Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
Педагогика және психология мамандығы
Диссертациялық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
- Орындаған: Аманжолова Ж. О., МПК-011 оқу тобыҒылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.
Түркістан 2011ж.
МАЗМҰНЫ
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері . . .
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың педагогикалық мүмкіндіктері . . .
35
65
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық бастауыш мектепте оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз.
Осыған орай бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының оқу-танымдық әрекетінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.
Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.
Оқу-танымдық және ойын іс-әрекеттінің психологиялық негізін Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Е. И. Машбица, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Тализина, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Г. М. Қасымова және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған.
М. А. Данилов, Б. П. Есипов, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, А. К. Маркова және т. б. еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен технологиясы анықталған.
Елімізде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселелері (А. Х. Аренова, Г. Е. Алимұхамбетова, Қ. А. Аймағамбетова, А. С. Әмірова, С. Н. Жиенбаева, Л. Х. . Мәжитова, Ә. Мұханбетжанова, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Р. С. Омарова, Н. Қ. Тоқсанбаева, Т. С. Сабыров, С. Смаилов, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель т. б, ) ; оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, Қ. Шалғынбаева т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім беру (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұхамбетова т. б. ) ; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Ә. Ә. Жолдасбеков, М. Н. Сарыбеков т. б. ) ; оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру (Ш. Т. Таубаева, С. К. Кенжебаева, Е. Ж. Рысбаев, А. С Мустояпова Л. Байсерке, Ж. Оңалбек, Б. А. Тұрғынбаева А. К. Сариева және т. б. ) . Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.
Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген.
Оқу-танымдық әрекетті қалыптастырудың негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.
Елімізде бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекеті туралы оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова,, Т. Иманбеков зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларының дамытушы ойындар арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі бастауыш мектеп жағдайында оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі бастауыш мектептің нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру ” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныптардағы оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың нақты мүмкіндіктері анықталып, оның үлгісі мен әдістемесі жасалса, онда бүгінгі қоғам талабына сай бейімделген, ойлау белсенділігі ұшқыр, жан-жақты, өзін-өзі үнемі дамытуға бағыттайтын, ізденімпаздық іс-әрекетте белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады, өйткені бұл қазіргі күнгі бастауыш мектептеріндегі оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;
- оқу үдерісінде дидактикалық ойынды қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың шарттарын белгілеу;
- дидактикалық ойынды қолдану негізінде оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойын арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру, олардың танымдық қызығушылығын, танымдық белсенділігін, өзін-өзі дамыту және бағалау мүмкіндігіне ие болуға негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін таным теориясы, жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы, дамыта оқыту теориясы, ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясы және біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы құрайды.
Тұлға дамуының жалпы әдіснамалық ұстанымдары, таным және тұтас педагогикалық үдеріс теориясы, оқыту мен тәрбиедегі тұлғалық-бағдарлы тәсіл тұжырымдамасы, танымдық қызығушылықты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеулер (Д. Б. Эльконин, В. Д. Давыдов, Г. И. Щукина, Н. Г. Морозова және т. б. ), дидактикалық ойын туралы (С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, Д. Б. Эльконин) теориялары басшылыққа алынды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 - 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы (2005), Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің тәжірибелері.
З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, бастауыш мектептің оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу, ТМД елдерінің және республиканың жоғарғы оқу орындарында жинақталған алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу; зерттеу бойынша мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау, сауалнама, әңгіме жүргізу, педагогикалық үлгілеу, әдістеменің тиімділігін тәжірибелі-эксперимент арқылы тексеру. Эмпирикалық жолмен алынған деректерді математикалық есептеу, статистикалық өңдеу әдісі.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2002-2003 жж. ) - зерттеу тақырыбы таңдап алынып, осы мәселе бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің ғылыми аппараты белгіленді.
Екінші кезеңде (2004-2006 жж. ) - бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойын негізінде оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалып, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың көрсеткіштері, өлшемдері, деңгейлері анықталды.
Зерттеу нәтижесінде бастауыш мектептің оқу үдерісінде оқытушылардың дидактикалық ойынды қолдану бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы тәжірибелік-эксперименттен өтіп, тиімділігі айқындалып, тұжырымдамалар мен ғылыми қорытынды жасалынып, ұсыныстар берілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары және теориялық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың теориялық негізі айқындалды;
- оқу үдерісінде дидактикалық ойынды қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың ерекшелігі белгіленді;
- дидактикалық ойынды қолдану негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі : бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды математика, қазақ тілі пәндерінде қолдану арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың әдістемесі ұсынылып, оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, дидактикалық ойындарды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптастырылуы тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерілуі, нәтижесі әдістемелік нұсқау, оқыту бағдарламасы арқылы дәлелденуімен және жалпы білім беретін бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттырумен қамтамасыз етіледі.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- философиялық, психологиялық, педагогикалық ғалымдардағы таным, іс-әрекет, ойын теориялары бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру ұғымының мәнін анықтауға негіз болады;
- оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, бастауыш сынып оқушыларының ерекшелігін ескерумен, дидактикалық ойындардың репродуктивті, өнімді, ізденушілік бағытта таңдалуымен айқындалады;
- бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемесі оқу үдерісінің табыстылығын қамтамасыз етеді.
Магистрлік диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде тақырыптың көкейкестілігі, өзектілігі, әдебиеттерге қысқаша талдау, зерттеудің мақсаты мен нысаны, пәні мен міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылатын қаиғадалар, диссертация құрылымы баяндалған.
«Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты тарауда «таным», «оқу-танымдық әрекет», «дидактикалық ойын» ұғымдары және бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың философиялық, психологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда зерттеу деңгейі сараланып, оның теориялық негізі анықталды.
«Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындар арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың мазмұны және әдістемесі» атты екінші тарауда дидактикалық ойындарды оқу үдерісінде қолдану арқылы оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі көрсетіліп, өткізілген экспериментке талдау жасалынды.
Қорытындыда ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен нақты ұсыныстар берілді.
Қосымшада дидактикалық ойындардың қолданылуы, оқушылардың білімін тексеруге арналған тест материалдары, сауалнамалар және зерттеу жұмыстарын енгізуді растайтын құжаттар келтірілген.
Біз таңдаған зерттеу пәні мен мәселесін әдіснамалық талдаудың қажеттілігі - білім беру және оқушы тұлғасын дамытуда оның белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы қалыптастырумен түсіндіріледі. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мәселесі көп қырлы. Себебі білім беру және оқушы тұлғасын дамытуда оқу-танымдық іс-әрекет ғылыми пәндердің кең аясын қамтитын ұғым болып табылатындығын көрсетеді. Мұндай тұжырым бұл ұғымды философиялық, физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан қарастыру қажеттігін анықтайды. Оқу-танымдық іс-әрекетті әдіснамалық талдау диалектика заңдарына, оның таным теориясына, сонымен қатар зерттеудің диалектикалық әдісіне шығармашылық тұрғыдан сүйенуді ұсынады. Ғылыми еңбектерде диалектикалық әдістің негізгі талаптары: пәннің барлық жақтарын меңгеру; пәнді өзіндік логикалық дамуы бойынша қарастыру; барлық адамдық практиканы пәннің толық анықтамасына енгізу; абстракциялық ақиқат жоқтығын, ақиқат әрқашан нақты екенін ескеру [141, . 290-б] . Сондықтан аталған мәселені осы тұрғыдан талдау келесі талаптарды орындауды білдіреді:
1. Зерттеліп отырған мәселенің тірек ұғымдарын талдау олардың таным теориясы негізінде орындалуы тиіс.
2. Ғылыми және оқу танымының байланысына негіздеп, оқу танымының маңызды белгілерін және оны орындау кезеңдерін ерекшелеу қажет.
3. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті объективті нақтылық және әрқашан даму үстінде болатындығын сезіну, сонымен қатар әрбір оқушының тұлға ретінде дамуын қаматамасыз ету қажет.
4. Таным мен тұлға дамуының қозғаушы күші қарама-қайшы екендігін сезіну қажет. Біз өз зерттеуімізде осы төрт талаптарды орындауға тырыстық.
Сонымен бірінші талапқа тоқталатын болсақ, зерттеудің нысаны мен пәні тірек ұғымдар ретінде келесі ұғымдарды: «таным», «іс-әрекет», «оқу» деген ұғымдарын қарастыруды қажет етеді.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.
Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным - заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады [108] . Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным - әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып [109], сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.
Бірқатар философиялық еңбектерде танымның әдіснамалық негіздері нақтыланған. В. А. Жуковтың пайымдауынша, таным:
- адам өзінше жаратылған, қайталанбайтын, өзіндік құндылық ретінде «өмірлік мағына» кеңістігінде қабылданатын тұлға, бұдан бұл мәселе адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына алмасады;
- адам мәдениет кеңістігінде рухани құндылықтарды құрайтын серік ретінде қарастырылады, бұдан тұтасымен алғандағы жеке тұлға мен қоғамның интеллектуалдық құндылықтар жүйесіндегі әрекеті пайда болады;
- әлеуметтік кеңістікте адам әлеуметтік рөлді тасымалдаушы ретінде қарастырылады, бұдан қоғамдық қызметке деген әрекеті пайда болады;
- жағдаят тұрғысынан алғанда, адам жеке мақсаттарға жету құралы ретінде қарастырылады, бұдан нақты жағдайлардағы олардың өзара қарым-қатынас ретіндегі іс-әрекетте туындайды [13] . Автордың көзқарасы бойынша, танымдың іс-әретпен байланысы болған жағдайда ғана ақиқатты таниды.
Ә. Нысанбаев[14], Д. Кішібеков[15], Ұ. Сыдықов[16], Г. Нұрышева[113] танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді [113] . Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:
- өлі табиғатта бейнеленуі;
- тірі табиғатта бейнеленуі;
- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;
а) жеке санамен сезінуі;
ә) қоғамдық санамен сезінуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz