Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі



1 Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық үдерісі
2 Қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың моделі
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық үдерісі осы дайындықта басымдықты жеке тұлғаға бағытталған шырғырмашылық ыңғайға берілетіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс, бұл ыңғай педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап етеді және тұлға мен ұжымның қалыптасуына ықпал етеді.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің көркемдік-педагогикалық икемдіктерінің құрылымы психологиялық-педагогикалық сипатқа ие икемдіктер кешені ретінде, арнайы икемдіктер мен көркемдік-эстетикалық бағыттылыққа ие икемдіктері ретінде көрініс табады. Психилогиялық-педагогикалық икемдіктер прогностикалық, жобалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, ақпараттық икемдіктерді қамтиды.
Болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге қажетті арнайы икемдіктерге: креативтілікті қалыптастыра білу қабылетін; көркемдік-бейнелеушілікті өз бетінше дамыту мен өз-өзін жетілдіруді; сурет, кескіндеме салып, мүсін, сәндік бұйымдар жасауға үйренуі, белгілі көркемдік нысанды орындай білу қабілетін, композицияны жасауды игеруді; пәнаралық байланысты белгілеуді; бейнелеу өнері шығармашылық қабылдауға баулуды жатқызуға болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі

Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық үдерісі осы дайындықта
басымдықты жеке тұлғаға бағытталған шырғырмашылық ыңғайға берілетіндей етіп
ұйымдастырылуы тиіс, бұл ыңғай педагогикалық үрдістің барлық
қатысушыларының белсенді қатысуын талап етеді және тұлға мен ұжымның
қалыптасуына ықпал етеді.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің көркемдік-педагогикалық
икемдіктерінің құрылымы психологиялық-педагогикалық сипатқа ие икемдіктер
кешені ретінде, арнайы икемдіктер мен көркемдік-эстетикалық бағыттылыққа ие
икемдіктері ретінде көрініс табады. Психилогиялық-педагогикалық икемдіктер
прогностикалық, жобалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік,
ақпараттық икемдіктерді қамтиды.
Болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға
көркемдік білім беруге қажетті арнайы икемдіктерге: креативтілікті
қалыптастыра білу қабылетін; көркемдік-бейнелеушілікті өз бетінше дамыту
мен өз-өзін жетілдіруді; сурет, кескіндеме салып, мүсін, сәндік бұйымдар
жасауға үйренуі, белгілі көркемдік нысанды орындай білу қабілетін,
композицияны жасауды игеруді; пәнаралық байланысты белгілеуді; бейнелеу
өнері шығармашылық қабылдауға баулуды жатқызуға болады.
Болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға
көркемдік білім беруге қажетті көркем икемділіктерге мыналар жатады: сурет
салу, кескіндеме жазу, мүсін жасау, композициялық сурет салу, бейнелеу
техникаларын меңгеру, шығармашылық жұмысты орындау, бейнелеу өнері
туындыларын қабылдау, талдау және бағалай білу әрекеттері. Осының барлығы
көп қырлы суретші-педагогтың кәсіби дайындығы түсінігінің құрамдаушылары.
Ол маманның психикасы мен денсаулығының, мазмұны мен жағдайының,
қасиеттерінің атқарылатын әрекеттің талаптарына сәйкестігінің белгілі бір
дәрежесі ретінде түсініледі.
Маманның кәсіби даярлығы - өзіне тиісті кәсіби әрекетті орындауға
қабілетті және дайын деп есептейтін тұлғаның субъективті жағдайы, хал-күйі
деп тануға болады. Осылайша, болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби
даярлығының үлгісін жасай келе, біз негіз ретінде үш құрамдаушыны алдық
(мотивациялық, мазмұндық және процестік). Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді
талдау мен эксперименттік зерттеу нәтижелері болашақ мұғалімдердің қазақ
бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге дайындығының
құрылымдық моделін анықтауға септігін тигізді.
Болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға
көркемдік білім беруге дайындығын қалыптастырудың құрылымдық моделі үш
құрамдаушы іс әрекеттен тұратындығы белгілі болды. Олар: мотивациялық,
мазмұндық, іс әрекеттік деп жіктеуге болатындығы анықталды.
Мотивациялық құрамдаушы: болашақ мұғалімдердің ұлттық бейнелеу
өнеріне деген қызығушылығының болуымен, қазақ бейнелеу өнеріне көркем
мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарауы, ұлттық бейнелеу өнеріне деген кәсіби
қызметке деген оқушыларға қазақ бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім
беруге деген оң қатынасының болуы; ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік
білім берушілік күшінің барлығына сенімінің болуы; мұғалімнің кәсіби
қызметіне деген қызығушылығының болуы; мұғалімнің қызметінің әлеуметтік
мәнін сезінуі; қазақ бейнелеу шығармашылығына қызығушылығының болуы; ұлттық
қолөнер шығармашылығына силастық қарым-қатынасының болуы; оқушыларға
көркемдік білім берудегі бейнелеу шығармашылығының мүмкіндігін саналы
түсінуі; бейнелеу өнері шығармашылығына оқушылардың қызығушылығы мен
қажеттігін туғызуға ұмтылысы; бейнелеу өнеріне мектеп оқушыларын тарту үшін
үнемі жаңа әдістер мен жолдар іздеу қажеттігінің болуы; педагогикалық
білімдерін үнемі жаңартып және байытып отыруға деген талпынысының болуымен
сипатталады.
Мазмұндық құрамдаушы: болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнерін
көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде тануымен, қазақ бейнелеу өнерінің
даму кезеңдері туралы толық білімінің болуымен, қазақ бейнелеу өнерінің
тарихы туралы, бейнелеу өнердің түрлері туралы, қолөнер шеберлері туралы,
қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері (эргономикасы, композициясы,
формасы, материалдары, түрі, түсі, ою өрнектері, т.б.) туралы, қолөнердің
дара ерекшеліктері туралы білімдерінің, кәсіптік сәндік қоданбалы өнер
туралы, кәсіпқой суретшілер туралы білімдерінің болуымен анықталады;
көркемдік білім берудің мәні және оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі
туралы білімдері; преспектива, жарықтану, түстану, композиция заңдылықтары
және оны оқыту туралы білімдері; қазақ бейнелеу өнерінің көркемдік мәні
туралы білімдері және оның мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі ролі
туралы білімдерінің болуы, бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен
әдістемесінен білімі; бейнелеу өнерінің балаларға көркемдік білім беру
мүмкіндігі туралы білімі; қазақ бейнелеу және қол өнерінің білім берушілік
күш-қуаты туралы білімдері; перспектива, түстану, жарықтану, композиция
заңдылықтарын оқыту мен бейнелеуге үйрету әдістерінен білімдері; қазақ
бейнелеу өнерін оқушыларға көркемдік білім беруге қолданудың психологиялық-
педагогикалық заңдылықтары мен шарттары туралы білімдері; ұлттық бейнелеу
шығармашылығы және этнопедагогика бағытында өз бетінше білім алудың кәсіби
педагогикалық тәсілдері туралы білімдері.
Іс әрекеттік құрамдаушысы: болашақ мұғалімдердің бейнелеу өнері
туралы өз ойларын айтуынан, сипаттама беруе білуі. Бейнелеу өнері туралы өз
түсініктерін бере білуі, картинаның немесе қолөнер бұйымдарының қай дәуір
өнеріне жататындығы, оның көркем орындау сапасына баға беруі. Бұйымның
композициясы, эргономикасы, тұтыну қажеттігі, формасы, түрі, түсі туралы
талдау жасай білуі.Қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға көркемдік
білім беру мүмкіндігі ретінде қолдану іскерліктері. мынандай
көрсеткіштермен айқындалады: оқушыларға көркемдік білім беру іс әрекеті,
бейнелеу өнері шығармашыларын таңдап алу іскерлігі; қазақ бейнелеу өнері
шығармаларын оқушыларға көркемдік білім беру перспектива, түстану,
жарықтану, композиция заңдылықтарын оқыту мен бейнелеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Құзыреттілік теориясы
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Пәндер