Тіл және сананың арақатынасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тіл және сананың арақатынасы

Тіл- тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны, сөздік белгілердің жүйесі болып табылады. Ал белгі - шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал - тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі- Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол - психология, физиология, логопедия, т. б. ғылымдардың қарастыратын саласы. Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді. Тілсіз сананың болмайтындығы, әрбір сана тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді санадан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.

Ф. де Соссюр сананы тілдің семантикасымен теңдестіре отырып, тілді қағазбен былайша салыстырады: «Сана дегеніміз- сол қағаздың бет жағы, ал дыбыс - астыңғы жағы, егер қағаздың бет жағын, астыңғы жағын бүлдірмей кесіп алуға болмайтыны сияқты, тілде де дыбыстан, дыбысты санадан бөліп алуға болмайды. Мұны тек абстракциялық түрде ажыратуға болады»-дейді. Тіл мен сана бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі категорияларының өз ара байланысы, арақатысы ескеріледі. Мысалы, тілдегі сөз логикалық категория - ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады. Сөз бен ұғым бірлікте, өз ара тығыз байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсінік тумауға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтары мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Бірнеше мағынаны білдіретін бір сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, байымдауды да білдіруі мүмкін. Мүндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ өз ара байланысты екендігін көрсетеді. Сананың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі - байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор -сана, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Сана тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады. Тіл мен сананың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Дыбыстық тіл де, абстракті санада-адамға тән құбылыстар. Осы бірліктен тіл мен сананың жалпы ерекшелігі көрінеді. Сана тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Сана арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Адамның ойы тіл арқылы тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы айтылыды да, материалдық формаға енеді. Ойлаудың туып жасалуында тілдің ролі айрықша зор.

Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе - біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді. Бұл саладағы пікірлерді былайша топтауға болады:

1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. Бұл - менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Шлейермахер, Гаман, 18-19 ғ. ) .

2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғалымы Бенеке, 19 ғ. ) .

3. Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы Гумбольдт, фран. ғалымы Леви-Брюль, 18-19 ғ. ) .

4. Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-тең бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатысы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл - ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол - экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді. Менталингвистика нысандары ішіндегі қиын да актуалды проблемалардың бірі - тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы - тіл мен ойлау табиғатының күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында.

Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы - сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі - ішкі мазмұндық, логикалық жағы. Тілдің, тілдік элементтердің логикалық жағы дейтініміз - олардың білдіретін мағыналары, атқаратын қызметтері. Тілдік элементтер сөйлеу процесінде қандай қызмет атқарса, сол олардың мәні, мазмұны, мағынасы болмақ. Басқаша айтқанда, мағына деп тілдік тұлғалардың семантикалық функциясын айтады. Тілдік элементтердің мағыналары дамудың ұзақ замандық тарихы бойында бірте-бірте қалыптасады да, келе-келе әбден орнығып, сол тілде сөйлейтіндердің барлығына бірдей түсінікті және міндетті жалпылық сипат алады. Тілдік ұжым мүшелері сөйлеу процесінде сөздің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оны ауыспалы, келтірінді мағынада қолдана береді, ал, грамматикалық мағыналарыды олай түрлендіре алмайды. Бұл жағдайлар тілдік семантиканың сапалық жағынан да, сандық жағынан да, құрылымдық және қызметі жағынан да әр қилы екендігін байқатады. Тілдік мағыналардың сол түрлерін дұрыс айқындап, жан-жақты талдап шешу менталингвистика мен лингвистикалық концептологияның негізгі міндетттерінің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Сана, рух және тіл философиясы
Моральдік сана
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Ұлттық сана және діл
Сана оның түрлері
Өзіндік сана
Идея және жалпы түсінік
Философия сана мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz