікті жерлерде жүзеге асырылды.
Егерде тың игеруді қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылық
тұрғысынан қарасақ, онда оның республика үшін маңызды болғанын айтуымыз
керек. Тың игеру нәтижееінде Қазақстаңда адам басына шаққанда 2 мың
килограмнан аса астық өндірілді. Ал, бүкіл әлемдік тәжірибеде азық-түлік
проблемасын шешу үшін адам басына 1 мың килограмм астық өндірсе жеткілікті
екендігі дәлелденген. Ал, мұндай көрсеткіштер бірқатар елдерде ғана
(Канада, Австралия, АҚШ, Дания, Франция Венгрия, Румыния) бар еді. Бұдан,
Қазақстанның өзінің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортер ел
ретінде әлемдік рыноққа шығуға алғышарттары болғандығын аңғарамыз. Сонымен
бірге, Қазақстан тыңында құрамында жоғары мөлшердегі белогы бар бидайдың
күшті сорттары өсетін. Сапасы жоғары бидайды сатып алушы елдер де аз
еместін. Қазақстан бидайының экологиялык рационалдығы, экономикалық
пайдалылығы және әлеуметтік тиімділігімен бірге тың эпопиясының жағымсыз
жақтарын да айтуға тура келеді.
1957-1958 жылдары Павлодар облысындағы жеңіл топырақтардың айдалуы
негізінде шанды борандар басталды, ал 1960-жылдардың басында бүкіл тың
аймағы бойынша тек топырақтың үстіңгі қабаты емес, ауыр төменгі қабатының
шаң ретінде ұшуы етек жайды. Тың игеру нәтижесінде республикада 9 миллион
гектар жер жел эрозиясына ұшырады (бұл бүкіл Франция ауыл шаруашылығы
аумағының мөлшері деген сөз). Құрғақшылықтың жиі болуына да кең байтақ
жерді жырту әсер етті. Табиғи ресурстарды экстенсивті түрде пайдалана
отырып, партиялық-мемлекеттік басшылық экологиялық катаклизмдерге де жол
ашты. Елде әр гектарға 1,5 центнер дәнді-дақыл егіліп, 6-9 центнерден ғана
өнім алынды (1954-1958 жылдары - 7,3 цга болса, 1961-1965 жыддары - 6,1
цга болды). Мал шаруашылығы өнімділігі төмендеді. Тың кеңшарларынан қоймен
бірге жылқы малы да ығыстырылды. Тың игеру жылдарында жылқы саны 365,7 мың
басқа түсіп азайып, мұсылман халқы жемейтін шошқа саны 4 еседен асты.
Малынан айрылған қазақ ауылдары жұмыссыз "болашағы жоқ" ауыддардың санын
толықтырды.
Тың Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын
қалыптастыруда, ескі қалалармен бірге жаңа қалалардың ерекше дамуына үлкен
әлеуметтік мәдени және этнобайланыстық аумақтық бөліктің қалыптасуына,
қоғамдық өмірдің интернационалдануына жағымды әсер етті. Алайда, кеңес
өкіметі интернационализмді басты идея ретінде ұстана отырып, тың игеретін
аудандардағы ұлттық сана мен мүддені ескерусіз қалдырды. Тың кезіңде шеттен
мамандардың көптеп әкелінуі жергілікгі ұлт мамаңдарыньщ дайыңдалуын
қажетсіз етті. Яғни ұлттық кадрге мән берілмеді. Қазақ этносының тілі мен
әлеуметтік мәдени институттарына объективті қауіп төнді. Ал, бұлар
ұлтаралық қатынастардың бүкіл жиынтығына әсер етті.
Тың өлкесі қалаларына келгендер саны ерекше көп болды. 1954 жылы тың
қалаларына 16,6 мың, 1955 жылы - 47,8 мың, 1956 жылы - 38,5 мың, 1957
жылы - 48,4 мың, 1958 жылы - 92,4 мың және 1959 жылы - 41,8 мың,
барлығы 285,5 мың адам келді. 1960-жылдардың басынан тың игерушілердің
бір бөлігі ауылдық жерлерден қалаларға көше бастады. Бұл кездегі көші-
қондағы негізгі үрдіс - ауыл халқының қалаға ағылуы. Көші-қон бір жағынан
ауылдың экономикалық және әлеуметтік жағдайының индикаторы іспеттес,
сонымен. бірге оның ерекшеліктерін зерттеу аграрлық секторда қалыптасқан
жағдай туралы түсініктің тереңдеуіне әкеледі. Екінші жағынан, ауыл
халқының қалаға көші-қонын ауылдың жағдайының төмендеуі себептерінің бір
факторы ретінде қараймыз. Көші-қон ағымының нәтижесінде көшіп-
қонушылар шыққан жерлер жұмыс қолы жетіспейтін аудандарға айнала бастады.
Мысалы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
Демография пәніне кіріспе
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Тұрғындар статистикасы
Қазақ халқының саны
Ұлтаралық келісімнің нығайуы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Пәндер