Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау


Ф-ОБ-001/033
Мазмұны
Ф-ОБ-001/033
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының мақсаты.
Назарбаев Н. «Қазақстан - 2030» - Алматы: Білім, 1997. -256 б.
Дүниетану: 1-4-сыныпқа арналған оқулық /К. Жүнісова, Ә. Бірмағамбетова, Қ. Аймағамбетова, Н. Нұғыманов, Қ. Жүкешов/ - Алматы, Атамұра, 2010. - 174 б.
Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. //Жалпы бастауыш білім. - Алматы: РОНД, 2010. - 55 б.
Ф-ОБ-001/033
Анықтамалар
Таным - филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бенеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.
Философия тұрғысынан: “айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі немесе таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі” - деген анықтама береді.
Белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Қызығу - тану қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында тұлға оның жолдары мен тәсілдерін іздестіреді. Қызығу белгілі бағытталған және бір жерге шоғырланған ойда туындайды, анық бір іскерлік түріне ынтадан туындайды. Егер қажеттілік пәнді меңгеруге ынталандырса, қызығушылық бастапқы этапқа, онымен танысуға бағытталады.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасына оның процесі - танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Белгілеулер мен қысқартулар
АПН - академия педагогических наук
РСФСР - Российская Советская Федеративная Социалистическая Республика.
СССР - Союз Советских Социалистических Республик
Избр. пед. соч. - избрание педагогических сочинении
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жолдауында “әлемдік білім кеңістігінде толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететінін, жоғары сатылы білімді азамат қалыптастыру” керектігі көзделінген еді [1] .
Олай болса, қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің 2005-2015 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай пәндік білімдердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу үрдісі барысында танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде танымдық белсенділіктерін қалыптастырып, дамытып, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру оқушыларды жинақылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді [2] . Білімді саналы түрде игеріп, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін тудырады.
Осыдан келіп оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу, даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу әр мектептің, әр мұғалімнің міндеті.
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Олай болса, қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр.
Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын арттыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев [3], С. Л. Рубинштейн [4], Л. В. Занков [5], Л. В. Эльконин [6], т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан Т. Н. Шамова [7], Г. И. Щукина [8], П. И. Пидкасистый [9] т. б. болса, отандық ғалымдардан Т. С. Сабыров [10], т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты. Мәселен Т. Н. Шамова тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекет сапасын қарастырған.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының 11-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту, сондай-ақ, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген [11] .
Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жастарымыз дара тұлға ретінде қалыптасуына бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагог-психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер бар. Біреулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Ал педагогика тұрғысынан Р. Қоянбаев былай тұжырымдайды: ”Таным - обективті шындықтың адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы” [12] .
Тұлғаны дамытудағы танымдық белсенділіктің рөлі Л. С. Выготскийдің [13], Л. И. Божовичтің [14], А. А. Люблинская [15], И. В. Пестолоцци [16], Дж. Брунердің [17] ғалымдарының жұмыстарында қаралған. Олар білімге деген позитивтік қарым-қатынас пен оқушылардың танымдық белсенділігінің арасындағы тікелей байланысты орнатады және берілген процестің теориялық негіздерін береді.
Оқу іс-әрекетінің жақсы жолға қойылуы біздің ойымызша тек қана нақты бір білім мен тәжірибелердің игерілуімен ғана байланысты емес, соның мақсаттары мен тапсырмаларына сай келетін себептер мен бастамалар жүйесінде екендігінде. Ең бастысы бала тек оқи алатын емес, оқығысы келетін болу керек.
Білім беру мен тәрбиелеудегі танымдық іс-әрекет туралы сөз еткенде, оқушылардың білім меңгеру үдерісіндегі танымдық жүйелерінің пайда болу, даму және қалыптасу ерекшеліктерін ескергеніміз жөн. Дүниетану пәні оқушылардың рухани әлемін байытып, дүниетанымын қалыптастырады. Жас жеткіншекті өмірге, айналасына, қоршаған орта, табиғат көрінісіне үңілдіріп, ой-өрісін кеңейтуге әсері мол. Дүниетану пәнін оқыту, үйрету мұғалімдерден үлкен шеберлікті, әрі сабаққа мұқият даярлықты талап етеді.
Ғалымдардың тұжырымдамаларын жинақтай келе белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан-жақты жетіктігін аңғартып, шәкірті меңгере алмайтын мәселеде басшылық жасағаны жөн. Оқушының өзіндік ойлауға ынтасы болмаса, ол сол материалды жан-жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады. Оқушы бойында бір нәрсені танып білуге деген немесе танымын, ой-өрісін кеңейтетін материлдарды игеруге деген қабілеті болған жағдайда ғана танымдық іс-әрекетке оң көзқарасы қалыптасады, қызығушылығы оянып, дамиды. Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналуы үшін осы ғылыми негіздердің іргетасын мұғалім қалайды.
Соңғы кезде оқушының танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер де бар. Оқушының танымдық қабілетін арттыру жөнінде ғалым-педагогтар әртүрлі көзқарас ұстанады. Мысалы: ғалым-педагог Л. Занков: ”Оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамаыз етуі керек” - десе [5, 27б. ], көрнекті психолог Л. Выготский: ”Жақсы оқыту деп - баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтатынын ”- тұжырымдайды және оқу - баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды [13, 61б. ] .
Сондықтан дүниетану пәні сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әдістемелік құралдардың көптеп болғаны дұрыс дер едім. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында “Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру” деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы оқушылардың дүниетану сабағы.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог, ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау.
- Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуда оқытудың әдіс-тәсілдеріне талдау жасау.
Зерттеу әдістері: Талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, т. б.
Зерттеу теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында танымдық белсенділікті дамытуға әсер ететін факторларды қолдану.
Зерттеу практикалық маңыздылығы:
Баланың іс-әрекеті барысындағы танымдық белсенділік.
Диплом жұмысының құрылысы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» атты бөлімінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерін және танымдық белсенділік туралы және ұғым, оның мәні, білім мазмұны қарастырылды.
«Дүниетану пәнініде оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіру әдістері» атты бөлімінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдері қарастырылған.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде белгіленген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер тұжырымдалды. Соңғы бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытудың теориялық мәселелері
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым) », «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алатыны жөнінде айта кеткен ләзім. Сократтың өзі-ақ оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арнайы басқарып отырудың қажеттігі туралы айтып еткен болатын. Кейіннен бұл идеялар ежелгі Рим философтарының еңбектерінде сонан кейін А. Я. Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервегтің т. б. зерттеулерінде де бұл проблемаға айтарлықтай көңіл бөлінді.
Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі - педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М. Н. Скаткин [18], И. Ф. Харламов [19], М. А. Данилов [20], И. Л. Лернер [21], М. И. Махмудов [22], Т. И. Шамова [23] және тағы басқа.
Қазіргі таңда таным белсенділігін арттыру мәселесінің дамуына қазақтың белгілі педагогтары Р. Қоянбаев, Ж. Қоянбаев, Т. Сабыров, И. Нұғыманов, т. б. белсенділіктің алатын орны ерекше екенін атап көрсетіп отыр.
Таным теориясы - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Сонықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы білім соңғы деді. Адам танымы сыртқы дүние заттары туғызатын түйсіктен басталады, танымның негізі сезімдік қабылдау деп түсінді.
Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы болып отыр.
Философиялық ұғымда “дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орнына, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлері мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”. Осы философиялық қағида дүние тану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуның теориялық мәселелерінің айналыса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды.
Оқушы ақпаратты іс-әрекет тәсілімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибені фрагменті жөнінде мұғалімнің беретін білімі мен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз бетінше белсенді танымдық іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келе оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу прорцесін ойдағыдай ұйымдастырудыңі негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет - оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайды егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады. Оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті орындар көбеюде. Мұнда бала табиғатынана берілген тума қасиеттерінің қоғамдық саяси әлеуметтік жағдай, іс әрекетпен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы азаматтың көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім берудегі қаланатыны белгілі.
Бастауыш мектеп- өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көрейіп өркендеуіне, ел талап тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясыда айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді. Сондықтан да бірінші кезекте, бастауыш сынып мұғалімдері алдына педагогикалық ғылым теориясы және оқыту әдістері негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар әр жастағы балдырғадардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылды.
Әр оқушының өзіне ғана тән мінез-құлық, тәртіп, ерік, жігер, эмоциялық сезім, танымдық қызмет ерекшеліктері болады. соған сәйкес жеке адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтар жөнінде терең түсінікке, білімге негізделген жекелей қарым-қатынас жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мұғалімнен шәкірттерінің жекелей қаситтерін айқын ажырата білетін психолог ұстаз болуды талап етеді. Бұл оған оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің күнделікті қызметінде бұл міндетті ойдағыдай шешкен жағдайда оқу-тәрбие жұмысын бүгінгі талапқа сәйкес шұғыл жақсартуға берік негіз қаланады. Сондықтан да қазіргі таңда әр мұғалім бұрыннан қалыптасқан ұстаздық әдістемелік мүмкіндіктерін қанағат тұтумен шектелмей, өз бетімен теориялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе педагогикалық психология және физиология ғылымы саласындағы жетістіктерінен жан-жақты қарулануға батыл бет бұрыс жасалуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz