Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу


Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
Қазақстандағы және басқа елдердегі мектептердің дене шынықтыру мақсатын, жан-жақты дамуы мен денсаулықты нығайту жағын қарастыру аса маңызды. Осыған орай дене шынықтыру нәтижелерінің негізгі қорытынды көрсеткіштері(оның қайда, кім болғанына байланысты емес) мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі және оның өсуі мен дамуының табиғи ырғағына сай келуі, адамның әлеуметтік және дене жұмыс қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажеттігі расталды .
Біз, дене шынықтыруды бағалаудың осы өлшемі дұрыс болып саналады, себебі бұл соңғы нәтижені бағалауға, елдің басты байлығы - жастардың
денсаулығын нығайтуға және ертеңгі күні барлық халықтың денсаулық
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Дене шынықтыру бағдарламасында мұндай өлшемнің жоқтығы, біздің ойымызша, дене шынықтырудың педагогикалық және әлеуметтік салаларының жетілмегендігін көрсетеді. Ғылым әлі де болса халықтың денсаулығы мен оның дене шынықтыруды ұйымдастырудың арасындағы себеп-салдарлы байланысты жеткілікті зерттеген жоқ, дені сау адамдардың денсаулық өлшемдері көрсетілмеді, дене шынықтыру құралдары арқылы әлеуметтік мәні зор қызметтерді белсенді түрде қалыптастыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, мынадай ғылыми бағыт: дене шынықтыру гимнастикасы дамымады, ол бойынша халықтың дене шынықтыруды ұйымдастыру принциптері негізделіп, әсіресе мектеп жасындағы балаларға дене шынықтыруға арналған жүктемелер мен дене жаттығуларын және табиғи факторларды қолданудың әдістері мен құралдарын белгілі бір тәртіпке келтіру керек.
Сонымен, дене шынықтыру құралдарын мақсатты түрде жүйелі пайдалану процесі - халықтың өмір сүру дағдысын қалыптастыратын әлеуметгік жағдайлар мен факторларға тәуелді екендігі толық расталды. Дене шынықтыруды дұрыс әрі сауатты ұйымдастыру дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметін жеткілікті меңгеруіне тікелей байланысты болады. Яғни, дене шынықтыру маманының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қаншалықты меңгеруіне қатысты болады деп тұжырымдай аламыз.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімін кәсіби қызметке даярлау жүйесіндегі дене шынықтырудың дифференциалды қатынасын қалыптастыру негізінде жүзеге асады деген тұжырымдамасын құруда төменде ұсынылып отырған алты негізгі ережені қарастыру заңды болады деп санаймыз.
Кәсіби іс-әрекеттің кез келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі - мұғалім. Болашақ мұғалімнің құралдары («еңбек құралдары») - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н. Д. Хмель былай деп жазады: « . . . мектептің педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінде іс-әрекет субъектісі мұғалім мен оқушылар; мұғалім іс-әрекетінің нысаны - оқушы емес, педагогикалық үрдіс. Педагогикалық оқу-тәрбие үрдісі мұғалімнің мақсатты-бағдарлы қызметі негізінде нақты педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымдастырылған қатынас болып саналуда.
Н. В. Кузьмина мұғалім білімдерінің педагогикалық құрылымынан үш компонентті ажыратады: ғылыми кәсіби білімінің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды компоненттерінің бірі - мұғалім оқытатын пәнін терең білуі; оқушы-лардың психикалық үрдістерін олардың білімін қабылдау, игеру ерекшелік-терін қамтитын психологиялық білімдері; оқушылар білімдерінің сапасын анықтау, білімдердегі кемшіліктерді байқау іскерліктерін қамтитын педагогикалық білімдер мен іскерліктер, сондай-ақ, оқушы оқу жұмысында игеруі тиіс оның білімі мен іскерліктерінің жүйесін алдын-ала жобалауды, ертерек қарастыру іскерліктерін бұл білім мен іскерліктердің іс-әрекеттің қандай түрлерінде қалыптасуы мүмкін екендігін анықтауды қамтитын педагогикалық білім мен іскерліктер [19, 57б. ] .
Білім - субъектіге белгілі бір дәрежеде болашақты көре білуге мүмкіндік беретін объективтік дүниенің ойдағы бейнесі.
Іскерлік - субъектінің білімдері мен дағдылары арқылы іс-әрекетті мақсатқа сай реттеу үшін қажетті психикалық практикалық әрекеттердің күрделі жүйесін игеруі .
Жалпы педагогикалық іскерліктерге мыналар тән: ұдайы өзгеріп тұратын жағдайларда мақсатқа бағытталушылық, жылжымалылық, икемділік, жоғары дәрежедегі дербестік, шығармашылық сипат. Мұғалім іс-әрекетіндегі іскерліктердің шығармашылық сипаты педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа, ұғымды жолдарын іздестіруде байқалады.
Ал Т. Қ. Бөлеев педагогикалық іс-әрекетті басқа адамның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мәселелердің сансыз қатарын шешу ретінде қа-растырады да, мұғалім шеберлігін бұл мәселелерді табысты шешуімен, яғни оң алуымен байланыстырады. Онда мұғалім шығармашылығының мәні педа-гогикалық мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің мына салаларымен: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастыру-шылық коммуникативтік байланыстылығы қарастыруға басты назар ауда-рылғаны жөн деп саналған .
Осы еңбекте ұйымдастырушылық іс-әрекет бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада жүзеге асыру әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады. Осы себепті Т. Қ. Бөлеев болашақ дене шынықтыру мұғалімнің бұл іс-әрекеті мына үш аспектіні қамтуы қажеттігін: білім мазмұнын беру жөнінде өз іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар жүйесі) ; өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер) ; балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық жекелік) және сол арқылы бүкіл педагогикалық қызметті ұйымдастыруды талап етеді .
Коммуникативтік іс-әрекет мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты бойынша - оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның табыстылығы олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың калай қалып-асатындығына байланысты.
Ресей ғалымы В. И. Горовая болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауда гностикалық іс-әрекет болашақ мұғалімнің төмендегілерді зерде-леуін қамтитынын, яғни өз іс-әрекетінің объектісі - білімгерлер көмегімен талап етілген іс-әрекет жүзеге асатын мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістерді меңгеру; өз тұлғасының сананы жетілдіру мақсатында өз іс-әрекетінің артық-шылықтары мен кемшіліктерін сраптай алуды қамтамасыз ету қажет санайды [78] .
Жоғары қарастырылған ғылыми еңбектерден болашақ мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы деп, ең әуелі бір жағынан оның жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын, ал екінші жағынан ғылымның жаңа табыстарын, озат тәжірибені игеру жеке өзінің ғылыми-әдістемелік ізденістерін белсенділендіру арқылы кәсіби шеберлікті жүйелі жетілдіруді талап ететін мақсатқа бағытталған жасампаздық іс-әрекет екенін толық растадық.
Сондықтан, болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлауда ең басты алтын қағида - адамның рухани сезімі мен дене дамуының үйлесімділігі білім беру жүйесіндегі дене шынықтырудың дифференциалды қатынасын қалыптастыру тұжырымдамасына сай тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын дамыту, жаттығушылардың белсенділігі мен дербестік дамуын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мазмұнының үзіліссіз даму қажеттілігі мен байланысын қамтамасыз ету, дене шынықтырудың тұлға ұнатқан түрлері мен биологиялық сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі [121] .
Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны көмегімен табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғастырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен бірге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип дене шынықтыру формаларының көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.
Бұл принциптің әдістемелік базасы В. К. Бальсевич, С. А. Волкова, А. А. Гужаловский зерттеулерінде қарасытырылған [40, 41, 122] . Бұл зерттеулерде адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын формалар мен әдістер табылады.
Міне, жоғарыда зерттелінген психологтар мен педагогтардың еңбектерінің мазмұны бойынша дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі психологиялық-педагогикалық категория деңгейінде қарастыруды қажет етіп отыр. Атап айтқанда, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский, С. Д. Смирнов, Д. Н. Узнадзе, Н. М. Борытко, М. В. Буланова-Топоркова, Б. Т. Лихачев, т. б. педагогикалық қызметті әрекеттік қатынас тұрғысынан қаруды дұрыс деп санайды [53, 42, 54, 55, 56, 57, 58, 74] . Оның ішінде Л. С. Выготскийдің кәсіби педагогикалық қызметті әлеуметтік тәрбие негізінде қабылдау қажеттігі теориясына ерекше назар аударуға болады. Өйткені, дене шынықтыру мұғалімі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару барысында оқушының дамуының психологиялық заңдарына түсінікпен қаруы тиіс, және әлеуметтік ортаның өзгеру ерекшелігіне сәйкес өзіндік әрекет жүйесін таңдауға мәжбір болады деп санайды. А. Н. Леонтьев мұғалімнің кәсіби әрекетін көзделген мақсатқа жету үрдісі деп, мотивациялық қызметін басты орынға қояды. Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оқушының мотивациялық ұмтылысын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс деп тұжырымдайды [42, 65б. ] .
Болашақ маманды қалыптастырудың негізі Ж. Пиаженің айтуынша, «ішкі пікірталас» болып табылатын рефлексия үрдісін пайдалану арқылы білімгердің оқудағы сана-сезімін дамыту (әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері) болып табылады [73] . Біздің ойымызша, креативті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үрдісін жетілдіруде және тұтас білім беру үрдісін оңтайландыруда осы факторды пайдаланудың маңызы аса зор болып табылады деп санауға болады.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі дифференциалды қатынас арқылы дене шынықтырудың әлеуметке сәйкестену принципін негізге алу адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындаудан, яғни өсіп келе жатқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейіне жетуді қалыптастыру болып табылады деп тұжырымдаймыз.
Олай болса, Л. Выготский мен А. Леонтьевтің және И. Зязюн мен Б. Т. Лихачевтің ғылыми психологиялық және педагогикалық тұжырымдама-ларының [42, 55, 60, 59] негізінде болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау қызметі. Мынадай негізгі әрекеттерге бағытталуы табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп, оны жүзеге асыру мүмкіндігін төмендегідей мазмұнда қарастыру жөн санаймыз (2- сурет) .
2 сурет - Дене шынықтыру мұғалімінің қызмет аясының негізгі бағыттары
Осы тұрғыдан дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің құрылымы туралы соңғы зерттеу жұмыстарының бірі М. В. Буланова-Топоркованың (2002 ж. ) ғылыми ұстанымына сүйенуге болады [74] . Онда дене шынықтыру пәнінің оқытылу ерекшелігіне байланысты нақты бір психофизиологиялық көрсеткіштермен келген оқушы немесе білімгер оқу мерзімінің соңында өзгерген немесе түрленген қасиеттерге ие болады, яғни дене шынықтыру қалыптастырудың белгілі бір технологиялық тізбегінен өтеді. Біз осы технологиялық тізбектің құрылымдық ерекшелігін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу арқылы болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау үрдісінің сапасын көтере алуымыз әбден мүмкін дейді.
Міне, біз дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізін айқындау барысында зерттеу жұмысымыздың шешуші ұстанымын анықтайтын құрылымын мынадай сипатта беріп отырмыз (3-сурет) .
Аталған құрылымға сәйкес болашақ дене мұғалімдерін мектеп оқушыларымен жұмысқа даярлау қызметінің мазмұны оның ұйымдас-тырушылық-басқару әрекетін алға шығаруды көздейді. Сондықтан, педагогикалық қызмет белгілі бір иерархиялық деңгейлерді, оның ішінде педагогикалық рефлексияны басты әрекет деп санау қажеттігін дұрыс деп отыр. Бұл қызмет түрлі оқыту әдістерін салыстыру арқылы оқыту тәжірибесін жинақтау, тиімді оқыту тәсілдерін айқындау, оқу құралдарын, оқу пәндерін, оқу бағдарламаларын құрастыру әрекеттерімен жүзеге асады. Осыған байланысты оқу үрдісінде оқушының немесе білімгердің белсенділігін арттыруға қажетті педагогикалық шарттар жасалынады, олар оқу мазмұнының сапасын, оқу
3 сурет - Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің құрылымы
құралдарының тиімділігн қадағалауға олар оқу мазмұнының сапасын, оқу құралдарының тиімділігн қадағалауға мүмкіндік береді. Рефлексия білімгердің кәсіби қызмет әрекетін меңгеру үрдісінде күрделі әрекеттерден қарапайым әрекеттерді бөліп алуына, сол арқылы күрделі мазмұнды жүйелі қабылдауына мұмкіндік береді. Сол себепті, біз, ұсынып отырған құрылым қарапайым педагогикалық әрекеттерді күрделі мазмұнды түсінуге жағдай жасай отырып, болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға алғы шарт болады деп айтуға толық дәлеліміз бар. Өйткені, қабылданып үлгерген қарапайым қызметтік әрекеттер күрделі мазмұнға тасымалдану арқылы мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұл, алғышарт мұғалімнің дене шынықтыру пәнін оқытуда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруымен басқаруының сапасын арттырады.
Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Ш. М. Бақтыбаева, Т. Ш. Қуанышев, Н. Э. Пфейфер, К. Х. Закирьянов, М. И. Виленский, Л. И. Лубышева, Ж. К. Холодов, В. М. Выдрин, В. В. Лобачев, Б. И. Орумбаев, т. б. еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің мәнділігі терең зерттелген болатын [52, 26, 46, 75, 76, 85, 97, 102] .
Аталған ғалымдардың еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің көп құзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыптасады және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынады.
Сонымен бірге, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский, Н. М. Борытко, М. В. Буланова-Топоркова, Б. Т. Лихачев, Ашмарин БА., Выдрин В. Н., Лубышева Л. И., Матвеев Л. П., Решетень И. Н., т. б. психологтар мен педагогтардың еңбектеріне [53, 65, 46, 42, 65, 56, 74, 59, -39, 46, 26, 77, 47] жасалынған талдау «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымының жеткілікті зерттелмегендігін, әсіресе «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» және «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-іскерліктер мен дағдылары» ұғымдарының кәсіби педагогикалық қызметтің нәтижелік көрсеткіші ретінде қарастырумен шектелетіндігі анықтауға мүмкіндік берді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді дайындаудың жалпыпедагогикалық дайындау мәселесі бойынша О. А. Абдулинаның, В. А. Сластениннің, О. С. Анисимовтың, В. П. Беспальконың, В. И. Гороваяның, Е. М. Ивановтың, В. В. Давыдовтың, Н. В. Кузьминаның, В. В. Лобачевтың, Л. М. Митинаның, Н. Хмель, О. Сәлімбаев, М. Құдайқұлов, т. б. [16, 20, 62, 72, -78, 29, 54, 19, 79, 80, 50, -81, 82] зерттеу жұмыстарында болашақ педагогикалық мамандарды дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері кәсіби-педагогикалық қызметтің құрамдас бөліктерін зерттеумен тоқталған, оның ішінде болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын кәсіби-педагогикалық қызметтің маманның тұлғалық сапаларымен байланыстырмай қарастырады. Соның нәтижесінде болашақ маманның жалпыпедагогикалық іскерліктері мен кәсіби-педагоги-калық іскерліктері арасындағы айырмашылық ашылмай қалады. О. С. Анисимовтың, Е. М. Ивановтың, В. В. Давыдовтың, Н. В. Кузьминаның еңбектерінде «болашақ педагогтарда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру» психодиагностикалық қызмет деңгейінде қарастырылып, түсіндіріледі [62, 29, 54, 19] . Ал дене шынықтыру мұғалімін дайындауда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру көптеген жеке жаттығулары арқылы қалыптасатын арнайы кәсіби қызмет деңгейінде түсіндіріледі. Бұл біздің жоғарыда талдаған зерттеулеріміз болашақ дене шынықтыру мұғалімін дайындаудың техникалық-тактикалық іскерліктер мен дағдылармен шектеліп отырғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, көптеген теоретиктер дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-мәнді сапаларына маманның қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуды ғана жатқызатыны айқындалынып отыр. Оның себебін зерттеушілер мектепте дене шынықтыру сабағының оқушыларда негізінен спорттық жетілуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын дамытуға бағдарланатынын дәйектейді.
Сондықтан, көптеген дене шынықтыру ғылымының теориялық негізін жасаушы ғалымдар, атап айқанда В. К. Бальсевич, Г. М. Соловьев, Л. П. Матвеев, Б. А. Ашмарин, т. б. дене шынықтыруды спорттандандыру арқылы беру керек деген [27, 38, 77, 39] . Бұл тұжырымдамаға сәйкес мектепте дене шынықтыру спорттық жаттығулар арқылы жүзеге асса нәтижелі болады, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау спорттық-кәсіптік қызметке бағдарлануы тиіс деп санайды.
Дене шынықтырудың оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық, педагогикалық зерттеулерді талдау барысында «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықтадық (4-сурет) . Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылады, ал оның басты мақсаты дене дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналады. Сондықтан, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі құрылымдық мазмұнды құрайды, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары болуы міндетті.
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаған міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық-дене шынықтыру, салауат-тандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.
Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық құраушысы дайындық мақсатын, мазмұнын, құралдарын, қызмет нысанасы мен субъектілерін анықтаса, құзыретті құраушысы мұғалім орындаға міндетті жалпы кәсібилік және арнайы кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды құрайды.
Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық, спорттық -дене шынықтыру, салауаттандыру әрекеттерін жүзеге асыруы тиіс. Ал дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құзыретті құраушысы жалпыпедагогикалық және кәсіптену міндеттерін негізге алады.
Осы тұрғыдан, М. Я. Виленский, В. А. Сластениннің жалпыпедагогикалық міндеттерге рефлексивті-талдағыштық, құрастырушы-жобалаушы, ұйымдас-тырушылық-әрекеттік, түзетуші-реттеуші қызметтерді жатқызу қажеттігі туралы тұжырымдарына сүйенуді жөн көрдік [26, 20] .
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық білімдері мен іскерліктерінің жүйесі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің моделі болып табылады. Бұл жерде кәсіби-педагогикалық және іскерлік кәсіби-педагогикалық білімдерді оқыту мен тәрбиелеу саласына үйреншікті, сондай-ақ жаңа күтпеген жағдайларда қолдану әрекеттері ретінде қарастырылады.
Демек, кәсіби іс-әрекетке даярлықтың мазмұны болып табылатын болашақ Л. П. Матвеевтің оқу құралында берілген тұжырымдамаға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің білімдері мен іскерліктерін оның мамандыққа бейімделу іс-әрекетінен іздеу керек [45] .
Бүгінгі таңда дене шынықтыру мұғалімі мамандығының жобасын құру жөніндегі педагогикалық еңбектерде негізінен үш үлгі қарастырылуда, оның ішінде В. А. Сластениннің үлгісін негізге алуға болады. Олар қазіргі жағдай-лардан туындаған мәселелер (немесе іс-әрекет түрлері) ; біздің еліміздің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктерінен туындаған мәселелер (неме-се іс-әрекет түрлері) ; кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер (іс-әрекет түрлері) ретінде шешуші орынға шығады [20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz