Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Болатбекқызы Айман

Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ«Қорғауға жіберілді»кафедра меңгерушісіп. ғ. д., профессор Торыбаева Ж. З.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері»5В010300 - мамандығы бойынша - «Педагогика және психология»»Орындаған: Болатбекқызы А.Ғылыми жетекшісі:п. ғ. к., доцент. Ералина А. Қ.Түркістан 2014:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., профессор Торыбаева Ж. З.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері »

5В010300 - мамандығы бойынша - «Педагогика және психология»»

Орындаған: Болатбекқызы А.

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент. Ералина А. Қ.

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру психологиялық-педагогикалық проблема . . . 11

1. 2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктері . . . 22

1. 3 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделі . . . 54

2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі

2. 1 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мазмұны . . .

2. 2 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі . . .

2. 3 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру нәтижелері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады. Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде. Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған. Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады[1-2] . Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады. Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың көрнекті ойшылдары Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина, Қ. А. Иассауи), жаңару кезеңінің ағартушылары (Я. А. Коменский, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег т. б. ), орыс педагогтары (К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. ), қазақтың ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. ) өз еңбектерінде адамның дара мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін дамыту мәселелеріне ерекше мән берілгені анықталды. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби “Бақытқа жол сілтеу” атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір жолы - адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман талабына сай туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс екендігінің дәлелі. Демек, шығармашылық - үздіксіз және адамзат баласын прогрессивті түрде ілгері қарай жетелейтін үрдіс. Өз заманында сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда “толық пішінді” ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы ғылым, білім екенін айтады. Ал ғылым, білімге жету ұзақ еңбек, ізденіс қажет және адамның ақыл-парасаты жаңаны ойлап тауып, жансызды жандандыруға қабілетті екендігіне тоқталады[1-27] . Зерттеу барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А. Е. Әбілқасымова, Е. Омар, Қ. А. Аймағамбетов, Л. К. Керимов т. б. ), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б. К. Момынбаев, А. А. Саипов, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Жолдасбеков, О. С. Сыздықов, Б. А. Тойлыбаев, А. Ғ. Қазмағамбетов, Т. М. Әлсатов т. б. ), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш. Таубаева, Б. А. Тұрғынбаева, Б. А. Әлмұхамбетов т. б. ), қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ. Б. Бөлеев, Ж. Асанов, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсенбінова, Қ. Б. Жарықбаев Х. Шалғынбаева, Ә. Табылдиев, Ә. Усманов т. б. ), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б. Оспанова, І. С. Сманов т. б. ), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары[28-51] . Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Олардың еңбектерінде бұл мәселенің: шығармашылық-танымдық іс-әрекет нәтижесі ретінде (М. И. Махмутов, С. Т. Шацкий, Т. И. Шамова т. б. ), шығармашылықтың психологиялық табиғатын талдау (С. Л. Рубинштейн, А. В. Морозова, Б. М. Теплов, И. А. Зимняя т. б. ), шығармашылық қажеттілікті дамыту (В. С. Шубинский, В. И. Андреев, Л. С. Выготский, В. А. Якунин т. б. ) бағыттарын қарастырады[52-62] . Еліміздің ХХІ ғасыр баспалдағын жаңашылдықпен қарыштап басып, өркениетке бағдар алуы әр адамның шығармашылық болмысының нәтижесі деп бағалауға болады. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі шығармашыл тұлға қазіргі білім беру стратегиясының мақсат-мұраты. Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Олар: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми - теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т. б. Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда. Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және мектептегі оқу-тәрбие тәжірибесін талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: шығармашылыққа деген әлеуметтік қажеттілік пен оқушының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі арасындағы; оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен оны дамытудың жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы; білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: “ Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері” деп таңдауымызға себеп болды. Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі. Зерттеу пәні - білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру. Зерттеудің мақсаты - білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу міндеттері : 1. Білім берудің жаңа парадигмасы мен жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау; 2. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні мен мазмұнын анықтап, “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “креативтілік”, “инновациялық креативті білім беру”, “шығармашылық рефлексия” ұғымдарына берілген анықтаманы жүйелеу. 3. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу. Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Шығармашылықтың мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы. Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер.


1 Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері 1. 1Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру психологиялық-педагогикалық проблема

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім дайындаудың мәселелері
Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz