Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі



1.Лингвомәдениеттану бағытының ерекшелігі
2. Функционалдық бағыттың зерттеу аспектілері
3. Функционалды.семантикалық өрістік (ФӨС) өріс құрылымының моделі
4. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары
5. Тілдің коммуникативтік.прагматикалық аспектісінің зерттелу тарихы
6. Мәтін лингвистикасы . тіл білімі ғылымының жеке саласы.
7. Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздері
Тіл тарихы мен тіл табиғатының мәдениетпен тығыз байланыстылығын, сабақтастығын зерттейтін лингвомәдениеттанудың қалыптасу кезеңі ХХғ-ң орта шеніндегі ғылыми аренада пайда болған дәстүрлі ғылымдар тоғысы үрдісімен байланысады. Осы бағыттың іргетасын В.Гумбольдт, Я.Грим, Ф.Соссюр, Р.Раск, Э.Сепир, А.Потебня, Г.Штейнталь т.б. ғалымдар еңбектерінің ой-тұжырымдарымен қаланған. Лингвомәдениеттанудың басты нысаны-мәдени ақпараттарды өз бойына сақтаушы және келер ұрпаққа жеткізуші, жалғастырушы болып саналатын тіл мен тілді пайдалана отырып жасаған ұлт мәдениеті арасындағы өзара қарым-қатынас болса, зерттеу объектісі-мифтік-танымдық және этномәдени мазмұнға ие тілдік бірліктер,яғни тілде бекіген мифологемалар, архетиптер, салттар мен дәстүрлер, рәсімдер мен жөн-жосындар-тілдің паремиологиялық және фразеологиялық қоры, сөз-символдар, сөз-эталондар, метафоралар мен сөз-бейнелер. Лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты –ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін зерделей отырып, ұлттық тіл және тілдік процестер арқылы тіл иесінің материалдық және рүхани мәдениетін таныту, мәдениеттің тілдік жүйеге әмерін,яғни мәдени факторлар мен адам байланысын тілдік факторлардың байланысын зерттеу болып табылады.Лингвомәдениеттану-этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтық мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын,ұлт мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын,ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы келешекке танытатын қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар пән.Лингвомәдениеттанудың әдістері-бұл тіл мен мәдениеттің өзара байланысын талдауда пайдаланатын талдау әдістерінің жиынтығы.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
18.Лингвомәдениеттану бағытының ерекшелігін анықтаңыз.
Тіл тарихы мен тіл табиғатының мәдениетпен тығыз байланыстылығын,
сабақтастығын зерттейтін лингвомәдениеттанудың қалыптасу кезеңі ХХғ-ң
орта шеніндегі ғылыми аренада пайда болған дәстүрлі ғылымдар тоғысы
үрдісімен байланысады. Осы бағыттың іргетасын В.Гумбольдт, Я.Грим,
Ф.Соссюр, Р.Раск, Э.Сепир, А.Потебня, Г.Штейнталь т.б. ғалымдар
еңбектерінің ой-тұжырымдарымен қаланған. Лингвомәдениеттанудың басты
нысаны-мәдени ақпараттарды өз бойына сақтаушы және келер ұрпаққа
жеткізуші, жалғастырушы болып саналатын тіл мен тілді пайдалана отырып
жасаған ұлт мәдениеті арасындағы өзара қарым-қатынас болса, зерттеу
объектісі-мифтік-танымдық және этномәдени мазмұнға ие тілдік
бірліктер,яғни тілде бекіген мифологемалар, архетиптер, салттар мен
дәстүрлер, рәсімдер мен жөн-жосындар-тілдің паремиологиялық және
фразеологиялық қоры, сөз-символдар, сөз-эталондар, метафоралар мен сөз-
бейнелер. Лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты –ұлттық болмыстың
тілдегі көрінісін зерделей отырып, ұлттық тіл және тілдік процестер
арқылы тіл иесінің материалдық және рүхани мәдениетін таныту,
мәдениеттің тілдік жүйеге әмерін,яғни мәдени факторлар мен адам
байланысын тілдік факторлардың байланысын зерттеу болып
табылады.Лингвомәдениеттану-этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші
халықтық мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын,ұлт мәдениетін өз
лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын,ұлттық рух пен ұлттық тілдің
туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы келешекке
танытатын қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар
пән.Лингвомәдениеттанудың әдістері-бұл тіл мен мәдениеттің өзара
байланысын талдауда пайдаланатын талдау әдістерінің жиынтығы. Өйткені
лингвомәдениеттану-мәдениеттану мен тілтану, этнолингвистика мен
мәдени антропологияны зерттеу нәтижесінде өзіне жинайтын білімінің
интегративті саласы. Лингвомәдениеттанымдық талдау процесінде
мәдениеттану мен лингвистиканың әдістері іріктеліп пайдаланылады.
22. Функционалдық бағыттың зерттеу аспектілерін түсіндіріңіз.
Қазіргі кезеңде қазақ тіл білімінде ең актуалды проблемалардың бірі −
тілдік жүйенің функционалдылық механизмін зерттеу. Мұның өзі функционалды
грамматиканың негізін қалауға үлкен әсер етті. Функционалды грамматика  –
грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) және
олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды
грамматиканың негізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында
қалыптасқан ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа
деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын
зерделеп сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара
қарым-қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады.
Функционалды грамматика мәселелері орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші
жартысында ғана қолға алынып, арнайы зерттеу нысаны болды. Алайда ХХ
ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ
ғалымдардың функционалды грамматиканың көптеген мәселелерін терең зерделеп,
түсінгені байқалады. Функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде
қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, ғалымдар функционалды
грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды-семантикалық категория,
өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік
ерекшеліктерін терең түсінген. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов
тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір
жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға
басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының кесірінен ғылым
дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек.

23. Функционалды-семантикалық өрістік (ФӨС) өріс құрылымының моделін
сызып көрсетіңіз.
Функционалды грамматиканың бір түрі алғаш А.А.Хадеева-Быкова ұсынып, кейін
А.В.Бондарко функционалды-семантикалық өріс теориясы негізінде дамытқан
болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс ұғымына ғалым мынадай
анықтама береді: Функционалды-семантикалық өріс – тілдің грамматикалық
(морфологиялық және синтаксистік) құрылымының бір ғана семантикалық аясына
жататын лексикалық, лексика-грамматикалық және сөзжасамдық бірліктерімен
бірге құрылатын екіжақты (мазмұндық-тұлғалық) бірлестік. Яғни функционалды-
семантикалық өріс теориясының негізгі әдісі белгілі бір семантикалық
категорияны білдіретін тілдік бірліктердің мағына ортақтығына
(инварианттылығына) орай тұтастық ретінде қарастырып, сол категорияның
семантикалық құрылымдарын айқындау болып табылады. А.В.Бондарко
Функционалды-семантикалық өріс ұғымына ғалым мынадай анықтама береді:
Функционалды-семантикалық өріс – тілдің грамматикалық (морфологиялық және
синтаксистік) құрылымының бір ғана семантикалық аясына жататын лексикалық,
лексика-грамматикалық және сөзжасамдық бірліктерімен бірге құрылатын
екіжақты (мазмұндық-тұлғалық) бірлестік. Яғни функционалды-семантикалық
өріс теориясының негізгі әдісі белгілі бір семантикалық категорияны
білдіретін тілдік бірліктердің мағына ортақтығына (инварианттылығына) орай
тұтастық ретінде қарастырып, сол категорияның семантикалық құрылымдарын
айқындау болып табылады.

24. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдарын атап шығыңыз.
Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін
оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы
шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер білім, концептуалдылық,
концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық,
концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді
когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған
ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы
әлемнің тілдік бейнесін тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе
бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар
санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі
тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен
көрініс табуда..Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл
бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар
жүйесі деп танылады. Тіл білімінде когниция терминімен
интеллектуалдылық, менталдылылық секілді атаулар балама ретінде
қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция
адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең
қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы
білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова:
елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт сияқты
бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын
тілдік құрал деп есептеген. Когнитивтік лингвиситика тілдік білімнің
табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым .
25. Тілдің коммуникативтік-прагматикалық аспектісінің зерттелу
тарихына сипаттама беріңіз.
Тіл ақиақат дүниені танытуда, әлем туралы аялық білімімізді жетілдіріп
толықтыруда негізгі құрал болып танылады. Тіл арқылы екі адам
коммуникацияға ұшырайды. Яғни коммуникативтік мақсатта өзара қарым-қатынас
түзеледі, ақпарат алмасады. Сөйлеу кезінде міндетті түрде екі жақты әрекет
жасалып жатады. Сол әрекетті тудыратын сөйлеуші мен тыңдаушы болады,
сөйлеуші өз мақсатына жету үшін белгілі бір стиль түрін таңдайды. Ол
коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие болады. Синтаксис саласы жекелеген
сөйлемдерді зерттеумен шектеліп қана қоймай, тіл бірліктерін сөйлесім
деңгейінде қарастыра отырып, әрі күрделі кешенді тілдік актілерді
зерттеумен айналысады. Прагматика тілдік коммуникацияда адресантқа
бағытталған заңдылықтарды қалыптастырады және оны реттеп отырады.
Прагматикалық аспект – мақсатты әрекеттің бір түрі сөйлеудің ажырамас
белгісі. Прагматиканың алғаш рет сөйлеу актілері негізінде қозғалып,
зерттелуі – соның дәлелі. Прагматиканың міндеті − тікелей адресатқа ықпал
етуге бағытталған  тілдік қатынас коммуникациясын қолданудың заңдылықтарын
реттеу екені мәлім. Коммуникатавті-прагматикалық зерттеудің бірінші
аспектісі субъектінің тіліне қатысты болады. Яғни оған қатысты мынадай
мәселелер қозғалады: сөйлесімнің айқын және жасырын мақсаты (кейбір
ақпараттарды, өз ой-пікірін хабарлау, бұйрық, өтініш, кеңес, уәде, кешірім
сұрау, сәлемдесу, шағым айту); сөйлеу тактикасы мен сөйлеу тәртібі;
әңгімелесу ережесі; сөйлесімнің прагматикалық мағынасы немесе сөйлеушінің
шарттары: сөйлесімніғң жанама мазмұны, тұспалдар, алдын ала болжау т.б.;
прагматикалық пресуппозициялар, сөйлеушінің хабарлап отырған ақпаратына
деген қатынасы т.б. [81, 9].
Қарым-қатынастың орнауы, оның прагматикалық аспектісі тыңдаушының қабылдап,
түсінуімен байланысты. Тілдің ықпал ету күшін анықтайтын – тыңдаушының
әрекеті. Бұл – сөйлеушілер арасында қабылданған, қарым-қатынас жасаудың
қалыптасқан сөйлеу нормалары болуымен байланысты. [80, 11]. Сөйлеу әрекеті,
адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жағдайларда – мекен, уақыт
кесіндісі – сөйлеу жағдаятында орын алады... сөйлеу жағдаяты сөйлеуші мақсаты
арқылы сөйлесім мазмұнында қамтылады. Оның – объективті шындықтың – сөйлем
пропозициясында берілуі сөйлеуші мен тыңдаушының ортақ білім қорына, өзара
қарым-қатынасына, сөйлеу мақсатының түріне тәуелді.
29. Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісін түсіндіру
Мәтін лингвистикасы орысша лингвистика текста — тіл білімі ғылымының
жеке саласы, зерттеу объектісі — мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннін
өзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде
бейнеленуі, мәтіннінтүзілу ерекшелігі, оны кабылдаудын сипаты,
мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін
лингвистикасы 20 ғасыр 60 жылдары пайда болды. Оның негізі Э.
Бенвенист, В. Скали'чка, С. И. Карцевский, В. Матезиус, Ш. Балли, В.
В. Виноградов, 3. Харрис т.б. еңбектерінде калыптаскан. Мәтін
лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы мәтін,
макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық
–сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай
келуі мүмкін. Шағын көлемдегі тұтас сөйлеу шығармасының (газет
мақаласы, қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар, хабарландыру, т.с.с.)
жалғыз фразадан тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл шағын
жанрлы және шағын көлемді мәтіндерге ғана қатысты болғандықтан,
мәтіннің екі объектісін-макромәтін мен микромәтінді айырған жөн,
себебі күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы-мүлде
түрліше тәртіптегі бірліктер.Мәтінді таза лингвистикалық тұрғыда алып
қарастыру бірнеше бағыттармен жүзеге асады. Олар:
1. басты белгілері тұтастық және жүйелілік болып саналатын мәтінді
ең ірі тілдік жүйе ретінде зерттеу;
2. қатысымдық параметрлермен және соған қатысты лингвистикалық
белгілер негізінде ұйымдасқан мәтіннің типологиялық құрылымын
тану;
3. мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді (единицаларды) айқындау;
4. мәтіннің негізгі категорияларын сипаттау;
5. әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің мәтін бойындағы
ерекшеліктерін анықтау;
6. тұлға-бірліктер, бөлшектер құрамындағы фразааралық (сөйлем)
қатынастарды, байланыстарды зерттеу

30. Мәтін лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы.
Түсіндіріңіз.
Мәтін лингвистикасы – өзінің теориясы мен практикасы бар салыстырмалы
түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес ғылым және оқу пәні.
Мәтін лингвистикасы мәтін ұғымына негізделіп, көбінесе оны талдаумен
байланыстыратын филологиялық риторика аталатын риториканың тағы бір
бағытының дамуына ықпал етеді.
Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын, категориялары
мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен көркем мәтінді
құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.Соңғы отыз жылда
мәтін лигвистикасында үш дербес ғылыми сала анықталды:- жалпы мәтін
теориясы (И. Р. Гальперин);- мәтін грамматикасы (О. И. Москальская); 
- мәтін стилистикасы (И. В. Арнольд, В. В. Одинцов). 
Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын түрлі коннотация құралдары
(функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивті, бағалаушы) ең
алдымен, функционалды стилистикада зерделенетіндіктен стилистикамен,
нормаларын білмей қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, сауатты және
коммуникативті барабар мәтін құрастыру мүмкін болмағандықтан, сөйлеу
мәдениетімен тығыз байланысты.Шын мәнінде мәтін лингвистикасы (мәтінді
лингвистикалық талдау да) бұрын оқылып, болашақ тілші-мамандардың
санасында айтылған немесе жазылған сөйлеуге сергек қарауға, оқыған
мәтінінің мазмұны ғана емес, терең мағынасына да үңілуге ерекше тілдік
(стилистикалық) сезім қалыптастыратын лингвистикалық және әдебиеттану
пәндерінің қорытындысын шығаратын жалпы филологиялық пән болып
табылады. Мәтін лингвистикасының пәні оның ерекше лингвистикалық
категория ретіндегі ішкі ұйымдасуының заңдылықтары мен принциптері
болып табылады. Мұның себебі мәтіннің ақпарат жеткізу мен алудың
құралы ретінде іс жүзіндегі коммуникативтік бірлік болып
танылуында.Мәтін лингвистикасының міндеті оның (мәтіннің) құрамындағы
барлық тілдік бірліктердің қызмет етуін баяндау, мәтін элементтерін
зерттеу, барлық мәтіндерге тән мәтін құратын заңдылықтарды іздеу болып
табылады.

31. Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік
және жеке психологиялық негіздерге талдау жасаңыз.
Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) XIX ғасырдың 70-жылдарынан
бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған
тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда
М.Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.
Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық
мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері
болды.Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне
дейінгі өкілдерін "бұлар - жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-
еуропалық ата тілді мүсіндеушілер" деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол
"сасық шеберхананы" тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың
осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке
оларды "жас грамматистер" деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте
лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.Жас грамматистік
көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк, Пауль, т.б.
Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг
лингвистикалық мектебі деп те аталды. Жас грамматистер тіл ғылымының
дамуына елеулі үлес қосты. Олар салыстырмалы-тарихи тіл білімінің
өздеріне дейін орын алып келген көптеген кемшіліктерін дұрыс ашып,
компаративистиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді. Туыстас тілдер
семьялары жөнінде көптеген құнды салыстырмалы-тарихи зерттеулер берді.
Натуралистік ағымның тілді табиғи организм дейтін, тіл білімін
жаратылыстану ғылымдары тобына қосатын және тіл тарихын екі кезеңге
бөлетін көзқарастарының терістігін жете әшкереледі.Жас грамматистер
мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі -
тарихи принцип те, екіншісі - психологизм принципі. Осы себептен де
жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл
білімі деп те атайды.

32.Н.Я.Марр іліміне сыни пікір білдіріңіз.
Н.Я.Марр - иберий-кавказ тілдерінің маманы. Ол алғашқыда бұл тілдердің
туыстық төркін, олардың семит тілдерімен байланысын зерттеді де, келе-
келе өз теориясын "яфет теориясы" деп атады. "Яфет" деген терминді
басында Н.Я.Марр бүкіл Кавказия, Жерорта теңізі бассейндеріндегі толып
жатқан тілдердің бәріне ортақ шартты атау ретінде қолданған да,
артынан осы тілдерді зерттеуден туған өз тұжырымдарын "Яфет теориясы"
деп атаған. Бұл атау бертінірек келе "Тіл туралы жаңа ілім" деген
атаумен ауыстырылды. Бірақ әдебиеттерде бұл екі атау кейде бірінің
орнына бірі қолданыла берді.Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жаңа ілім"
өз қадамын революциядан бұрын үнді-еуропалық тіл білімі деп аталатын
ғылымды кеңестік дәуір талабы тұрғысынан қайта қарап, үнді-еуропа тіл
біліміндегі сол кездегі қайшылықтардың, тоқырашылықтардың біразын
дұрыс көре білді. Бұл бағыттың буржуазиялық тілдерде бірсыпыра
мәселеде реакциялық, нәсілдік бағытта болып, отар елдер мен аз
ұлттарды, олардың тілдерін кемсітіп, қорлайтындықтарын ашық айтты.
Шынында да, әсіресе XX ғасырдың бас кезінде үнді-еуропа семьясына
жататын тілдерде сөйлеуші халықтарды жоғары бағалау, бүкіл мәдениетті,
ғылымды жасаушы солар, прогресс соларға тән қасиет, басқа халықтар
жараталысынан дамуға икемсіз, кері-тартпа дейтін шовинистік бағыт
едәуір етек алды.Халықтар достық, тең құқылыға туын көтере дүниеге
келген кеңестік құрылыс мүддесіне, жаңа идеяға қызмет етуді мақсат
еткен Н.Я.Маррдың ондай жат идеяға қарсы күресуі, әрине, табиғи нәрсе
еді. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайдалы
жағынан да бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік,
асқақтаушылық, менмендік әсер тигізді Н.Я.Марр тіл туралы жаңа ілімді
яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядаға тілдермен
қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады. Ол
қалыптастырған "Жаңа ілімінің" өзіндік жүйесі, бағдарламалық бағыты,
концепциялары болды. Бірақ олар Маркстің қоғам дамуына байланысты
айтылған қағидаларын ешбір өзгеріссіз тілге де қолданғандықтан,
бірсыпыра қате ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәтіннің тілі
Мәтін анықтамалары
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Дискурсология
Тілдің танымдық қасиеті
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдер жүйесі
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Корпус лингвистикасы
Мәтінді байланыстырушы анафоралық құралдар
Пәндер