Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8

1. 1 Қазақ ағартушы-педагогтарының бастауыш мектеп оқушы

ларына ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері 8

1. 2 Қазақ этнопедагогикасындағы оқушыларды ұлттық ойын арқылы тәрбиелеу дәстүрлері 30

2. ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ

2. 1 Қазақ халқының ұлттық ойындарын бастауыш сыныптардың мектептің оқу-тәрбие жүйесінде пайдалану

2. 2 Ұлттық ойындар арқылы бастауыш мектеп мұғалiмдерінiң оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу жұмыстарының әдістемелік мазмұны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” халыққа Жолдауының “Қазақстан мұраты” бөлімінде былай баяндалған: “Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды . . . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады” (1) . Ал Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны - Қазақ Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, - деп айрықша атап көрсетілген (2) .

Егер Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені дамытудың перспективасы десек, онда “Білім туралы” заңда білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі шығады.

Жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу мұғалімдер практикасында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайы төмен деңгейде екенін, өйткені мұғалімдердің ол мәселе бойынша теориялық білімдері мен практикалық іскерліктері жетіспейтінін көрсетті. Олай болу себебі Кеңестік дәуірде Қазақстанда қазақтың ұлттық мектептері болған жоқ, мектептер қазақ орта мектебі деп аталғанымен ондағы оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге асырылды. Ал педагогтік жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдер ұлттық тәрбие беруге дайындалмады, содан келіп қазіргі мектеп мұғалімдері ұлттық тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерімен қаруланбады. Сондықтан қазір қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайы өте төменгі деңгейде.

Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында”: “Үздіксіз тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ, болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етіп ендіруді”, - ұсынды (3) . .

Мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындаудың негізі “Қазақ этнопедагогика” ғылымы. Ол ғылымның құрылымы мен мазмұнын жасауға қазақ ағартушы-педагогтары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов және ғалым-педагогтары: Т. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, А. Көбесов, Қ. Бөлеев, К. Құнантаева, З. Әбілова, К. Қожахметова, Ж. Наурызбай, А. Ильясова, Ә. Қамақов, т. б. өз зерттеулерімен үлкен үлестерін қосты (9) . Ал Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, З. Әбілова, Т. Сабыров, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова “Қазақ этнопедагогикасы” атты бағдарламалары мен соларға қажетті оқу құралдарын шығарып (10, 11, 12, 13, 14, 15) . болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге даярлауда айрықша еңбек етуде.

Дегенмен, сол санаулы ғана жұмыстардан болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау проблемасының теориясы мен практикасы әлі зерттелмегенін көруге болады. Берілген проблема, сондай-ақ, бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру мен оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерінен тікелей келіп шығады.

Жалпы бiлiм беретiн мектептiн беру мазмұнынын тұжырымдамасында атап көрсетiлген мэселелердiн бiрi - бастауыш сынып окушыларынын бiлiм сапасын арттыру делiнген. Бастауыш мектеп педагогикасынын басты проблемаларынын катарына олардын танымдык кызметiн калыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi койылған. Бастауыш мектеп жасындагы бала психикасынын дамуындагы негiзгi факторлардын бiрi - онын өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордын эрекеттiк және эдiстемелiк мазмұнын балалардын психофизикалык дамуына белсендi эсер ету аркылы аныктау кажет [1, 5] . Осындай белсендi эрекетке ойын эрекетi жатады.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында[5, 21] .

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Окыту процесiнде ойын элементтерiн пайдалану сабактын дидактикалык мiндеттерiн кушейтедi, ягни окыту эдiстерiнiн тиiмдiлiгiн арттырады. Сондыктан дидактикалык ойындарды оку-тәрбие процесiнде колдану педагогикалык процестiн кұрамдас болiгi болып табылады.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет[6, 24] . Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған болып саналады.

Ойын процесінде балалардың білімі мен пайымдауы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние түралы түсінік алады. Ойын - дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.

Оқушының білімінің сапасы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігінде, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін білімдерін, дағдыларын, іскерлікпен дамытуға байланысты.

Ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқарылатын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнек, мозайка, шытырман, жарыс, интермедия, дұзақ, қара есеп, сұрақ, алмастыру, қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді. Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке және т. б. тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Баланың әртүрлі ойынмен ойнауы және өзі туып өскен, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, тыорчестволық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

Ойынды педагогикалык процеске енгiзе отырып, мұгалiм балаларды А. С. Макаренконын сөзiмен айтканда „Жаксы ойын„ жасауга үйретедi. Сонда ғана ойын оку-тәрбие кұралына айналады

Сонымен, қазақ мектептері практикасында ұлттық тәрбиені жүзеге асыру, бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқушыларға ұлттықтәрбие беруге даярлық деңгейінің және бастауыш мектеп мұғалімдерінің этнопедагогикалық дайындықтарының теориялық және әдістемелік негіздерінің жасалынбауы арасында қарама-қайшылық туындап отырғаны зерттеу проблемасын айқындауға негіз болды. Аталған проблеманың өзектілігі және оның теория жүзінде зерттелмеуі мен практикадағы маңыздылығы бізге зерттеу тақырыбын Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану әдістемесі деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік потенциялын анықтап, оның оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемесін дайындау

Зерттеу объектісі : қазақ этнопедагогикасының тәрбие мазмұнын зерттеу процесі

Зерттеу пәні - қазақ этнопедагогикасының тәрбие жүйесінің мазмұны

Зерттеу болжамы - қазақ этнопедагогикасының оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу жұмыстары тиімді болар еді, егер бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнайы этнопедагогикалық білімдерді меңгертіп,, оларды ұйымдастыра білудің формалары және әдістерімен қаруланса, онда олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мүмкіндіктері артар еді Зерттеу міндеттері :

Қазақ этнопедагогикасының оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлеріне теориялық талдау жасау;

Қазақ халқының ұлттық ойындары және олардың тәрбиелік құзыреттерін анықтау;

Бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу жұмыстарының әдістемелік кешенін анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент түрінде тексеру.

Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері: философиялық, тарихи-этнографиялық, фольклористикалық, өнертанушылық, психологиялық, педагогикалық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық әдебиеттерді талдау; жалпы білім беретін қазақ мектептері мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау; бастауыш мектеп мұғалімдерінің халықтық педагогика, оның көздері, этнопедагогика және олардың ұлттық тәрбие туралы түсініктерін анықтау үшін әңгімелесу және анкеталау; жоғары педагогтік оқу орындарының болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін этнопедагогикалық дайындау барысын анықтау; педагогикалық эксперимент ұйымдастыру және олардың нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің мынадай негізгі қағидалары қорғауға ұсынылады :

Қазақ ағартушы-педагогтарының бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері және ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні туралы түсініктері;

Ұлттық ойындар арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздемесі ;

Бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу әдістемесінің тиімділігі. .

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізделінуі - ұлттық тәрбие мазмұнына әдіснамалық қараумен, философияның, психологияның, педагогиканың, этнопсихология мен этнопедагогиканың сол саладағы жетістіктерін пайдаланумен, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай әдістердің жиынтығымен, қорытындылардың тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың берілгендерінен алынуымен, зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талданылуымен, зерттеу қағидаларының практикада кең көлемде мақұлданылуы және ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

1. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақ ағартушы-педагогтарының бастауыш мектеп оқушы

ларына ұлттық тәрбие беру және оған мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлері

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани, әдеби өміріне белсене араласқан, өздері мұғалімдік қызмет атқарған қазақ ағартушы-педагогтарының ұлттық идеялары туралы ой-пікірлерін зерттеу осы кезде ерекше маңызды мәселе.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында “Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі” атты халыққа Жолдауында “Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің санғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар “Алаштың” ардақты азаматтары еді”, деп сол партияны құрып, оның бағдарламасындағы ұлттық идеялары үшін құрбан болған А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, т. б. тарихта алатын орнына әділ баға берді (26) . Сол азаматтар өздері ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын үңіле зерттеп, санғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар бастауыш мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

Енді сол қазақ ағартушы-педагогтары көрсеткен ұлттық тәлім-тәрбие беру жолдарына тоқталайық.

1. Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ақын, әдебиет зерттеуші, ағартушы-ұстаз, қоғам қайраткері болған.

А. Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. Ол “барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді”, - дейді профессор С. Қалиев (14) .

Ол өзінің ұлттық идея туралы ой пікірлерін “Қазақ” газетінде жариялаған мақалаларында, “Тіл туралы”, “Әдебиет танытқыш”, “Баяншы”, “Тіл ашар”, “Әліпби”, “Сауат ашқыш”, “Әліппе астар”, “Оқу құрал” (хрестоматия), т. б. еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей іске асырып отырды (27, 28) .

Ахмет Байтұрсынов осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері:

Ұлттық жазу жүйесі бойынша білім беру;

Ұлттық негіздегі бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар;

Мектепке керек заттар;

Мектеп ісін жандандыратын мұғалімдер мен тәрбиешілер.

А. Байтұрсынов осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін бастауыш мектепте оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралдарын жазып шығарды. 1902 жылдан бастап “Ауыл мектебі” деп аталатын үш жылдық бастауыш мектептерде қазақ балалары сауатын алдымен орыс тілінде ашты, ресми түрде қабылданған графикасы болмады, ал мұғалімдер өз ыңғайына қарай орыс жазуларын пайдаланды. 1905 жылы А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары патша үкіметіне петиция жолдап, онда “қазақ даласында оқу-ағарту дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінің балалары қазақша сауат ашатын болсын, Оқу ана тілінде жүргізілсін” деп талап қойды. А. Байтұрсынов осы талаптарды жүзеге асыру үшін 1912 жылы қазақ оқу құралы тұңғыш әліппе “Әліпбиін” жазды. Мұны ол “Оқу құралы” деп атады. Ол бұдан бұрын 1892 жылы “Букварь для киргизов” деген құралын жазып, ол жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің оқу құралы ретінде пайдаланылып келген еді. 1926 жылы ол “Әліпбидің” жаңа түрін жазып шығарды (29) .

Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпби” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алғы қойған мақсаты - бастауыш мектепта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, әр әріптің жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.

Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқаулар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой.

Мысалы, “Әліппедегі” жыршы сөзінен үзінді келтірелік:

Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз, -

- деген өлең жолдары адамның жақсы немесе жаман болуы тек тегіне ғана емес, ол тәрбиесіне де байланысты деген қорытынды шығады.

Ал “Әліпбидегі” мына ұсақ әңгімеден: “Күн ыссы еді. Ат жүк тартып келе жатты. Арбаның көленкесінде ит келе жатыр еді. Ол тілін салақтатып, ентігіп былай дейді: Жүк ауыр, жол алыс, тілім шықты бір қарыс”, - өзгенің ісін өзіне жоритын жалқау адамдарды сынға алғанын көруге болады.

Сондықтан ол “Оқу құралының” бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кезде әліппе жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз.

А. Байтұрсыновтың ұлттық идеясы өзі редакторы болған “Қазақ” газеті беттерінде жариялаған мақалаларында айқын көрінеді. Мысалы, 1913 жылы газеттің тұңғыш саны шыққанда ол тілге, әдебиетке, мәдениетке байланысты былай деп жазған: “Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халіміз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса елеусіз жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл ерекше жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті” (30) .

Сонымен қатар, А. Байтұрсынов “Қазақ” газеті беттерінде оқу-ағарту мәселелеріне арналып жазылған “Оқу жайы”, “Қазақша оқу жайында”, “Бастауыш мектеп”, “Мектеп керектері”, “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?”, т. б. мақалаларында өзінің ұлттық идея туралы көзқарастарын кеңінен насихаттады. Мысалы, ол өзінің “Оқу жайы” мақаласында қазақ балаларына білім беру мәселесін “Оқусыз халық қанша бай болса да, бірер жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолында кетпекші . . . Бұл заманда қолы жеткендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім. Әуелі елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек, екінші білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек”, - деген талаптар айтты (30(.

А. Байтұрсынов өзінің “Бастауыш мектеп” деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәндерді “оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек” екендігін нақтылап көрсетеді. Сол мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: “ . . . Қазақ балаларын ана тілінде, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек” деп кесіп айтты (30(. Сол мақаласында ол туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хәл-күйі жөнінде “Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз”, - екеніне ерекше атап өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
Ойын технологиясы туралы
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну
Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ – ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР – БАЛАНЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Сөздік - дидактикалық ойындар
Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz