Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Шығармашылық қабілеттілік - даму негізі . . . 7-12 1. 2 Бастауыш сыныпта оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары . . . 12-24
ІІ. Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттырудағы дидактикалық материалдарының ерекшеліктері
2. 1 Қазақ тілі пәніне арналған дидактикалық материалдардың түрлері. . . . 24-49
2. 2 Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалды қолданудың маңызы. . . . 49-58
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60-61
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтанда әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында тұлғааралық және этникалық топаралық қатынастар мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс. [5]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. Яғни, барша ұстаз қауымына ХХІ ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік жүктелгені анық. Расында да, қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж. Жалпы білім беретін мектептердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп жағдайда дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілетін дамытудың маңыздылығын айқындайды. [1]
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Білім туралы заңының 3-тарау, 11-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» делінген. Осы заңның 16-бабында «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған» делінген. Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы. Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз ісінің шебері болуы қажет» деп атап көрсетеді. Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғаліммен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру керек.
Жасыратыны жоқ, 1980 жылдардың екінші жартысында ғана орта білім саласындағы кемшіліктерді ашық айтуға мүмкіндіктер туа бастады. 1988 жылдың 28 шілдесінде А. Анисин мен О. Матяниннің «Правда» газетінде «Расписание по способностям» деген мақаласы жарияланды. Онда авторитарлық педагогика үстемдігінен құтылмайынша, білім беруде қағазбастылықтың жойылмайтындылығы қадап айтылған. Осы мақаладан кейін-ақ білім беруді ұйымдастыру формаларын өзгерту жөнінде ашық ұсыныстар жан-жақтан ағылды. Сөйтіп, 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдардың басынан бастап біздің республикамызда да қоғам өзгерісіне байланысты орта мектептерде оқу-тәрбие жұмысын қайта құру мәселелері сөз бола бастады.
Демек, бүгін таңда мына ақпараттар ағыны тасыған қоғамда жас ұрпаққа «Нені оқыту? Қалай оқыту керек?» деген мәселелер тұр. Ел Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясының даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген сөзін ұстаз қауымына нақты айтылған аманат деп түсіну керек. [5]
Бұл орайда ұлтымыздың жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да, мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жахандану кезеңінде Қазақстан мектебі үшін орасан зор. Өйткені, қазақ елінің келешегін айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол - бүгінгі ұрпақ. Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие білім жүйесін іске қосу - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдаланудың маңызын ашу. .
Зерттеудің міндеттері:
- шығармашылық қабілеттердің даму негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныпта оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдарын анықтау;
- қазақ тілі пәніне арналған дидактикалық материалдардың түрлерін қарастыру;
- қазақ тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың маңызын ашу.
Зерттеудің объектісі: Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру барысында пайдаланылатын дидактикалық материалдар.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқу-тәрбие үрдісіндегі қазақ тілі
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Шығармашылық қабілеттілік - даму негізі.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан ұлы ойшылдар өз еңбектерінде адамның жеке басын қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. [6]
Көрнекті педагогтер К. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Макаренко, М. Жұмабаев оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді, ең алдымен, мазмұнына енгізген. Кеңестік психологтер мен ғалымдар Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Ананьев, В. Давыдов, Л. Занков, В. Куртецкий, М. Мұқанов, Ж. Әбділдин, Қ. Жарықбаев, Т. Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп білеміз [7] Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптың орны ерекше. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адам миында миллиард клетканың белсенді түрде тек қана 3-4 пайызы ғана жұмыс істейді екен. Өз халқымыздың «балаңды 5 жасқа дейін піріңдей тұт, 5 жастан 15 жасқа дейін құлыңдай тұт» деген даналық сөзі де баланың қандай еңбекпен де айналысатын кезі балалық шақ екенін, сол шақты ұтымды пайдалану керектігін еске салғандай. Бүгінгі таңда бастауыш сыныпта қолданылып жүрген баланың шығармашылықпен жұмыс жасауына берілген тапсырмалар көлемі аз.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С. Рубинштейн, А. Брушлинский, Б. Кедров, Я. Пономарев, О. Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б. Теплов, Н. Тарасов, қабілеттілік және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизеологиясы туралы Б. Теплов, Э. Голубаева еңбектері қабілеттік мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізін қалады. [6]
Қазіргі педагогикалық-психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л. Божовичтің, Р. Буренің, Л. Венгердің, Я. Коломинскийдің, Е. Панько және т. б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса мәнді қасиеттер: тәжірибелік және ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез-құлық қалыптасуының жайы, адамгершілік жігерлік сапалар кеңінен сөз болады.
Оқу-танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады.
- Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру.
- Қисынды ойлауды және көрнекі бейнелі операцияларды меңгеру.
- Оқу типі тапсырмаларына деген жағымды кең қатынасты дамыту.
- Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.
Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің қозғалысын, оқыту үрдісіндегі зор рөл атқаратын
интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымымен бөлісе алуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік «Мені» қалыптаса бастауы, ересектер және өз тұстарымен қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі оқу-танымдық әрекеттің қажетті шарты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін негізгі бөліктер - оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері: бақылау мен бағалау. Көрсетілген бөліктерге сәйкес кіші жастағы балалардың бойында оқу-танымдық әрекеттің мынадай шарттарын қалыпиастыру қажет. Оқу тапсырмасын қабылдау және сезіну қасиеті; мұғалімнің көмегімен немесе өз бетінше танымдық тапсырмалар қоя білу қабілеті; дербес қабілеті; жоспарлау қабілеті; тапсырманы шешу тәсілін таңдау қабілеті; бағдарлық және атқарушылық оқу әрекеттерін орындау қабілеті; тапсырманы тез және сапалы орындау қабілеті; оқу істерін бақылау қабілеті; дербес жұмысын бағалау қабілеті. [10]
Өкінішке орай, мұғалімдер жоғарыда аталған шарттарға көңіл бөле бермейді. Ақыл-ой дамуының деңгейі бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық жүйедегі әдіс-тәсілдерді қаншалықты қолданғанына тікелей байланысты екендігі қазір баршаға белгілі.
Педагогтер бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін ұйымдастыру үшін мынандай логикалық көрсеткішті басшылыққа алады:
-жеке пәндерді бөлу;
-ішінде аталған пәннің негіздері бар және әрекет ететін пәндер мен құбылыстарды іріктеу;
-пәндердің жеке қасиеттері мен сапасын анықтау;
-осы қасиет пен сапаны пәнаралық функционалды байланыс жүйесінде талдау.
Ақыл-ой дамуының қажетті деңгейінде болуымен қатар баланың ерік-жігері дамуының маңызы зор. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігері дамуының белгісі мінез құлқын басқара және өз ісіне есеп бере алуы. Баланың мектепте оқуға даярлығының ең басты мәселерінің бірі, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, таным үрдістері мен әрекеттері және деңгейі болып табылады. [23]
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби қабілеттер өзінен өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жайлы еңбектерді талдай келе біз төмендегідей қорытындыға келдік. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. [6] Ол іс-әрекет түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
-шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
-әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
-шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
-нәтиженің жаңалығы, соңы.
Ал бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.
- Жаңалықпен бетпе-бет келу.
- Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік.
- Шешімнің жарқ етуі.
- Шығармашылық акт.
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өз ізденісіне нәтижесі немесе шығармашылық әрекетінің жемісі болған жағдайда ғана оқушы білімді терең меңгере алады. Осы ойды белгілі ғалымдар да құптайды. Академик Г. Струмин өзінің естеліктерінде былай деп жазады: «мен алдымен журналда берілген есептерді өздігімнен шығарып, кейіннен сол журналға өзімнің құрастырған есептерім мен теоремаларымды жібердім. Тіпті кейіннен сол журналдың корреспонденті болдым. Алайда, бұл менің шағын шығармашылық жұмысым болса да, мен бұл ғылыми жұмысымның бастамасы деп есептеймін».
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының баастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін - мұғалім. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар - оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі - жақсы ттүсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагоогика ғылымының әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жібергеен қатесіне берілген жазалаау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві-таным. Өйткені, таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
1. 2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден - кез келген бала адамзат баласының осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге арналған оқу әрекеті, екіншіден - кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. [12]
Оқу - мектеп жасындағы балардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті - күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сиқты т. б. психикалық үрдістер мен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әр бір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалана білуге, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
- Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар) ;
- Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары) ;
- Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы) ;
- Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы) .
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау - нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау - белгілі міндетті теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардын) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т. б.
Мектепте оқытудың негізгі міндеттерінің бірі- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, таным қабілеттінің оянуына түрткі болу. [23] Оқушыларды танымдық белсенділігі кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау процестері мен зейіннің тұрақты түрін қажет етеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру - олардың өз бетінше танымдық ынта-ықыласын, шығармашылық қызметін дамытатындай етіп ұйымдастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz