Түрік қағандығы



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Түрік қағандығының құрылуы.
2. Түрік қағандығының әлсіреп, Батыс түрік қағандығының тарих сахнасына шығуы.
3. Батыс түрік қағандығынаң территориясы, шаруашылығы.
ІІІ. Қорытынды.
ІІ-V ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғүндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғүн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады.
1. Ч. Мусин. «Қазақстан тарихы». Алматы. «Дәуір» 2005ж.
2. К.Р.Аманжолов. «Түркі халықтарының тарихы» 1 – кітап. Алматы. «Білім». 2002ж.
3. Қазақстан тарихы.. «Ғылым» 1984. V том
4. www.kazref.kz
4. www.bankreferatov.ru
5. www.google.kz

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түріктердің шығу тегі туралы түсінік

ІІ-V ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға
ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір
өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы
Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең
байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына VІ-Х ғасырларда Қазақстан
жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер көне және Батыс түрік қағанаттары
қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін
мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бұлармен өзара тығыз байланыста
болды. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік
батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл
жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғүндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғүн тайпаларының жалғасы екенін
көрсетеді.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық
аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы
кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған)
басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын
шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер
күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань)
қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап
етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағынышты болып келген түріктердің
елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардың
ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-
өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстсушілердің қағаны
деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның
жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның
мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі
553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер
шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте
Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл
жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды
Тумынның басқа бір Інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде опы Батыс
түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп
атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып
алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік
Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді
оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хұрау I Ануширванмен
одақ жасайды. Түрік қағанымен жасаған келісім бойынша Хұсрау I шах озінің
әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды.
Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны
Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға
мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий
теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы
одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап
алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Ұлы Жібек жолына иелік етті. Бұл
Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен
олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда
байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап
айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі
елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік
қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы
Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және
Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің
түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік
Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінң
Константинопьлде жүргізген келіс-сөздері Иран мен Византия қатынастарын
шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мұны Түрік
қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.
571 жылы түріктердің қағаны Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп
Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып,
576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593
жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық
пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға
созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты
шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы
күшейді. Міне, бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі
дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.
Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс
баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі
этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-оқ будунның) мекендеген жері де
осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан
және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы
қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде
болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған 618-630 жж.
билеген кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі қағандығы
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Пәндер