Бейіндік мектеп мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілік нобайы


бейіндік мектеп мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілік нобайы
Қоғамның жаңа сападағы педагог мамандарына деген сұранысын орындау мақсатында 2007 жылғы жаңа білім заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері» атты 11-баптың 9-бөлімінде «оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» көрсетілді.
Кәсіби құзыреттілік - кәсіби саладағы компетенциялар жиынтығымен берілетін жеке тұлғаның интегративті сипаттамасы әрі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік. Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасында мұғалімге тән кәсіби-педагогикалық деңгейін көрсететін басты сапа ретінде құзыреттілік көрсетілген. Ресейлік білім беру жүйесінде жүргізіліп отырған реформаларда да құзыреттілік басты принцип ретінде көрсетілді. Жалпы маман нобайлары туралы көзқарастарды қорыта келіп, біз маманның нормативті-функционалды нобайы төмендегідей (сурет 1) болуы тиіс деп есептейміз.
Сурет 1 - Маман нобайы
Бұл құрылған нобайдың аса маңызды ерекшелігі - оның негізіне қазіргі маманның кәсіби құзыреттілігі алынып, ол маман дайындау нобайына да түсіріледі, ал бұл өз кезегінде оқу үрдісін ұйымдастыруды айқындауға мүмкіндік береді.
1-суретте көрініп тұрғандай, құрылымдық элементтер бір-бірімен тізбектеле тығыз байланысқан. Стандарттағы өзгерістер біліктілік талаптарына да өзгерістер әкеледі. Ал қоғамымыздағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен жұмыс берушілер талабының өзгеруі маманның жеке сипаттамаларына қойылатын талаптардың да өзгеруіне әкеледі. Ал, бұл болса, маман дайындау нобайының мазмұнына ықпал етіп, оқытудың жаңа мақсаттарын қоюды, жаңа формалар мен әдістерді іздестіруді, бүкіл оқу процесін қайта құруды жүзеге асыратыны сөзсіз. Осылайша, маман нобайының барлық құрылымдық элементтері өзара тығыз байланысты. Бұл нобай консервативті емес, сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына қарай оқу процесін оперативті түрде қайта құрып отыруға мүмкіндік береді. Өйткені мұндай өзгеріс жоғары оқу орны мен мектепке қана емес, студентке де қажетті.
Маман іс-әрекетінің нобайы типтік кәсіби міндеттерден құралады, ал бұл міндеттер мемлекеттік білім стандартымен анықталған.
Сурет 2 - Кәсіби құзыреттілік нобайы
Ұсынылып отырған нобайда (сурет 2) маман дайындаудың әлеуметтік-тұлғалық және жалпыкәсіби құзыреттіліктеріне басым назар аударылған, өйткені бұлар түлектің еңбек нарығында және жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім алуы кезінде оңтайлы бағыт табуына көмегін тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жаңа тұрпатты мұғалім нобайын жасау туралы өз пікірімізді баяндайық.
Жаңа тұрпатты мұғалім нобайындағы пән мұғалімі нобайының мазмұнын көрсететін бөлігі екі құрамдасты қамтиды деп есептейміз:
- пайдаланушы пән мұғалімі нобайы;
- бағдарлама жасаушы пән мұғалімі нобайы.
1. Пайдаланушы пән мұғалімінің нобайы оқытушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, негізінен, үш деңгейде жүргізілуі керек:
1) компьютерлік технологиялар мен компьютерлік орта нысан ретінде;
2) компьютерлік технологиялар оқыту құралы ретінде;
3) компьютерлік технологиялар компьютерлік орта ретінде.
2. Бағдарлама жасаушы пәндік мұғалімді даярлау
Бағдарлама жасай білу үшін пән мұғалімі ақпаратты өңдеудің қазіргі жағдайы туралы білім алуы керек (білім инженериясы элементтері) . Электронды оқулықты қолдану, білімді табиғи тілдегі жартылай формалданған күйдегі құрылымдар (семантикалық желілер мен жүйелер) арқылы білім беру негіздерімен таныс болуға тиіс.
Нобай жүйе интерфейсіне қойылып, оқудың барлық кезеңінде:
- студенттің оқу объектісін жеке зерттеп, меңгергенінде (теорияны қарап шығу),
- жаттықтыруды жүргізгенде ұйымдастыру қызметін атқаруы керек.
Эксперттік жүйелер саласында білімді өңдеу технологиясы логика-лингвистикалық әдістерге сүйеніп, тектік ұғымның семантикалық өрісін - концептіні құрылымдау, сонымен қатар семиотика, когнитивті семантика (оны құрғанда факторлық талдау, көпөлшемді шкалалау, кластерлік талдау, есептеу, контрастивтік талдау қолданылады) әдістерін пайдаланса да, бұл технология тілді зерттеуге ғана қатысты емес, басқа пәндерде де қолдануға жарайтын әмбебап технология.
Жасанды интеллект әдістерін оқу-әдістемелік материалдарды өңдеуде қолдану прогностикалық, эвристикалық қуатты нобай жасауға мүмкіндік береді әрі пән мұғалімдерін бағдарламалау әдістеріне оқыту жеңілдейді, өйткені табиғи тіл ұғымдар жүйесі ретінде пайдаланылады.
Мұндай нобай жасау күрделі жұмыс, оның үстіне мұғалімдердің барлығы нобай жасаумен айналыспауы мүмкін. Дегенмен, мұғалімдердің барлығын осы мәселеге тарту қажет деп есептейміз, өйткені ол оқытушыға қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдарды жасауға қатысуға, түсінуге, сол арқылы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz