География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау


1 Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарды пайдалану
әдістемесінің ғылыми негіздері
- География курсында пайдаланатын оқу-құрал жабдықтарын
классификациялау . . . 5
- Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарымен жұмыс
жасаудың әдістемесі
- Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс істеу
әдістемесі . . . 16
2. 2 География кабинетіне қажетті оқу-құралдарын жасау . . . 33
2. 3 Географиялық алаң және ондағы оқу-құрал жабдықтарымен
жұмыс жасаудың әдістемесі . . . 42
Қорытынды . . . 63
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Оқу процесінде оқу құрал-жабдықтарын айқын жүйеде орналастыру жағдайы оны тиімді пайдалану, кабинетті жиһаздармен және көмекші құрал-жабдықтармен жабдықтау географияны оқытудың негізгі құралдары болып табылады. Географияны оқытуда оқу құрал-жабдықтары сынып, кабинет жағдайларына сай болуы керек. Орта мектепте география кабинетінің қажеттігі туралы идеялар және оны оқу процесінде пайдалану оқымысты географтардың, әдіскерлердің еңбектерінде көрініс тапты. (А. А. Барзова, А. Ю. Петри, В. П. Буданова, А. С. Баркова, Н. Н. Баранский т. б. ) .
Көрнекi құралдар немесе оқыту құралдары (немесе бiлiм беру көздерi) табиғат пен қоғам туралы ғылыми бiлiмнiң қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудiң негiзгi мақсатын жетiлдiруге керек. Көрнекi құралдардың негiзгi бiр функциясы - бiлiм меңгеруi барысында оларды көрсете алу. Бұлар әсiресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курсын оқыған кезде, көптеген обьектi мен құбылыстарды шын түрiнде көре алмаған жағдайда, маңызды болып келедi. Сонымен қатар, табиғатта кездесетiн заттарда кейде көзге көрiнбейтiн нақты көрсеткiштердi байқау қиынға түседi, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер т. б. арқылы көрсетуге болады. Көрнекi құралдар бiлiмнiң негiзгi көзi болып келедi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың бiлу қабiлеттерi, ойлары, тiлдерi дамиды, және көрнекi құралдар арқылы олар ғылыми зерттеу лердiң қарапайым түрлерiн және т. б. бiлiктiлiктерiн игередi. Көрнекi құралдар географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдiстемесiне қазiргi қойылатын талаптармен байланысты. Олар мұғалiм мен оқушылардың жұмыс iстеу ерекшелiктерiмен сәйкес келу керек, сонымен қатар бiлiм мен бiлiктiлiктердiң жақсы игеруiне көмектеседі.
Көп жылдан бері географиялық кабинетті құрастырып, жабдықтаға көптеген тәжірибелер жинақталған. Көптеген мұғалімдер мен методистер географиялық кабинетті құрастыруда өз ұсыныстарын жасаған болатын. Мысалы, мұндай кабинеттің жоспарын жасаушлардың бірі - Н. К. Семакин. [27] . Бұл жоспар мұғалімдер арасында қолдау тауып, кейбір мектептерге енгізілген болатын. Семакиннің конструкциясы бойынша жасалған кабинетте мұғалімге жұмыс істеу өте ыңғайлы. Барлқ жабдықтар жанында және бір мезгілде бірқатар шектеулер бар. Автор мысалы, жабдық түйіндер мен бөлшектеуді пайдаланудағы антрополитрлік және санитарлық - гигиеналық шарттарды бірыңғайға келтірілмеген.
Географиялық кабинеттерді жабдықтау барлық мектеп кабинеттерінің шарттарына сай атқарылуы керек. Жабдық барысында әрбір құралдың ерекшеліктерін, құрамын, оқытудағы маңызын білу, оның жұмыс істеуге қауіпсіздігін және ыңғайлығын қамтамасыз ету керек.
Зерттеудің нысаны: Жалпы орта білім беретін мектептегі география сабақтарында оқу-құрал жабдықтарын оқу үрдісінде пайдалану
Зерттеудің болжамы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдалану бiлiмнiң негiзгi көзi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдылары қалыптасады
Зерттеудің мақсаты: География курсы бойынша оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасап, оларды пайдалану әдістемесін көрсету
Зерттеудің міндеттері:
1. География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың теориялық негіздерін айқындау.
2. География курсында оқу-құрал жабдықтарын оқыту технологиясын пайдаланудың жолдарына талдау жасау
3. География курсында оқу-құрал жабдықтарын оқытуда пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау
Зерттеу әдістері:
1. Тақырыпқа байланысты ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және теориялық еңбектеріне талдау жасау;
2. Озат мектептердің іс - тәжірибелерін жинақтап, талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың әдіс - тәсілдері, үлгі - жоспарлары жасалынды
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың әдіс - тәсілдерін, үлгі - жоспарларын орта мектептің география пәнінің мұғалімдері пайдалануына болады
1 Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарды пайдалану
әдістемесінің ғылыми негіздері
1. 1 География курсында пайдаланатын оқу-құрал жабдықтарын
классификациялау
Көрнекi құралдар немесе оқыту құралдары (немесе бiлiм беру көздерi) табиғат пен қоғам туралы ғылыми бiлiмнiң қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудiң негiзгi мақсатын жетiлдiруге керек. Көрнекi құралдардың негiзгi бiр функциясы - бiлiм меңгеруi барысында оларды көрсете алу. Бұлар әсiресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курсын оқыған кезде, көптеген обьектi мен құбылыстарды шын түрiнде көре алмаған жағдайда, маңызды болып келедi. Сонымен қатар, табиғатта кездесетiн заттарда кейде көзге көрiнбейтiн нақты көрсеткiштердi байқау қиынға түседi, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер т. б. арқылы көрсетуге болады. Көрнекi құралдар бiлiмнiң негiзгi көзi болып келедi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың бiлу қабiлеттерi, ойлары, тiлдерi дамиды, және көрнекi құралдар арқылы олар ғылыми зерттеу лердiң қарапайым түрлерiн және т. б. бiлiктiлiктерiн игередi. Көрнекi құралдар географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдiстемесiне қазiргi қойылатын талаптармен байланысты. Олар мұғалiм мен оқушылардың жұмыс iстеу ерекшелiктерiмен сәйкес келу керек, сонымен қатар бiлiм мен бiлiктiлiктердiң жақсы игеруiне көмектесу керек. [18] .
Көрнекi құралдарды дұрыс пайдалану үшiн, оларды жүйелеген дұ рыс. Жүйелеудiң негiзi болып географиялық обьектiлер мен құбылыс тардың бейнелерi алынады, себебi географияның оқу пәнi болып нақ ты заттар мен құбылыстар саналады. Сонымен, барлық көрнекi құрал дарды 4 топқа бөлуге болады:
1. Табиғи объектiлер: а) оқу барысында танысатын табиғи және
шаруашылық объектiлер (коллекциялар, гербарийлер, т. б. )
б) экскурсияда танысатын табиғи объектiлер және табиғи ортадағы
шаруашылық өндiрiстiң өнiмдерi.
2. Табиғи географиялық объектi мен құбылыстарының суреттелуi:
а) көлемдi модельдер, шаруашылық объектiлер, т. б.
б) қабырғаға iлiнетiн иллюстративтi құралдар ( суреттер, фотосурет
тер, портреттер, кинофильмдер т. б. )
3. Заттар мен құбылыстардың шартты құралдар арқылы суреттелуi
(сөздер, белгiлер, сандар) :
а) вербальдi (оқулықтар, жұмыс дәптерлерi, мәтiндi кестелер, т. б. )
б) картографиялық құралдар ( iлiнетiн карталар, атластар, кесте карта
лары, карто-схемалар, т. б. )
в) графикалық-статистикалық құралдар, графиктер, диаграммалар, кестелер.
4. Табиғаттағы құбылыстарды елестетуге арналған заттар:
а) аймақтағы өлшеу жұмыстарын жүргiзу үшiн арналған құралдар;
б) табиғаттағы құбылыстардың көлемдi және сапалы көрсеткiштерiн
анықтау үшiн құралдар;
в) картометриялық жұмыстарға арналған құралда;
г) жердiң жылдық және бiр күндiк қозғалысын анықтайтын құралдар;
Физикалық және экономикалық географияның бұйымдарының өзінің ерекшеліктері болады. Сондықтан география оқу құралдарының жүйесі тағыда екі бөлімге бөлінеді. (1-сурет. ) . Ал олар мектептегі географияның негізгі курстарына байланысты бөлінеді. [7] .
1-сурет. География бойынша оқу құралдарының жүйесі
“Физикалық география”, “Дүниетану” курсынан географияның жүйелі курстарына логикалы түрде көшуді іске асырып, оларға негіз болып табылады. Бұл курстың негізгі мақсаты- оқушыларға география ғылымы, жер планетасы, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктерді беру.
Физикалық географияның бағдарламасы мен оқулығында оқушының жеке-дара мүмкіндігін ескеру мақсатында білім мазмұнын меңгерудің міндетті және мүмкіндік деңгейлері қарастырылған. Оқулықтағы берілген міндетті деңгей барлық оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, жоғары білім мазмұнын меңгеруге жағдай жасайды.
Физикалық география курсы бойынша оқу құрал-жабдықтар тобына табиғи объектілер жатады. Табиғи объектілердің тізімі төмендегідей:
Табиғи объектілер
- Минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары.
- Пайдаплы қазбалардың коллекциялары.
- Мәдени өсімдіктердің гербарийлері.
- “Мұнай және оның өнімдері және оны қайта өңдеу” кол-лекциялары.
- Өндіріс шикізаттарының коллекциялары.
- “Жүн және оның өнімдері және оны қайта өңдеу” коллек-циялары.
Модельдер
- Құрлық формаларының макеттері.
- Таулардың модельдері.
- Саяси глобус ГП М1:30
- Жердің физикалық құрылысы ГЧ М:50.
Приборлар
- Аномометр
- Барометр - анероид Бр-52
- Метеоролигялық бутка
- Гигрометр МВ-1
- Гномон
- Жауын-шашын өлшегіш (осодкомер)
- Психрометр ПБ-1
- Қар өлшегіш
- Термометр
- Флюгер
- Теллурии
- Адрянов компосы
- Курвиметр
- Мензула
- Нивилер
- Теодолит
- Кипрегель
- Рулет және т. б.
Картиналар, портреттер
- Африка, Австралия, Антарктида, Евразия материктерінің картиналары
- Саяхатшылардың картиналары
Карталар
Дүниежүзінің карталары
- Географиялық белдеулер және табиғат зоналары
- Климаттық белдеулер және облыстар
- Саяси карта
- Халықтың тығыздығы картасы
- Топырақ картасы
- Жер бетінің құрылыс және ондағы пайдалы қазбалар
- Жарты шарлар физикалық картасы
- Материктер мен олардың бөліктерінің карталары (физика-лық, климаттық, саяси т. б. )
- Қазақстанның карталары (экономикалық, физикалық, текто-никалық т. б. )
Диапозитивтер, диафильмдер, коинофильмдер комплектері
Экономикалық география негіздерін оқытуда көрнекі құрал-дардың алатын орын үлкен. Экономикалық география курсын оқытуда көрнекі құралдардың қызықты әрі әр түрлі болуы үшін аз жұмыс істелінген жоқ. Бірақ өмір күн санап жаңа талаптар қойыа отырады. Соңғы үлгідегі көрнекі құралдарың жинағы, білімгер-лердің ауқымды экономикалық - географиялық материалдарды жоғары деңгейде игеруге ықпал етуі қажет. Қазақстанның және шет елдердің экономикалық географиясы бойынша қазіргі таңда қолданылатын бағдарламалары, өзіне аса көңіл бөлгенін қажет етеді. Осы бағдарламаларға енгізілген бірыңғай және жалпы түсі-ніктер диапазоны өте ауқымдығымен белгілі. Экономикалық гео-графияны оқыту кезінде енгізілетін түсініктемелер көлемі жағынан ғана емес, кеңістікке қамту жағынан да ауқымды. Сонда да бұл курсты оқытуға бөлінетін уақыт, салыстырмалы түрде мардымсыз. Сондықтан экономикалық география курсында, аса басым көңіл білімгерлердің танымдық іс-әрекетін көтеруге оқыту материалын саналы игеруін қамтамасыз етуге, формализммен күресуге, дәйек-сіз және жаттанды фактілермен күресуге бөлінеді.
Экономикалық-географиялық материал-өнеркәсіп, ауылшаруашы-лығы, транспорт бойынша әртүрлі мәліметтерден тұрады. Білімгерлер экономикалық географияны оқи отырып, шаруашылықтарды орналастыру заңдылықтарымен, маңызды өндірістік байланыстармен, өндірістік процес-стердің бірқатарнегіздерімен, технологиясымен, ірі жаңа құрылыстармен танысып, олар туралы хабардар болады.
Экономикалық география курсында көптеген цифрлік деректерді қолдану қажет, оның ішінде мемлекетіміздің және басқа елдердің халықшаруа-шылығы өсіп-өркендеуінің көрсеткіштері. Бұған, экономика-географиялық түсініктер нақтылығы жоғалатын мәліметтер минимумы (мемлекет ауданы, жалпы тұрғын саны және ірі қалалардағы халық саны, шаруашылығы дамуы деңгейі туралы бірқатар деректер және т. б. ) енбейді. Цифрлік материалдарды ой елегінен өткізуде барлық уақытта оның көрнекі интерпретациясы көмек береді.
Экономикалық география курсы бойынша оқу құрал-жабдықтары төмендегідей:
Дүниежүзінің карталары
- Машина жасау өнеркәсібі
- Ауылшаруашылығының карталары
- Транспорт
- Химия өнеркәсібі
- Қара және түсті металлургия
- Энергетика
Дүниежүзінің физикалық карталары
1. Австралия, Африка, Италия, Канада, Қытай және Монголия, Корей және Вьетнам, Польша, ГДР, Чехословакия, Румыния, Болгария, Венгрия, Югаславия, Албания, АҚШ, Франция, Оң-түстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік-Батыс Азия және Латын Америка елдерінің экономикалық карталары
2. Қытай және Монголия, Польша, ГДР, Чехословакия, Румыния, Болгария, Венгрия, Югаславия, Албания, Жапония елдерінің физикалық карталары
Алдыңғы қабырғаның ортасына тақта ілінеді, ұзындығы 2-2, 5 м. Жоғары жағына карта, картина ілетін шеге болады немесе тақтаның жиегі, кейде тақта толығымен магниттелген болады. Тақтадағы жақсы көрінуі үшін тақтаның жоғарғы 2 жағында жарық болуы тиісті. Тақтаның жоғары жағына географияға байланысты нақыл сөздерді жазып, іліп қоюға болады.
Тақтаның алдында ұзындығы 2 метр шамасында мұғалімнің столы тұрады. Столдың шетіне розетка орнатылады, теллуриді тоққа қосу үшін немесе эпидиаскоп, графопроектор, компьютер, интерактивті тақта, т. б. техникалық құралдармен жұмыс жасау үшін. Басқа қабырғаға саяхатшылар портреті мен саяхатшылардың жүрген жолдары, ашқан жерлері көрсетілген схемалы карталарды іліп қоюға болады. Мысалы: Қазақстан жерін зерттеген саяхатшылар Ш. Уәлиханов, Тянь-Шаньский т. б. туралы.
География кабинетінің терезесінде ашылып, жабылатын перде болуы керек, кинофильм т. б. көрсету үшін. Артқы қабырғада шкафтар, сөрелер тұрады, Олардың іщінде географияға қажетті карта, атластар тәртіппен қойылады немесе ілінеді, бірден табылатындай етіп тізімі жазылады. Әдістемелік кітаптар, оқулықтар, түрлі атлас, журналдар болуы керек.
Жалпы география кабинетінде болуға тиісті жабдықтар: түрлі тақырыптық карталар, атластар, картиналар, табиғат жөнінде, түрлі елдер жөнінде альбомдар, буклеттер, глобустар, теллурий, тау жыныстарының коллекциялары, гербарилер, тыңайтқыштар мен тау жыныстары салынган пробиркалар, компас, мензула, нивелир, рулетка, анероид барометрі, термометр, Август психрометрі, жауын-шашын өлшегіш, қар өлшегіш, эпидиаскоп, кодоскоп, диапроектор, мультимедиялық проектор, экскурсияга қажетті лупа, тор, балға, фанера, картон, т. б. болуы керек.
Географияны оқыту құралдарына карта, глобус, оқулық, сурет картиналар және оларды көрсететін техникалық құралдар жатады (2-сурет) .
2 сурет.
2 - сурет. География кабинетінде болатын оқыту құралдары
1. 2 География кабинетін жабдықтауға қойылатын талаптар
1970 жылдан бастап мектептерге кабинеттік жүйе енгізілді. Кабинеттік жүйенің ерекшелігіне әр кабинеттің белгілі бір пәнге сай жабдықталуы және кез келген сынып оқушыларының сол пәнге лайықты кабинетке сабақ оқуы жатады.
География кабинетін география пәнінен тиянақты білім алуға көп себебін тигізетін бөлме деуге болады. Кабинеттің ерекшелігі пәнге қажетті оқу құралдарын, карталарды қажет жағдайда бір жерден толығымен табуға болатындығында. [13] . Мысалы, 6-сыныпта оқытылатын «Физикалық географияға» байланысты Дүние жүзінің карталары, топографиялық карталардың болуы, планеталарға байланысты планеталар суретінің және олар туралы мағлұматтың болуы, аэроғарыштық түсірілімдердің болуы, т. б., жер қабықтарына байланысты атмосфера, литосфера, гидросферараның сурет-схемалары, т. б. көрнекіліктердің болуы. Материктер мен мұхиттардың тақырыптық карталары, Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясының тақырыптық карталары, Дүние жүзінің шаруашылығына байланысты тақырыптық карталарды тек қана география кабинетінен табуға, алып пайдалануға болады.
Сонымен қатар география кабинетінде түрлі техникалық, ауа райын бақылайтын құралдарды ұстап, олармен жұмыс жасауды үйренуге болады. Өлкетануға байланысты ұйымдастырылатын өлкетану бұрышынан көптеген материалдарды көріп, білуге болады. Атап айтсақ, жергілікті жердің табиғат зонасындағы топырақ, өсімдік, жануар дүниесімен, минерал, дәрілік өсімдіктермен танысуға болады.
Сонымен қатар жергілікті жердің ауыл шаруашылығы мен өндіріс негіздері туралы мағлұмат алып, қоғамдық пайдалы жұмыстар жасауға үйренуге болады.
География кабинетінде география пәндерін өтуден басқа, географияға байланысты сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Яғни бала қызығатындай сыныптан тыс оқу, конференциялар, түрлі сайыстар өткізіп, географияға қажетті түрлі оқу құралдарын жасап үйренуге болады. Бұлар оқушының білімін тереңдетуге, ойлау қабілетін дамытуға, өзіндік, даралық талабын, іскерлік пен шеберлігін шыңдауға, жақсы дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. География кабинетінде оқылатын сабақтар мен жүргізілетін практика жүзіндегі жұмыстардың оқушылардың жан-жақты білім алудағы, ойлау қабілетін дамытудағы, іскерлік-шеберлігін қалыптастырудағы мәні өте зор. Кабинетте өткен сабақтардан алынған оқушылардың білімдері әрі қарай оны жалғастыруға және қоғамдық еңбектерге араласуға көп себін тигізетін.
География кабинетінде жүргізілетін жұмыстар сонымен қатар балаларды өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Кабинетте балалар өздерінің географиялық ұғымдарының қорын байытады, кітаптар арқылы білім алуымен қатар, күнделікті картадан көріп, мұғалімнен дер кезінде бағыт-бағдар алып, соңғы жаңалықтармен хабардар болуға үйренеді. Осының барлығы оларды жоғары сыныптарды география курсын толық, терең меңгеруге әзірлейді.
География кабинетін дұрыс жабдықтаудың маңызы - түрлі атлас, картина, карта т. б. құрал-жабдықтарды сақтауда, әртүрлі қабырға карталарын іліп қойып салыстыруда, географияға қажетті түрлі құрал-жабдықтарды мүмкіндігінше жинап, қажет кезде ала қоюда, географияға байланысты сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде, үйірме жұмыстарын және өлкетану бұрышын ұйымдастыруда.
Жалпыға білім беретін орта мектептерде география кабинетінің қажеттігін және оның тиянақты білім берудегі маңызын белгілі ғалым-географтар А. А. Борзова, Э. Ю. Перри, В. П. Буданова, Н. Н. Баранский, В. А. Коринская, т. б. өз еңбектерінде көрсеткен.
География кабинеті (3-сурет) әдетте талапқа сай жабдықталуы керек. География кабинетіне мектептің бір бөлмесі бөлінеді. Кез келген кабинетте көлеміне, терезесінің санына қарамай мұғалімнің жұмыс орны, оқушының жұмыс орны, оқу құралдарын сақтайтын орын (шынылы орын) .
3-сурет. География кабинетінің алдыңғы қабырғасы
А-төменгі ярус; Б-ортаңғы ярус; В-жоғарғы ярус; 1-ярустарды бөліп тұрган қабат; 2-сурет сақталатын орын: 3-кестелер қойылатын секция; 4-ашылатын сынып тақтасы; 5-ішкі тақта; 6-оқулық сөресі; 7-айна; 8-экран; 9-орталық секция тақтасы; 10-компьютер сөресі; 11-карта секциясы; 12-карта, кесте ілінетін ағаш; 13-үлкем оқу құралының сөресі; 14-перделер; 15-жұлдызды аспан картасы; 16-Кондауров теллуриі: 17-бекіткіш заттар; 18-экран; 19-карта ұстағыштары бар тақта. (басы суреттің алдында) көрнекіліктерді қоятын жер болуы керек. Сурет, картина, кесте, схема, аппликациялар мен альбомдар салынатын арнаулы жәшіктер, қорапшалар болуы тиіс.
География кабинетінде таратылатын дидактикалық материалдар, экрандық құралдармен көрсетілетін заттар арнаулы қорапшада белгілі бір жүйемен жинақталуы керек.
Өлкетану материалдары өлкетану бұрышында тұрғаны дұрыс. Кабинетте ауа райын анықтайтын түрлі құралдар таза және сынбаған, жұмыс жасайтындай болуы керек. Жарық беретін лампалардың қажетті деңгейде болуы да оқушының көзін ауыртпауға, жұмыс жасау барысындағы көңіл-күйіне әсер етеді. Кабинетті таза ұстауды да жолға қою керек.
География кабинеті бұл оқушыларға білім беруге қажетті оқу құралдары жеткілікті деңгейде қамтылатын, оларды сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданатын бөлме болатындықтан, мектептегі оқыту тәжірибелері география кабинетінің оқушыларға берілетін білім деңгейін жоғарылатудағы мәні зор екені көптеген жылдардан бері дәлелденіп келеді. География кабинетін жабдықтау мектеп кабинеттеріне қойылатын жалпы талапқа сай болғаны жөн.
География кабинетінде болуга тиісті заттар - типтік бағдарламадагы көрсетілген географияны оқыту құралдарының кешені, қогамдық-саяси анықтамалар, ғылыми, әдістемелік, өлкетану әдебиеттері, қажетті техникалық құралдар, түрлі түсірілімдер мен бақылаулар жүргізуге қажетті құралдар, стендте көрсетілетін соңғы жаңалықтар, қосымша әдебиеттер тізімі берілген картотека, оқушылар орындаған жақсы баяндама, рефераттар, буклеттер, оқыту ұүралдарын жасайтын, жөндейтін жабдықтар, топ серуенге қажетті заттар, интерактивті тақта, компьютер. т. б.
Осы аталған жабдықтарды қоятын жиһаз, сақтайтын орын болып, тазалық, қауіпсіздік шаралары ескерілген жағдайда кабинетте өтілетін сабақтың жоғары деңгейде болуына мүмкіндік туады.
География кабинетінің санитарлы - гигиеналық талаптары. Мұғалімдер мен оқушылардың жұмыс істеу қабілеттілігі, көбінесе жұмыс істеу үшін кабинетте жасалған жағдайға байланысты болады. [9] .
Осындай жағдай туғызатын ең маңызды факторлардың бірі - микроклимат. Ең ыңғайлы температура (t) көрсеткіші +16, +18 °С ылғалдылық 30 - 60 % ауа қозғалысының жылдамдығы 0, 2 - 0, 4 м/с болуы керек. Осы шарттарды орындай келе ауа тазалығының гигиеналық нормаларын сақтау керек. Бөлмедегі көмірсу тотығының құрамы 0. 06 % - тен аспауға тиіс, ал шаң - 2-10 мг/м.
Кабинетте температура, қысым және ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал болғаны дұрыс. Дұрыс және жеткілікті түрде кабинетті жабдықтау оқушылардың елсенді жұмыс қабілеттілігінің негізі болу керек.
Санитарлық талаптарға қабырға түсінің шағылыс коэффициенті 50 - 60 % -тен аспайтындай түстерді таңдаған жөн. Санитарлық талаптарға сәйкес, кабинетті электрмен қамтамасыз ету бірге жүруі керек. Кабинетті жабдықтандыру оның баяу түсіне байланысты болады. Потолок үшін 70 %, еден - 25 %, ал тақта үшін - 10 - 15 %.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz