Жаңа буын оқулықтары мен ауыл мектептеріндегі білім беру мен тәрбие сапасын қамтамасыз ету


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе.

«Білім беру - жасырылған қазына»

ІІ. Негізгі бөлім.

Жаңа буын оқулықтары - заман талабы.

Ауыл мектептерінің білім саласындағы деңгейі.

ІІІ. Қорытынды.

Сапалы білім, саналы тәрбие жолында.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

Әл-Фараби

Бүгінгі Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік және мемлекеттік саяси жүйесін қайта құруды жүзеге асыруда ең күрделі кезеңді бастан кешіруде, бұдан оқыту жүйесі тыс қалмау тиіс.

Оқыту жүйесінің дамуы барлық уақытта қоғамда болып жатқан әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында «білім беру» дегеніміз - қоғам мүшелерінің өнегелі, интеллектуальды, мәдени дамудың және кәсіпқой құдіреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының оқыту саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізгі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту болып саналады.

Оқытудың бірден бір мақсаты - өзіне тән педагогикалық тәсілдер арқылы жеткіншек ұрпақты адам баласының өзінің ұзақ тарихында жинақтаған білім, тәжірибесімен қаруландыра отырып, сол қоғамның мұраттарына сәйкес тәрбиелеу жеке тұлға етіп қалыптастыру. Бұл мақсат негізнен оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әр пәнді оқытудың әдістемесі болғанымен біз қашанда көз алдымызда мектеп оқушысын елестетіп отыруымыз керек. Сондықтан әр пәннің ерекшелігі мен мүмкіндігі ескерілген патриоттық тәрбие әдістемесі, оның тік-вертикал бағыттағы жүйесі жасалу керек. Бірақ мектепте оқылатын пән көп те ал бала біреу ғой.

ЮНЕСКО - нің білім беру жөніндегі халықаралық комиссиясының ХХІ ғасырға арналған «білім беру - жасырылған қазына» ұстанымдарында білім берудің төрт негізгі ұстанымына ерекше көңіл бөлінеді. Олар; бірге өмір сүруді үйрену, білім жинауды үйрену, жұмыс жасауды үйрену, өмір сүруге үйрену. Демек біз де жоғарыда айтылған барлық талаптарға қоса, әр бір оқулықта авторларды осы төрт ұстанымды іске асыруға жұмылдыруымыз керек.

Білім беру ісі қай кезде болсын озық ойшылдар мен ел басыларының ерекше назарында болған. Бұл жүйе - көп салалы, өте күрделі жүйе. Ғылымның негізі білімде болса білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Сондықтан біз елдің келешегін, мемлекетіміздің дамып гүлденуін діттер болсақ, ең алдымен: «Орта мектепте білім беру жайы қандай деңгейде?» - деген сұрақты алға тастауымыз қажет. Ал білімнің қайнар көзі - оқулықта екенін есте естен шығаруға болмайды.

Елімізде білім беру жүйесін реформалауда атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың қатарында жаңа буын оқулықтарын шығару міндеті де тұр.

Жалпы қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып оқулық жазу ісі ХХ ғасырдың алғашқы 10 - 15 жылында едәуір жандана түсті. Бұл кезде қазақ зиялыларының әмбебап дарынды және қоғамдық саяси белсенділігі күшті, қуатты шоғыры қалыптасқан еді. Олардың көпшілігі алғашқы қадамдарын мұғалімдіктен бастаған, ағарту ісіне жетік кісілер еді. Олар халықтың болашағын жас ұрпақты оқытып, оларға жаңаша білім, тәрбие беретін ұлттық мектеппен байланыстыра қарастырды. Қазақ топырағындағы ояну кезеңінің ең көрнекті кемел тұлғасы А. Байтұрсынұлы «мектеп - оқу таза ана тілінде жретін мектеп болу крек, ондағы оқу мазмұны халық білімін, бағзыдан бірге жасасып келе жатқан салт - дәстүр, тәрбие, жол - жосынымен, бостандыққа ұмтылған мақсат - мұратымен етене қабысып жатуы, заманауи білім беруі керек» деп жазды.

Оқытудың мектептік, сыныптық жүйесі өмірге келгелі, адамзат өзінің ұзақ тарихында жинақтаған бағалы білім, тәжірибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын, жасаған рухани - мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге үрдістерін жеткіншек ұрпағына шама - шарқына шақтап, сатылап жеткізудің, амалдап үйретудің оқулықтан қолайлы құралын ойлап тапқан ешкім жоқ. Білім берудің компьютерлік, аудиовизуалдық және басқа жаңа құралдары кеңінен, тіпті жаппай іске қосылып отырған біздің дәуірде де мектеп оқулығының ролі арта түспесе кемімейтіні дауыссыз.

Жас ұрпақты білімді, инабатты болуға, дербес өмір сүруге даярлауда ауыл мектептерінің өзіндік үлесі зор. Қазіргі ауыл әлеуметтік - экономикалық дағдарысты басынан көшіруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ақпараттық технологиялар мен мұғалімнің шеберлігі: білім сапасын қамтамасыз ету
Жаңа буын оқулықтары негізіндегі бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі
2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері және жаңа буын оқулықтары мен бағдарламасының талдауы
Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері, басқару принциптері және білім беру сапасын қамтамасыз ету
Бастауышта қарапайым математика арқылы логикалық ойлауды дамыту: жаңа буын оқулықтары мен шығармашылық жаттығулар
Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының жағдайы мен мәселелері
Инклюзивті білім беру арқылы білімдегі теңдікті қамтамасыз ету
Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұны мен жүйесінің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының теориясы мен практикасы
Ауыл мектептерін ақпараттандыру және ауылдық білім беру жүйесін жаңғырту: материалдық-техникалық қамтамасыз ету, педагогикалық кадрларды даярлау және қаржыландыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz