Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Түркістан - 2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. д, . профессор
Б. Ортаев
«___»2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Орындаған: Ш. Өтепбергенова
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Б. Ауезов
Түркістан - 2016
Нормативтік сілтемелер
Бұл диплом жұмысында төмендегі мемлекеттік стандарттар мен құжаттарға сілтеме жасалды:
1 ГОСТ 2. 105 - 95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі. Тестілік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар
2 ГОСТ 7. 1-84 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттарды библиографиялық рәсімдеу. Жасақтау ережелері және жалпы талаптар.
3 ГК РК 08-2001 Қазақстан Республикасы жоғары кәсіби білім мамандықтары және дайындық бағыттары классификаторы.
4 ГОСО 3. 001-2000 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім беру. Негізгі ережелер.
5 ҚР МЖМБС 3. 07. 029-2001 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім беру. Негізгі ережелер.
6 ҚР МЖМБС 3. 08. 002-2004 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім беру. Негізгі ережелер. Бакалавриат. «050202 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. - Енгіз. 2004 - 09-01. - Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. -30 б.
7 ҚР МЖМБС 3. 08. 252-2006 Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім беру. Негізгі ережелер. Бакалавриат. «050202 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы. - Енгіз. 2006 - 09-01. - Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2006. -31 б.
8 Диссертацияны және авторефератты рәсімдеу туралы нұсқау. -Алматы, 2004.
9 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
10 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. - Астана, 2007.
11 Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
12 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2013.
Анықтамалар
Диплом жұмысында төмендегі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды:
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Оқыту үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Оқу жоспары (ОЖ) : о рта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
Оқу жоспарының тұрақты бөлігі - оқу жоспарының өзгертуге жатпайтын бөлігі. Оқушы тұлғасын жалпы адамзаттық мұраттар мен мәдени дәстүрлерге сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз етіп, мемлекет аясында тұтас білім кеңістігін құрады.
Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Кәсіби дайындық - белгілі кәсіп бойынша арнаулы білім, дағды, шеберлік, еңбек тәжірибесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық кәсіби біліктілігінің күрделілігі мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлеріне бөлінеді.
Пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Таңдау курстары мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.
Типтік оқу жоспары ( ТОЖ) : оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және м көлемін реттейтін нормативтік құжат.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет . . . ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім [1] . Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асыру мектептен басталады, ол үшін сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті оқытушылардың әдістемелік шығармашылығын дамытуды кәсіби құзіреттілігінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды [2] .
Құзіреттілік тәсіл идеясы - «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оқытушының басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын мектептің басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Оқушылардың арнайы орта білімді игеріп, толық қалыптасуына күшті құралдардың бірі - оқытушыларының жеке үлгісі мен педагогикалық және ғылыми іс-әрекеттері. Жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде сабақты өткізу, аудиторияны көре білу, жоғары педагогикалық мәдениет, ұйымдастырушылық қабілеттілігі т. б. Оқытушылардың кәсіби сапалары оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын анықтайды.
Бүгінгі қоғамдағы бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыруды жетілдіру үшін диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу.
Зерттеу обьектісі: Оқушылардың құзыреттілік мәдениетін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні: Оқыту процесінде оқушылардың құзыреттілік мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- құзыреттілік білімдерді қалыптастыру;
- құзыреттілік мәдентиетке тәрбиелеу;
- құзыреттілік сезімдерді қалыптастыру;
Зерттеу көздері : Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты стратегиялық бағдарламасы, зерттеу мәселелері бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, озат педагог-психологтардың тәжірибелері алынды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері. Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек [3] .
Ø Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Ø Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
Ø Жеке басдамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
Ø Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген [4, 5, 6, 7, 8] . В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
- Оқу міндетін қою сабағы
- модельдеу сабағы
- түсінікті нақтылау сабағы
- нақтылау сабағы
- бағалау сабағы
- Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
- Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту белгілері:
- Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы - тығыз байланыста.
- Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
- Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
- Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
- Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
- Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
- проблемалардың шешімін табу;
- ақпараттық;
- коммуникативтік құзыреттіліктер;
Құзыреттілік - оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген.
Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр. Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.
Оқу мәтінін қою сабағында І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді. Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:
- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды;
- проблеманы шешу жолын іздестіреді;
- жаңаны өздері табады;
- ақылдасады, кеңеседі.
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы.
1. 2. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі. Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, оқулық, кесте «10-нан -99-ға дейінгі натурал сандардың квадраттарының» кестесі. Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың әдісі: репродуктивтік, көрнекілік, практикалық, өзіндік жұмыс, сұрақ- жауап, сөйлеу. Пәнаралық байланыс: әдебиет «ұлттық салт- дәстүрмен Виет теоремасын байланыстыру» Сабақтың құрлымы: 1. ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылардың жұмысқа толық дайындығың, сабаққа келмегендерді белгілеу. б) Оқушылардың зейінің жинақтау мақсатында, оқушыларға жалпы сұрақ қоямын: Психологиялық сәт. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті.
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz