Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері

1. 1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ……… . . . 8

1. 2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы . . . 19

II. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі

2. 1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары . . . 32

2. 2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері . . . 40

2. 3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері . . . 60

Қорытынды . . . . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 73

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1] . Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында [2] .

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс- рекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Оқыту процесiнде ойын элементтерiн пайдалану сабақтың дидактикалық мiндеттерiн күшейтедi, яғни оқыту әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие процесiнде қолдану педагогикалық процестiң кұрамдас бөлiгi болып табылады.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған болып саналады.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоции [3] ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский [4] мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны ерекше екендігі туралы В. А. Сухомлинский [5], С. П. Шацкий [6] және Н. К. Крупская [7] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [8] .

Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап, оның бойында мұғалімдікте жойылады. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [9] .

Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі, ойынды көп онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.

Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси әлеуметтік және идеалогиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.

Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, Г. Бюллер, В. Фригер, Р. Ван Дер Коэй, Г. Мэйес, В. Демин, Н. Каган, К. Юсупов т. б. ғалымдар ойын теориясын қалыптасуы мен дамуын ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оны бала қабілетімен оң әсер ететінін анықтаған. Грек ойшылдары Гераклит ойынды «Шексіз әлемге» теңесе, Платон өзінің «Мемлекет» еңбегінде жас өскінге өмірлік, қажетті іс-әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге, жалпы ғарыштық әлемге теңеген. Ұлы ақынымыз Абай: «Асыр салып ойнамай, өсер бала болар ма?», - деп бала үшін ойынның маңыздылығын айтып өткен [10] .

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әлі де болса аз қолдануы, оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама - қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын « Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану » деп алдық.

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.

Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.

Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Бұл қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің басты педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік жағынан шебер қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.

Бүгінгі танда ҚР-ң қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.

Сол талаптардың бірі-бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану, оның алатын орны.

Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА. Данилов [11],
И. Я. Лернер [12], Л. В. Занков [13], М. М. Махмудов [14], А. Н. Леонтьев [15], П. Я. Гальперин [16] дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын атап өтті.

Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері окушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне қазақтың белгілі дидактиктері И. Нұғыманов, Т. Сабыров[17] т. б. өз еңбектерінде дәлелдеген.

Бастауыш сыныпта жас өспірім окушылардың оқуға деген ынтасын жетілдірудегі ойлау қабілеттерін, арттыруда дидактикалық ойындардың ролі зор.

Қазіргі заман ағымына орай балаларға қазақ тілі сабағында экономикалық, эстетикалық, білім берумен дидактикалық ойындарды байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.

Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқуға қабілетін, талғамын, іскерлігін арттыру мақсатымен дидактикалық ойындар негізгі роль атқаруда.

Дидактикадық ойындар - оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі маңызды бұлақ болып табылады.

Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А. В. Усова[18], Ж. Аймауытов [19], М. Жұмабаев [20], А. Байтұрсынов [21], Т. Сабыров [17], Ж. Қоянбаевтар [22] өз еңбектерінде ерекше мән берді.

Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады.

Бастауыш. сынып оқушыларын оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас, басшылық жасау қажет.

Осыдан бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны пайдалану жолдары көзделуде.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие процесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданатын құралдарының бірі - ойын.

Сондықган тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міңдеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда дидакгикалық ойындарды қолданудағы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

2. Оқушылардың өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүиетанымы жайлы ойындар, дидактикалық ойындарды сабақта жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні сабақтарындағы дидактикалық ойындар

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып қазақ тілі пәні.

Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, дидактикалық ойын түрлерін ұсынып, оның нәтижесін көрсету т. б.

Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен.

1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері

1. 1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу

Оқыту мен тәрбие құралы болып табылатын ойынның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Бұл еңбектерден дидактикалық ойындар бұрын оқыту процесінде белгілі бір жүйесіз пайдаланылғанын байқаймыз.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде дидактикалық ойындардың маңызды роль атқаратынын Я. А. Коменский, Д. Ж. Локк, Ж. Ж. Руссо өз еңбектерінде ерекше атап өтті.

Я. А. Коменский (1592-1670) ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене ой дамуы жақсы жүреді; бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет».

Я. А. Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет», - деп атап көрсетті.

Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады.

Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж. Локк та, Ж. Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың ойлануын тәрбиелеуді ойын арқылы жүзеге асыруды қойды.

Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф. Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф. Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.

Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.

Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ. А. Ясауи [23] . М. Х. Дулати [17] . Ж. Баласағұн [17] тамаша өсиеттер қалдырған.

Ж. Аймауытұлы [17], М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б. ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции, ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл кұқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы зандардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.

Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.

Ойындардың маңызы баяғы заманнан бері жойылған жоқ. Ойындар ойлау қабілетін, логиканы т. б. дамытады. Ойындар әсіресе кішкентай балалардың дамуына көп көмек көрсетеді.

Алғашқы ойындар біздің заманымызға дейінгі мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ол ойындар өте қарапайым болған. Бірақ сол кезеңде Үндістан жерінде өте қызық, әрі күрделі шахмат ойыны пайда болады. Аңыз бойынша бұл ойынды шах бұйрығы бойынша шах сарайының бір ғалымы ойлап тапқан екен. Шахқа ойынның ұнағаны сонша, ол өзінің көмекшілеріне ғалымға өзі қалаған сыйлықты тарту етіңдер деген екен. Ғалым сыйлық ретінде оған шахмат тақтасындағы шаршылар санындай бидай дәнін беруін сұраған. Бірақ бидай саны былай саналуы керек болды: Әрбір келесі шаршыға оның алдындағы шаршының квадраты көбейтілуі қажет еді. Шах болса, бұл бір екі-үш қап бидай болар, неге алтын сұрамаған деп таң қалып кетіп қалады. Ертеңгісін көмекшілерін шақырып, ғалымға бидайын бергендігін сұрайды. Бірақ көмекшілері әлі бидай санын санап бітпегенін айтады. Шах ашуланып, ғалымды өзіне шақыртады. Ғалым шахқа егер ол өзінің бүкіл жеріне бидай егіп тастаса да, тіпті бүкіл жер шарын бидай алқабына айналдырса да керек бидай санын жинай алмайтынын айтады. Шах ғалымның даналығына риза болып, оны дұрыстап марапаттауын бұйырады. Міне, аңыз бойынша шахмат ойынының тарихы осындай.

Қазіргі кезде, жиырма бірінші ғасырда көптеген өзінің маңызын жоғалтты. Осы ғасыр ХХІ-ғасыр болғандықтан қазір компьютерлік ойындар бірінші орынға шықты. Компьютерлік ойындар осы кезде көптеген миллиард доллар айналымы бар IT-индустрияның бір тармағы. Әрбір жаңа шыққан ойын бұрын шыққан ойындардан графикасы жағынан, сюжеті жағынан т. б жақсы болады.

Болашақта менің ойымша барлық ойындарды компьютерге көшіріп, ойындардың тек электронды варианттары қалады. Бірақ шахмат ойының маңызы жоғалмайды және ол болашақта да нағыз дарынды адамдардың ойыны болып қалады.

Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық, ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.

Оның бүгінгі танда ұрпақ тәрбиесінде негізге алынуы-егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың болашағы.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімінің дидактикалық ойын түрлерін жаңа тұрғыда дамыту, жетілдіру - педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.

Осыған орай бастауыш білімінің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқы-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұймыдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.

Оку-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың бойында жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.

Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.

Сабақ барысында әр оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.

Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасы артып, еңбексүйгіштік білімге құштарлық қасиеттері қалыптасады.

Мұғалім окушыларды дидактикалық ойынды ұйымдастырып, үйрету, қалыптастыру үшін, ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін білуі керек.

Балалар психологиясы психикалық дамудың негізгі компоненттерін зерттейді. Психологияда дамудың мынандай ерекшелігі бар:

1. Кіші мектеп жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер. Олар мыналар: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер.

Осындай психикалық процестер кіші мектеп жасындағы баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық – танымдық ойындар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz