Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері



1.1 Жастардың гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың психологиялық.педагогикалық негіздері
1.2 Педагогика ғылымының білімгердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру тәжірибесі мен олардың мазмұндық ерекшелігі
1.3 Арнайы орта білім беру (колледж) білімгерлерінің тәлім.тәрбие жүйесінің ерекшеліктері
2 КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ПЕДАГОГИКА.ЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақ этнопедагогикасының тәлім.тәрбие құндылықтары негізінде колледж білімгерлерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнына жаңаша көзқарас
2.2 Білімгерлердің оқу.тәрбие процесінде гуманистік көзқарасын қалыптастырудың әдістемелік жұмыстары
2.2 Колледж білімгерлерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыруда жалпыадамзаттық және ұлттық факторлардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің тиімділігін зерттеу жұмыстарының тәжірибелік.эксперименттік нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы – қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы – зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс – гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрі – тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана қажеттілік болып табылмайды, сонымен қатар тәрбие беру – рухани қажеттілік ретінде саналады. Тәрбие – адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытуда 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. - Астана, 2011.
2. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Қазақстан, 1994.
3. Концепция этнокультурного образования Республики Казахстан //Казахстанская правда – Алматы, 1996, 7 августа.
4. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. Соч. - М.: Учпедгиз, 1955.
5. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: В 6 т. Т.2 /Составитель С.Федоров .- М.: Педагогика, 1988.
6. Сухомлинский В.А. Рождение гражданина //Избр. Пед. Соч.: В 3т. - М., 1979.
7. Волков Г.Н. Педагогика жизни. - Чебоксары, 1989.
8. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1994. – 284 б.
9. Құнанбаев А. Білімдіден шыққан сөз. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - Алматы, 1977. - Т. 1. – 115 б.
10. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987, -305 б.
11. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 320 б.
12. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992. -160 б.
13. Наурызбай Н. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников. Автореф.дис.докт. … – Алматы, 1997.
14. Жарықбаев Қ.Б. Психология. - Алматы,1970.
15. Әбілова З., Қалиев С.Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы: Қаз.Х.Қ. және ӘТУ, 1999.
16. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. - Алматы, 1992.
17. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. - Алматы, 1987.
18. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы. - Алматы, 2001.
19. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. А.,1995.
20. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, 1993.
21. Қалыбекова А. Теоретические и прикладные основы народной педагогики казахов. - Алматы, 2005
22. Сарыбеков М.Н., Сарыбеков Н., Сарыбеков Қ.-Д. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. - Алматы: Рауан, 1997.
23. Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиции народной педагогики. Автореф.дисс.к.п.н. ... - Алматы, 1998.
24. Әбдікәрім А. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру. Автореф. дис. ...п.ғ.к.. - Алматы, 1993.
25. Қоңыратбаева Т. Халық педагогикасы және оны оқу-тәрбие ісіне ендіру жолдары: Автореф. дис. к. п. н. ... - Алматы, 1995.
26. Сейсенбаев Б. Проблемы использования прогрессивных идей и опыта казахской народной педагогики в подготовке детей к школе в семейном воспитании: Автореф. дис. к.п.н. - Алматы, 1987.
27. Төлеубекова Р. Қоғам дамуының жаңа кезеңдеріндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізі. - Алматы, 2001.
28. Асанов Ж. Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. - Алматы, 2005.
29. Көшеров Н. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі. Пед.ғыл.канд... дис ... - Тараз, 2000.
30. Кенжахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Рауан, 1995.
31. Жылқыбекова Г.Т. Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд... дис ... – Туркестан, 2007
32. Сейдімбек А. Қазақ әлемі.Этномәдени пайымдау.-А., 1997.
33. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. - Алматы: РБК, 1995.
34. Жампеисова К.К. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.
35. Жарықбаев Қ.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. Алматы. 1968.
36. Керимов Л.К. Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс. – Алматы, 1998. – 129 б.
37. Мұканова Б.И. Педагогические основы взаимодействие учителя и учащихся в формировании социальной активности. - Алматы, 1991. – 28 с.
38. Нұргалиева Г.Қ. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности //Автореф. дисс. … д. пед. наук. – Алматы, 1993. – 42 с.
39. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие: оқу құралы. − Алматы, 1995. − 232 б.
40. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.-Алматы: Ғылым,1998.
41. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Человек и открытое общество. – Алматы: «Қазақ этнопедагогикасы» бас редакциясы, 1998.
42. Нұрмұратов С., Қадыржанов Р.К., Малинин Г.В. Матаев Г.М., Бисенбаев Ф.К. Система педагогических ценностей населения Казахстана: этнический, региональный, стратный анализ (научно-аналитический доклад). Алматы. Издание Института философии МН-АН РК, 1997. 51с.
43. Сейтешев А.П., Кулдыбаев М.М. Развитие педагогикческой науки и научно-теоретические основы формирования национальных кадров. ЧастьІІ. -Алматы,МП:Кайнар, 1997.257 с.
44. Уманов Г.А. Проблемы работы с педагогически запущенными учащимся. - Алма-Ата, – 1967. - 60 с.
45. Ахметов Т.Ә. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тірбиелік идеялар. Пед.ғ.к., дисс ... – Астана, 2003. – 136 б.
46. Орынбасарова Э.А. Развитие теории нравственного воспитания школьников в истории педагогики Казахстана (60-е г. ХІХ в. –90-е г. ХХ в.) Алматы, 2001.
47. Нұрмұқашева С.О. Әлем және адам. – Алматы, 1994. – 301 б.
48. Көшербаева А.Н. Ж.Баласағұнидің педагогикалық мұраларындағы гуманистік идеяларының дамуы
49. Оспанова С. Казахское этнопедагогическое наследие как фактор духовно-нравственного воспитания студентов вуза. Афтореф. дис...... канд. пед. Наук. - Шымкент, 2006.
50. Білім туралы Заңы /Егемен Қазақстан. – Алматы, 1991.
51. Бондаревская Е.В. Ценности и символы национального самосознания в условиях изменяющегося общества. - Москва, 1994.
52. Гусинский Э.Н. Культура мира: от утопии к реальности.- Казань,1999.
53. Сериков В.В. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. - М., 1981. – 324 с.
54. Турганинова Ю.И., Наливкин В.П. Краткая история Коканского ханства. - М.,1984.
55. Якиманская И.С., Краевский В.В. Методология научного исследования. - СПб., 2001.
56. Сухомлинский В.А. Учитель о педагогическом общении. – М., 1987.
57. Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – М., 1995.
58. Загвязинский В.И. Методология и методика социально-педагогического исследования. – М., 1995
59. Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. – М.,1987.
60. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. - М.,2002.
61. Шамова Т.И., Третьякова П.И., Капустин Н.П. Управление образовательными системами. –М., 2001.
62. Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры.-М., 1998.
63. Дубинин Н.П. Что такое человек. – М., 1983.
64. Голиков Ю.Я.Эволюция подходов к человеку и технике в пр.научно-техн.прогресса //Психологический журнал.-1993.-Т.13.№4-С.68-74.
65. Шварцман К.Н. Философия и воспитание. – М., 1981.
66. Попков В.А., Коржуев А.В. Теория и практика высшего профессионального образования. М.: Академический проект, 2004.
67. Колесникова Н.А. Педагогическая реальность: опыт межпарадигмальной рефлексии. - Санкт-Петербург, 1999.
68. Лихачев Б.Т.Философия воспитания.-М.:Прометей,1995.
69. Кон С. К проблеме национального характера. –М.:Наука, 1971.
70. Изотов М.З. Ценностная и гуманистическая ориентация интеграции соременной науки //Философия. Наука. Общество. - Алматы: Ақыл кітабы, 1997.
71. Фромм Э. Бегство от свободы. - М., 1990.
72. Батишев Г.С., Лебедев Н.Н. К философской проблематике нового педагогического мышления. //Вестник высшей школы.- М., 1989.
73. Зенковский В. Ценности и символы национального самосознания в условиях изменяющегося общества. - Москва, 1994.
74. Тагор Р. . Современные этносоциальные процессы и тенденции их развития в Казахстане //Республика Казазстан: межэтнические аспекты социальных и экономических реформ. - Алматы, 1993.
75. Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. Пед. Сочинения. Т.2. - М.: Педагогика, 1988
76. Трубецкой Е.Н. Смысл жизни. - М.:Республики.1994,82с.
77. Колесникова И.А. Теоретико-методологические основы современного нового педагогического мышления. //Вестник высшей школы. – М., 1989.
78. Народная педагогика и формирование гуманистических отношений в школе и семье. //Тезисы докладов и выступлений международной научно-практической конференции «Современная школа: проблемы гуманизации отношений учителей, учащихся и родителей».-Часть ІІ.-/Редколегия.-Л.И.Новикова (отв.редактор) и др.-М.: Ротапринт ИТП и МИОРАО.-1993.
79. Кобесов А. Педагогические наследие аль-Фараби. - Алматы, 1989.
80. Макаренко А.С. Педагогическая поэма. – М., 1976.
81. Шацкий С.Т. Избранные педагогические сочинения: В 2 т. – М., 1980. – Т:1
82. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. А.В.Петровского. - М., 1979. - С 182; - 285 .
83. Ерғалиев І. Формирование духовности человека и философия // Казахстанская философия в конце ХХІ века. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
84. Қапышев А., Колчигин С. Человек и мир: начала новой онтологии //Казахстанская философия в канун ХХІ века. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
85. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 2001.
86. Педагогическая энциклопедия. В 4-томах. М., 2000
87. Жүнісова Г.К. Бабалар дәстүрі.-Алматы:Балауса,1992.
88. Құдышева Б.К. Этапы развития педагогической мысли в Казахстане.-Вестник НПИ. АГУ им.Абая.-1993,№12.
89. Омарова С.Б. Казахское этнопедагогическое наследие как фактор духовно-нравственного воспитания студентов вуза. Афтореф. дис.... канд. пед. Наук. - Шымкент, 2006.
90. Қарақозова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры. - А., Еуразия,1993.
91. Маритен Жак. Знание и мудрость.-М.,1999.
92. Сластенин В.А. Педагогическая деятельность и проблема личности учителя. - М., 1993.
93. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. История образования и педагогические мысли. – М.: Владос-пресс. 2003.
94. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: Инновационная деятельность. – М., 1997.
95. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: 1991.
96. Кожевников Н.Н. Педагогика:учебное пособие. - М.:УРАО, 2003.
97. Берин Э. Введение в психиатрию и психоанализ для непосвященных. Симферополь:Ренолее.-1998.-40с.
98. Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках.-М., 1994.
99. Ұзақбаева С., Кожахметова К. Педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану. – Алматы, 1996.
100. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. - М.: Издательство «Совершенство», 1998. 608 с.
101. Пеппер С. Методологическая концепция о научной рациональности. - М. 1998.
102. Рокич М. Эволюция подходов к человеку и технике в пр.научно-техн.прогресса //Психологический журнал.-1993.-Т.13.№4-С.68-74.
103. Фридман Л.М. Педагогический опыт глазами психолога. – М.,1987.
104. Философия и методология науки: Для аспирантов и магистрантов / од ред. К.Х.Рахматуллина и др. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.-403 с.
105. Краевский В. Методология научного исследования. СПб., 2001.
106. Ставский Т. Дидактические очерки. Глава ХХІV. О формах педагогического метода. //Изб. Сочинения. –М., 1982.
107. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат. 2000. 351 б.
108. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы: Нұрлы әлем,2004.
109. Васильцова З.П. Мудрые заповеди народной этнопедагогики. – М., 1983. – 143 с.
110. Есім Ғ. Қазақ философиясы. – Алматы, 2000. – 211 б.
111. Айтматов Ш. Адамгершілік иірімдері //Жалын, 1987, № 2. – Б. 12 -16.
112. Ғаббасов С. . Ізгілік әліппесі. А.,1991
113. Бекбердиева Г.Т. Колледж студенттерінің тәрбие жүйесін гуманитарландырудағы терминальды құндылықтар жүйесінің рухани мазмұны// «Педагогтің имидждік құзырлылығы: теориясы, тәжірибесі және болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция еңбектері.- Тараз, 2012, 240 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
1 БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ гуманистік көзқарасын қалыптастыру-дың ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Негіздері
1.1 Жастардың гуманистік тәрбиесін қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық негіздері

ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы – қоғамды ізгілендіру, яғни
әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне
байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы – зиялылықты
қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік
құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан
қырлы процесс – гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні
өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ
балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм –
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының
бiрі – тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және
өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткiзедi. Адам
тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана қажеттілік болып
табылмайды, сонымен қатар тәрбие беру – рухани қажеттілік ретінде саналады.
Тәрбие – адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
Адамға қалай болса, қашан болса, пайда келтіретін ой мен іс –
ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның
жаратылысының өзінде бар нәрсе М. Жұмабаев ағамыз айтқандай бастауыш сынып
оқушыларының бойына ізгілік сезімін ояту бұл ұстаздар қауымының алдында
тұрған үлкен міндет деп ойлаймыз[12]. Ізгілік арқылы біз оқушыларға
жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелейміз. Баланы тәрбиелейтін
ұстаздар қауымы болғандықтан, балаларға ізгі ісін көрсете біліп, ізгі
сөздер айтуға тәрбиелеу қажет деп ойлаймын. Себебі, сол бір ізгі сөздің
артында балаларда үлкенді сыйлау мен құрметтеу арқылы баланың бойында
адамгершілік, ізгілік қасиеттері дамиды. Барша кезеңдері педагогтар қауымы
гуманистік тәрбиемен дүниені қайта жасау үмітін ешбір жоғалтқан емес. Егер
барлық адамдар қайырымды, адал, әділетті болған жағдайда, олар арасындағы
дау-дамай өршімей, соғыс, қақтығыс, қарсы тұру, себептері әлдеқашан
жойылған болар еді. Бірақ бұл үшін адамның өзін өзгерту қажет. Мұның бірден-
бір жолы – тәрбие. Бүгінгі заман бағытын жұмсартып, бала пайдасына орай
гуманистік тәрбиеге бет бұрады. Бірақ мектепті ізгілендіру істері әлі
орнына қойған жоқ, бұл бағыттағы ұнамды істер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы білім беру
мекемелерінде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап
етедi.
Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау – оқушыға болған педагогикалық
үстемдігімен танылған, педагог пен оқушы арасындағы қалыпты ізгілікті
қатынастар орнату мүмкіндігін жоққа шығарған әміршіл педагогикадан бас
тартып, оқушылардың тұлғалық еркіндігі мен жеке іс-әрекетіне аса жоғары мән
беретін тұлғалық бағдарлы педагогикаға бет бұрыс. Бұл үдерісті
ізгілендірудің басты мақсаты – оқушылардың оқымауына, өз мүмкіндіктерінен
төмен оқуына , тәрбиелік істердің бейтарап қатысушысы немесе бұрқып тасыған
өмірдің сырттай бақылаушысы болып қалуына мүмкіндік бермейтін жағдайлар
жасау. Гуманистік педагогика әрдайым мектепті оқушыға икемдестіру
тарапында, балаға қолайлы жағдай түзіп, оның психологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге ұмтылады.
Гуманистік педагогиканың талаптары:1). тәрбиеленушіге адамгершілік
қатынас; 2). баланың еркіндігі мен құқына құрмет; 3). Оқушы күшіне сай және
түсінікті талаптар қою; 4). тәрбиеленушінің қөзқарас – бағытын, тіпті ол
қойылған талаптарды орындауға қарсылық білдірген жағдайда да – сыйлай білу;
5). балаға шынайы болмысын танытуға мүмкіндік жасау; 6). тәрбиеленушінің
санасына тәрбиенің нақты мақсаттарын жеткізе білу; 7). бала тәрбиесіне
қажет болған сапа-қасиеттерді зорлықсыз қалыптастыру; 8). тұлға намысы мен
беделіне нұқсан келтіруші әдістерді қолданбау; 9). Баланың өз наным-
сенімдеріне қайшы келетін сапа-қасиеттерден бас тарту құқын тану.
Адамдар құқы жалпы декларациясының бірінші бабы. Барлық адамдар бедел
және құқық тұрғысынан еркін және тең. Олар ақыл-парасатты және намысты,
сондықтан да өзара туысқандық рухында қатынас жасауы тиіс -- деген
тұжырымды алға тартады. Тәрбиеленушілерде, осыдан, қорыққан, үріккендерді
емес – тәуелсіз, еркін тұлғаны танып, тәрбиеші педагог оның үстінен ала
таяқ орнатып, күш көрсету ниетінен бас тартады, нәтижеде өз
тәрбиеленушісімен бірлесе өздерінің жарқын болашағы үшін қосылып ат
салысады [3].
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алып қарағанда жастар арасындағы
қарым-қатынастар мен іс-әрекеттердің ізгілікке негізделуі үлкендердің
үлгісімен ұлттық тәлім-тәрбиеге тіреледі. Олардың ар-намысы, мейірімділік
пен парасаттылық, адамды сүйе білу, жеке бастың ар-ұжданын, еңбегін
қадірлеу т.с.с. шынайы адамгершілік қасиеттері қазіргі және болашақ ұрпақ
бойына табылу үшін жеке тұлғаны дұрыс қалыптастыру жолын іздестіру керек.
Оқушының жеке басының рухани дамуының дұрыс болуы үшін, оның іс-әрекеттерін
(оқу, білім алу, тәрбие, даму, қалыптасу) жан-жақты жетілдіру арқылы
біртіндеп дамыту көзделеді. Рухани даму тұлға қалыптастырудың өзегі болып
табылады. Сондықтан адамның өмірдегі орнын, атқаратын міндеті мен қоғам
алдындағы жауапкершілігін, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді дұрыс түсініп,
еркін араласуын қамтамасыз ету, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Ертедегі Шығыс және Еуропа философтарының еңбектерінде маңызды орын
алады. Бұл гуманистік ақыл-ой ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің
есімдерімен байланысты, атап айтқанда әл-Хорезм, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн
Сина, Омар Хаям, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, С.Сарайи (Шығыс). Олардың
гуманистік идеясы гуманистік педагогиканың әрі қарай дамып, қалыптасуына
негіз болды. Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Я.С. Рогебашвили,
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың ұлы ағартушылары: Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.
Педагогикалық мұрадағы гуманистік идеялар 20 – 30 жылдардағы
педагогтардың еңбектерінде айқын көрініс тапты. Мәселен, А.В. Луначарский,
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев. Бұл ғалымдардың
еңбектерінде гуманистік тәрбие педагогика ғылымындағы ең нәтижелі жүйе
ретінде жобаланып, болашақ ұрпақтың гуманистік жолы болып қарастырылған.
Алайда 30-шы жылдардағы қоғамдағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік бағыты
тәрбиенің гуманистік негізін тығырыққа тіреді. Жеке адам тәрбиесін, оның
проблемасы даурықпа сөзге айналды.
Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында гуманистік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан
қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның қарым- қатынасында гумандық
қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу,
қарастыру басты мәселеге айналып отыр. Адамдық тұлғаның бейнесі
көрсеткіштерінің бірі – гумандық қасиет болуы, бүкіл адамзаттық
құндылықтардың біріне саналады.
Осыған орай соңғы жылдары ТМД және егеменді Қазақстан Республикасы
көлемінде адамгершілік проблемасы, гумандық қатынастарды зерттеумен
шұғылданып келе жатқан көрнекті ғалымдар, педагогтар мен психологтар
баршылық. Одақ көлемінде З.Васильева, М.Г.Тайчинов, И.А.Кайров және т.б.
Қазақстан Республикасында Л.В.Руднева, Ғ.Жүнісова, Б.Д. Қисықова.
Сонымен қатар арнайы гуманизм проблемасының жалпы философиялық және
этикалық аспектісін (Н.М. Бередной, А.А. Задорный, С.Ф. Збандуто, О.С.
Богданова) және мектеп оқушыларында гумандық қарым-қатынасты
қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негізін (Н.Н. Тарасевич, А.В.
Скиндер, К.М. Монич, М.Н. Аплетаев, М.А. Вейт және т.б.) зерттеумен
көптеген ғалымдар шұғылданып келеді. Білімдер жүйесін қалыптастыру
процесінде адамды жеке тұлға етіп дайындауда пәнаралық байланыстың алатын
орны ерекше. Осы орайда пәнаралық проблемасының философиялық,
психологиялық, педагогикалық бағыттарын анықтау арқылы оқушыларда гумандық
қатынасты тәрбиелеу мәселесін зерттеу - қазіргі дидактиканың өте маңызды
бағыты.
Қазіргі кезде әлі де болса шешімін таппаған, күрделі зерттеулерді
қажет ететін мәселелердің бірі – адамдар арасындағы гумандық қарым-
қатынастарды қалыптастыру болып отыр.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа
тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң
бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында
ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады.
Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң
ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең – әдет
орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет
адамның мiнез-құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез
қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет
екенiн атап көрсеткен [44].
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi
бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе
моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу,
т.б.).
Мәдени мiнез-құлықтары: (сыпайы болу, үлкен-кiшiнi сыйлап- құрметтеу,
дұрыс сөйлеу, т.б).
Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл-ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын
перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген
ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет – борыш, адам
өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi [43].
Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады:
басты мақсат – бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру
емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа
тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған
дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық
қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет
қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.
Адам – табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық
тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi.
Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жан дүниесiнiң сырын,
психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу
жолдарын зерттейдi.
Танымал психолог С.А. Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: Адам
өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және
адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке
бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты
анықтайды [47]. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк
көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдармен қатынасынан, ең
бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi
фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы
жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара
қарым-қатынаста болатынын, қайсысы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы
мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның
дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi
қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған
белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс-әрекет процесiнде
саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс-
әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн,
оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мотивтердiң жалпылану
және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның
адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын
дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда
жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан
жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру – тәрбиенiң өзегi [45].
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де,
қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай
келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың
арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында [45].
Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр
сүруi бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты
болады [46,36].
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты
емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп
адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi – өмiрдiң
өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие,
эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене
тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi – адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол
жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте,
демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе
адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын
индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк – қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай
белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым [42].
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне-бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық
жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып
табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез-құлқының әдеттегi формаларының
құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық
қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы
жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда
болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының
пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор
әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн
тәрбиелеудiң iс жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi –
мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзетiн түсiндiру жұмысы болып табылады. Түсiндiру
жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде
тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет, - дейдi А.Макаренко, әрдайым
жаттығып отырудың нәтижесiнде қалыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс
ұйымдастыру қажет” [80-35б].
Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi
ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен
қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен
мiнез-құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн
балалардың моральдiк мiнез-құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк
сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып
топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр
айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-
кеңес, нұсқау, бағыт-бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға
қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен бастап тәрбиені, яғни адамгершiлiк
туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық
дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық
мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң
негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi
бастауы бола алады.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль
элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.С. Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет
ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық
адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық
дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз
байланыстылығын тұңғыш қарастырушы К.Д. Ушинский болды[5],. Ол өз
еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және
психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле
отырып “Тәрбие көзi – халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы
идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин мынадай
адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi [8], 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика
классиктерi: Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, Н.И.
Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан:
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Әл-Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның
басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының
арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы
ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтыққа соғады, ал достыққа
кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны
ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады” [85].
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi
белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан
емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас
уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды
тәрбиелеу қажет... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн
оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн
жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке
тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде
дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Коменскийдiң “Тәртiп жоқ мектеп
– сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы
тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен
қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына
көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi ” .
Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн
табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi,
өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi
адамдардың ақыл-ойына – сана, денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне –
шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану
сабағында алады. Ал В.А. Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру
дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың
санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың
бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [25].
Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса
көп мән берген, А.Б. Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып
үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу
керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы
ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер
етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау
сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен [52].
Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi
мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Коменскийдiң өсиет
етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi
құралы деп түсiндiрдi.
Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы
үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий,
А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп
бердi.
И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп
оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын
қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат,
экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға
деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады [53].
Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру
мынадай мiндеттердi белгiлейдi:
-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды
қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi;
- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке
үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау;
-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй
жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi
М.Жұмабаев. Адамгершiлiк тәрбиесiне сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген
емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды
мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, бастауыш мектепте оқушылардың бойында
адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруда жүргізілетін пәндердің өзiндiк орны
бар.
Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты
болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы
бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай
отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн
ұмытпағанымыз абзал [54].
Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жекелеген
тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы” деген бiр ауыз сөзге сыйғызып,
түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік.
Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның
өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.
“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға,
экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген[ ].
Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн
жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да
ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi – жетiлген тұлға тәрбиелеу
[56].
Яғни, оқушының – ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай
бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген
адам болып өсуi. Жетiлген тұлға болу, яғни, басқаларды жақсы көру, өз
махаббатын адамдарға арнау. Оның бойындағы әдептiлiк сипаттар төмендегiдей
болуы тиiс:
- өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу,
тәкаппарлыққа жол бермеу;
- ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал
болу, оларды сүю;
- достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау;
- өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және
маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын
жұмсау;
- барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу;
- өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден
бойын аулақ ұстау;
- жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына
ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету;
- кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық
ойлап, кек алудан аулақ болу;
- рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу;
- көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.
Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар
да болуы тиiс:
- өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi
сенiмдi болу;
- жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-
арбаудан аулақ болу;
- ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу;
- өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiрлiгiн, iс-
қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.
Жас өспірімдердің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен
тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп
көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр жас
өспірімге жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк
әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл-ой қабiлетiн,
жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға
көмектесу”.
Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев,
Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин,
Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде жас өспірімдердің
бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез-құлықтарына, дүниетанымдарына
ықпал жасап, қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған [15; 59; 60; 47;
57; 3].
Д.Б.Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым-
қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым-қатынасы бiлiнедi деп көрсеттi
[57].
Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу
әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық
процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез-
құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез-құлық актісiнде
мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған
ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара
қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi
жағдайлардағы мiнез-құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп
қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез-құлық факторлары,
эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.
Жас өспірімдік кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша,
адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi.
Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-
құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны
тәрбиелеудiң негiзгi бағыты – мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi
қалыптастыру. Жаңа ортаға келген жастарда бұларды қалыптастыру бiршама
қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды
бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл
жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық
ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң
жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге
болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып
өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол
сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.
Орта білім беру мекемелерінде жас өспірімнің қарым-қатынас мiнезi,
құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн
өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын
тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады
[61,23].
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам
ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау
бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке,
еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне
байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi –
азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы.
“Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп
жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: “Досыңа достық – қарыз iс,
дұшпаныңа әдiл бол” деп жырлаған болатын. Өмiрде адам неғұрлым ақылды,
мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi.
“Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып
оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз
бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал
болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете
алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның
жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық
болуымыз керек. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа
сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте
сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат
алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн
ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi [11]. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк,
моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп
жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк
iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек
айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi,
өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет
айтады [12]:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.
Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру.
Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады [55].
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-
жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң
бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi
мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық
ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.
Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң
белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В.
Сухомлинский).
Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi
ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны
қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа
талпынуы, өзге адамға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы,
өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi,
әлемдi тануы.
М.Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет – адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде
адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер
дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн
негiзгi құрал”.
Жалпы ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған
әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын
түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары
мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн
әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады. Әрине, адамгершілік
мәдениет ұғымдарын, адамгершілік тәрбиесін тұлға бойында қалыптастыру
жайдан-жай алына салатын нәрсе емес, ол белгілі-бір халықтың ғасырлар бойы
жинақтаған асыл мұраларына негізделуі тиіс.
Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары –
әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, рәсімдері мен рәміздері, жөн-жоралғылары
құқықтық заң, бұлжымайтын ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған.
Халықтың ізгі әдеттері құқықтық әдеп болып қалыптасып, ол ғұрыпқа,
яғни құқықтық заңдылыққа – дәстүрге, санаға сіңіп салтқа айналған. Ұлттық
салт-сана мен дәстүрлер құықтық нормалар арқылы әлеуметтік әдеп – яғни
құқықтық мәдениет болып қалыптасқан.
Дара тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы, сәлемдесу әдебі, ата-
ананы, жалпы адам баласын сыйлау сияқты құқықтық мәдениеті, Отанға, ата-
бабаға, ата-анаға, ұжымға қызмет етуі сияқты құқықтық парызы халықтың салт-
дәстүрлері арқылы орындалып, өмір заңдылықтарымен өзектескен қасиетті
құбылыс.
Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы.
Қазақта Тірі адам тіршілігн жасайды деген мақал бар. Тіршіліктің
қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері:
ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз
тегі, қалпы, құқықтық мәні, тәртібі бар.
Әділет басқанды ұйқы басады деп, халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы
қалпынан асса, ол – ауру. Әрине әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болуы
қажет, бірақ ол қалпынан аспау керек. Әрбір әдепті адам, уақытысында жатып,
дер кезінде тұрып, тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылып қалады.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық деп,
халық ерте тұрудың мәнін ерекше бағалайды. Ерте тұру үшін, ерте жату
ләзім. Қазіргі заманда еліктеткіш теледидар көріп немесе бос сандалып
көше кезіп, уақытысында ұйықтамау көп баланың әдетіне айналып барады. Ол
құқықтық мәдениетке қайшы келетін, келеңсіз жағдай.
Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің
жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білуіне байланысты.
Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым
болмайды. Сән қуып, тән азабына ұшырап жүргендер аз емес. Ал талғамсыз,
жарасымсыз сән күллі жүрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста сәнді деп,
жалаңбас жүру – денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін сол киімді күте білуді
үйренуіміз қажет. Киімін таппай, күйініп, киімін тапса, үстіне қалай-болса
солай іле салатын салақ бала салауатты бола алмайды. Тәрбие құқықтық
нормаларды қалыптастырады.
Тіршілік кезінде көшеде, көпшілік ортасында әдеп сақтау да жеке
адамның өзіне-өзі қызмет етуіне жатады. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету
құқығын шәкірттерге жан-жақты түсіндіріп, олардың құқықтық санасын арттыру
ісінің нәтижелігі тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты.
Сәлемдесу – құқықтық - адамгершілік міндет.
Сәлем – әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем
қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің
амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп,
тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын
көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу
адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам
қазақ салтында он алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қолын
алып амандасады. Ол Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп,
өзіңізге бас иемін деген мағынаны білдіреді.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның құқықтық міндеті. Қазақта
Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді
деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-
кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем
бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру – имандылық,
инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлем қылу кезінде
инабаттылық көрсетіп, үлкенге мүмкіндігінше күлімдеп, жылы шырай көрсете,
иман жүзділікпен қарап, құрмет көрсету ниетін білдіру қажет. Үлкен адамдар
сәлем қылған келінге бірауыз сөзбен батасын береді. Сонымен қатар, амандасу
кезінде негізгі сөзде дауыс ырғағы инабаттылықпен ерекше құбылып, құрметтеу
белгісін, сыйласым нышанын білдіру керек. Өйткені амандасудың өзі құқықтық
мәдениеттілікті көрсетеді. Сәлемдесу – жеке тұлғаның құқықтық мерейін үстем
ететін қасиетті іс-әрекет.
Аялаған ана, әлпештеген әкені құрметтеу – құқықтық міндет.
Әке – отбасының пірі, қара шаңырақтың қожасы. Әке – үй ішінің
тірегі, баласының жүрегі. Әкесіз бала – панасыз балапан дейді халқымыз.
Әрбір баланың әке алдында құқықтық борыштары мен парыздары, міндеттері бар.
Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп
сақтау; парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе
көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру;
кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында
асыраушысы болу, әкеңнің әкелік еңбегін өтеу.
Әкесін сыйламаған балада сезім жоқ. Ол – бақытсыз. Өйткені ондай
нақұрыста адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Мейірімсіз, қайырымсыз
жанда адамгершілік қасиет қалмайды.
Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу білу керек. Мысалы,
аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе
жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әзіз әке татқан соң ғана, басқа
балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен алыңыздан бастап дәм татады. Бұл
ұлттық әдеп, құқықтық сана.
Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан
да өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн. Халық
ішінде әлеуметтік дәстүрлер атадан әкеге дарып, қалыптасып, дамиды, жеке
дәстүріне мұрагер болу – құқықтық борыш. Мысалы : әке күйші, әнші баланың
да өнерге бейімі бар дейік. Ал бала сол әлеуметтік дәстүрге немқұрайды
қараса, онда әлеуметтік намыс жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін құқықтық
мәдениетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.
Ұлағатты ұстазға адамгершілікті шәкірт бола білу құқығы.
Абай атамыз:Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл деп, адам
баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше
атап айтқан. Ұстаз – әмбебап білімдар, салауатты, салтанатты, маман кісі.
Ол – адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадірлі де қастерлі, қасиетті
мамандықтардың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді,
қайырымды, ізетті, инабатты адам.
Ұстаз шәкіртінің жан саулығын, тән саулығын зерлей зерттеп, оның
адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, қамқорлық жасап
отырады. Ол шәкіртін өзінің туған баласындай көріп, адамдық асыл
қасиеттерді оның бойына сіңіреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардаң
қарауында көбірек болады. Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты
анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін,
уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үретіп, тәрбиелейді.
Бар білімін, қайрат-жігерін аямай, бізге білім беріп, өнер үйретіп,
өмірімізге жол ашып берген құқықтық санамызды қалыптастырған ұлағатты
ұстаздарға бас иіп, тәжім етеміз!
Әдеппен сөйлеп әдеттену – құқықтық мәдениет.
Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап
сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін
сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.
Халық әдебі Сіз деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды,
құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс-қимылына
тәуелденіп айтылғанда бұл сөз ыңыз, іңіз қосымшалары арқылы сыпайылық
мәнін арттырады.
Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын
кемшіліктер әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне
қаяу салып, кейіту мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтану басқаға да
әсерін тигізеді. Осындай жағдайда кешіріңіз, ғапу етіңіз деген сөздерді
айтып, өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті
сөздерге оқасы жоқ деп жауап беру де әдептілік болып табылады.
Әдепті сөздерге неше алуан жанашыр сөздер мен аяныш сөздер де жатады.
Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетімен адал жүрегінен айтып, басқаға
әсерлендіре жеткізуі қажет.
Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті
сөздерді айтуға жатыққан адам – құқықтық мәдениеті дамыған адам. Ол үшін
жеке тұлғаның құқықтық әдебін қалыптастыру керек.
Отбасындағы сыйласым адамгершілік - құқығы.
Отан отбасынан басталады дейді халық. Отбасының екі тірегі -
әлпештеген ата мен аялаған ана. Әке-шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық-
адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқа
байланысты қалыптасқан.
Әрбір отбасында әкеге байланысты әкеге байланысты: баба, кейуана,
ата, әже, әке, аға, іні, қарындас, ал шешеге байланысты: түп нағаша, нағашы
ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы іні, нағашы қарындас дегн туыстық
ұғымдар және оған бйланысты құқықтық қарым-қатынас ғұрыптары бар.
Бір үйде қаншау болсаң – бір-біріңе меймансың, Бір-біріңді жаттай
сыйла, жат жанынан түңілсін деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары
бағалайы. Әке, жәке, көке, ата, әже, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім,
панам, алтыным, т.б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру
– отбасындағы әрбір адамның құқықтық парызы. Отбасындағы сыйласым – қуаныш,
бақыт, қызықты өмір!
Кісі күту – құқықтық мәдениет белгісі.
Кіс күту, қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық салтқа айналған
дәстүрі. Бұл – халықтың әлеуметтік, кеңмекендік, тұрмыстық жағдайына
байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. Қонақ десе, қоң етіп кесіп беретін
қазақпыз деп, халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту,
қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі-
өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.
Қонақкәде жасау, яғни қонақтың көңілін көтеру үшін ауылдың алты
ауызын айту, одан соң қонақтың өнерін байқау дәстүрі халықтың өнерпаздығын
дәлелдейді.
Құтты қонақ келсе қой егіз табады, Қонақ қойдан жуас, Бір күн
қонған қонақ – құт деп, халық қонақ күту мен мейман сыйлауды бақыттың
нышаны деп қараған. Қонақ күту, мейман сыйлауды көрсететін шағын той
іспеттес. Мейманмен танысу, оған сәлем беру, оны күту рәсімдерін
адамгершілік көрсетіп, имандылықпен орындау – отбасы мүшелерінің, әсіресе,
балалардың салт-саналық парызы.
Адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері – құқықтық
мәдениет негіздері.
Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына
айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждері, міндеттері мен
мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды –
иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа
тек жақсылық ойлайды, оларға мейірім-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық
жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондықтан
да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.
Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ деп халық иманды адамның
әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы,
кеңпейілділігі, дос көңілділігі – әлеуметтік имандылықтың белгісі.
Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу – кісілік борыш.
Иман кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы
қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы
адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті
баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім
адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік,
жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі
тиіс.
Мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі – қайырымдылық.
Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-
жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау. Байда қайыр, кедейде пейіл де жоқ,
аңдастырған екеуін, құдайым-ай! деп Абай атамыз қайырымсыз байды қатты
сынады. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға
тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн-жоралғылар арқылы іс жүзінде
ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Табиғатты қорғау, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық
жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны
орындай білу – құқықтық парық. Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің
қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті.
Халқтың құқықтық мәдениеті осындай ізгі іс-әрекеттер арқылы дамып, құқықтық
сана қалыптасқан.
Туған жердің табиғатын қорғау құқығы.
Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан да әдеппен аңғартып,
құқықтық идеологияны (насихатты) іске асырып отырған.
Туған жерімізде әулие тал, әулие бұлақ, әулие көл, хан
тәңірі, сұлу төр, бесік тау деген қасиетті атаулар бар. Атынан көрінп
тұрғандай, бұл әулие әрі киелі жаратылысқа дақ салмай, аялап күтіп,
ардақтап сақтау - әрбір адамның перзенттік парызы, құқықтық міндеті.
Бұлақ көрсең, көзін аш, Жол үстінде тас жатса, алып таста, Гүлді
жұлма, Ағашты жастай қырықпа, Құмырсқаның илеуін бұзба, Судың да
сұрауы бар, От шығарып ойнама, Артыңнан мал қалғанша, тал қалсын,
Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық т.б. тыйымдар мен мәтелдер
табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің құқықтық санада
ертеден қалыптасқанын көрсетеді.
Үйде, мектепте гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс
өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру – әрбір жастың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гумагитарландыру
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Пәндер