Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық негіздері.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері . . . 6
1. 2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері . . . 23
II Бейнелеу өнері сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдері.
2. 1 Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары . . . 34
2. 2 3 сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдері . . . 47
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі:
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жолдауында “әлемдік білім кеңістігінде толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететінін, жоғары сатылы білімді азамат қалыптастыру” керектігі көзделінген еді [1] . Олай болса, қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын арттыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. В. Эльконин, т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан Т. Н. Шамова, Г. И. Щукина, П. И. Пидкасистый, т. б. болса, отандық ғалымдардан Ж. К Намазбаева, Т. С. Сабыров, т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты. Мәселен Т. Н. Шамова тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекет сапасын қарастырған.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының 11-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту, сондай-ақ, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген [2] .
Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жастарымыз дара тұлға ретінде қалыптасуына бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам.
Оқу іс-әрекетінің жақсы жолға қойылуы біздің ойымызша тек қана нақты бір білім мен тәжірибелердің игерілуімен ғана байланысты емес, соның мақсаттары мен тапсырмаларына сай келетін себептер мен бастамалар жүйесінде екендігінде. Ең бастысы бала тек оқи алатын емес, оқығысы келетін болу керек. Білім беру мен тәрбиелеудегі танымдық іс-әрекет туралы сөз еткенде, оқушылардың білім меңгеру үдерісіндегі танымдық жүйелерінің пайда болу, даму және қалыптасу ерекшеліктерін ескергеніміз жөн.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін, бірінші кезекте бейнелеу өнері пәнінен дұрыс дәріс берген жөн. Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін байытып, дүниетанымын қалыптастырады. Жас жеткіншекті өмірге, айналасына, қоршаған орта, табиғат көрінісіне үңілдіріп, ой-өрісін кеңейтуге әсері мол. Бейнелеу өнерін оқыту, үйрету мұғалімдерден үлкен шеберлікті, әрі сабаққа мұқият даярлықты талап етеді.
Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әдістемелік құралдардың көптеп болғаны дұрыс дер едім. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында “Бейнелеу пәнінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту” (3 сынып) деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамытуда психологиялық ерекшіліктері мен педагогикалық негіздердің ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог, ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау.
-Бейнелеу өнері сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш мектептегі оқушылардың оқыту жүйесіндегі бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту.
Зерттеу әдістері:
Талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, т. б.
Диплом жұмысының құрылысы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық негіздері» атты бөлімінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерін және танымдық қызығушылық туралы және ұғым, оның мәні, білім мазмұны қарастырылды.
«Бейнелеу өнер сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдері» атты бөлімінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдері қарастырылған.
Диплом жұмыстың қорытынды бөлімінде белгіленген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер тұжырымдалды. Соңғы бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері.
Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды. Бала өмірінде 6 жаста, мектепке дейінгі кезеңде және 1 сыныпта үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-жетілуіндегі елеулі өзгерістерімен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық қызығушылығының артуы оқыту үдерісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту-тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үдерісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз болып, бала жасы өскен сайын ақыл-ой жүйесі дами түседі. Сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестікте» байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік) деп түсіндіреді [16] .
Танымдық қызығушылық - ғылым жаңалықтарын қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық [14] . «Қызығушылық» латын тілінен аударғанда - «маңызды мәні бар» деген мағынаны білдіреді. «Қызығушылық» ұғымы педагогика мен психология саласында алғаш рет ХҮІІ ғасырдан бастап ене бастады да, кейіннен ХІХ ғасырдың ғалымдары оны «психологиялық ерекше құбылыс» ретінде қарап, зерттеуге кірісті. Дүниенің әсемдігін сезіну, сұлулықты сезіне білуге деген қызығуды қалыптастыру - оқушылардың бойында өнерге деген, шындыққа, білімге, жан-жақты тануға деген көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады, мұндағы мақсат - оқушы тұлғасының танымын арттыру [17] .
Жарықбаев қызығуды шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады деп көрсетеді [12] .
Оқу - оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту үдерісінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің топшалары - танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау; ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау-үдерісі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны іс-тәжірибеде қолдана білу; Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және
дағдысын тексеру, бағалау,
Енді оқыту үдерісінің топшаларына тоқталатын болсақ, таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту үдерісінің әрбір топшасына жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардын я құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады, Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, тәжірибе, практикалық жұмыстар үдерісінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімнің сөзі, әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау үдерісі, қорытынды шығару. Ұғыну үдерісінде оқытатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық бітіргеннен кейін жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау оқушылардың білімін бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімді, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс үдерісі таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінда тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін─білім сапасын, байымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі. Сонымен оқыту үдерісінің топшалары сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Егер олардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.
Оқыту практикасында оқудың әртүрлі мотивтері болады. Олардың бірі - тікелей талаптандыру мотивтері бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды шеберлікпен қолданады, лингафон, компьютер қабілеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Осылардың бәрі оқушыларды терең білім оқуға қызықтырады, талпындырады.
Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А. К. Марков, Г. И. Щукина, В. И. Ильина т. б), мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
1. Танымдық мотивтер:
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері.
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық; жауапкершілік және борышын сезу) ;
ә) тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының алдындағы бедел т. б. ) ;
б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Әлеуметтік мотивтер бұл дұрыс танымының қалыптасуын, идеялық сезімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі. Осы мотивтерді іске асыру және оқу жұмысының әлеуметтік мәнін көтеру мақсатында мұғалім оқушыларға сынып және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, келешек мамандықты игерудің, еңбек іс-әрекетіндегі белсенділіктің қажеттігін жете түсіндіре білу керек.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы қажет [5] .
Бастауыш сынып балалары өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үдерісі жүріп жатады. Даму үдерісінде баланың таным қызығушылығы арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтер зерттеулер бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әркеттің жаңа түрі (оқу) және т. б.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеулер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы - жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үдеріс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық қызығудың даму деңгейінен тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін.
Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н. Рыбникова, М. Беляева, И. Цветкова, К. Романова (мектеп жасына дейінгі кезең), И. Шевченко (жеткіншек жас), В. Ильина, В. Иванова, Н. Костина, Л. Рожина (ересек мектеп жасы) . 60-жылдың басында бастауыш мектеп оқушылары бойынша А. Абдуллаева, М. Морозова, Ф. Гусейнова (бастауыш сынып оқушылары қызығуының жүйесін зерттеу) .
Л. Склярский (үлгерімі нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М. Щеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығудың дамуында ғылыми-көркем кітаптардың рөлі) еңбектері жарық көрсе, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелер В. Дорохова, Р. Жданова, Е. Киричук, О. Саулина, Л. Трегубованың жұмыстарында да қарастырылған.
Сабақтарға қызығу оқушыларда өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты уақытша және оны қызығудың алды деп те есептеуге болады.
Білуге құштарлық - бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең түсінуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында «қайда?», «неге?», «бұл не?», «неліктен?» және т. б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мынадай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығулардың бастауы десек болады.
Оқушылардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды, ол әлеуметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге кіреді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық қызығушылығы артқан сайын негізгі үлгіні ата-анасынан, мұғалімінен алады. Баланы танып-білем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер. Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі - балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана емес, әрі айналадағы әлеуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туды.
Оқушылардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым-қатынасы, әлеуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдауы, ойлауы, қиялы, тағы басқа да көптеген, мәселен, ғылымның сан- саласын тоғыстыратын күрделі әлем.
Балада мектеп жасына дейінгі жастың соңына қарай үлкендердің әсерімен мектептегі оқуға деген қызығу қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп жасында балалардың алғаш мектепке келген күнінен бастап оларды не қызықтыратынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Оқушының оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда «оқудың да тәрбиенің де» нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор.
Баланың қызығушылығын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепте оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі. Сәтімен меңгерілген білім қуаныш туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқытудың әдісіне қызыға бастайды. Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бір уақытта бірнеше пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте оқудың барлық саласына қызығу дамып, өріс алады. Тұрақты қызығу ересек және жасөспірім кезінде орнығады.
Мақсатсыз жұмыс - ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың қызығулары туындауы үшін олардың не істеп жатқанын және қандай нәтиже алатынын білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы да аса қажет. Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсатты қолданып, өз қызығуын қанағаттандыру үшін іс-әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс-әрекет, танымдық мүмкіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz