Биология кабинетінің жабдықталуы



І Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1. Биология кабинеті қалай жабдықталады?
ІІ.2. Мұғалімнік оқушыларға дайындауды үйрету негізіндегі
ізденістері.
ІІ.3.Балық тұлыбын дайындау.
ІІ.4. Қаңқаны (скілетті) дайындау
ІІ.5. Гербарийлер дайындау.
ІІ.6. Гүлден гербари жасау
ІІ.7. Өсімдіктерді кептіру
ІІ.8. Муляж жасау тәсілі
ІІ.9. Жемістерді пішінін қалпыпқа құю тәсілі

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер .
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына тиянақты да сапалы білім беру ісінде Қазақстан Республикасының орта білім жөніндегі мемлекеттік стандартына және жаңа мақұлданған бағдарламаларға (V – IX сыныптар үшін) сүйену қажет. Бұл орайда кабинеттік оқу жүйесін кеңейтіп, жеке пәндерге арналған кабинеттерді қайтадан жабдықтау ісін қолға алған жөн. Әрбір пәннің жеке ерекшелігін ескеріп, кабинеттерді қазіргі заман талабына сай жабдықтауды жедел қолға алу – мектеп алдындағы, мұғалім алдындағы басты міндет.
Кабинет мұғалімнің жүйелі түрде сабақ өтуіне, оқушыларға тиянақты білім беруіне, қажетті көрнекті құралдары жинақтауына көмегін тигізеді.
Биология кабинеті мектеп мүмкіндігіне қарай екі бөлмеден тұруы қажет, оның үлкені күнделікті сабақ өті кабинеті болады да, екінші шағын бөлме көрнекті құралдарды сақтауға және мұғалімнің сабаққа дайындық жұмыстарын жүрігузге арналады. Биология кбинеті негізінен мектептің бірінші қабатының оңтүстік бөлігінде жарық мол түсетін орында болады және кабинеттің терезелері бөлған жөн. кабинеттегі тақта қақпалы болып, оның екі қақпасы ашып жабуға пайдаланылатын көрнекті құралдары ілуге арналған бос орын қалдырылады.
1. Әдістемелік жаршы 2\ 1998 ж

2. «Педогогика» Ю.К. Бабанский М. Просвещение 1988 ж

3. «Уроки обшей биологии» В.М. Корсунский М. Просвещение 1988 ж

4. «Биология» журнал 2005\5

5. «Биология» журнал 2006\3

6. «Педогогика» С.Бабаев Алматы 2002 ж

7. «Педогогика» К. Қоянбаев Алматы 2000 ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1. Биология кабинеті қалай жабдықталады?
ІІ.2. Мұғалімнік оқушыларға дайындауды үйрету негізіндегі
ізденістері.
ІІ.3.Балық тұлыбын дайындау.
ІІ.4. Қаңқаны (скілетті) дайындау
ІІ.5. Гербарийлер дайындау.
ІІ.6. Гүлден гербари жасау
ІІ.7. Өсімдіктерді кептіру
ІІ.8. Муляж жасау тәсілі
ІІ.9. Жемістерді пішінін қалпыпқа құю тәсілі

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер .

1. Биология кабинеті қалай жабдықталады?

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына тиянақты да сапалы білім беру ісінде
Қазақстан Республикасының орта білім жөніндегі мемлекеттік стандартына және
жаңа мақұлданған бағдарламаларға (V – IX сыныптар үшін) сүйену қажет. Бұл
орайда кабинеттік оқу жүйесін кеңейтіп, жеке пәндерге арналған кабинеттерді
қайтадан жабдықтау ісін қолға алған жөн. Әрбір пәннің жеке ерекшелігін
ескеріп, кабинеттерді қазіргі заман талабына сай жабдықтауды жедел қолға
алу – мектеп алдындағы, мұғалім алдындағы басты міндет.
Кабинет мұғалімнің жүйелі түрде сабақ өтуіне, оқушыларға тиянақты
білім беруіне, қажетті көрнекті құралдары жинақтауына көмегін тигізеді.
Биология кабинеті мектеп мүмкіндігіне қарай екі бөлмеден тұруы қажет,
оның үлкені күнделікті сабақ өті кабинеті болады да, екінші шағын бөлме
көрнекті құралдарды сақтауға және мұғалімнің сабаққа дайындық жұмыстарын
жүрігузге арналады. Биология кбинеті негізінен мектептің бірінші қабатының
оңтүстік бөлігінде жарық мол түсетін орында болады және кабинеттің
терезелері бөлған жөн. кабинеттегі тақта қақпалы болып, оның екі қақпасы
ашып жабуға пайдаланылатын көрнекті құралдары ілуге арналған бос орын
қалдырылады. Кабинеттің оңтүстік терезелері бар тұсына бөлме өсімдіктерін
орналастыру керек. Ал артқы жаққа шкафтар қойылып, оған пәнге қажетті
әдістемелік оқу құралдары, қосымша әдебиеттер, ылғал препараттар,
жануарлардың қатырылған тұлыптары қойылады. Оқушылар отыратын парталардың
алдына мұғалім отыратын үстел және демонстрация жасауға арналған үстел қоса
қойылады. Тақтаның екі бүйіріне өсімдік және жануарлар жасушаларының
құрылысы салынған стенттер қойылады, ал тақтаның үстіндегі бос жерге
көрнекті шетел және Қазақстан биолог ғалымдарының сүреттері ілініп, оның
астына туылған және қайтыс болған жылдары, олардың басты еңбектері даналық
сөздері қысқаша жазылады.
Кабинеттің терезеге қарсы қабырғасында негізгі биологиялық ұғымдарды
билдіретін шағын бірнеше стендтер ілінеді. Мысалы, тірі ағзалардың жүйелік
топтары, тіршілік деңгейлері, тірі ағзалардың негізгі қасиеттері, олардың
ерекшеліктері, тірі ағзаларды тарихи даму шежірелері, Қазақстанның Қызыл
кітабы (1996), оған тіркелген өсімдіктер мен жануарлар тізімі, жергілікті
жерде қорғауға алынған түрлері, Қазақстан қорықтары, т.б. Мүндай
стендтерді іріктеп алу мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Стендтерді
босқа іліп қоймай, күнделікті сабаққа пайдаланып отыру қажет.
Кабинеттегі бір шкафқа оқушылардың өздері даярлаған шығармашылық
жұмыстары да іріктеліп қойылады.
Кабинеттің қабырғалары ақталып, көгілдір немесе ашық жасыл бояулармен;
(табиға түстес) сырлану керек. Терезені керек кезінде қараңғылап отыраын
электірлі тетік орналастырылады. Кабинетке кірер есіктің жанына
қауіпсіздік ережелері жазылған шағын тақта ілуді де ұмытпаған жөн.
Кабинеттерге арнайы жүрналға кбинетте бар, көрнекті құралдардың жүйелі
жазылған тізімі тіркеліп, оның қай жерде тұрғаны қоса көрсетіледі.
Кабинетегі әрбір қойылған көрнекіліктер эстетикалық тұрғыдан жоғары
талапқа сай жасалуы тиіс және оларды жұқа әрі мөлдір целофанмен қаптап қою
қажет. Ол шаң басудан сақтайды және үнемі тазартып тұруға ыңғайлы болады.
Әрбір мектептің орналасқан аймағына сәйкес Қазақстанның қызыл кітабына
тіркелген жануарлар түрлерінің сүреттерін салып, аттарын жазып қоюға
болады. Бұлардан басқа Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері, Тірі
ағзалардың шығу тегі және даму кезеңдері, Табиғатты аялау – халық
даналығы, т.б. стендтер кбинеттің әдістемелік мазмұнын аша түседі.
Биология кабинетіндегі стендтердегі жазулар анық көрініп тұруы қажет.
Сабақ тақрыптарымен байланыстырылып әрбір стент материалдарының
мазмұны, мәні ашылып отырса, соғұрлым оқушының табиғаттың тылсым сырына,
биология ғылымына құштарлығы арта түседі.

2. Мұғалімнік оқушыларға дайыдауды ұйрету негізіндегі
ізденістері.

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін ғылыми негізде
жүргізуді жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін ұдайы
арттырып отыру – басқару ісіндегі мектеп басшыларының басты міндеті.
Мектепті біліктілікпен басқаруға мектеп басшылдарының тынымсыз шығармашылық
ізденісі мен дұрыс ырғағы жұмыс арқылы жетуге болады. Басқару – белгілі бір
жүйенің жағдайын реттеп, одан талапқа сай нәтижеге жету.
Әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып,
тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Ремпубликасының
болашағын білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу – басты міндет.
Өйткені, бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан – жақты дамыту,
жаңаша оқыту қажет.
Мұндай міндеттерді шешу жеңіл шаруа емес. Өйткені, әрбір мұғалімнің
өз білімін күнделікті толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі озық
әдістерін шеберлікпен қолдануға қолайлы жағдайлар жасайтын және өзара көмек
көрсететін әрі мектепшілік бақылау кестесі ілініп, қорытындысы жинақталатын
орын әдістемелік кабинет. Ол кабинет уақыт талабына сай жабдықталуы тиіс.
Әдістемелік кабинеттегі құжаттардың жүйелену жинағы төмендегідей
олрналастырылмағы ләзім:
– оқу – тәрбие жұмыстарына арналған қалқандар;
– әдістемелік жұмыстардың жүйеленген жинақтары;
– шығармашылық жұмыстар;
– озат тәжірибелер;
Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары ғылыми негізде жүйелі құрылып,
өз мақсатына жетіп жатса, мұғалімдердің ізденістегі жұмыстарына нәтиже
болады.
Әдістемелік кабинет арқылы оқу ісінің меңгерушісі төмндегі ғылыми -
әдістемелік жұмыстарды басқарады.
1. Ғылыми - әдістемелік кеңес.
2. Білім әдістемелік орталағы.
3. Ізденіс ғылыми - әдістемелік орталығы.
4. Жалын оқушылар ғылыми қоғамы.
5. Атамекен тәрбие орталығы.
Білім әдістемелік орталығы пән кафедралары мен сынып жетекшісі
бірлестігінен тұрады.
Ізденіс ғылыми - әдістемелік орталығында мұғалімдер білімдері мен
шеберліктеріне қарай үш топқа бөлінеді: Жетілу мектебі; Шыңдалу
мектебі; Шеберлер мектебі.
Жалын ғылыми қоғамы зерделі, зерек оқушыларды біріктіреді. Қоғамда
ғылыми жоба жұмысы, пәндер олимпиадасы, интелектуалдық ойындар, Ақбота,
Тұлға, Кенгуру, Дарын сырттай пәндер мектебі, баспасөзбен
байланысбайланыс бөлімдері жұмыс істейді. Ал Атамекен тәрбие орталығына
Әкеден ақыл, Анадан әдеп, Азамат, Сырсалу, Сынып кеңесі
мектептері бар.
Осы жұмыстардың барысы әдістемелік кеңесте жан – жақты талқыланады,
бағыт – бағдар беріледі. Бұл мектеп басқаруда оқу ісі меңгерушісінің
оңтайлы жақтарын көрсетеді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысыәдістемелік
кабинетте жинақталады.
Оқу – тәрбие жұмысына басшылық жасауда меңгерушілік бақылаудың
бірнеше түрлері бар.
1. Жан – жақты (фронтально – обзорный) бақылау. Бұл, көбінесе, жас
мұғалімдердің жұмысымен танысу мақсатында жүргізіледі.
2. Үнемі бақылау. Бұл мұғалімнің сабақ беру әдістерін, сабаққа әзірлік
дәрежесін, сабаққа талдау жасауын, сабақтың теориялық, әдістемелік
жәрежесін, дидактикалық әдістерін, оқушылармен қарым – қатынасын білу үшін
қолданылады.
3. Салыстырмалы – тақырыптық бақылау. Бұл белгі бір тақырыпты өткенде
қолданылады. Бірнеше паралель сыныптарда бір уақытта тексеріп қорытындысы
салыстырылады.
4. Сынып бойынша жинақтап бақылау. Мұнда бір сыныптағы барлық сабақтарға
( бір немесе біренеше күн бойы) қатысудың нәтижесінде сыныптың сабақ
үлгерімі, тәртібі, дәрежесі анықталады.
5. Ескертпе бақылау. Бұл күнібұрын мұалімнің сабаққа әзірлік дәрежесі
мен сабақты жоспарлау мазмұны, үйге берілген тапсырма көлемін, қолданылатын
көрнекі құралдарды білуге және сонда байқалған кемшіліктерді сабақта
болдырмау мақсатымен жүргізіледі.
6. Сыныпты шола бақылау. Мектеп басшылары бір немесе бірнеше күн бойы
бір сыныптың сабағына қатысады. Әсіресе, білім көрсеткіштері төмен
сыныптардың сабағына қатысады. Мұнда әр мұғалімнің сыныптағы ынтамен
жүргізетін жұмысын аңғарады.
Бұл бақылау мұғалімдерінің талап қою дәрежелерін салыстыруға, сабақ
беру әдістерінде өткен сабақ пен жаңа сабақ арасындағы байланыс, сабақта
оқушылардың ынталарын арттыру мақсатында қандай жұмыстар істеледі,
оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу дәрежесі, үлгерімі төмен балалармен
істеген жұмыс, үйге тапсырма беру әдістері қандай екенін білуге мүмкіндік
береді.
7. Тақырыптық бақылау. Педагогикалық ұжымның ағымдағы жұмысының
жекелеген буындарын тексеруде пайдаланылады.
8. Жалпылама бақылау. Бұл бір мұалімнің немесе бүкіл әдістемелік
бірлестіктің жұмысын тұтас алып тексеруге мүмкіндік береді.
Мұндай бақылаулар педагогикалық ұжымның жұмысын жақсартуды,
мектептегі оқу – тәрбие үрдісінің сапасын көтеруді, шығармашыл тұлға
қалыптастыру міндетін шешуді көздейді.
Бақылау қорытындысы пән бірлестік отырыстарында, әдістемелік кеңесте,
директор жанындағы кеңестерде қаралады.
Мектеп ішіндегі бақылау жұмыстары жүйесінде мұғалімдердің күнделікті
сабақтарына қатысу және оларға талдау жасау ерекше орын алады. Оқу ісінің
меңгерушісіне 180 – 200 сабаққа қатысу міндетті деп саналады.
Оқу ісі меңгерушісі сабаққа міндетін атқара салу үшін емес, мақсатты
жоспарлы түрде қатысуы керек. Мәселе, қатысқан сабақтың санында емес,
сабаққа кірудегі жүйеде, сапасына тигізер пайдасында. Қаныстақ сабаққа
немесе сабақтан тыс жұмысқа әділ талдау жасалмаса, мұғалімге әдістемелік
немесе теориялық, тәрбиелік көмек берілмесе, ондай қатысудан ешқандай
нәтиже шықпайды. Сондықтан сабаққа қатысудың мақсаты мен міндеті, бағыты
мен жүйесі үшін төмендегі қағидалар орындаған жөн.
1. Сабаққа қатысудың мақсатын белгілеп алған соң тақырыппен байланысын
әдістемелік әдебиеттер, сабақ жоспары, мұғалімнің оқулықтан басқа
пайдаланған әдебиеттерімен танысып, сынып журналынан оқушылар үлгеріміне
қойылған баға мен жазба жұмыстары нормасының орындалуына, журналдың уақыты,
сауатты толтырылуына назар аудару, өткен тақырыптардың бағдарламалық
материалдарымен сәйкестігін салыстыру, қажеттілікке қарай оқушылардың
күнделіктерін қарап шығу, т. б. істерді орындау қажет. Сондай – ақ өткен
тақырып пен өтілетін тақырыптың материалдарымен де танысқаны дұрыс.
Оқу ісі меңгерушісі қатысқан сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына
қорытынды шығарып, мұғалімге кеңес ретінде әдістемелік құнды пікірлер айтуы
тиіс.
Бәсекеге қабілиеттілік мәселесі, бұл, ең алдымен, сапа мәселесі деп
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 2006 жылғы 27 мамырдағы
Жолдауында айтқандай, сол сапаға жетудің жолы – сапалы білім беру екені
аян. Ал сапалы білім берудің негізгі жолы – кешенді оқу құралдарымен
талапқа сай жабдықталған, жүйеге түсірілген оқу кабинеті.
Өйткені пән кабинеттері оқушыларға жоғары ғылыми деңгейде оқыту мен
тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру үшін қызмет атқарады.
Қазақ тілі сабағы оқушылардың іс жүзіндік тәжірибесіне бағыттауға,
алдағы уақытта білімдерін өмірде қолдана білуге, мемлекеттік тілдің аясының
кеңеюіне, шәкірттердің пән бойынша білім, білік дағдыларының қалыптасуына,
ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үйретеді. Сондықтан біз мемлекетіміздегі
қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін жабдықтау барысында жүйелеудің мынадай
жолдарын негізге алдық.
Біріншіден, кабинетті жүйеге түсіруге дейін оқу көрнекілік кешенін
жинау, топтау, іріктеу қажет болды. Содан кейін ғана қолда бар
материалдарды түгелдей картотека бойынша кітапханалардағыдай жүйеледік.
Екіншіден, әр тақырыптың әр сабағына қажетті көрнекіліктерді іріктеп,
картотека нөмірлері көрсетілген кесте бойынша жүйелеп шықтық.
Жүйелеудің бұл екі түрінің де өзіндік тиімділігі бар. Бірінші жүйе
бойынша көрнекіліктерді сол картотека арқылы іздеп табуға болады. Бұл өте
ыңғайлы, аса тиімді және уақытты үнемдеуге, сабақтың сапалық тиімдігінін
арттыруға кеңінен жол ашады. Ең бастысы, осындай тақырыптық категориялық
жүйе болғанда ғана барлық оқу құралдарын кешенді қолдану мүмкіндігі туады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен картотекаға түсірілген
картотекадағы 50 нөмір бар. Осы нөмірлер. арқылы тілінден де, әдебиеттен де
екінші кестелік жүйе жасалынады.
Ал қазақ тілінен көрнекіліктерді кесте арқылы жүйелеуде тіл білімі
бөлімдері бойынша жүйеге түсіріледі. Сонымен бірге жоғарыда айтылғандай,
кестеде сол бөлімдердегі әр тақырыптың әр сабағына қажетті көрнекі құралдар
қысқартылған әріптермен белгіленеді. Мысалы, тіл білімі бөлімдері: Ф –
фонетика, Л – лексика, М – морфология, СЖ – сөзжасам, С – синтаксис, ТМ –
тіл мәдениеті.

3.Балық тұлыбын дайындау.

Балық тұлыбын жасауға жаңа ауланған немесе шала тұздалған, суға алдын
ала жібітілген балықты пайдалануға болады. Барлық жағдайда да бұзылмаған
және қабыршақтары жақсы сақталған балықты таңдап алу қажет. Тұқымы (сазан,
аққайранның таға басқа балықтардың қабыршақтары мықты ұсталып тұруы үшін
ауада 2 – 3 сағат бойы кептірілуі керек.
Тұлыпты төмендегі тәсілдер бойынша жасауға болады.
1. Таңдап алынған балықтың ұзындығы (басынан құйрық қанатының түбіне
дейін), биіктігі (бауыр және арқа қанатына дейінгі қашықтық), бауыр, арқа
және құйрық түбінің қалыңдығы өлшеніп алыннады. Бұл деректер жазылып
қойылады. Ал кейін тұлыпты табиғи қалыпқа келтіргенде керек болады.
2. Балықтың бауыр жағындағы желбезек қапшықтарының жалғасқан жерінен құйрық
алдындағы қанатына дейін, одан соң осы қанаттың бір бүйірінен құйрық
қанатына дейін және бұлшық еттерін, сонымен қосы лық сүйектері мен жамбас
белдігін қайшымен кеседі.
3. Балықтың бірінші, содан соң екінші жағынан кесілген жерлердің ортасынан
бастап скальпель арқылы теріден бұлшық еттерді ақырындап сыдырылады.
Дененің алдыңғы және артқы бөлшектерінде бұлшық еттері мен омыртқасы
қайшымен көлденең бағытта кесіледі. Ол ішек – қарын мен қоса алынып
тасталады. Сонан соң терісімен май, қалған еттерінен тазартылады. Балық
денесінің басы мен құйрық бөлігі сол күйінде қалады.
4. Пинцетпен көзі алынып, көз шарасы сүртіледі де, мақта тампонымен
толтырылады. Қайшы мен пинцет арқылы желбезек доғашалары кесіп алынады.
5. Ас тұзының екі және ДДТ немесе гексохлорапан бір бөлігінен қоспа
дайындап, онымен терінің ішкі жағы жақсылап сүртіледі, ол сонымен бірге
желбезек қақпақшасының астына да себіледі.
6. Тері тілігінен жуан майысқыш сымнан жеңіл қаңқа орнатылады. Оның бірінші
ұшы бас сүйекке, екіншісі басы құйрық бөлігінің тканіне енгізіледі.
7. Ауыз тесігі қағаз қалақшалар арқылы еленген құммен толтырылады. Құм
әлсін - әлсін шыны таяқшамен тиісті қалыпқа келгенше тығыздалады. Бұл жерде
жоғарыда жазып алынған қалыңдық мөлшері сақталуы керек. Егер тіс жүйесінің
құрылысын көрсету керек болса балық терісі толтырылып болғаннан кейін оның
ауызына ірілей қағаз тығылады.
8. Қанаттары тіс щеткасы мен немесе шүберекпен дымқылданып, қатты қағаздың
арасына скрепкамен қосылып бекітіледі. Арқа қанатының қайысып немесе
балықтың денесіне болып тұрмауын қадағалау керек.
Кеуде және бауыр қанаттары денеден аздап қисайып тұрыуы керек (ол
үшін олардың астына мақта салынады).
9. Қанаттарды дайындап болғаннан кейін терісі щеткамен тазаланады. Балық
тұлыбын желдетілген бөлмеге шығарып, жақсы кебуі үшін 3 – 4 күн іліп
қойылады.
10. кептірілгеннен кейін қанаттарынан қағаздар алынады. егер дайын көз
жоқ болса, оны қолдан жасалады. ол үшін суға шыланған гипс немесе алибастр
әзірленіп, клегейдің қоюлығындай, ол көзге толтырылады. Желіммен су қосып
пайдалануға болады. Көздің үсті скальпильмен тегістеліп, жанар қара
тушпен, ақ бөлігі сары акварель бояуы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабақтарын әзірлеу
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Мектептегі биология кабинеті және зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен танысу. Әрбір қажетті құрал жабдықтардың сипаттамасын жасаңыз
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Биологияны интерактивті оқыту
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Пәндер