«Психология» дәрістік кешен


І Тарау. Психологияға кіріспе
1. Тақырып. Психологияның зерттеу пәні, объектісі мен міндеттері.
2 . Тақырып. Психология пәні жайлы түсініктің дамуының сатылары.
3.Тақырып. Ғылыми психологияның қалыптасуы.
4.Тақырып. Шет елдерде, Ресейде және Қазақстандағы психология ғылымының дамуы.
5.Тақырып. Ми және психика.
6.Тақырып. Психиканың рефлекторлы табиғаты
7.Лекция тақырыбы. Психологиядағы зерттеу әдістері.
8.Тақырып. Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
9 . Тақырып. Психиканың пайда болу эволюциясы.
ІІ Тарау. Тұлға психологиясы
10.Лекция тақырыбы. Сананың пайда болу алғышарттары
11.Тақырып. Іс.әрекет пен сананың бірлігі принціпінің сипаты.
12.Тақырып. Психикалық процесстер мен еңбек құралдарын пайдалану тәсілдері арасындағы байланыстар.
13.Тақырып. Қарым.қатынас пен іс.әрекеттің өзара бірлігі.
14.Тақырып. Қарым.қатынастың негізгі функциялары
15.Тақырып. Қарым.қатынас механизмдері
Психологияның зерттеу пәні. Ғылымдар жүйесіндегі психологияның қарастыратын аясы. Ғылымның зерттеу пәні дегеніміз не. “Психология” сөзі нені білдіреді. Психика дегеніміз не. Психикалық құбылыстарға не жатады. Дүниедегі басқа құбылыстардан психикалық құбылыстардың айырмашылығы неде. Психикалық құбылыстар қай жерде зерттеледі және адам өмірінің қай жерлерінде бұл білімдер пайдаланылады.Адамға психика жайлы қандай білімдер белгілі.
Психологияның зерттеу объектісі. Ғылымның зерттеу объектісі дегеніміз не. Психиканың даму тарихы. Алғашқы психикалық көріністер (туа пайда болған). Психиканың филогенездегі және онтогенездегі дамуы. Адам және жануар психикасының ұқсастықтары және айырмашылықтары. Жануарлардың психикалық сипаты.
Психологияның мақсат-міндеттері. Оқу-тәрбие ісіндегі психологияның мақсат-міндеттері. Әлеуметтік ортаға қатысты жеке адамның қасиеттерін, ерекшеліктерін жетілдіру – психологияның басты міндеті. Психология - адамды өз басын меңгеруге, бойындағы қасиеттерін бағалауға және дамытуға баулитын ғылым ретінде.
Психолгия көп салалы ғылым ретінде. Адамның айналысатын іс-әрекеттеріне қатысты туып отыратын психология салалары. Пәннің зерттеу объектісі мен іс-әрекет ерекшелігіне қатысты салалардың құрлымы мен міндеттері. Ғылыми және тұрмыстық психологиялық білімдер. Олардың айрмашылықтары. Ғылыми психологиялық білімдер қайда және қалай пайдаланылады. Психология психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым ретінде. Психология пәні. Психология көп слалалы дамушы ғылым ретінде. Ғылыми және пратикалық психология.
Негізгі әдебиеттер.
1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы,2004.
2. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.
3. Ерментаева А.Р. Психологиялық консультация негіздері. А. 2003.
4. Общая психология / Под ред. А.Маклакова, М. 2002
5. Психология личности в трудах отечественных психологов. СПб., 2000.
6. Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности. СПб, 1997.
7. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы.-СПб.: Питер, 2004
8. Гальперин Г.Я. Введение в психологию
9. Гипенрейтер. Ю.Б. Введение в психологию
10. Льеонтев А.Н. Проблема развитий психики
Қосымша әдебиеттер.
11. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. А., 2002.
12. Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности. – Москва- Воронеж, 1999.
13. Аверин В.А. Психология личности.- СПб., 1999
14. Асмолов А.Г. Психология личности. – М.: МГУ, 1990
15. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алматы: КазГУ, 0992
16. Климов Е.А. Общая психология. М. 2001.
17. Рогов Е.И. Эмоции и воли. М.,1999.
18. Василев И.А. Эмоции и мышление. М.,1980.
19. Психология памяти. Под ред. Б.Б. Гиппенрейтера. М.,2000.
20. Психологические термины и понятия. (Словарь). Под ред. Б.Э. Мура. М., 2000.
21. Изард К.Э. Психология эмоции. Спб,1999.
22. Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления. Р. н/Д. 2001.
23. Столин В.В. Самосознание личности. – М.: МГУ, 1983
24. Симонов П.В. Мотивационный мозг.- М.: Наука, 1987
25. Карвасарский Б.Д. Клиническая психология. СПб, 2002.
26. Хеккаузен Х. Мотивация и деятельность: - М.: Педагогика, 1986.
27. Ждан. А.Н. «История психологии»
28. Дадонов Б.И.. Эмоция как ценность. 1978
29. Лурия А.Р.. Внимание и память
30. Мұқанов М.М.. Бақылау және ойлау. 1959

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 32 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат




ДӘРІСТІК КЕШЕН

І Тарау. Психологияға кіріспе

Глоссарий:

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың
байланысты болуы
Аффект – жан толқуы деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық
күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ
етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол
қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі
әрекет.
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса
бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты
бақастыруды негіз етеді.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік
бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі гештальттар
(психологиялық құрылымдар) деп санайды.
Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның
нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң
орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.
Детерминизм принціпі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша
табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен
заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен
іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты,
әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.
Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы
және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету
құлқы.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты.
Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Рефлексия – латынша бейнелеу ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі
білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті
шындықтың адам миындағы бейнесі.
Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес
адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам
мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің
күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі
сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд
есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы
факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан
тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу
қабілеттілігі және оған жанашырлық білдір
Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін
өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа
қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық
психикалық критериі болып табылады.
Психологиялық функциялар. Адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың
айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4
функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген,
себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік
береді.
Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және
әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де,
негативті де аяқталуы ықтимал.
Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен
бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз
жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ,
өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен
алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі
дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын
рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған
бұл формасы қазіргі фольклорда, әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті
қисынсыз форма қабылдайды.
Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан
берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.
Эго. Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған
термин.
Т.б. ұғымдар

2 Тақырып. Психологияның зерттеу пәні, объектісі мен міндеттері.

Лекция мақсаты:
1. Психология ғылымының зерттеу ерекшеліктерімен танысу;
2. Психологияның басқа ғылымдармен ара қатынасын айқындау;
3. Психология салаларының атқаратын қызметтік аясын саралау.
Жоспар:
1. Психологияның зерттеу пәні.
2. Психолгияның зерттеу объектісі.
3. Психологияның мақсат-міндеттері.
4. Психология көп салалы ғылым ретінде.
5. Психология салаларының тармақтары және олардың міндеттері.
Психологияның зерттеу пәні. Ғылымдар жүйесіндегі психологияның
қарастыратын аясы. Ғылымның зерттеу пәні дегеніміз не. “Психология” сөзі
нені білдіреді. Психика дегеніміз не. Психикалық құбылыстарға не жатады.
Дүниедегі басқа құбылыстардан психикалық құбылыстардың айырмашылығы неде.
Психикалық құбылыстар қай жерде зерттеледі және адам өмірінің қай
жерлерінде бұл білімдер пайдаланылады.Адамға психика жайлы қандай білімдер
белгілі.
Психологияның зерттеу объектісі. Ғылымның зерттеу объектісі дегеніміз
не. Психиканың даму тарихы. Алғашқы психикалық көріністер (туа пайда
болған). Психиканың филогенездегі және онтогенездегі дамуы. Адам және
жануар психикасының ұқсастықтары және айырмашылықтары. Жануарлардың
психикалық сипаты.
Психологияның мақсат-міндеттері. Оқу-тәрбие ісіндегі психологияның
мақсат-міндеттері. Әлеуметтік ортаға қатысты жеке адамның қасиеттерін,
ерекшеліктерін жетілдіру – психологияның басты міндеті. Психология - адамды
өз басын меңгеруге, бойындағы қасиеттерін бағалауға және дамытуға баулитын
ғылым ретінде.
Психолгия көп салалы ғылым ретінде. Адамның айналысатын іс-
әрекеттеріне қатысты туып отыратын психология салалары. Пәннің зерттеу
объектісі мен іс-әрекет ерекшелігіне қатысты салалардың құрлымы мен
міндеттері. Ғылыми және тұрмыстық психологиялық білімдер. Олардың
айрмашылықтары. Ғылыми психологиялық білімдер қайда және қалай
пайдаланылады. Психология психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым
ретінде. Психология пәні. Психология көп слалалы дамушы ғылым ретінде.
Ғылыми және пратикалық психология.
Психология салаларының тармақтары және олардың міндеттері. Еңбек
психологиясы, оның қарастыратын аясы, тармақтары. Педагогикалық психология
тармақтары, қарастыратын аясы. Медициналық, әскери, спорттық, заң, сауда
психологиядарының сипаты, жіктелуі, міндеттері. Ғылыми-шығармашылық, көркем
өнер, эстетикалық қабылдау психологияларының ерекшеліктері. Жас ерекшелік,
дифференциалды, салыстырмалы, жанұя, әлеуметтік, ұлттық (этно)
психологиялардың атқаратын қызметі, тармақтары. Девиантты психология,
сексология-сексопатология, арнаулы психология, дәстүрлі емес психология,
аномальды психология – психологияның жаңа салалары ретінде. Эксперименталды
психология, психологиялық консультация, психологиялық диагностика,
пихотехника, психологиядағы математикалық әдістер т.б. – кәсіби
психологиялық бағыттар.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Психология ұғымына қатысты туыдайтын ассоциацияларыңызды санамалап
жазыңыз.
2. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасып, дамуын бейнелейтін ағаш
тұрғызыңыз.

Негізгі әдебиеттер: №1-17.
Қосымша әдебиеттер: № 18-40.

2 - Тақырып. Психология пәні жайлы түсініктің дамуының сатылары.
Лекция мақсаты:
1. Психологияның жеке жара ғылым ретінде қалыптасу тарихымен танысу
2. Психология ғылымының даму кезеңдерін айқындау.
Жоспар:
1. Психологияның философия аясындағы дамуы
2. Психологияның дербес ғылым ретіндегі дамуы.
3. Психологиядағы дағдарыс және ХХ ғ бағыттар
Психологияның философия аясындағы дамуы. Б.э.д. 5-6 ғ., 5-8 ғ., 14-
16ғ., - зерттеу пәні-жан. 17ғ.- зерттеу пәні – сана.
Психологияның дербес ғылым ретіндегі дамуы. 17ғ., 19-20ғ., 20ғ. 60
жж., 20ждж., 50жж., 60жж.- диалектикалық материализм кезеңі.
Бихевиоризм. ХХ ғасырдағы психологияны сипаттайтын американдық бағыт.
Бихевиоризмнің мақсаты – сананы зерттеу емес, мінез-құлқты зерттеу. Стимул-
реакция формуласы. Психикалық процесстердің тән субституттары
Бихевиоризм негізін салушы - Дж.Уотсон. Бихевиоризмнің қалыптасуына
В.М.Бехтерев пен И.П.Павловтың ықпалы. 1920 жылдардағы бихевиоризм.
Необихевиоризм. Когнетивті бихевиоризм.

Гештальт-психология. Германиялық психологиялық мектеп. Бағыттың
негізін қалаушы –Макс Вертгеймер. Гештальт психологияның мақсаты- жеке
психикалық процесстердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу. Гештальт
заңдылықтары. Гештальт және инсайт ұғымдарының түсіндірілуі.

Психоанализ. Фрейдизм. Жеке адам белсенділігінің санасыздықпен
түсіндірілуі. Рухани өмірдің топографиясы. Псиоаналитикалық психика
құрылымы: Ид (Оно), Эго (Мен), Супер эго (Жоғарғы Мен). Либидо – сексуалды
энергия ретінде. Фрейдтік көзқарас негізінде туған бағыттар. Неофрейдизм.
Аналитикалық психология. Индивидуалды психология.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Психологияның философия аясында дамуы
2. Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы

Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 18,19,24,25,33,27.

3-Тақырып. Ғылыми психологияның қалыптасуы.

Лекция мақсаты:
1. Ғылыми психологияның қалыптасуы және даму жолымен танысу
Жоспар:
1. Психика туралы түсініктің дамуы
2. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы.
3. Отандық психология ғылымының дамуы.
4. Ғылыми психологияның сипаты
5. Тұрмыстық психологияның сипаты.
Психика туралы түсініктің дамуы. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы
және тарихы. Ежелгі Грециядағы психикалық құбылыстарды түсіндіру. Психика
табиғатын анимистік түсіндіру. Демокрит- психиканы материалистік тұрғыда
түсіндірушілердің бірі. Плотон- философия идеализімнің басы. Антикалық
ғалымдар, философтар, дәрігерлердің психика мен ми байланысын түсіндіруі.
ХІVғ. діннің адамдарды зеріттеуге тыйым салуы. Бірақ ХVғ механиканың
психологияның дамуына қосқан үлесі. Ламертидің жануарлар машина тәрізді
дегенді адаммен байланыстыруы. Жануар тәртібі – рефлекторлы. Дуализм ұғымы.
Сенсуализім ұғымы. ХVІІІғ Француз психологтарының адам психикасының
әлеуметтік детерминациясын зерттеуі. Декарттың рефлекторлы доға идеясы.
Сезім органдарының физиялогиясының дамуы. Психикалық дамудағы норма мен
паталогия ұғымдары.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Сонымен, ХІХғ. ІІ жартысында
биология, физиология, медицина, ғылымдарының дамуымен психологияның
қалыптасуы. Ғылыми психологияның пайда болатына эксперементтік әдістердің
енуі әсері. Вебердің сыртқы тітіркендіргіш күші мен сезіну көлемінің
қатынасын анықтауы. Фехнердің Вебер заңдылығын математикалық қорытындылауы.
Гельмгольцтың сезім органдарының психофизиялогиясы еңбегі.Эксперементалды
психология 1879ж 15сентябрьде Германияның Лейпицг қаласында Вельгельм
Вунттың эксперементальды психологиялық лобараториясының ашылуы. Түйсіну,
қабылдау, реакция жылдамдығы, ассоциациялар, сезімдердің зеріттелуі.
Вунттың объективті зеріттеу әдістерін қолдануы.1863ж Сеченевтің рефлекске
қатысты еңбегі. Ресейдегі алғашқы психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев
ашты. ХІХғ аяғы-ХХғ басында қолданбалы эксперементальды психологияның
дамуы. Эббингауыздың эксперементте сандық талдау жүргізуі. Құрылым
психологиясы. Вюрцбург мектебінің өкілдері.

Отандық психологияның дамуы. ХХғ психологияны зеріттеу пәні мен
әдістері туралы көзқарастар бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер
пайда болды. Сеченев, Бехтерев, Повлов салған психиканы зеріттеудің
физиологиялық негізі. Павловтың рефлекстерді зерттеуі. Бехтеревтің
тәртіптің тұқым қууын зерттеуі. Выготскийдің тарихи мәдени концепциясы.
Леонтевтің психиканың қоғамдық- тарихи даму концепциясы. Гальпериннің ашқан
кезеңді дамуы. Рубенштейннің іс-әрекет, әрекет, амал мақсат пен мативке
байланыстылығын түсіндіруі. Ананьвтің көру, сипап сезуді зерттеуі, адамды
комплексті зеріттеуі.
Ғылыми психологияның сипаты. Ғылыми зерттеу пәндерінің топтастырылуы:
жаратылыстану, ізгілікті, техникалық. Ғылыми психология – жантануды арнайы
зерттеуге бағытталған пән. Ғылыми психологияда ұғымдар нақты анықтау
термині ретінде пайдаланылады.

Тұрмыстық психологияның сипаты. Тұрмвстық психология жеке дара адам,
топ мінез-құлқын жалпылай сипаттайды, адамдардың күнделікт өмірден
жинақтаған мінез-құлқы жайлы білімі. Ғылыми және салыстырмалы психологияға
салыстырмалы талдау.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Психиканы ең алғаш түсіндірген ғалымдарды ата
2. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқандар?
3. Кеңестік психология ғылымының қалыптасуына еңдек еткендер.
4. Тұрмыстық және ғылыми психологияның ара-қатынасы?

Негізгі әдебиеттер: №1-11, 13-15..

Қосымша әдебиеттер: № 20,22,26,28,30,35.

4-Тақырып. Шет елдерде, Ресейде және Қазақстандағы психология ғылымының
дамуы.

Лекция мақсаты:
1. Шет ел – Ресей – Қазақстан жүйесінде психология ғылымының даму
тарихымен танысу, талдау.
Жоспар:
1. XV-XIX ғасырлардағы халық ғұламалары туындыларындағы
психологиялық көрініс.
2. 1920-1930 жылдардағы психологиялық ой.
3. Ежелгі Шығыс елдеріндегі психологиялық ой.
4. Антикалық психология
5. Орта ғысырлардығы жан туралы ілім
XV-XIX ғасырлардағы халық ғұламалары туындыларындағы психологиялық
көрініс. Халықтың адамның жан-дүниесі жөніндегі пайымдаулары. XV-XIX
ғасырлардағы қазақ ағартушы-демократтарының шығармаларындағы психологиялық
ой. Ақын-жыраулардың өлең-толғауларындағы, билердің шешендік сөздері мен
халық нақылдарындағы психологиялық сипат. Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай
Құнанбаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев туындыларындағы психологиялық ой-
толғаулар мен пайымдау-түсініктер.

1920-1930 жылдардағы психологиялық ой. Жүсіппек Аймауытовтың
Псиқалоғия оқулығы – қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбек. А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов тың оқу-ағарту, тәлім-тәрбие белу істерінің ұлттық
сипаттағы психологиялық ой-пікірі. С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов,
А.Темірбеков, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, С.М.Жақыпов, Р.Б.Қарамұратова,
А.Намазбаева, Х.Т.Шерьязданова сынды психологтардың психологиялық зерттеу
жұмыстарының мазмұны. ШҚМУ-ндегі қазақ тіліндегі психология бөлімнің
ашылуы.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі психологиялық ой. Ежелгі Шығыс елдеріндегі
психологиялық ой-пікірдің дамуы. Ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай мәдениеті.
Ежелгі Грециядағы адам тәні мен жан сырын тану. Б.э.д. ХІІІ ғасырдағы
Ертдегі Қытай мадицинасы. Ежелгі Қытай мен Үндістандағы темпераменттің
түсіндірілуі. Б.э.д. VІ ғасырда Үндістан философиялық мектептерінің жан
түралы түсінігі. Ерте дәуірдегі Қытай, Конфуцийдің философиялық-дініи ой-
пікірі.

Антикалық психология. Антикалық кезеңдегі жан туралы түсініктің дамуы.
Гераклит (б.э.д. VІғ.), Демокриттің (б.э.д. V ғ,) жанды табиғаттың бір
бөлірі ретінде түсіндіруі. Платонның (б.э.д. 427-347жж.) жан мәңгілігі
туралы қорытындысы. Дуализм. Аристотельдің (б.э.д, 384-322жж.) психика
туралы түснігі. Психика түсінігінің материалистік бағыты. Ежелгі Рим
ойшылдары Лукреций, Галеннің жан табиғатына қатысты ой-пікірлері. Сократтың
өзіңді өзің тани біл пікірі.

Орта ғысырлардығы жан туралы ілім. Адам психикасы жайлы ілімнің
мистикалық, діни көзқарастар ықпалына өтуі. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950
жж.), Әбу Али ибн Сина (980-1037 жж.), Ибн Рошд (1126-1198 жж.), Ибн әл-
Хайсам 965-1039жж.), Закария Рази (865-925жж.) психика түсінігіне қатысты
еңбектері, көзқарастары. Орта ғасырдағы жан туралы ілімнің аристотельдік
идея түрғысынан ізденісі. Фома Аквинский, Гроссетест, Роджер Бэкон
тұжырымдары. ХVІІ ғасырдағы психологиялық ой-пікірдіңдамуы. Психологиялық
ілімге қатысты өз еңбектерін жазған Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Дж.
Лок көзқарастары.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Шығыс, Батыс, Еуропа елдерінде психологияның даму бағыттары?
2. Психологияның даму ағашын бейнеле.

Негізгі әдебиеттер: №1-7.
Қосымша әдебиеттер: № 18-20

5-Тақырып. Ми және психика.
Лекция мақсаты: Психиканың физиологиялық табиғатын анықтау.
Жоспар:
1. Орталық жүйке жүйесінің құрылымы
2. Орталық жүйке жүйесінің қызметі.
Орталық жүйке жүйесінің құрылымы. Психика органы- ми. Роман-и-Кохол,
Форель, Бехтерев зерттеулеріндегі жүйке жүйесіндегі нейрондар. Нейрондардың
қызметі. ОЖЖ – бас миы мен жұлыннан тұрады. Бас миының құрлымы, жұлынның
атқаратын қызметі. Жарты шарлар қызметі. Синапс аймағындағы қозу. Бас
миындағы Брока, Вернике аймақтарының ашылуы.
Орталық жүйке жүйесінің қызметі. Лурияның ОЖЖ-нің ұйымдасу принципі.
ОЖЖ-нің блоктары қызметі. Бірінші блок қызметі және зақымдану жағдайындағы
күй. Екінші блок қызметі. Үшінші, төртінші блок қызметі және олардың
зақымдынуы мен қалымты жұмысы.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 19,20,21,23,27,28,40

6-Тақырып. Психиканың рефлекторлы табиғаты
Лекция мақсаты: Психиканың рефлекторлық қызметін айқындау.
Жоспар:
1. Психика дамуының жіктелуі.
2. Сенсорлы деңгейдегі психикалық даму
3. Перцептивті деңгейдегі психикалық даму.
4. Сезгіштіктің атқаратын қызметі
5. Тірі ағзалар сатысының психикалық дамуына сипаттама.
Психика дамуының жіктелуі. Психика дамуы эволюция нәтижесі. Жер бетінде
адамның пайда болуына қатысты теориялар. Леонтьев пен Фабрийдің психика
дамуын жіктеуі (бір клеткалылырдан адамға дейін).
Сенсорлы деңгейдегі психикалық даму. Сенсорлы төменгі деңгей өкілдері.
Тітркену қызметтерінің іске асырылуы. Тропизмдер. Темпотропизмдер.
Фототропизмдер. Сенсорлы жоғарғы деңгей өкілдері. Олардың жүйке жүйесінің
қызметі.
Перцептивті деңгейдегі психикалық даму. Перцептивті төменгі деңгейлі
тірі ағзалардың психикалық көріністері. Шартсыз рефлекстер. Перцептивті
жоғарғы деңгей өкілдері. Олардағы шартты және шартсыз рефлекстер.
Сүтқоректілердің психикалық дамуы. Перцептивтік өте жоғарғы деңгей. Орталық
жүйке жүйесінің қызметі. Интеллектуалды мінез-құлық жүріс-тұрыс
көріністері.
Сезгіштіктің атқаратын қызметі. Тіршілік иесінің ортаға бағдар жасауы,
әрекет-қылықтарының өзгермелі формаларын меңгеруге қабілеттілік, ортаның
өзгермелі жағдайларына бейімделу. Сверцов бойынша ортаға бейімделу жолдары.
Тірі ағзалар сатысының психикалық дамуына сипаттама. Қарапайымдарға
тән-уақытша байланыс. Жүйке торы-бірклеткалыларға тән. Ішек қуыстылар
сезгіштігі. Бунақ денелілердің белсенді ізденісі. Ұялы фасетті жәндіктер.
Инстинк. Дағды. Адамның психикасчы.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 19,23,25,28,30,32,36

7-Лекция тақырыбы. Психологиядағы зерттеу әдістері.

Лекция мақсаты: Психология ғылымын зерттеу әдістерімен танысу,
ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:
1. Ұйымдастырушылық әдістері.
2. Эмпирикалық әдістер.
3. Интерпритациялық әдістер.
4. Психологиялық зерттеу әдістерінің қағидалары.
5. Психологиялық зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
6. Психологиялық зерттеу жүргізуде экспериментаторға қойылатын
талаптар.
Ұйымдастырушылық әдістері. Психологиядағы зерттеу әдістерінің мақсат-
міндеттері. Зерттеу әдістерінің түрлері. Ананьев бойынша зерттеу
әдістерінің жіктелуі. Ұйымдастырушылық әдісіне түсінік. Ұйымдастырушылық
әдісінің түрлері. Салыстырмалы ұйымдастырушылық әдісі және оның қолданылу
жағдайлары. Лонгитюдті ұйымдастырушылық әдіс және оны қашан, қалай
қолданамыз. Комплексті ұйымдастырушылық әдіс, оның қандай жағдайда
қолдануға болады.

Эмпирикалық әдістер. Бақылау әдісінің анықтамасы, түрлері. Бақылау
әдісінің тиімді және тиімсіз қырлары. Бақылау әдісін жүргізу процедурасы.
Өзін-өзі бақылау әдісі. Эксперименталды әдіс анықтамасы. Оның түрлерінің
ерекшеліктері. Табиғи эксперименттің үйымдастырылуы. Лобараториялық
эксперименттің өту барысы. Психодиагностикалық әдістердің жіктелуі, оларды
қолдану жағдайлары, процедурасы. Тест әдісінің анықтамасы. Тест әдісінің
түрлері. Әңгімілесу әдісі. Анкета әдісі. Іс-әрекет нәтижелерін өңдеу әдісі
(проективті тестер). Өмірбаян әдісі. Млдельдеу әдісі.

Интерпритациялық әдістер. Интерпритациялық әдістер – генетикалық және
құрылымдық әдістердің жиыны ретінде. Генетикалық әдістер. Құрылымдық
әдістер.

Психологиялық зерттеу әдістерінің қағидалары. Психикалық құбылыстарды
зерттеудегі детерменизм қағидасы. Детерменизм қағидасын Рубинштейннің
түсіндіруі. Психикалық құбылыстарды адам іс-әрекеті процесінде зерттеу
қағидасын Блонскийдің түсіндіруі. Психика тұтастығын ескере келе,
Ананьевтің енгізген антропологиялық қағидасының сипаты. Психологиядағы
жүйелі-құрылымдық көзқарас.

Психологиялық зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Психологиялық зерттеу
әдісін таңдау. Бақылау– барлаушы әдіс ретінде. Бақылау – дәлелдеуші
әдіс. Бақылау жеке дара әдіс. Табиғи және лобараториялық әдістерді
ұйымдастыру. Тест түрлері. Интеллектіні зерттеуге арналған тестер және
олардың ерекшелігі. Проективті тестер, оларды өңдеу жолдары.
Сұрақтамалардың құрылу тәсілдері.Әңгімелесу, сауалнама, анкета сұрақтарының
құрылуы. Зерттеу барысындағы нәтижелерді тіркеу тәсілдері. Зерттеу
әдістерінің нәтижелерін жинақтау қорытындылау. Зерттеу әдісінің
валидтілігі, сенімділігі, дәлдігі. Эксперименталды зерттеу жұмысының
нәтижелерін математикалық өңдеу.

Психологиялық зерттеу жүргізуде экспериментаторға қойылатын талаптар.
Зерттелушілермен тілектестік көңілмен, бағасыз қатынас жасау.
Зерттелушілердің нормалары мен құндылықтарын бағдарға алу. Кеңес, ақыл
беруден аулақ болу. Құпиялылықты сақтау (конфеденциалдылықты қамтамасыз
ету). Жеке тұлғалық және кәсіби қатынастардың шекарасын сақтау.
Экспериментатордың белсенді блуы.

Негізгі әдебиеттер: №1-13.
Қосымша әдебиеттер: № 32,33,34,36,37,38.

8-Тақырып. Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Лекция мақсаты: Психиканы бейнелеу тұрғысынын түсіндірілуімен танысу
Жоспар:
1. Психиканың идеалистік және материалистік тұрғыдағы түсінігі
2. Психика ұғымының анықталуы.
3. Әл-Фарабидің психиканы сипаттауы.
Психиканың идеалистік және материалистік тұрғыдағы түсінігі. Жан мен
тәнге қатысты Платон түсінігі. Декарт және дуалистік бағыт.
Психофизиологиялық паралелизм бағытының өкілдері: Вунт, Эбингауз, Спенсер,
Бен т.б. Механикалық, тұрпайы және диалектикалық материализм.
Материалистің ілім негізіндепсихика эволюция нәтижесі деп түсінліріледі.
Психика ұғымының анықталуы.Психикаға берілетін екі анықтама.
Психикалық бейнелеу ерекшеліктері. Психиканың негізгі атқаратын қызметі.
Әл-Фарабидің психиканы сипаттауы. Психикалық бейнелеуді алғаш
түсіндіпген автор. Сыртқы әсерлердің әсерінен заттардың бейнесі пайда
болады.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 19,23,25,28,30,32,36

9 - Тақырып. Психиканың пайда болу эволюциясы.
Лекция мақсаты: Психиканың пайда болу эволюциясын айқындау.
Жоспар:
1. Психиканың пайда болуы туралы теориялар
2. Тітіркенгіштік және психикалық даму.
3. Леонтьев-Фабри концепциясы
4. Психика жайлы түсінік.
5. Жануарлар психикасының дамуы.
6. Адам психикасының дамуы.
Психиканың пайда болуы туралы теориялар. Панпсихизм. Биопсихизм.
Антропсихизм. Нейропсихизм. Психологияның даму эволюциясы психиканың пайда
болуымен, дамуымен, тіршіліктің пайда болуымен, дамуымен айналысады.
Тітіркенгіштік және психикалық даму. Жануарлар мен өсімдіктерге тән
тітіркенгіштік. Тітіркену – биологиялық бейнелеудің қарапайым түрі.
Таксистер және сезгіштік негізді тітіркену.
Леонтьев-Фабри концепциясы. Жоғары сатыда ұйымдасқан тірі матеряның
барлығында психика бар.
Психика жайлы түсінік. Психика жоғары ұйымдасқан материя қасиеті
ретінде.Психикалық құбылыстар табиғаты мен механизмдері. Тітіркенгіштік.
Сезісталдық пен түйсік, олардың тітіркенгіштікпен салыстырғандағы
ерекшеліктері. Мінез-құлық сыртқы орта жағдайлаына бейімделу процессі
ретінде. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы ретінде. “Мен-
концепция” және адамның сыншылдығы, олардың адам мінез-құлқының
қалыптасуындағы ролі. Психиканың негізгі функциялары. Сыртқы орта
жағдайларына бейімделу- психиканың интегрнативті функциясы. Адам
психикасының шығу тегінің жалпы мәселелері.
Жануарлар психикасының дамуы. Жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысы
және қарапайым жүріс-тұрыс сатысы. Психиканың қарапайым сенсорлық
сатысындағы жануарлардың жүріс-тұрысының қалыптасуындағы сыртқы
тітіркендіргіштер қасиеттерінің ролі. Сезімталдық мүшелерінің
ддифференццациясы. Жүйке жүйесі және жануарлардың жүріс-тұрысы.
И.П.Павовтың шартты және шартсыз рефлекстер жайлы ілімі. Дағдылар сатысы,
оның ерекшеліктері. Интеллектуалдық мінез-құлық сатысы. Леонтьв-Фабри
концепциялары. П.Шарден идеалистік көз қарасы.
Адам психикасының дамуы. А.Н.Леонтьев пен Б.Г.Ананьеатің жастық
кезеңдері. Адам психикасының сатыларының жалпы сипаттамасы: нәресте, ерте
сәбилік жас, кеш сәбилік жас, мектепке дейінгі, жеткіншек жас, жастық шақ,
акмеололгиялық кезең, герантогенез кезеңі.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 19,23,25,28,30,32,36

ІІ Тарау. Тұлға психологиясы

Глоссарий:
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса
бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты
бақастыруды негіз етеді.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік
бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі гештальттар
(психологиялық құрылымдар) деп санайды.
Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның
нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң
орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.
Детерминизм принціпі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша
табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен
заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен
іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты,
әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.
Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы
және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету
құлқы.
Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып,
өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер
делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние
сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар –
экстроверттер.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты.
Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Рефлексия – латынша бейнелеу ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі
білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд
есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы
факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан
тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу
қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру
Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін
өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа
қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық
психикалық критериі болып табылады.
Байланыстар құру қажеттілігі – Э.Фромм бойынша адамның басқаларға
қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.
Гиперкомпенсация. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық
сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады.
Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі.
Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.
Генеративті қатынас – бұл адамның ақыл – ой және эмициональды
күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей
отырып тани білу.
Деструктивтілік – бұл жатырқаушылықтың белсенді формасы; басқаның
тұлғасына нұқсан келтіру қажеттілігі сол адамның талқандай алу мінез-
құлқынан қорқыныш негізінде пайда болады. Бұл жатырқаушылықтан қарағанда
өнімділіктің өте күшті және аса жалпылай қамтитын қарсылықтарының
нәтижелері.
Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді
формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол
адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл
тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам
арасындағы жақындықтың байқалуы. Махаббат – субъектінің өмірге деген
қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік
қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың
жоғарғы бөлігі.
Мен шығармашылығы. Әрбір адамның өз дара тұлғасын белсенді
қалыптастыруға мүмкіндігі бар екенін көрсетуге арналған А.Адлер
тұжырымдамасы.
Мінездің өнімділік типі – Э.Фромм теориясында – тұтас, сүюші және
шығармашыл индивидуум. Адам дамуында идеалды соңғы мақсатты көрсетеді.
Өзара тәуелділік – Эриксон бұл терминді әр ұрпақтың қажеттіліктері мен
қабілеттерінің өзара байланыста екендігін көрсету үшін қолданады.
Өмір циклы – туғаннан дүниеден өткенге дейінгі тізбектеле жүретін
психоәлеуметтік кезеңдер бірізділігі.
Өнімді бағдарлануға - барлық күштері, тырысулары бағынатын мақсаты
ретінде адамның түгелдей потенцияларының өсуі мен дамуы байқалатын тип
ерекшеліктері енеді.
Өнімділік – бұл эмоционалдық және психикалық ақауы жоқ кез – келген
адамның қатынасқа деген қабілеті. Өнімсіз белсенділіктің түрілері -
мазасыздықпен, гипнозға, беделге негізделеді. Алайда оларды жиі
араластырады.
Өмірлік стиль. Жеке бас ерекшеліктері, түрткі, когнитивті стиль және
шындықты иелену әдістерінің ерекше конфигурациясы. Ол дара тұлға мінезіне
сай болып, осы мінездің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Психологиялық функциялар. Адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың
айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4
функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген,
себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік
береді.
Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму
және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де,
негативті де аяқталуы ықтимал.
Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен
бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз
жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ,
өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен
алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі
дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын
рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған
бұл формасы қазіргі фольклорда, әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті
қисынсыз форма қабылдайды.
Сәйкестік диффузиясы – бозбала не бойжеткен мамандықты не идеологиялық
сенімдерді таңдауға байланысты сәйкестік дағдарысынан өтуі не өтпеуі
мүмкін, сөйте тұра ол нақты таңдау әлі жасамаған немесе таңдау жасаудан тым
алшақ тұратын эго-сәйкестік статусы.
Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты
дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік
статусы.
Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен
кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт
кезеңі.
Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан
өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.
Темперамент (Temperament). Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы
материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).
Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан
берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.
Функционды финализм. А.Адлер ұсынған, адам мінезі ойдан шығарылған,
жалған мақсаттармен бағытталатынын, іс жүзінде дәлелдейтенбейтінін
тексеруге келмейтінін көрсететін термин.
Функционалды автономия (Functional autonomy). Г. Олпорт бойынша – жүру
барысында алғашында адаммен өзге себепке байланысты қабылдануына қарамастан
қандай да берілген мінез-құлық формасы қорытынды немесе мақсатқа айналатын
процесс. Басында мақсатқа жету құралы болып келгеннің өзі мақсатқа
айналады.
Эго. Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған
термин.
Эго-сәйкестілік - өз ерекшелігін және аутентикалығын сезінуге мүмкіндік
беретін өзі туралы түсінік.
Эго-интеграция – (эго-ықпалдастық) өмір циклының кульминациялық
бөліміндегі аяқталу сезімі; өмірде аса маңызды нәрсенің орындалуын сезіну
(жұмыс, жетістіктер, бала).
Эго-психология –адам тәртібін түсіндірудің басқа да жолдарын,
бағыттарын қарастыратын, өз бастауын З.Фрейд тұжырымдамасынан алатын тұлға
жайлы психоаналитикалық теорияға негізделетін теориялық ілім. Эго-
психологияда адам тәртібі мен қызметінің фундаменті ретінде идтен қарағанда
эго басымырақ қарастырылады.
Эпигенетикалық тип – адамның өз дамуында өзгермейтін бірізді
кезеңдерден өтуі. Әр кезең биологиялық дамумен және әлеуметтік талаптармен
негізделетін дағдарыстармен ерекшеленеді.
Т.б. ұғымдар

10-Лекция тақырыбы. Сананың пайда болу алғышарттары
Лекция мақсаты: Сананың пайда боулы мен даму жолын анықтау
Жоспар:
1. Сана қасиеттері.
2. Сананың пайда болу шарты – еңбек, тіл.
3. Сана туралы жалпы түсінік.
4. Саналы әрекеттердің санасыз түрткілері.
5. “Сана үсті” процесстері.
Сана қасиеттері. Сана жайлы түсінік. Сананың қасиеттері: тіл, іс-
әрекет, сезім, ақыл-ой, рефлексия. Жеке дара және қоғамдық сана. Мясищев
түсіндіруі.
Сананың пайда болу шарты – еңбек, тіл. Операция. Мағына. Энгельс көз-
қарасы.
Сана туралы жалпы түсінік. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғары
деңгейі және өзін-өзі реттеудің ең жоғарғы деңгейі ретінде. Белсенділік пен
интенционалдық – сананың негізіг сипаттамасы. Рефлекия және сананң
мотивациялық-құндылыұ сипаты. Адам санасының дамуы мен қалыптасуындағы
еңбек ролі. А.Н.Леонтьев комрмопоилинцепциясы.
Саналы әрекеттердің санасыз түрткілері. Санасыз механизмдер мен
әрекеттер. Санасыз психикалық процесстер мәселесінің жалпы сипаттамалары.
Санасыз процесстердің классификациясы. Д.Н.Узнадзенің санасыз ұстанымдар
концепциясы. Вегетативтік компоненттердің психологиялық зерттеулер үшін
мәнділігі.З.Фрейдтің санасыз процесстерді зерттеуі. Санасыздық теориясы.
Ығыстыру және қарсыласу механизмдері. З.Фрейд теориясының невроткалық
симптомдарды емдеудегі мәні.
“Сана үсті” процесстері. Саналы және сана алды процесстердің
арақатынасы. Қабылдау иллюзиясы, ұстанымдар қателігі, фрейдтік феномендер.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 17,18,19,24,25,33,27.

11-Тақырып. Іс-әрекет пен сананың бірлігі принціпінің сипаты.
Лекция мақсаты: Іс-әрекет пен сананың бірлігі принціпінің мазмұны мен мән-
мағынасын түсіну.
Жоспар:
1. С.А.Рубинштейннің іс-әрекет пен сана бірлігі принціпі
2. Сана мен іс-әрекет бірлігі жайлы Зинченко, Моргунов көз-қарасы.
3. Қажеттіліктер туралы жалпы ұғым
4. Қажеттіліктердің түрлері
5. Қажеттілік сипатына қарай іс-әрекет нәтижелілігі.
С.А.Рубинштейннің іс-әрекет пен сана бірлігі принціпі. 1938 жылы
С.А.Рубинштейн сана мен іс-әрекет бірлігі принціпін жасаған. Ол кеңестік
психология кезеңіндегі басты принцип. Принціпті А.Н.Леонтьев, Запарожец,
Б.Г.Ананьев жалғастырған.
Сана мен іс-әрекет бірлігі жайлы Зинченке, Моргунов көзқарасы. Тірі
матеря қозғалысының әрекет тудыруы жайлы түсініктері.
Қажеттіліктер туралы жалпы ұғым. Қажеттіліктер дегеніміз не.
Қажеттіліктің адамды белсенді етуі. Психикалық процесстер мен ағзалардың
қозу жағдайына келуі. Қажеттілік – мінез-құлық стимулы ретінде. Қажеттілік
– бағыттаушы құрал. Қажеттіліктердің саны мен сапасының ағза құрылымына,
өмір жағдайына, тірі ағзаның даму ерекшелігіне байланысы. Қажеттіліктердің
ең қарапайым түрі - өсімдіктерде, ал ең күрделі түрі – адамда кезігеді.
Қажеттіліктердің түрлері. Табиғи және әлеуметтік қажеттіліктердің
сипаты. Табиғи қажеттіліктердің жіктелуі (биологиялық: органикалық және
физикалық; әлеуметтік (келесі адамды қажетсіну); танымдылық: білсем,
көрсем.). Әлеуметтік қажеттіліктер және олардың түрлері.
Қажеттілік сипатына қарай іс-әрекет нәтижелілігі. Адам қажеттіліктерін
сипаттайтын көрсеткіштер. Іс-әрекет нәтижесі қажеттілік сипатына байланысты
болады. Қажеттілік күші жіне іс-әрекет. Қажеттіліктердің пайда болған
уақыты және іс-әрекет. Қажеттіліктердің қанағаттандырылу тәсілі және іс-
әрекет. Қажеттіліктердің заттық мазмұны және іс-әрекет. Танымдық іс-
әрекетке бағыттаушы психикалық жағдай – қызығушылық. Іс-әрекетті өзгертетін
субъективті жағдайлар – ниет пен тілек.
Негізгі әдебиеттер: №1-11.
Қосымша әдебиеттер: № 19,20,23,27,28.

12-Тақырып. Психикалық процесстер мен еңбек құралдарын пайдалану тәсілдері
арасындағы байланыстар.
Лекция мақсаты: Психикалық процесстердің дамуындағы еңбек құралдарының
орынын айқындау.
Жоспар:
1. Психикалық құбылыстардың жіктелуі.
2. Психикалық процесстер.
3. Психикалық күйлер.
4. Психикалық қасиеттер.
Психикалық құбылыстардың көптүрлілігі. Жеке адамда жинақталған
психикалық көріністер тізбегі. Психикалық құбылыстардың өзара тәуелділігі.
Ананьев бойынша психикалық құбылыстардың құрылымы. Психикалық өмірдегі
мәндісі – психикалық процесстер деген Ковалев тұжырымы. Сеченевтің
психикалық процесстердің басталуы мен аяқталуына жасаған зерттеу жұмысының
нәтижелері. Психикалық процесстердің жіктелуі
Психикалық процесстер. Танымдық психикалық процесс. Сыртқы дүние
заттары мен құбылыстары мен заттары туралы ақпарат беретін – танымдық
процесстер. Танымдық процесстердің сатылары: бейнелік (сезімдік) және
логикалық. Түйсік, қабылдау, елес – сезімдік танымдық процесс. Логикалық
таным – ойлау. Ойлау мен елес қиялды құрайды. Танымдық процесстердің адам
өміріндегі мәні. Іс-әрекеттегі танымдық процесстердің рөлі.

Реттеуші психикалық процесс. Мінездің таңдамалылығы мен мақсатқа
бағыттылығын қамтамасыз ететін, адам тәртібі мен іс-әрекетін басқаратын
процесс сипаты. Зейін туралы түсінік, оның мәні. Ерік ұғымына түсінік, оның
атқаратын қызметі. Зейін мен ерік – реттеуші процесс ретінде.
Интегративті психикалық процесстер. Барлық психикалық процесстердің
бір мүшесі ретінде. Сөйлеу жайлы түсінік. Сөйлеудің екінші сигналдық жүйе
ретіндегі эмоцианальды, логикалық, бейнелік көріністері. Ес туралы түсінік.
Адам санасындағы ес тұтастығы. Эмоция - эмоцианальды психикалық процесс
ретінде.
Психикалық күйлер. Психикаға толық сипат беретін, тұрақты психикалық
құбылыс әрекеті ретіндегі психикалық күй. Психикалық күйлер – психикалық
процесстер фоны. Белсенді әрекетке жағымды және жағымсыз әсер ететін күй
сипаты. Көңіл-күй ұғымы. Жоспарланға істің орындалмауына байланысты
бұзылған көңіл-күй, бұл - фрустрация. Аффект – адам көңіл-күйінің кенеттен
өзгеріп, зор қарқынмен сыртқа шығу күйі Психикалық құбылыстардың
көптүрлілігі. Стресс туралы түсінік.
Психикалық қасиеттер. Әр адамның тек өзіне ғана тән тәртіп пен іс-
әрекеттің белгілі деңгейін қамтамассыз ететін құбылыстар тобы ретіндегі
қасиеттер. Психикалық қасиеттерге не жатады. Бұл қасиеттердің бір топқа
топтастырылу себептері..Темперамент - тұлға қасиеті ретінде. Б.М.Теплов
бойынша темперамент анықтамасы. Темпераменттің негізігі типтері:
холериктік, сангвиникалық, меланхоликтік, флегматикалық. Темперамент пен
қабілет арақатынасы. Мінездің психикалық феномен ретіндегі ерекшелігі.
Мінез өмірлік қалыптасу ретінде. Мінез қалыптасу заңдылықтары. Мінез
қырлары туралы түсінік. Мінез қырларын жіктеу. Мінездің іс-әрекет арқылы,
басқа адамдарға қатынасынан, қызығулары мен эмоционалдық ,ерік арқылы
көрінуі. Қабілеттілік. Бағыттылық.

Негізгі әдебиеттер: №1-11, 15-16.

Қосымша әдебиеттер: № 19, 23, 27, 35.

13-Тақырып. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің өзара бірлігі.
Лекция мақсаты: Қарым-қатынас және іс-әрекет процесстерінің өзара ара
қатынасын анықтау.
Жоспар:
1.Қарым –қатынас және тұлға дамуы.
Қарым-қатынастың тұлға дамуындағы рөлі. Адамның интеллектуалдық және
адамгершіліктік дамуы үшін оған басқа адамдармен араласу қажеттілігі.
Каузалды атрибуция. Интимдік тұлға аралық қатынас түсінігі. Достық..
Махаббат. Жаулану. Жалғыздық.. Жалғызбасты адамның тұлғалық, психологиялық,
мінез-құлықтық мінездемесі. Жалғыз басты адамның өз-өзіне деген қатынасы
және өзін-өзі бағалауы. Әр түрлі адамдарыдң жалғыздыққа деген реакциялары.
Жалғыз басты адамдарға тән тұлға аралық қатынастың спецификалық мәселелері.
Өзін-өзі бағалаудың төмендігі жалғыздық факторы ретінде. Ерте балалық
кезеңдегі тәжірбиенің ересек адамда жалғыздық пайда болуындағы рөлі.

Негізгі әдебиеттер: №1-8.
Қосымша әдебиеттер: № 16,17,18,19,24,25,33,27.

14-Тақырып. Қарым-қатынастың негізгі функциялары
Лекция мақсаты: Қарым-қатынас процессінің атқаратын қызметін айқындау.
Жоспар:
1. Қарым-қатынас түсінігі мен түрлері.
Қарым-қатынас түсінігі мен түрлері. Қарым-қатынас дегеніміз не. Қарым-
қатынастың мақсаты, мазмұны және құралдары. Адамзат пен жануарлар қарым-
қатынасының айырмашылығы. Қарым-қатынастың негізі түрлері: тікелей және
жанама қарым-қатынас, тұлға-аралық және тұлға ішілік қарым-қатынас,
іскерлік және тұлғалық қарым-қатынас. Жанама және тікелей қарым-қатынас.
Биологиялық, материалдық, когнитивтік қарым-қатынас. Вербалды және
вербалды емес қарым-қатынас.
Негізгі әдебиеттер: №1-8.
Қосымша әдебиеттер: № 16,17,18,19,24,25,33,27.

15-Тақырып. Қарым-қатынас механизмдері
Лекция мақсаты: Қарым-қатынастың қызмет ету механизмдерін айқындау.
Жоспар:
5. Қарым- қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті
жақтары
Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері. Қарым-қатынас техникалары мен
тәсілдерін анықтау.
Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдерінің алғашқы сатылары. Қарым-
қатынасқа икемделу, әңгімелесушіде қажет күйді тудыру. Мұнда қолданатын
қарым-қатынас техникалары мен тәсілдері. Кері байланыс түсінігі және оның
мезанизмі. Коммуникациялық қабілеттер. Қарым-қатынас техникалары мен
тәсілдерінің жастық ерекшеліктері. Қарым-қатынас техникалары мен
тәсілдерінің кәсіптік ерекшеліктері.
Негізгі әдебиеттер: №1-8.
Қосымша әдебиеттер: № 16,17,18,19,24,25,33,27.

16-Тақырып. Тұлға, жеке адам, дара ұғымдарын талдау
Лекция мақсаты: Тұлға, жеке адам, индивид ұғымдарының ара-қатынасын
ажырату.
Жоспар:
1. Индивид – жеке адам – даралылық.
2. Тұлғаның даралылық қасиеттері.
3. Индивид және тұлға ұғымдарының түсіндірілуі
4. Адамның индивидуалды қасиеттері – тұлға дамуының алғышарттары
Индивид – жеке адам – даралылық. Индивид ұғымының анықталуы. Жеке адам
және индивид ара-қатынасы. Даралылық және индивид.
Тұлғаның даралылық қасиеттері. Адамның даралығын көрсететін:
темперамент, мінез, қабілет. Оардың жалпы сиаты.
Индивид және тұлға ұғымдарының түсіндірілуі. Индивид адамның
homo sapiens текті өкіл екендігінің көрінісі. Индивид ұғымындағы екі
белгі: 1) субъектінің біртұтас бөлінбейтіндігі; 2) осы тектілердің басқа
өкілдерінен ерекшелейтін айрықша қасиеттердің болуы. Тұлға және индивид
ұғымдарының айырмашылығы. Тұлға – тұтас, оның тұтастығы қоғамдық сипатты.
Индивид - генотип, ал тұлға – фенотип қызметін атқарады. Адам индвид болып
туады, тұлға болып қалыптасады (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев).
Адамның индивидуалды қасиеттері – тұлға дамуының алғышарттары. Тұлға –
индивид қасиеті. Кез-келген индивид тұлға бола алмайды. Индивидсіз тұлға –
мифтік бейне. Б.Г.Ананьевтің индивидуалды қасиеттерді сипаттау кестесі.
Индивидуалды қасиеттер – тұлға дамуының алғышарттары. Индивидуалды
қасиеттер: жыныстық - жас ерекшелік қасиеттер және индивидуалды типтік
қасиеттер. Индивидуалды қасиеттер интеграциясының ең жоғарғы түрі – нышан.
Тұлғаның индивид ретіндегі қасиеттері.
Орта:
Абиогенділік
Тұқым қуу Индивид Биогенділік
әлеуметтік
Жасы Жыны-сы Консти-Билате-рНейроди-Қызметте ріні
туциясыальділігнамика ң даму
і деңгейі

Табиғи қажеттіліктер Нышандар
құрылымы

Темперамент


Жеке адамның психологиялық сипаты.

Қоғам, отбасы, Тұлға Индивид
топ
Заман, Ұрпақ, Ұлт Отбасы Экономикалық Саяси
замандасқұралпас күй әрекет
Заманға тән мінезӘлеуметтікӘлеуметтікҚоғамды қ ұйым мүшесі
тегі орны

Тұлғаның құқықтық
сипаты
Қоғамдық қызметі,
орны

Негізгі әдебиеттер: 2, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 14, 15, 16
Қосымша әдебиеттер: 19, 20, 22, 23, 27, 28, 35

17-Тақырып. Жеке адамды зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәні
Лекция мақсаты: Тұлғаны зерттеу әдістеріне шолу жасау.
Жоспар:
1. Психологияның тұлғаны зерттеудегі рөлі.
2. Жеке адамның тұлғалық сипаттары.
3. Жеке адам және қажеттіліктер.
4. Тұлға туралы жалпы түсінік
5. Жеке адамды зерттеу тарихы.
Психологияның тұлғаны зерттеудегі рөлі. Психология - адамтану
жүйесіндегі жетекші пән. Адам – табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі. Даралық
қасиеттердің қарым-қатынасқа қатыста қалыптасуы.
Жеке адамның тұлғалық сипаттары. Жеке адамның қасиеттері мен даралық
ерекшеліктерінің іс-әрекеттегі белсенділігіне байланысы. Тұлға және
әлеуметтік орта. Тұлғаның мақсаттары. Іс-әрекет белсенділігі.
Жеке адам және қажеттіліктер. Қажеттіліктер дегеніміз не? Қажеттілік
және қоғамдық тәлім-тәрбие. Табиғи және рухани-мәдени, материалдық және
рухани қажеттіліктер.
Тұлға туралы жалпы түсінік. Психологиядағы тұлға мәселесінің әр
саладағы түсіндірілу көптүрлілігі. Тұлға әлеуметтік категория, саналы
әрекет. Л.И.Бажович тұлға критерийлерін ұсынған.
Тұлғаны зерттеу тарихы. Тұлға жайлы түсініктердің пайда болуы. Тұлға
ұғымының анықталуының дамуы.
Негізгі әдебиеттер: №1-16.
Қосымша әдебиеттер: № 22,27,28,30,40

18-Тақырып. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Дәрістік кешен
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Экономикалық және әлеуметтік география дәрістік кешен
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Дәрістік сабақ тезистері
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Психология пәнінен дәрістер
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь