Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .
Бүгінгі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасында білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» еліміздегі білім беру саясатының негізгі бағыты - гуманистік идеяларға бағдарланған жаңа тұрпатты білім беру деп тұжырымдалған болатын[1] . Бұл демократиялық даму принципін негізге алған еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге жасаған батыл да дұрыс шешімдерінің бірі деп танылуда.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Европалық білім беру кеңістігіне ену бағытында Болон декларациясына қол қойған Қазақстан білім беру жүйесін гуманитарландырудың әлемдік тәжірибесі мен қазақ халқының жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлерін зерттеп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарында қолдану қажеттігін өзекті мәселе ретінде қарастырып, оны білім берудің барлық сатыларында жүргізуді күн тәртібіне отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Осы тұрғыдан қазақ философтары: Ә. Нысанбаев [45 ] , С. Ақатай [46 ] , М. Сәбит [47 ] , С. Нұрмұратов [48 ] , А. Қасымжанов [49 ] , т. б. еңбектерінде адам бойындағы ізгі ниет пен ізгілік қасиеттердің қалыптасуы гуманистік бағыттылықты көрсетеді десе, педагогтар: А. П. Сейтешев [50 ] , Г. М. Храпченков [51 ] , Г. А. Уманов [52 ] , Р. Ержанова [53 ] , Л. А. Байсерке [54 ] , Т. Ахметов [55 ] , Э. А. Орынбасарова [56 ] , С. О. Нұрмұқашева [57 ] , А. К. Меңжанова [58 ] , Е. З. Батталханов [59 ] , А. Н. Көшербаева [60 ] , С. Оспанова [61 ] , т. б. педагогтар оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру гуманистік тәрбиенің ізгіліктік компоненттері арқылы жас ұрпақ бойында гуманистік көзқарасты қалыптастыруы міндетті шарт болуы тиіс деп тұжырымдайды. Онда: «Гумандылық - тарихи алмасатын адами көзқарастар жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін, ал теңдік, әділеттілік, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы көңілдің тілектелген нормасы болып табылады» - деп айтылған тұжырымның өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні есепке алынған.
Гуманизмнің негізгі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби[- ] , Жүсіп Баласағұн[- ] , Қожа-Ахмет Иассауи[- ] , Махмуд Қашқари, Әл-Фарабилердің[- ] , т. б. еңбектерінен көрінеді. Сонымен қатар күміс көмей, жезтаңдай ақын-жыраулар Шалкиіз[- ] , Доспанбет[- ] , ұлы ағартушылар Ы. Алтынсарин[- ] , Ш. Уәлиханов[- ] , А. Құнанбаевтың [-] ұлттық құндылықтар жайында жастарды адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналылығын жоғары бағалаған.
Мектепте Колледж тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили[], В. Н. шацкий[-], Н. Л. Грозденская[], Д. Б. Кобалевский[-], Н. А. Ветлугина[-], т. б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтардан Н. Д. Хмель[-], М. Н. Сарыбеков[-], Г. К. Дүйсенбинова[-], Ш. С. Ахымбекова[-], Б. Махметова[-], т. б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Сонда да болса, көрнекті ғалым - психолог Л. М. Божович[-], А. Г. Ковалев[-], Н. А. Рубинштейн[-], С. А. Мясищев[-], Қ. Б. жарықбаев[-], А. А. Бейсенбаева[-], С. Қалиев[-], С. А. Ұзақбаева[-], Х. А. Өтешова[-], т. б. өздерінің зерттеулерінде гумандық қарым-қатынастардың қалыптасып дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістемелерін қарастырған.
Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның[-], мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Х. Т. Наубаеваның[-] балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың[-] оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысы.
С. А. Ұзақбаеваның[-] халықтық педагогика арқылы гумандық қарым-қатынастарын қалыптастыру, Г. А. Уманов[-], Л. К. Керімовтердің[-] қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Н. Н. Ханның[-] тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеудің келелі мәселелерін зерттеген.
Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамшылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана руханилықтың есігі ашылады. Қаталдық пен қатыгездіктің арасы жер мен көктей. Ал іштегі жылуы жоқ қаталдық-қатыгездік деп аталады
Ал, жақсылықтың өзіндік ерекшелігі туралы қазақстандық философ Қ. Әбішев былай дейді: «Жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі - адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де жамандық деп қарау»[-] .
Міне, рухани өмірдің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтары өзгеріп, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдар қалыптаса бастады. Әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алып отырған еліміздегі білім берудің жаңа мазмұны басқару жүйесіне тың жаңалықтар енгізілуін талап етеді.
Осы мақсатта біліктілікті арттыру жүйесін басқаруды білім беру үрдісіне қатысушы оқушы және мұғалім тұлғасының айналасына шоғырландыру арқылы тұлғаның бойында ізгіліктік, рухани қасиеттер пайда болатынын жаңа мазмұнда беру мәселесі көтерілуде.
Қазақ этнопедагогикасының тарихына жасалынған талдау қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарасынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірінен жалғасын табатынын көрсетіп отыр. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеп көрсете алған [-] .
Солардың ішінде Ы. Алтынсаринның ізгіліктік көзқарас қалыптастыру туралы пікіріне ерекше тоқталып кеткен жөн. Ол өзінің екі сыныптық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында «егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек. Оқушыларды бағалағанда олардың іске қатысты сөздерін қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни, оқушыларына қарай бағалау қажет [-] .
- Тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілген ұлтымыздың өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманның, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін, тәрбие майданында шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек», « . . . Баланы тәрбие қылу - майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз . . . Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адамдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын 4 жаны түгел кісі қылып шығару ізгіліктік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық бағдарлы білім берудің педагогикалық заңдылықтарды талданады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жас ұрпақтың тәрбие жүйесін ізгілендіру мақсатында көптеген зерттеу жұмыстары орындалуда. Атап айтқанда, оқушылардың, білімгерлердің гуманистік қөзқарасын қалыптастырудың бүгінгі күйі болашағы туралы Е. З. Батталханов [-], Г. Жылқыбекова [-], С. Қожаева [-], М. Ералиева [-] Г. Нұрғалиева[-], Х. Рақымбекова[-], Ғ. Серікбаев [-], Р. Дабылтаева[-] т. б. зерттеулер жасаған.
Алайда, жоғарыда талқыланған жұмыстарда колледж білімгерлерінің жас ерекшелігіне (15-17 жас) сәйкес олардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің жеткілікті зерттелмегенін аңғардық. Дамудың белсенді фазасында тұрған колледж білімгерлерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі мен оның жас ұрпақтың жас ерекшеліктері арасындағы байланыстың толық белгілі бір педагогикалық қайшылықты тудырып отыр. Аталған қайшылықты шешудің көкейкестілігі зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында ) » деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісінде білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу.
Зерттеу нысанасы: көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні : қазақ этнопедагогикасы құралдарының көмегімен көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісінде білімгерлердің гуманистік көзқарастарын қалыптастыру мазмұны.
Зерттеудің жұмысының болжамы: егер, қазақ этнопедагогикасындағы жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру жүйесін ғылыми педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда жеке тұлғаның адами немесе рухани құндылықтарды қабылдауына қандай да бір арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарт ықпал ететіні сөзсіз. Бұл педагогикалық шарттар негізінен гуманистік тәрбиенің ізгіліктік мазмұнын анықтаумен тікелей байланысты болғандықтан көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісінде білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын жаңғырта аламыз. Бұл шартқа сәйкес жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне тәуелді болады. Бірнеше кезеңді қамтитын осы процесс жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру әрекеттерінің рухани құндылықтар мазмұнын, олардың ізгіліктік бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендірумен анықталынады. Гуманистік көзқарастың бүкіладамзаттық құндылықтарды қабылдаудың жетекші күші екендігі анықталып, оны қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.
Зерттеу міндеттері:
- көпсалалы колледждің білімгерлердің тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін айқындау;
- көпсалалы колледж білімгерлерінің гуманистік қөзқарасын қалыптастыру;
- көпсалалы колледж мұғалімдерінің білімгерлерде гуманистік көзқарас қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын анықтап, оның тиімділігін зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген іс-тәжірибелердің жайын зерттеу;
- көпсалалы колледж білімгерлерінің бойына адамгершілік, ізгіліктік қасиеттерді қалыптастырудың жаңартылған мазмұнын айқындау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайтындығы, бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер екендігі, тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамшылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана руханилықтың есігі ашылатыны туралы философиялық және этнопедагогикалық білімдерге сүйендік.
Қазақстандық философ Қ. Әбішевтің: «Жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі - адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де жамандық деп қарау» деген тұжырымы зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізі болып табылады.
Және тәрбие жүйесінде тәрбиеленушінің жас және дара ерекшеліктерін еспке алу қажеттігі туралы ғылыми психологиялық және педагогикалық ілімдерге сүйене отырып, 15-17 жасар колледж білімгерлерінің рухани өмірінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырдың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салаларының басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдардың жаңа мазмұндары қалыптасуы туралы, әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алу жөніндегі жаңалықтарды енгізілу қажеттілігі негізге алынды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; типтік жоспарларын талдау және салыстыру; педагогикалық эксперимент жұмысы; эксперимент нәтижесін бастауыш сыныптарда қолдану.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Жеке адамның жан-жақты дамуында дене тәрбиесінің алатын орны ерекше, өйткені адамның физиологиялық және психикалық дамуы дене қуаты мен оны реттеп-басқаруға тікелей тәуелді. Сондықтан дене тәрбиесін қалыптастыруда әрбір адамның даралық ерекшелігінің көрсеткіштері болып табылатын табиғи дене қуаты мен психикалық дамуы негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру нәтижелі болады деп саналады. Жеке тұлға қалыптастыру және дүниетанымдық бағдары мен көзқарасын қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Н. Леонтьевтің тұлға қалыптастыру, Я. Гальпериннің ақыл-ойды сатылап қалыптастыру, Г. Выготскийдің «Дамудың жақын зонасы» теориясы, оқыту процесін ұйымдастыру формалары туралы ұстанымдары зерттеудің теориялық негізі болды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: тәрбие жүйесінде тәрбиеленушінің жас және дара ерекшеліктерін есепке алу қажеттігі туралы ғылыми психологиялық және педагогикалық ілімдерге сүйене отырып, 15-17 жасар колледж білімгерлерінің рухани өмірінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырдың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салаларының басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдардың жаңа мазмұндарының қалыптасуы туралы білімдік мазмұн анықталып, колледждің оқу-тәрбие үдерісінде қолданылды.
Олар кешен түрінде колледж білімгерлерінің әлемде кең дамыған педагогикалық ойдың екі бағытын - үлкендердің бедел-абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген авторитарлы ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағымның мазмұндық ерекшелігін көрсететін оқу құралы болып дайындалды.
Колледж жасындағы білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудағы ізгіліктік мазмұн мен оны жүзеге асырудың тиімді форма-лары туралы зерттеу жасалынып, алынған нәтижелердің тиімділік дәрежесі тексерілді. Алынған нәтижелер колледждің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіліп, арнайы апробациядан өтілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- колледж білімгерлерінің жас ерекшелігін есепке ала отырып, олардың тәрбие жүйесінің гуманистік мазмұнын жаңғыртудың өзектілігін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу;
- әлемдік және ұлттық педагогика ғылымының озық тәжірибелеріне сүйене отырып, колледж білімгерлерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың мазмұнын жаңғыртуға қойылатын талаптар;
- қазақ этнопедагогикасының білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру потенциалы және оны колледждің оқу-тәрбие үдерісінде қолдану, оның тиімділігін зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы:
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі автордың екі ғылыми мақаласында баяндалып, ғылыми жинақтарда (Тараз, 2012ж., «Педагог имиджін қалыптастыру: теория, практика және перспектива» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция) жарық көрген. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген. Қол жеткізген нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық расталған.
Зерттеу орны: Тараз қаласы, М. Х. Дулати атындағы ТАРМУ-нің көпсалалы колледжі.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2010-2011 жж. ) - зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея анықталды. Көпсалалы колледждің оқу-тәрбие жүйесінде тәрбиеленушінің жас және дара ерекшеліктерін есепке алу қажеттігі туралы ғылыми психологиялық және педагогикалық ілімдерге сүйене отырып, 15-17 жасар колледж білімгерлерінің рухани өмірінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырдың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салаларының басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдардың жаңа мазмұндарының қалыптасуы туралы білімдік мазмұнды жаңғырту қажеттігі анықталынды.
2-ші кезеңде (2011-2012 жж. ) - әлемдік және ұлттық педагогика ғылымының озық тәжірибелеріне сүйене отырып, колледж білімгерлерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны жаңартылып, оның тиімділігі арнайы ұйымдастырылған педагогикалық экспериментте тексерілді, оның тиімділік дәрежесі анықталды. Зерттеу нәтижелері жинақталып, өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты параграфтан және жалпы қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
.
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы һәм парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2015 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен білім технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ [1] .
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2] .
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.
Гуманизм (лат humanus-адамгершілік) адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін қөзқарас. Гуманизм (адамгершілікті) -- әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, еңбектік, оқу және т. б. ) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм - бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебеп маңыздылығын қолдау- қуаттау беретін идеялар мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа айналып отыр.
Адам өзінің ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі, адамда жағымды сезім туғызады. Адамға пайда келтіретін жағымды ой мен істі ізгілік деп білеміз. Адам ойының және ісінің ізгі, не болмаса жауыз болуына қарап, сол ой мен іске іштен баға бергенде болатын жағымды не жағымсыз сезімдер мінез-құлық сезімдері деп аталады [98, Б 134] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz