Жертану пәнінен дәрістер кешені


2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ
1-БӨЛІМ.
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Ауа райы - белгілі бір аймақта белгілі уақыттағы атмосфераның қалпы.
Климат - ауа-райының көп жыл бойына қалыптасқан қалпы.
Абсолютты ылғалдылық - нақты уақытта ауаның бойындағы су парлары.
Жауын-шашын - атмосферадан жауын, қар, бұршақ, не қиыршық түрінде түсетін су.
Жыл мезгілдерінің өзгерісі - жыл сайын сол ретпен қайталанатын табиғат құбылыстары.
Бұлт - атмосферадағы су буының конденсациялаунуынан пайда болады.
Жел -ауаның горизонтальды қозғалысы.
Тропосфера - атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты.
Стратосфера - тропосферадан жоғарғы орналасқан атмосфера қабаты.
Минералдар -физико-химиялық және биологиялық процесстердің нәтижесінде пайда болған біртекті табиғи дене.
1-тақырып. Жер- планета есебіндегі сипаттамасы.
Дәріс мақсаты: Жер- планета есебіндегі сипаттамасын қарастыру.
1. Жертану пәніне кіріспе
2. Күн жүйесі
3. Жер- планета есебіндегі сипаттамасы.
Жертану пәні географиялық пәндер жүйесіне жатады. География физикалық және экономикалық география деп бөлінеді. Жертану- жалпы физикалық географияға жатады. Зерттеу объектісі-географиялық қабық. Күн жүйесіне жатады планеталар, кометалар, метеорлық заттар, пайда болуы туралы гипотезалар. Космостық обьектілердің бірі жұлдыздар. Олар әр түрлі келеді, себебі олардың даму стадиялары түрліше өтетіндіктен. Галактикалар- жұлдыздардың саңы жағынан да көлеміжағынан да орасан зор күн системалары. Күн жүйесіне 9 планета жатады Жердің және басқа планеталардың салыстырмалы сипаттамалары Жер өлшемдері, пішіні Жердің айналуы, жер айналымының ауытқу әрекеті, Жердің қозғалыстары, кун мен түн аысуы Уақыт (жергілікті, белдеулік, декреттік) . Жер - сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің (Космостың) бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның Әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес. Жерден қазіргі радио және оптикалық телескоптардың көмегімен Әлем дүниесінің Жерден Күнге дейінгі аралықтан үш жүз мың миллиард есе көп қашық бөлігі байқалады. Егер бізге Әлемнің “көрінетін” Метагалактика деп аталатын бөлігі бойынша болжайтын болсақ, Әлем негізінен сутек (80%) және гелийден (18%), аздаған басқа да элементтердің қатысуынан тұрады. Әлемнің негізгі зат массасы (98%) жұлдыздарда және ол ионданған ыстық газдан - плазмадан тұрады. Галактикалар. Әлемдегі жұлдыздар әр түрлі системаларды құрайды. Жұлдыздардың 60 %-тен астамы 2, 3, 4-тен 10 жұлдызға дейін, олар үшін жалпы салмақ орталығы төңірегінде айналатын шағын системаларға біріктірілген. Галактикалар - жұлдыздардың саны жағынан да және көлемі жағынан да орасан зор күн системалары. Олардың ондаған мыңы зерттелді, суретке түсірілген, ең алыстағы галактикалар 1 миллиардтан астам жарық жылы қашықтықта орналасқан. Радиотелескоптар 5 млрд. Асатын жарық жылы қашықтықта орналасқан галактикаларды тіркей алады. Бізге ең жақын галактика - Андромеда тұмандығы 1 500 000 жарық жылы қашықтығында жатыр және ол онша үлкен емес тұмандаға ретінде көрінеді. Біздің галактика. Біздің галактика (Құс жолы) 150 млрд. Аста жұлдыздар мен 100 млн. Астам тұмандықтары біріктірді. Көрші галактикамен Андромеда Тұмандығымен - бірге ол үш алып спиральды, 15 ергежейлі эллипстік және бұрыс галактикадан тұратын галактикалардың Жергілікті системасы деп аталатын орталықты құрайды. Біздің Галактика басты галактика жазықтығына қарағанда диаметрі 30 000 п. шамасында спиральды, симметриялы болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- Жертану пәні нені зерттейді?
- Күн жүйесі дегеніміз не?
- Күн жүйесіне не жатады?
Негізгі әдебиеттер 1, 2, 3, 4, 5
2-тақырып. Жердің қозғалысы және оның салдары. Жердің осінен айналуы .
Дәріс мақсаты: Жердің қозғалысы және оның салдарын, жердің осінен айналуын қарастыру .
- Жердің қозғалысы және оның салдары.
- Жердің білігінен айналуы.
Егер жерге солтүстік полюс жағынан қарайтын болсақ, Жер батыстан шығысқа қарай сағат тіліне қарама-қарсы айналып, 23 сағат56 минут ішінде өз білігінен айналып шығады. Осының салдарынан күн мен түн аусады. Жердің табиғи серігі Айдың өз білігінен айналу уақыты оның жерді айналу уақытымен бірдей. Сондықтан айдың бізге үнемі бір жағы ғана қарап тұрады, екінші жағы көрінбейді. Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді түйық сызық құрайтын жолдың бойымен, ягни орбитамен айналады. Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді, одан төрі сәл сопақтау болады. Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді /3 қантар/, бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне / 5 шілдеде/ барады. Жер күнді орбита бойымен 365 кун 6 сағатта бір рет айналып шығады.
Жер бетінін кез келген нүктесіне күн сәулесінің түсу бұрышы және оның түсу уақытының ұзақтығы өзгеріп отырады. Әр нүктеге түсетін жылу мөлшері де өзгереді. Осыған орай жыл маусымы да аусады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- Жердің негізгі қозғалыстарыжәне одан болатын салдарын ата.
- Кібісі жыл дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер: 1-5.
Қосымша әдебиеттер: 18.
3-тақырып . Жер бедерінің негізгі формалары
Дәріс мақсаты: Жер бетінің бедері және оның түрлері туралы студенттерге жалпы ұғым бере отырып, студенттерді географиялық картаның бояуына қарап жер бедерін анықтауға жаттықтыру.
1. Жер шарындағы рельеф түрлері туралы жалпы түсінік беру.
2. Жер бедерін құрушы факторларды саралау.
3. Жер бедері түрлеріне сипаттама беру.
Бүкіл жер шарының 71 пайызын су ал, 29 пайызын құрлық алып жатыр. Дүниежүзін төрт мұхит қоршайды. Олардың шекаралары кей жерлерде құрлық жағалаулары арқылы өтсе, кейде шартты сызықтар арқылы өтеді. Кей жерлерде мұхиттар құрлыққа сұғына еніп, теңіз, шығанақ, бұғаз құрайды.
Жер шарының құрлықтық бөлімінің беті бір текті емес. Ол ойлы-қырлы келеді. Жер бетіндегі ойлы-қырлы формалардың жиынытығын жер бедері деп атайды. Бүкіл планеталық жер бедерінің түрлеріне материктер мен мұхит ойыстары жатады. Қатпарлы белдеудегі таулар, платформалық жазықтар, мұхит ортасы жоталары, мұхит түбі жазықтары екінші қатардағы жер бедерлерінің түрлеріне жатады.
Материктерде жазықтар, үстірттер, тау үстірттері басым таралаған. Олардың айқын айғағы Шығыс Европа платформасындағы Шығыс европа жазығы, Солтүстік Герман ойпаты, Орта Сібір тау үстірті. Материктердің шеткі теңіз басқан аймақтарында жер бедері жайдақ тегіс келеді. Оларды материктік қайраң деп атайды. Ондай материктен мұхитқа өтпелі өңірде бұрынғы өзен аңғарларының ізі жиі кездеседі. Жер бетінде әртүрлі жастағы таулар көп. Полезой мен мезазойда көтерілген қатпарлы таулардың көпшілігі үгіліп аласарған. Альпі қатпарлығының таулары жас, олардың абсолют және салыстырмалы биіктіктері үлкен, бастарын қар мен мұз басып жатады. Дегенмен, полезой мен мезазойда көтерілген таулардың да қатты тілімденген биіктері кездеседі. Ондай таулардың жер бедерінің жасаруы ең жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерімен байланысты (Тянь-Шань, Алтай, т. б. ) . Жер бедерінің негізгі элементтері таулар мен жазықтар. Тау деген ұғым кейде таулы өлке, тау тізбегі деп те аталады. Мұндай аймақтар өте кең теңіз деңгейінен өте жоғары көтерілген биіктіктер. Таулы аймақтар оң және теріс бедерлерден тұрады. Оң дегеніміз теңіз бетінен жоғары, ал теріс теңіз бетінен төмен жатқан аймақтар.
Тау бұл жазық жерден кем дегенде 200м. жоғары көтерілетін биік жер бедері. Таудың беткейлері болады. Таудың ең биік бөлімін ошың шыңы дейді. Тау шыңы үшкір, доғал, жайпақ болуы мүмкін. Таудың оң бөлігінің бірі 200 метірден төмендеу, тауға ұқсас болғанмен жайпақ беткейлі, үшкір шыңы болмайды мұны төбелер дейді.
Тау жоталары ұзыннан-ұзан созылған тау тізбектерінен тұрады. Бұл жоталардың беткейлері көбіне тік болып келеді. Жоталар аралықтары тілім-тілімделген аңғарлардан тұрады. Тау аңғарлары арқылы кейде тау өткелдері, яғни асулары кездеседі.
Таулардың биіктіктері олардың жасына байланысты әр түрлі болады. Биік таулар теңіз бетінен 2000 м. бастап одан да жоғары болса, орта биіктіктегі таулар 800-2000 м. дейін, аласа таулар 800м. төмен болады.
Жазықтар тегіс бетінде кейде өте аласа биіктіктер кезесетін жер бөліктері. Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай аласа және көтеріңкі болып екіге бөлінеді. Аласа жазықтықтардың биіктігі теңіз бетінен 200 м. аспайды. Олардың қатарына Каспий маңы ойпаты, Амазонка ойпаты, Индо-Ганг ойпаттары жатады. Жазықтықтар сыртқы түріне қарай тегіс, белесті, төбелі және сатылы болып бөлінеді. Көтеріңкі жазықтар 200м. мен 500 м. аралығында болады.
Жер бетінің бедерінің әр түрлі формасы жағынан да көлемі жағынан да әр түрлі. Олар негізінен ішкі эндогендік, сыртқы экзогендік күштердің салдарынан пайда болған. Осылардың салдарынан көтеріңкі яғни, тау, тау жоталары, төбе, қыраттар және ойысты бедерлер олар: ойпаттар, тау аралық қазан шұңқырлар, жыралар, аңғарлар т. б.
Жер бетінің ірі бедерлері-материктік, мұхиттық ойыстар, ірі таулар мен жазықтықтар негізінен жердің ішкі күшінің әсерінен пайда болған. Ал жер бетінің орташа бедерлері: өзен аңғарлары, таулар, жыралар, бархандар сыртқы күштердің салдарынан пайда болған.
Жердің ішкі күші әртүрлі тектоникалық қозғалыстар. Бүкіл жер құрылу кезеңдерінде үздіксіз тектоникалық қозғалыстар болып тұрады. Олар кейде күшті дүмпулермен байланысты болса, кейде жай ғана вертикалды қозғалыстар түрінде өтуі мүмкін.
Күшті дүмпулер кезінде таулар құрылады. Мұндай дүмпулер жер сілкінумен жалғасады. Жер сілкіну кезінде мантиядан шыққан магмалар жер бетіне жарып шықпай оның ішкі жағында қатуы мүмкін мұны интузивтік, ал магма мантиядан сыртқа шығып, жер қабығын жарып өтіп сыртқа төгілсе-эффузивтік не вулкандық деп атайды. Мұндпй жағдайда магмадан көптеген газдар бөлінеді. Оның алғашқы сыртқа шыққандағы құрамы өзгереді, сөйтіп лаваға айналады. Аққан лавалар өте көлемді жер бетін басып, жер бетінің лавалық қабатын пайда етеді. Мұндай лавалардың ізі Декан платосы, Армян және Эфиопия платолары т. б. Мұндай вулкан атылған жерлерде ыстық бұлақтар, үнемі атқылап тұратын гейзерлер жиі кездеседі. Вулкан атылғанда оның лавасынан гөрі лайлы толқындары қауіпті. Ол лайлы ағындар қапыл жылынғанда қарлардың еріп, жолындағы бүкіл жыныстарды қопарып ағызуынан пайда болады. Бұл өте қатты тездікпен ағып, сағатына 70 км. дейін жетеді. Осындай жағдай 1985 жылы ноябрьде Колумбиядағы РУИС вулканы атылғанда 23 мың халқы бар Армеро қаласын жоқ еткен.
Эндогендік күштер қатарына қапыда жер сілкінулер де жатады.
Сыртқы, яғни, экзогендік күштерге үгілу процесі енеді. Бұл түрлі температураның әсерінен жер бетінің бір ысып, бір суынуына байланысты тау жыныстарының бұзылуы, омырылып сынуы.
Тау жыныстарының жарығына енген сулардың бір еріп, бір қатуы жыныстардың жарықтарын кеңейте түседі де, ақырында олардың үгілуіне әкеп соғады.
Сыртқы күштердің ішінде жер бедеріне ең үлкен әсер ететін ағын сулардың әрекеті үнемі қатып жататын полярлық белдіктен басқа жердің бәрінде де ағын су бар. Ағын сулар тек шөлді жерлерде аз болуы мүмкін. Ағын су өз жолында кездескен топырақты, түрлі жыныстарды өзімен бірге ағызып әкетіп, жер бедерін өзгертеді. Оның жолында жыралар, өзен аңғарлары пайда болады. Өзен сағасына түрлі жыныстарды әкеліп шектіру арқылы ол аймақтың жер бетіне өзгеріс енгізеді.
Ағын сулардың күшінен таулар аласырып, тегістікке не төбеге де айналады.
Жер бедеріне үлкен әсерін мұздар да тигізеді. Бүкіл құрлықтың 11 пайызын мұздар алады. Ол мұздардың қазіргі таңдағы көлемінің 98 пайызы Антарктикадан, Гренландияның және полярлық аралдардың үлесіне тиеді. Ал, тау бастарындағы мұздар бүкіл жер шарындағы мұздардың екі пайызын ғана құрайды. Материктердегі мұз қабатының қалыңдығы 2-3 км. жетеді.
Таулы жерлердегі мұздар биік тау шыңдарында, беткейлері мен жоталар арасындағы аңғарларда орын тепкен. Биік тау аңғарларындағы мұздар жылжып жолында кездескен жыныстарды етекке қарай домалатады. Ол ірілі-ұсақты жыныстар мұз жиектеріне келіп шөгеді де оларды онан әрі ағынды сулар шайып, тау етегіне әкеліп төгеді.
Жер белдеріне үлкен әсер ететін сыртқы күштердің бірі-жел. Жер шарының барлық бөлігінде де желдің әсері күшті сезіледі. Бірақ, желдің ең күшті әрекеті шөлді аймақтарда айқын байқалады. Шөлде құрғақшылық болғандықтан, өсімдік жамылғысы өте аз. Үгілуден пайда болған сусыма ұсақ жыныстар көп. Желдің әрекетінен пайда болған жер бедерлері әр түрлі болады. Тасты шөлдерден желдің күшімен көтерілген ұсақ тастар тіпті шыңдарды біртіндеп мүжіп, тесіп неше түрлі қызықты формаларға айналдырады. Тіпті бірте-бірте оларды аласартып, жермен теңестіреді.
Сонымен қатар, құмды шөлдерде құмдарды бір дерден екінші жерге көшіріп, бархандар, құм төбелер пайда етеді. Бұл бархандар үнемі жылжып отырады. Барқанның жылжу жылдамдығы жылына 50км. дейін жетеді. Желдің әсерінен су толқынымен түрлі шөгінді жыныстарды жағаға үйіп, дюндер пайда етеді.
Жыртылған далалы және шөлейтті аймақтарда желдің әсерінен құмды борандар соғады. Мұндайда күшті соққан желдер топырақтың беткі қабатындағы шөп өсімдіктерін тамырымен, тұқымымен жұлып әкетеді.
Жер бедерінің өзгеруіне жерасты сулары да өз үлесін қосады. Олар жер астында кездесетін кейбір тау жыныстарын ерітеді. Оларды мүжіп үлкен үңгірлер жасайды. Сол сияқты жер бедеріне мәңгі тоңның, теңіз толқындарының, адамның тигізетін әсерлері де жеткілікті.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
- Жер бедері деген не?
- Жер бедерінің түрлері қандай болады?
- Жер бедерінің пайда болына қандай факторлар әсер етеді?
түрлері. Жазықтар, жіктелуі.
Негізгі әдебиеттер: 1-5.
Қосымша әдебиеттер: 18 әдебиет.
4-тақырып . Жердің ішкі құрылысы.
Дәріс мақсаты: Жердің ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік беру. Жер қабаттарымен таныстыру.
- Жердің ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік
2. Жер қабаттары
Жердің құрылысы қабықтардан тұрады. Ядроның төңірегінде қабықтың дұрысқа жақын шеңберлі қабаттары - орналасқан, олардың әрқайсысының өзіне тән құрамы мен қасиеттері бар. Жердің сыртқы газ қабығы - атмосфера, онда барлығы 5, 1*10 15 т зат (Жер массасының миллиардтай бөлігіне жуық) бар; атмосфераның үстіңгі шекарасы бірден білінбейді. Жердің мөлшерін және орташа тығыздығын анықтаған кезде бұл қабық есепке алынбайды. Жердің сұйық қабығы - гидросфераның 1, 4*10 18 т массасы бар. Оның орташа қалыңдығы 4000 км шамасында. Жердің қатты денесінің тікелей бақылауға берілетін тереңдігі 8 км жер радиусымен салыстырғанда соншалықты мардымсыз келеді. Сейсмикалық гравитациялық, магниттік, электр магниттік, термикалы, ядролық және басқа да зерттеулер мәліметтеріне қарағанда жердің ядросы (жер көлемінің 16% және массасы 31, 5), оны қоршаған қалың қабығы - мантиясы (жердің көлемі 83% және массасының 67%, оның бетінде жұқа жер қыртысы (көлемі 1, 2% массасы 0, 5%) бар.
Жер қыртысы Мохоровичи бөлімі арқылы мантиядан ажыратылған. Мохоровичич бөлімі биік таулардың астында 80 км тереңдікке түседі, жазықтықтар астында 30 - 40 км тереңде салыстырмалы бірыңғай орналасады, мұхит түбінде 10 км-ге дейін көтеріледі. Орташа жер қыртысының қалыңдығы континенттермен салыстырғанда мұхит астында 5 есе аз. Мұхиттың және континенттік қыртыстың айырмашлығы бір ғана қалыңдықта емес. Мұхит қыртысы екі қабатты: құрамы базальтқа жақын (орташа тығыздығы 2, 85 г/см 3 жуық) тау жынысы қабаты, оның бүкіл дерлік беті шөгінді жыныстармен жамылған. Континенттік қыртыста базальтты қабатпен шөгінді жыныстар арасында гранитті қабат барғ яғни ол үш қабатты.
Мантия - Мохоровичич бөлімінен төмен 2900 км тереңдікке дейін орналасқан. Ғалымдар мантияның температурасы бетінде 100-150 0 С-тан ядроның шекарасында 3800 0 С-қа, дейін деп болжайды. Заттың тығыздығы тереңдеген сайын үздіксіз өседі: 305 г/см 3 -ден 5, 2 г/см 3 -ке дейін. Жоғарғы мантияда континенттің астындағы 100-200 км, мұхиттың астындағы 50-60 км тереңдікте астеносфера (әлсіз сфера) жатыр. Астеносферада температура балқу температурасына жақын, бірақ үлкен қысым заттың балқуына мүмкіндік бермейді.
Жер ядросының (радиусы 3500 км шамасы) тығыздығы 12, 3 г/см 3 , температурасы 4000-5000 0 С, қысымы 3, 6 млн. атм. Ядро бөлінеді: сыртқы ядро, аралық зона және радиусы 1280 км. Ішкі ядро. Сыртқы ядросы сұйық, ішкісі қөатты деп болжанады.
Күн системасының барлық планеталары сияқты түзіліп Жер үздіксіз дамып отырады: заттары өзгереді, араласты, оған қабаттар пайда болды. Бұл процестер аяқталған жоқ. Олар зор мөлшерде энергия шығарып және жұтып отырғанда жүріп жатады. Жердің ішінде энергия радиоактивті элементтердің ыдырауының нәтижесінде бөлінеді, Жердің заттарының тығыздалуы, оның сығылуынан гравитацияланады
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жердің ішкі құрылысына не жатады?
2 Жердің ішкі құрылысын не арқылы болжаймыз?
3. Жердің тығыздығы мен ішкі жылуы дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 5
Қосымша әдебиеттер: 2 -3 әдебиеттер.
5-тақырып. Қазақстанның жер бедері
Дәріс мақсаты: Жер бедерінің дамып қалыптасуына әсер ететін факторларындың болатының түсіндүру. Жер бедерінің даму тарихы жайында ғылыми мәлімет беру. Қазақстанның жер бедерімен таныстыру.
1. Қазақстанның жер бедерінің даму тарихы
2. Қазақстанның жер бедерінің ерекшелігі.
3. Қазақстанның жер бедерінің түрлері.
Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі болып келеді. Оның территориясының көпшілігін кең байтақ жазық алып жатыр. Территорияның кейбір жерлері мұхит деңгейінен төмен. Сонымен қатар үстіртті жазықтар аласа таулар бар. Мұзбен қар жамылған биік шыңды таулар да жеткілікті. Бұл таулар шығыс және оңтүстік шығыс шеткі аймақтарда ұзыннан-ұзын созылған. Жер бетінің мұндай сан алуан болуы оның дамуының ұзаққа созылғандағы мен күрделілігіне байланысты.
Қазақстан территориясының геологиялық тарихының өң бойында оны әлденеше рет теңіз суы басып, біртіндеп олар құрғап құрлыққа айналған.
Полезойға дейінгі уақытта және полезой эрасының басында Республика территориясының барлығын дерлік Орал-Тянь-Шань геосинклиналы алып жатқан. Полезойдың алғашқы жартысында каледон тау түзілісі болған. Күшті тектоникалық қозғалыстар әрекеттерінен геосинклиналь орнына Қазақтың қатпарлы өлкесінің солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау қатпарлары түзілген. Теңіз бірте-бірте тартылып, құрлық көлемі ұлғая түскен. Вулкан әрекеттерінің күшеюіне байланысты пайдалы қазбалар мен көптеген тау жыныстары пайда болған.
Тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен пайда болған жарықтарға құйылған ішкі магма магний мен темір элементтеріне бай болған. Полезойдың аяғында герцин тау түзілісіне байланысты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньның батыс жоталарында, қазақтың қатпарлы өлкесінің шығысында және Мұғалжарда көтерілу процесі аяқталған. Осының нәтижесінде Қазақстан территориясының едәуір бөлігі жер қыртысының қатты бөлігіне айналған. Осы кезден бастап оны теңңіз суы баспаған. Мезазой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанның жерін басып жатқан. Осы эраның аяғында Қазақстан жерінде көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз қазақтын қатпарлы өлкесіне дейін жеткен. Ол жерлерде өзендердің құрлықтан ағызып әкелген шөгінділері жиналған. Мезазой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Бұл эрада бірде-бір тау жүйелері түзілмеген. Полезойда құрылған тау жүйелері күшті бұзылып, мезазойдың аяқ кезінде Қазақстан жері тегістелген аймаққа айналған. Қазіргі Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань жүйелері аймағы осы күнгі орталық Қазақстанға ұқсас болған. Кайназой эрасының басында мезазойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол қалпында сақталды. Бірақ неогенде теңіз таяздап, Қазақстанның солтүстік шеті, Торғай ойпаты мен Қаратау жотасы қозғалыстар әрекетінен Альпілік таулар түзілген. Альпілік таулар түзілісі жер қыртысында жарылу тұғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осылардың салдарынан қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань екінші рет қайта көтерілген. Таулар бойындағы жоғары көтерілген тегістелген учаскелер мен жоталар бойымен созылған ойыстар вертикалды жоғары көтерілулер мен төмен түсулерге байланысты түзілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz