Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі


Анықтамалар

Көкнар дегеніміз ұйқы апиынын піспеген кезінде кескенде ағатын қатқан шырын. Көкнар сыртқы түрі жағынан қатқан шырын күйінде болады, ал кейде ұнтақ қара-қоңыр түсті, тілге ащы болып келеді. Кептірілмеген көкнардың түсі бозғылт қоңыр әрі иісі жаман болады.

Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекусорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз тасымалдауы мүмкін.

Қалыптасқан ахуалдың күрделілігі мен оның маңыздылығын Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында ҚР-сы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты жүргізген, жасы 18-ден жоғары 12000 адам қатысқан әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері де дәлелдейді.

Орналасу ерекшелігіне орай ҚР аумағы есірткіні Оңтүстік - Батыс Азия елдерінен, ең алдымен, Ауғанстаннан Еуропа елдеріндегі, соңғы жылдары Ресейдегі оларды өткізетін әлемдік рыноктарға жеткізу үшін оны транзиттік дәліз ретінде пайдаланатын халықаралық есірткі картельдері мүдделерінің аясында қалып отыр. Есірткі тразитінің ертеден пайдаланылып келе жатқан Азиядан Орталық Қазақстан арқылы Ресейге және әрі қарай Еуропаға созылған бағытын “Өлім Жібек жолы” деп атайды.

“Героинді наркомания ” - өте тез әрі жылдам дамитын қатерлі дерт.

Қоғамымыздағы құқық бұзушылықтың негізгі кезі, қоғамның болашағы жастардың сана- сезімін уландыратын, олардың жеңіл жолмен табыс табуға итермелеп, аяғы қылмысқа аларып тірейті есірткіні тасымалдау, есірткіні тарату темір жол көліктері, жолаушылар поездарында, вокзалдарда перондарда жүзеге асырылатын қылмыстардың денін құрап отыр.

Қысқартулар мен белгілер

ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі

ҚР - Қазақстан Республикасы

БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы

АҚШ- Америка Қрама Штаты

ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

ҰҚК Шекара- Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

ПБЗ-

Нормативтік сілтемелер

  1. ӘН ОҚМУ 7. 15-2010- дипломдық жобаны ұйымдастыру дипломдық жұмыс. Әдістемелік нұсқау.

Мазмұны

Кіріспе ………. 3-5

1 Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі

1. 1 Психотроптық және есірткі заттардың түсінігі… . . . 6-9

Психотроптық және есірткі заттардың түрлері…… . . . 9-14

Контрабанда түсінігі ……. . ………. 15-26

2 Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу ерекшеліктері

2. 1 Есірткінің заңсыз айналымымен (контрабанда) байланысты қылмыстардың криминалистік сипаттамасы… . . . . …27-31

2. 2 Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналым (контрабанда) қылмысын тергеудегі тергеушінің

іс әрекеттері. . ……… . . . …. 31-38

2. 3 Бастапқы және кейін тергеу әрекеттері …… . . . ……. 39-53

3 Есірткі және психотороптық заттардың заңсыз айналымын (контрабанда) алдын алу

3. 1 Психотроптық және есірткі заттардың заңсыз айналымының жолын кесу. . ……… . . . 54-61

3. 2 Психотроптық және есірткі заттардың заңсыз айналымын тиімді бақылауды қамтамасыз ету. …. 61-71

Қорытынды……… . . . . 72-75

Пайдаланған әдебиеттер76-77

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңарумыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал 21 ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне ерекше назар аудара келіп, географиялық орналасу жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тйылмай отыруына аландаушылқ білдірген болатын. Сондай-ақ ғасыр дертімен табанды күрес жүргізуге міндеттенген. Соңғы жылдар есірткіні, психотроптық заттарды теріс пайдалану әрі олардың заңсыз айналымының республикада жаппай таралуы етек алды және экономиканың, құқық тәртібінің жай-күйіне, қоғамдағы әлеуметтік психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектік қорына барған сайын теріс әсер етуде. Сондықтан да бұл мәселе қазақстандық азаматтардың ешқайсысын елеңдетпей қоймайды деп ойлаймын. Бұл дипломдық жұмысымды Есірткі, психоторптық заттар және олардың заңсыз айналымы (контрабанда) мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу мақсатында жазып өздеріңізге ұсынып отырмын. Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы үшін әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосу керек. Қазіргі таңда есірткі адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін химиялық дәрі дәрмек болудан әрі асып, ол мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналып отыр. Бүкіл әлемдік қайымдастықта және кеңестік дәуірде, соның ішінде Қазақстан Республикасында соңғы жылдары заңсыз есірткі айналалымен және оның салдарымен -тұрғындардың көпшілігін есірткімен еліту бойынша күресу мәселесі күшейді. Есірткілік қылмыс өзінің географиялық, жастық және басқа да шеңберін кеңейтуде, есірткімен айналысушылар қоғамда еғсірткілік өнімдері немесе психотороптық заттарды тұтынуға, оларды айналымға заңсыз енгізуге әрекет етіде. Әлеуметтік-экономикалық прцестер аумағында әлеуметтік белсенді өмірден шеттеп қалған, кейінгі ұрпағына есірткілік тәуелділік беріп отырған адамдар саны арта түсуде. Тұрғындары есірткімен еліту мен есірткі өнімдерін заңсыз айналымға енгізу қылмыстық өмірмен тығыз байланысты және әлемдік терроризм мен қылмыстық күш көрсетудің басқа да түрлерінің туындауына ықпал етеді.

Жұмыстың объектісі. Есірткілерді заңсыз айналымға енгізу мен тұрғындарды есірткімен елітудің ұлғайып бара жатқаны жөнінде саясаткерлер мен мемлекет жетекшілері жиі айтуда, сондай-ақ олар есірткінің Қазақстан тұрғындары денсаулығына қауіп төндіретіні туралы да айтып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары есірткіні айналымда заңсыз қолданып жүрген жағдайларға фактілер келтіреді, ересектердің өскелең ұрпақты есірткі тұтынуға баулып жатқандығы туралы жалпы қауіп төніп тұр. Арнайы заң әдебиеттерд туындаған жағдай мен әлеуметтік қатерді жоюға белгілі ұсыныстар жасалуда.

Қазақстан қоғамы бұл күреске толыққанды дайын ба?

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Еліміздің президенті, Қазақстан Үкіметі мен парламенті соңғы жылдары осы мәселеге байланысты бір қатар шаралар қолданды. Бірқатар конституциялық заңдар қабылданы, басқа да нормативтік актілер мен бағдарламалар жасалды, алайда әлі көптеген жұмыстар атқаруға тура келеді. Ең алдымен, қауымдастықтың позитивті күштерін есірткіні заңсыз айналымға енгізу облысында ғана күресуге қолданып қоймай, сонымен бірге демократиялық құқықтық мемлекеттің идеологиялық базасы негізінде тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға да жұмсау қажет. 1988 жылғы есірткілік өнімдер мен психоторптық заттарды заңсыз айналымға енгізуге қарсы күрес туралы Вена Конвенциясы негізіндегі ҚР-ның есірткі және есірткі бизнесімен күрес стратегиясын біздің пікірімізше, қайта қарау қажет және соның негізінде есірткімен және есірткі бизнесімен күрес жүргізу бағдарламасының жаңа жобасын бекітуді енгізу қажет, ал кейінгі стратегиялар үш жылдық бағдарламадан кейін таратылуы тиіс.

Жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасында есірткілерді заңсыз айналымға енгізумен күресетін кәсіпкерлер потенциалы мемлекеттік арнайы құрылымдарда ғана емес, сондай-ақ ғылыми шеңберде де өсіп келеді. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу сақтау, тасымалдау, жөнелту немесс сату үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстык Кодексінің 259 бабында қарастырылған.

Жұмыстың құрылымы. Есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналым қылмысын тергеудегі тергеушінің іс -әрекеті тақырыбында жазған диплом жұмысымның көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және ұсынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ (КОНТРАБАНДА) ТҮСІНІГІ

1. 1 ПСИХОТРОПТЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруімен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Есірткі, психотроптық заттар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей обьектісі - халықтың денсаулығы болып табылады. Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар.

Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. ҚР-сы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын және т. б. заттар жатады.

Психотроптық заттар - адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т. б. жатады. Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекусорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз тасымалдауы мүмкін. Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатысз тазарту заңсыз ұқсату болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді. Мұндай әрекеттер жеке қылмыс болып табылады. [2. 7]

Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекусорларды бір жаққа заңсыз жөнелтуі дәл оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, санымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы, жіберуді айтамыз. Есірткі заттар мөлшері ірі емес мөлшер, ірі мөлшерде және ас ірі мөлшерде болады.

Психотроптық заттарда есірткі заттар сияқты ірі емес мөлшерге, ірі мөлшерге және аса ірі мөлшерде болады. Есірткі психоторптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсоралардың көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әртүрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кезкелген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасмалдау деп түсіну екрек. Бұл әрекеттердің есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсоараларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адам да тасмалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасмалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсоралардың заңсыз иесі- өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасмалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзіреті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жағының міндеті белгісі заңда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

Есірткі бизнесіне қарсы әрекет етудің төмен тиімділіг ең алдымен, қатты әсер ететін өсімдікті және синтетикалық текті есірткілерді әкелуге құқық қорғау орындарының қарсы тосқауыл құра алмауынан көрінеді. Тап осыған байланысты оларды елге әкелудің барлық жаңа каналдары түсіндіріледі.

Қалыптасқан мұндай жағдайлардың негізгі себептері төмендегілерден көрінеді:

Біріншіден, есірткі тасымалдаудың көлемін азайту үшін мемлекеттік шекараны нығайту қажет болады. Бұл орайда әңгіме шекарадағы кеден және құқық қорғау орындары қызметінің тиімділігін арттыру туралы болып отыр;

Екіншіден, ұйымдасқан қылмысты қалыптастыру қызметіне кедергі жасайтын құқық қорғау орындары жұмысының нәтижелілігі, қанша бақылауда болса да төмен;

Үшіншіден, бұл саладғы келелі мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық, соның ішінде құқық қорғау жүйесі өкілдерінің есірткі бизнесімен айналысушы ұйымдасқан қылмыспен бірігуі.

1. 2 ПСИХОТРОПТЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Есірткілер - бұл оларды қолданғанда ерекше психикалық жағдайды туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы есірткі заттары туралы бірегей конвенцияға сәйкес есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бөлінген:

-күшті әсер етіші есірткі заттары;

-улы заттар;

-есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күресу.

Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік және синтетикалық есірткі заттары.

Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен қолдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі дәрмектер кең тараған. Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері:

Марихуана (каннабис) -түрлі сортты сораның келтірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары.

Гашиш (анаша) - түрлі сортты сораның гүлденген ұшар басының аталығын (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату, сығу арқылы дайындалған қоспа. Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ, таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған

( сперосованный) тақта түрінде болады, түсі -сұрғылт-жасыл, қоңыр болады. [3. 7]

Гашиш майы-есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштерімен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қоюерітінді түрінде болады.

Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің бірі -шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қарақоңыр түсті болады. Оны қайнату немесе басқа тәсілдермен де өңдеуге болады (түсі қара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінлер және т. б. ) . Оларға мак шөбі-мактың қауашақтары мен сабақтары (тұтас, бөлшектенген, престелген ) ; экстрациялық апиын есірткі алкплоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады; мак шөбінің суы немесе тұнбасы (көкнар) жатады.

Кокаин (көкнар) - “кока” атты оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулар болып табылатын “крэктың” негізі ретінде кездеседі. Көкнар дегеніміз ұйқы апиынын піспеген кезінде кескенде ағатын қатқан шырын. Көкнар сыртқы түрі жағынан қатқан шырын күйінде болады, ал кейде ұнтақ қара-қоңыр түсті, тілге ащы болып келеді. Кептірілмеген көкнардың түсі бозғылт қоңыр әрі иісі жаман болады. Көкнардың құрамында 25% дейін алколойдтар бар. Олар морфин, кодеин, тебалин, папаверин және наркотиндер. Бұл алколойдтармен қатар көкнардың құрамынан басқа да смолалар камедилер, майлы қышқылдар және басқалар кездеседі. Көкнар өсімдігінен алынатын есірткі заттары. Бұл топқа мыналар жатады: апиын сабағының концентраты, апиын сабағының экстрактысы және тұндырмасы, ұйқы апиыны.

Құрамында есірткі бар медициналық препараттарға апиын тұнбасы, морфин, кофеин, ноксирок т. б. Жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ таблетка түрінде болады.

Қазақстан Республикасында соңғы уақытта бұрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымына пайда болды. Бұл синтетикалық есірткі заттары және өсірілген жаңа есірткілер.

Героин - ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындасы, түсі ақтан қара -қоңыр түске дейін, ұнтақ түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза, қант, крахмал, ұн, тальк. Кальций карбогпты сияқты инертті толықтырғыштар қосындысында, сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5-6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердің бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героиннды медициналық мақсатпен қолдануға тыйым салынған Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойынша амфетаминнің туындысы болып табылатын және орталық нерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады. Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсер бар. [4. 6]

Нашақорлық ұлтымыздың генофондына ғана емес сонымен бірге қоғамымыздың тұрақтылығы мен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіруде. Табиғаттың тылсым үкіміме, адамзаттың тойымсыз, озбыр пейіліне қарай ма, әйтеуір бір қырып жоятын апат шығып жатады.

Оба, чума, сүзек, зілзала, рапрессия, соғыс, атом, бомбасы, СПИД тағысын-тағылар. Міне осының бәрін басынан өткізген адамзаттың басына тағы да бір қара бұлт үйрілді. Ол “есті алатын -өлім” деген қорқынышты атауға ие болған әйгілі-героин. Мұның қаншама қатерлі екенін мына мысалдан - ақ көруге болады. Осы “ақ өлім”, героинді бір рет қана пайдаланған әйелдердің 96-98% құтыла алмайтын кіріптарлық ауруына ұшырайды екен. Онымен тұрмай соңғы 2-3 жыл көлемінде “героинді-наркоманиямен” ауыратын аурулардың саны күрт өсті. Статистика бойынша есірткі тұтынушылардың 18 пайызын шәкірттер мен студенттер құрайды, 20 пайызын астамы жеке бизнеске жұмыс істейтіндердің үлесіне тиеді, 20 пайызы - ешқайда жұмыс істемейтін адамдар. Нашақор ештеңе мен айналыспайтын адам деген пікір дәлелденбеген мәселе. Жоғарыда орталықтың деректері бойынша, есірткі тұтынушылар арысында аса бай адамдар да аз кезікпейді.

Бұрын Қазақстанда тек есірткілердің дәстүрлі, түрлерін -көкнар, қарасора, эфедра өсімдіктерінен дайындалатын апиын, марихуана, гашиш, эфедриндерді пайдаланып келсе, ал, қазіргі кезде метадон, героин, кокаин, ЛСД, экстази сияқты синтетикалық есірткілерді жасөспірімдердің 80 пайызы пайдаланады екен. Еліміздің аумағында есірткі өндіруге болады екен. 1992 жылдан бастап эфедра деген есірткі жөнінде көп айтылуда. Ол Іле Алатауында молынан өседі (2 га. ) Эфедра өте қатерлі есірткі, адам 1-2 рет пайдаланған соң дағдыланып кетіп, 2 жылдан кейін қайғылы жағдайға ұшырайды. Экстази деген есірткі жастар шоғырланған дискоклубтарда, түнгі ойын сауық орындарында жиі кездеседі.

1998-2000 жылдары көктем-жаз -күз айларында БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық эксперттік топты басқаған. Осы 2 жылда біздің топ өз аймағымызда өсетін есірткі өсімдіктерін іздеп, картаға түсіріп, нашақорлар арасында сауалнама жүргізді, және БҰҰ-на есеп беріп отырды.

Есірткілер табиғи есірткілер және синтетикалық есірткілер болып бөлінеді.

1. Табиғи есірткілерге жататындар:

а) көкнәрі өсімдігінен алынатын -көкнәрі сабаны, апиын, морфин кодеин, героин;

ә) қарасора өсімдігінен алынатын-марихуана, гашиш, (анаша), гашиш майы;

б) кока өсімдігінен алынатын-кока жапырағы, кокаин пастасы, крэк,

в) эфедра өсімдігінен алынатын - эфедрон, невретин.

2. Синтетикалық есірткілерге жататындар: фенциклидин, пислоцибин, триметилфентанил т. б.

Есірткі заттардың заңды және заңсыз шығаратын түрлері болады:

Есірткілерді заңды шығаратындарға жататындар:

-арнайы фармацевтік дәрі шығаратын мекемелер мен ұйымдар;

-есірткілерді рұқсатпен жіберетін медициналық мекемелер жатады;

Есірткілерді заңсыз шығаратындарға жататындар:

-құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіретін аул адамдары;

-синтетикалық есірткілер жасайтын жасырын лабораториялар.

-өсімдіктерден есірткілер жасайтын жасырын лабораториялар;

Есірткі заттарды ұрлайтындарға жататындар:

-дәрі шығаратын фармацевтік кәсіорын қызметкерлері;

-медицина мекемесінің қызметкерлері;

-есірткі алуға қаржысы жоқ наркомандар.

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамынаң алдында тұрған және шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселердің ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке төнген жахандық қатер ретінде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың біріне шығып отыр.

Соңғы 10 жыл ішіндегі Қазақстандағы есірткі ахуалына жасалған талдау республикада оның тұрақты келеңсіз серпінге ие айтарлықтай асқыныуымен сипатталатындығыне көрсетеді.

Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр.

Оның негізгі себептері:

-есірткі қаупінің көзі болып табылатын мемлекеттерге тікелей жақындығы, Еуропаға есірткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе жатқан транзиттік мүмкіндіктер;

- шекараларының ұзындығы, посткеңестік елдермен шекаралас учаскелерде демаркациялық жұмыстардың аяқиалмауы және соған байланысты олардың сырттан есірткінеің енуінен жеткілікті түрде қорғалмауы;

-Ауғанстанда есірткі заттарын өңдірудің одан әрі өсуіғ есірткі зертханалардың елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен тікелей шектесетін солтүстік провинцияларына көшірілуі және құрылуы;

-Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы көлемінің ұлғаюы болып отыр. [5. 7]

1. 3 КОНТРАБАНДА ТҮСІНІГІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Контрабанда
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Экономикалық контрабанданың түсінігі
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ НЕМЕСЕ ПСИХОТРОПТЫ ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz