Қабырға картиналары мен экрандық құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі арттыру


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Өзектілігі.

Тақырыптың негізгі өзектілігік, қабырға картиналары мен экрандық құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу арқылы қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, өздігінен ойлау қабілетін дамыту мақсатында, оқушылардың табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тэрбиелеудегі орны ерекше.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құруға негізгі мақсат болып саналады. Сондықтан оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттырудашықтан оқыту және электрондық оқулықтардың көмегі арқылы іске асады.

Білім беру саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді жаңалау және интернетке қосылған мектептер жүйесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралармен қатар мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын арттыру электрондық оқулықтар мен мультимедиялық оқыту құралдарын дайындауды жеделдетудашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жоспарланып отыр.

Кіріспе.

Жер бетін шартты түрде бейнелеп көрсететін картаның географияны оқытуда теңдесі жоқ. Бірақ, географиялық карта «тіршілік бояуы жоқ құр схеманы, сүлдені ғана береді. Географиялық картина көру образын береді. Ол карта мен географиялық сипаттауды толықтырады. Географияның обьектілері тым зор (таулар, шөлдер, ауыл шаруашылық жерлер) . Оларды табиғи түріндекөрсету қиын. Оның үстіне мектеп маңынан олардың барлығы табыла да қоймауы мүмкін. Мысалы, Орск облысындағы жэне көптеген басқа аудандарға оқушыларға өздері туған тауларын көре алмайды. Мұнда география мұғаліміне картина зор көмек көрсетеді.

Картинаның көрнекі құрал ретінде маңызы табиғи және экономикалық обьектілер мен құбылыстарды болмыс ретінде тікелей бақылағаннан әрине кейін болады.

Географияның қабырға картиналарының барлығы да қандай да бір дәрежеде болмасын синтетикалық келеді ландшафт жөнінде немесе білігі бір географиялық құбылыс жөнінде тұтас ұғым береді. Кабырға картиналары бойынша оқушылардың обьектілермен құбылыстардың детальдарын ұғып алу қиынырақ болатындығын бақылаулар көрсетіп отыр, сондықтан ол қабырға картиналарындағы бейнелеулердің жеке детальдарын көрсететін басқа көрнекі құралдармен (чертеждер, кеппешөптердің, топырақ коллекцияларының экспонаттарын, диапозивтерді жэне т. с. с. ) толықтыруды қажет етеді.

Қабырға картиналарын мектеп географиясының барлық курстарында қолдануға болады. Қазіргі уақытта бізде жалпы физикалық география және 7-сынып үшін қабырға картиналарын жасау, сондай-ақ Қазақстанның және шетелдердің экономикалық географиялары бойынша картиналар жасау таяуда жүзеге асырылмақ, сол арқылы оқушылардың политехникалық ойлау өрісін кеңейтуге мүмкіндік жасайды.

І. Географияны оқытудағы қабырға картиналарының маңызы.

Қабырғаға ілінетін географиялық картиналар. Жардан көлденең қабаттар аңық көрініп тұр. Мұғалім бояулы бормен немесе атауларын жазып картиналарда көрсетілгендей қабаттарды сызып шығады. Содан соң мұғалім үстірттің бетінде жарықшақтардың қалай пайда болатындығын, оларды ұсатып үгілген заттардың желдің айдап әкетіп, жарықшақтардың бірте-бірте кеңейтіндігін айтып береді. Желдің бұдан әрі әрекетінің нэтижесіндедыраттың шетінде бағана тәріздес жартастар пайда болады. Мүғалім тағы да картинаға бүрылады. Бұл жартастардың қалай жэне неден пайда болғаннын енді оқушылардың бәріне де айқын бола бастайды. Мұғалім жеке жағдайларға назар аударады:көкшіл қабаттарды шүңқыр-шүңқыр болып ойып кеткен. Жел әрекетінің бұл ерекше сипаты өздері шөл далалардағы жартастарда жиі кездеседі.

Мұғалім картинаның сол жақ шетіндегі саңырауқұлақ тәрізді жартасты көрсетеді. Оқушылар қабаттардың ізін және сол жаңағы өздері байқаған түстерді көреді де, мұның себебін өздері-ақ табады бұл да сол жартас, бірақ жел бұны күштірек талқылаған. Саңырауқұлақ тәрізді жартаспен ортадағы жартастың аралығындағы жер бетінде жатқан тастар бұдан да көбірек талқандалған жартастардың қалдықтары. Барлық жерде бүлдіргіш күш жел болып табылады.

Егер картина күрделі болмаса, сабақтың қорытындысында мұғалім оқушыларға картина салып алуды ұсынады. Бала суретті түсінгенде, картинадағы ең маңызды көріністерді және сабақ үстінде негізгі назар аударған жерлерін түсіріп ала алса болғаны. Оқушылар сурет салып отырған кезде мұғалім парталардың араларымен жүріп, олардың суретті қалай салып жатқанын бақылап жүреді. Оқушылардың нені және қалайсалып жатқанын қарап, мұғалім картинадан қаншалықты түсініп жатқандығын аңғарады. Егер оқушы жартастың жалпы пішінін дұрыс түсірсе, бірақ қабаттардың орналасуын дұрыс түзбесе, мұғалім оны тоқтатады да, қабаттардың қалай жатқанын аңғартады. Жартастың пішіні дұрыс көтерілмесе, де қабаттардың сипатымен орналасуы дұрыс берілуі керек.

Картина сабақ өткізуде, біздің айтып отырғанымыздай бірден-бір жол еместігі өзінен өзі түсінікті. Мұғалім сабақ бастарда-ақ картина көрсете алады. Бұл жағдайда картина сабақтың бастамасы бола алады. Сонымен қатар сабақтың ортасында да көрсетіле алады. Ақырында, мұғалім картина сабақтың нақ кезінде де көрсетеді, онда картина әңгімені қайталап, жинақтау үшін пайдаланылады. Егер сабақтың тақырыбында айтылғандарды оқушылар нақты күйінде көре алмайтын болса, картинадан бастау пайдалы(теңіз, тау, вулкан, мұзтау, тропиктік орман) . Нақтылы тақырып жөніндегі сабақ аяқталғаннан кейін картинаны бірнешеф күн бойы сыныпта іліп қою пайдалы. Әдетте, оқушылар өздері талқылап өткен картинаны зор ықыласпен қарайды. Бүл өздігінен қарау оларға көп пайда келтіреді. Картина сныпта қанша уақыт ілулі түру керек? Біздің пікірімізше, бір айдан артық түрмауы керек. Біріншіден, ол балаларды жалықтырып жібереді, екіншіден, картина бүлінеді. Сыныпқа экелінген қандай картинаны болса да, мүғалім өзі талқылап егжей тегжейіне дейін білу керектігі өзінен өзі айқын. Сабақ беруге алғаш кіріскен жас мұғалім өзі бермек болған сүрақтардан тақтадағы сызатын суреттерін, жасауға тиісті қорытындыларын күні бұрын белгілеп алуы керек. Мұғалімнің бүл сияқты әзірлігінсіз катрина тиісті пайда бере алмайды.

Бірақ, картинаны талқылау кезіндегі оқушылардың белсенділігін толық деуге болмайтындығы тіпті көрсеитілген мысалдардың өзінде де байқалып тұр. Әрине, оқушылар қойылған сүрақтарға өздігінен жауап қайтарады, бірақ барлық мәселенің, барлық пікір ойдың барысын мүғалім өзі толық басқарып отырады. Сөйткенмен де, сабактың бұл түрін әлде қайда көңілді, көп жағдайларда тек айтып шығудан гөрі пайдарырақ.

Қорытындыда тағы бір мәселеге тоқталайық: бір сабақ бойында неше картинаны талқылауға болады. Біз өз тәжірибемізді және басқа тәжірибелерді қорыта келгенде:бір сабақта екі-үш картинадан артық талқылауға болмайды дей аламыз. Картиналарды мұғалімнің әңгімесіне иллюстарция есебінде көрсеткенде, жағдай бүдан гөрі басқарақ болады. Мұнда картина түсіндіріліп отырылған тақырыпты көзге елестетіп көрсету үшін пайдаланады.

ІІ. Технологиялық мультимедия, интернетті география сабағында пайдалану

Қазіргі кезде интернетке ендіруге арналған түрлі білім беру бағыттары бойынша жүйелік білім беру курстарын әзірлеудің оңтайлы құралдарын таңдаудың өзекті міндеттері ерекше орын алады. Бұл типтегі көптеген қазіргі жүйелер графикалық, текстік, дыбыстық бейне және анемациялык мәліметтерді бүтіндей бір кұралға біріктіру үшін дизайнерлік жүйе қызметін атқаратын гипертексті редакторланған, нақтылы бағытталған болып табылады.

"Прометей" WEB-ст, т. с. с. "курстар дизайнерлері" жүйесінің мысалы бола алады. Өкшішке орай, мұндай жүйелер оқу процесі барысындағы оқыту ақпараттарын қолдау және қауырт жаңарту мүмкіндіктерінен жұрдай.

Бұл жұмыста Macromedia- Dreamweaver фирмасының программалық өнімдерін пайдаланып, "Мультимедия технологиясының негіздері" жүйелік оқыту курсын әзірлейтін әдістеме ұсынылады.

Бұл программалық өнімнің ерекше өзгешелігі бұрынғы, сондай-ақ қайта құрылған гипертекет құжаттармен жұмые істеу қолайлылығы болып табылады.

Текстерді, кестелерді, графикаларды, қабаттар мен фреймдерді форматтау үшін Dreamweaver -дің ыңғайлы графикалық интердейсі бар, түрлі формаларды жасау, білім алушыларды және мониторинг құралдарынан мәліметтер алуға, сондай-ақ білімді бақылау үшін оңлайн текстерін жасауға мүмкіндік береді.

Интернет үшін үйренетін курсты жасау үшін Dreamweaver келешектегі құрылымды материалдарды жоспарлауды және қолайлы жол ашуларды іске асыруға мүмкіндік береді. "Мультимедия технологнясының негіздері" курсын әзірлеу барысында текстік мәліметтерді жасаудың және редакциялаудың тәсілі ретінде НТМL форматында текстік құжаттар сақталған Microsoft Word 97 барынша кеңІнен тараған программалық өнімі пайдалануы.

Лекция курсында демонстрациялық материалдарды ұйымдастыру үшін мынадай GLF программалық өнімдер пайдаланылады. форматында қарапайым процестерді анимациялау файлыя жасауға мүмкіндік беретін Аdоbе Аһtег Ғеtееt 4. 1 класикациялық анимациясы және Согеl Drew 10 программасы, сондай-ақ үш өлшемді объектілердің графикалық мәліметтері мен анимацияларын үш өлшемді ұсыну мүмкіндіктерін демонстрациялау үшін 3D - Studio Мах R3-тың ЗD - графикасы мен анимациясының редакторы анимацияның барлық форматтары АVІ форматында ұсынылған.

Сонымен қатар, текстік, графикалық және анимациллық мәліметтерге қосымша ретінде НТМL беттерінде Сооl Еdit 2000 программалық өнімі, мүмкіндігін көрсететін дыбыстық мәліметтерде орналастырылған. "Дыбысқа" арналған материалда, осы программаның көмегімен WAV форматында түрлі дыбыстық жүйелер варианты жасалған.

Көрсетілген барлық мультимедиялық (дыбыс, видео, анимация, " графика) мультимедия технологиясының негіздері бойынша үйрету курсы болып табылатын бүтіндей мультимедиялық материал Dreamweaver программаларында шоғырланады. Бұл курста мынадай тақырыптар бар.

1) Мультимедия технологиясына кіріспе.

Мультимедия тәсілдері. Мультимедия технологиясын қолдану саласы.

2) Компьютерлік графика. Графикалық бейнелерді жасау және

редакциялау тәсілдері.

3) Дыбысты өңдеудің цифрлық әдістері.

ІІІ. Графикалык көрнекіліктердің түрлері

Географияиы оқытудағы аса манызды көрнекілік құралдарға сандық материалдардың графикалық иллюстрациясы жатады. Графикалық көрнскілік ең бірінші басты мәселеге - тақырыптың өзекті мәселесін табуға, материалды жақсы игеріп есте сақтауға көмектеседі.

Жақсы құрылған графикалық кескіндемелер сандық мәліметтін бейнесін көрсетіп оқушылардың назарын өзіне аударады, қызығушылығын тудырып, білуге деген құштарлығын арттырады.

Оқушылар графиктер мен диаграмма құрудың негізін математика, сурет және сызу сабақтарында алады. Бірақ география сабағы графикалық кескіндемелердің негізгі пайдаланушысының бірі болғандықтан, гсография пәні мұғалімдеріне бұл жұмыстарды үнемі жүргізуіне тура келеді. Тәжірибеден байқағанымыздай, география пәнін оқуға дейін оқушылар график пен диаграмма түсірудің ең қарапайым ережесін білмейді, оқулықтағы, атластың графиктер мен диаграммаларды оқып, талдай алмайды, өзіндік жұмыс жүргізе алмайды.

Сондықтан, география пәні мұғалімдеріне сандық материалдар кескіндемесі туралы қайталауына тура келеді. Графикалық иллюстрацияларды оқушылар толық түсініп құра білуі үшін оқу жылының басында мұғалімнің бір сабақты арнайы бөлгені дұрыс. Не кіріспе бөлімінде немесе алғашқы тақырып сабағының бірінде. Бұл сабақта мұғалім графикалық көрнекіліктерді демонстрациялай отырып, оны құрудың әдіс-тәсілдерін үйретеді. Сонан соң оқулыктағы, атластағы графлкалық көрнекіліктермен таныстырады. Қысқаша талдатады, қосымша тапсырмалар беру арқылы қабілеттегі көрнекіліктерді толықтыра алады. Оқушылар әр сабақ сайын бұрынғы білгендерін ары қарай дамыта береді.

Мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде графикалық көрнекіліктердің көп қолданылатын түріне тоқталып отырмыз.

1. Басылымды, оның ішінде қабырғаға ілетін (кестелер, суреттер, т. с. с. ) үстел үстіндегі, яғни кітаптағы, альбомдағы, буклеттегі (суреттер, графиктер, диаграммалар, т. с. с. ) және үлестірмелер.

2. Сабақ процесінде тақтаға сызылған кестелер, қарапайым сызбалар.

3. Экранға әр түрлі проекциялық аппараттың көмегімен шығарылған көрнекіліктер.

4. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қолдан сызған көрнекіліктері.

Кесте. Кесте - ең карапайым көрнекілік. Кесте - белгілі бір құбылыстың немесе объектінің графикалық сызба түріндегі көрінісі. Кестенің оқу материалының басты бөлігі көрінеді. Әр кестеде екі негізгі бөлік беріледі.

1. Зерттелетін объектілер мен белгілердің тізімі.

2. Олардың сипаттамасы.

I. Анықтамалық конспект және жүйелілік кестесі. Бұл кестенің негізгі мақсаты - өткен материалды қорытыңдылау және жүйелеу. Әсіресе, себеп-салдар байланысын есте мықтап сақтау үшін пайдалы.

IV. Құрама кесте.

Кестені графикалық иллюстрацияның басқа формаларымен үйлестірген жағдайда зерттеліп отырған объектінің бейнесі көрінеді әрі жіктеледі. Мұндай кестелерді қарапайым сызбалармен құрамдастырып түсіру тиімді.

Сызба. Сызба - ең қарапайым және ең қажетті иллюстрация. Сызба шартты сызықтар арқыды құбылыстар мен объектілердің арасындағы байланысты көрсетеді.

Ш. 1. Географияны оқытудағы теледидар және

киноның алатын орны

Кино-бұл географияны оқытудағы ең көрнекі құралдардың бірі. Ол оқушыларды көптеген қажетті материалдармен таныстырады. Киноның тағы бір жетістігі, ол табиғат ландшафттарын, адамдардың шаруашылығын, табиғаттың өте баяу өтетін ( үгілу, жыралардың пайда болуы т. б. ) және жылдам болатын ( жер сілкіну, таулардың пайда болуы т. б. ) процестерін анық көрсете алады.

Оқу кинофильмдерін жасап шығаруға өте көп уақыт және қаржы керек. Ал оны көрсетуде арнайы құрал-жабдықтар қажет. Соңғы кездері көл шектептерде кино аппараттары бар. Сабақтарда географиялық кинофильмдер жиі көрсетілетін болды. Қазіргі уақытта тек географиялық Гемес хроника-құжаттық кинофрагменттерде жиі көрсетіледі. Кинофильмдер қалың пленкалы құрылысты және үнсіз, дауысты болып бөлінеді.

Кино көрсетуде 7-8 минут демонстрациялауға, 20-25 минут-кино көрсетуге, 10-15 минут сұхбатқа кетеді. Мұғалім сабақ кезінде өткен тақырыпты еске түсіріп, үй жұмысын тексеріп, содан кейін жаңа сабақты өтеді, қалған 15-минут кинофильм көрсетуге қалады. Үнсіз кинофильмдерді көрсеткенде мұғалім мазмұнын айтып отырады. Кинофильмдерді көріп болғаннан кейін, мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды және кинофильмдерде көрсетілген объектілерді картадан көрсетуді сұрайды. Мұғалім тақырыпқа сай кинофильмдерді дұрыс таңдау үшін, фильмнің мазмұнын жақсы білуі қажет. Мұғалім оқушыларға көрсетуден бұрын фильмді өзі көріп, керек емес жерін алып тастап, қажетті материалды іріктеп алады, қазір теледидарда географиялық телехабарлар өте көп беріледі. Күндізгі уақытқа сай келетін телехабарларды сабақ кезінде көрсетуге болады. Телехабар 12-15 минут арасында болады. Онда шетелдер, жануарлар әлемі, табиғаттың тылсым күштері туралы мәліметтер айтылады. Оқу телестафкасы арнайы сценариймен толықтырылып отырады, оған кинофильмдер, суреттер, музейлер, мультфильм, схемалар, сызбаларт. б. кадрлары кіреді. Мысалы, орталық теледидардың 5-сыныптар үшін телехабары "Ауа райы жайлы әңгіме" делініп, онда метеостанциядағы жұмыстар беріледі. Оқу телехабары өтілгеннен кейін мұғалім оқушыларға сұрақтар береді. Оқушылардан нені түсінгенін айтып беруін сұрайды, өзіндік жұмыс ретінде кейін оқушыларға докладтар, рефераттар, баяндамалар беріледі. Ең пайдалы телехабар бұл «киносаяхатшылар клубы». Онда көптеген сабақтан тыс уақыттағы хабарлар жасалынады.

Ш. 2. Сандық көрсеткіштердің графикалық иллюстрациясы.

Сандық көрсеткіштердің графикалық иллюстрациясы географияны оқытудың аса маңызды көрнекілігі болып табылады.

Кейбір сандық көрсеткіштер мен сипаттамаларды графикалық бейнелеусіз оқып үйрену мүмкін емес. Жақсы түсірілген диаграммалар мен графикалық кескіндер оқушылардың берілген сандық мәліметтерді жақсы меңгеріп, есте сақтауларына көмектеседі. Диаграммалармен графиктерде көлемдік қатынастар арасындағы байланыс жақсы көрінеді. Графиктер мен диаграммалар мынадай жағдайда құрылады:

І. Обьектілердің көлемін салыстыру кезінде. Мысалы, материктердің, елдің өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін, өзендердің, темір жолдардың ұзындығын, т. б.

2. Уақыт ішіндегі сандық және сапалық өзгерістердің иллюстрациясы. Мысалы, ай, жыл ішіндегі климаттық көрсеткіштердің өзгеруі, әр жылдағы белгілі бір өнім түрінің өсуі немесе азаюы, т. б.

З. Құбылыстар мен обьектілердің сандық құрылысын салыстыру. Мысалы, әр түрлі аймақтардағы өзендердің қоректенуі, елдің барлық өнеркәсіп салаларының үлес салмағы.

4. Обьектілерді белгілері бойынша топтастыру кезінде. Мысалы, халқының тығыздығы бойынша елдерді топтастыру.

Графиктерді құру үшін, ең алдымен, кесте түрінде берілген белгілі бір сандық материал, сандық көрсеткіштер болу керек. Әр график төмендегідей бөліктерден тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Оқытудың көрнекі-құралдарының түрлері
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Географияны оқыту құралдарының міндеті
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI, ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz