Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
ІІ. Өтпелі экономиканың мәні мен заңдылықтары
ІІІ.Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикаға көшуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
Біздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.
Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.
Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДИБЕТЕР
1. Абудллаев .Ә.«Экономикалық теория» Алматы 2004 ж
2. Әубәкіров “Экономикалық термин негіздері” Алматы 1999.
3. Әубәкіров “Жалпы экономика теория” Алматы 1999.
4. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-1998ж
5. Баққұллыв С. «Құқық негіздері» Алматы- 2004ж
6. Осипова Г.М .« Эканомикалық теория негіздері» Алматы-2002ж
7. Мейрбеков А.Қ. «Кәсіпорын эканомикасы » Алматы 2204ж
8. Сейтқасымов Ғ.С. Әубәкіров “Ақша несие банктер”
Алматы 2001.
9. Райымқұлүлы С. «Эканомикалық теория негіздері» Шымкент 2005ж
10. Шедденов Ө.Қ “Экономикалық теория ” Оқу құралы, Ақтөбе 2000ж
11. Б.Мәдешов «Эканомикалық теория негіздері» Алматы 1994
Мерзімді басымдылар
1.“Егемен Қазақстан” 21 наурыз 2005 № 57-6
2. “Егемен Қазақстан” 2 наурыз 2006 №62-5
1. Абудллаев .Ә.«Экономикалық теория» Алматы 2004 ж
2. Әубәкіров “Экономикалық термин негіздері” Алматы 1999.
3. Әубәкіров “Жалпы экономика теория” Алматы 1999.
4. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-1998ж
5. Баққұллыв С. «Құқық негіздері» Алматы- 2004ж
6. Осипова Г.М .« Эканомикалық теория негіздері» Алматы-2002ж
7. Мейрбеков А.Қ. «Кәсіпорын эканомикасы » Алматы 2204ж
8. Сейтқасымов Ғ.С. Әубәкіров “Ақша несие банктер”
Алматы 2001.
9. Райымқұлүлы С. «Эканомикалық теория негіздері» Шымкент 2005ж
10. Шедденов Ө.Қ “Экономикалық теория ” Оқу құралы, Ақтөбе 2000ж
11. Б.Мәдешов «Эканомикалық теория негіздері» Алматы 1994
Мерзімді басымдылар
1.“Егемен Қазақстан” 21 наурыз 2005 № 57-6
2. “Егемен Қазақстан” 2 наурыз 2006 №62-5
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
ІІ. Өтпелі экономиканың мәні мен заңдылықтары
ІІІ.Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикаға көшуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
Біздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының
ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана
осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен
шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік
институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның
барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен
ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық
топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік
стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің
үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта
береміз.
Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның,
басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі
дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін
сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық
келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және
жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды
басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және
өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып
отыр.
Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды
арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі
серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы
жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.
1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі –
елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан
ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын”
иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті
ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса
алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-
географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік
экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай
бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
1.1. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны
дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола
алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру
Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді,
мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен
агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар
құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың
белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІT-орталық ретінде
ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін
қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік
бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға
жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың
әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.
1.2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен
ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау
көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді
ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі,
Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса
назар аудару керек.
1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге
қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру
Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп
жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір
бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте
талқылану үстінде.
Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның
дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең
мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі
тиімді пайдалана білу керек.
Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының
құрылтайшылық қатысуы деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын
шектеулерді алып тастауымыз керек.
I. Экономиканың жүйелердің негіігі типтері
Күнделікгі экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда
белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол калыптаскан
мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде коғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең
таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;
в) казіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отырған дәстұр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін
өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда,
Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншікгік және
тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің
барлық материатдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға
тырысады. Ол күнделікті өмірде коғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам
тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ, бұл жағдайда көптеген басқа
кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттаңды және оның
ойында бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде
көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды.
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін
(либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол
нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін
нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес
серігі — артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып
келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825
жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде
саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді,
қолма-қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады
және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика
бүлінеді.
Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері
1 кесте
Т И П Т Е Р
Негізгі
белгілері
МемлекеттікжН А Р Ы Қ Т Ь
оспарлы
XVII-XIX ғғ Қазіргі ХХ-шы ғасыр
Әкімшідік-әмЕркін Аралас Әлеуметгік
іршілдік бәсекелестік бағытталған аралас
Өндірісті Қоғам Кәсіпорын Шаруашылықты Шаруашылықты
коғамдастыру-ды(мемлекет) шеңберінде бөлшектеп бөлшектеп
ң көлемі шеңберінде мемлекеттендіру мемлекеттендіру
Меншік түрінің Мемлекеттік Жеке Жеке ұжымдык Жеке ұжымдык
басымдырақ инди-видуалдымемлекеттікпен мемлекеттікпен
болуы
Экономиканы Мемлекеттік Нарықтык Нарықтык және Нарықтык және
реттеу өзін-өзі мемлекеттік мемлекеттік
реттеушілік
Әлеуметтік- Тұрақты Өндірістің Экономикаға мемлекеттің араласуы.
Әрбір 8-10 Экономикалық дағдырыстарды
жыл сайын ескерту мен бәсендету бойынша
болатын антикалық шаралар.
экономикалық
дағдарыстар
Әлеуметтік Күшті Азаматтардың Жеке және Күшті
Кепілдіктер мем-лекеттікәлеуметтік мем-лекеттік әлеумет-тік
әлеуметтік қорғалмауы әлеумет-тік корғау, мүлік
қорғау, сақтандыру тепе-тенсіздігш
мүлік корларының азайту.
тепе-теңсіз- кұрылуы
дігін жою
б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке
және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика
теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясынын
ұраны: Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті
табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті
қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады.
Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда
артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын
болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық еңбектік және ақша
қорларын ірі халық шаруашылығынын міндеттері мен бағдарламасын жүзеге
асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін
қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке
негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние
жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың
ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс
ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезендерде Англия мен АҚШ-да дәл
солай жүзеге асты.
Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.
Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы
арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттын кетуі -
барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат — жаңа өнімді шығару
қажетгілігі, жаңа техника мен технологияны өндіру болмақ. Ал келісімге
кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарынын орындалуы туралы тұтынушы алдында емес,
жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі
бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар
экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста
бола алмайды.
Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны
әртүрлі тапшылыққа алып келеді.
в) қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.
Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон
былай деген: Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы
сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады, әрі қарай ол: Аралас
экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын
экономика — дейді.
Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып конвергенция
теориясы (авторы — Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян
Тинберген) және жаңа индустриалды қоғам теориясы (авторы — Гарвард
институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт
жаңа индустриалды қоғамды аралас экономиканын ерекше бір типі ретінде
қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.
Аралас экономикада нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті
анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп
отырады - деп жазған болатын Пол Самуэльсон.
Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман
экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950
жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік
қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол
жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: ... адамды
экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу.
Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал
ретінде швед моделі жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің
қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік
мақсатқа бағытталады.
Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: өндірістің қызметі көбінесе жеке
кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал,
жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік
инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы — жұмыссыздық, әлеуметтік
сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке
жүкгеледі.
Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас
әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік
бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке
негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара
байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы
қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген
еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі
жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара
еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші
жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі
қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі
кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу
дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35%
көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және
мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды.
Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен
анықталады.
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш
күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей
ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: "Мүмкін соғыстан кейінгі
тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің
жаңа түріне өтудін куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең
түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған". Мәселенің бұл қойылысында қазіргі
дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс
түріңдегі өзгерістерді кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик емес,
басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі
өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы
капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін
қамтамасыз етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс машинаға сүйеніп өз бойында
қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының
оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық
қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың коғамдық
өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді.
Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа
сатысын — аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс
қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика
қызметінің ерекшелігі, тауарлы өңдіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық
өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық
қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының
басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа
тәсіліне ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арашндағы кедергі, ол мемлекеттік
жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас
экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар
түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде
феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды;
бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне
аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен
бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да
күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-
лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл
көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс
капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс
бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете
алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны белдіреді:
қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының
қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы
керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп
экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан
кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі
аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика
шын өмірдегі қатынастардын бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты
қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен
кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар
арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері
арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен
ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені
ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен,
біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің
"ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс
әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту
кезеңі емес. Мұңдағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды
қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік
қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі
кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне
қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге
дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту
керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің
біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа
ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі
экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму
деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға
болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға
келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық
қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан
қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз
АҚЩ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз.
Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз
бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың
белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер
өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік
капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның
белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика
ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен
аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің
барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды.
Аралас экоиомика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық
заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар
кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды.
Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына
сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен
қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен
тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір
мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс
жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу
керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса
ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын
білдіреді.
Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің
араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен
керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны
ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас
эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы.
Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр
түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық
өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен
реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке
сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында,
атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі
өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана
қоймай, сонымен қатар қоғалның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз
кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынас-тарында жаңа лептің,
ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктін
көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың
негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас
экономиканың маңызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz